Восстановление жизненно важных функций – симптоматические и патогенетические средства 11 страница



5.Фармакотерапияның тиімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін гормондық препараттар мен олардың синтетикалық аналогтарының, антагонистерінің басқа препараттармен өзара әсерлесуін бағалай білуге үйрену. 

6.Осы топ препараттарының арсеналындағы жаңа препараттар, олардың қолданыстағы препараттардан артықшылығы жөнінде хабардар болу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Гормондық препараттардың жіктелуі, алыну көздері, әсер ету механизмдері Гормондық терапияның принциптері.

2.Гипоталамус және гипофиз гормондарының препараттары. Гипофиздің алдыңғы бөлігі гормондарының ішкі секрецияның қызметтеріне әсері. Гонадотропты, лактогенді (лактин) гормондарының препараттары. Қолдануға көрсетулер.

3.Гипофиздің алдыңғы бөлігі гормондарының препараттары - антагонистері. Бромокриптин, оның соматотропин және пролактин өндірілуіне әсері. Қолдануға көрсетулер. Жанама әсерлері.

4.Гипофиздің артқы бөлігі гормондарының жатырдың тонусына әсері. Диурезге қарсы вазопрессин гормонының ішектің және тамырдың тонусына әсерлері. Питуитрин және адиурекриннің әсер ету ерекшеліктері. Қолдануға көрсетулер. Жанама әсерлері.

5.Эпифиз гормонының препараттары. Қолдануға көрсетулер. Жанама әсерлері.

6.Тироксин және трийодтирониннің зат алмасуына әсерлері. Қалқанша безі гормондарын қолдану, олардың салыстырмалы сипаттамалары. Тиреокомб. Жанама әсерлері.

7.Кальцитониннің физиологиялық маңызы. Қолдануға көрсетулер. Жанама әсерлері.

8.Паратиреоидин, фосфор және кальций алмасуына әсері. Қолдануға көрсетулер. Жанама әсерлері.

9.Инсулин және глюкагонның зат алмасуына әсері. Инсулинді алу көздері. 

10. Инсулиннің тазартылған (монопиктік, монокомпонентік), қысқа және әсері ұзартылған (орташа және ұзақ әсер ететін) препараттары, әсерінің басталуы бойынша олардың салыстырмалы сипаттамалары. Қант диабетін емдеу үшін мөлшерлеу принциптері. Асқынулар, жедел көмек шаралары. Инсулиннің рекомбинанатты препараттары (хумулин-гегуляр, протафан, глимеперид).

11. Синтетикалық гипогликемиялық заттар – сульфонилмочевина және бигуанид туындылары, көмірсулардың аш ішектен сіңірілуін тежейтін - акарбоза, олардың әсер ету механиизмдері, салыстырмалы сипаттамалары, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері.

12. Стероидты құрылысты гормондық препараттар. Бүйрекүсті безінің гормондық препараттары. Жіктелуі.

13. Минералокортикоидтардың қолдануға негізгі көрсетулер және әсер ету ерекшеліктері. Минералокортикоидтардың антагонистері.

14. Глюкокортикостероидтардың зат алмасуына (көмірсу, белок, май, су-тұз) әсерлері.

15. Глюкокортикостероидтардың негізгі фармакологиялық әсерлері. Қабынуға, аллергияға қарсы, десенсиблизациялық, иммунодепрессивті, шокқа қарсы және антитоксикалық әсерлерінің механизмдері.

16. Жекелеген препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, жанама әсерлері.

17. Жергілікті қолдануға арналған синтетикалық глюкокортикоидтар. Преднизолонның дифтор туындыларының (флуметазон, беклометазон) әсер ету және қолдану ерекшеліктері.

18. Аналық жыныс безінің гормондары. Стероидты құрылысты және стероидты емес синтетикалық (синэстрол) эстрогендер, салыстырмалы сипаттамалары, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері.

19. Гестагендік препараттар, олармен шақырылатын әсерлер, қолданылуы. Ұзақ әсер ететін гестагендер (оксипрогестерон капронаты).

20. Аталық жыныс бездерінің препараттары, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері.

21. Анаболикалық стероидтар, полардың белок алмасуына әсері, қолдануға көрсетулер және қарсы көрсетулер, жанама әсерлері.

5. Оқыту және сабақ беру әдістері: талқыланып отырған тақырыптың көкейтесті мәселелерін ауызша сұрау, жетекшілік бойынша жағдайлық есепті шешу, тесттік тапсырманы орындау, рецепттерді талдап жазу, шағын топтармен жұмыс жүргізу, мультимедиа элементтерін пайдалана отырып оқытатын интерактивті бағдарламамен жұмыс істеу.

                                                 

6. Әдебиет:

Негізгі:

1.Фармакология (Харкевич Д.А.) оқулығының мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы, 2004. – 607 б.

2.Харкевич Д.А. фармакология. – М.: Гэотар – Мед, 2008. С. 435-463

3.Харкевич Д.А. фармакология. – М.: Гэотар – Мед, 2006. С. 415-461

4.Фармакология / под ред. Р.Н. Аляутдина 2-е изд., исправл. М.: Гэотар – Мед, 2004. С. 392-417

5.Маркова И.В., Михайлов И.Б., Неженцева М.В. Фармакология. – Санкт-Петербург: Фолиант – Медицина, 2001. С.127-132

6. Руководство к лабораторным занятиям Под ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005.С. 287-310

 

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое - М.: Медицина, 2007.– 1200 с.

2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и даполненное: учебное пособие – М.: ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 с.

3. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Под редакцией акад. РАМВ Кукес В.Г. и проф. Стародубцев А.К.- М.: Издательский дом ГЭОТАР – МЕД., 2004. – 631с.

4. Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 с.

5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. – Клиническая фармакология. - М.: Медицина, 2002, т.1-2.- 669. с.

6. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.:Медицина, 2000.

7. Бороян Р.Г Клиническая фармакология: психиатрия, неврология, эндокринология, ревматология. – М., Медицинское информационное агентство, 2000. – 422. с.

8. Базисная и клиническая фармакология. /Под ред. Бертрам Г. Катцунг. – М.: С-П.: Невский диалект, 1998.-т. 1 – 669. с.

9. Кафедрада оқылатын дәрістер.

Бағдарламалық препараттар

Кортикотропин, генотропин, соматотропин, бромокриптин, октреотид, окситоцин, питуитрин, вазопрессин, десмопрессин, мелатонин, трийодтиронин гидрохлориді, L-тироксин, тиреокомб, мерказолил, калий перхлораты, йод препараттары, кальцитрин, паратиреоидин, актрапид, инсулин-семиленте, инсулин-ультраленте, глибенкламид, гликлазид, метформин, акарбоза, глюкагон, хумулин-регуляр, протафан, глимеперид, дезоксикортикостерон ацетаты, гидрокортизон ацетаты, преднизолон, дексаметазон, триамцинолон, беклометазон дипропионаты, бетаметазон, флунисолид, флуметазон пивалаты, этинилэстрадиол, эстрадиол дипропионаты, синэстрол, прогестерон, оксипрогестерон капронаты, регулон, кломифен цитраты, климонорм, постинор, тестостерон пропионаты, метилтестостерон, тестостерон энантаты, флутамид, феноболин, ретаболил.

Есте сақтауға (рецепт жазуға) арналған п репарат тар: окситоцин, трийодтиронин гидрохлориді, мерказолил, актрапид, преднизолон, беклометазон дипропионаты,  эстрадиол  дипропионаты, прогестерон, ретаболил.

7. Бақылау

1.Сабақтың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау;

2.Негізгі гормондық препарттарға рецепт жау, талдау, бірретттік дозасын есептеу. Талдауда тобын, негізгі фармакологиялық әсерлерін, қолдануға көрсетулерін, жанама әсерлерін көрсету.

3.Тесттік тапсырманы орындау.

Тест тік тапсырмалар:

Тест № 1

Қантсыз диабетті емдеу үшін қолданылатын гормондық препарат

1.Прогестерон 

2.Окситоцин

3.Тиреоидин

4.Десмопрессин

5.Инсулин

Тест № 2

Қалқанша безінің гипофункциясында қолданылады

1.Трийодтиронин гидрохлориді

2.Кальцитрин 

3.Паратиреоидин 

4.Мелатонин

5.Тиротропин

Тест № 3

Кальцитонин өндіріледі

1.Аденогипофизде

2.Эпифизде 

3.Калқанша маңы безінде

4.Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатында

5.Калқанша безінде

Тест № 4

Гипогликемиялық комада қолданылады

1.Инсулин  

2.Акарбоза   

3.Адреналин  

4.Глибенкламид 

5.Глипизид

Тест № 5

 Амин қышқылдарының туындыларына жататын гормондар

1.Ұйқы безінің гормондары

2.Гипоталамус және гипофиздің гормондары

3.Қалқанша маңы безінің гормондары

4.Эпифиз безінің гормондары

5.Жыныс безінің гормондары

Тест №6

Синтетикалық глюкокортикоидтарға жатады

1.преднизолон

2.дексаметазон

3.гидрокортизон

4.беклометазон дипропионаты

5.флуметазон пивалаты

Тест № 7

Эстрогендерді қолдануға көрсетулер

1.Аналық бездердің жетілмеуі   

2.Климакстық бұзылыстар

3.Сары дене қызметінің жеткіліксіздігі   

4.Куықасты безінің қатерлі ісігі       

5.Босанғаннан кейінгі кезеңде лактацияны тежеу үшін

 

Тест № 8

Препаратты қасиеті бойынша анықтау.

Преднизолонның құрамында фторы бар туындысы. Қабынуға қарсы белсенділігі гидрокортизоннан 5 есе артық, ағзадан натрий, хлор, калий иондарының және судың шығарылуына мүлдем әсер етпейді. Жанама әсерлері: бұлшықеттің атрофиясы, тәбеттің жоғалуы, депрессия.

1.Гидрокортизон

2.Кортикостерон

3.Преднизолон

4.Дексаметазон

5.Триамцинолон

Тест № 9

Глюкокортикоидтарды қолдануға көрсетулер:

1.Аутоиммунды аурулар    

2.Кант диабеті        

3.Мүшелер мен тіндердің транслантациясында

4.Терінің және шырышты қабықтың аурулары   

5.Жаңа туған нәрестелердегі тыныс алудың бұзылысы синдромы

 

Тест № 10

Стероидты құрылысты гормондарға жатады:

1.Калқанша безінің тиреоидты гормондары

2.Жыныс бездерінің гормондары

3.Бүйрек үсті безінің қыртысты қабаты гормондары

4.Гипоталамус және гипофиз бездерінің гормондары

5.Уйқы безінің гормондары

 

№20 сабақ

1. Тақырыбы «Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы заттар»

2. Мақсаты: белгілі патологиялық жағдайларда препараттар таңдауын қамтамасыз ету үшін, соның ішінде стоматология практикасында да, қабынуға қарсы және аллергияға қарсы заттардың фармакокинетика және фармакодинамиканың жалпы заңдылықтар білімін қалыптастыру, рецепт жазуды білу.

3. Оқыту міндеттері:

1.Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы заттардың жіктелуімен танысу.

2.Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы заттардың фармакокинетика және           фармакодинамиканың жалпы заңдылықтарын оқу.

3.Клиникалық практикада, соның ішінде стоматолог дәрігердің тәжірибесінде қабынуға қарсы және аллергияға қарсы заттардың негізгі қолдануға көрсеткіштерін оқу.

4.Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы заттардың рецептте жазылуын, бір реттік және тәуліктік мөлшерлерді санауды үйрену, соның ішінде стоматологияда.

5.Препараттың жеке ерекшеліктерін және қасиеттерін ескере отырып, қабынуға қарсы және аллергияға қарсы заттардың енгізу жолдарын, мөлшерлеу режимінің принциптерін оқып білу.

6.Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы заттардың комбинирлеу мүмкіншіліктерін оқып білу.

7.Жанама әсерлерін және оларды алдын алу жолдарын оқып білу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Қабынуға қарсы заттардың жіктелуі.

2.Стероидты қабынуға қарсы заттар, қабынуға қарсы әсерінің механизмі, салыстырмалы сипаттамасы, енгізу жолдары, жанама әсерлері.

3.Стероидты қабынуға қарсы заттардың аллергияға қарсы және иммунодепрессивті әсерлерінің мүмкін болатын механизмі.

4.Стероидты емес қабынуға қарсы заттардың негізгі әсерлері және олардың мүмкін болатын әсер механизмі.

5.Препараттардың қабынуға қарсы, ыстық түсіруші және ауру сезімді басушы әсерлері бойынша салыстырмалы сипаттамасы.

6.Аллергияға қарсы препараттардың жіктелуі және әсер ету механизмі, олардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы, жанама әсерлері.

7.Гистаминге қарсы, серотонинге қарсы (ципрогептадин) және брадикининге қарсы (пармидин) препараттар.

8.Баяу дамитын аса жоғары сезімталдылықта қолданылатын препараттар.

9.Анафилактикалық шокта қолданылатын заттар (адреномиметиктер, бронхолитиктер, тіннің зақымдалуын азайтатын заттар)

10. Кромолин-натрий мен кетотифеннің әсер ету принциптері және қолданылуы.

11. Иммунодепрессанттар. Жіктелуі. Әсер ету механизмі. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

12. Иммунодепрессанттарды қолдануға көрсеткіштер.

13. Иммунодепрессивті терапияның асқынулары (ерте және кеш).

14. Иммуномодулирлеуші заттар. Баяу дамитын аса жоғары сезімталдылықта қолданылатын заттар.

15. Иммуногенезді тежейтін заттар. Тіннің зақымдалуын азайтатын препараттар (қабынуға қарсы заттар).

5. Білім беру және оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды және жағдайлық есептерді шешу, кіші топтарда жұмыс істеу, кестелерді, суреттерді және сызбаларды сараптау, қорытынды жасау, рецепттерді жазу және талдау, бір реттік мөлшерін есептеу.

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2004.- 608б

2.Харкевич Д.А. Фармакология. Издание восьмое –М.: Медицина ГЭОТАР, 2008. –. Б. 529-558.

3.Харкевич Д.А. Фармакология. Издание восьмое –М.: Медицина ГЭОТАР, 2005. – Б. 241-247.

4.Руководство к лабораторным занятиям / Под ред. Д.А.Харкевича. Медицина, 2005. Б. 129-136, 331-334.

 Қосымша :

1.Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое - М.: Медицина, 2007.– 1200 б.

2.Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и даполненное: учебное пособие – М.: ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

3.В.Р. Вебер, Б.Т. Мороз. Клиническая фармакология для стоматологов.-С-П.:2003.-б.351

4.Клиническая фармакология./Под ред. В.Г. Кукеса. –ГЭОТАР.: Медицина, 2004.– 517 б.

5.Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 б.

6.Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. – Клиническая фармакология. - М.: Медицина, 2002, т.1-2.- 669. б.

7.Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.:Медицина, 2000-740 б.

8.Крылов Ю.Ф., Бобырев В.М. Фармакология: Учебник для студентов стоматологического факультета. –М., 1999 ж.

9.Базисная и клиническая фармакология. /Под ред. Бертрам Г. Катцунг. – М.: С-П.: Невский диалект, 1998.-т. 1 – 669. б.

10. Комендантова М.В., Зорян Е.В. Фармакология. Учебное пособие.-М.: 1988. б-206.

Бағдарламалық препараттар: гидрокортизон, преднизолон, дексаметазон, триамцинолон, флуметазон пивалаты, беклометазон дипропионаты, ацетилсалицил қышқылы, бутадион, ибупрофен, индометацин, пироксикам, диклофенак-натрий, напроксен, мелоксикам, кромолин-натрий, кетотифен, димедрол, диазолин, ципрогептадин, лоратадин (кларитин), бета-адреномиметиктер, ксантиндер, пармидин, фексофенадин.

Рецепт жазуға арналған препараттар: преднизолон, ацетилсалицил қышқылы, ибупрофен, индометацин, диклофенак-натрий, напроксен, мелоксикам, димедрол

Бақылау:

1.Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

2.Негізгі холинергиялық заттарды рецептте жазу және талдау. Талдауда тобын, негізгі фармакологиялық әсерлерін, қолдануға көрсеткіштерін, жанама әсерлерін көрсету.

3.Тапсырмаларды тесттік түрде орындау.

Тесттік тапсырмалар


Дата добавления: 2021-04-23; просмотров: 63; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!