Халі ауыр емделушіні жуындыру



 Мақсаты:жеке тұлғалық гигиена ережелерін орындау

 Көрсеткіштері:өзіне-өзі күтім жасай алмайтын емделушіге күтім жасау

 

Әзірле:жылы су (35-37°С) құйылған ыдыс, жөке қолғап, сүлгі,

          жылы су құйылған құмыра, клеенка, жаялық

 

 Іс-әрекет алгоритмі:

 

    1. Емделушіні Фаулер жатысымен жатқызу, кеудесіне клеенка мен

        жаялық төсеу.

    2. Қолғаппен маңдайын, қабақтары, екі бетін, мұрнын, мойнын сүрту.

    3. Сүлгімен сол тәртіпте емделушінің беті мен мойнын құрғатып сүрту.

    4. Жөке, қолғапты залалсыздандыру ерітіндісіне салып қою.

    5. Қол жуу (әлеуметтік дегей).

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Төсек-орынды ауыстыру (емделуші төсекте) бойлық

Амалмен (екі медбике орындайды)

Әзірле:таза төсек жабдығы, бір реттік қолғап, клеенка қап

          (лас киімге арналған)

 Іс-әрекет алгоритмі:

1. Бір медбике қолын емделушінің басы мен мойнының астына қолын   

салып, сәл көтеріп, екіншісі жастықты суырып алады.

2. Жәймен емделушінің басын кереуетке қою (жастықсыз). Жастыққапты   

шешіп, лас төсек-орындарға арналған қапшыққа салу. Емделушінің  

жастығына таза қап кигізу.

3. Бір медбике емделушіні бір жамбастап өзіне қарай аударып, осы қал-

пында ұстап тұру.

4. Екінші медбике лас жаялықты валик етіп, арқасына қарай орап алады  

да, осындай валик етіп оралған таза жаялықты орнына төсеу.

5. Осы медбике емделушіні шалқасынан аударып, одан кейін екінші

жамбасынан жатқызу, емделуші таза жаялықтың үстінде болады.

6. Екінші медбике лас жаялықты жинап алу, төсек-орынға арналған

қапшыққа салу.Таза жаялықты төсеп, шеттерін көрпенің астына

салу.

7. Қолғаптарды шешу, қолды жуу.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Ауыр науқастың көйлегін ауыстыру

(Екі медбике орындайды)

Мақсаты:жеке тұлғалық тазалық ережелерін орындау

 

Көрсеткіштері: өзіне күтім жасай алмағанда емделушіге күтім жасау

 

Әзірле:таза көйлек, лас төсек-орынға арналған қап

 

 Іс-әрекет алгоритмі:

1. Бір медбике  емделушінің иығымен басын көтеріп, отыруға көмектеседі 

де, осы қалпында ұстап тұрады. Екінші медбике көйлегін арқасынан 

желкесіне дейін лас көйлегін жинап алып, алдымен басынан, одан

кейін қолдарынан шешеді.

2. Көйлекті лас төсек-орынға арналған қапшыққа салу.

3. Таза көйлекті кері ретпен кигізеді: алдымен қолын, содан кейін

басын. Көйлекті әрі қарай арқасынан тартып кигізеді.

4. Емделушіні ыңғайлы етіп жатқызу (отырғызу) өзін жайлы сезінетініне көз

жеткізу.

5. Қол жуу (әлеуметтік деңгей).

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Ерлердің сыртқы аталық жыныс мүшелеріне күтім жасау

 

Мақсаты:жеке тұлғалық гигиенасы ережелерін орындау

Әзірле:леген, жылы су (35-37ºС), клеенка, бір реттік қолғап, түкті қолғап

 

 Іс-әрекет алгоритмі:

1.  Легенге жылы су (35-37ºС) құю.

2.  Емделушіні қалқа пердемен қалқалау (қажет болса).

  3.  Қол жуу (әлеуметтік деңгей).Қолғап кию.

  4.   Кереуеттің басын түсіріп, емделушіні бір жамбастап

        жатқызу. Емделушінің астына клеенка мен жаялық төсеу.

  5.   Емделушіні арқасынан аудару. Емшара жасауға ыңғайлы болатындай

        етіп аудару (Фаулер жатысы, аяғын сәл бүгіп, екі жаққа ашу).

  6.   Түкті қолғап кию. Қолғапты жылы суға салып, сығып алу.

  7.   Қолғапты жылы суға салып, сулап алып, аталық жыныс мүшелерін                                                         

        ашып, осы аймақты сүрту.

  8.   Қолғапты сулап, сығып, ұма аймағын ысып, сүрту.

  9.   Қолғапты шешіп, құрғақ қолғап пен аталық жыныс 

        мүшесін, шапты және ұманы құрғатып сүрту. Қолғапты шешу.

  10. Кереуеттің басын түсіріп, емделушіні бір жағына қарай қисайту.

  11. Астындағы клеенка мен жаялықты алып , лас төсек-орынға 

        арналған қапшыққа тастау.

  12. Пайдаланған құралдарды залалсыздандыру.

 

                      

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

 

Әйелдердің сыртқы жыныс мүшелеріне және шатына күтім жасау

 

Мақсаты:жеке тұлғалық тазалық ережелерін орындау

 

Көрсеткіштері: өзіне-өзі күтім жасай алмайтын емделушілерге күтім

                        жасау, терісі ойылудың алдын алу

 

Әзірле: жылы су (35-37ºС) құйылған ыдыс, бүйрек тәрізді лотоктар,

        қолғап, бет перде, клеенка, жаялық, дәрет ыдысы, дәке шариктері,

        корнцанг, құмыра, лас клеенкаларға арналған қап.

 

 Іс-әрекет алгоритмі:

1. Құмыраға жылы су 35-37ºС құю.

2. Емделушіні бетпердемен қалқалау (қажет болса).

3. Кереуеттің басын түсіріп, емделушіні бір жамбаста жатқызу. Емделушінің астына клеенка мен жаялық төсеу.

4. Емделуші бөкселерін дәрет ыдысына қойыңыз.Емделушіні шаты дәрет ыдысына тесігіне келетіндей етіп, арқасынан жатқызу.                                                                                         

5. Емделушінің емшара жасауға ыңғайлы болатындай етіп аудару (Фаулер жатысы, аяғын сәл бүгіп, екі жаққа ашу).

6. Құмыраны сол қолмен ұстап тұрып, корнцанг пен дәке шариктерін оң қолмен (егер медбике «оңқай» болса) ұстау керек. Әйелдің сыртқы жыныс мүшелеріне су құйып отырып, дәке шариктермен (ауыстырып отырып) жоғарыдан төмен қарай жуу.

7. Құрғақ дәке шариктермен шат қатпарлары, сыртқы жыныс мүшелерін, анус аймағын құрғатып сүрту.

 8. Кереуеттің басын түсіріп, емделушіні бір жағына қарай 

қисайту.

 9. Астындағы клеенка мен жаялықты алып тастап, лас төсек- 

орынға арналған қапшыққа тастау.

10. Дәрет ыдысындағы суды төгіп, оны залалсыздандыру.

 

         

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Емделушіге дәрет ыдысын немесе зәр жинағышты пайдалануға көмектесу (екі медбике орындайды)

Мақсаты:жеке тұлғалық гигиенасы ережелерін орындау

 

Көрсеткіштері: өзіне-өзі күтім жасай алмайтын емделушілерге күтім

                       жасау

Әзірле:дәрет ыдысы немесе зәр жинағыш

 

 Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрет ыдысын жылы сумен шайып, ішіне аздап жылы су құю. Оның  

жиектері құрғақ болуын қадағалау.

2. Емделушіні бетпердемен қалқалау (қажет болса).

3.  Емделушіні ыңғайлы етіп жатқызыңыз.

4.  Емделушінің бөкселеріне дәрет ыдысын қойып, емделушіні қайтадан

 аударып, шатын дәрет ыдысына келтіреді.

5.  Қолғапты шешіп, пайдаланған материалдарды салуға арналған лотокқа 

салу.

6.  Емделуші «белгі» бергенде, медбикелердің біреуі қолғап киеді.

7.  Емделушінің аснынан клеенканы алып тастау. Емделушіні көрпемен

қымтап жауып, ыңғайлы етіп жатуына көмектесу. Бетпердені алып тастау.

8.  Пайдаланған құралдарды залалсыздандыру.

9. Қол жуу (гигиеналық деңгей).

Ескерту: Егер емделушінің құйымшағында ойылған жерлер немесе басқа да жаралар болмаса, дәрет ыдысының тері тиетін жеріне тальк салып қоюға болады.

 

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

 

СТАНДАРТ

Ойылуды емдеу

Әзірле:лоток, сүлгі, салқын су, сабын, салицил спирті, салфетка 

         тампоны, 1% калий перманганат ерітіндісі, вишневский 

          майы, пинцет

 

Іс-әрекет алгоритмі:

І белгі: терісі қызарып, ісіп қабыршақтанған болса:

         1) теріні құрғақ орамалмен сүрт немесе кварц шамымен   

             емдеңіз

         2) мацерация болған жерді сабынды салқын сумен жуыңыз

         3) спиртпен сүртіңіз

 

ІІ белгі: күлбір пайда болса:

           1) күлбірге бриллиант көгінің спирттелген ерітіндісін жағыңыз

           2)  құрғақ таңғыш байлаңыз

 

ІІІ- белгі: шіру (некроз):

               1)хирургиялық ем.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Құлақ күтімі

Мақсаты:  құлақта құлық тығынының пайда болуынан құлақтың есту 

                 қабілетінің нашарлауының алдын алу

 

Көрсетілімі:төсек режиміндегі науқастың ауыр жағдайы

Қарсы көрсетілімі:құлақ кіре берісінің, сыртқы есту жолдарының 

                                қабынулары

 

Әзірле:   3% сутегі асқын тотығы, мақта тампоны, турунда, пипетка, 

                лоток, пинцет, Жанэ шприці, фурациллин ерітіндісі

   

 Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Құлақ ішін турундамен айналдыра отырып тазалаңыз.

2. Құлағында құлық болса, науқастың басын екінші жағына қисайтыңыз.

3. Құлақтың сырғалығынан жоғары тартып, тамызғышпен 4-5 тамшы 3% сутегі асқын тотығын тамызыңыз.

4. Турундамен құлықты шығарыңыз.

5. Құлық өте көп болса, құлақтың ішін жуыңыз.

6. Жанэ шпирціне 100- 150мл жылы фурациллин ертіндісін сорып алыңыз.

7. Науқасты отырғызып, құлақ қалқанының астына қысып ұстайтындай етіп лотокты қолына ұстатыңыз.

8. Сол қолмен құлақ қалқанының жоғары және артқа тартып, оң қолмен шприцті құлақтың сыртқы тесігіне тақап, ерітіндінің қатты ағынын оның жоғарғы артқы қабырғасына бағыттап жіберіңіз.

9. Емшараны жасап болғаннан кейін құлақты салфеткамен сүртіңіз.

10. Науқастың құлағына дәрі тамызу үшін басын сау  

жағына қисайтыңыз.

11. Сол қолмен құлақты сырғалықтан тартып, оң қолмен 

2-3 тамшы жылы ерітіндіні тамызыңыз.

12.  Құлаққа бірнеше минутқа мақта тампонын салыңыз.

13.  Пайдаланған медицина құралдарға залалсыздандыру    

                      жұмысын жүргізіңіз.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

                                 Сырқатқа    дәрет ыдысын беру             

Сырқатты жуындыру

 

Әзірле: дәрет ыдысы, корнцанг, салфетка, мақта шарик, су құятын 

              құмыра

 

Іс- әрекет алгоритмі:

1. Жылы сумен калий пенрманганат ертіндісін 37ºС-38ºС-та

әзірлеу.

2. Құмыраға су құй, перманганат ертіндісі 0,5%.

          3. Науқас төсегіне клеенка төсеу.

4. Науқасты шалқасынан, тізесін бүгіп, шат аралығын ашып дәрет    

 ыдысын қой.

5. Құмыраны сол қолға, мақта тампоны бар корнцангты оң қолға                  ұстап, сырқаттың оң жағында тұру.

          6. Әзірленген ерітіндімен мақта тампоны арқылы жоғарыдан төмен  

 қарай жуу.

7. Салфетка немесе мақта тампонымен жыныс мүшесін құрғатып 

 сүрту.

8. Дәрет ыдысымен кушетканы жинап алу.

 

 

 

                       ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Емделушіні төсекте поильникпен тамақтандыру

Мақсаты: емделушіні тамақтандыру

 

Көрсеткіштері:өз бетімен тамақтана алмау

 

Қарсы көрсеткіштері:жоқ

 

Әзірле: сүлгі, поильник, сұйық тамақ құйылған ыдыс

 

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1.Емделушінің мойны мен кеудесіне сүлгі жабу.

2. Поильникке қоректі қоспаның аз ғана шамасын құю.

3. Емделушіге поильниктің ұшын ауызға алуды ұсыныңыз.Поильникті сәл  

еңкейтіңіз.

4. Емделушіге кішкене порциялармен ішуді ұсыныңыз.

5. Емделушінің аузын шайғызу.

6. Кеудесі мен мойнындағы сүлгіні алып тастау.

7. Емделушіге ыңғайлап жатуға көмектесіңіз.

 

                      ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Емделушіні төсекте қасықпен тамақтандыру

Мақсаты: емделушіні тамақтандыру

 

Көрсеткіштері:өз бетімен тамақтана алмау

 

Әзірле: кереует қасындағы кішкене үстел,қасық, сүлгі,қайнаған жылы

        су, лоток

 

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1.Емделушіні Фаулер жатысының жоғарғы деңгейінде орналастару.

2.Емделушіге қол жууға көмектесу. Кеудесіне сүлгі төсеу.

3.Ыстық тамақтың темтературасы 60ºС, сусындар 15ºС-дан салқын болмауы  

тиіс.

4.Емделуші асты қандай ретпен ішкісі келетінін сұраңыз.

5.Емделушіге бірнеше жұтым сусын ішуді ұсыныңыз.

6. Тамақтандыру:

 -емделушіге ұсынылған әрбір тағамның атын атау

- қасықтың 2/3 бөлігіне ас алыңыз

- қасықты емделушінің астыңғы ерніне тигізіңіз, сонда ол аузын ашады

- қасықты тілге тигізіп, тамақты тіліне салып, қасықты шығарыңыз.

- тамақты шайнап,жұтуға уақыт беріңіз

- тамақтың бірнеше қасығын жегізгенен кейін су ішуді ұсыныңыз

7.Қажет болса ернін майлықпен сүртіп отырыңыз.

8. Емделушіге тамақ ішкеннен кейін аузын сумен шаюға көмектесіңіз.

9. Мойны мен кеудесіне төселген сүлгіні алып тастаңыз. Төсек-орынды  

тексеріңіз.

10.Емделушіге ыңғайлап жатуға көмектесу.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Емделушіні жіңішке зонд арқылы тамақтандыру

Мақсаты: емделушіні тамақтандыру

 

Көрсеткіштері:ауыр халдегі науқас, жарақаттану, тілдің ісінуі және зақымдануы, жұтудың бұзылуы, ақыл-ессіз жағдай

Қарсы көрсеткіштері:асқазанның ойық жара ауруы, асқыну кезеңі

 Әзірле: жіңішке асқазан зонды, Жанэ шприці, дистелденген су, сүлгі, 500-800 мл жылытылған тамақ, қысқыш, лоток, залалсыздандыру ерітіндісі, лейкопластырь

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Емделушіні Фаулер жатысымен жатқызу, кеудесіне клеенка мен  

  сүлгі төсеу.

2. Қол жуу, қолғап кию

3. Зонд енгізу тереңдігін анықтау (емделушінің бойынан 100см алып  

тастау) сол ұзындықта белгі қойыңыз.

4. Зондты сумен сулаңыз.

5.   Суға малынған зондтың тұйық бөлігін тіл түбіріне  

  енгізіп, емделушінің жұтынуын өтініңіз.

6. Әр жұтыну қимылына сәйкес өңеш бойымен зондты белгіге дейін   

енгізіңіз.

7.   Жанэ шприціне жылы сұйық тағамды сорып алыңыз.

8.   Шприцті асқазан зондына жалғап, дайын тағамды жіберіңіз.

9.   Жанэ шприцімен зондқа 200 мл су жіберу (зондты жуу).

10. Жанэ шприцін қолданылған құралдарға арналған лотокқа салу.

11. Зондтың бос ұшын қысқышпен жабу, киімге бекіту.

12. Қолданылған медициналық құралдарға залалсыздандыру жұмысын   

жүргізу.

13. Қолғапты шешу, қолды жуу, кептіру.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Науқасты гастростома арқылы тамақтандыру

Масаты:науқасты тамақтандыру

Көрсетілімі :дәрігер нұсқауына сәйкес

Әзірле:жуан асқазан зонды, оймыш, 250-500 мл 30-35* С

          қыздырылған сұйық тағамдар, сүлгі, қайнаған жылы су, қысқыш

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолыңызды тазалап жуыңыз.

2. Зондтың домалақ басын суға малып алыңыз.

3. Асқазан тесігіне орнатылған зондты қарынға жіберіңіз.

4. Зондтың екінші жағына оймышты жалғастырыңыз.

5. Асқазанға әзірлеген сұйық тамақты зонд арқылы жіберіңіз.

6. Зондты асқазанға қалдыру керек болған жағдайда, оны тамақтың қалдығынан тазарту үшін 20-40 мл қайнаған жылы сумен жуыңыз.

7. Қарын тесігінің (гастростоманы) айналасындағы теріні лассара пастасымен жағып, асептикалық таңғыш салыңыз.

  8. Пайдаланылған құралдарды залалсыздандыру.

     

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Қоректік тамшы клизма

 

Әзірле: бір рет қолданатын система, штатив, ұштық,

       30-40ºС жылытқан дәрілер, 0,9% натрий хлориді, вазелин

 

Іс-әрекет алгоритм :

1. Алдын ала тазалау клизмасын жасау, 60 минут бұрын.

2. Системаны құрастырып, оған ұштықты жалғау.

3. Науқасты сол қырымен жатқызу.

4. Вазелин жағылған жел шығарғыш түтікшені тік ішекке 3-4см, омыртқаны жанамалай 20-30смге енгізу.

5. Системаның кілтін ашып, тамшы жылдамдығын дәрігер белгілеуімен құю 60-80 тамшы минутына.

6. Пайдаланған құралдарды залалсыздандыру.

 

Ескерту: емшара бірнеше сағатқа созылады, науқас ұйықтап жату керек, ерітінді жылы болуы керек.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

 

Тыныс жиілігін анықтау

Мақсаты :науқастың жағдайын бағалау

Әзірле:секундомер немесе секундты тілі бар сағат, қызу парағы

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты жатқызыңыз. Зерттеу науқас тынышталғаннан кейін 5-7 минут өткеннен соң жүргізіледі.

2. Тыныс алу жиілігін науқасқа байқатпай, тамыр соғуын анықтағандай болуы керек.

3. Қолыңызды науқастың кеуде қуысына көлденең қойыңыз.

4. Қолдың қозғалысын бақылап орырып, 1 минуттағы тыныс алу жиілігін санаңыз (тыныс алу мен тыныс шығару – бұл бір тыныс алу қимылы).

5. Егер тыныс алу жиілігі мен ырғағы бірдей болса, онда 30 секунд бойы есептеп сонан соң оны 2-ге көбейтіңіз.

6. Зерттеу нәтижесін қызу парағындағы «тыныс алу» деген кестеге жазыңыз.

7. Тыныс алу жиілігі дені сау адамдарда 1 минутта болады :

- жаңа туылған нәрестеде – 40-60

- жаңа шала туылған нәрестеде 60-80

- 1-2 жасар сәбиде 30-35

- 5-6 жаста 25 рет шамасы

- 10 жаста – 18-20

- 14 жаста – 15-16

- Үлкендерде – 16-20

8. Зерттеуге баға беріңіз :

- қалыпты тыныс алу жиілігі 1 минутта 16-20 рет

- брадипноэ – тыныс алу жиілігі 16-дан кем

- тахипноэ – тыныс алу жиілігі 1 минутта 20-дан артық

 

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Тәуліктік диурез бен су балансын анықтау

Мақсаты: диагностикалық

Әзірле: сыйымдылығы 2-3 литр таза шыны ыдыс

 

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқас таңертеңгі сағат 6-да унитазға дәретке отырып, қуығын босатады.

2. Бір тәуліктің ішінде (таңертеңгі сағат 6-дан келесі күнгі таңертеңгі сағат 6-ға дейін) науқастың зәрін бір ыдысқа жинаңыз.

3. Зәрі бар ыдысты салқын қараңғы жерде сақтаңыз.

4. Сонымен қатар науқастың тәулік бойына ішкен сұйығының мөлшерін есептеңіз (сорпа, компот, жеміс-жидек пен көкөніс, шәй және т.б).

5. Парентеральды енгізілген сұйықтықтардың мөлшерін есептеңіз.

6. Келесі күнгі сағат 6-да су балансын анықтаңыз. Өткен тәулікте ішкен сумен енгізілген сұйықтың, шыққан зәрдің мөлшерімен салыстырыңыз.

7. Алынған мәліметті қызу парағына ф-004 е белгілеңіз.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Дене қызуын өлшеу және қызу парағына оны тіркеу

Мақсаты:науқастың функциональды жағдайын бақылау

 

Әзірлеу қажет:

- медициналық термометр

- лоток

- сүлгі

- дене қызуын есепке алу журналы

- қызу парағы

- залалсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс

- таза термометрлерді сақтау үшін ыдыс

- мақта

 

Шырышты қабықта дене қызуын өлшеу

Кей жағдайларда дене қызуын шырышты қабықтарда (ауыз қуысында, қынапта, тік ішекте) өлшейді.

 

Іс- әрекет алгоритмі:

 

1. Дене қызуын ауыз қуысында өлшегенде термометрдің сынапты резервуарларын тіл астына еріндерімен қысып 10 минут ұстаңыз.

2. Дене қызуын тік ішектен өлшегенде термометрді вазелинмен екіден бір бөлігін майлаңыз.

3. Науқасты сол қырымен жатқызып, құйрығын ашып, тік ішекке термометрді енгізіңіз.

4. 10 минуттан соң термометрді шығарып, мәліметті алыңыз.

5. Қолданылған термометрді залалсыздандыру ерітіндісімен залалсыздандырады.

Ескерту:

- дене қызуының 1ºС-қа жоғары болуы тамыр соғуын 10-рет артық соғуына әкеліп соғады;

- қуыстарда өлшенген дене қызуы қолтық астындағы дене қызуынан 0,5-1ºС-қа жоғары болады.

 

                                       

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Қызбадағы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету

 

1. Дене қызуын 1-2 сағат сайын өлшеп, ф-004 е нысанына белгілеу.

2. Ақыл-есі бұзылғанда жеке бақылауды ұйымдастыру.

3. Теріні жартылай спирт ерітіндісімен сүрту.

4. Дәруменге бай сусындар ішу (лимонмен шай т.б) 2, 5 л дейін.

5. Ауызды, ернін сумен сүрту.

6. Басына мұзды мұйық қою.

7. Медикаментозды ем қолдану (парацетамол, панадол).

8. АҚҚ, ТЖА , PS  ф-004 е нысанына белгілеу.

9. Науқас бөлмесін желдету.

10. Төсек, іш киімдерін ауыстыру.

11. Зәр шығаруын бақылау, оларға гигиеналық іс-шаралар жүргізу.

12. № 13 диета.

 

 

                                        

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Қыша қағазын қою іс-әрекеттері

Көрсетілімі: тыныс жолдарының ауруы, жүрек тұсындағы ауырсыну, гипертониялық криз, миозит, невралгия

 

Қарсы қөрсетілімі:тері ауруларында, дене қызуы 38ºС-тан жоғары, өкпеден қан кеткенде, қатерлі ісікте, тері сезімталдығы жоғарылағанда

Әзірле: қыша қағазы, лоток, жылы су 37-40ºС, сүлгі

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қыша қағазының қолдануға жарайтындығын тексеріңіз (қағаздан қыша үгілмеуі және өзіне тән ерекше иісі болуы керек).

2. Лотокқа 37-40ºС жылы су құйыңыз (одан жоғары температурада эфирлі қыша майының қасиеті бұзылады).

3. Науқасты ыңғайлы жағдайда жатқызыңыз,терісін тексеріңіз.

4. Қыша қағазын жылы суға малып (аздап суын сілкіп), денеге қыша жағымен біртіндеп салыңыз.

5. Науқастың үстін орамалмен және көрпемен жабыңыз (бірнеше минуттан кейін науқас жылылықты және күйгенді сезінеді).

6. Қыша қағазын 7-10 минуттан кейін алыңыз (дене терісінің қыша қағазын қойған жері қыздырады).

7. Теріні жылы суға малынған салфеткамен, сонан соң құрғақ орамалмен сүртіңіз. Науқасты қайтадан жылы жауып жатқызыңыз.

 

Ескерту:Қыша қағазын денеге ұзақ уақыт ұстаса, тері күлдіреп күйеді.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Қыздырма компресс

 

Көрсеткіштері:буындардың жергілікті қабынуында, гематомаларда, соққы алудың екінші тәулігінде, катаралды отитте

Қарсы көрсеткіштер: тері бүтіндігінің бұзылуы, соққы алудың бірінші                               сағаттары мен тәулігінде, терідегі аллергиялық және іріңді бөртпелер, қатерлі ісіктерде.

Әзірле:

- дәке, бинт, мақта;

- компресс қағазы;

- жартылай спиртті ерітінді;

- лоток;

- қайшы;

- пайдаланылған материалдар үшін лоток

 Іс-әрекет алгоритмі:

1. Компресс қойылатын дененің мөлшеріне сай 8 қабатты дәке салфетканы әзірлеңіз.

2. Дәке салфетканың жан-жағынан 1-2 см шығып тұратындай компресс қағазын қиып алыңыз.

3. Компресс қағазының жан-жағынан 1-2 см шығып тұратындай мөлшерде мақтаны әзірлеңіз.

4. Компресті бекіту үшін бинтті әзірлеңіз.

5. Жартылай спирт ерітіндісін әзірлеңіз (96% спирт пен суды 1:1 қатынаста).

6. Дәке салфетканы жартылай спиртті ерітіндіге малып, сығып алыңыз.

7. Науқас денесіне ұқыптылықпен біртегіс етіп дәке салфетканы қойыңыз.

8. Оның үстінен компресс қағазы мен мақтаның бір қабатын қойыңыз (компресс қағазы бүктеліп қалмауын, ал мақта алдыңғы екі қабатты толық қамтығанын қадағалаңыз).

9. Компрессті бинтпен орап, бекітіңіз.

10. 1-2 сағаттан соң компрестің нәтижесін таңғыш астына саусақты кіргізіп тексеріңіз. Егер салфетка ылғалды және жылы болса, онда комперсс дұрыс қойылған.

11. Компрессті 6-8 сағатқа қалдырыңыз (мүмкіндігінше түнгі мезгілге).

12. Компрессті шешіп алғаннан соң, орнына құрғақ жылы таңғыш байлаңыз.

Ескерту:

- Құлаққа компресс қою үшін бірінші және екінші қабаттарды құлақ қалқаны шығып тұру үшін кесу керек.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

 

Жылытқышты қою

Көрсетілімі:тоңу кезінде, егуден кейінгі инфильтрат, спазм түріндегі

                    ауырсыну, қызбаның 1-3-ші кезеңдерінде

 

Қарсы көрсетілімі:қанкету, іріңді жарақаттану, қатерлі ісіктер, терінің

                            зақымдануы, құрсақ қуысы қабынуында,

                             зақымданудың алғашқы тәулігінде

Әзірле:

- резеңке жылытқыш

-  70ºС-тағы су

- сүлгі

- залалсыздандыру еретіндісі

  Іс-әрекет алгоритмі:

    Жылытқыштың 2/3 бөлігін ыстық сумен толтырыңыз.

1. Жылытқыштағы ауаны шығарыңыз.

2. Аузын жақсылап бекітіңіз.

3. Жылытқыштың тығынын төмен қаратып төңкеріп, бүтіндігін тексеріңіз.

4. Жылықышты құрғата сүртіңіз.

5. Жылытқышты сүлгімен ораңыз.

6. Жылытқышты науқасқа беріңіз.

7. 5 минуттан соң терінің қызармағандығын тексеріңіз.

8. Жылытқышты суыған соң алыңыз.

9. Жылытқышты пайдаланып болғаннан соң, залалсыздандыру ерітіндісімен екі рет араға 15 минут салып сүртіңіз.

Асқынулар:

- күйіктер;

- тері пинментациясы

 

 

Ескерту: денесінде ісігі бар және терісі сезімтал, сонымен қатар балаларға жылытқышты қолданғанда су өте қатты ыстық болмауы керек.                   

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

 

Мұзды торсықты қою

Көрсетілімі:қанкеткенде, терініңзақымдануы, операциядан кейінгі кезең, қызбаның екінші кезеңі

                                     

Қарсы көрсетілімі:үсік, тоңу кезінде

 

Әзірле: 

- мұзды торсық;

- сүлгі;

- мұз немесе салқын су;

- залалсыздандыру ерітіндісі

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Мұзды торсықты алып, тығынын ашып, ішіне мұз кесектерін салу.

2. Тегіс көлденең жерге қойып, тығынын жабу.

3. Мұзды торсықты сүлгімен орау.

4. Дененің керекті бөлігіне қою: басқа 5минут (арасына 5минут салып), құрсақ қуысына 15-20минутқа (арасына 30минут салып).

5. Уақытты белгілеп, кестеге сәйкес ауыстыру (2сағат бойы).

6. Мұз еріген жағдайда суды төгіп, мұз кесектерімен толтыру.

7. Мұзды торсықты залалсыздандыру ерітіндісіне арасына 15минут салып, 2 рет тазартуды жүргізу, сүрту, лотокқа жинастыру.

8. Қолды жуып, кептіру.

 

 

Ескерту: Мұзды торсық мұз кесектерімен 2/3 көлемде толтырылады.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

 

СТАНДАРТ

Оңқа қою

Көрсетілімі:өкпе ауруларында, жүйке тамырлары және бұлшық еттер                  

                қабынғанда (миозит, невралгия), АҚҚ жоғарылағанда

 

Қарсы көрсетілімі:өкпеден қан кеткенде, өкпе туберкулезінде, қатерлі     ісікте, тері ауруларында, дене қызуы өте жоғары болғанда, сырқаттың жалпы әлсіздігінде

 

Әзірле:тазаоңқа 10-15 дана, мақта, корнцанг, спирт, вазелин майы,

           сіріңке, сүлгі, суы бар стакан (отты өшіру үшін), лоток, білте,                         

           залалсыздандыру ерітінділері

 

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты етпетінен жатқызып, шашын орамалмен жабыңыз.

2. Оңқаның бүтіндігін тексеріңіз.

3. Науқастың терісін тексеріңіз.

4. Теріге вазелин жағыңыз.

5. Оңқаны теріге жақын ұстап, мақта білтесін тұтандырыңыз.

6. Оңқаны сол қолға ұстап, отты оңқаның ішіне шарпыңыз.

7. Науқасты 10-15 минут үстін жауып жатқызыңыз.

8. Сол қолмен теріні тартып, оң қолмен тез оңқаны алыңыз.

9. Науқас денесіндегі вазелинді құрғақ мақтамен сүртіп, іш киімін кигізіңіз.

10. 20-30 минутқа көрпемен жауып, төсекке жатқызыңыз.

11. Оңқаларды тазартып сүртіп, лотокқа жинастырып 

қойыңыз.

12. Залалсыздандыру жұмысын жүргізіңіз.

 

   

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

 Сүлік қою

Көрсетілімі:артериалды гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы,

                 көк тамырдың тромбозы, тромбофлебит, геморрой

 

Қарсы көрсеткіштері:қан ұюы төмендегенде, тері сезімталдығы жоғары болғанда, сепсис, тері аурулары, анемия

 

Әзірле:жылы су, зарарсызданған мақта шаригі, глюкоза 40 % ерітіндісі, 

         пробирка, ішінде сүлігі бар банка, 3 % йод ерітіндісі, пинцет,    

         бинт, зарарсызданған салфетка, лоток, ұстара, 70ºС этил спирті,

         мүсәтір спирті, 3% сутегі асқын тотығы

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қойылатын дене бөлігін, теріні тексеру, қажет болған жағдайда ұстарамен түктерін алу.

2. Науқасты ыңғайлы етіп отырғызу немесе жатқызу.

3. Сүлік қоятын жерді және оның айналасын спиртке малынған мақта тампонымен тазалау, жылы суға малынған екінші мақта тампонымен

қызарғанша сүрту.

4. Әзірленген жерді 40 % глюкоза ерітіндісімен сулау.

5. Бір сүлікті артқы жақ сорғышымен пробирканың түбіне салу.

6. Тазартылған дене бөлігіне пробирканы жақындатып сүлікті жіберу, сүлік теріні сорғанда пробирканы босату.

7. Жоғарыдағы тәсілмен барлық сүлікті қою.

8. Қанға тойған сүлік өздері түседі.

9. Сүлік түспеген жағдайда мүсәтір спиртіне малынған мақта тампонымен денесін тітіркендіру.

10.  Сүлік сорған жерді йод ерітіндісімен сүрту, антисептикалық таңғышпен байлау.

11. Таңғышты бір тәуліктен кейін шешу, жарақаттанған жерді және теріні

3% сутегі асқын тотығымен тазалау, 2-3 күнге антисептикалық таңғышпен байлау.

12. Қолданған сүлікті залалсыздандыру ерітіндісіне салу, жою.

 

 

Ескерту: сүлікті қан тамырлар бойымен қоюға болмайды, себебі қан көп кетеді.

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Артериялық қан қысымын өлшеу

Мақсаты: диагностикалық

 

Көрсеткіштері:дәрігердің тағайындауы, профилактикалық тексерулер

 

Әзірле: тонометр, фонендоскоп, температуралық парақ, қалам

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Емделушіні отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.

2. Емделушінің жалаңаш қолына манжетканы шынтақ бүгілген жерге 2-3   

см жоғары кигізіңіз. Манжетка мен емделушінің қолы арасына бір саусақ  

сиятындай етіп бекітіңіз.

3. Емделушіден қолын дұрыс қоюын өтініңіз: алақанын жоғары қаратыңыз.

4. Манометрді манжеткаға бекітіп, манометр нөлдік бөлігінде тұруын  

тексеріңіз.

5. Фонендоскоп мембранасын спиртпен сүртіңіз.

6. Шынтақ иінінің артериясына фонендоскоп мембранасын қойыңыз.

7. Алмұрттәрізді баллон бұранданы жауып, манжеткаға фонендоскоптың   

бақылауымен ауа айдаңыз, манометрдің көрсеткіші сынап бағанасымен  

20мм-ге жету тиіс, осы кезде Коротков дыбыстары жоқ болып кетеді.

8. Манжеткадан ауаны секундына 2мм с.б. жылдамдықпен жіберіңіз.

9. Артерияда бірінші дыбыстар естіле бастағанда систолалық қысымға        сәйкес келетін цифрларды есте сақтап белгілеңіз.

10. Ауаны әрі қарай жіберіп отырып, диастолалық қысым көрсеткішін

анықтаңыз, бұл көрсеткіш Коротков дыбыстарының әлсізденуі немесе   

мүлде жоғалуына байланысты.

11. Алған мәліметтерді бөлшек күйінде жазып алыңыз, манжеткадағы ауаны

түгел жіберіңіз. Арасы 2-3 минуттан артериялық қан қысымын өлшеуді

қайталаңыз, көрсеткіштің ең кішісін жазып алыңыз. 

12. Алған нәтижелерді температуралық параққа жазыңыз.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

 

Пульсті анықтау техникасы

Әзірле: секундомер, температуралық парақ

 

 Іс-әрекет алгоритмі:

1. Оң қолдың 1, 2, 3-саусағымен кәрі жілік білезік тұсындағы артерия тамырды сипап тауып, жеңіл басыңыз. Бас бармақты сырт жағынан қапсыра ұстаңыз.

2. 30 минут аралығындағы тамыр лүпілін санап, екіге көбейтіп, 1 минуттағы жүрек жұмысын бағалаңыз.

3. 0,04/ф сызып белгілеңіз.

 

Ескерту:Аритмия кезінде толық 1 минутта есептеңіз.

 

Анықтау орындары:     шеке тамыр – көздің сыртқы бұрышынан 

                                      2 см кейін, ұйқы тамыр – алдыңғы мойын 

                                  ортасынан 2 см артқа қарай. 

 

 

 

                   

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

 

Дәріні тарату ережелері

 

 Іс-әрекет алгоритмі:

1. Ауру адамға дәріні берер алдында сыртындағы жазуларын әбден оқып алыңыз. Науқасқа белгіленген мөлшерді тексеріңіз.

2. Дәріні дұрыс сақтаңыз: зарарсыздандырылған венаға және сыртқа қолданылатын дәрілерді шкафтың сөрелеріне өз алдына орналастырып, ал «А»және «Б» тізіміне жататын дәрілерді өз алдына шкафқа сақтаңыз.

3. Дәрілерді дәріханадан алынған түрінде сақтаңыз.

4. Дәрілерді сақтағанда олармен бірге резеңке, шприц дәрілік құралдар, т.б. заттарды сақтауға болмайды.

5. Есіңізде болсын, науқас дәріні сіздің көзіңізше ішуін қадағалаңыз.

6. Ұйқы дәрілерін ұйықтар алдында 30-60 минут бұрын жылы сумен ішеді.

 

Ескерту: Мейірбике дәрі-дәрмекпен жұмыс істегенде өте сақ болыңыз!

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Дәрілермен жұмыс істеу ережелері

     

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Обкаткамен дәріхана дайындаған дәріні сақтау мерзімі 15-30 тәулік және ол дәрі ашылған соң күні жазылып, 1 тәулік ішінде ғана қолдануға болады.

2. Сұйық дәрілер (ішуге арналған) тоңазытқышта +4ºС +6ºС температурада 3 тәулікке дейін сақталады.

3. Этикеткасы жоқ дәрілерді сақтауға болмайды.

4. Дәріні өз ыдысынан басқа ыдысқа құюға, ұнтақ дәріні бір пакеттен екінші пакетке ауыстыруға болмайды.

5. Дәрінің этикеткасына және орамына өз бетінше жазу жазуға болмайды.

6. Дәріні дұрыс сақталмағаны үшін «А» және «Б» шкафтарындағы дәрілерді орынсыз қолданғаны үшін жауап береді.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Дәріні ампуладан сорып алу

Көрсетілімі :парентеральды дәрі енгізу

Қарсы көрсетілімі :дәрілік сұйықтыққа аллергия байқалғанда

Әзірле:  зарарсызданған шприц, керекті дәрі-дәрмек, 70ºС этил

          спирт, зарарсызданған мақта шариктері, лоток, пинцет,

          кескіш, залалсыздандыру ерітіндісі

 

 

 Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолды гигиеналық деңгейде жуып, кептіру, антисептик ерітіндісімен тазарту.

2. Ампуладағы дәрілік сұйықтықтың атын, дозасын, сақтау мерзімін, бүтіндігін тексеру.

3. Дәріні ампуланың бас жағына кетіп қалған болса, 1 саусақпен шертіп отырып төмен қарай түсіру.

4. Ампуланың мойнын спиртке малынған зарарсызданған мақтамен сүрту.

5. Ампуланың мойнын кескішпен қиып, мақтамен сындыру.

6. Сол қолдың 2-3 саусағының расына ампуланы орналастыру.

7. Оң қолдың екінші саусағымен канюляны, ал қалған саусақтармен цилиндр, поршеньді ұстай отырып инені ампула ішіне енгізу, дәріні сору.

8. Инені бекіту, өткізгіштігін тексеру мақсатында шприцті тік ұстап инені көзінен 1-2 тамшы дәрілік сұйықтық көрінгенше ауаны шығару.

9. Пайдаланған шприц, инелер әдістемелік нұсқауға сәйкес жойылады.

10. Қолды жуу, кептіру.

 

Ескерту: Ампулада майлы ерітінді болса температурасы 38ºС су моншасында жылытылады.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖ

СТАНДАРТ

Дәріні флаконнан сорып алу

Көрсетілімі :парентеральды дәрі енгізу

Қарсы көрсетілімі :дәрілік сұйықтыққа аллергия байқалғанда

Әзірле:флакондағы сұйық және ұнтақ дәрілерді, 0,5% новокаин

         ерітіндісі немесе басқа еріткіштер, 70ºС этил 

         спирті, инелер, зарарсыздандырылған мақта шариктер,

          лоток, пинцет

 

 

 Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолды гигиеналық деңгейде жуып, кептіру, антисептик ерітіндісімен тазарту.

2.  Флакондағы дәрілік сұйықтықтың атын, мөлшерін, сақтау мерзімін, бүтіндігін, мөлдірлігін тексеру.

3. Спиртке малынған мақта шаригімен флаконның алюминий қақпағын айналдыра сүрту.

4. Флаконның алюминий қақпағының ортасын пинцетпен алу.

5. Спиртке малынған мақтамен резеңке қақпақты сүрту.

6. Флаконды сәл қисайтып, ерітіндісі бар шприцтің инесін флаконға енгізу.

7. Инені қалдырып, мөлдір ерітінді дайын болғанша дәрілік ерітіндіні араластыру.

8. Сол қолдың 2-3 саусағының арасына флаконды орналасыру, оң қолмен шприцке дәріні сору.

9. Инені бекіту, өткізгіштігін тексеру мақсатында шприцті тік ұстап, иненің көзінен 1-2 тамшы дәрілік сұйықтық көрінгенше ауаны шығару.

10. Пайдаланған шприц, инелер әдістемелік нұсқауға сәйкес жойылады.

11. Қолды жуу, кептіру.

 

 

Ескерту : флаконда ерітінді қалатын болса, спиртке малынған мақта тампонымен резеңке қалпақ тесігін жауып, сыртындағы қағазына күнін, сағатын белгілейді. Тоңазытқышта сақталады, оны 12 сағат ішінде пайдаланады. Егу жасардың алдында тоңазытқыштан ерітіндіні 30 минут бұрын шығарылады.

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

 

                                                 СТАНДАРТ

Тері ішіне егу тәсілі

Көрсетілімі :диагностикалық мақсатта – туберкулезді анықтау, антибиотиктерге сезімталдықты және аллергендерді анықтау, жергілікті жансыздандыру

Қарсы көрсетілімі :егу аймағында ісіктің болуы, тері аурулары

Әзірле:1 мл шприц, иненің ұзындығы 15 мм, саңылауы 0,4 мм, зарарсыздандырылған мақта, спирт, пинцет, лоток, кескіш, дәрі-дәрмектер, залаллсыздандыру ерітінділері

 

 

 Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа жүргізілетін емшараны түсіндіру, келісімін алу.

2. Қолды антисептик ерітіндісімен тазату.

3. Шприцке ампуладан 0,2 мл-дәріні сорып алу.

4. Инені бекіту, өткізгіштігін тексеру және ауасын шығару.

5. Ине қалпағын кигізу, пакет ішіне қою.

6. Науқасты ыңғайлы етіп отырғызу немесе жатқызу.

7. Антисептик ерітіндісіне малынған мақта тампонымен егу аумағын 4/8 см көлемінде тазарту, екінші мақтамен егу орнын бір бағыттта сүрту.

8. Оң қолына шприцті алып, иненің қиығын жоғары қаратып, 2 саусақпен канюляны ұстайды.

9. Егу орнының терісін сол қолымен тарту.

10. Иненің қиығын жоғары қаратып, теріге параллельді ұстап, тері ішіне (иненің қиығы толық енгенше) инені енгізу.

11. 0,1 мл мөлшерінде дәріні жіберу, «лимон түйіні» пайда болады.

12. Инені алып, жан-жағын сүрту (мақтамен бетінен баспай).

13. Науқас жағдайын 15 минут бақылау.

14. Пайдаланылған шприц, инелер әдістемелік нұсқауға сәйкес жойылады.

15. Қол жуу, кептіру.

 

Ескерту: Білектің ортаңғы ішкі бөлігіне, қардың ортаңғы бөлігінің ортасына жүргізіледі. Түйін 1 см үлкейсе, жан-жағы қызарса, бөртпе пайда болса, дәрі жағымсыз болғаны. Түйін кетіп қалса, егуді жүргізуге болады.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Бұлшық етке егу тәсілі

Көрсетілімі :дәрілік сұйықтықтарды енгізу (антибиотиктер, вакциналар т.б дәрілер)

Қарсы көрсетілімі : дәрілік сұйықтыққа аллергия болғанда, егу аймағында терінің зақымдануы, қан ұюының бұзылуы, ет тінінің атрофиясы

 

Әзірле:2-10мл шприцтер, иненің ұзындығы 4-6 см, саңылауы 0,8 мм, зарарсыздандырылған мақта, лоток, пинцет, 70ºС этил спирті, кескіш, керекті дәрі-дәрмек, залалсыздандыру ерітіндісі, су моншасы

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа жүргізілетін емшараны түсіндіру, келісімін алу.

2. Қолды антисептик ерітіндісімен тазарту.

3. Шприцті құрастыру, дәрілік сұйықтықты сорып алу.

4. Дәрілік сұйықтық майлы ерітінді болатын болса, температурасы 37ºС су моншасында жылыту.

5. Инені бекіту, өткізгішітігін тексеру, ауасын шығару.

6. Ине қалпағын кигізу, пакет ішіне қою.

7. Науқасты ыңғайлы етіп жатқызу (етпетінен немесе бүйірінен).

8. Антисептик ерітіндісіне малынған 2 мақта тампонын алу.

9. Жамбасты ойша 4-ке бөліп, жоғарғы сыртқы квадрантына егу орнын белгілеу.

10. 4/8 см егу орнын антисептик ерітіндісіне батырылған екінші мақтамен бір бағытта сүрту, екінші мақта тампонымен егу орнын сүртіңіз, сол қолдың 4-5 саусақ аралығына ұстау.

11. Егу алаңын сипау (пальпация) арқылы түйіндерді тексеру.

12. Оң қолдың 4-5 саусағымен канюляны бекіте отырып, қалған саусақтармен цилиндрді ұстау.

13. Сол қолмен егу алаңының терісін тарту.

14. Шприцті денеге тік 90º ұстап, бұлшық етке инені енгізу, канюлядан 0,5 см қалуы керек. Поршеньді итере отырып дәріні жіберу.

15. Антисептик ерітіндісіне малынған екінші мақтамен теріні басып, инені шығару, уқалау.

16. Пайдаланған шприц, инелер жойылады.

17. Қолды жуу, кептіру.

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

 

Көк тамырға егу тәсілі

Көрсетілімі :асқорыту жүйесі арқылы дәріні енгізуге болмайтын

                          жағдайда, науқасқа медициналық көмекті тез арада көрсету

 

Қарсы көрсетілімі :дәрілерге аллергиялық реакция болған жағдайда

 

Әзірле: 10-20 мл шприц, иненің ұзындығы 4-6 см, саңылауы

          0,8 мм, зарарсызданған мақта, лоток, спирт, бұрау,

          жастықша, кескіш, керекті дәрі-дәрмек, резеңке

          қолғап, залалсыздандыру ерітіндісі

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа жүргізілетін емшараны түсіндіру, келісімін алу.

2. Мейірбике бетперде кию.

3. Қолды антисептик ерітіндісімен тазарту, қолғап кию.

4. Шприцті құрастыру, дәрілік сұйықтықты сорып алу.

5. Инені бекіту, өткізгіштігін тексеру, ауасын шығару.

6. Ине қалпағын кигізу, пакет ішіне қою.

7. Науқасты ыңғайлы етіп отырғызу немесе жатқызу.

8. Шынтақ иінінің астына жастықша қою.

9. Науқас бірнеше рет алақанды жұмып–ашуын сұрау, алақанды қысып ұстау.

10. Сипау арқылы (пальпация) толық тамырды анықтау.

11. Шынтақ иінінің спиртке малынған мақта тампонымен егу аймағын 4/8 см көлемде тазарту.

12. Екінші спиртке малынған тампонымен егу орнын тазалау.

13. Иненің қалпағын шешіп, дәрі ерітіндісінің 1-2 тамшысын шығару.

14. Сол қолдың бірінші саусағымен теріні тарта отырып тамырды бекіту.

15. Иненің қиығын жоғары қарата отырып теріні тесу.

16. Көк тамыр бойымен инені енгізу, көк тамырды тесу.

17. Көк тамырға түскенде инеден көрінген қаннан байқауға болады.

18. Сол қолмен бұрауды босату.

19. Науқастың алақанын ашуды сұрау.

20. Поршеньді сәл артқа тарту, цилиндр ішінде қан көрінсе ине көк тамырда болғаны.

21. Поршеньді итере отырып дәріні енгізу. Цилиндр ішінде 0,5 мл ерітінді қалуы керек.

22. Мақтаны иненің үстіне қойып инені шығару, науқастан шынтағын бүгуін сұрау.

23. Шынтақ иінін бірнеше минутқа қысып ұстау.

24. Пайдаланылған шприц, инелер жойылады.

25. Қол жуу, кептіру.

 

    

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Бір рет қолданатын системаны құрастыру және

ерітіндіні тамшылатып құюға әзірлеу

 

Әзірле: бір рет қолданылатын система, дәрі-дәрмек заттар, 

         штатив, мақта шаригі, 70ºС этил спирт, лоток, салфеткалар

 

 Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып және спиртке батырылған мақта шаригімен сүртіп, резеңке қолғапты киіңіз.

2. Залалсыздандырылған столды әзірлеңіз.

3. Бір рет қолданылатын системаны саңылаусыздығын және қолдану мерзімін тексеріңіз.

4. Қолданылатын ерітіндінің саңылаусыздығын қолдану мерзімін тексеріп, флаконның алюминий қақпағының орта бөлігін ашыңыз.

5. Резеңке пробканы 70ºС спиртпен тазалап сүртіңіз.

6. Ораулы пакетті ашып, ішінен системаны шығарыңыз.

7. Системаның ұшындағы иненің қалпағын шешіп, флаконның резеңке бөлігіне енгізіп, түтік бойында кілтін жабыңыз.

8. Флаконның түбін жоғары көтеріп, сол қолмен тамызғыштың бос жағын ұстап, флаконды штативке қойып бекітіңіз. Иненің қалпағын шешіңіз.

9. Тамызғышты ұстап ауа шығаратын бөлігін ақырын ашып, тамызғышты жартылай толтыра отрып, түтік бойын ерітіндіге толтырыңыз.

10. Тамызғышты тікесінен ұстап, түтіктің төменгі жағындағы ауаны шығару үшін иньекция жасайтын инеден ерітіндіні ағызыңыз.

11. Ұзын түтіктегі ауа көпіршігінің жоқ екендігін тексеріңіз.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ


Дата добавления: 2018-02-15; просмотров: 6363; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!