Гельминтоспориозды тамыр шірік ауруы 1 страница



ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ 4.1.Міндетті емес пәндер бойынша 1. Менеджмент түсінігіне, оның мазмұнына, пайда болуының алдын-ала жағдайларына түсініктеме беріңіз Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш» деген мағынаны білдіреді. Алғашында мал бағу саласында оны ұстау, меңгеру шеберлігін білдіреді. Ол адам қызмет саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми практикалық мәнін білдіретін болды. Ағылшын тілінде Ocsford сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсініктер беріледі: А) Адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі. Ә) Билік және басқару өнері. Б) Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды. В) Басқару органы әкімшілік бөлігі. Менеджмент мағынасы – материалдық, адам, физикалық және ақпараттық ресурстарды басқару. Менеджмент түсінігі: 1. Қызмет түрі 2. менеджер = басқарушы, жетекші. Директорлар кеңесі 3. білім саласы Менеджмент = ғылым+тәжірибе+өнер, шеберлік. Менеджер дегеніміз қол астындағы жұмысшылар саны бір немесе одан да көп адам. Менеджмент бұл нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы. Менеджмент бұл нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі. Американ экономисті Леотивтің анықтамасы бойынша менеджмент бұл - өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновация, жаңалық мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерін тәсілдермен формалардың жиынтығы. Сонымен менеджменттің бастапқы ұғымы бұл басшылық. Іскер кәсіпорындар тек менеджер арқылы әрекет ете алады. Жеке кәсіпорын өзінің құқықтық формаларына қарамастан басшылығы болу тиіс. Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі. Егер менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф. Тейлордың пікірінше менеджмент – іргелі дәл ғылымға, ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептесе, Друкердің түсіндіруінше – жоғарыда аталған элементтері бола тұрса да, менеджмент ғылымнан немесе кәсіптен гөрі, практикаға жуықтау. Ол менеджмент ұғымына кең мағынада түсінік беруге қарсы болып, оны іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады. 2. Басқарудың ғылыми мектебінің мақсатына, қосқан үлесіне сипаттама беріңіз 20 ғ. 1-ші жартысында басқарушылық ойының әртүрлі мектебінің дамуы орын алады. Хронологиялық түрде оларды мынадай тәртіппен айтады. > ғылыми басқару мектебі; > классикалық мектеп; > адалдық қатынастар және мінез-құлық ғылымының мектебі; > басқару ғылымының мектебі. Ғылыми басқару мектебі (1885-1920 жж.) негізін қалаушылар Фредрик Тейлор, Френк және Милли Пельберг Генрий Ганк құрушыларының ойынша өлшеуді, талдауды, логиканы пайдаланып қол еңбегін көптеген операцияларын олардың неғұрлым тиімді орындалуын қол жеткізе отырып жетілдіруге болады. Фредрик Тейлор басқарудың ғылыми мектебінің дамуына үлкен үлес қосты. Оның мақсаты еңбекті және басқаруды дұрыс ұйымдастыру принциптерін қалыптастыруда болады. Негізгі назарды ол физикалық еңбекті ғылыми ұйымдастырып принциптерінің қалыптасуына бөлді. Оның ойынша кәсіпорында өзінің жеке тәжірибесі негізінде еш нәрсе істелмеуі керек. Ол жұмыстың барлық элементі алдын-ала мұқият оқылып және ғылыми негізделуі керек деп есептеді. Тейлордың жүйесі төмендегі негізгі ережеге тіреледі: > империкалық тәсілді жұмыс элементтерінің ғылыми зерттеулерімен ауыстыру; > тәсілдер мен жұмыс жағдайларын жақсарту; > өндірістік үрдіспен қатар басқаруда да функциялардың мамандандырылуы; > ғылыми анықтаушы белгілер негізінде қызметкер таңдап алу және оларды оқыту мен жаттықтыру; > әрбір қызметкерге белгіленген нұсқаулық; > жұмысқа жоспарлау және дайындау; > жұмыстың барлық түрлерін есепке алу және бақылау; Тейлордың жүйелік философиялық негізін экономикалық адам деп аталатын тұжырымдама құрады. Бұл тұжырымдамаға сәйкес оларды қозғалтушы жалғыз стимул олардың утелитарлық қажеттіліктері б.т. Тейлордың тұжырымдауынша еңбекке төлеудің тиісті жүйесінің көмегімен жұмысшылардың еңбектерін шегіне дейін интенсивтендіруге және осының негізінде ең жоғарғы еңбек өнімділігіне қол жеткізуге болады. Тейлордың қағидасы: > қызметкерлерді ғылыми түрде сұрыптау(физикалық интеллектуалды дамыған адамдарды); > жалақы, еңбекақы төлеуде жұмысшыларды ынталандыру үшін әділетті жалақы төлеу. Оның теориясын Гаррингтон Эмерсон (1853-1931), Генри Форт (1863-1947), Френк Гилберт (1868-1919), Лилиан Гилберт (1861-1919)т.б. өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты. Бұл мектептің негізгі өкілдері: американдық ғалымдар С.Черчмен, Джеймс Марч, Герберт Саймон, Райт Джей Форрестер, Х.Райфа 3. Басқарудың классикалық мектебінің мақсатына, қосқан үлесіне сипаттама беріңіз Классикалық немесе әкімшілік мектебі 1920 – 1950 ж. Ғылыми басқару өкілдері өз зерттеген негізінен өндіріс басқаруға арнады. Олар басқару деңгейінен төменгі сатыдағы еңбек өнімінен артуымен шұғылданып, әкімшілік мектебі пайда болды. Кейінен мамандар басқаруды ұдайы жетілдірумен әкімшілік қызметті ұйымдастыру принцптерін ойластырды. Бұл мәселелер Файольдің есімімен тікелей байланысты. Ол әкімшілік басқару мектептің көрнекті ғалымы деп есептелді. Файоль пікірінше әкімшілік ету жан – жақты қызмет алқымымен қамтамасызданды. Басқарудың бір бөлігін және техникалық, компаниялық сатып алу,қорғаныстық, бухгалтер, әкімшілік әкімшілік функцияны талдайды. Файоль оны 5 элементке бөліп көрсетті: 1. Жоспарлау 2. Ұжымдастыру 3. Басшылық ету 4. Үлестіру 5. Бақылау Файоль әкімшілік басқарудың бір қатар принцптерін ойластырды. Оның пікірінше олар кез келген ұйымға қолдануға жарайды. Менеджменттің осындай әмбебап принцптері менеджерді өз қызметтерін қалай орындау екендігін көрсетеді. Оның менеджментке арналған 14 принцпінде басқарушылардың қызмет қалай орындау екендігін көрсетеді. Файольдің функциямен принцптері уақыт кезінен ойдағыдай өтіп жаппай қолдана бастады.Файоль былай деп бастады басқару процес ретінде тәуелсіз саламен функцияға бөлінуі мүмкін. Классикалық мектептің өкілі Урвин Файольдің негізгі қағидаларын одан әрі дамытып тереңдете түсті. Урвинде Файоль секілді әкімшілік қызметтің негізгі элементтерін тұжырымдап, бұған жоспарлауды, ұйымдастыруды, штабты жинақтауды, басшылықты үйлестіруді, есеп беруді және бюджет жасауды жатқызды. Бұл элементтер күні бүгінге дейін шетел авторларының көптеген зертеулерінің түп қағазы ретінде пайдаланып отыр. Урвин формалді ұйым құру принцптеріне ерекше көңіл бөледі. 1.Құрлымның сәйкестігінде атап көрсетілетін әуелі ұйымдастыру құрлымын мұқият ойластыру, содан кейін құрылым талаптарына неғұрлым сәйкес келетін мамандарды таңдап алу қажет. Арнайы және басштабты құру. 2.Басқаруды күрделене түсу ескеріп Урвин ұйымдастыруда штабтық мамандандардың маңыздылығын жете түсінді. Бар штабтың міндетіне басшылардың бұйрық дайындаудың және таратуын күнделікті жұмыстарды бақылауды және штабтық мамандар қызметін үйлестіруде басшылар көмек жасауға жатады. 3.Құқықпен жауапкершіліктің салыстырмашылығы. 4.Бақылау өрісі – басшыға тікелей бағынатын адамдар саны. 5.Мамандандыру басшы қызметкерлерге мамандандырудың 3 түрі болуы мүмкін: 1. Мақсат белгісі 2. Операциялар бойынша 3.Тұтыну түрлері немесе географиялық белгілер бойынша 6.Анықтық ұйымдағы әрбір қызметкер үшін міндеті жауапкершілігі басқа адамдармен өзара қатынасы мен байланысы жаз болса анықтауы тиіс тек сонда ғана ұйым қызметінің айқындығына қол жеткізуге болады. 4. Басқарудағы адамдық қарым-қатынастар мектебінің мақсатын анықтап және оның басқару теориясына қосқан үлесін баяндаңыз Адамның қатынастары мен іс-әрекеттерінің ғылыми мектебі,1930-1950 Бұл мектептің көрнекті өкілдері – Мэри Паркер Фольет,Элтон Мэйо. Белгілі бір даму кезеңдерінен өткен классикалық мектеп , өндірістік процестің техникалық жағын өте жақсы игеріп,өзінің мүмкіндіктерін ауқымды дәрежеде жойды. Классикалық мектеп бірнеше ондаған жылдар өткен соң өзінің маңыздылығын жоғалтып алды, бұлжағдай бағалы оәларды өз қарамағына алатын Жапония Тейлордың тек қана кейбір принциптерін қолдағаны туралы дерек айтады. Жапонияның басым стратегиясы мамадандыру емес, жан-жақтылық, өйткені ол жапон фабрикаларындағы еңбекті стандарттау мен мамандауға анағұрлым пайдалы. Сондықтан “маманды міндет” орнына қызметшілерді құруды басқару мақсаты қолданылады. Адамның өндірістік ортадағы іс-әрекетін игерген «іс-әрекет мектебі» және еңбектің өнімділігі орындаушының адамгершілігіне, психологиялық жағдайына тәуелді құрыла бастады. Жұмыс орнының дайындық деңгейі мен еңбектің өнімділігінің тәуелділігін зерттеу арқылы сол уақытта әйгілі жанылақ әкелген Элтон Мэйо осы бағытқа бастама жасайды. Мэйо жұмыс орнының дайындық деңгейін күшейтті және өнімділіктің артуын бағалады. Сол кезде ғылыми мақсатта эксперимент жүргізуші жұмыс орнынан дайындық деңгейін азайтты, дегенімен, өнімділік дайындық деңгейі әсерінен өспейтіндігі орындаушыларға назар аудару күшінен екендігі туралы қорытынды жасалады. Бұдан кейінгі эксперименттер барысында жұмысшылардың жоғарғы еңбекақыға дұрыс адамдық қатынастарды қалайтыны туралы қорытынды жасалды.(Тейлор материалды ынталандыру операциясынан ары барған жоқ). Иек қана өндірістің ортада емес, өмірдеболатын әр түрліжағдайлардағы өмірдегі адамның іс-әрекетімен көптеген оқымыстылар шұғылданады:Карнеги, Маккензи, Смолл Роберт, Тилгеман.Адам туралығылымның дамуының бұлбағытында көптеген талданбаған сұрақтар бар. Іс-әрекет мектебінің алғашқы маңызды жетістігі орындаушының еңбек өнімдеріне тек қана материалдық факторлар емес,сонымен қатар психологиялық және әлеуметтік факторлар да ықпал ететіні туралы дерек дәлел болды.Бұған байланысты Филаделфиядағыы текстилді фабрикадағы .Мэйонның 1923-1924 жылдағы эксперименті көрсеткіш болып табылады.Осы фабрикадағы жіп игеруучаскесіндегі жыл сайынғы кадр ағымдылығы250% құрады,ал еңбек өнімділігі басқа участкелерге қарағанда едәуір төмен болды.Сонымен бірге ешқандай да материалды ынталандырулар бұлжағдайды түзете алмады.Мэйо арнайы зерттеуле нәтижесіндемынадай қорытындыға келді, қарым –қатына жасау мүмкіндігін және мамандықтың біліктілігін ескермеген еңбекті ұйымдастыру себепболды. Алайда, тек демалысқа екі минут үзіліс бергенен кейін бұл жағай өзгерді:жұмыс күшінің ағымдылығы күрт азайып, өндіру өсті. 5. Бақылаудың мәні және мазмұнын сипаттап, бақылаудың қажеттілігін анықтаңыз Бақылаудың мәні және негізгі принциптері. Бақылау жоспарлау процесін аяқтап және жаңа жоспарлау шешімдеріне бастама болады. Тиімді бақылау басқарудың — жоспарлау, ұйымдастыру және мотивациялау сияқты функцияларымен үнемі байланысты болу керек. Бақылау функциясының нәтижесі жоспарды қайта құру, ұйымның басқару құрылымын жетілдіру, мадақтау жүйесін жақсарту т.б. түрінде болуы мүмкін. Бақылауды ұйымдастыру қазіргі замандағы басқарудың күрделі мәселесі болып табылады, өйткені бақылау функциясы көбіне тікелей басшылардың мойнында бұрынғыша қалып отыр. Американдық басқару әдебиетінде әкімшілік (немесе оперативті, тактикалық) және басқарушылық (немесе жалпы, стратегиялық) бақылау деп ажыратылады. Егер әкімшілік бақылау күнделікті операцияларды бақылап, қайталана беретін және автоматизациялануға оңай көнетін болса, басқарушылық бақылау мақсаттарға жету барысында ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған және шешім қабылдау мен саясатты жасаудың инструменті болып саналады. Бақылау процесс ретінде келесі этаптардан тұрады: 1. Өнірістік процесстерді орындау саласы және басқа операциялар салаларында стандарттарды тарайындау; 2. Нақтылы нәтижелерді нормалармен салыстырып ауытқуларды анықтау; 3. Ауытқуларды жоюға немесе жоспар мен нормаларды қайта құру арқылы іс-қимылдар ұйымдастыру. Бақылау функциясы — мезгіл-мезгіл басшыны күнделікті жұмыстардың жағдайын, ясни жоспарды орындау барысымен таныстыру болғандықтан, бақылау функциясы мен жоспарлау функциясы арасында тікелей байланыс бар екенін атап өту қажет. Бақылау стратегиялық шешімдерді қабылдау да, оперативті іс-қимылдарды атқаруда да қажет. Бақылау жүргізу үшін сандық және сапалық нормалар (стандарттар) орнату керек. Нормалар ретінде жұмыстың нәтижесін бағалайтын критерийлер қолданады. Жұмыс істеу нормаларына қойылатын талаптар: олар дәлелді, икемді болуы қажет және жаңа жоспар құрылған сайын жаңартылып тұру керек. Сондықтан жаңа нормаларды жасаған кезде күнделікті қызметті талдап, өткендегі жетістіктерге ықпал еткен факторлар мен себепті анықтау керек және болашақта қосымша ресурстарды және резервтерді пайдалану арқасында қандай жетістікке қолымыз келетінін, ескеру керек. Қызметті талдаудың келесі этапы — информацияны жинау, өңдеу және ұсыну; осының арқасында басқарудың барлық деңгейіне сай стандарттық мерзімді есеп беруді ойлап табу. Бұл есеп берудің уақыты мен көлемі басқару деңгейінде қабылданатын шешімге қажет информацияға байланысты. Неғұрлым бұл деңгей төмен болса, соғұрлым информация егжей-тегжейлі және қысқа мерзімді болады. Ал жоғары деңгейде ол жалпы, қорытынды түрінде болады. 6. Ұйымның сыртқы ортасына талдау жасап, сыртқы орта мінездемелеріне сипаттама беріңіз Ұйымдардың мақсаты да ортаны талдау шектерін анықтайды.Фирма маңызды факторларды мұқият талдау қажет, себебі ол даму перспективаларына әсер етеді. Фирма нарықтағы тұрақтылыққа жету үшін ерекше ықыласын салалық тосқауыл деңгейінде ықпал ететін факторларға зер салу қажет. Қызметті қысқарту кезінде әлеуметтік және заңгерлік аспектілер проблемаларына ерекше көңіл бөлу керек, себебі еңбек жүйесін реттеуде тікелей сабақтасқан, сонымен қатар жалданған жұмысшылармен байланысты. Сыртқы ортада кәсіпкерлік қызметінде маңызды факторлар өзінің үлесі бойынша ерекшеленеді. Мысалы:


Дата добавления: 2018-02-15; просмотров: 363; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!