Нормативные документы Казахстана

Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Ж.М.Төлеужанова Ә.С. Нұржанова, А.К. Қасенбаев. ҚАЗАҚ ТІЛІ Оқу-әдістемелік кешен Жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарына арналған

Астана 2012 ж

С.Сейфуллин атындағы                                       БЕКІТЕМІН

Қазақ агротехникалық                             Әдістеме кеңесінің төрайымы

университетінің әдістемелік                   ________Е.Т. Тазабекова

кеңесінде қаралып, мақұлданды.           «__»_____________2012ж

Хаттама №  «__»________2012ж

 

Қазақ тілі

Жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарына арналған

Құрастырғандар:Ж.М. Төлеужанова, Ә.С. Нұржанова, А.К. Қасенбаев.

Пікір жазған:

                                  

С.К. Кенжемұратова                     «С.Сейфуллин атындағы Қазақ

                                                         агротехникалық университеті» АҚ

                                                         қазақ тілі кафедрасының

                                                         меңгерушісі, ф.ғ.к. доцент                                                          

 

«Қазақ тілі» оқу - әдістемілік кешені қазақ тілі кафедрасының отырысында

хаттама № 12 «11» 06. 2012 жылы қаралып, мақұлданды.

  Кафедра меңгерушісі _________С.К.Кенжемұратова

                                             қолы

«Қазақ тілі» оқу құралы гуманитарлық кафедралар бөлімі әдістемелік комиссиясы отырысында хаттама №11 «14» 06. 2012 жылы қаралып, мақұлданды.

 

Әдістемелік комиссияның төрайымы _____________ А.А. Ахметова

                                                                        қолы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

 Қазақ тілі кафедрасы

Бекітемін

                                                     

                                                                  Гуманитарлық факультеттің

Деканы

                                                                  ..............................................

 

                                                                   (аты­ -жөні ­ )

                                                             …..    …………… 2012 ж    

 

 

                                   ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА

( СИЛЛАБУС)

                ҚАЗАҚ ТІЛІ          пәні бойынша

                Бакалавриат         бағытына арналған

                Барлық                   мамандықтарға арналған

 

 

 

 

Астана - 2012 жыл

 

Студенттер үшін пән бағдарламасы ( Силлабус) Қазақ агротехникалық университетінің оқу ісі жөніндегі бірінші вице-президенті А.М.Абдыров ?

( пәннің типтік бағдарламасының атауы, қашан және қайда бекіткен)

уақытша типтік бағдарлама

негізінде және …………………………………………….

….. ……………. 2012 жылы №…… Хаттамасында бекітілген мамандықтың жұмыс оқу жоспарына сәйкес Қаз АТУ жоғары оқу орнының …… …………………………… мамандығы коды, атауы                                 үшін (бағыты) құрастырылған.

 

 

Бағдарлама қазақ тілі кафедрасының отырысында хаттама № ….. ……………. 2012 жылы қаралып, мақұлданды.

 

                  Кафедра меңгерушісі ……………………………………

                                                               (қолы, аты - жөні)

 

Бағдарлама гуманитарлық кафедралар бөлімінің әдістемелік комиссиясында хаттама №  ….. ……………. 2012 жылы қаралып, ұсынылды

 

Әдістемелік комиссияның төрайымы ……………

                                                                      ( қолы, аты - жөні )   

 

 

1.Оқытушы жайлы мәлімет: қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы Ж.М.Төлеужанова, Ә.С. Нұржанова, А.К. Қасенбаев.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті    

тел : 38 -97 -15 , К 7, дәрісхана 713, 79.

Қабылдау сағаттары: кафедрадағы кеңес беру кестесі бойынша

 

2. Пән туралы мәліметтер:

Қазақ тілі

1 курс

Кредит саны - 3

Практикалық сабақтар - 45

Семестр 1

Оқытылатын орны - қазақ тілі кафедрасының дәрісханалары  

Оқу уақытын бөлу

Семестр

Семес-тр апта- сы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 1 11 12 13 14 15 16 17 Бар- лығы
Прак тика-лық сабақ   3   3   3   3   3   3   3

Аралық

 

Бақылау

  3   3     3   3   3   3   3   3

А

р

а

л

ы

қ

 

 б

а

қ

ы

л

а

у

  45
СОӨЖ   1   1   1   1   1     1   1   1     1   1   1   1     1   1   1   15  
Барлығы 4   4 4 4 4 4 4 4 4 4 4 4 4 4 4 60  

3. Пререквизиттер - бұл пән Қазақстан тарихы, мәдениеттану, философия, педагогика пәндерін, мемлекеттік тілде іс жүргізу арнайы курсын игеруде септігін тигізетін қажетті пәндердің бірі болып табылады.

4. Постреквизиттер-бұл курстан алған білім негіздері қазақ

тілін жеткілікті дәрежеде меңгеруге;

- мемлекеттік тілде жарық көретін басылымдарды, әдеби шығармаларды,

заң, үкім, қаулыларды оқып, түсіне алуға мүмкіндік береді.

 

5. Пәннің қысқаша сипаттамасы

Қазақ тілі пәнінің мақсаты:

1. Қатысымдық мақсаты:Үйренуші қазақ тілін сөйлеу құралы ретінде 

емін - еркін меңгеріп, ауызша, жазбаша әдет - дағдыларын қалыптастыруы тиіс.

2. Танымдық мақсаты: Дүниетанымдық ой - өрісін дамытуды қазақша тілдік деңгейде меңгеруі тиіс.

3. Тәрбиелік мақсаты: Тіл үйренушінің жалпы тұлғалық әдеби, мәдени деңгейін көтеруге, қазақ елінің тарихы мен мәдениетіне, ұлттық ерекшеліктеріне мән беріп, құрметтеуге бағытталуы тиіс.

 

    Курс аяқталғанда студенттер төмендегі көрсетілген талаптарды білуі және істей - білуі қажет:

- қазаќ тілінде ойын жеткізе білуі керек;

- қазақ тілінің грамматикалық және фонетикалық жүйелерінің ерекшеліктерін білуі қажет;

- елтану материалдарымен, қазақ халқының мәдениетімен, тарихымен таныс болуы керек;

 

6. Пәннің мазмұны

 

6. Сабақтың мазмұны Сағат саны
1 Лексикалық тақырып:Мемлекеттік тіл. Тілдік материал: Синонимдер.Антонимдер. 3  
2 Лексикалық тақырып:Қазақстанның өнері мен әдебиеті. Тілдік материал:Омонимдер 3  
3 Лексикалық тақырып:Денсаулық-зор байлық. Тілдік материал:Тәуелдік, жіктік жалғаулар. 3  
4 Лексикалық тақырып: Қоғам және жастар. Тілдік материал:Көптік, септік жалғаулары. 3  
5                Лексикалық тақырып: Тәуелсіз Қазақстан. Тілдік материал:Зат есім.   3  
6 Лексикалық тақырып: Әдептілік-мәдениет негізі. Тілдік материал:Сын есімдер. 3  
7 Лексикалық тақырып:Бос уақыт. Тілдік материал:Сан есімдер. 3  
8 Лексикалық тақырып:Адам және табиғат егіз. Тілдік материал: Есімдік. 3  
9 Лексикалық тақырып: Қазақстанның тарихи орындары Тілдік материал: Үстеулер 3  
10 Лексикалық тақырып: Мен және қоршаған орта Тілдік материал:. Негізгі және көмекші етістіктер 3  
11 Лексикалық тақырып:Білім жүйесіндегі реформалар Тілдік материал:Етіс түрлері 3
12 Лексикалық тақырып: Ұлттық рухы күшті адам Тілдік материал:Есімше. Көсемше 3  
13 Лексикалық тақырып:Қазақстан мемлекетінің құқықтық негізі Тілдік материал:Етістіктің райлары 3  
14 Лексикалық тақырып:Халықаралық экономикалық қатынастар Тілдік материал:Етістіктің шақтары 3    
15   Лексикалық тақырып:Ғылым мен техника Тілдік материал: Шылаулар 3
  Практикалық сабақтар 45

7. Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары 

6. Сабақтың мазмұны Сағат саны
1 Лексикалық тақырып:Мемлекеттік тіл. Тілдік материал: Синонимдер.Антонимдер. 1
2 Лексикалық тақырып:Қазақстанның өнері мен әдебиеті. Тілдік материал:Омонимдер 1
3 Лексикалық тақырып:Денсаулық-зор байлық. Тілдік материал:Тәуелдік, жіктік жалғаулар. 1
4 Лексикалық тақырып: Қоғам және жастар. Тілдік материал:Көптік, септік жалғаулары. 1
5                Лексикалық тақырып: Тәуелсіз Қазақстан. Тілдік материал:Зат есім.   1
6 Лексикалық тақырып: Әдептілік-мәдениет негізі. Тілдік материал:Сын есімдер. 1
7 Лексикалық тақырып:Бос уақыт. Тілдік материал:Сан есімдер. 1
8 Лексикалық тақырып:Адам және табиғат егіз. Тілдік материал: Есімдік. 1
9 Лексикалық тақырып: Қазақстанның тарихи орындары Тілдік материал: Үстеулер 1
10 Лексикалық тақырып: Мен және қоршаған орта Тілдік материал:. Негізгі және көмекші етістіктер 1
11 Лексикалық тақырып:Білім жүйесіндегі реформалар Тілдік материал:Етіс түрлері 1
12 Лексикалық тақырып: Ұлттық рухы күшті адам Тілдік материал:Есімше. Көсемше 1
13 Лексикалық тақырып:Қазақстан мемлекетінің құқықтық негізі Тілдік материал:Етістіктің райлары 1
14 Лексикалық тақырып:Халықаралық экономикалық қатынастар Тілдік материал:Етістіктің шақтары 1
15   Лексикалық тақырып:Ғылым мен техника Тілдік материал: Шылаулар 1
    15

 


І семестр

8. Пән бойынша СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі

Сабақтың тақырыбы  СӨЖ тапсыр-малары Тапсырманың мақсаты мен мазмұны Ұсынылатын әдебиеттер Бақы-лау түрі Тап-сыру мерзі-мі Баға-лау ұпайы
1   3 4 5 6 7 8
1 Мемлекет-тік тіл. Синоним-дер.Анто-нимдер. 1, 2 – жаттығу- ларды орындау Өз ойын ауызша, жазбаша жеткізе білуге дағдылану. Синонимдерді, антонимдерді ажырата білу.   Төлеужанова Ж.М.,   Нұржанова Ә.С., Қасенбаев А.К. Қазақ тілі. Оқу әдістемелік кешен. – Астана, 2012 ж. 21 бет.   Мақалмәтел-дерді жат-тау. Шы-ғарма жазу   1-апта       8
2 Қазақстан-ның өнері мен әдебиеті. Омоним-дер 1, 2 – жаттығу-ларды орындау Қазақстанның өнер қайраткерлері туралы мағлұмат беру. Омонимдерді ажырата білу. Төлеужанова Ж.М. Нұржанова Ә.С., Қасенбаев А.К. Қазақ тілі. Оқу әдістемелік кешен. – Астана, 2012 ж. 26 бет .   Маз-мұн-дау. Хабарлама дайындау     2- апта   8
3 Денсаулық - зор байлық. Тәуелдік, жіктік жалғаулар. 1, 2, 3 – жаттығу-ларды орындау Студенттерді салауатты өмір салтына баулу. Тәуелдік, жіктік жалғауларын сөйлеуде дұрыс пайдалана білу. Төлеужанова Ж.М. Нұржанова Ә.С., Қасенбаев А.К. Қазақ тілі. Оқу әдістемелік кешен. – Астана, 2012 ж. 31-бет.   Мәтінді орыс тіліне ау-дару. Мақалмәтелдерді жат-тау   3-апта   8
4. Қоғам және жастар. Көптік, септік жалғау-лары. 1, 2 жаттығу-ларды орындау Жастардың қоғамдық өмірде белсенділігін арттыру. Көптік, септік жалғауларын ажырата білу. Төлеужанова Ж.М. Нұржанова Ә.С., Қасенбаев А.К. Қазақ тілі. Оқу әдістемелік кешен. – Астана, 2012 ж. 35 бет.   Мәтінді маз-мұн-дау. Шы-ғарма жазу     4-апта     8  
5 Тәуелсіз Қазақстан. Зат есім.   1,2,3 – жаттығу-ларды орындау Отаншылдық, Отан туралы әңгімелей білу. Зат есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу. Төлеужанова Ж.М. Нұржанова Ә.С., Қасенбаев А.К. Қазақ тілі. Оқу әдістемелік кешен. – Астана, 2012 ж. 40 бет.   Мәтінді маз-мұн-дау. Эссе жазу     5-апта     8
6 Әдептілік-мәдениет негізі. Сын есімдер. 1, 2,3 – жаттығу-ларды орындау Өз ойларын айта білу. Мәтіннен сапалық және қатыстық сын есімдерді ажырата білу, мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіру. Төлеужанова Ж.М. Нұржанова Ә.С., Қасенбаев А.К. Қазақ тілі. Оқу әдістемелік кешен. – Астана, 2012 ж. 45 бет.   Мәтінді толықтыру. Шы-ғарма жазу     6 - апта   8
7 Бос уақыт. Сан есімдер. 1, 2 ,3 – жаттығу-ларды орындау Өз ойларын айта білу. Сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу. Төлеужанова Ж.М. Нұржанова Ә.С., Қасенбаев А.К. Қазақ тілі. Оқу әдістемелік кешен. – Астана, 2012 ж. 49 бет   Жат-тығу-ларды орын-дау. Ша-ғын әңгіме жазу       7 - апта.     8  
8 Адам және табиғат егіз. Есімдік. 1, 2 – жаттығу-ларды орындау Қазақстанның қорықтары туралы білу. Есімдіктердің мағыналық түрлерін айыра білу. Төлеужанова Ж.М. Нұржанова Ә.С., Қасенбаев А.К. Қазақ тілі. Оқу әдістемелік кешен. – Астана, 2012 ж. 52  бет.   Жат-тығу-ды орын-дау. Хабарлама жазу. 8- апта  
9 Қазақстан-ның тарихи орындары Үстеулер 1, 2 – жаттығу-ларды орындау Қазақстанның тарихи орындары туралы айта білу. Үстеулердің мағыналық түрлерін ажырата білу. Төлеужанова Ж.М. Нұржанова Ә.С., Қасенбаев А.К. Қазақ тілі. Оқу әдістемелік кешен. – Астана, 2012 ж.  55 бет.   Шы-ғарма жазу. Жат-тығу-ды орын-дау.       9 - апта     8
10 Мен және қоршаған орта Негізгі және көмекші етістіктер 1, 2 – жаттығу-ларды орындау Табиғат, қоршаған орта туралы түсінігін толықтыру. Көмекші және негізгі етістіктерді айыра білу. Төлеужанова Ж.М.  Нұржанова Ә.С., Қасенбаев А.К. Қазақ тілі. Оқу әдістемелік кешен. – Астана, 2012 ж. 59 -бет.    Мәтінмен жұ-мыс. Эссе жазу.       10 - апта     8
11 Білім жүйесін-дегі реформа-лар Етіс түрлері 1, 2,3,4 – жаттығу-ларды орындау   Қазіргі кездегі білім жүйесіндегі реформаларды білу. Университет тарихын білу. Етіс түрлерін ажырата білу. Төлеужанова Ж.М.  Нұржанова Ә.С., Қасенбаев А.К. Қазақ тілі. Оқу әдістемелік кешен. – Астана, 2012 ж. 64- бет.   Мәтінді маз-мұн-дау, шы-ғарма жазу.     11- апта   8
12 Ұлттық рухы күшті адам Есімше. Көсемше 1, 2 – жаттығу-ларды орындау Қазақстанның ұлы адамдардың өшпес істері жайлы білу Есімше, көсемшелердің түрдерін білу. Төлеужанова Ж.М.  Нұржанова Ә.С., Қасенбаев А.К. Қазақ тілі. Оқу әдістемелік кешен. – Астана, 2012 ж.  69 –бет.   Өлең жат-тау. Жат-тығу орын-дау. 12- апта   8
13 Қазақстан мемлекеті-нің құқықтық негізі. Етістіктің райлары 1, 2,3,4 – жаттығу-ларды орындау Қазақстан мемлекетінің құқықтық негізін білу. Өз ойын айта білу. Етістіктің райларын меңгеру. Төлеужанова Ж.М.  Нұржанова Ә.С., Қасенбаев А.К. Қазақ тілі. Оқу әдістемелік кешен. – Астана, 2012 ж.  74 – бет. Мәтінді орыс тіліне ауда-ру. Мәтінді маз-мұн-дау.   13 - апта   8
14 Халық-аралық экономикалық қатынастар Етістіктің шақтары 1, 2, 3 – жаттығу-ларды орындау Қазақстанның басқа елдермен экономикалық қатынастары туралы білу. Өз ойларын айта білу. Етістіктің шақтарын игеру. Төлеужанова Ж.М.  Нұржанова Ә.С., Қасенбаев А.К. Қазақ тілі. Оқу әдістемелік кешен. – Астана, 2012 ж. 77-бет.   Мәтінді орыс тіліне ауда-ру. Хабарлама жасау. 14- апта   8
15 Ғылым мен техника Шылаулар 1, 2,3,4,5 – жаттығу-ларды орындау Ғылым мен техниканың қазіргі жаңалықтарын білу. Өз айын жазбаша, ауызша жеткізе білу. Шылаулардың мағыналық түрлерін ажырата білу. Төлеужанова Ж.М.  Нұржанова Ә.С., Қасенбаев А.К. Қазақ тілі. Оқу әдістемелік кешен. – Астана, 2012 ж. 82- бет.   Мәтінмен жұ-мыс. Жат-тығу-ларды орын-дау.   15- апта   8

9. Негізгі әдебиеттер:

1. Оралбаева Н., Т. Әбдіғалиева Т., Б. Шалабаев Б. Практикалық қазақ тілі. – Алматы, 1993ж.

2. Бектұров Ш, Бектұров Н . Қазақ тілі (ана тілі деңгейінде оқыту).- Алматы, 1998ж

3. Қожахметова А. Қазақ тілі практикалық курс.- Ақмола , 1995ж.

4. Бектұров Ш, Бектұров Н . Қазақ тілі - Алматы, 1998ж

5. Мұрзалинова Б. Қазақ тілі. Алматы, 1998ж

 

 Қосымша әдебиеттер:

1. Қожахметова А . Тіл ұстарту жаттығулары.- Астана, 2002ж

2. Кенжеахметов С. Қазақ халқының салт- дәстүрі мен әдет - ғұрыптары.- Алматы, Ана тілі, 1994ж

3. Рустемова С. Баспасөз материалдарымен жұмыс. -Астана, 2002ж

4. Бектаев Н. Қазақша - орысша, орысша- қазақша сөздігі.- Алматы, 1999ж

5. Қазақ мақал – мәтелдері. – Алматы: Қазақстан., 1990

6. Қазақстан энциклопедиясы. – Алматы: Қазақстан., 2001, 1 - ші том

 

10.  Курстың саясаты

· Сабаққа кешікпей келу, кешіккен жағдайда сабаққа жіберілмейді

· Сабақ үстінде сөйлемеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды сөндіріп қою

· Сабаққа сай киіну

· Сабақ босатқан жағдайда анықтама қағазын әкелу

· Оқу үрдісіне белсене қатысу

· Оқытушылармен, курстастарымен жақсы қарым – қатынаста болу

· Берілген тапсырмаларды уақытында орындау

· Оқу бөлмелерінде темекі шекпеу, ішімдікті пайдаланбау


 

11. Білімнің бағалануы туралы ақпарат

Ағымдық бақылау

- бағдарлама тақырыбы бойынша пікір айта білу;

- ситуативті сұхбаттар құрастыру;

- таңдаған тақырып бойынша әңгіме құрастыра білу;

- жазбаша тапсырмаларды орындау;

- рольдік ойындарға қатысу.

 

Аралық бақылау

- ауызша сұхбат;

- лексика-грамматикалық тестер;

 

Қорытынды бақылау

- емтихан.

 

Ағымдық бақылау

Аралық бақылау

Емтихан Барлығы
Практикалық сабақ СӨЖ Реферат 1-аралық бақылау 2-аралық бақылау
270 120 10 100 100 400 1000

12. Баға қою саясаты

Пән бойынша білім бағалау кестесі

Студенттердің орындайтын жұмыс түрлері Ұпай саны Min/ max
  1. Ағымдық бақылау: - практикалық сабақтар   - өздік жұмыс - реферат 150/450       6 х45= 270   8 х15=120   5х2=10    
  2. Аралық бақылау: Семестрде 2 рет аралық бақылау болады Ескерту: Университетте қабылданған бағалаудың рейтінгілік жүйесін ескере отырып, студенттердің қорытынды рейтінгісі (ұпайы) 0.1 коэффициентіне көбейтілген ағымдық және аралық бақылаудың нәтижесінен алынған балдардың қосындысынан анықталады. Қ.Б = (Ағ.б + Ар.б) х 0.1; Қ.Б =(400+200) х 0.1= 60 10/20 100х2= 200
                                   Жиынтығы: 30/60 ¥пай
3. Қорытынды бақылау Емтихан   20/40
                                          Барлығы: 50/100 ұпай  

 

  Емтихандағы баға Бағаның ұпай пайызы (%)
1 3 (қанағаттанарлық) 20/26
2 4(жақсы) 27/34
3 5(өте жақсы) 3540

Студенттердің білімін бағалау шкаласы

Әріптік жүйемен бағалау Ұпайдың цифрлық баламасы Ұпайдың пайыздық мазмұны Дәстүрлі жүйемен бағалау
А 4,0 95 – 100

өте жақсы

А - 3,67 90 – 94
В+ 3,33 85 - 89

жақсы

В 3,0 80 - 84
В - 2,67 75 - 79
С + 2.33 70 - 74

қанағаттанарлық

С 2,0 65 - 69
С - 1,67 60 - 64
Д + 1,33 55 - 59
Д 1,0 50 - 54
F 0 0 - 49 қанағаттанарлықсыз

 

Алғы сөз

 

    

Бұл оқу - әдістемелік кешен барлық факультеттер мамандықтарының жалғастырушы топтарына арналып, студенттердің кәсіби лексикасын тереңдетуді көздейді.

    Аталмыш оқу-әдістемелік кешеннің негізгі мақсаты - студенттердің өз бетімен тіл байлығын тереңдетуіне, бұрын алған білімдерін одан әрі жетілдіруіне мүмкіндік беру.

    Қазақ тілі заңдылықтарын естеріне түсіру мақсатында берілген жаттығулар мен тапсырмалардың, сөйлемдер мен сөз тіркестерінің танымдық маңызы зор. Берілген жаттығу жұмыстары мен тақырыпқа сай сөздік минимум, тапсырмалар студенттердің сөздік қорын байыта түсу мақсатын көздеген.

    Кешенде тіл үйренушінің қазақша ойлауын, ой-пікірін жинақтап, ойын еркін жеткізуін жүзеге асыру мақсатында түрлі жаттығулар берілген.

   Әдістемелік кешенде қазіргі талапқа сәйкес жаңа технология әдістерінің ерекшеліктері де орын алған.

 

     

 

 

 

 


1. Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.

 

Мемлекеттік тіл, түркі тілдері, түркі тілдес халықтар, қазақ тілінің тарихы, көне дәуір, саяси , ғылыми, көркем, әдебиет, баспасөз, мекендейді, байтақ, халық, өлке, халықтар өкілі.

2. Сәйкестікті көрсетіңіздер.

 

мемлекеттік древний
егемендік особенность
тәуелсіздік алфавит
ғылыми история
әдеби художественный
көркем литературный
тарих научный
әліпби суверенитет
ерекшелік государственный
көне независимость

3. Мына сөздердің синонимдерін көрсетіңіздер.

Ел
жуық
өлке
даму
дәуір
айрықша

 

4. Мәтінді оқыңыздар.

    Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді.

  Қазақ тілі - әрі бай, әрі көркем тіл.

  Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – Қазақстанда ғана емес, шетелдерде тұратын қазақтардың ана тілі.

Қазақ жазуы 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолдануда.

  1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алды. 1993 жылы қабылданған Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді. 1996 жылы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Қазақстан Республикасының тіл саясаты тұжырымдамасы» мақұлданды. 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заң жарияланды. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді.

Заң 6 тарау, 27 баптан тұрады

I тарауда жалпы ережелер туралы айтылады. Осы заңның 4-ші бабында: «Мемлекеттік тіл- мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, Сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» деп көрсетілген.

 

5. Мәтін бойынша 5 сұрақ қойыңыздар.

6. Берілген сөздерден сөйлемдер құраңыздар.

1.Тілін, бастаған, болып, кейбір, өз, ұмыта, елдерде, мемлекеттік, отарлаушы, тілі, елдің, бекітілген.

2. Үндістанда, тұрмыстық, қалып, деңгейінде, хинди, қойған, тек, тілі.

3. Мароккада, француз, дәрежеде, бірдей, араб, қолданылады, тілі, тілімен.

4. Тілі - тіл, қазақ, өркендеген, қазіргі, өсіп.

5. Уақыты, жаңалықтар, мен, өзгерістер, қазіргі, үлкен, уақыт.

 

7. Мына сөздердің антонимдерін табыңыздар.

Сыпайы
жақсы
сауатты
ыңғайлы
кіру
тұру
бұзу
жабық

8. Сөйлемдер мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», сәйкес келмесе «жалған» деп белгілеңіздер.

1. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік тілмәртебесін алды.

2. Жыл сайын қыркүйек айында тілдер мерекесін тойламаймыз.

3. Қазақ тілі семит тілдері тобына жатады.

4. Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңында 6 тарау, 27 бап бар.

5. Қазір іс қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіледі.

9. Тіл туралы нақыл сөздерді жаттап алыңыздар.

Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды

 

                                              М. Әуезов.

Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.

Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер, әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.

                                                         А. Байтұрсынов

    

Тіл - аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз.

                                                                          Ғ. Мүсірепов

 

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.

Н. Назарбаев

10. Бос орындарға қажетті сөздерді қойыңыздар.

              

Жоғары оқу орындары -        мамандар дайындауда ғана емес, әрбір мамандық бойынша түлектерге мемлекеттік тілді де терең меңгертіп шығаратын мекеме. 1999 жылғы 8 қаңтарда «Тілдер туралы» Заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          _______бекіту туралы қаулы қабылданды. Мемлекеттік тілде ресми __________ әзірлеу мәселесінде ілгерілеушілік бар. 

 

Қажетті сөздер : білікті, құжаттар, ережені.

11. Өлеңді жаттап алыңыздар.

Үш бақытым

Ең бірінші бақытым –халқым менің

Соған берем ойымның алтын кенін

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан парқым менің.  

Ал екінші бақытым – Тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

 

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Кім мықты? – десе біреу, - Отан дер ем.

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

                                                              М. Мақатаев             

12. Қарамен жазылған сөздердің синонимдерін табыңыздар.

Бүгінгі жастар уақыттың қайда бастап бара жатқанын, өмірде тілдің қаншалықты маңызды орын алатындығын да түсінеді. Араларында екі-үш, тіпті төрт-бес тілді қатар, еркін меңгергендері де бар. Алыс-жақын шетелдермен саяси-экономикалық, мәдени-рухани байланыстарда мұндай мамандарға қашанда сұраныс жоғары. Тіл білудің түрлі сипаттағы байланыстармен қатар тарихымызды түгендеуде де берері көп. Араб, Иран, Үндістан, Қытай, т.б. секілді көп ғасырлық жазба дүниелері сақталған іргелі елдерден байырғы қилы қарым-қатынас тарихын, сол елдерде жатқан өзімізге қатысты тарихи деректерді іздестіріп жинап, мәдени мұра қорын жаңа дүниелермен толықтыру шығыс тілдерін терең меңгерген мамандардың күшімен ғана жүзеге аспақ.

 

13. Асты сызылған сөздердің антонимдерін табыңыздар.

Қазіргі қазақ тілі өсіп-өркендеген тіл. Қоғамның барлық салаларында қолдануға жарамды, заман талаптарына толық жауап бере алатын тіл. Қазақ тілін үйренуге, үйретуге арналған көптеген оқулықтар мен оқу құралдары, түрлі салалар бойынша терминологиялық сөздіктер жарық көрді. Мұның бәрі тіліміздің жағдайын жақсартуға арналған игі іс-шаралар мен табанды ізденістердің нәтижесі. ХХІ ғасыр – ғылым мен білім ғасыры. Қазір еліміздегі азаматтардың бәрісауатты. Қай мәселеге болса да байыпты қарап, тиімді жағына баса назар аудару - өмір талабы.

 

14. Екі бағандағы сөздерді мағынасына қарай жұптастырыңыз.

 

Қатынас құралы ретінде белгілейді.
Тіл қызмет етіп келеді
Мемлекеттік тіл сөз байлығы
Міндеттерін әркімнің азаматтық борышы
Жалпы ережелер туралы - қоғамдық құбылыс
Тіл байлығы - қызыл тіл
Ана тілін жақсы білу - айтылады.
Өнер алды - болып бекітілді.

 

14. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.

 

С первых дней независимости страны Нурсултан Абишевич Назарбаев постоянно заботится о повышении статуса и авторитета казахского языка, о расширении сферы его применения, руководит этим процессом. Значительное расширение сферы употребления государственного языка за прошедшие годы стало возможным благодаря настойчивости, требовательности Президента. Крылатыми стали его выражения: "Казах должен разговаривать с казахом по-казахски", "Будущее Казахстана – в казахском языке". Сам он выступил с личной инициативой о создании фонда "Государственный язык". За прошедшие годы Глава государства также выступил с рядом инициатив по исследованию родной истории, развитию культуры и искусства, образования и науки. Лично провел презентацию программы "Культурное наследие", держит под постоянным контролем ход ее реализации. Способствовал реабилитации представителей старшего поколения, боровшихся за свободу народа, возвращению добрых имен безвинно репрессированных.

 

 

 


1. Мына мақал-мәтелдерді жаттаңыздар.

  1. Ана тілі ой өсіреді,

Ана сүті бой өсіреді.

 

2. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

 

3. Сөз тас жарар, тас жармаса бас жарар.

4. Басқа пәле тілден

 

5. Сөз де ара сияқты

Балы да бар, зәрі де бар

 

6. Өнер алды –қызыл тіл

 

7. Сөйлесе білген – үйлесе біледі

 

8. Сөздің көркі – мақал

Атасы – ақыл

Анасы – тіл

 

9. Білім кілті - тіл

 

10. Тіл – қылыштан өткір

 

11. Піл көтермегенді тіл көтереді

2. «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында шығарма жазыңыздар.

 

 


1. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

1) Астанада қанша театр бар?

2) Сен театрға барғанды жақсы көресің бе?

3) Басқа жақтың театрлары гастрольмен келгенде олардың қойылымына барасың ба?

4) Қазір қалада қанша кинотеатр бар?

5) Кинотеатрға жиі барасың ба?

 

2. Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.

Кез –келген, сәулет үлгісі, мәдениет сарайы, инфрақұрылым, дәстүр, әлемдік музыка, рухани, ынтымақтастық, нәтиже, дарынды, сахна шеберлері, шеберлік, қойылым, туындылар

 

3. Сөздердің сәйкестігін табыңыздар.

әлемдік – отечественный

ұлттық – произведение

дәстүрлі – одаренный

дарынды – выпускники

қойылым – постановка

шеберлік – мастерство

түлектер – традиционный

туындылар – духовный

отандық – мировой

рухани – национальный

 

4. Мәтінді оқыңыздар.

 

К. Байсейітова атындағы опера және балет театры

Астанаға поезбен келген кез-келген адамның алдынан үш қабатты кірпіштен қаланған ғимарат шығады. Ғимараттың кіре берісі ерекше сәулет үлгісімен өрнектелген, жоғарғы жағы үш бұрыштанып, циркулярлық болып келген және де бағана тізбектері қаланып тұр. Қайта жөнделген теміржолшылар сарайында Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры орналасты. Астана театры Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2000 жылдың қаңтар айында құрылған. Бүгінде ол еліміздің ең жас музыка театры болып табылады. Қазақтың дәстүрі мен әлемдік музыка мәдениетін дәріптеп, қазақ қоғамының рухани сұранысын жүзеге асыруда.

Ұлттық театр қарқынды өсіп, барша жұртқа танымал ұжымдардың біріне айналуда. Олар әр ғасырлар мен түрлі стильдердің қойылымдарын көрсетеді. Ұлттық театрдың мақтан етерлік репертуарына отандық, сондай-ақ, әлемдік музыка театрларының жауһарлары және де Қазақстанның опера және балет жанрының дамуына үлес қосатын жаңа туындылар кіреді. Мәселен, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібегі», Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу», М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы бойынша экспериментальды қойылымы, Б.Тілеуханның « Ф.Жанносы », Дж.Верди «Травиата», П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» және «Щелкунчик» және т.б. Театрмен ең үздік шетелдік сахна шеберлері ынтымақтастық жасайды: Ресейдің еңбек сіңірген қайраткерлері – қоюшы-режиссері Юрий Александров пен қоюшы-суретші Вячеслав Окунев. Сондай-ақ, хореографтар : ұлы балет бишісі және Ресейдің Үлкен театрының атақты балетмейстері Екатерина Максимова, атақты қоюшы-балетмейстер Шамиль Терегулов, тамаша биші әрі атақты хореограф Сергей Вихарев және т.б. Әлемдік театр өнер шеберлерін ынтымақтастыққа шақыру уақыт өте өз нәтижесін бере білді. Соның арқасында театр аз уақыттың ішінде құрылып, белгілі бір белеске жете білді. 

Ең алғашқы әртістік құрам Қазақ Ұлттық музыка академиясының, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының, Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің түлектері мен сондай-ақ дарынды әртістер мен сахна шеберлерінен құрылды

5. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

1) К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры қашан құрылған?

2) Опера және балет театры қай жерде орналасқан?

3) Бұл театрда қандай қойылымдар қойылды?

4) Ең алғашқы әртістік құрамда кімдер болды?

 

6. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, көшіріп жазыңыздар.

Театр жұмысына Ресейлік, Италия, Германия мен Францияның көптеген шығармашылық ……. өз үлестерін қосты. Олар опера және балеттің жеке …. , дирижер және қоюшы режиссерлері ретінде қатысқан. Қазақстанда «Опера жұлдыздары Астанада» атты ….. опера фестивалі өтті. Қабілетті жас орындаушылар мен бишілерді үлкен …. мен биік белестер күтуде.

 

Қажетті сөздер: мүмкіндіктер, орындаушылары, қайраткерлері, халықаралық

 

7. Мына сөздердің омонимдерін табыңыздар.

Ат
бас
күн
жүз
астана

 

8. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ сазды -драма театры

 

  Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ-сазды драма театры 1991 жылы құрылған болатын. Театрдың негізін қалаған, көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері Жақып Омаров болатын. Бұл күндері Астана қаласындағы көшелердің бірі дарынды режиссер есімімен аталады.

Ең алғаш театр өз шымылдығын қазақтың белгілі драматургі Ғабит Мүсіреповтың «Ақан Сері –Ақтоқты» шығармасы бойынша қойылған спектакльмен ашқан еді. Құрылғандарына бір жыл өтпей, атап айтқанда, 1992 жылы театр ұжымы С.Сейфуллиннің туылғанына 100 жыл толуына орай өткізілген халықаралық фестивальде лауреат атанды. Ал 1996 жылы Уфа қаласында өткен түркі тілдес мемлекеттердің «Туганлық» атты ІІ фестивалінде түбі бір түркі халықтарына ұлттық драматургия арқылы мәдениетімізді танытып, лауреат атанып, үлкен марапатқа ие болды.

Театр үйіне әрбір көрермен өз акустикасын, ал  режиссер өзінің сазын алып келеді деген сөз бар. Халықтың театрға деген махаббаты тек осы екі негізгі мәселелер үйлесім тапқан кезде ғана көрінетін болса керек. Осындай үлкен игі өзгерісті көпшілік Ақмола қаласының – Қазақстан Республикасының астанасы ретінде өзгеруі кезінде айқын сезінді. Өйткені, 1999 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың арнайы шақыруымен театр жетекшілігіне КСРО-ның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Халық қаһарманы» Әзірбайжан Мәмбетов келген болатын. Осы уақыттан бастап, театрдың тіршілігінде үлкен бетбұрыс басталды. Репертуарлар әлемдік классиктер В.Делмарь, У.Шекспир, А.Чехов шығармаларымен толықты. Көп ұзамай жас театр ұжымына Қазақстанның әртісі Гүлжан Әспетова да келіп қосылды. Бұл күндері театр сахнасында «Құрмет» белгісі орденінің иегерлері мен Жастар сыйлықтарының лауреаттары, Елбасының Құрмет грамоталарын алған өнер қайраткерлері және еңбек сіңірген өнер қайраткерлері қызмет етіп келеді.

10.Сөйлемдер мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп жауап беріңіздер.   

Сөйлемдер Шын Жалған
1. Театр негізін қалаған Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері Жақып Омаров болатын    
2. Қазір Астанадағы көшелердің біріне дарынды режиссердің есімі берілмеген.    
3. 1992 жылы театр ұжымы халықаралық фестивальде лауреат атағын алды    
4. Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ-сазды драма театры 1991 жылы құрылған болатын    

11. Шашылған сөздерден сөйлем құрастырыңыздар.

1) Театр, бар, келеді, режиссер, ал, өзінің, алып, үйіне, көрермен, әрбір, өз, үйіне, акустикасын, сазын, сөз, деген.

2) Болатын, сазды, драма, құрылған, театр, Қалибек, Қуанышбаев, 1991 жылы, атындағы, қазақ

3) Қаласындағы, аталады, есімімен, бұл, дарынды, күндері, Астана, бірі, көшелердің, режиссер.

 

12.Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыздар.

Қазақ халқының мәдениеті - ... заманнан бергі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және ... заманға сай дамып қалыптасқан түрі болды.

Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән материалдық және .... мәдениеттің сипатты белгілері де орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата-бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды.

Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары .... жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық.

Халық бұқарасы материалдық мәдениет ... жасаушылары болды.

 

Қажетті сөздер: жетістіктерінің, ежелгі, ұрпақтан - ұрпаққа, жаңа, рухани

 

 


1.  Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.

                                     Қазақстан театр өнері

1926 жылы Қызылорда қаласында М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы сахналанды. 1928 ж. театр Алматы қаласына қоныс аударды. 1930-жылдары қазақ театрлары бірқатар облыс орталықтарында пайда болды. 1933 жылы Семей қаласында құрылған орыс драма театры, көп ұзамай Алматыға көшірілді. Алматыда 1934 жылы  Ұйғыр театры, 1935 жылы Қуыршақ театры,  1944 жылы Жасөспірімдер театры және  1937 жылы Қызылорда қаласында Корей театры ашылды. Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театры 1934 жылы Алматы қаласында ашылды. Қазақстанда бірінші опера 1936 жылы қойылды. Содан бері 50-ге жуық опера мен балет жазылды. Елдегі ең жас музыкалық театр – Астана қаласындағы К. Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының өмірбаяны 2000 жылы М. Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсымен басталды. Қазіргі кезде Қазақстанда 50 театр жұмыс істейді.

2. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрыңыздар.

3.«Қазақстанның өнер қайраткерлері» тақырыбында хабарлама дайындаңыздар.

 

Есте сақтаңыздар! Мақал-мәтелдерде антонимдер болса, табыңыздар.

Әдептен аттаған қылға сүрінер.

Ақпейіл болсаң ас жерсің, тәкәппар болсаң тас жерсің.

Кең болса – кем болмас.

 Елгезектің қарны тоқ.

           Есер жігіт сәнқой келеді.

        Жуастан жуан шығады. 

         

 

 


1. Мәтінге қажетті сөздермен,  сөз тіркестерімен танысыңыздар.

  Мәлімет, шылымқорлық, әдет, темекі әдеті, жаһандық, Дүниежүзілік Денсаулық Ассамблеясы, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы, темекіге қарсы күрес, халықаралық конвенция, заңдастырылған құжат, өзекті мәселелер

 

2. Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Таза ауа, өркениетті ел, әлемдік қауымдастық, салауатты өмір салты, саналы азамат, ұрпағымыздың келешегі, халық саны, тәуелсіз ел, өз үлесін қосу, шылымқорлардың саны, темекі өнімдері, мәтіннің тақырыбы, Халықаралық конвенция құрастыру, ол үшін, жаман әдет

 

3. Сәйкестігін табыңыздар.

мәлімет здоровье
шылымқорлық актуальный
әдет документ
темекі борьба
құжат курение
күрес сведения
өзекті сигарета
денсаулық привычка
үлес будущее
келешек – доля  

4. Мына сөздерді тәуелдеңіздер.

 

Орын, бөлме, ел, жер, үй

5. Мына сөздерді жіктеңіздер.

Ғалым, қызметкер, азамат, ұста

 

6. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

 

Денсаулық – зор байлық

 

Статистикалық мәліметтерде көрсетілгендей, еліміздегі ер адамдардың 57 пайызы, қыз-келіншектердің 31 пайызы шылымқорлықтың шырмауында жүргендер екен. Ең өкініштісі, еліміздің медицина саласында еңбек ететін ер азаматтардың 34 пайызы әлгіндей әдетке бой алдырғандар болып отыр. Дөңгеленген дүние бойынша өмір сүріп жатқан 1,1 миллиард шылымқорлардың жыл сайын 5 миллионы өмірлерімен қоштасатын болса, біздің еліміздегі шылымқорлардың жыл сайын 25 мыңы өлімге душар болады екен. Бұл дегеніңіз, еліміздегі Қаратау, Кентау сияқты кішігірім қалаларда тұратын халық санымен бірдей емес пе?

Темекі індеті тек жаһандық мәселе емес, сонымен қатар бұл жаһандану мәселесі болып табылады. 1996 жылдың мамыр айында темекі індетінің жаһандануын тежеу мақсатымен 49-шы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының Бас директорына темекіге қарсы күреске қатысты халықаралық конвенция құрастырудағы ұсынушы болуды өтінген еді. Сонымен, 2003 жылдың 21 мамырында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясы темекіге қарсы күреске қатысты конвенциясының ақырғы мәтінін бекітті. Конвенция темекінің және темекі өнімдерінің жаһандана таралуын шектейтін халықаралық заңдастырылған құжат болып табылады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының темекіге қарыс күрестегі осындай өзекті мәселелер шоғыры белгіленген конвенциясына 2004 жылдың 21-ші маусымында біздің еліміз де қол қойды. Сөйтіп, қазақ елі өз халқының таза ауамен тыныстауға құқылы өркениетті ел болуға ұмтылатындығын әлемдік қауымдастықтың алдында жария етеді.

Тәуелсіз еліміздің болашағына кәдімгідей қауіп төніп тұрғанын жүрегімен сезе алатын әрбір саналы азамат, еліміздегі шылымқорлықтың одан әрі өрістемеуі үшін өз үлесін қосуға міндетті.

 

7. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Шылым шегуге байланысты статистикалық мәліметтердің көрсеткіштері қандай?

2. Темекіге қарсы күреске қатысты конвенция қашан бекітілді?

3.  Темекіге қарсы күреске қатысты конвенцияға Қазақстан қашан қол қойды?

4. Сіз темекі тартасыз ба?

5. Жастардың темекі тартуына сіздің көзқарасыңыз қандай?

8. Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе, «ия», сәйкес келмесе, «жоқ» деп жауап беріңіздер.

Сөйлемдер ия жоқ
1. Темекі індеті тек жаһандық мәселе емес, сонымен қатар бұл жаһандану мәселесі болып табылады.    
2. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясы темекіге қарсы күреске қатысты конвенцияны бекітпеді.    
3. Конвенция темекінің және темекі өнімдерінің жаһандана таралуын шектейтін халықаралық заңдастырылған құжат болып табылады.    

 

9. Шашылған сөздерден сөйлем құраңыздар.

1. Өз, таза, тыныстауға, өркениетті, болуға, құқылы, қазақ, ауамен, елі, етті, алдында, қауымдастық, ұмтылатындығын, әлемдік, халқының, ел, жария;

2. Үшін, әдетке, жаман, білсе, бой, қажет, алдырмау, ол;

3. Азамат, саналы, еліміздегі, міндетті, қосуға, әрбір, шылымқорлықтың, өрістемеуі, әрі, одан, өз, үшін, үлесін

10. Сұхбатты толықтырыңыздар.

     ___________________________?

 

- Байлық та, атақ та адамды бақытты ете алмайды.

 

 

- Бақытты болу үшін денсаулық керек пе?

 

____________________________ .

 

____________________________?

 

- Денсаулықтың кепілі – салауатты ғұмыр кешу

 

 

- Жаман әдеттерден қалай құтылуға болады?

 

_____________________________ .

11.Мына мақалдардың сыңарларын анықтаңыздар.

Жаны саудың Әдет қалмайды
Тазалық – саулық негізі Бас ауырса, жан тәтті
Бірінші байлық - денсаулық, Ішің ауырса, тамағың тый
Жолдасың көп болса, Қайғы жан жарасы
Денің сау болса, адамның арқауы
Ас   Жалғызбын деме.
Сырқат тән жарасы, Жарлымын деме
Көзің ауырса, қолың тый,   Екінші байлық — он саулық
Бас аманда мал тәтті, Саулық –байлық негізі
Ауру   қалса  да, дені сау.

12. Мәтінді қазақ тіліне аударып, ат қойыңыздар.

 

Ведите правильный образ жизни. Как правило, это отсутствие вредных привычек. Чрезмерное употребление так называемых «стимуляторов», к которым можно отнести кофе, алкоголь, сигареты, несёт в себе массу побочных эффектов для организма человека. Алкоголь и табак разрушают нейроны мозга, негативно влияют на состояние сердечнососудистой системы организма, дают колоссальную нагрузку на печень. Кофе же рекомендуется пить только в случае необходимости: например, при пониженном внутричерепном или артериальном давлении. Но и «подсаживаться» на него не рекомендуется. Всё больше людей страдает от «кофеинозависимости», ведь кофеин, как, впрочем, и никотин, является слабым наркотиком.

Медики рекомендуют заниматься спортом и по утрам делать зарядку. Физическая активность позволяет держать организм в тонусе. Даже получасовая ежедневная прогулка тонизирует сердечнососудистую систему, улучшает циркуляцию крови во всём организме, улучшает деятельность опорно-двигательного аппарата.

Важным элементом хорошего здоровья является и здоровое питание. Врачи рекомендуют избавиться от употребления слишком жирной или жареной пищи. Куда полезнее употреблять экологически чистые продукты, овощи и фрукты, причем, готовить их лучше на пару. Не рекомендуется покупать продукты, имеющие всевозможные химико-биологические добавки и консерванты, которые, безусловно, вредят нашему организму.

 

 

 

 


1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

Темекінің таралу тарихы

 

Шылымқорлықтың адам денсаулығына аса зор нұқсан келтіретіні алғаш рет Англияда байқалып, 1585 жылдан бастап осы елдегі темекі тартқан адамдарды ауыр жазаға кесетін қатал заң шығарылған. XVI ғасырдың аяғынан бастап Англияда темекі таратушылар үшін қара түнек өмір басталды, яғни темекі тартқандардың басын кесіп алып, оны халықтың ең көп жиналатын жерлеріне апарып қоятын болды.

Италияда папа Урбан ІІ темекі тартқан адамдардың шіркеуде шоқынуына тыйым салды. Айтқанға көнбеген бес монахты монастырдың дуалына тірідей қалап, сыртынан сылап тастаған. 1663 жылы Константинопольде темекі отынан болған өрттен кейін Мұрад ІV сұлтан шылым тарқандарды өлім жазасына кесуге әмір етті.

Басқа елдердегі сияқты Ресейде де темекі тартуға патша мен дін басшылары тарапынан күшті наразылық көрсетіліп, оған тыйым салатын қатаң шаралар қолданыла бастады.

Ресейде Михаил Романов патшалық еткен дәуірде шылым тартуға қатаң тыйым салынды. Заңды бұзғандарға бірінші рет таяқпен 60 дүре соғатын, екінші рет қайталанса, мұрны мен құлақтарын кесетін жаза өмірге келді. Ал енді 1634 жылғы Мәскеуде темекі туралы заңды бұзғандарды өлім жазасына кесуге ұйғарды. XVI ғасырдың бас кезінде билік басына келген Англия королі Яков І сол уақыттың өзінде темекі тартудың зияны туралы: «Түрі жексұрын, иісі жеркенішті, миға қауіпті, өкпеге зиянды»,- дей отырып, жалған бақыттың жетегіне ерген өз халқына осылайша ескерту жасады. Сонымен бірге темекі сату жұмысын қойдыру мақсатында темекі сатушыларға ауқымды салық салып отырды.

 

2. Мәтін бойынша 5 сұрақ жазыңыздар.

3.  Мақал-мәтелдерді жаттап, мағынасын түсіндіріңіздер.

Аурудың алдын ал.

Іздеп алған аурудың емі табылмас.

 Ауру азығымен.

Ауруды елемеген өледі, дауды елемеген төлейді.

Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады.

            

 

 


1. Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.

Қоғам, мәселе, намыс, бірлік, үміт, белсенді, табиғат, мағына, саясат, қозғалыс, талғам, жоба, құжат, құбылыс, сауал, ел, өзгерістер, ақпарат, келісім, келешек, сұрақтар, мұрагер, деректер.

 

2. Мына сөздерді, сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

  Намысшылдық, адамгершілік, белсенділік, серіктестік, кәсібилік, ең белсенді бөлігі, жастар саясаты, жастар қозғалысы, басты құжаттар, бағдарлама, заңды құбылыс, әлеуметтік топ, жастар ұйымдары, қоғамдық келісім, тұрмыстық - әлеуметтік қозғалыс, құжаттың қабылдануы.

 

3. Мәтінді оқыңыздар.

Қоғам және жастар

 

Әрбір қоғамның, әрбір отбасының ертеңгі келбеті ондағы жастардың қалай өсіп, ержетуіне байланысты. Сондықтан бұл мәселеге мән беру тұрмыстық - әлеуметтік көзқарас ғана емес, саяси салмағы бар үлкен міндеттердің бірі деп атасақ, артық айтқандық емес. Кеше де солай болған, келешекте де солай бола береді. Қазақ халқы да ежелден «ат тұяғын тай басар» деп жастарының жайына бей-жай қараған жоқ. Сондықтан да ата-баба мирас еткен намыстылық, имандылық, Отанды сүю, ынтымақ пен бірлікті берік сақтау үрдісі әлсіреген жоқ, қайта жаңғырып, одан әрі жалғасын тауып отырды. Ата-буынның үмітін бала буын ақтай білді. Қысқасы, ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілді. Егемен елдің ертеңгі тағдыры, ең алдымен қазақты, барша Қазақстандықты тынымсыз ойландыруға тиіс. Оның басты өлшемі мынау: жастарымыз қалай өсіп келеді екен деген сауал. Олардың жан-дүниесінде қандай жаңғырулар бар? Не нәрсеге еліктейді, не нәрседен бой тартады? Ұлттық болмыстарға деген жанашырлықтары қандай? Міне, осы тектес сандаған сұрақтардың алдымызды кес-кестейтіні рас.

  Жастардың мүмкіндігіне қарай, қоғамдағы болып жатқан оқиғалардан өзін оқшау ұстамағаны жақсы. Өйткені, олар - елдің келешегі. Ата жолын жалғастыратын мұрагер. Бүгінгі аяқталмай жатқан істерді мәреге жеткізетін солар. Сол үшін де жастарға белсенділік, сергектік пен кәсібилік өте керек. Және мұндай болу жастар табиғатына жарасатын мінез. «Егер біз лаулап жанбасақ...» деген тіркес бар. Сол тіркестің мағынасы әлі өз күшінде. Онда жастарымыздың саяси өмірге араласып, қатысып тұруы міндетті емес пе?

   Қолда бар деректерге қарап отырсақ, Қазақстан халқының басым бөлігі жастар дей аламыз. Ендеше, олар саясатта да шешуші рөл атқара алады. Себебі, жастар қоғамымыздың ең белсенді бөлігі. Барлық кезде осылай болған.

    Қазіргі күні Қазақстандағы жастар саясаты саласындағы басты құжаттар «Қазақстан Республикасының жастар саясатының Тұжырымдамасы» бекітілді, Республикалық «Жастар» бағдарламасы қабылданды, Жастар департаменті құрылды. Осы барлық шаруалардың басы-қасында «Қазақстан болашағы үшін» жастар қозғалысына мүше ұйымдар жүр. Олардың саны 1998 жылы онға жетпейтін, бүгінгі күні елуден асып отыр. Ал республикамыздағы жастар ұйымдарының саны 150-ден асып жығылады.

Осы айтып кеткен шаралардан кейін халқымыздың  үлкен әлеуметтік тобын құрайтын жастардың қоғамымыздағы алып отырған орны мен олардың рөлін белгілейтін нормативтік құжаттың қабылдануы заңды құбылыс. Бұл нормативтік құжат – бүгінгі күнге дейін көптеген жастар ұйымдары талқылаған ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі дайындаған «ҚР Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының жобасын жасады.

     

4. Мәтін бойынша 5 сұрақ қойыңыздар.

 

5. Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», сәйкес келмесе, «жалған» деп жауап беріңіздер.

  

Сөйлемдер Шын Жалған
1. Жастардың мүмкіндігіне қарай қоғамдағы болып жатқан оқиғалардан өзін оқшау ұстағаны жақсы    
2. Сол үшін де жастарға белсенділік, сергектік, кәсібилік өте керек емес    
3. Жастар қоғамымыздың ең белсенді бөлігі емес    
4. Жастар саясаттан тыс өмір сүре алмайды    
5. Олар саясатта да шешуші рөл атқара алмайды    

 

6. Шашылған сөздерден сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. Табиғатына, және, мінез, жарасатын, болу, мұндай

2. Тұра, азаматтық, білдірмей, ұстанымын, алмайды

3. Олар, аяқталмай, істерді жатқан, мәреге, бүгінгі, жеткізді

4. Отыр, олардың, бүгінгі, онға, 1998, саны, жылы, жетпейтін, асып, отыр, елуден, бүгінгі, күні

 

7. Мына етістіктермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ұйымдастыру , өркендеу, еліктеу, өзгерту , қолдау, талқылау, дайындау.

 

8. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

Бүгінгі күнге дейін жүргізіліп келе жатқан саясаттың алаңдататын тағы бір тұсы: Қазақстан тәуелсіздігін алған кезде республика азаматының орта жасы 24-25 жас болатын, ал бүгінгі күні 30-дан асып кетті. Бұл ел ағаларын да алаңдататын жағдай. Өйткені мұндай қарқынмен енді 20-25 жылда Қазақстандықтардың орта жасы 55-тен асып кетеді. Сонда жұмысты кім істейді? Небәрі төрт тарауды құрайтын 18 бабы бар Заң жобасының қоғам алдында тұрған мәселелерді шешуге үлкен үлес қосатын құжат екенін осыдан көруге болады.

   Мінеки, жастар саясатын қолдайтын біраз құжаттарымыз бар, ал жастарымыздың бүгінгі жайы қалай? Жастарымыз қалай өсіп келе жатыр?

   Зерделеп қарасаңыз, бүгіндері жастарымыздың қам-қарекеттерінде жаңа үрдіс байқалады. Ол өздері өмір сүріп отырған қоғамға, яки күнделікті тұрмысына қанағаттанбағандықтан, қайткен күнде де соны жақсартуға тырысуда.

         

9. Сөйлемдерді дұрыс септік жалғауында тұрған сөзбен жазыңыздар.

1) Жастардың мүмкіндігіне қарай, қоғамдағы болып жатқан оқиғалардан//оқиға өзін оқшау ұстамағаны жақсы

2) Әрбір қоғамның, әрбір отбасы//отбасының ертеңгі келбеті ондағы жастардың қалай өсіп, ержетуіне байланысты.

3) Небәрі төрт тараудың//тарауды құрайтын 18 бабы бар Заң жобасының қоғам алдында тұрған мәселелерді шешуге үлкен үлес қосатын құжат екенін осымен//осыдан көруге болады.

4) Бұл ел ағасы//ағаларын да алаңдататын жағдай.

 

10. Екі бағандағы сөздерді мағынасына қарай жұптастырыңыздар.

 

Тұжырымдаманы түсу
Бағдарламаны дайындау
Жұмысқа алу
Кәсіпкерлерді жазу
Мамандарды тапсыру
Оқуға шақыру
Шығарма жетілдіру
Емтихан бекіту
Жоспар оқыту

 

11.Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.

Молодым необходимо предоставлять все возможности для поисков себя, своей индивидуальности и своего места в жизни. Это делается через полноценное и систематизированное обучение; финансирование молодежных общественных и социальных проектов; общение с сильными, цельными и самодостаточными людьми, имеющими возможность и желание передать свой опыт. Но для того, чтобы узнать свои сильные и слабые стороны, почувствовать свой предел прочности, научиться бороться со своими страхами – молодежь должна пройти через духовные и физические испытания. Например, те же экстремальные виды спорта, как, впрочем, и спорт вообще, дают возможность нащупать свою «грань возможного».

 

12. Мына мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіздер.

Адамды заман билейді.

Ырыс алды-ынтымақ.

 Заманың түлкі болса, тазы болып шал.

Заманына қарай амалы.

Заманың қалай болса, бөркіңді солай ки.

 

 


1. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.

Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесі дамуына жағдай жасау

Жастардың тән, жан саулығы - елдің стратегиялық қоры және оның қазіргі дамуының шешуші факторы. Жасөспірімдер мен жастардың бойында ізгілікті, рухани құндылықтарды қалыптастыру әлемдік, ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттауға иек артып, жас шамасына қарай қарастырылуы тиіс. Жастарға тән құндылықтар сипаты жас азаматтың тағдыры мен тұрмыс жағдайының әркелкілігін, құндылықтар жайлы түсініктерінің сан алуандығын көрсетеді. Жастардың эстетикалық, ізгілікті талғамының қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының, әсіресе, электронды ақпарат құралдарының айтарлықтай ықпал ететінін ескеру қажет. Зорлық-зомбылықты, қатігездікті уағыздау жастардың мінез-құлқына жан-жақты қысым етіп, өмірді қабылдауы барысында сондай әдет-дағдыларды қалыптастырады. Дүлей күшке табынушылықты, шылымды, спиртті ішімдіктерді жарнамалауға шектеу қою - мемлекет алдындағы жас ұрпақты рухани сауықтырудың бірден-бір

кезек күттірмейтін шаралары.

2. « Қазақстанның дамуына менің қосар үлесім» 1-2 беттік эссе жазыңыздар.

 

Есте сақтаңыздар!

Жастық – жалын, кәрілік – көмір.

 Құл мен қожа майданда теңеледі, жас пен кәрі білімде теңеледі.


1. Мына сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.

Тәуелсіздік, егеменді, зайырлы, бейбітшілік, сенімді, талқылау, беделді, нығайту, өткізу, жеткізу, ресми шаралар, ұйғарым, жарлық, тілек, көшіру, ішкі істер әскері, қабылдау

 

2. Мәтінді оқыңыздар.

Тәуелсіз Қазақстан

 

1991 жылғы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. 1992 жылдың ортасына қарай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде жер шарының 30-дан астам елі таныды. Олардың қатарында АҚШ, Қытай, Түркия, Иран, Пәкістан, Швейцария, Канада сияқты мемлекеттер болды.

Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1992 жылғы қаңтарда оның ішкі істер әскері құрылды. Мұның үстіне әскер қатарына шақырылған жастар өз республикасында қызмет етуге мүмкіндік алды. Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Кеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Сол жылғы желтоқсанда Республика Әнұранының жаңа мәтіні қабылданды.

1993 жылғы қаңтардың 28-інде Республика парламентінің салтанатты мәжілісінде еліміздің тұңғыш Конституциясы қабылданды.

  Республика Президентінің жарлығымен ұлттық валюта –теңге- 1993 жылғы қарашаның 15-сі күні енгізілді.

  Қазақстан халқы Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған жаңа конституцияны 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда қабылдады. Жаңа конституцияның 1-бабында Қазақстан өзін «демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең жоғары құндылықтары – адам, оның өмірі, құқығы және бостандығы» деп жариялады.

   1996 жылдан бастап Қазақстан беделді халықаралық ұйымдармен (БҰҰ, ЮНЕСКО, ОБСЕ) байланысын нығайтты. Мысалы, ЮНЕСКО-ның қолдау көрсетуі арқасында Абай Құнанбайұлының 150 жылдығын мерекелеу тойлары өтті. Осы ұйымның Орталық Азиядағы бір ғана өкілдігі Алматыда ашылды. Сонымен, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған соң, халықаралық аренада өзін сенімді түрде мәлімдеді. Тиянақты да бейбітшілік сүйгіш саясатының арқасында Қазақстан дүниежүзілік мемлекеттер қауымдастығындағы ірі-ірі халықаралық ұйымдар қатарына қабылданды.

  1996 жылы 6 шілдеде Республика Жоғары Кеңесінің депутаттары жан-жақты талқылап, Қазақстан Республикасының астанасын Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.

  1997 жылы 8 қарашада Ақмола мемлекеттік рәміздер (символ) эталоны және Қазақстан Президентінің байрағы жеткізілді. Осыған орай жаңа астанада ресми шаралар өткізілді.

1997жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола Қазақстан Республикасының ресми астанасы болды. Жергілікті атқару және өкілеттік органдардың өтініштерін, Ақмола қаласы жұртшылығының тілегін ескере отырып және мемлекеттік ономастикалық комиссиясының ұйғарымы негізінде 1998 жылғы 6 мамырда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласын Астана қаласы деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда                                                                                                                                                                                                                                                                                                  жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті.

2010 жылғы желтоқсан айында Астанада жаңа мың жылдықта тұңғыш рет ЕҚЫҰ-ның VII Саммиті өтті. Астана Саммитінің жұмысын 1300 қазақстандық және шетелдік журналистер жария етіп отырды.

 Қазақстан Батыстың беделді Ұйымына Азия елдері арасында алғашқы төраға болып, құрлықтың тұтас қауіпсіздігі жөнінде тұңғыш бастама көтерді.

2011 жылы 30 қаңтар – 6 ақпан аралығында елімізде қысқы спорт түрлерінен Азия ойындары өтті.

3. Мәтін бойынша 7 сұрақ қойыңыздар.

4. Мәтіннен 10 жалпы, 10 жалқы зат есімдерді екі бағанға теріп жазыңыздар.

 

5. Шашылған сөздерден сөйлем құрастырыңыздар.

1) 1996, Қазақстан, халықаралық, нығайтты, байланысты, бастап, жылдан, ұйымдармен, беделді.

2)  Абай Құнанбайұлының, өтті, қолдау, тойлары, мерекелеу, 150, ЮНЕСКО-ның, жылдығын, арқасында, көрсету.

3) Ашылды, өкілдігі, Орталық, Алматыда, Азиядағы, ғана, осы, бір, ұйымның.

4) Тұсаукесері, Астананың, өтті, жаңа, ресми, болып.

 

6. Мәтін бойынша екі бағандағы сөздерді мағынасына қарай жұптастырыңыздар.

 

халықаралық валюта
мемлекеттік мәжіліс
республикалық қабылдады
ұлттық құндылықтары
салтанатты әскері
шешім шығарды
жоғары талқылау
ішкі істер референдум
жарлық рәміздер
Бүкілхалықтық ұйымдар

7. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

                         

                                           Мемлекеттік Ту

 

  Қазақтан Республикасының Мемле-кеттік Туы - көк түсті.  Көк түс халқымыздың бірлігін көрсетеді. Көш-пенділер космосы – көк аспан. Көк аспан мен қара жер барлық тіршілікті көрсетеді.

Күн көшпенділердің өмір символы. Геральдика заңында күн – байлық пен берекенің белгісі. Тудағы дала бүркіті еркіндіктің белгісі. Қазақ елі дала бүркіті сияқты тәуелсіз, әлемдік өркендік биігіне ұмтылады (Т.Аяпова).

 

8. Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп жауап беріңіздер.

Сөйлемдер Шын Жалған
1. Күн – көшпенділердің өмір символы    
2. Тудағы дала бүркіті еркіндіктің символы    
3. Көк аспан мен қара жер барлық тіршілікті көрсетпейді    

 

9. «Көк» сөзімен тіркесетін сөздерді жазыңыз, мағынасын түсіндіріңіз.

 

10. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Сіз қай түсті ұнатасыз?

2. Көк түстің беретін мағынасы қандай?

3. Түсі көк қай елдердің туларын білесіз?

4. Масақтың суреті бар қай елдердің елтаңбасын білесіз?

5. Қазақтар жылқы малын неге құрметтейді?

 

11. Мәтінді оқыңыздар.

                                 Мемлекеттік Елтаңба

 

Қазақ елтаңбасында шаңырақ бар. Шаңырақ ұғымы – үлкен үй дегенді білдіреді.Осы үлкен үй (қазақ елі) барлық еншілес халыққа ортақ бақыт тілейді. «Ортақ шаңырақ – биік, ортақ босаға берік болсын» - дегені. Елтаңбада қос пырақ бар. Ат – адамның қанаты. Елтаңбаның жоғары жағында бес бұрышты жұлдыз және төменгі жағында елдің аты жазылған. Тәуелсіз мемлекетіміз бес құрлыққа есігін кең ашқан, ол бірге тірлік, іс жасағымыз келетіндігін көрсетеді (Т.Аяпова).    

 

12. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Шаңырақ қандай ұғымды білдіреді?

2.Шаңырағы бар елтаңба тарихта болған ба?

3.«Ат – адамның қанаты» дегенді қалай түсінесіз?

4.Өзіңіз білетін басқа елдің елтаңбасы туралы айтып беріңіз.

 

13. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Туған жер , қазақ халқы, тәуелсіз ел, жақсы даму, жетістіктерге жету, елеулі өзгерістер, қамтамасыз ету, елдің өркендеуі, байланысын нығайту, шешім қабылдау, халықаралық ұйымдар

 

14. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.

     Казахстан придерживается своего собственного статуса, как в целом азиатского государства, основную часть населения которого составляют мусульмане. Поэтому высок авторитет нашей страны и в мусульманском мире. Убедительное доказательство того – избрание Казахстана председателем Организации "Исламская конференция" в 2011 году.

    Осмысление пройденного, пережитого и сделанного дает книга Н.А.Назарбаева "Казахстанский путь", вышедшая в 2007 году. Мир теперь приглядывается к "казахстанскому пути". Он сейчас превратился в "Путь в Европу", и стал намного шире. Бывший премьер–министр Великобритании Маргарет Тэтчер, которую когда-то называли "железной леди" и, которая сумела поднять падающую экономику объединенного королевства, написала предисловие к книге "Казахстанский путь", изданной в Лондоне на английском языке. Вот как она оценивает неустанный труд нашего национального лидера: "Основатели государств всегда являются нестандартными личностями, и Нурсултана Назарбаева с полным правом можно отнести к этой когорте. Переход от тоталитаризма к свободе никогда не был легким… Чтобы довести Казахстан до сегодняшних высот, Президент Назарбаев использовал соответствие смелости и осторожности. Страна, разбившая оковы коммунизма, сохранила свои особенные казахские свойства. Президент Назарбаев стремился к открытости экономики и общества, то есть именно к таким вещам, от которых его соседи упорно отказывались, таким образом, он добился для Казахстана достаточного авторитета в международных организациях".

 

 


1. «Аяулы Отаным - Қазақстан» тақырыбына 1-2 беттік эссе жазыңыздар.

2. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыздар.

 

Жаңарған Қазақстанда

Бүгінгі таңда халықаралық қауымдастықтың назарын өзіне еріксіз аударып отырған Астананың келбеті күн сайын көркейіп келеді. Жапондық ғалым, ғаламдық құбылыстарды зерттеуімен әйгілі Ямота Куре өзінің американдық журналистке берген сұхбатында: « ... қазіргі еуразиялық өркениеттің жаңа нышанын көргісі келген адам Астана қаласының сәулетіне қарасын!» - депті.

Осындай көне мәдениет үлгілерінің бірі – Пирамида мүсіні елорданың нақ төріне салынды. Осы бір « Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы» атауына ие болған сәулет өнері елімізде өмір сүріп отырған 130 – ға тарта тарта ұлт пен 40- тан аса діни конфессиялар арасындағы татулықтың символы тәрізді.

Осы татулықтың арқасында дамудың «Қазақстандық моделі» дейтін халықаралық саяси термин пайда болды. Жаһандық қауіпсіздікті сақтауда өңірдің көшбасшысына айналдық. Әр үш жыл сайын әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының жиынын Бейбітшілік және ынтымақтастық сарайында өткізу дәстүрге еніп келеді. 

Осы ғимаратты салудағы мақсат – Президенттер келісе алмайтын жағдайда үстел басына халықтың рухани басшыларын жинап, татуласуына мүмкіндік беру.

  Ғимарат 25 қабаттан тұрады, биіктігі 77 метр. Жалпы көлемі – 25.5 мың шаршы метр. Дәл осындай архитектуралық нысан әлемде жоқ. Мұнда еліміздің ұлттық мәдениет мұражайы, өркениеттер университеті, көрме және концерт залдары, кітапхана, әлемдік діндерді зерттеу орталығы мен діни конфессиялар орталығы орналасқан. Сондай – ақ , 1500 орындық опера театрының төбесі 15 метрлік ғажайып жапсырмалармен әсемделген. Барлық сән – салтанаттың ұйысқан тіреуі 4 мықты бағанға байланған.

Президент резиденциясына қарама – қарсы орналасқан осы обьектіні көпшілік «ғасыр құрылысы» атап кеткен. Пирамида - сарай көлденеңінен екі негізгі бөлікті құрайды. Оның 47 метрлік астыңғы бөлігі түгелдей табиғи тастармен көмкерілген. Мұндағы терезелер міндеті басқадай шеберлікпен орайластырылған. Терезе жоқ десе де болады.

Мұнда әр үш жыл сайын әлемнің түпкір - түпкірінен дәстүрлі дін өкілдері көк күмбездің астына жиналады

 

3. Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жазыңыздар.


1. Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.

Әдептілік, мінез-құлық, жүріс-тұрыс, қарым-қатынас, биязылық, кеңпейілділік, кеңойлылық, бауырмалдылық, шыдамдылық, сыйластық, қайырымдылық, адалдық, ақты теппеу, дауыс көтермеу, сөзін бөлмеу, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсету.

 

2. Сәйкестікті көрсетіңіздер.

әдепті воспитанный
салмақты прилежный
білімді честный
ұқыпты аккуратный
адал уважаемый
қайырымды умный
сыйлы спокойный
бауырмал чуткий
ақылды образованный
тәрбиелі милосердный

 

3. Мәтінді оқыңыздар.

Әдептілік - мәдениет негізі

 

Әдептілік тәрбиесі этнопедагогикада негізгі тәрбиенің бірі болып табылады. Олар мінез-құлық әдептері, жүріс-тұрыс әдептері, адамдармен қарым-қатынас әдептері болып үшке бөлінеді. Мінез-құлық әдептеріне: биязылық, кішіпейілділік, салмақтылық, кеңпейілділік, кеңойлылық, бауырмалдылық, шыдамдылық, сыйластық, ұстамдылық, білімділік, ұқыптылық, тындырымдылық, адамгершілік, қайрымдылық, адалдық қасиеттері кіреді. Жүріс-тұрыс әдептеріне: есіктен сәлем беріп, оң аяқпен кіру, нанды екі қолмен үзу, тамақты оң қолмен жеу, айға қарап қол шошайтпау, киімді оң жақпен киіп,сол жақпен шешу, үйге қарай жүгірмеу, есінегенде ауызды оң қолдың сыртымен жабу, ақты теппеу, астан соң бата қайыру, ұрлық жасамау, кітапты жерге тастамау, босағаны кермеу, есікті қатты жаппау, дауыс көтермеу, өтірік айтпау т.б. қасиеттер кіреді. Қатынас әдептеріне: үлкеннің алдын кеспеу, үлкендерге бұрын сәлем беру, екі қолмен амандасу, үлкеннен бұрын дастарханға қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу, кішіге – ізет, үлкенге – құрмет көрсету, ата-ананы құрметтеу, затты өзгеге оң қолмен беру, төрт түлікті қастерлеу, қазаны құрметтеу т.б. қасиеттер кіреді.

Бұл көрсетілген әдеп нұсқаларын өсіп келе жатқан жас ұрпақты жарасымды әдептілік пен ұнасымды ізеттілікке тәрбиелеуде халқымыздың тәрбие қағидалары деп түсінуге болады. Қайшылығы мен қасіреті асқынып тұрған қазіргі кезеңде бұл айрықша мәселе. Қазақ халқындағы әдептілік мәселесі сан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық салт-дәстүрлермен тығыз байланысты.

Адамдар бір-бірімен кездескенде «Ассалаумағалейкум», яғни» «Сізге нұр жаусын» , «Уағалайкум ассалам» қазақша «Алланың нұры сізге де жаусын» дегені. Осылай амандасуы арқылы адамдар бір-біріне ізгі ниетін, достығын білдірген. Сәлемдесу әдебінің де қалыптасқан дәстүрі, салауатты салты болған. Ер адамдар қол алысып, төс қағыстырып амандасқан. Әйелдер бір-бірімен құшақтасып амандасып, келіндер үлкендерге иіліп сәлем берген. Күнде көріп жүрген құрдастарына, өзінен кішілерге бір қолын ұсынса, жасы кішілер үлкендерге қос қолын созып амандасқан. Көптеген көрмеген бауыр, туыс, құда-жекжат, ағайындар бір-бірімен төс қағысып амандасқан. Демек, әдептілік, ізеттілік, сыйластық сияқты асыл қасиеттер сәлемдесе білуден басталады. Жаңа түскен келін әдеп сақтап, туыстарының атын атамай «төрежан, кенже бала, ерке қыз, еркем, төрем, мырза жігіт, үлкен аға, ата, әже, шеше, шешей» дейтін болған. Осы сөздердің өзінен-ақ ата-салтымызға тән ізеттілікті, сыпайылықты, жарасымды әдептілікті  көруге болады.

Қазақ халқының тәрбиесіндегі бір сыйластық ерекшелік: адамның аты-жөніне құрметпен қарау. Үлкен адамдардың аты-жөнін атауда «еке», «әке» жұрнағын қосып, Ереке, Қалеке, Әлеке, Әбеке, Мәке, Шәке т.б деп атаған.

Қазақ халқы бала мен қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Отбасы үшін қыз бала атқарар қызметін біліп қоймай, өнерлі шебер болуын, ер баланың еңбекқор, өнерлі, парасатты, білімді, ұстамды болуын ең басты қасиет деп таныған.  

    

4. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

1) Мінез-құлық әдептерін атаңыз.

2) Жүріс-тұрыс әдептерін атаңыз.

3) Қатынас әдептерін атаңыз.

4) Қазіргі заманда мәдениетті адам қандай болуы керек?

 

5. Мәтіннен сапалық сын есімдерді бір қатарға, қатыстық сын есімдерді бір қатарға теріп жазыңдар.

6. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыздар.

  Адамгершілік ой пікірлер ертедегі Шығыс ... Әл-Фараби, Әл-Беруни, Ибн Сина, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари жазбаларында орын алып, Абай, Шоқан, Ыбырай сияқты ... еңбектерінде көрініс тапқан. Олар ... ұрпақты әдептілікке тәрбиелеуде отбасы, ата-ана, туған-туыс, жора-жолдастар, туған жер, өскен орта әсері туралы бағалы пікірлер айтқан.

 

Қажетті сөздер: даналардың, ойшылдары, жас

 

7. Шашылған  сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

1) Амандасуы, адамдар, достығын, ниетін, білдірген, ізгі, осылай, арқылы, бір-біріне.

2) Халқының, сыйластық, құрметпен, қазақ, тәрбиесіндегі, ерекшелік, адамның, бір атау, аты, жөніне, қарау

3) Тәрбиесі, негізгі, табылады, бірі, болып, этнопедагогикада, әдептілік, тәрбиеленің

 

8. Сөйлемдерді оқыңыз, ол мәтінің мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп белгілеңіздер.

 

Сөйлемдер Шын Жалған
1. Әдептілік тәрбиесі этнопедагогикада негізгі тәрбиенің бірі болып табылады.    
2. Қайшылығы мен қасіреті асқынып тұрған қазіргі кезеңде бұл айрықша мәселе емес    
3. Қазақ халқының тәрбиесіндегі бір сыйластық ерекшелік адамның аты-жөнін құрметпен атамау    
4. Қазақ халқы ер бала мен қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген    

 

9. Мына мақалдардың сыңарларын анықтаңыздар.

Әдепті бала - арлы бала әдепсіз адамды көргенде білесің.
Әдептіліктің белгісі – сіңлі әдепті.
Мейірімділікті анадан үйрен, Әдептілікті данадан үйрен.
Апа әдепті болса, Әдепсіз - бала сорлы бала
Аға әдепті болса іні әдепті
Ұят- адамдықтың белгісі
Әдептілік-ар, ұят – иіліп сәлем бергені
Әдептің не екенін адамгершіліктің бір жемісі
Сіз деген әдеп біз деген көмек

10. Ұлағатты сөздер туралы өз ойларыңызды айтыңыздар.

 

1. «Жақсы адам болып қалыптасу үшін жаратылысынан гөрі, жаттығудың ролі зор». Демокрит.
2. «Жігіт адмға 3 нәрсе кесір болады: 1- еріншектік, 2- ұйқышылдық, 3- тіл алмау. Содан сақтан». Әйтеке би.
3. «Шынайы сыпайыгершілік адамдарға тілектестікпен қараудан құралады».Ж.Ж.Руссо.

 

11. Мақалдарды оқып, мағынасын түсіндіріңіздер.

Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың.

 Шеше тұрып қыз сөйлегеннен, әке тұрып ұл сөйлегеннен без

Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін.

Ақылды кісі байқап сөйлер, ақылсыз кісі шайқап сөйлер.                                   Жылы –жылы сөйлесең, жылан да інінен шығады.

 

12. Мәтінді мазмұндаңыздар.

Адамның жеке басының әдептілігі дегеніміз -кісінің өзін қоғамдағы қабылданған барлық ұқыптылық ережелеріне, қандай да бір жағдайдағы жалпылама қағидаларға және мінез-кұлық тәртібіне сай ұстауымен қатар, эстетикалық,  әрі этикалық жауапкершілікті сезінуі.

Жеке адамның әдептілігі тек қана оның жеке басына байланысты емес. Басқалардың қуанышы мен күйінішін түсіне алу және оған ортақтасу да адамның жеке басында табылуға тиіс. Біреудің жоғын беру, қайғысында бірге болу, қасіретін бөлісу оңай шаруа болмаса керек. Әрине, мұның бәрі шынайы жүректен істелуі тиіс. Бұл адамның жеке басының әдептілігін айқын көрсетеді.

Жеке бастағы әдептілік көп ретте оның карапайымдылығын танытады. Өйткені әдептілік адамның істеген істері мен сөйлеген сөздерінде анық байқалады. Ал, қарапайымдылық іс пен сөзде ерекшеленеді. Ол ешқандай жанға ыңғайсыздық тудырмайды, әдепсіздік жағдайды болдырмайды, адам атаулының көңілін қалдырмайды. Ол бүкіл жүріс-тұрысында қарапайым келеді, еш уақытта дараланып, ерекшеленуге бейім тұрмайды.

 Есте сақтаңыздар!

Үлкен кісімен сөйлескенде қолыңды қалтаға салып тұрма,

Біреумен сөйлескенде бетіне қадала қарап, тақалып тұрма, ыржалақтап күле берме, немесе мөлиіп тұрма.

 Біреудің дүниесіне таңдана қызығып, тесіле қарама.
 Біреудің дүниесін өз бетіңмен аударыстырып, ақтарма.
 Ата-анаңның бетінен алма.
Үйде отырып ысқырма.
 Әркімді бір кекетіп , мұқатпа.
 Бас киімді теппе, айналдырма, аяқ асты тастама.
 Нанның үстіне зат қойма.
 Жасы үлкеннің алдын кеспе, одан жоғары отырма, сөзін бөлме.
 Кемтар адамға күлме.
 

 


1. Мәтінді оқып, өз ойларыңызбен толықтырыңыздар.

Адамның жеке басы дегеніміз — оның кісілігі. Ал, кісілік дегеніміз — адамның абыройы, беделі, дәрежесі. Бұның бәрінің ұйытқысы — әдептілік. Ендеше, адам өзінің өмір сүру салтын, ғүмыр кешу жолын осы әдептілікке негіздеуі керек.

Адамгершілік сезім де осы әдептен басталады. Адамның жеке басындағы адамдық қасиеттерін, оның адамгершілік сезімдерін әдеп жетілдіреді. Жалпы алғанда, әдеп адамды мейірімді, рақымды етіп, ол арқылы қоғамды бақытқа кенелтеді. Лұқпан хакімнен "Әдептілікті кімнен үйрендің?" деп сұраған көрінеді. Сонда ол: "Әдепсіздерден. Әдепсіздің тұрпайы көрінген әрекетінен бойымды аулақ салдым" деген екен. Адам осылай өзін-өзі тәрбиелей алуы тиіс. Өйткені, не нәрсе болмасын тәрбие арқылы ғана іске асады.Адамның тәрбиесі ең әуелі кісінің жеке басына тығыз байланысты. Кісі өзіне дұрыс тәрбие, бағыт-бағдар бере алған жағдайда ғана, жеке басының тұлғасын қалыптастыра алады. Ендеше әрбір адам өз тұлғасын өзі жасай алады.

 

2.Мәтіннен сапалық сын есімдерді бір қатарға, қатыстық сын есімдерді бір қатарға теріп жазыңдар.

 

3. Досыңыздың жақсы қасиеттерін, сырт келбеті, мінез-құлқы туралы жазып келіңіздер.

 

Есте сақтаңыздар! Мақал-мәтелдерде сын есімдер болса, табыңыздар.

  

 Әдептен аттаған қылға сүрінер.

 Ақпейіл болсаң ас жерсің, тәкәппар болсаң тас жерсің.

  Кең болса – кем болмас.

         Елгезектің қарны тоқ.

         Есер жігіт сәнқой келеді.

           Жуастан жуан шығады

 

 

 


1. Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.

Серуен, бейне таспа, саяжай, саңырауқұлақ, жидек, шатыр, тоғай, серуенге шығу, демалыс, от жағу, тамақ пісіру, түнеу, жаяу оралу, жүзу, таза ауа, саябақ

2. Сәйкестікті табыңыздар.

Серуен - вечер

Саябақ – палатка

Саяжай – завтрак

Таңертеңгі ас - дача

Кешкі ас – парк

Түскі ас - прогулка

Шатыр – искать

Кеш – обед

Түнеу – искать

Іздеу – ночевать

 

 

3. Мәтінді оқыңыздар.

                                                Менің бос уақытым

 

  Адамдар бос уақыттарын әр түрлі өткізеді. Бірулер үйде тыныштықта отырып демалғанды жақсы көреді. Көбінесе теледидар қарайды, музыка тыңдайды, кітап оқиды немесе өздерінің сүйікті ісімен айналысады. Ал кейбір адамдар табиғатқа шығады, жағажайға, саяжайға, тауға, демалыс үйлері мен сауықтыру кешендеріне барады.

  Жазда адамдардың көбін жағажайдан кездестіруге болады. Жаздың ыстық күндері оларға суға түсу, күнге күю, жүзу ұнайды. Қазіргі кезде жағажайларда адамдардың демалуына көп жағдай жасалған.

     Демалыс орындарының бірі – кинотеатр. Кинотетрларға келген жаңа фильмдер туралы теледидардан берілген жарнамалардан, газетке шыққан хабарландырулардан білеміз. Бұл күндері кинотеатрларда тек кинозалдары ғана емес, сонымен қатар би залдары , ойын бөлмелері, дәмхана бар. Сол себепті қазіргі кинотеатрларды ойын – сауық , демалу, көңіл көтеру орталығы деуге де болады.   

Бос уақытта мәдени орындарға барғанды жақсы көремін. Театрға барып, әнші , биші, күйшілердің өнерін көрген дұрыс. Мұражайға барып, суретшілердің өнерін тамашалған да жақсы.

Бос уақытымда спортпен айналысқанды, таза ауада қыдыруды, мұз кешенінде коньки тебуді, саябақта қыдыруды ұнатамын. Қаланың көрікті, әдемі, керемет жерлеріне барған да ұнайды.

 

4. Мәтін бойынша 5 сұрақ қойыңыздар.

5. Шашылған сөздерден сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. Кешірек, жексенбі, басқа , қарағанда , тұрамын, күні, күндерге

2. Саябақта , тебемін, мен, жанындағы, үйімнің, шаңғыны

3. Ауада , таза, көктем, мен демалысымды, өткіземін, жазда

4 . Кетемін, қыста, таңертеңгі , мен, астан, тебуге, соң, шаңғы

5. Кешке, тұрамын, кездесіп, күнде, жолдастарыммен

6. Таспа, немесе, біз, тыңдаймыз, музыка бейне, көреміз.

 

6. Мына есептік сан есімдерден реттік сан есімдер жасаңыздар.

 

Мың , тоқсан, жиырма , тоғыз, үш, бес жүз алпыс, төрт жүз алпыс үш, бес жүз он, қырық үш, бір мың тоғыз жүз алпыс бес , бір мың тоғыз жүз сексен төрт, бір мың тоғыз жүз тоқсан , алпыс алты , жетпіс сегіз , елу бір , сексен тоғыз.

7. Мына  сан есімдерді сөзбен жазыңыздар.

12,23, 25,42,87, 123,256, 423, 785, 4214, 2654, 34567, 123987, 123456789, 123564,875326, 5467891, 47563123

 

8. Бөлшектік сан есімдерді сөзбен жазыңыздар.

2,5; 3,2; 5,1; 10,2; 6, 3;5,15; 4,75; 6,11; 40,55; 25,456; 12,752;52,125

 

9.Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Сіз демалуды ұнатасыз ба?

2. Демалыс күні нешеде тұрасыз?

3. Қалай демалғанды жақсы көресіз?

4. Спорттың қай түрімен шұғылданасыз?

5. Үй ішінде қандай жұмыстармен айналысасыз?

6. Қонаққа барғанды жақсы көресіз бе?

7. Өткен демалысты қалай өткіздіңіз ?

10. Сұхбатты толықтырыңыздар.

 

1. ------------------------------------

2. Мен демалуды ұнатамын.

3. Бос уақытында немен айналысасың?

4. --------------------------------------

5. --------------------------------------

6. Мен табиғатта демалғанды жақсы көремін.

7.--------------------------------------------------------

8. Мен демалыс күні ағама қонаққа бардым.

9.-------------------------------------------------------

10. Ол «Жастар » шағынауданында тұрады.

11. -----------------------------------------------------

12. Ағамның туған күні болды.

13.-------------------------------------------------------

14.Туған күні қызықты, көңілді өтті.

15.-------------------------------------------------------

16. Мен жақсы сағат сыйладым.

10.Мына мақалдардың сыңарларын анықтаңыздар, сан есімнің мағыналық түрін ажыратыңыздар.

Білгенің бір тоғыз Білімді мыңды жеңеді
Мыңның түсін білгенше Мал екеу болмас
Біреу тойып секіреді Біреу тоңып секіреді
Жеті рет өлшеп Бір рет кес
Білекті бірді жығады Білмегенің тоқсан тоғыз
Бас екеу болмай Бірдің атын біл
Күйеу жүз жылдық Қырық күн ақыл сұрама
Бір күн ашыққаннан Құда мың жылдық

12. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

1. Я встаю рано, потому что занятия в университете начинаются в 8.00 часов

2. Подождите пожалуйста 10 минут , ваши документы еще не готовы.

3. Если у вас 10 минут свободного времени, выслушайте меня

4. Его работа начинается в 9 часов

5. Его работа заканчивается 18 часов вечра

6. Он обычно приходит домой в 19 часов вечера.

7. Где вы будете отдыхать в это лето?

8. Куда вы поедете в это лето?

13. Мәтінді оқып, өз ойларыңызбен  толықтырыңыздар.

                               Киелі сандар туралы

Қазақ халқында жеті , тоғыз, қырық сандары қасиетті, киелі сандар болып есептеледі.

« Жеті » сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті ата, жеті күн, жеті жұт сөздері пайда болған. Қайтыс болған адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп еске алу және «жетіге келгенше жерден таяқ жерсің », « жеті қабат жер астында », сияқты сөз тіркестерінің шығуы да жетімен байланысты.

Тоғыз санына байланысты « Тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру», «тоғыз жолдың торабы» , «бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз» сияқты сөздер бар,

Халқымыздың қасиет тұтатын тағы да бір саны – қырық. Нәрестенің мойны бекіп, қырық күн толғанда « қырқынан шығару» деген ырымы бар. Өлген адамның қырқын беру дәстүрі де бар. Халқымыз келген қонақты «қырықтың бірі – қыдыр » деп қарсы алу т.б. сенімдер, ырымдар « қырық » сөзімен байланысты.

14. Досыңыздың бос уақытын қалай өткізетінін сұрап, сұхбат құрастырыңыздар.

 

 


1. Төмендегі есепті оқыңыздар.

15+15--30          39-15= 24   22*2=44

15+20=35            45-5= 40    10*3=30

72+14=86            56-28=28   3*11= 33

17+18= 35           28-8= 20     5*4=20

 

100/5= 20

80/10 =8

120/5=20

36/6=6

 

2. Мына сандардан жинақтау сан есімдерін жасаңыздар.

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7

3. «Менің бос уақытым» тақырыбында шағын әңгіме жазыңыздар.

 

 

 

 


1.Мәтінге қажетті сөздермен,  сөз тіркестерімен танысыңыздар.

Ұлан-ғайыр сахара, сол жақ жағалау, көгілдір таулар, тау қойнаулары, қалың жыныс орман, шырша иісі, салқын бастаулар, гауһардай, ғұмыр, қастерлі мекен, өңірдің байлығы, көздің қарашығындай, үкіметтің шешімі.

2.Сөздіктерді жаттаңыздар .

1. Ұлан-ғайыр - безмерный, безграничный

2. Қойнау – недра

3. Ажар-көрік – красота

4. Өңір - край

5. Қорғау – защищать

6. Күнен-күнге - с каждым днем

7. Шешім – решение

8. Жариялану – объявлять

9. Қастерлі – священный

10. Ғұмыр – жизнь

11.  Көздің қарашығындай сақтау - беречь как зеницу ока

3.Сөздікте берілген сөздермен сөз тіркестерін пайдалана отырып, сөйлемдер құраңыз.

 

4.Мәтінді оқыңыздар.

Баянауыл

Баянауыл – Сарыарқа аталатын ұлан – ғайыр сахараның бір ғана бөлігі. Ол – Ертістің сол жақ жағалауына орналасқан Павлодар облысының ең ірі ауданы.

Баянауыл көгілдір таулары, күрең белдері, мөлдір көлдерімен көрікті. Тау қойнаулары қалың жыныс орман тоғайлар: қарағай, терек, қайың, мойыл.... Шырша иісі бұрқырап тұрады.Көз жасындай мөлдіреген салқын бастаулар.... Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр көлдерін айтсаңшы! Алтынмен аптап, күміспен күптеген гауһардай ғой әрқайсысы.

Бұл өңірдің ажар-көркіне ғашық болып, жырламаған ақын бар ма екен, сірә ?!

Иә, Баянауыл – туған халқына қызмет етуге бүкіл ғұмырын сарп еткен ардақты, абзал азаматтарымыздың елі.

Баянауыл – жаратылыстың қастерлі бір мекені. Мұнда жабайы аңдар мен құстардың әр түрін кездестіреміз. Бұл өңірдің байлығы ұшан теңіз. Ол байлықты көздің қарашығындай қорғап, күннен – күнге көбейте түсуші – адамдар. Республика үкіметінің шешімі бойынша Баянауыл ауданының аймағы қорық болып жарияланды.

 

5.Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Баянауыл және оның табиғаты қандай?

2.Жабайы аңдар мен құстардың атауларын естеріңізге түсіріңіздер

3.Баянауылдан басқа қандай қорығы бар жерлерді білесіздер?

 

6.Мәтіннен белгісіздік есімдіктерді теріп жазыңыздар.

 

7.Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

Марқакөл қорығы

Ертіс өңіріндегі көрікті әрі табиғаты бай өлке – Марқакөл көлінің аймағы. Марқакөл теңіз деңгейінен 1434 метр биіктікте орналасқан. Оның тереңдігі – 27 метр, басты байлығы – халық «майқан» деп атайтын қызыл балық. Айналасындағы орманда аңдар мен құстардың 60-қа жуық түрі тіршілік етеді. Қазір Марқакөл көлі мен оның төңірегіндегі орманды алқап қорыққа айналдырылған, сөйтіп осы өлкенің өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қорғауға алынған.

Аңшылар мен ғылыми қызметкерлер аңдарды есепке алады, олардың тіршілік-тынысын бақылайды. Қыста аңдар қосымша азықтандырылады, өйткені Марқакөлдің қысы қатты әрі ұзақ. Адамдардың қамқорлығына жануарлар әбден үйреніп алған.

Қар қалың жауған жылдары олар таудан түсіп, елді мекендерге жақын жерге жайылады.

Табиғатты қорғау жақсы нәтижелер бере бастады, өйткені Марқакөлде бүкіл Ертіс өңірінің қарағайлы орманы мен қуаң даласын мекендейтін марал, қызыл қасқыр, бұлан, бұғы, қабан, тіпті қоңыр аюды да кездестіруге болады.(«Қазақ күнпарағы», 1989)

 

8.Төмендегі есімдіктермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Барлық, түгел, ешқашан, ешкім, өздері, кейбір, сол, осы , бұл, әрбір, олар

 

9.Сөйлемдерді аударыңыздар.

1.Мне нравится играть в футбол. 2. Остальное время я люблю читать. 3. В свободное время мой брат не может сидеть дома один, он любит встречаться с друзьями. 4. Оксана знает многих отечественных и зарубежных актеров. 5. - Как ты проводишь свободное время? – Поразному. Инагда сижу дома, смотрю телевизор, а иногда встречаюсь с друзьями, знакомыми. 6. Скоро экзамены, мне надо много работать.

10. Мақал – мәтелдің жалғасын табыңыздар.

Туған жердің ...., шетте жүрсең .... .

а) силастығын сезерсің

ә) қадірін білерсің

б) қасиетін түсінерсің

 

11. Балқаш көлін қорғау және оны құқықтық реттеу туралы сұхбат құрыңыздар.

1. Балқаш көлі қай өңірде?

2. _______________________________

3. Экология комитеті Балқаш проблемасын біле ме?

4. _______________________________________

5. Балқаш деңгейі неше метрге төмендеді?

6. _______________________________

 

  

 

1. Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойыңыздар.

... – біздің дәрісхана. Қазір ... қазақ тілі сабағы. Сабақта ... көп оқимыз, жазамыз, тыңдаймыз және сұхбаттасамыз. ... қазақ тілін жетік меңгере қойған жоқпыз. Оқытушы ... үнемі бақылап отырады. Мысалы, ... клаусты жиі мақтайды. Шынышда да, ... озық. ... ... қызыға қараймыз.

 Біздің топта ... студенттер өте жай және қате оқиды. Оқытушы ... көбірек тыңдап, оқып, жазу керектігін ескертеді.

 

2. Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

Мазар Қозы Көрпеш-Баян сұлу – памятник архитектуры Х-ХІ вв. Расположен на берегу реки Аягуз. Мазар героев лиро-эпической поэмы, является одним из древнейших памятников в Казахстане, дошедших до наших дней. Общая высота 11,65 м. Памятник – символ бессмертия трагической любви юноши и девушки, высоты их человеческого духа.

 

 

 

 


1.Мәтінге қажетті сөздермен,  сөз тіркестерімен танысыңыздар.

Күйші, ақын, сұрапыл дауыл, данышпан қарт, ақылгөй уәзір, дау-жанжал, жазалау, заң-тәртіп, қобыз, қорытынды, өлмейтін өмір, ән-күй, халық арасында, жыраулардың атасы, дастан.

 

2.Сөздікті жаттаңыздар.

данышпан – мудрец., гении

уәзір – визирь

желмая – сказочный верблюд, одногорбый верблюд – скакун

күндіз-түні – днем и ночью

қорытынды – вывод, заключение

ардақты – почитаемый, чтимый, уважаемый

жырау – жырау (представитель определенного жанра казахского исторического поэтического творчества)

жазалау – наказание

іздеу – искать

оқиға - событие

3.Мәтінді оқыңыздар.

Қорқыт ата

 

Дана Қорқыт - қазақ музыкасының атасы, әрі дала данышпаны. Қорқыт Атаның 1300 жылдығы 1999 жылы бүкіл елімізде аталып өтті. 8–ші ғасырда өмір сүрген атақты ақын, асқан күйші Қорқыт Ата ел аңызында ғасырдан ғасырға жасап келеді. Сыр бойында туған. Қорқыттың бейіті бүгінде Қызылорда облысының Қармақшы стансасынан 18 шақырым жерде тұр. Өзі оғыз тайпасының Баят руынан, анасы – қыпшақ қызы. Қорқыт туғанда Қаратауды қараңғылық басып, сұрапыл дауыл соққан. Ел аузында:

Қорқыт туар кезінде

Қара аспанды су алған

Қара жерді құм алған,- деген сөз бар.

Қорқыт осылай елді қорқыта туғандықтан, Қорқыт атаныпты дейді. Жазба ескерткіштеріндегі деректерде Қорқыт - 95 жыл жасаған данышпан қарт.

Қорқыт өз өмірінде Алтай, Ертіс, Ұлытау, Есіл, Нұра, Сарысу, Талас, Сайрам, Сыр, Қаратау, Жетісу өлкелерін билеген үш ханға ақылгөй уәзір болды. Елді жаудан қорғау, жер-суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау-жанжалдарды ақылмен шешу, қылмысты адамдарды жазалау, әскери күштерді оң және сол деп екі қанатқа бөлу, халық жиналыстарында тәртіппен отыру, ас-той өткізу тәртіптері сияқты әлеуметтік заң-тәртіп жасаған екен.

Қорқыт жиырма жасқа жеткенде түс көріпті. Түсіндегі ақ киімді кісі: «Қырықтан артық өмір сүрмейсің», - деген екен. Содан нағашылары сыйлаған желмаяға отырып, өлмейтін жер іздеуге шығады... Қорқыт келе жатса, алдынан қазылған көр шығады.

- Бұл не? – деп сұраса,

- Қорқыттың көрі, - деп жауап береді...

Қайда барса да, алдынан қазылған көр шығады. Жан сақтауға жер

қалмаған соң, Сыр суының үстіне кілем төсеп, қобызын тартып отырады. Қорқыт – қобызды алғаш жасап тартқан адам. Қорқыт осылай көп заман өліммен алысады бірақ оны жеңе алмайды. Ол ақырында: дүниеде өзгермейтін еш нәрсе жоқ, «сынбайтын темір, өлмейтін өмір жоқ» деген қорытындыға келеді. Қорқыт қүйлері халық арасында осы күнге дейін ардақталып, ойналып келеді. Қорқыт – бүкіл жыраулардың атасы.

Қорқыттың басынан өткен қызықты оқиғалар XV ғасырда «Қорқыт ата» кітабы деген атпен жазылып, хатқа түскен. Бұл кітап он екі дастаннан құралған, екі көшірмесі бар, оның бірі Ватикан (Рим) кітапханасында, енді бірі Дрезден қаласының кітапханасында сақтаулы.  

4.Мәтіннен үстеулерді теріп жазып, мағыналарын ажыратыңыздар.

5.Сұхбаттасыңыздар.

 Қорқыт ата қай жерде дүниеге келген? Қорқыт туғанда табиғатта қандай өзгеріс болған? «Қара аспанды су алған, қара жерді құм алған» тіркесі табиғаттың қандай құбылысын бейнелейді? Қорқыт ата қандай заң-тәртіп түрлерін жасаған? Қорқыт қандай түс көреді? Ол адам қандай музыка аспабын жасаған? Қорқыт ата өмірінің ақырында қандай қорытындыға келеді? «Қорқыт ата» кітабы қай жерде сақталуда? Сіз Қорқыт ата туралы не білесіз?

 

6.Жер-су атауларын топтап жазыңыздар.

 

Үлгі: жер атаулары: Қызылорда

    су атаулары: Сырдария

7.Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

Я стою в степи у высокого, заброшенного кургана. Чья это могила? Мудреца? Батыра? Музыканта? Нет ответа. Молчит усталая степь. Молчат гордые горы. Молчит бездонное. О, история моей древней земли, - ты подобна вспышкам молнии в этой темной и дождливой осенней ночи, и я хочу понять тебя, земля моя, степь моя!

 

 8.Төмендегі үстеулерді мағынасына қарай ажыратып, сөйлемдер құрыңыздар.

 

Қазір, бүгін, анда-санда, зорға, амалсыздан, бекерге, әдейі, былтыр, қасақана, бағана, осыншама, әрең-әрең, қыстыгүні, әрқашан, күнара.

 

9.Үстеулердің мағыналық түрлеріне байланысты берілген сөйлемдердегі аяқталмай қалған ойды  тиянақтаңыздар.

 Бүгін жұмыстан демалған ... ; Кеше деканның кабинетінде ... ; Неғұрлым қарқынды жұмыс жасасаңыз, соғұрлым ... ; Түскі асын тым асықпай ... ; Емтихан кезінде қырандай ... .

10.«Менің болашақ мамандығым» тақырыбына берілген мәтіннің мазмұнын аяқтаңыздар.

Менің болашақ мамандығым – мал дәрігері. Мен келешекте ауылда жұмыс істегім келеді.

 

11.«Дипломмен ауылға» деген жоба туралы сұхбат құрастырыңыздар.

12.Көшпелі халық әр маусымға қарай мал жайылымын өзгертіп, қоныс аударып отырған жайлау тақырыбында хабарлама жасаңыздар.

 

 

 

 


1.«Бір елдің баласы болма, бар елдің данасы бол» деген тақырыпта шағын эссе жазыңыздар.

2.Үстеулердің әр мағыналық түріне 2 сөйлемнен жазыңыздар.

 

 


1. Төмендегі сөздерді, сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Алтын, ер жету, тіршілік ету, құрал-жабдық, түзелу, жердің сыртқы келбеті, зерттеу, даму сатысы, ғылым, заттық белгілер, пайда болу, амин қышқылдары, саналады, белгісіз, кәдімгі, сөз, көздері, қоректендіру.

 

2. Төмендегі сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

 Күн, жер планетасы, қоршаған орта, жер қойнауы, уақыт,      зерттеулер, болжамдар, ғылым, тіршілік.

 

3. «Орта» сөзін қатыстырып бірнеше сөз тіркесін жасаңыздар.

 

4. Мәтінді оқыңыздар және мазмұндаңыздар.

 

Жер – біздің анамыз

 

    Біздің сөз етіп отырғанымыз Күн планетасы емес, бір күн дейтін уақыт. Осы уақыт аралығында Жер өз осінен бір рет айналып шығады. Ол сағаттық өлшеммен алғанда 24 сағат. Былай қарағанда көпшілігіміз мән бере бермейміз. Кешкілік көк күмбезді аспаннан самсаған сан жұлдыздарды көреміз ғой. Келесі күні жұлдыздар тағы да сол жерде пайда болады. Бұл екі аралықта 23 сағат 56 минут 4,09 секунд уақыт өтеді. Мұны жұлдыздық күн деп атайды. Жердің ішкі ядросының бар екенін білеміз. Ол темірден және никельден тұрады. Одан беріде металдардың балқыған кремнийлі және күкіртті қосылыстарынан және олардың тотықтарынан құралған мантия қабаты орналасқан. Ал жердің сыртқы қабығы оттегі мен кремнийден құралған. Бұдан 4 млн. жыл бұрын Жердің сыртқы бетін самсаған метеорит шұңқырлары мен жанартаулар қаптап жатқан деген топшылау айтылады.

Жерде тіршілік бар. Адам баласы өмір сүреді, өйткені мұндағы температура судың жердің сыртқы бетінде тұруына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, атмосферада оттегі бар. Ауа мен су тіршілік үшін ең бірінші қажеттілік!

Жер планетасын біз жайдан-жай анамыз, алтын ұя – бесігіміз деп атамаймыз. Өйткені, ол біздің тұрақ – мекеніміз ғана емес, әрі асыраушымыз да. Біз осында өмірге келіп, есейіп, ер жетеміз, көз жұмғанша тіршілік етеміз.

Тіршілік етуге қажетті барлық нәрсені: тағам-тамақты, киім-кешекті, басқа да заттар мен құрал-жабдықтың бәрін жер қойнауынан аламыз. Ендеше, Жер біз үшін қымбат та, асыл АНА!

Олай болса, біз осы Жер туралы не білеміз?

Ғалымдардың болжауы бойынша Жер осыдан 4,5млрд. жыл бұрын жаңадан көзін ашқан Күннің айналасындағы ыстық қарақошқыл шаң мен газ тәрізді заттардың қоюланып, түзілуінен пайда болған. Бүгінде күн жүйесінде тоғыз планета бар дейтін болсақ, олардың да өмірге келуі солай деседі. Арада тағы да жарты миллиард жыл өткеннен кейін Жердің бетінде қатты жыныс-қабық, айналасында атмосфера қалыптасты. Бұл адам баласының табанын тірейтін және тыныс алатын өмір-тіршіліктің бастауы еді.

 

5. Сұрақтарға жауап беріңідерз.

1. «Жыл» деген ұғым қайдан шыққан?

2.  «Күн» деген ұғымды түсіндіріңіз?

3. Жер қандай заттардан тұрады?

4. Жердің басқа планеталардан айырмашылығы неде?

 

6. Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», сәйкес келмесе «жалған» деп жазып беріңіз.

Шын Жалған
   

 

1. Тіршілік етуге қажетті барлық нәрсені: тағам - тамақты, киім-кешекті, басқа да заттар мен құрал-жабдықтың бәрін жер қойнауынан аламыз.

2. Қалдықтар жиналып - жиналып төрт жылда жарты күнді құрайды.

3. Бұдан 4 млн. жыл бұрын Жердің сыртқы бетін самсаған метеорит шұңқырлары мен жанартаулар қаптап жатқан деген топшылау айтылады.

4. Жердің сыртқы қабығы оттегі мен кремнийден құралған.

 

7.  Мәтінді оқып, қазақ тіліне аударыңыздар.

 

Легенда о названии местности Акмола

Существует легенда о названии местности Акмола. Когда-то здесь проживал знатный и уважаемый в народе би по имени Акмола. Он был главным советником Уалихана, сына Абылай хана – деда Шокана Уалиханова. Акмола жил долгую и славную жизнь. Он был известным человеком своего времени, по этому после смерти его тело, по обычаю6 завернули кашму и возили на верблюде, Животное отпустили на свободу6 чтобы тело уважаемого аксакала из знатного рода передать земле там, где верблюд сделает первую остановку и ляжет на землю.

По народным преданиям, верблюд лёг на землю именно в том месте, где в 40-х годах ХIII столетия однажды стоял Толе би, завещавший, чтобы там был заложен новый город.

За знатность и заслуги Акмоле был сооружен величественный мазар из белой глины, одиноко возвышающийся в степи.

Время шло. В середине XIX века внук Акмолы Жазы би привел к мазару своего деда отряд российской экспедиции. Жазы би поведал руководителю отряда, что здесь похоронен его дед и что когда-то великий Толе би посоветовал казахам основать столицу там, где сейчас отряд сделал привал. Выслушав Жазы би, Руководитель экспедиции повелел: «Крепость будем строить здесь и назовём её Акмолой».

 

8. Жоғарыдағы мәтіннен негізгі және көмекші етістіктерді ажыратыңыздар.

 

9. Төменде берілген сөз тіркестеріндегі қарамен жазылған сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратып көрсетіңіздер.

Қол бастаған батыр, ақ көбейді, жетісін берді, таудың етегі, үйдің қабырғасы, бір тұяқ та қалмапты.

 

10.  Мына етістіктердің болымды түрін болымсыз етістікке, болымсыз түрін болымды етістікке айналдырып, сөйлем құраңыздар.

Алды, айналдырмау, шаршау, серуендемеу, қыдыру, ойламау

 

11.  Өз факультетіңіздің тарихы жайлы шағын мазмұндама жазыңыздар.

 


1.Мәтінді оқыңыздар.

 

Бір замандарда жер сілкінісі болып, Тынық мұхиттың қақ ортасында бір арал пайда болса керек. Оның қашан, қалай пайда болғаны жайлы жан білмейді. Әйтеуір сыңсыған тоғай, жеміс-жидек. Ауа райы жып-жылы. Жылдың төрт мезгілі де жаз, аң жоқ, жыртқыш жоқ. Сосын бұл мекенде әрі-бері ұшып келе жатып, аялдаған құстар мекен етіп қалады. Бірте – бірте ұшуды да қояды. Келе –келе қанатын май басып, ұшуды бірте-бірте тек жүрумен ғана шектейтін жағдайға жетеді. Сөйтіп, тарихта дронт деген атпен қалған бұл құстар көбейеді. Арада қанша ғасыр өткенін кім білсін, бір күні адамның табаны да осы жерге тиеді. Жерге түскендер өз көздеріне өздері сенбейді. Май басқан семіз құсты таяқпен-ақ ұрып алып, тамақ етеді. Сол топтың басшысы Маврик есімді адам екен, соның құрметіне арал Маврикий деп аталады. Сөйтіп, адам бұл аралға да тола бастайды. Дронт- құс та біртіндеп жоғала бастады. Ал қоқыстан табылған жалғыз дронт-қаңқа бүгінде Ұлыбританиядағы мұражайда сақтаулы тұр.  

Су, ауа, топырақ – адамзаттың теңдесі жоқ байлығы. Бұл үш құрылымның арасындағы биологиялық байланыс бұзылған жағдайда үлкен өзгерістер болады. Бір жасушалы балдырдан киттерге дейін, судағы қарапайым шырмауықтан бастап, жердегі қарғаға дейін табиғат физиономиялық және психологиялық кеселге ұшырайды.

 

2.«Мен және қоршаған орта» тақырыбына 1-2 беттік эссе жазыңыздар.

 

 Мақал-мәтелдерді жаттап, мағынасын түсіндіріңіздер.

 

Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

Өз елім – өлең төсегім.

 

 


1.Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.

Білім деңгейі, сәйкестендіру, білім беру құрылымы, мектепке дейінгі тәрбие, бастауыш орта білім, негізгі орта білім, жалпы орта білім, кәсіптік білім, кәсіптік бағдар, базалық, негіз, әлеуметтік, жүзеге асыру, ереже, деңгей, әмбебап.

 

2.Сөздікті жаттап алыңыздар.

 

сәйкес              -  соотвественно

жүзеге асыру      - осуществить

жреже                   - правила

деңгей              - уровень

әмбебап           - универсальный

икемді             - способный

дағды              - привычка

құрылым        - структура

кәсіптік           - профессиональный

жаратылыстану  -естествознание

әлеуметтік      - социальный

                                                         

3.Мына етістіктерден етіс түрлерін жасап, сөйлем құрастырыңыздар.

Жүзеге асыру,  сәйкестендіру, анықтау, қалыптастыру, бағыттау, өзгерту.

 

4.Мәтінді оқыңыздар.

Білім жүйесіндегі реформалар

 

2007 жылдың 27 тамыз айында «Білім туралы» жаңа Заң қабылданды. Жаңа Заңның ерекшелігі – білім беру құрылымының халықаралық білім стандарттарына сәйкестендірілуі Жаңа Заңда білім беру құрылымы ЮНЕСКО ұсынған 1997 жылғы халықаралық білім сыныптамасы білім беру бағдарламалары өлшемдеріне сәйкестендіріледі. Заңда 12 жылдық білімінің құрылымы анықталады. Ол – бастауыш білім – 4 жыл, 1-4 сыныптар аралығы;

- негізгі орта білім – 6 жыл, 5-10 сыныптар аралығы;

- жалпы орта білім – 2 жыл, 11-12 сыныптар аралығы ;

Бастауыш білім берудің оқу бағдарламалары баланың тұлғасын қалыптастыруға, жеке қабілеттерін дамытуға бағытталған. Негізгі орта білім беруге арналған оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылымдар жүйесінің базалық негізін игеруге, тұлғаның өзін тануы мен кәсіптік бағдарын айқындауға бағытталады.

Жаңа Заңда техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұны мен құрылымы елеулі өзгертілді.

Білікті техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау негізгі орта білім беру базасында (10сынып) және кәсіптік лицейлерде,  колледждерде және жоғары техникалық мектептердегі жалпы білім беру базасында (12 сынып) жүзеге асырылатын болады.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басты міндеті - әмбебап және икемді дағдыларға ие, үздіксіз білім беруге қатыса алатын мамандарды даярлау болып табылады.

Кредитік технологияға негізделген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, білім берудің үш деңгейлі моделі (бакалавриат, магистратура, докторантура, PһG) заңнамамен бекітіліп отыр. Бұл Болон декларациясының ережелері мен халықаралық стандартарға сәйкес келеді.

Жалпы бiлiм беретiн мектеп – бастауыш,  негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушiлерге қосымша бiлiм берудiң оқу, бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

бакалавр – жоғары білім берудің тиісті білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже;

гимназия– білім алушылардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің гуманитарлық бейімдері бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

 кәсiптiк лицей - жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары мен техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң бiлiктi кадрларын даярлау жөнiнде техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орны;
 қашықтықтан бiлiм беру технологиясы - бiлiм алушы мен педагог қызметкердiң жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара iс-қимылы кезiнде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;

экстернат – білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерiн өз бетiмен оқитын оқыту нысандарының бiрi;

университет - мамандықтың үш және одан да асатын тобы бойынша (медициналық университет - екi және одан да көп) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын, ғылыми және педагогтiк қызметтi, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыратын және өз қызметi саласында жетекшi ғылыми және әдiстемелiк орталық болып табылатын оқу орны.

 

5.Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыздар.

6.Мәтіннен етістерді теріп жазып, мағыналық түріне қарай ажыратыңыздар.

 

7.Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып оқыңыздар.

Білім берудің.......... деңгейі « Орта білімнен кейінгі білім» енгізіліп отыр. Бұл ......... кәсіптік оқу бағдарламалары гуманитарлық мамандықтар бойынша қызмет көрсететін және басқару еңбегінің кіші мамандарын даярлауға бағытталған.

Әдетте бұл ........ меңгеру 1 - 2 жыл мерзімді құрайды. Оларды ........ қызмет көрсету және басқару еңбегінің кіші маманы біліктілігі беріледі.

 

Қажетті сөздер: меңгергендерге, жаңа, деңгейдің, бағдарламаларды

8.Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.   

                                                     

  Жоғары білім мен одан кейінгі білім беру жүйесінде де елеулі өзгерістер болды. Бұрынғы заң бойынша жоғары кәсіби білім көп сатылы құрылымға ие болса, енді жоғары білім беру халықаралық үрдістерге сәйкес тек бакалаврлық оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Бұл базалық білімі бар және еңбек нарығының өзгермелі талаптарына тез бейімделуге қабілетті, кең профильді мамандар даярлауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар жекеленген мамандықтар бойынша (медицина, ветеринария, әскери мамандықтар) дипломдық мамандар даярлау да жүзеге асырылады.

 

9.Негізгі мәтіннен етістіктерді көшіріп жазып, үш шақта түрлендіріңіздер және етіс категорияларын ажыратыңыздар.

 

10.Төмендегі етістіктерге ырықсыз етіс жұрнақтарын жалғап, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Келу, оқу, жазу, айту, жасау, көру, тыңдау

 

11.Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.

 КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысымен 3 қазан 1957 жылы Ақмола қаласында құрамында агрономия, ауыл шаруашылығын механикаландыру және жерге орналастыру факультеттері бар ауыл шаруашылығы институты ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1996 жылы 7 мамырда Ақмола ауыл шаруашылығы институты Ақмола аграрлық университеті болып қайта ұйымдастырылып, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин есімі берілді.

Қазіргі кезде Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті – Қазақстан астанасының бірінші жоғары оқу орны, Қазақстандағы ең ірі білім және ғылым орталықтарының бірі.

55 жыл ішінде білім ордамыз Қазақстанның, алыс және жақын шет елдердің аграрлық секторларында, халық шаруашылығының түрлі салаларында жемісті еңбек етіп жатқан 45 мыңнан астам мамандар дайындады. Бүгінгі күнде университет түлектері Қазақстан Республикасының және еліміздің елордасы - Астана қаласының құрылысына тікелей ат салысып отыр. Олардың ішінде ерен еңбектері үшін үкіметтік марапаттауларға ие болған Министрлер, Президент аппараты мен Премьер –Министрдің кеңсе қызметкерлері, Парламент депутаттары, облыс, аудан және қала әкімдері, ірі кәсіпорын жетекшілері, Елшілер, көрнекті ғалымдар, үлкен бизнестегі адамдар бар.

Қазіргі кезде университеттің 43 кафедрасында 600-ге жуық оқытушы, соның ішінде 200-ден аса ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары, оқу-ғылым және тәрбие сапасын үнемі арттыру жолында еңбек етеді.

Университеттің 8 факультетінде 9 мыңға жуық студент оқиды. Оқу 37 мамандық бойынша күндізгі және сырттай оқу нысандарында қазақ және орыс тілдерінде, сонымен қатар арнайы орта және жоғары білім базасында қысқартылған бағдарламалар бойынша жүргізіледі.         

Университетте оқу үрдісін қазіргі заман деңгейінде ұйымдастыруға мүмкіндік беретін 10 оқу ғимараты, жастар орталығы, ақпараттық технологиямен оқыту орталығы, 33 компьютерлік класс, шаруашылық есеп тәжірибеcі стансасы, 7 студенттік жатақхана, оқу -өндірістік шеберхана, 900 мыңдай кітап қоры бар кітапхана, редакциялық баспа бөлімі, оқулықтар, монографиялар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, «Ғылым хабаршысы» жорналы мен «Маман» газеті басылып шығарылатын баспахана бар.

Университет 2010 жылы кезекті мемлекеттік аккретитациядан өтті. Университетіміз 2005 жылдың сәуір айында ISO 9001  : 2000 стандартына сәйкес Сапа менеджменті жүйелерінің сертификатына ие болды.

Университет ұлттық аккредитациялық орталығының рейтингі бойынша Қазақстан республикасының 30 техникалық жоғары оқу орындарының арасынан ІІІ орынға ие болды. 

Университеттің қоғамдық кәсіптер факультетінің 7 бөлімі жұмыс істейді. Онда студенттер таңдаған мамандығымен қатар түрлі бағыттағы шығармашылық таланттарын шыңдай алады.

Университеттің спорт клубында 18 секция: қазақша күрес, ауыр атлетика, армреслинг, футбол, баскетбол т.б. жұмыс істейді. Баскетболдан ерлер командасы Қазақстан республикасының 2005 жылғы чемпионы, студенттік Универсиада жеңімпазы.

Студенттер сонымен қатар әскери дайындықтан өтіп, мотоатқыштар және әскери автомобиль түрлері бойынша лейтенант атағын алады.

 

 

 


1.Төмендегі берілген түсіндірме атауларды қазақ тіліне аударыңыздар.

Именная стипендия - учреждаемая физическими или юридическими лицами стипендия для поощрения наиболее способных обучающихся, успешно осваивающих соответствующие образовательные программы, занимающихся научно-исследовательской работой, принимающих активное участие в общественной, культурной и спортивной жизни учебного заведения;

 Квалификация - уровень профессиональной подготовленности специалиста к выполнению профессиональной деятельности или продолжению обучения на более высоком уровне образования;

Квота приема - предельное количество выделяемых образовательных грантов и мест плана государственного заказа на подготовку кадров в организациях образования, дающих техническое и профессиональное, послесреднее и высшее образование, граждан из числа инвалидов I, II групп, инвалидов с детства, детей-инвалидов, детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, аульной (сельской) молодежи и лиц казахской национальности, не являющихся гражданами Республики Казахстан, а также детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей;

2.Төмендегі етістіктерге ортақ етістің жұрнақтарын жалғап, сөйлемдер құраңыздар.

Жазу, айту, қарау, сөйлесу, апару, әкелу, жинау

 

 

 


3.Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен таңысыңыздар.

  Тауқымет, белсене қатысады, бастайды, сайланады, жазықсыз жалаға ұшырайды, саяси күрескер, көзге түседі, қызмет етеді, жүзеге асырылады, білікті кадрлар, жақсарту, нығайту, әділетсіз, ұлттық мәдениет, күрделі.

4.Сөздікті жаттап алыңыздар.

Жұмыс істеу  - работать

Басылып шығару – напечатать

Бітіру              - закончить

Жазу                - написать

Жіберу             - отправить

Нығайту          - укрепить

Жүзеге асыру - осуществить

Келу                - приходить

Шығу              - выходить

 

 

5.Мына етістіктерден есімше, көсемше тұлғалы сөйлемдер құрастырыңыздар.

Жұмыс істеу, қиыншылық көру, дамыту, оқу,үйрену,бітіру.

 

6.Мәтінді оқыңыздар. 

Сәкен Сейфуллин.

 

Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола обылысы , Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Жезқазған обылысы, Жаңарқа ауданы) туған. Шын аты Садуақас, еркелетіп Сәкен атап кеткен. Ауыл молдасынан тілін сындырып, арабша хат танып, қисса – хикаяны өзі оқитын деңгейге жеткен Сәкенді «Орыс тілін үйрен, орысша оқу үйрен»,- деп Нілді зауытына жібереді.

9 жасында ауылдан кеткен Сәкен бір орыстың сиырын бағып, пеш жағып, су әкеліп, жұмыстар істей жүріп, бір жыл орысша үйреніп, екі жыл завод мектебінде оқиды.

1908-1913 жылдары Ақмолада приходская школада, қалалық училищеде 1913-1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқиды. Алғашқы өлеңін Нілді зауытында қалжың өлең жазудан бастайды. «Айқап»журналына хабар, сын, мақала бірнеше өлең бастырады.

1914 жылы жиырма жастағы семинарист С.Сейфуллиннің «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағы Қазан қаласында басылып шығады. Семинарияны бітірген соң Сілеті - Бұғылы деген жерде ауыл мұғалімі болады. 1917 жылы Сәкен Ақмолаға келеді. Әлеумет қайраткері, саяси күрескер болады. С.Сейфуллин әртүрлі қызметтер атқара жүріп, 1917 жылы «Бақыт жолында» пьесасын жазды, 1918 жылы Ақмола жастарының күшімен сахнада қойылады.

Сәкен Сейфуллин Колчак түрмесінде отырады. Аш-жалаңаш, қорлық-зорлық көріп Анненковтың азат вагонының тауқыметін тартады.

1919 жылы Омбы тұтқын лагерінен қашып шығып құтылады. Түркістан өтіп, Әулиеата (қазіргі Жамбыл) атырабында кеңес өкіметін орнату жұмыстарына белсене қатысады.

1920 жылы Қазақ Автономиялы Республикасы құрылғанда С.Сейфуллин Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің президиум мүшесі, Жер-су комиссиясының төрағасы, ал III Кеңестер съезінде, 1922 жылдың қазанында Қазақстан Комиссарлар Кеңесінің төрағасы етіп сайланды.

 

7.Мәтін бойынша 5-7 сұрақ қойыңыздар.

8.Мәтіннен есімшелерді, көсемшелерді теріп жазыңыздар.

 

9.Мәтін бойынша түсінік айтыңыздар.

                    Н.Ә. Назарбаев

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940) – тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті. Туып-өскен жері-Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы. Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын (1967), Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін (1976) бітірген. Экономика ғылымның докторы, академик. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1969 жылдан бастап комсомол және партия жұмысына ауысты. Жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерді 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланған кезден атқара бастады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің төрағасы (1984-1989), әрі Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі (1990-1991), Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан-сәуір айлары) болып қызмет атқарды. Қазіргі уақытта Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның Прездиденті қызметін адал атқаруда.

1997 жылы Президент Н.Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы, елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі- қазақ тарихындағы үлкен оқиға болды. Үш ғасырға жуық уақыт бойы отаршылдықтың тауқыметін тартып, этнос ретінде шалажансар халге түскен қазақ халқын ел етіп, ТМД елдерінің аясындағы ең көп тілді, көп конфессиялы Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жазылды.

  

10.Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1 . Н.Ә. Назарбаев қашан және қай жерде туылған?

2 . Еңбек жолын қандай жұмыстан бастады?

3 . Кеңес үкіметі жылдарында қандай қызметтер атқарған?

4 . Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанға сіңірген еңбектері туралы айтыңыз

5 Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық сахнадағы беделі қандай?

 

11.Етістіктерден есімше жасап, сөйлем құраңыздар.

   Білу, оқу, болу, үйрену, босату, ұласу, келу

 

12.Етістіктерден көсемшенің түрлерін жасаңыздар.

Үлгі: айту: айтып – айта – айтқалы

Жазу, оқу, үйрену , тыңдау, қарау, білу, көру, қарау, бару,келу, апару,әкелу, келу, кету, шақыру, сену , қау, жету, жүру

13.Етістіктерден есімшенің түрлерін жасаңыздар.

Үлгі: тыңдау: тыңдаған –тыңдар – тыңдамақ- тыңдайтын

 

Бару, алу, көру, жазу, қалу, жазу, әкелу, әкету, тексеру, келу, кету, озу, ойлау, оқу, отыру , жүру, тұру, жату, сезу, секемдену

 

 

 

 


1.Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар және қазақша түсінік айтыңыздар.

1990 жылдың 24 сәуірінде Н.Ә.Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының ең алғашқы Президенті етіп сайлады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті ретіндегі қызметінің заңға сәйкес екенін 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлау одан әрі орнықтыра түсті. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауының Қазақстан Республикасы болып өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті лауазымымен қызметке кірісті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақтардың Дүние жүзі Қауымдастығының Төрағасы. Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және басқа да бірқатар шет елдің жоғары ордендері мен медальдарымен марапатталған.

Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі. Ол ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да, алғыр басшы. Ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысын терең білу, маңдай тіреген проблемалардың ең елеулісін тап басып тани алу, ел ішіндік және әлемдік ахуалдармен санаса отырып ұрымтал әрекеттерге бару, сол жолда таңдалған бағытын табандылықпен жүзеге асыру- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі басты қасиеті. Н.Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік-тарихи маңызы бар істер атқарылды. 1991 жылдың күзінде 40 жылдан астам уақыт бойы адамзат баласына от бүркіп, апат қауіпін төндіріп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. 459 ядролық жарылыс өткен бұл полигон енді мәңгіге тыншыды. Туған елінің тыныштығын, адамзаттың қауіпсіздігін ту еткен Н.Назарбаев Америка Құрама Штаттарының, Ресейдің, Францияның билеушілерімен ұзақ та күрделі келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан аластауға 1994 жылы келісті. Бұл біз үшін өтеуі қымбат келісім еді. Өйткені ядролық державалар (АҚШ, Англия, Россия, Қытай, Франция) Қазақстанның тәуелсіздігіне, егемендігіне және бүгінгі шекараларының өзгермейтініне құрметін білдірді, Қазақстанның тәуелсіздігіне территориялық біртұтастығына қарсы күш қолданбауға міндеттенді, Қазақстанға экономикалық қысым көрсетуге бармайтынын мәлімдеді. 1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ елінен әкетілді. Осылайша адамзат тарихында тұңғыш рет жойқын қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет пайда болды. Президент Н.Назарбаевтың көптеген бері қолға алып, практикаға енгізіп келе жатқан іргелі идеясы-Еуразиялық одақ құру. Бұл, әрине, бұрынғы Кеңестер Одағын тірілту емес. Еуразиялық одақ қос құрлықты мекендеген мемлекеттер мен халықтар арасындағы интеграцияны жаңа сапалы биіктікке көтеру. Алғашқы нәтижеге де қол жетті. 2000 жылдың күзінен бері бес мемлекеттің басын қосқан еуразиялық экономикалық одақ өміп сүріп келеді. ЮНЕСКО күнтізбесіне Абайдың 150 жылдық, М.Әуезов пен Қ.Сәтбаевтың 100 жылдық, Түркістанның 1500 жылдық мерейтойларының енуі, Париж бен Лондонда, Берлин мен Токиода қазақ арыстарының аттары құрметпен аталып, ән-күйлеріміз бұрынғыдай жалтаң көзденбей, барынша еркін, қуанышты көңілде шалқуы мәдениетімізді, өнерімізді, ғылымымызды ғана түлетіп отырған жоқ, санамызды, дүниетанымымызды, мінезімізді де жаңаша қалыптастыруда. Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды.

2.Төмендегі көсемшелермен сөйлемдер құраңыздар.

Келіп, өмір сүріп, жұмыс істейді, жүзеге асырады, еңбек сіңіреді, оқиды, үйренеді, біледі, айтады, қарайды.

 

3.Сәкен Сейфуллиннің өлеңін жаттаңыздар.

Күздігүні далада

                                   

 Сарнайды бүгін жел неге,

 Жапырақтар сыңсып тулайды?

 Күңіреніп бүгін көл неге,

                                  Соқтығып мұнша тулайды?

 Күлмеймін бүгін мен неге,

                                  Түнерген қабақ ызбарлы?

                                  Домбыра күйі пернеде,

 Дәл бүгін неге тым зарлы?

 Түнеріп қабақ күнімен,

 Түйіліп нені ойлайды!

 Домбыра зарлы үнімен

 Нені айтып бүгін қоймайды?

 Домбыра, кәне, жырлай гөр,

 Түнерген қабақ ашылсын!

 Он саусақ билеп зырлай гөр,

 Көкіректің лебі басылсын!

 Қарашы, міне, айнала,

 Сұр кетіп жерден сарғайды.

 Қоңылтақ, сырдаң айдала,

 Жалаңдап жел де сарнайды!

 Қуарған дала сұры жоқ,

 Көркінен сұлу айрылды.

 


1. Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.

Құқықтық мемлекет, бағыт, бостандық , жан-жақты қалыптасуы, халық билігі , жүзеге асыру , әлемдік талаптар, экономикалық қатынастар, міндет, мемлекеттік нысандар, қорытынды сот төрелігі, мақсат, негіз.

 

2. Сөздікті жаттап алыңыздар.

Құқық- право

Мақсат- цель

Талап- требование

Қызмет- служба

Бағыт- направление

Әдіс- метод

Кіріспе – введение

Мәтін- текст

Қорытынды –итог

 

3. Мәтінді оқыңыздар.

 

Қазақстан мемлекетінің құқықтық негізі

   

Қазақстан Республикасының Конституциясы  1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Республикалық референдум нәтижесі жарияланған күні, яғни 1995 жылғы 5 қыркүйекте күшіне енді. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы                           7 қазандағы Заңымен, Қазақстан Республикасының               2007 жылғы 21 мамырдағы Заңымен, Қазақстан Республикасының

2011 жылғы 2 ақпандағы Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы                                № 2454 «Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы» Жарлығына сәйкес Конституция мәтінінің түпнұсқасы Президентте сақталады.

 Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы бесінші Ата заң (1926, 1937, 1978, 1993, 1995 жж). Кейінгі екеуінің алдыңғылардан елеулі айырмашылығы сол - бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырады. Кейінгі Ата Заңда (1995ж) құқықтық мемлекеттің қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның ішінде жеке адамның жан-жақты қалыптасуына қажетті экономикалық еркіндігі, идеологиялық пен саяси әр алуандығы (сөз бен шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық қозғалыстар бірлестігі), халық билігін жүзеге асырудың демократиялық амалдары, экономикалық қатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға сай бейнеленеді. Конституцияның мәні оның қызмет ету сипаттамасынан айқын көрінеді. Ол үшін негізгі қызметті, заң (құқықтың басты қайнар көзі ретінде), саяси (мемлекеттің құрылысын) және идеологиялық (қоғамның алтын қазынасын - адам және адам және адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын) дәріптеуші қызметін атқарады.

Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылғы                  30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданды. Ата Заң қабылданған күн демалыс мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланды. Ата Заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар, өйткені оның мазмұнын сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұлдайды.

    Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы кіріспеден (преамбуладан), негізгі мәтіннен, қорытынды және өтпелі ережелерден тұрады. Кіріспеде, әдетте, Ата Заңның мақсаты баяндалып, оны қабылдаудың тарихи жағдайы, кейде құқықтар мен бостандықтар немесе мемлекеттік саясатта басшылыққа алатын негіздер көрсетіледі. Ата Заңның негізгі бөлігіне азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері туралы, конституциялық құрылысы жайлы, мемлекеттік нысандар жөнінде, мемлекеттік буындардың жүйесі мен мәртебесі туралы (Президент, Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, соттар және сот төрелігі, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы) нормалар енген. Қазақстан Республикасының Конституциясы

9 бөлімнен, 98 баптан және де көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.

 

4. Мәтінді қажетті сөздермен толықтырыңыздар.

  Тарихқа көз жүгіртіп қарасақ Конституция ұғымын ерте заманда Грецияда Аристотель........... болатын. Ол кезде «конституция» деген сөз «саяси құрылыс».......... білдіретін. Конституция ...... қазіргі түсінігі                18 ғасырдан бастап орнықты. Алғашқы конституция 1787 жылы АҚШ-та ............ 1789 жылы Францияда қабылданды. Кез келген конституция ...... орныққан тәртіптің негізгі ұстанымдарын бекітіп береді. Мұнда өмірдегі аса ........ өзгерістер көрініс табады.

 

Қажетті сөздер: маңызды, қоғамда, сонан соң, ұғымын, ұғымының, қалыптастырған.

 

5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі Ата Заңдар қай жылдары қабылданды?

2. Конституция күнін атаңыз.

3. Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлімнен тұрады?

4. Конституцияның негізгі бөлімінде нелер туралы айтылады?

 

6. Сөйлемдер мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын» деп, сәйкес келмесе, «жалған» деп белгілеңіздер.

1. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы бесінші Ата Заң.

2. Кейінгі екеуінің алдыңғыларынан айырмашылығы жоқ

3. Ата Заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар

4. Ата Заң бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданбады.

5. Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылғы                          30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданды.

 

7. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық заң салаларының заңдық базасы болып табылады, ал оның нормалары басқалар үшін нормалық принцип болып есептеледі. Қазіргі кезде Қазақстандағы құқық жүйесінің қалыптасуы елімізде құқықтық мемлекет құру бағытымен ұштастырылуда. Сондықтан еліміздің Ата Заңының мәні мен алатын орны барған сайын жоғарлауда . Қазақстанның XX ғасырдағы тарихында бұдан бұрында Конституциялары болған.

 

8. Шашылған сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

 

1.Заңы, Республикасының , Қазақстан, Ата, беру , дауыс, бүкілхалықтық, қабылданды, арқылы.

2. Конституция өтпелі, тұрады, мәтіннен, қазіргі, ережелерден, негізгі, қорытынды, және , кіріспеден

3. Ата, бар, Заңды, қабылдау, маңызы, зор, әдісінің, орасан

4. Конституция, 9, баптан, 98, бөлімнен, Қазақстан, және, де, Республиканың, көптеген, тұрады, тармақтардан

 

9. Төменде берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

 

Ең жоғары, ерекше, белгілері, негізгі құқықтар, әлеуметтік даму, заң салалары, халықаралық қатынастар

 

10.  Бұйрық райлы етістіктерді тауып, жақтық мағынасын ажыратыңыздар.

Құндысөзді құйма құлақ тыңдасын. Айтпас жерде тіліңді тарт. Айтарыңмен асықпа, қайратыңмен асық. Ауыр істен қорықпа, ауыр сөзден қорық. Бұра сөйлеме, тура сөйле. Ердің өзіне қарама, сөзіне қара. Кеште жат та ойла, ертең тұр да сөйле.

11.  Сөз тіркестерін орыс тіліне аударып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Жоғарғы заңдық күші бар, ҚР Конституциясының негізінде, белгілеген рәсім бойынша, халықаралық келісімдер, қолданылып жүрген нормалар, қағидаларына қайшы келетін заңдар, заңдық күші болмайды, ағымдағы заңдар, құқықтық мемлекет құру.

 

12.  Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.

«Жалпы ережелер» деп аталатын І бөлім жаңа конституциялық құрылысқа сапалық сипаттама бере отырып, Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқару және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау қағидатына сәйкес жүзеге асырылатындығын баяндайды. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасын – Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет екендігін айқындап берген. Олай дейтініміз – біздің ұлан-байтақ жеріміздің ұлттық-аумақтық бөліністерге – облыстарға, қалаларға, аудандарға, ауылдарға т.б. – бөлінетіндігі және олардың жоғарыдағы бір орталыққа бағынатындығы.

«Адам және азамат» деп аталатын ІІ бөлім адам мәртебесін мемлекетпен тікелей байланыстырмай, жеке бастары мен бостандықтары халықаралық құқықтың мойындалған қағидаттары мен қалыптарына тікелей байланыстырылған. Жаңа қазақстандық Ата Заңның басты желісі – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекет мүддесінен жоғары тұрғыдан қарау болып табылады.

«Президент» деп аталатын ІІІ бөлім мемлекет басшысы ретінде Президенттің жаңа мәртебесін толық бейнелейді.

Басқа мемлекет органдарының құрылуы мен қызметі IV-VIII бөлімдерде көрсетілген. Мұнда билікті бөлу принципі нақты берілген. Парламент, Үкімет, Соттар және сот төрелігі туралы логикалық негізде үйлестіріліп берілген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылымында әр бөлім өз қисынымен ретті орналасқан. Жалпы алғанда Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы өз құрылымы мен қисыны жөнінен баршаға айқын түсінікті деп айтуға болады.

«Қорытынды және өтпелі ережелер» деп аталатын ІХ бөлім жаңа Ата Заңды күшіне енгізу нормаларын бекітеді, бұрынғы Конституцияның күші қай кезден бастап жойылғанын нақтылайды. 1995 жылғы Конституция күшіне енгенге дейін қолданылып келген заңдардың одан әрі қарай қолданыста болу тәртібін көрсетеді.   

 

 


    

 

1. Мәтінді қазақ тіліне аударңыздар.

Нормативные документы Казахстана

1.Высшей юридической силой обладает Конституция Республики Казахстан.

2.Соотношение юридической силы иных, кроме Конституции, нормативных правовых актов соответствует следующим нисходящим уровням:

1. законы, вносящие изменения и дополнения в Конституцию;  

2. конституционные законы Республики Казахстан и указы Президента Республики Казахстан, имеющие силу конституционного закона;

3. кодексы Республики Казахстан;

  4.законы Республики Казахстан, а также указы Президента Республики Казахстан, имеющие силу закона;

1. нормативные постановления Парламента Республики Казахстан и его палат;

1. нормативные указы Президента Республики Казахстан;

2. нормативные постановления Правительства Республики Казахстан;

3. нормативные правовые приказы министров Республики Казахстан и иных руководителей центральных государственных органов, нормативные правовые постановления центральных государственных органов и нормативные постановления Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан;

4. нормативные правовые решения маслихатов, нормативные правовые постановления акиматов, нормативные правовые решения акимов.

2.Негізгі мәтін бойынша 4 сұрақ жазыңыздар.

3.Мына етістіктерді рай түрлеріне байланысты түрлендіріңіздер.

 

Үлгі : нығайту – нығайтса – нығайтқысы келу - нығайтсын

Жіберу , бару , оқу , жазу , сайлау , апару , әкелу , өркендеу , жұмсау

 

 

 

 


1. Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.

Әлемдік экономика, дүниежүзілік шаруашылық, үздіксіз, байланыс, біртұтас, даму деңгейі, қоғамдық құрылым, ішкі саясат, сыртқы саясат, жан-жақты даму, еңбек бөлінісі, қажеттілік, ерекшелік.

 

2. Сөздікті жаттап алыңыздар.

Шаруашылық - хозяйство

Байланыс - связь 

Біртұтас - всецело

Жиынтық - совокупность

Заңдылық - законность

Еркін - свободный

Күрделі - сложный

Саяси - политический

Мәдени - культурный

Сезімтал – чувствительный

3. Бірінші қатардағы антонимдердің сыңарын екінші қатардан көрсетіңіздер.

Сыртқы – артта қалу

Үлкен – бұрынғы

Кіру – шығу

Қазіргі – кіші

Даму – тәуелсіз

Тәуелді - ішкі

 

4. Мәтінді оқыңыздар.

Халықаралық экономикалық қатынастар

 

Әлемдік экономикада дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтижесінде бір-біріне қарама-қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады.

Халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу жұмысымен А.Смит, Д.Рикардо, К.Маркс, Ф.Энгельс, В.Леонтьев т.б. ғалымдар айналысты.

Дүниежүзілік шаруашылық өзара байланысты екі жүйеден – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы және халықаралық экономикалық байланыстардан тұрады. Қазіргі кездегі өндірістің материалдық негізі машина техникасы, ұлттық шаруашылықтың даму деңгейінің қандайы болсын, оның материалды - техникалық базасының негізіне байланысты болады. Сондай-ақ, қоғамдық құрылымының сипаты мен жекелеген елдердің ұлттық шаруашылығы, әр мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты – оның басқа елдермен экономикалық байланыстарының бағытын, дүниежүзілік шаруашылықтың әлеуметтік-экономикалық сипатын көрсетеді.

Қазіргі жағдайда кез келген мемлекеттің экономикасының дамуы дүниежүзілік шаруашылық байланыс арқылы ғана толық деңгейде жан-жақты дами алады.

Ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықпен қосылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Кез келген мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыс жүйесіндегі ең сезімтал тұсы – оның экономикалық саясаттағы, яғни халықаралық байланыстар жүйесіндегі атқарып отырған қызметінде. Бұдан қоғамның ішкі жағдайы, оның әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыты, мәдени байлығы жан-жақты көрінеді.

5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1) Әлемдік экономика дегеніміз не?

2) Халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу жұмыстарымен қандай ғылымдар айналысты?

3) Әр ел бір-бірінен қалай ерекшеленеді?

6. Мәтіндегі етістіктің шақтарын ажыратыңыздар.

7. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

1) Шаруашылық, жиынтығы, дүниежүзілік, шаруашылықтың, ұлттық.

2) Жұмыстарымен, ғалымдар, халықаралық, байланыстарды, экономикалық, зерттеу, айналысқан.

3) Ел, бір-бірінен, өзінің, ерекшеленеді, тарихи-географиялық, құрылымы, әлеуметтік-саяси, әр, ұстанымымен

4) Бар, ұлттық, өзіндік, экономиканың, шаруашылықпен, дүниежүзілік, ерекшеліктері, қосылуының, ұлттық.

 

8. Сөйлем мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», сәйкес келмесе «жалған» деп белгілеңіздер.

Сөйлемдер Шын Жалған
1. Дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы    
2. Халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу жұмысымен ғалымдар айналыспаған.    
3. Дүниежүзілік шаруашылық өзара байланысты екі жүйеден тұрады.    
4. Ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықпен қосылуының өзіндік ерекшеліктері бар.    

9. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, оқыңыздар.

1945 жылдың 24 қазанында БҰҰ-ның Жарғысы ... , Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды. Содан бері бүл күн бүкіл әлемде БҰҰ-ның ресми күні ретінде аталып өтіледі. 1995 жылдың наурызына дейін БҰҰ-на 185 ел ... болды. Қазақстан 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ-ның ... қабылданды. БҰҰ-ның орталық ... Нью-Йоркта орналасқан. Біріккен Ұлттар Ұйымының 6 ... тілі бар. Олар: ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдері.

Қажетті сөздер: құрамына, қабылданып, ресми, мүше, штабы,

10.  Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

Халықаралық сот Бас Ассамблея сайлайтын 15 судьядан тұрады. Судьялар олардың азаматтығы негізінде емес, іскерлік қабілетіне қарай сайланады. Алайда сот құрамында бір елдің екі азаматы бола алмайды. Соттың орналасқан жері – Нидерландының Гаага қаласы. Мүше мемлекеттер соттың қарауына шекаралық даулар, балық аулау мен пайдалы қазбаларды өндіру құқықтары мен өзге де Жарғыда көрсетілген мәселелерді бере алады.  

 


  

 

1.Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

 

    Халықаралық қатынас -XX ғacырдың соңғы он жылдығында халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды. Халықаралық қатынастар эволюциясы екі нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану үрдісіінің қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен халықтардың өзара тәуелділігі артуда, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті дамытуды талап ететін жалпы әлемдік, ғаламдық сипаттағы мәселелердің көбеюі орын алып отыр.

     Қазіргі халықаралық қатынастардың экономикалық негізі - әлемнің материалдық базасындағы елеулі өзгерістердің негізінде қалыптасушы жаңа әлемдік еңбек бөлінісі. Жаһандану нәтижесінде өнеркәсібі дамыған елдер өздерінің экономикалық орталық ұстанымын нығайтуда, ал дамушы елдер одан тәуелді шет аймақ күйіне түсуде. Өнеркәсібі қарқынды дамыған елдер арасында АҚШ басым орын алуда, алайда Еуропалық Одақ онымен иық теңестіріп, кей жағдайларда одан басым түсіп отыр.

 

2.Мәтіндегі етістіктерді көшіріп жазып, қай шақта тұрғанын айтыңыздар.

 

3.«Қазақстанның халықаралық қатынастары» тақырыбында реферат жазыңыздар.

 

 

 


1. Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.

Адамзат қоғамы, ерте дәуір, кезең, алғышарт, алғашқы нышаны, жүйе, құбылыс, ежелгі, дәстүр, адамзат танымы, дүниетанымы, әмбебап, сала, ортақ, энергияның жаңа заңдары, энергияның сақталу заңы.

 

2. Сөздікті жаттап алыңыздар.

Адамзат – человечество

Дәуір – эпоха

­Өндіріс – производство

Кезең – период

Жүйе – система

Құбылыс –явление

Жетістік – достижения

Дербес – персональный

Таным – познание

Әмбебап – универсальный

3. Мәтінді оқыңыздар.

 

                      Ғылым мен техниканың даму тарихынан

 

   Ғылым адамзат қоғамының ерте дәуірінен, адам баласының танымдық және өндірістік қажеттілігінің арасы ажырамай тұрған кезеңнен бастау алады. Ежелгі Шығыста (Бабыл, Мысыр, Үндістан, Қытай) болашақ ғылымға негіз болған ілімнің алғашқы нышандары қалыптасты. Ғылымның алғышарты ретінде мифологияны алуға болады. Онда алғаш қоршаған орта туралы бүтін, тұтас, жан-жақты танымдық жүйе қалыптастыруға ұмтылыс болды. Бірақ танымның бұл формасы өзінің діни-антопоморфты сипатына байланысты нағыз ғылымнан алшақ жатқан еді.

Орта ғасырларда араб елдері мен ислам діні тараған басқа да аймақтарда философия, медицина, эстетика, математика, астрономия т.б. ғылымдар салалары қауырт дамып, бұл құбылыс кейін Ислам Ренессансы деп аталды. Омейя әулеті халифатында Ғылым үйі болды, онда ғалымдар ежелгі грек ғылымының барлық жетістіктерін араб тіліне аударды, ғылымның ерекше формасы «фәлсафа» қалыптасты.

Қайта өрлеу дәуірінде діннің басымдылығы әлсіреді, ғылым рухани өмірдің дербес факторы болып, дүниетанымның негізгі тірегіне айналды (Леонардо да Винчи, Н.Коперник). Сондай-ақ, ғылым табиғат құбылыстарын жан-жақты зерттеп, адамзат танымының көкжиегін кеңейте түсті. Механикадағы жетістіктер 17 ғасырдың аяғында жүйеленіп, толығып, әлемнің механикалық бейнесі туралы түсінік қалыптастыруда шешуші рөл атқарып, кейін әмбебап дүниетанымдық маңызға ие болды. Ол 17-18 ғасырлардағы біртұтас әлемдік механизм туралы жалпы ілімнің бөлімі ретінде танылды. 19 ғасырда болмыстың жекелеген салаларына қатысты жинақталып, жүйеленген және теориялық тұрғыдан талданып түсіндірілген материалдар, қоғам мен табиғат құбылыстарын механикалық түсіндіру шеңберінде қарастыруға сыймады, сондықтан ғылымның басқа салалары бойынша алынған нәтижелер негізінде оларды жан-жақты және терең қорыту міндеті алға қойылды. Энергияның сақталуы мен айналуы заңының ашылуы (Р.Майер, Дж.Джоуль, Г.Гельмгольц) физика мен химияның барлық тарауын ортақ негізге қоюға мүмкіндік берді. Жасуша теориясын тұжырымдау (Т.Шван, М.Шлейден) барлық тірі организмдердің біртекті құрылымын көрсетті. Элементтердің периодтық жүйесі заттың барлық белгілі түрлерінің ішкі бірлігінің барлығын көрсетті.

20 ғасырдың басында жаратылыстану ғылымында алдыңғы қатарға биология шықты, онда ДНҚ-ның молекулалық құрылымы белгіленіп, генетик кодтары айқындалады.

Қазіргі заманғы ғылымды өндірістік күш ретінде энергия, тіпті оны үнемдеу де көп қызықтырмайды, керісінше, ақпарат өңдеу, соның негізінде өндіріс пішімділігіне қол жеткізу алдыңғы орынға шықты. Адам тікелей өндіріс процесінің шеңберінен шығарылып қана қоймайды, ол мүлде жаңа сападағы техникалық әлем қалыптастыра отырып, ақпараттық модельдермен жұмыс істей бастайды. Басқару мен жоспарлауды автоматтандыру қазіргі ғылыми-техникалық дамудың басты ерекшелігі болып табылады.

 

4.Мәтін бойынша сұрақтар қойыңыздар.

1) Мифология ненің алғышарты болды?

2) Орта ғасырларда қандай ғылым салалары қауырт дамыды?

3) 16-17 ғасырларда ғылым қалай дамыды?

4) 19 ғасырда қандай елеулі ғылыми жаңалықтар ашылды?

5.Мәтіннен септеулік шылауларды теріп жазыңыздар.

6.Шашылған сөздерден сөйлемдер құраңыздар.

1) Ғылымның, мифологияны, болады, алуға, ретінде, алғышарты

2) Табылады, басқару, болып, жоспарлауды, мен, қазіргі, автоматтандыру, басты, ерекшелігі, ғылыми-техникалық, дамуды   

3) Ғалымдар, барлық, ғылымның, грек, араб, аударды, тіліне, жетістіктерін

 

7.Сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

Тұтас ғылымдар жүйесін құрайтын ғылыми пәндерді шартты түрде жаратылыстану, әлеуметтік және техникалық ғылымдар деп үлкен үш топқа бөлуге болады. Бұлардың арасында қатаң шекара жоқ, бірқатар ғылыми пәндер аралық жағдайда қалыптасқан. Мысалы, техникалық ғылым мен әлеуметтік ғылымның түйіскен жерінде астроботаника, ал жаратылыстану ғылымы мен әлеуметтік ғылымның түйіскен жерінде экономикалық ғылымдар қалыптасқан. Іргелі ғылымдар саласының міндеті - қоғамды, дүниені, табиғатта түсіндірілетін заңдарды тану.  

8.Бос жерлерге қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді оқыңыздар.

Ғарыш алаңы – ғарыштық аппараттарды құрастыруға, ... және ұшыруға арналған ғимараттар мен техникалық құралдар орналасқан жер. Ғарыш алаңының басты нысандарына: техникалық позиция, старттық және командалық өлшеу ... жатады. Әр ... күрделі жабдықтар кешені мен олар орналасқан құрылыстардан тұрады. Ғарыш алаңының ... арнайы технологиялық және жалпы техникалық жабдықтарға ажыратылады. Старттық кешендегі ... технологиялық жабдықтар жылжымалы немесе орнықты болып бөлінеді.

 

Қажетті сөздер: арнайы, нысан, жабдықтары, сынауға, кешендері 

9.Септеулік шылаулар тіркескен сөз тіркестермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ғылым туралы, жаңалық ашуға байланысты, мәселелерге байланысты, дайындықтан соң, жыл сайын, жұртпен бірге, телефон арқылы.

 

10. «Ғылым» сөзімен тіркесетін 5 сөз тіркесін жазып, олармен сөйлем құрастырыңыздар.

11.Демеулік шылауларды қатыстырып 6 сөйлем құраңыздар.

 

12.Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

 

Егер жай ғана асфальтқа күкірт қосатын болсаңыз, өте берік қоспа шығады. Мұндай жол 5 жылдан 10 жылға дейін еш жөндеусіз қызмет көрсете алады. Ғалымдар: «Біз құрылыс материалдарынан зәулім ғимараттар салуымыз қажет, оған мүмкіндігіміз де жетеді»,- дейді. Бұрынғы ауыр, әрі тез сынғыш кірпіштің орнына ғалымдар бетонның ұяшықты бетон деп аталатын жаңа үлгісін ойлап тапқан. Оған зиянсыз қалдықтармен дисперсті қолданылады. Тек жаңа технологияларды қолданудың арқасында ғана өнімнің беріктігі мен қоршаған ортаның әсеріне төтеп беру қасиеттері артып отыр.

 

 

 

 

 


1.Көп нүктенің орнына қажетті шылауларды қойып, оқыңыздар.

Ғарыштық түсірілімдер ... табиғи құбылыстардың уақыт бойынша өзгеруін бақылауға болады. Қойылған мақсатына және түсіргіш аппарат орнатылған ғарыштық тасығыштар түріне ... ғарыштық түсірілімнің бірнеше әдісі бар. Бұл түсірілімдер метрология, мұхиттану, геология ғылымдары ... өте қажет.

 

Қажетті сөздер: үшін, арқылы, қарай

 

2.Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.

Ғылыми –техникалық прогрестің қарқынды дамуы қоғамдық өндірісті алға бастыруда ғылымның рөлінің өскендігінің айқын көрінісі. Ғылым мен өндіріс қосылып біртұтас үрдіске айналды. Демек, ғылым өндіргіш күштердің тікелей элементіне айналғандығы жөнінде айтқымыз келеді. Осының негізінде: -қалдықты аз қалдыратын немесе тіпті қалдықсыз технология өмірге келді. Мұның экономикалық және экологиялық маңызы өз алдына ерекше өндіріске озық технологияны пайдалну қазіргі ғылыми- техникалық революцияның негізгі көріністерінің бірі, машина компонентіне және элементтеріне жаңа сапалық өзгерістер енді. Бұл жағдай адамның өндірістегі орны мен рөлін мүлдем өзгертті, жұмысты күрделендірді, жаңа биік талаптар қойылды, қазіргі ғылыми –техникалық революция әлемдік сипатқа ие болды, бүкіл дүниежүзілік құбылысқа айналды, биотехника кең өріс алды. Қазіргі ғылыми- техникалық прогресс өте тапшы шикізаттарды жасанды жолмен алған заттармен алмастырудың негізгі бағыттарының біріне айналдырып отыр. Бұл материалдарды өңдеудің жаңа әдістерін одан сайын жетілдіріп және іс жүзінде пайдалануды тездетеді. Ғылыми техникалық революция жұмыс күшінің сапасын жақсартуға жол ашады. Тәуелсіздікке қолы жеткен жас мемлекет Қазақстан үшін мұның маңызы зор. Білім беру жүйесін уақыт, өмір талабына сай қайта құру сөзсіз ізгі ниеттен туған , ұлы мақсатты көздейтін үрдіс екендігін естен шығармаған абзал. Ғылыми- техникалық революцияның дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне тән ортақ жағдайлары мен заңдылықтары бар. Олардың негізгілері мыналар: шаруашылық салаларының және экономиканың құрылымдық өзгеріске ұшырауы ; техника мен технологияның бір типтегі түрлері; бірлескен жұмыс күшінің кәсіптік- мамандық құрылымының өзгеруі; - жұмыс күшінің сапасына деген талаптың өсуі; еңбек өнімділігі мен еңбек интенсивтілігінің артуы; жұмысшы күшінің әрдайым босап қалуы; өндірістік емес салада жұмыс істеушілердің үлес салмағының өсуі және т. б. Ғылыми – техникалық прогрестің екі нысаны бар. Ол эколюциялық және эволюциялық нысандар. Бірінші нысанда өндіріске енгізілген техника мен технологияны жетілдіру және тарату үрдісі сол бұрынғы ғылыми- техникалық принципке негізделген. Бұл процесс қазіргі заман – ғылыми - техникалық прогресс заманы екендігін көрсетеді. Қазіргі ғылым мен техниканы адамдардың игілігіне қызмет еткізу үшін не қажеттің бәрі бар. Қазіргі ғылыми – техникалық прогресс қоғамдық өндірістің материалдық негізін түбегейлі өзгертті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, басқару, еңбек жағдайын жақсарту және т. б. әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешуге қадам жасалды. Ғылыми-техникалық прогресс қоғамының басты өндіргіш күші адамның жан-жақты өсіп жетлуіне, оның әл-ахуалы мен рухани байлығын арттыруға әсерлі ықпал жасап келеді. Сөйтіп ғылыми-техникалық прогресс қоғамның барлық саласында дамытушы пәрменді күшке айналды.

3.Мәтіннен демеулік шылауларды теріп жазыңыздар.

4.Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

 

С обретением независимости в республике началось формирование новых подходов к развитию науки и управлению НТП в соответствии с задачами становления Казахстана как суверенного Государства. Вопросы формирования самостоятельной научно- технической политики и системы управления наукой страны были положены в основу Закона РК «О науке и государственной научно-технической политике Республики Казахстан», принятого в январе 1992 г. В феврале было образовано Министерство науки и новых технологий. После ряда реорганизаций республиканским органом, реализующим государственную научную и научно-техническую политику, стало Министерство образования и науки РК.

В Ведении Министерства образования и науки в настоящее время 55 научных организаций. В них работают свыше 5 тыс. Человек, из них более 2,3 тыс. Научных сотрудников, в том числе 450 докторов наук и около 1000 кандидатов наук.

 

 

Тест тапсырмалары

 

1. Қазақ жазуы қай жылдар аралығында латын графикасын қолданды?

А. 1930-1950

В. 1929-1940

С. 1562-1580

Д. 1991-2001

Е. 1885-1887

2. Қай жылы «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заң жарияланды?

А. 1995 жылы 12 қазан

В. 1991жылы 2 наурыз

С. 1997 жылы 11 шілде

Д. 1993 жылы 30 тамыз

Е. 1991жылы 16 желтоқсан

3. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы неше тарау, неше баптан тұрады?

А. 6 тарау, 27 бап

В. 5 тарау, 47 бап

С. 2 тарау, 7 бап

Д. 7 тарау, 35 бап

Е. 1 тарау, 23 бап

4. «Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса,оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды». Кімнің сөзі?

А. М.Шаханов

В. М.Әуезов

С. А.Байтұрсынов

Д. Н.Назарбаев

Е. В.Кекілбаев

5. Президенттің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қашан қабылданды?

А. 2001 жылы 6 ақпанда

В. 2001 жылы 7 ақпанда

С. 2002 жылы 4 ақпанда

Д. 2007 жылы 12 ақпанда

Е. 2008 жылы 22 ақпанда

6. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының I тарауында не туралы айтылады?

А. тіл туралы

В. еңбек туралы

С. жалпы ережелер туралы

Д. азаматтық құқықтар туралы

Е. студенттер туралы

7. Мемлекеттік тіл қандай тіл?

А. мемлекеттік басқару тілі

В. заң шығару тілі

С. сот ісін жүргізу тілі

Д. іс қағаздарын жүргізу тілі

Е. аталғандардың барлығы

8. «Сыпайы» сөзінің антонимін табыңыз.

А. қара

В. жаман

С. дөрекі

Д. ыңғайсыз

Е. қарапайым

9. Қай жылы қазақ тілі мемлекеттік тілмәртебесін алды?

А. 1991 жылы

В. 1992 жылы

С. 1993 жылы

Д. 1989 жылы

Е. 1999 жылы

10. «Тіл - аса қадірлі ұстайтын байлығымыз» кімнің сөзі?

А. Ғ.Мүсірепов

В. Н.Назарбаев

С. М.Шаханов

Д. М.Әуезов

Е. А.Байтұрсынов

11. К.Байсейітова атындағы опера және балет театры қашан құрылды?

А. 2000 жылдың қаңтар айында

В. 2001 жылдың ақпан айында

С. 1999 жылдың наурыз айында

Д. 1998 жылдың мамыр айында

Е. 1994 жылдың сәуір айында

12.  К.Байсейітова атындағы опера және балет театрында қандай қойылым қойылды?

А. Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібегі»

В. Дж.Верди «Травиата»

С. П.Чайковскийдің «Евгений Онегин»

Д. Б.Тілеуханның «Ф.Жанносы»

Е. аталғандардың барлығы

13.  Ең алғашқы әртістік құрамда кімдер болды?

А. Қанат Омарбаев

В. Қорлан Қалиламбекова

С. Шамиль Терегулов,

Д. Екатерина Максимова,

Е. А, В

 

14.  К.Байсейітова атындағы опера және балет театры қандай сахна шеберлерімен ынтымақтастық жасайды?

А. хореограф Сергей Вихарев

В. қоюшы-балетмейстер Шамиль Терегулов

С. балетмейстері Екатерина Максимова

Д. қоюшы-суретші Вячеслав Окунев

Е. аталғандардың барлығы

15.  Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ сазды - драма театры қашан құрылды?

А. 2000 жылы

В. 1996 жылы

С. 1995 жылы

Д. 1998 жылы

Е. 1991 жылы

 

16.  Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ сазды - драма театры ең алғаш театр өз шымылдығын қандай спектакльмен ашқан?

А. Ғабит Мүсіреповтың «Ақан Сері –Ақтоқты» шығармасымен

В. Дж.Верди «Травиата»

С. Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібегі»

Д. Б.Тілеуханның «Ф.Жанносы»

Е. П.Чайковскийдің «Евгений Онегин»

 

17.  Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ сазды - драма театрында бүгін кімдер жұмыс істейді?

А. «Құрмет» белгісі орденінің иегерлері.

В. Жастар сыйлықтарының лауреаттары

С. Елбасының Құрмет грамоталарын алған өнер қайраткерлері

Д. еңбек сіңірген өнер қайраткерлері

Е. аталғандардың барлығы

 

18.  Қай жылы Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ сазды - драма театр ұжымы С.Сейфуллиннің туылғанына 100 жыл толуына орай өткізілген халықаралық фестивальде лауреат атанды?

А. 1991 жылы

В. 1998 жылы

С. 1992 жылы

Д. 1995 жылы

Е. 1996 жылы

 

19.  Қай жылы Уфа қаласында өткен түркі тілдес мемлекеттердің «Туганлық» атты ІІ фестивалінде түбі бір түркі халықтарына ұлттық драматургия арқылы мәдениетімізді танытып, лауреат атанды?

А. 1991 жылы

В. 1998 жылы

С. 1992 жылы

Д. 1995 жылы

Е. 1996 жылы

 

20.  Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ сазды - драма театр негізін қалаған кім?

А. Әзірбайжан Мәмбетов

В. Гүлжан Әспетова

С. Жақып Омаров

Д. Қорлан Қалиламбекова

Е. Қанат Омарбаев

 

21.  «Темекі денсаулыққа зиянды» дұрыс аудармасын табыңыз.

А. сигарета опасна для жизни

В. сигарета вредна для здоровья

С. сигарета вредна для людей

Д. курить запрещено

Е. нельзя курить в общественном месте

 

22.  Қай жылы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясы темекіге қарсы күреске қатысты конвенциясының ақырғы мәтінін бекітті?

А. 2003 жылдың 21 мамырында

В. 2001 жылдың 2 мамырында

С. 2004 жылдың 6 мамырында

Д. 1887 жылдың 5 мамырында

Е. 1994 жылдың 1 мамырында

 

23.  «Глобализация» сөз тіркесін аударыңыз.

А. құжат

В. мәлімет

С. жаһандану

Д. тамақтану

Е. шылымқорлық

 

24.  «Моё здоровье» қазақша аудармасын табыңыз.

А. сенің денсаулығың

В. сіздің денсаулығыңыз

С. менің денсаулығым

Д. менің бөлмем

Е. менің кітабым

 

25.  Қай жылы еліміз Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының конвенциясына қол қойды?

А. 2004 жылдың 21-ші маусымында

В. 2001 жылдың 2 мамырында

С. 2004 жылдың 6 мамырында

Д. 1887 жылдың 5 мамырында

Е. 1994 жылдың 1 мамырында

 

26.  «Шылымқорлық» аудармасын табыңыз

А. купание

В. привычка

С. борьба

Д. курение

Е. сигарета

 

27. XVI ғасырда қай елде темекі тартқан адамдардың басын кесіп тастау жазасын қолданған?

А. Ресейде

В. Францияда

С. Қытайда

Д. Англияда

Е. Италияда

28.  Қай елде аузына насыбай салған адамдардың шіркеуде шоқынуына тыйым салынған?

А. Ресейде

В. Францияда

С. Қытайда

Д. Англияда

Е. Италияда

29.  «Түрі жексұрын, иісі жеркенішті, миға қауіпті, өкпеге зиянды»,- дегенді кім айтты?

А. Ресейде Михаил Романов

В. Константинопольде Мұрад ІV

С. Италияда папа Урбан ІІ

Д. Англия королі Яков І

Е. ешкім

 

30.  1633 жылдан бастап темекі тартуға тыйым салынған, заңды бұзғандарға бірінші рет таяқпен 60 дүре соғатын, екінші рет қайталанса, мұрны мен құлақтарын кесетін жаза өмірге қайда келді?

А. Ресейде

В. Францияда

С. Қытайда

Д. Англияда

Е. Италияда

 

31.  Жастар ұйымдарын көрсетіңіз

А. «Отан»

В. «Азаматтық»

С. «Талапкер»

Д. «Зергер»

Е. барлығы

 

32. Республикамыздағы жастар ұйымдарының саны шамамен қанша?

А. 120-аса

В. 150-аса

С. 200-аса

Д. 100-аса

Е. 50-аса

 

33.  «Қоғамдық мәселе» аудармасын табыңыз.

А. общественный договор

В. общественное мнение

С. общественная проблема

Д. государсвенное дело

Е. глобальный вопрос

 

34.  «белсенді» аудармасын табыңыз

А. активный

В. неверный

С. аккуратный

Д. довольный

Е. культурный

 

35. «Жастар ұйымы» сөз тіркесінде қандай септік жалғауы түсіріліп тұр?

А. атау септік

В. ілік септік

С. табыс септік

Д. жатыс септік

Е. шығыс септік

 

36.  Барыс септікті сөз тіркесін табыңыз

А. дәптерді алу

В. киноға бару

С. бөлмеден шығу

Д. есіктен қарау

Е. досыммен сөйлесу

 

37.  «Денсаулығын күтеді» сөз тіркесі қандай септік арқылы байланысқан?

А. табыс

В. жатыс

С. ілік

Д. шығыс

Е. көмектес

 

38.  «Ата-буынның үмітін бала буын ақтай білді».Асты сызылған сөз қай септікте тұр?

А. жатыс

В. шығыс

С. ілік

Д. көмектес

Е. табыс

 

39.  «Құл мен қожа майданда теңеледі, жас пен кәрі білімде теңеледі». Асты сызылған сөз қай септікте тұр?

А. барыс

В. табыс

С. шығыс

Д. көмектес

Е. табыс

 

40.  Көптік жалғауы жалғанбайтын сөзді көрсетіңіз.

А. алма

В. студент

С. оқытушы

Д. ұн

Е. себеп

 

41.  Қай жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады?

А. 1993 жылы 30 тамыз

В. 1991 жылы 16 желтоқсан

С. 1995 жылы 25 қазан

Д. 2001 жылы 1 мамыр

Е. 1989жылы 3 қараша

 

42.  Қай жылы Бүкілхалықтық талқылаудан кейін Жоғарғы Кеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті?

А. 1992 жылы маусымда

В. 1993 жылы қазанда

С. 1995 жылы сәуірде

Д. 1990 жылы тамызда

Е. 1991 жылы наурызда

 

43. Қай жылы Қазақстан Республикасы парламентінің салтанатты мәжілісінде еліміздің тұңғыш Конституциясы қабылданды?

А. 1992 жылы маусымда

В. 1993 жылы 28 қаңтардың

С. 1991 жылы 16 желтоқсан

Д. 2001 жылы 1 мамыр

Е. 1989жылы 3 қараша

 

44.  Қай жылы Республика Президентінің жарлығымен ұлттық валюта –теңге- күні енгізілді?

А. 1993 жылғы қарашаның 15-сі

В. 1993 жылы 28 қаңтардың

С. 1991 жылы 16 желтоқсан

Д. 2001 жылы 1 мамыр

Е. 1989жылы 3 қараша

 

45.  Қай жылы Қазақстан халқы Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған жаңа конституцияны республикалық референдумда қабылдады?

А. 1995 жылдың 30 тамызында

В. 1993 жылы 28 қаңтардың

С. 1991 жылы 16 желтоқсан

Д. 2001 жылы 1 мамыр

Е. 1989жылы 3 қараша

 

 

46.  Қай жылы елбасы Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласын Астана қаласы деп атауға жарлық шығарды?

А. 1993 жылғы қарашаның 15-сі

В. 1993 жылы 28 қаңтардың

С. 1991 жылы 16 желтоқсан

Д. 2001 жылы 1 мамыр

Е. 1998 жылғы 6 мамырда

 

47.  Геральдика заңында күн нені білдіреді?

А. татулықты

В. тыныштықты

С. өмірді

Д. шексіздікті

Е. байлық пен берекені

 

48. Шаңырақ ұғымы нені білдіреді?

А. отбасыны

В. достықты

С. татулықты

Д. үлкен үйді

Е. еңбекқорлықты

 

49.  Жалқы есімді табыңыз

А. заман

В. зәулім

С. иран

Д. кеме

Е. білім

 

50.  Тудағы дала бүркіті нені білдіреді?

А. еркіндікті

В. тыныштықты

С. өмірді

Д. шексіздікті

Е. байлық пен берекені

 

51.  «Аккуратный студент» сөз тіркесін аударыңыз

А. сыпайы студент

В. мәдениетті студент

С. жақсы студент

Д. ұқыпты студент

Е. кеңпейілді студент

 

 

52.  «Честный друг» сөз тіркесін аударыңыз.

А. адал дос

В. ұқыпты дос

С. жаман адам

Д. момын дос

Е. айырылмас дос

 

53.  Қазақ халқы бала тәрбиесінде ненің орнына ерекше мән берген?

А. мінездің

В. тегінің

С. бойының

Д. бет-әлпетінің

Е. еңбектің

 

54.  Әдептілік тәрбиесінің неше түрі бар?

А. 2

В. 3

С. 4

Д. 5

Е. 6

 

55.  Мінез-құлық әдептеріне нелер жатады?

А. биязылық

В. кішіпейілділік

С. салмақтылық

Д. кең пейілділік

Е. аталғандардың барлығы

 

56.  Жүріс-тұрыс әдептеріне жататын әдеп түрін көрсетіңіз

А. сыйластық

В. білімділік

С. ұқыптылық

Д. нанды екі қолмен үзу

Е. ұстамдылық

 

57.  Қатынас әдептеріне нелер жатады?

А. сыйластық

В. ұстамдылық

С. ақты теппеу

Д. екі қолмен амандасу

Е. нанды екі қолмен үзу

 

58.  «Ассалаумағалейкум» деген нені білдіреді?

А. «Жолыңыз болсын!»

В. «Асыңыз дәмді болсын!»

С. «Ұлыс оң болсын!»

Д. «Сізге нұр жаусын!»

Е. «Аман болыңыз!»

 

59.  «Уағалайкум ассалам» деген нені білдіреді?

А. «Жолыңыз болсын!»

В. «Асыңыз дәмді болсын!»

С. «Алланың нұры сізге де жаусын»

Д. «Сізге нұр жаусын!»

Е. «Аман болыңыз!»

 

60.  Қазақ халқының тәрбиесіндегі бір сыйластық ерекшелік не жатады?

А. үлкенге орын беру

В. адамның аты-жөніне құрметпен қарау.

С. үлкенмен бірінші болып сәлемдесу

Д. нанды екі қолмен үзу

Е. қатты сөйлемеу

 

61.  Халық ұста шеберлерді ардақтап, алақандарында ұстаған. Сөйлемнен сапалық сын есімді табыңыз.

А. халық

В. ұста

С. шеберлер

Д. алақан

Е. ардақтап

62.  Алмагүл бұл сұраққа ұзағырақ ойланып, жауап берді. Сөйлемнен қатыстық сын есімді табыңыз

А. Алмагүл

В. бұл

С. сұрақ

Д. ұзағырақ

Е. жауап берді

 

63.  Қазақ халқындағы әдептілік мәселесі сан ғасырлар бойы қалыптасқан ... тығыз байланысты. Көп нүктенің орнына тиісті сөз тіркесін қойыңыз.

А. бет-әлпетімен

В. адамның сана-сезімімен

С. рухани мәдениетімен

Д. көне тарихымен

Е. ұлттық салт-дәстүрлермен

64.  «Тәрбие» сөзінің орысша баламасын табыңыз

А. культура

В. поведение

С. привычка

Д. воспитание

Е. забывчивость

65.  Қазақ халқы кімнің тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген?

А. ата-ананың

В. егде адамдардың

С. ер баланың

Д. қыз баланың

Е. ер бала мен қыз баланың

66.  «Моё свободное время» аударыңыз

А. сенің сүйікті асың

В. маған ұнайтын саябақ

С. менің бос уақытым

Д. менің орным бос

Е. сенің бос орның

67.  «Түскі астан кейін дем аламын».Сөйлемді аударыңыз

А. Я люблю отдыхать летом

В. Ты обедал сегодня?

С. Я отдыхаю сейчас

Д. Я отдыхаю после завтрака

Е. Я отдыхаю после обеда

68.  «Мой свободный день-воскресенье». Сөйлемді қазақ тіліне аударыңыз.

А. Менің сүйікті уақытым – кешқұрым.

В. Жексенбіде мен демаламын.

С. Сен сенбіде бос боласың ба

Д. Мен жексенбіде бос боламын

Е. Менің бос күнім жексенбі.

69.  «Кешке саябаққа серуенге барайық». Сөйлемді орыс тіліне аударыңыз.

А. Пойдем вечером гулять

В. Ты пойдешь вечером гулять в парк

С. Они пойдут вечером гулять в парк

Д. Пойдем вечером гулять в парк

Е. Я не хочу гулять, я устала

70.  «Ертең үште сен бос боласың ба?».Сөйлемнен сан есімді табыңыз.

А. ертең

В. сен

С. үште

Д. бос

Е.боласың ба

71.  45-5= 40. Дұрыс жазылуын табыңыз.

А. қырық бес алу төрт, тең болады - қырық

В. қырық бес алу бес, тең болады - қырық

С. қырық бес алу бес, тең болады - қырық бес

Д. қырық үш алу үш, тең болады - қырық

Е. қырық алты алу қырық алты, тең болады - қырық бір

72.  Марқакөл көл аймағы қайда орналасқан?

А. Ертіс өңірінде

В. Сырдария өңірінде

С. Батыс Қазақстанда

Д. Орталық Қазақстанда

Е. Солтүстік Қазақстанда

73. Каратау Мемлекеттiк қорығы қайда орналасқан?

А. Ертіс өңірінде

В. Сырдария өңірінде

С. Батыс Қазақстанда

Д. Орталық Қазақстанда

Е. Солтүстік Қазақстанда

74.  «Болашақта осы бөлімдерді кеңейтіп, жаңа ғылыми зерттеу салаларын ашу жоспарланып отыр». Асты сызылған сөз үстеудің қай түріне жатады?

А. Мекен үстеуі

В. Қимыл-сын үстеуі

С. Мезгіл үстеуі

Д. Мақсат үстеуі

Е. Мөлшер үстеуі

75.  «Внешний вид земли» сөз тіркесін аударыңыз.

А. жердің ішкі келбеті

В. жердің сыртқы келбеті

С. жердің жалпы көлемі

Д. жердің ең жақын серігі

Е. жердің өзге планеталардан ерекшелігі

76. Қай уақыт аралығында Жер өз осінен бір рет айналып шығады?

А. Бір күнде

В. Бір айда

С. Бір жылда

Д. 36 сағатта

Е. бір ғасырда

 

77.   Жердің сыртқы қабығы неден құралған?

А. көмірқышқыл газ бен оттегіден

В. магний мен кальцийден

С. оттегі мен кремнийден

Д. озон мен никельден

Е. тек қана оттегіден

78.  Жер қашан жаңадан көзін ашқан Күннің айналасындағы ыстық қарақошқыл шаң мен газ тәрізді заттардың қоюланып, түзілуінен пайда болған?

А. 2 млрд. жыл бұрын

В. 4,5млрд. жыл бұрын

С. 3 млрд. жыл бұрын

Д. 5 млрд. жыл бұрын

Е. 10 млрд. жыл бұрын

 

79. Жерде осыдан 4,5млрд. жыл бұрын неден пайда болған?

А. Оттегі мен азоттан

В. Сутегі мен кремнийден

С. Бір уақытта өздігінен жойылып кеткен планеталардың қалдығынан

Д. Күннің айналасындағы ыстық қарақошқыл шаң мен газ тәрізді заттардың қоюланып, түзілуінен

Е. жоқ нәрседен пайда болған

80.  Жарты миллиард жыл өткеннен кейін Жердің бетінде қатты жыныс-қабық, айналасында не қалыптасты?

А. атмосфера

В. биосфера

С. литосфера

Д. метасфера

Е. гидросфера

 

81.  «Білім туралы» жаңа Заң қашан қабылданды?

А. 2008 жылдың тамыз айында

В. 2005 жылдың сәуір айында

С. 2001 жылдың мамыр айында

Д. 2002 жылдың наурыз айында

Е. 2005 жылдың ақпан айында

 

82.  Негізгі орта білім қай жылдарды қамтиды?

А. 1-4 сыныптар аралығы;

В. 5-10 сыныптар аралығы;

С. 11-12 сыныптар аралығы;

Д. 2-9 сыныптар аралығы;

Е. 5-10 сыныптар аралығы;

83. «Жаңа Заңда техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұны мен құрылымы елеулі өзгертілді» Сөйлемде етістің қай түрі қолданылған?

А. ырықсыз

В. өзгелік

С. өздік

Д. ортақ

Е. жай

84.  «Жас келішектер дастархан жасасты».Сөйлемде етістің қандай түрі қолданылған?

А. ырықсыз

В. өзгелік

С. өздік

Д. ортақ

Е. жай

85.  «Меня заставили делать уроки». Қазақ тіліне аударыңыз.

А. Маған сағыңды жаса деді.

В. Маған сабақ жасатқызды.

С. Менің сабақ жасағым келмеді.

Д. Менің сабағым жақсы.

Е. менің сабаққа барғым келмеді.

86.  «Қиыншылық» сөзінің синонимінн табыңыз

А. жақсылық

В. тауқымет

С. азап

Д. дамытушылық

Е. жетіспеушілік

87.  Сәкен Сейфуллин қашан, қайда туған?

А. 1854 жылы бұрынғы Ақмола обылысы

В. 1894 жылы бұрынғы Ақмола обылысы

С. 1899 жылы бұрынғы Ақмола обылысы

Д. 1923 жылы бұрынғы Ақмола обылысы

Е. 1 956 жылы бұрынғы Ақмола обылысы

88.  Сәкен Сейфуллиннің шын атын көрсетіңіз.

А. Садуақас

В. Ибраһим

С. Сәкен

Д. Бауыржан

Е. Мұхамед Қанапия

89. Сәкен Сейфуллиннің шығармасын көрсетіңіз.

А. «Аласапыран»

В. «Бақыт жолында»

С. «Абай жолы»

Д. «Оян, қазақ»

Е. «АЗиЯ»

90.  «Нығайту» етістігіне есімше жұрнағын жалғаңыз.

А. нығайып

В. нығайғалы

С. нығая

Д. нығайған

Е. нығайды

91. Көсемшелі етістікті табыңыз.

А. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты

В. Шын аты Садуақас, еркелетіп Сәкен атап кеткен.

С. Түсті металл алтын институтына оқуға жібереді.

Д. Алғашқы өлеңін Нілді зауытында қалжың өлең жазудан бастайды.

Е. Сәкен Сейфуллин Колчак түрмесінде отырады.

 

92.  «Правовое государство» сөзінің қазақша баламасын табыңыз.

А. егеменді мемлекет

В. тәуелсіз мемлекет

С. құқықтық мемлекет

Д. демократиялық мемлекет

Е. жас мемлекет

 

93.  Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы нешінші Ата заң болып табылады?

А. бірінші Ата заң

В. екінші Ата заң

С. үшінші Ата заң

Д. төртінші Ата заң

Е. бесінші Ата заң

 

94. Ата Заң қандай үш ізгі қызметті дәріптейді?

А. заң, саяси, идеологиялық

В. саяси, тәрбиелік, сот

С. заң, құқықтық, тәрбиелік

Д. отбасылық, идеологиялық, заң

Е. ешқандай

 

95. Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы қашан республикалық бүкілхалықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданды?

А. 1995 жылғы 30 тамызда

В. 1991 жылғы 30 тамызда

С. 1992 жылғы 30 тамызда

Д. 1993 жылғы 30 тамызда

Е. 1994 жылғы 30 тамызда

 

96. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы қандай бөлімдерден тұрады?

А. өтпелі ережелерден

В. қорытынды

С. негізгі мәтіннен,

Д. кіріспеден

Е. аталғандардың барлығынан

 

97.  Ата Заңның мақсаты баяндалып, оны қабылдаудың тарихи жағдайы, кейде құқықтар мен бостандықтар немесе мемлекеттік саясатта басшылыққа алатын негіздері қай бөлімде баяндалады?

А. өтпелі ережелерде

В. қорытындыда

С. негізгі мәтінде

Д. кіріспеде

Е. аталғандардың барлығында

 

98.  Азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері туралы, конституциялық құрылысы жайлы, мемлекеттік нысандар жөнінде, мемлекеттік буындардың жүйесі мен мәртебесі туралы (Президент, Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, соттар және сот төрелігі, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы)нормалары Заңның қай бөліміне енген?

А. өтпелі ережелеріне

В. қорытындыға

С. негізгі мәтінге

Д. кіріспеге

Е. аталғандардың барлығына

 

99. Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлімнен мен баптан тұрады?

А. 6 бөлімнен 28 баптан

В. 4бөлімнен 12 баптан

С. 9 бөлімнен 98 баптан

Д. 5 бөлімнен 56 баптан

Е. 2 бөлімнен 108 баптан

 

100. «Ақыл - дария, алсаң да таусылмайды». Асты сызылған етістік қай райда тұр?

А. ашық рай

В. бұйрық рай

С. шартты рай

Д. қалау рай

Е. тұйық етістік

 

101. Конституцияның І бөлімі қалай аталады?

А. «Кіріспе»

В. «Жалпы ережелер»

С. «Негізгі бөлім»

Д. «Қорытынды»

Е. «Өтпелі ережелер»

 

102.  Жаңа Ата заңды күшіне енгізу нормаларын бекітетін бөлім қалай аталады?

А. «Кіріспе»

В. «Қортынды және өтпелі ережелер»

С. «Негізгі бөлім»

Д. «Қорытынды»

Е. «Өтпелі ережелер»

 

103. Адам мәртебесін мемлекетпен тікелей байланыстырмай, жеке бастары мен бостандықтары халықаралық құқықтың мойындалған қағидаттары мен қалыптарына тікелей байланыстырылған бөлім қалай аталады?

А. «Кіріспе»

В. «Қортынды және өтпелі ережелер»

С. «Негізгі бөлім»

Д. «Адам және азамат»

Е. «Өтпелі ережелер»

 

104. Мемлекет басшысы ретінде Президенттің жаңа мәртебесін толық бейнелейтін бөлім...

А. «Кіріспе»

В. «Қортынды және өтпелі ережелер»

С. «Негізгі бөлім»

Д. «Қорытынды»

Е. «Президент»

 

105.  Конституцияның IV-VIII бөлімдерінде не көрсетілген?

А. Парламент, Үкімет, Соттар және сот төрелігі

В. билікті болу принципі

С. мемлекет органдарының қызметі

Д. мемлекет органдарының құрылуы

Е. аталғандардың барлығы

 

106.  «Культурная связь» сөз тіркесін қазақ тіліне аударыңыз.

А. мәдениетті студент

В. мәдени байланыс

С. саяси жағдай

Д. күрделі мәселе

Е. рухани мұра

 

107.  Дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз....

А. шаруашылықтың бір түрі

В. билікті болу принципі

С. мемлекет органдарының қызметі

Д. мемлекет органдарының құрылуы

Е. ұлттық шаруашылықтың жиынтығы

108. Халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу жұмысымен, қандай ғалымдар айналысты?

А. Д.Рикардо

В. А.Смит

С. К.Маркс

Д. Ф.Энгельс

Е. аталғандардың барлығы

 

109. «Әмбебап» сөзінің аудармасын табыңыз.

А. универсальный

В. качественный

С. количественный

Д. серъезный

Е. аккуратный

 

110. Болашақ ғылымға негіз болған ілімнің алғашқы нышандары қайда қалыптасты?

А. Ежелгі Шығыста

В. Ежелгі Батыста

С. Ежелгі Қазақстанда

Д. Ежелгі Америкада

Е. Ежелгі Жапонияда

111.  Орта ғасырларда араб елдері мен ислам діні тараған басқа да аймақтарда философия, медицина, эстетика, математика, астрономия т.б. ғылымдар салалары қауырт дамып, бұл құбылыс кейін қалай аталды?

А. Христиан Ренессансы 

В. Буддизм Ренессансы 

С. Ислам Ренессансы 

Д. Алтын ғасыр 

Е. Күміс ғасыр

112.     Қазіргі заманғы ғылымды не қызықтырады?

А. Ақпарат өңдеу

В. Басқаруды автоматтандыру

С. Жоспарлауды автоматтандыру

Д. Энергия

Е. А,В,С

113. Шылауы бар сөйлемді табыңыз.

А. Қайта өрлеу дәуірінде діннің басымдылығы әлсіреді

В. Ғылымның алғышарты ретінде мифологияны алуға болады.

С. 20 ғасырдың басында жаратылыстану ғылымында алдыңғы қатарға биология шықты

Д. ДНҚ-ның молекулалық құрылымы белгіленіп, генетик кодтары айқындалады.

Е. Адам тікелей өндіріс процесінің шеберінен шығарылып қана қоймайды, ол мүлде жаңа сападағы техникалық әлем қалыптастырады.

114.  Мифология ненің алғышарты болды?

А. музыканың

В. ғылымның

С. киноның

Д. мәдениеттің

Е. өнердің

115.  20 ғасырдың басында ғылымда қандай жаңалықтар болды?

А. Генетик кодтары айқындалады

В. Жасуша теориясы

С. Энергияның сақталуы мен айналуы

Д. ДНҚ-ның молекулалық құрылымы белгіленді

Е. А,Д

116. «Система производства» сөз тіркесін аударыңыз.

А. өндіріс құрылымы

В. жүйелі өндіріс

С. өндіріс жүйесі

Д. сапа жүйесі

Е. жүйелі құрылым

117.  Демеулік шылауы бар сөйлемді табыңыз.

А. Басқару мен жоспарлауды автоматтандыру қазіргі ғылыми-техникалық революцияның басты ерекшелігі болып табылады.

В. 20 ғасырдың басында жаратылыстану ғылымында алдыңғы қатарға биология шықты.

С. Қайта өрлеу дәуірінде діннің басымдылығы әлсіреді.

Д. Омейя әулеті халифатында Ғылым үйі болды.

Е. Орта ғасырларда араб елдері мен ислам діні тараған басқа да аймақтарда ғылымдар салалары қауырт дамыды.

118.  «Еркін байланыс» сөз тіркесін аударыңыз.

А. өндіріс құрылымы

В. жүйелі өндіріс

С. свободная связь

Д. сапа жүйесі

Е. жүйелі құрылым

119. Бұйрық райдың бірінші жағында(көпше түрі) тұрған етістікті көрсетіңіз.

А. сабаққа барамыз

В. дәрісті тыңдайық

С. киноны көреді

Д. қалада тұрасың

Е. олар тыңдасын

120. Ата Заңды қалай қабылданды?

А. президенттің шешімімен

В. үкіметтің шешімімен

С. бүкілхалықтық дауыс беру арқылы

Д. парламент шешімімен

Е. Жоғарғы Сот шешімімен

121. С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университеті қай жылы құрылды?

А. 1956

В. 1957

С. 1954

Д 1955.

Е. 1953

122. Аңшылықтану мен аң шаруашылығы, балық шаруашылығы, биотехнология мамандықтары қандай факультетке жатады?

А. техникалық факультетке

В. технологиялық факультетке

С. компьютерлік жүйелер және кәсіптік оқыту факультетіне

Д. сәулет өнері факультетіне

Е. ветеринарлық факультетке

123. Тәуелдік жалғауының 2-жағында тұрған сөзді табыңыз.

А. Арманым

В. Үйіміздегі

С. Қалаларыңызда 

Д. Ұлттары

Е. Сенім

124. Есімше жұрнағы жалғанған мақалды көрсетіңіз.

А. Отан оттан да ыстық.

В. Көп көрген білер.

С. Опасызда отан жоқ.

Д. Көп түкірсе көл.

Е. Өнер алды қызыл тіл.

 

125. «Знающий студент» сөз тіркесін қазақшаға дұрыс аударыңыз.

А. білген студент

В. білетін студент

С. білмейтін студент

Д. білгісі келмейтін студент

Е. студент білер

126. Есімше жұрнақтары көмегімен мына сөйлемді қазақшалаңыз: «Они наверное завтра пойдут в гости»

А. Олар ертең қонаққа барады.

В. Олар ертең бәрі қонаққа баратын болды.

С. Олар ертең қонаққа барар.

Д. Олар ертең емес бүгін қонаққа барар

Е. Олар ертең ешқайда бармас.

 

127. Көсемшені көрсетіңіз

А. Дүниеде әркімнің бір қалағаны болады

В. Бірақ бұл қуаныш та ұзаққа бармады

С. Міне, атты осылай тоқтату керек 

Д. Қой, тентек болма

Е. Сабаққа барғым келмеді

128. Дерексіз зат есімді табыңыз

А. ғалым

В. ғылым

С. мұхит

Д. теңіз

Е. ауа

129. «Көркем» сөзіне синоним табыңыз

А. ақылды

В. білімді

С. ауқымды

Д. әдемі

Е. жайлы

130. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз

А. жақсы, жаман

В. жасыл, қызыл

С. әдемі, сұлу

Д. қалалық, ауылдық

Е. қара, қызыл

131. Қажетті етістікті көрсетіңіз «Мен мектепті былтыр..........»

А. барамын

В. оқыдым

С. бітірдім

Д. бардым

Е. оқимын

 

132. Өткен шақта тұрған етістікті көрсетіңіз

А. оқимын

В. оқып жүрмін

С. оқымақпын

Д. оқырмын

Е. оқыдым

 

 

МАЗМҰНЫ

1 Қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған бағдарлама (силлабус) 3-14
2 Алғы сөз 15
3 1-сабақ. Мемлекеттік тіл.Синонимдер.Антонимдер 16- 21
4 2-сабақ Қазақстанның өнері мен әдебиеті. Омонимдер 21-26
5 3-сабақ. Денсаулық-зор байлық.Тәуелдік, жіктік жалғаулар 26-31
6 4-сабақ. Қоғам және жастар. Көптік, септік жалғаулар 31-35
7 5-сабақ. ТәуелсізҚазақстан. Зат есім 35-40
8 6-сабақ. Әдептілік - мәдениет негізі. Сын есімдер 40-45
9 7-сабақ. Бос уақыт.Сан есімдер 46-49
10 8-сабақ. Адам және табиғат егіз. Есімдік 50-52
11 9-сабақ. Қазақстанның тарихи орындары. Үстеулер 52-55
12 10-сабақ. Мен және қоршаған орта. Негізгі және көмекші етістіктер 55-59
13 11-сабақ. Білім жүйесіндегіреформалар. Етіс түрлері 59-64
14 12-сабақ. Ұлттық рухы күшті адам. Есімше. Көсемше 64-69
15 13-сабақ. Қазақстан мемлекетінің құқықтық негізі. Етістіктің райлары 69- 74
16 14-сабақ. Халықаралықэкономикалыққатынастар. Етістіктің шақтары 74-77
17 15-сабақ. Ғылым мен техника. Шылаулар 77-82
18 Тест тапсырмалары 83-104

 

 

Ж.М. Төлеужанова, Ә.С. Нұржанова, А.К. Қасенбаев.

 

Қазақ тілі

 

Жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарына арналған

оқу - әдістемелік кешен

 

Теруге жіберілді                                Басуға қол қойылды

Пішімі                                                            Тапсырыс

Шартты баспа табағы                              Таралымы    

 


«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ-ның баспа полиграфиясы 2012 ж  Астана қаласы, Жеңіс даңғылы


Дата добавления: 2018-02-15; просмотров: 3010; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!