Обучающихся с переводом в традиционную шкалу оценок

Постреквизиттер:

Пән бойынша алынған білім ішкі істер органдары қызметінде психологияның теориялық негіздері, педагогика, психология, тілді меңгеру, философия, социология, заңгерлік педагогика және психология пәндерін оқыту барысында қолданылады.

 

2.4 Пәннің қысқаша сипаттамасы:

«ІІО қызметкерлерінің практикалық қызметке кәсіби-психологиялық дайындығы» пәні курсантқа психологияның негізгі түсінігін зерделеуге көмек береді. Жалпы психологиялық принциптер мен түсініктерді дұрыс меңгеру үшін қажетті базалық ұғымдарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, өзін-өзі реттеу, іскерлік кәсіби қарым-қатынасты, әртүрлі өмірлік жағдайларда дұрыс бағытты ұстанудың дағдылары мен біліктілігін қалыптастыруға әсерін тигізеді және т.б.

Пәнді өткізу мақсаты.

Пәнді өткізу мақсаты кез-келген қиын жағдайларда өзіндік объективті психологиялық ерекшеліктер бойынша курсанттарды табысты кәсіби қызметке практикалық дайындау, олардың болашақ қызметте кәсіби сауатты, нақты, жұмысқа жоғары қабілеттілікпен әрекет етуге дайындықтарын қалыптастыру және ішкі істер органдарына тән стресс-факторларына қарсы төтеп беруге психологиялық тұрақтылықты арттыру болып табылады. 

Пәнді оқытудың міндеттері:

- курсанттарды экстремалды жағдайларда құқық қорғау қызметінің қиындықтарын, оларды анықтау, талдау, кәсіби әрекеттер шешімін қабылдау және орныдауды түсінуге қажет психологиялық біліммен қамтамасыз ету;

- құқық қорғау қызметінде кездесетін психологиялық қиындықтарды сауатты жеңуге дамыту және тұрақтылықты бекіту;

- психологиялық қасиеттердің табысты орындалуы үшін қажетті кәсіби дамыту;

- қиын жағдайларда маңызды кәсіби дағдылар мен біліктіліктерді көрсетуді қамтамасыз етуші психологиялық төзімділікті қалыптастыру (сенімділікті арттыру);

- кез-келген қиын және қызметтің қауіпті жағдайларында барлық кәсіби әрекеттердің жоғары тиімді орындалуына әсер етуші ерекше сипаттамаларды, дағдылар мен біліктіліктерді, психологиялық қасиеттерді қалыптастыруды дамыту.

 

2.5. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі:

 

Жұмыс түрлері Мазмұны және мақсаты Ұсынылған әдебиеттер тізіміне сілтеме Бақылау нысаны (рейтинг шкалаға сәйкес) Балл (рейтинг шкалаға сәйкес) Есеп беру нысаны Тапсыру мерзіні
1 2 3 4 5 6 7 8
1 реферат Өткен курс бойынша алған теориялық білімдерін талдау және қорытынды жасап, бекіту Силлабус-ң 3.7 т. қ. Рефератты ауызша түрде қорғау 1,33 -тен 4,0-ге дейін реферат Практикалық сабақтарда оқытушының келісімімен
2 эссе Өткен курс бойынша алған теориялық білімдерін талдау және қорытынды жасап, бекіту. Өткен тақырып бойынша өз ойын білдіру Силлабус-ң 3.7 т. қ. Эссені жазбаша түрде тапсыру 1,33 -тен 4,0-ге дейін эссе Практикалық сабақтарда оқытушының келісімімен
3. Жазбаша жұмыс Пән бойынша курсанттарларға әр тақырыпты түсіндіру. Сабаққа дайындалу үшін, әр тақырыпқа ұсынылған әдебиеттерді пайдалану. Межелік бақылау 1,33-4,0 баллға дейін Жазбаша жұмыс КОӨЖ сабақ кестесі мен оқу жоспарына сәйкес
4. Межелік бақылау Пән бойынша курсанттарларға әр тақырыпты түсіндіру. Сабаққа дайындалу үшін, әр тақырыпқа ұсынылған әдебиеттерді пайдалану. Межелік бақылау 1,33-4,0 баллға дейін Тесті леу 7 және 15 апта
5. Емтихан тапсыру Білімдерді тексеру Сабаққа дайындалу үшін ұсынылған әдебиеттерді пайдалану. Қорытын- ды бақылау 1,33-4,0 баллға дейін Ғылыми кеңес шешімі бойынша 2019ж. қыркүйек КОФ оқу жоспарына сәйкес

 

2 .6. К урс тың саясаты . Курсант оқу сабақтарының кестесіне сәйкес дәріс, семинарлық және практикалық сабақтарға үнемі қатысуға және оларға дайындалуға міндетті. Уақытымен жазбаша және ауызша тапсырмаларды берілген тапсырмаларға қойылған талаптарды сақтай отырып, орындауы қажет. Курсанттың оқытушымен бірлесе және онсыз өзіндік жұмысының аясында қарастырылған тапсырмалардың шегінде сабаққа уақытында және жауапкершілікпен дайындалуы қажет. Сабаққа дейінгі және одан кейінгі курсанттардың тәртіптері бойынша, сонымен қатар дәріс, семинар, практикалық сбақтардың өткізілу уақытында профессорлық-оқытушылық құрамның талаптарын орындау керек. Сабақ уақытында курсанттың оқытушымен қарым-қатынас орнату барысында құқықтық білімнің жүйелігі, олардың динамикасын түсіну, өзін-өзі оқыту қабілеттілігі, заманауи заңнамаларды оңтайлы қабылдауға қалыптасатын болғандықтан сабаққа қатысу міндетті түрде қажет. Әртүрлі сабақтарға қатысу режимі сабақ кестесімен белгіленеді.

Дәрісті босатып алған курсанттар кафедрада бар қор дәрісін және ұсынылған әдебиеттерді зерделей отырып, оны толықтай дәптерге жазып алуға міндетті; Семинарды босатқан немесе қанағаттанарлықсыз баға алған курсанттар ұсынылған әдебиет бойынша тақырыпты зерделеп, оқытушыға сабақ өтілімін тапсыруға міндетті; Практикалық сабақты босатқан курсанттар оқытушыдан оны орындау туралы консультация алып, қажетті материалдарды меңгеріп, тапсырманы толығымен орындауы және белгіленген уақытта оны тексеруге ұсынуы қажет.

Пәнді зерделеу барысында курсанттар келесі ережелерді сақтауы қажет:

- төзімді болуы, ойын ашық білдіруі, оқытушымен және курстастарымен ашық сөйлесуі;

- сабақққа кешікпеуі; сабақты себепсіз босатпауы; сырқаттанып қалған жағдайда анықтаманы көрсетуі, басқа жағдайларда – түсініктеме жазбаны ұсынуы;

- нормативтік-құқықтық актілерді және ұсынылған әдебиеттерді конспектілеуі;

- оқытушы берген үй тапсырмасын уақытымен дайындауы, оқу процесіне белсенді қатысуы;

Қорытынды және ағымдағы үлгерімді өткізу үшін білімді және біліктіліктің деңгейіне межелік бақылау ұйымдастырылады. Баға ағымдағы бақылаудың нәтижесін ескере отырып, анықталады және журнал мен ведомостың жеке графасына қойылады.

2 .7. Ұсынылған әдебиеттер тізімі

№ р / с Автор, атауы Жылы, басылым орны

1. Нормативтік-құқықтық актілер

1 Қазақстан Республикасының Конституциясы Алматы 1995
2 «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының заңы 23.04.2014 г. № 199 – V ЗРК ҚР  23.04.2014 г. № 199 – V ЗРК Заңы

2. Негізгі әдебиеттер

1 Васильев В. Л. ­Юридическая психология-­СПб­513­с. Спб, 2003
2 Еникеев М. И.­Юридическая психология, - 225­с ­М: Изд-во Проспект­, 2010
3 Романов В. В.­Юридическая психология, -  477­с. ­М: Юристъ
4 Чуфаровский Ю. В. Юридическая психология ­ учебник для высших юридических заведений.. М., Просвещение, 1998
5 Чуфаровский Ю. В. ­ Юридическая психология-­ Вопросы и ответы.  21 –с М., Эксмо, 1999
6 Гиппенрейтер Ю. Б. ­ Введение в общую психологию 9­ курс лекций.  241­с. М., Апрель, 1998
7 ГодфруаЖ.­Что такое психология. М., Мир, 1991
8 Еникеев М. И. Основы общей и юридической психологии . М., Просвещение, 1998
9 Науменко Е. А. Юридическая психология ­ учебное пособие. Томск, 2005
10 Котов Д.П., Шиханцов Г.Г. Психология следователя. Воронеж, 1997.
11 Выготский Л.С. Развитие высших психических функций. М.: Изд. АПН РСФСР, 1987.  
12 Громова Е.А. Эмоциональная память и её механизмы М. Просвещение, 1980.
13 Немов Р.С. Общая психология: Учебник для студентов вузов. М.: Гуман .изд.центр ВЛАДОС, 2005.  
14 Общая, социальная и юридическая психология: Учебник для вузов / М. Еникеев. СПб.: Питер, 2007.  
15 Психология. Учебник для гуманитарных вузов/ Под ред. В.Н. Дружинина. СПб.: Питер, 2002.  
16 Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии: В 2 томах. Т.1. М.: Педагогика, 1989.  
17 Смирнов А.А. Проблемы психологии памяти.   М.: Просвещение. 1982.  
18 Каримов И.А. Узбекистан на пороге XXI века: угрозы безопасно-сти, условия и гарантии прогресса Ташкент, 1997.  
19 Айзенк Г. Узнай свой собственный коэффициент интеллекта. Нижний Новгород, 1994.  
20 Асямов С.В. Психологический анализ оперативно-розыскной ситуации и тактики действий оперативного работника. Ташкент, 1995
21 Волков А.А. Психологическая подготовка сотрудников органов внутренних дел и ее практическое значение в повышении их про-фессионального мастерства. М., 1986.
22 Гарибян С.А. Школа памяти. М.,1992.  
23 Гримак Л.П. Резервы человеческой психики. М., 1989.
24 Гришин В.В., Лушин П.В. Методики психодиагностики в учебно-воспитательном процессе. М., 1990.
25 Еникеев М.И., Черных Э.А. Психология следователя. М., 1994.
26 Как предупредить стресс и его последствия. Ташкент,1993.  
27 Карнеги Д. Как завоевывать друзей и оказывать влияние на людей. Ташкент, 1997.  
28 Коломеец В.К. Вопросы специальной психологической подготов-ки работников милиции. М., 1979.  
29 Леви В. Искусство быть собой. М., 1995.  
30 Лезер Ф. Тренировка памяти. М., 1996.
31 Линдеман Х. Система психофизического саморегулирования. Т., 1996.  
32 Методика проведения занятий по профессионально-психологической подготовке милиционеров, обучающихся в системе первоначальной подготовки. М., 1989.
33 Ниренберг Д., Калеро Г. Как читать человека словно книгу. М., 1996.
34 Общая психология: курс лекций. - 448 с  М.: ВЛАДОС, 1998.
35 Столяренко Л.Д. Основы психологии учебное пособие. - 734 с. Ростов-на-Дону: Феникс, 1997
36 Лапшин В.Н. Личность работника органов внутренних дел как субъект и объект управленческой деятельности: лекция Лапшин Н.А., Минжанов. - 22 с. Караганда: Изд-во КВШ МВД РК, 1995.
37 СундиевИ.Ю. Психология социальных групп и межличностных отношений, значение ее анализа для совершенствования правоохранительной деятельности [лекция]. Сундиев. - М. Изд-во - 32 с МВШМ МВД СССР, 1990.
38 Психологическое обеспечение профессиональной деятельности сотрудников ОВД материалы Всеросийской научно-методической конференции. - 60 с. Омск ОВШМ МВД РФ, 1994.
39 Андросюк В. Г. Педагогика и психология в деятельности органов внутренних дел.Часть общая В.Г.Андросюк, А.В.Ромашко. - 92 с. Киев: Изд-во КИЕВ.ВШ МВД СССР, 1988.
40 Трофимов, Я.Ф.Психология и педагогика в деятельности сотрудников органов внутренних дел сборник учебно-методических материалов / Я.Ф. Трофимов А.А. Шилов. – Караганда Изд-во КВШ МВД РК, 1992
21 Сборник учебно-методических материалов по дисциплине "Психология и педагогика в деятельности правоохранительных органов" для слушателей факультета N1 следственно-криминалистической специализации 27 с. Караганда: Изд-во КВШ КНБ РК, 1998.
22 Минжанов, Н. А.    Сборник учебно-методических материалов по дисциплине "Психология и педагогика в деятельности ГСК" для слушателей факультета очного обучения(следственно-криминалистическая специализация). - 27 с Караганда : Изд-во КВШ ГСК РК, 1996
23 Психологическое обеспечение профессиональной деятельности сотрудников ОВД [Текст] материалы Всеросийской научно-методической конференции. -60 с. Омск Изд-во ОВШМ МВД РФ, 1994.
25 В.Л.Васильев, Юридическая психология М. «Юридическая литература» 1991

3. Қосымша әдебиет

26 Скалкова Я. Методология и методика педагогического исследования. М., Просвещение, 1995
27 Скаткин М.Н. Методология и методика педагогических исследований. Методология в сфере теории и практики \ Под.ред. А.Л.Симонова, В.Н. Карпович М., Просвещение, 1996   Новосибирск, 1988
28 Внедрение достижений педагогики в практику школы. \ Под ред. В.Е. Гмурмана.- М.: Педагогика, 1981
29 Полонский В.М. Оценка качества научно–педагогических исследований. М.: Педагогика, 1987
30 Введение в научное исследование по педагогике: учеб. пособие для студ. пед.ин-тов / Под ред. В.И. Журавлева М.: Педагогика, 1988
31 Новиков А.М. Научно-экспериментальная работа в образовательном учреждении. М., Просвещение, 1996
32 Кыверялг А.А. Методы исследований в профессиональной педагогике. Таллинн, 1980.
33 Аникеев Н.П. «Психологический климат в климат в коллективе» М. Просвещение, 1989
34 Леоньтев А.А. Педагогическое общения Ростов на Дону, Феникс, 2000 
35 Платонов К.К.Краткий словарь психологических понятий М.Политиздат, 1990
36 В.В.Богословский Общая психология М.Просвещение 1973
37 Столяренко Л.Д. Психология М. Просвещение 2005
38  В.В.Богословский, А.Г.Ковалев, А.А.Степанова, Общая психология М. Просвещение 1981

4. Ғаламтор көзі

1 2 3 4 5 http://www.engectver.ru/Konferenciya/3s/morozov.php https://ru.wikipedia.org/wiki http://ped_recheved.academic.ru http://sapunova58.narod.ru/lk-pr_sppo.htm https://lib.nspu.ru/umk/4b7eb

2 .8 Пән бойынша сабақ жүргізудің тақырыптық жоспары

 

Р/с

Тақырып нөмірі

Тақырып атауы

Кредиттер саны ( сағат )

Аудитор иялық сағат

КОӨЖ

КӨЖ

Дәріс С еминар лық сабақ Практикалық сабақ
1. Т 1 ІІО қызметкерлерінің кәсіби психологиялық дайындығының ұғымы, мақсаттары және міндеттері. 12 1 1 2 1 7
2. Т 2 ІІО қызметкерлері қызметінің психологиялық ерекшеліктері. 12   1 3 2 6
3. Т 3 ІІО қызметкерлерінің эмоционалдық-жігерлік еріктерін реттей білулері.   15 1 1 3 3 7
4. Т 4 Ішкі істер органдары қызметкерлерінің коммуникативтік дайындығы. 12   1 3 2 6
5. Т 5 Қарым-қатынас құралдары мен коммуникативтік әсер етудің әдістері. 12   1 3 3 5
6. Т 6 Кәсіби қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту. 12   1 3 2 6
7 Т 7 Ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби-психологиялық тренингілер өткізу әдістері мен оны ұйымдастыру қағидаттары. 15 1 1 3 2 8
    БАРЛЫҒЫ 90 3 7 20 15 45

2.9. Сабақ жоспары:

Дәріс тақырыбы 1: ІІО қызметкерлерінің кәсіби психологиялық дайындығының ұғымы, мақсаттары және міндеттері

Дәріс – 1 сағат

Дәріс мақсаты: Қызметкерлердің кәсіби шеберлігі туралы білім алушылардың білімін тереңдету, білім алушылардың кәсіби-психологиялық дайындығының негізгі компоненттері туралы олардың түсініктерін кеңейту.

Дәріс жоспары:

1. Заң психологиясын дамытудың тарихы.

2. Заң психологиясының түсінігі. Оның білімнің басқа салаларымен байланысы.

3. Заң психологиясының міндеттері, зерттейтін объектісі және пәні.

Дәріс тезистері.

Заң психологиясының дамуы құқықтық психологияның, көзқарастың даму тарихымен байланысты жүзеге асады. Құқықтың, заңның пайда болуымен бірге адамдардың заңға, құқыққа, заңдылыққа деген көзқарастарының, ойларының, қатынастарының дамуы негізінде әділеттілік пен құқықтылық туралы жалпы адамзаттық түсініктер қалыптасты. Құқықтың мәні мен құқықтық санасы теориялық пайымдаулардың негізін ежелгі грек философтары салған. Сол кездің өзінде заңның тиімділігі адамдардың мінез-құлығының табиғи заңдарымен байланыстырылды.

ХVIII ғ. алдыңғы қатарлы ойшылдары адамзат қоғамын сауықтыру үшін, олардың өмір әрекетіне еркіндік беру қажеттігін түсіне бастады. Кант, Руссо, Вольтер, Дидро, Монтескье және т.б. либерализм мен құқықтық мемлекет туралы концепцияны қалыптастырды. Аталған философтар құқық тек тыйым салудан ғана емес, рұқсатты танудан да тұруы керек дейді. Қоғамның әрбір мүшесі ақыл-ойы, адамгершілігі толық жан ретінде танылуға тиіс. Әрбір жеке адамның одан айыруға жатпайтын құқықтары міндетті түрде танылуы керек. Адамдарға ойлауға, ойлағанын анық айта білуіне, өзінің мүмкіндіктері мен меншіктерін еркін пайдалана білуге рұқсат етілуге тиіс. Жеке адам мемлекет алдында белгілі бір жауаптылыққа ие, сондай-ақ мемлекет те жеке адамның алдында жауаптылығын сезінеді. Осы сәттен бастап, жаңа құқықтық дүниетанымының қалыптасуы басталады. Құқық қоғам сезінетін әлеуметтік әділдіктің өлшемі, жеке адамның әлеуметтік еркіндігінің шамасы ретінде айтыла бастады. 1789 жылғы Ұла француз революциясының жеңісінен кейін адам мен азаматтың құқықтарының Декларациясы қабылданды. Оның бірінші бабында адамдар азат болып туады және солай болып қалады, тең құқылы деп жазылған. Бұл Декларацияға азаттыққа мынадай анықтама берілген: «Азаттық өзгеге зиянын тигізбейтін кез-келген өмір әрекеті белсенделегінің мүмкіндігі. Азаттықтың шектері заңмен белгіленеді. Заң тыйым салмағанның бәрін жасауға болады»ю Осы жаңа құқықтық идеология адамзаттың белсенділігінің, іскерлігінің негізін бұғаудан босатты. Көпшіліктің құқықтық сауаттылығы кеңейе түсті.

1791 жылы жаңа қылмыстық кодекс қабылданып, ол осы заманға сай қылмыстық-құқықтық көзқарастың негізгі қағидаларына жол берді. Яғни заңда көрсетілген жағдайлар ғана қылмыстық болып табылады, жазалау қажет және ол қылмысқа сай болу қажет. Кінәлаушы соттау нысаны сөз, пікір таластырушы нысанға ауыстырылды, кінәсіздік презумпциясы енгізілді, құқықтық қатынасқа қатысушы заңдық тепе-теңдік бекіту, присажныйлар сотының енгізілуі және т.б. жүзеге асырылды. Кінәсі дәлелденбеген жағдайларда ақтап үкім шығару міндетті болды. Кінәсізді қорғауға алуға құқылы болды, кінәні дәлелдеу айыптаушыға жүктелді. Өзгерістер адамдардың экономикалық іс-әрекет саласына байланысты құқықтық байланыстар да жүрді. Құқықтық мемлекет азаматтық қоғам еркін экономикалық дамудың негізінде ғана пайда бола алады.

Осылайша қарағанда, құқық – тарихи негізделген әлеуметтік-психологиялық құбылыс. Оның мазмұны мен қызметі қоғамның экономикалық және рухани өмірінің жағдайларымен анықталады. Құқық сол қоғамдағы адамдардың азаттығы мен әлеуметтік әділдігінің, қажетті мінез-құлығының шамасын анықтайды, белгілейді. қоғамның ілгері дамуын тежейтін, ондағы экономикалық және адамгершілік психологиялық мүмкіндіктерді ескермейтін құқықтық ережелердің ғұмыры қысқа. Ағарту дәуірінде туған, дүниеге қазіргі құқықтық көзқарас тұрғысынан алғанда, құқықтық азаматтық пен азаматтық жауаптылықтың теңестіруші, реттеуші құрал. XVIII- ХІХ ғ. жаңа құқықтық көзқарастың негізінде психологиялық заң білімдерінің арнайы салалары криминология және сот психологиясы пайда болды. Криминалдық психологияның негізінде қылмыстық мінез-құлық психологиясы мен қылмыскердің жеке басының психологиясы туралы деректер жинала бастады. ХІХ ғ. соңында криминалистика мен эксперименталдық психологияның қалыптасуына байланысты сот психологиясы қарқынды қалыптаса бастады. Криминалистиканың негізін салушы Ганс Гросс сот психологиясын жалпы психологияның қолданбалы саласы ретінде қарастырды. Белгілі француз психологы Э.Клаперд сот психологиялық мәселелер көлемін мейлінше кеңейтіп, ХІХ ғ. ІІ жарт. «Заң психологиясы» ұғымын енгізді.

ХІХ-ХХ ғ. басында Россияда заңгер және әлеуметтанушы Л.И.Петражицкий негізін салған құқықтық психология мектебі қалыптасты. Оның пікірінде құқық пен мемлекет туралы психикалық құбылыстарды талдауға тиісті делінген. 1909 жылдан бастап сот психологиясы мен кәсіби психологтар айналыса бастады және криминологиялық институт ашылды. Сот психологиясында қылмыстық іске қатысушылардың, куәнінң психикасын зерттеу, алдауды анықтаудың диагностикасына қатысты негізгі мәселелердің ауқымы белгілі болды. Төңкерістен кейінгі жылдарда қылмыскерлердің әр түрлі топтарын қылмыстың психологиялық алғышарттарын, жекелеген сотқа қатысушылардың психологиясын, сот психологиялық сараптама мәселелерін, құқық бұзушылардың түзетудің психологиясын зерттеу жұмыстары кеңінен жүргізілді. 1925 жылы Москвада әлемде бірінші болып «Қылмыскер мен қылмысты мемлекеттік зерттеу институты» құрылды. 1929 жылға дейін институт 300 жуық ғылыми жүмыстарды жарыққа шығарды. Алайда 1930 ж басындағы жағдайлар сот психологиялық зерттеулердің тоқтатылуына әкеп соқты. Адамның шығармашылығындағы дүниетанымдық, ойлауындағы, азаттық, құғынға ұшырады. Адамның жасаушы рухы қудаланып, психикасына ауытқушылықтар түсті. «Революциялық заңдылық» ұғымы адам құқығын бұзылу құралына айналды. Осылайша 1960 ж. ортасына дейін заң психологиясының мәселелері, сұрақтары ұмтылды.

Бұл салалардағы өзгерістер 1966 жылы елдің заң оқу орындарында жалпы және заң психологиясын оқыту енгізілгеннен кейін ғана жүре бастады. Сол жылдан бастап Қазақстанда да психологияның тәжірибеге бағытталған жеке салалары дами бастады. Психологияның басқа да қолданбалы салалары ұшін тиісті мамандармен қоғам жағынан сұраныстың болмауына байланысты дамуғы мүмкіндігі болмады. 1960 ж. соңы мен 1970 ж.басында тергеу мен іздейдің психологиялық жақтарына арналған алғашқы еңбектер дарық көре бастады. Профессор Г.Г.Досполовты «Психология показания свидетелей и потерпевших», «Психология допроса в предварительном следствии», «Психология допроса в уголовном процессе» деген еңбектерін атап өтуге болады. Жақын арыда осы автордың «Психология предварительного расследования» деген еңбегі шықты. Автор бұл еңбегінде тергеу қызметкерінің психологиясына кеңінен тоқталған. Сонымен қатар, 1984 ж. Е.К.Нурпейісовтың «Психология правомерного поведения» және «Оптимизация предварительного следствия» деген кітаптары жарық көріп, онда қылмысы ашу процесінің жүйелі категориялары талданған. Осы салада жемісті еңбек етіп келе жатқан профессор У.С.Жекебаевтың «О социально психологических аспектах преступного поведения», «Преступность, как криминологическая проблема», «Мотивация преступления уголовной ответственности» деген еңбектері бар.

Аталған еңбектер ішкі істер министрлігі жүйесіндегі оқу орындарында мамандар даярлаумен құқық қорғау органдарының күнделікті практикалық сұранымдарына сәйкес келеді. Қазіргі ұйымдасқан қылмыстың құқық бұзушылықтың өсіп отырған жағдайында Ішкі істер министрлігі, прокуратура, Әділет министрлігі салалары психологиялық талдамаларымен және білекті мамандармен қамтамасыз ету қажеттлігі туындап отыр.

Заң психологиясының алдында тұрған бірінші кезектегі міндеттерге құқықтық тәрбие мен құқықтық насихаттың психологиялық негізделген әрекеттеррін жасау; құқық, бұзушылықтың әлеуметтік психологиялық көздерін зерттейді; қоғамдық және дара санадағы ауытқушылықтарды анықтап отыр. Олардың алдын алуға қатысты ұсыныстарды қабылдау; құқық қорғау органдары іс-әрекетінің психологиялық негіздері мен олрады жетілдірудің құралдарын зерттеу; сот-психологиялық сараптамасының түрлеріне қатысты оқу әдістемелік құралдарды жасау. Ішкі істер министрлігінің жоғары және орта арнайы құқық орындарының тілектерін, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің психологиялық даярлаудың көлемін ұлғайту.

Құқықтық реттеу жүйесінің қызметкерлері күнделікті мінез-құлықтар көріністерімен жүздесе отырып, адам психологиясы туралы жалпы танымдық түсінік алады. Бірақ та жүйесіз жалпы танымдық психологиялық түсініктер жеке адамның құқықтық санасының кемістіктерін білікті талдауға және құқықтық маңызды мінез-құлықтың психологиялық механизмдерін білуге жеткіліксіз. Азаматтық-құқықтық реттеу барысында келісімді қатынастар үшін психоллгия саласынан білімдер қажет.

Психологиялық білім заңгер үшін негізгі қылмыстық-құқықтық категориялардың мәнін терең ұғыну үшін де (мысалы: кінә, мақсат, ниет-түрткі, қылмыскердің жеке басы және т.б), жекеленген мынандай заңгерлік сұрақтарды шешуге байланысты да (сот-психологиялық сараптамасын тағайындау, қылмыстың құрамын анықтау, күшті жан күйзелісін анықтау арқылы кіәлінің жауапкершілігін жеңілденуге байланысты жекеленген баптарды жүзеге асыру үшін де) қажет.

Заң психологиясының біздің қағымымызда алатын орны ерекше маңызды. Қоғам өміріндегі әлеуметтік жаңаруға байланысты демографиялық құқықтық сананың, құқықтық мемлекет жағдайындағы мінез-құлық стереотиптерін қалыптастырудың механизмдерін зерттеудің үлкен қажеттілігі туып отыр.

Заң психологиясы – психологиялық заңдылықтар мен психологиялық білімдердің заңгерлік әрекет пен құқықтық реттеудің барысындағы көрінуі мен қолдануын зерттейді.

Заң психологиясы күрделі де көп жақтылы пән, болашақ мамандарды құқықтық реттеудің әлеуметтік-құқықтық мәнін түсіне білуге, құқықтық реттелетін қатынастар саласындағы адамдардың мінез-құлығының психологиялық ерекшеліктерін тани білуді қамтамасыз етуге арналған. Құқықтық реттеу қоғамдық және әлеуметтік-психологиялық заңдылықтармен тікелей байланысты. Құқықтық білім мен сана адам мінез-құлығының психологиясымен де тығыз байланысты.

Заң психологиясы қылмыскердің қылмыстық әрекетінің мотивациясына жүйелі талдау жасауға, құқық қорғау және заң қызметкерлерінің кәсіби әрекетін ұйымдастыруда құрылымдық мүмкіндікті береді.

ХХ ғасырдың соңында дербес білім саласы ретінде пайда бола отырып, бүгінде заң психологиясы заңгерлік білім берудің құрамды бөлігіне айналды, сөйтіп «адамдар факторына» негізделген құқықтың барлық салаларын қамтыды. Заң психологиясы сонымен қатар психологиялық фактілерді есепке ала отырып, құқық шығарушы, құқық қолдаушы, құқық қорғаушы және пенитенциарлық іс-әрекеттердің тиімділігін арттырудың мәселелерін де зерттеп қарастырады.

Заң психологиясы- бұл жеке адамның және оның іс-әрекетінің құқықтық реттеу жағдайларындағы түрліше аспектілерін зерттейтін ғылым. Заң деонтологиясы немесе заң психологиясы – ғылым саласы ретінде жалпы және арнаулы міндеттерді қарастырады. Жалпы міндеттеріне: заң және психологиялық білімдерінің ғылыми негіздерін жинақтау, құқықтық категориялар негізінде психикалық ерекшеліктерді ашу жатады.

Заң психологиясының өзге ғылымдар сияқты өзіндік зерттеу пәні бар. Заң психологиясының міндеттері мынандай:

ü Психологиялық және заң білімдерін ғылыми тұрғыдан жинақтау, біріктіру;

ü Негізгі құқықтық категориялардың психологиялық заңгерлік мәнін ашу;

ü заңгерлердің өз іс-әрекетінің негізгі объектісі- адамның мінез құлығын терең түсінуін қамтамасыз ету.

ü түрлі құқықтық қатынас субъектілерінің психикалық іс-әрекетінің ерекшеліктерін және құқық қолдану мен құқық қорғаудың әртүрлі жағдайларындағы психикалық қалыптарын ашу.

ü қоғам өмірін құқықтық реттеуді жетілдіруге байланысты ұсыныстарды, нұсқауларды жасау.

Арнаулы міндеттеріне: құқықтық әрекеттерді қолдануды жүзеге асырудың тиімді ұсыныстары жатады:

- психикалық шаралардың құқықтық нормалардағы тиімділігін зерттеу.

- Қылмыскердің жеке басының психологиялық зерттеу, қылмыстық тәртібінің мотивін ашу.

- қылмыстың аалдын-алудың әлеуметтік пссихикалық негізін жасау.

- Құқық қорғаудың әртүрлі салаларындағы психологиялық заңдылықтарды зерттеу.

- Түзету мекемелеріндегі жазаланғандарды қайта тәрбиелеу мақсаты негізінде психологиялық заңдылықтарды зерттеу

- Құқық қорғау органдарында кәсіптік деңгейді, кәсіптік бағдарды, кәсіптік білім мен біліктілікті жетілдіруге ұсыныстар жасау.

Құқықтық реттеу жүйесінің қызметкерлері күнделікті мінез-құлықтар көріністерімен жүздесе отырып, адам психологиясы туралы жалпы танымдық түсінік алады. Бірақ та жүйесіз жалпы танымдық психологиялық түсініктер жеке адамның құқықтық санасының кемістіктерін білікті талдауға және құқықтық маңызды мінез-құлықтың психологиялық механизмдерін білуге жеткіліксіз. Азаматтық-құқықтық реттеу барысында келісімді қатынастар үшін психоллгия саласынан білімдер қажет.

Психологиялық білім заңгер үшін негізгі қылмыстық-құқықтық категориялардың мәнін терең ұғыну үшін де (мысалы: кінә, мақсат, ниет-түрткі, қылмыскердің жеке басы және т.б), жекеленген мынандай заңгерлік сұрақтарды шешуге байланысты да (сот-психологиялық сараптамасын тағайындау, қылмыстың құрамын анықтау, күшті жан күйзелісін анықтау арқылы кіәлінің жауапкершілігін жеңілденуге байланысты жекеленген баптарды жүзеге асыру үшін де) қажет.

 Заң психологиясы психология және юриспруденция ғылымдары негіздерін қамтиды. Құқықтық және заң әрекеті барысындағы қарым-қатынастағы адамдардың психикасында өзіндік ерекшеліктері болады. Психология гректің «псюхе»-жан және «логос»-ілім деген мағынаны білдіретін екі сөзінен тұрады, яғни жан туралы ғылым саласы. Психология адамдардың психикасын зерттейді, ал психика немесе жан барлық тіршілік иелеріне тән қасиет. Психиканың ең қарапайымнан күрделіге дейінгі бірнеше формалары бар: ең қарапайым формасы бір клеткалы-қарапайымдыларға, ал ең күрделісі «сана»-деп аталады және ол тек адамдарға ғана тән. Адам санасы ми қызметімен тығыз байланысты. Психика немесе жан көптеген психикалық-жан құбылыстарынан тұрады. Психология ғылымында жан құбылыстарын үлкен үш топқа бөлеміз:

1 . психикалық процесстер

2. психикалық жағдайлар

3. психикалық қасиеттер

Психикалық процесстер үш топқа бөлінеді: танымдық, эмоциялық, еріктік.

Психикалық процесстерге түйсік, қабылдау, ойлау, ес, қиял, зейін және олардың қасиеттері жатады. Психикалық жағдайлар эмоциялық және сезімдік (адамның көңіл-күйі) ерекшеліктермен байланысты. Психикалық қасиеттерге темперамент, мінез-құлық және қабілет жатады. Адамның психикасы, ойы, саналы әрекеттері мен іс-қимылдары, өзін-өзі бақылауы, ұстауы, творчествосы және т.б. адам миының жемісі.

  Психология адамдар жайлы ғылымдар саласында жетекші орын алады. Психологияның медициналық, әлеуметтік, балалар, әскери, еңбек, саяси және т.б. көптеген салалары бар. Заң психологиясы да психология ғылымының бір саласы болып табылады

Қылмыстық іс жүргізу заңының көптеген ережелерін жүзеге асыру барысында да (кәмелеттік жасқа толмағандардың ақыл-ойының қалыптылығын куәгерлердің және жәбірленушілердің оқиғаны дұрыс қабылдап, айта білу қабілетін ескеру) қажетті психологиялық білім көлемінің болуы, соттық-психологиялық сараптаманы тағайындау талап етіледі. тергеу-іздеу әрекетіндегі бастапқы бейхабар жағдайларды ізделінуші қылмыскердің мінез-құлықтық ерекшеліктерін бағдарға алу шешуші маңызға ие (куәгерсіз жасалған қылмыстардың 5 пайызы ғана материалдық іздер арқылы, дәйектер арқылы ал қалған бөлігі мінез-құлық көріністері арқылы көрінеді). Қылмысты ашудың теориясы мен тәжірибесінде, тергеу әрекеттерінің стратегиясы мен тактикасында психикалық заңдылықтарды білу аса маңызды.

Психологиямен және құқықтанумен шектесіп жатқан заң психологиясы жалпы және әлеуметтік психологияның әдістері мен методологиялық қағидаларына сүйене отырып жұмыс істейді. Заң психологиясының құрылымы оны зерттейтін мәселелерінің ауқымы құқықтық реттеу логикасымен анықталады. Заң психологиясының практикалық нұсқаулары материалды және іс жүргізу құқықтарының ережелеріне сәйкес келеді.

Заң психологиясының өзіндік категориялар жүйесі бар. Бірнеше бөлімдерін ажырата аламыз:

методологиялық бөлім – заң психологиясы мен даму тарихы мен әдістерін, міндеттерін, жүйесін зерттейді.

құқықтық психология – заң психологиясының бір бөлімі- құқық негіздерін жүзеге асыруды; жеке адамның құқықтық әлеуметтенуінің психологиялық заңдылықтарын; құқықтық әлеуметтенудегі ақауларды зерттейді.

 криминалдық психология (қылмыстық) қылмыскердің жеке басының психикалық ерекшеліктерін; қылмыстық тәртіптің мотивін; басқа қылымстардың мотивін зерттейді.

ізденістік –оперативтік психология – заң психологиясының тергеу бөлімі: қылмысты зерттеу әшкерелудің психологиялық аспектілерін зерттейді.

соттық талдау мен соттық экспертиза мәселелеріндегі Сот психологиясы психологиялық аспектілерін зерттейді.

әрекетті түзету психологиясы- заң психологиясының бөлімі. Қылмыстық жазалаудың психикалық тиімді жолдарын; қылмысты жазалауды өтеу мәселелері; айыпталғандардың психикасы мен жазаны өтеу орындарындағы психикалық негіздерді зерттейді.

Заң психологиясының өзге ғылымдар сияқты өзіндік зерттеу пәні бар. Заң психологиясында адамның құқықтық реттеу логикасына сай келетін меншікті категориялар бар. Ол бес бөлімнене тұрады, әрбір бөлімнің қарастыратын өзіндік ішкі құрылымдары бар.

1. Құқықтық психология:

- құқықты мінез-құлықтың әлеуметік реттеуші, тиімді заң шығарудың психологиялық аспектілерінің факторы ретінде, жеке адамның құқықтық әлеуметтенуі, құқықтық маңызы бар құбылыстарды псиологиялық бейнелеуінің ерекшеліктері. Құқықтақ қолдану және құқықтық санасының психологиясын,  құқықтық орындаушылық мінез-құлықтың психологиясын қарастырады

2. Қылмыстық психология:

- қылымыстық мінезқұлықтың таралуына психологиялық факторлардың ролінің мәселесін, жеке бастың қылмыстануындағы биологиялық және әлеуметтік факторлардың ролін, қылмыскердің жеке басы туралы түсінікті қылмыскерлердың психологиялық түрлері; қылмыстық әрекетті жасаудың психологиясы, берекесіз, бейімделмеген, рецедивті және жасөспірімідер психологиясының; топтық және ұйымдасқан психологиясын, кінәлілермен жауаптылардың психологиясын қарастырады.

3. Қылмыстық сот ісін жүргізудің психологиясы:

А) алдын ала тергеу психологиясы тергеу әрекетінің психологиясы, тергеушінің және қылмыстық іске қатысушылардың жеке басының психологиясы,  тергеушінің танымдық ізденушілік іс-әрекетінің психологиясы, тергеушінің хабар тапшылығы жағдайындағы іс-әрекетінің психологиясы, тергеу-іздеу әрекетіндегі харарлық модельдеу, тергеушінің коммуникативті іс-әрекетінің психологиясы, қылмысты ашу жүйесіндегі тергеу әрекеттерінің психологиясы, қылмыстық іс жүзіндегі сот психологиялық сараптама.

Б) сот қызметінің психологиясы сот қызметі ерекшеліктерінің психологиясы

соттық істі қарауды даярлау мен жоспарлаудың психологиясы, соттық тергеу оған қатысушылардың психологиялық ерекшеліктері, соттық істі тергеудегі жауап алудың психологиясы, соттағы пікір таластардың психологиясы, прокурорлық қызметтің психологиясы, қылмыстық  әрекет-істерді соттаудағы прокурордың сөзі, сотталушының психологиясы, сот шешімдердің қабылдаудың психологиясы

4. Түзетуші (пенитенциарлық) психологиясы

- түзетуші психологияның міндеттері, қылмыскерлерді жазалау мен түзетудің психологиялық мәселелері,-бас бостандығынан айырылған сотталушының психологиясы,-еңбекпен түзету мекемелері жағдайындағы өмір әрекетінің психологиясы,-қайта әлеуметтендіруші іс-әрекетінің психологиясы,-қамаудан босаған адамның әлеуметтік ортаға қайта бейімдеу

5. Азаматтық құқықты реттеудің психологиясы

- азаматтық құқықтық қатынастардың психологиясы,- азаматтық процесске қатысушы жақтардың қалпы мен қатынас белсенділігі,- азаматтық істерді сотта қорғауға даярлаудың психологиялық аспектілері,- азаматтыө істерді сотта қарауды ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктері,- азаматтық соттағы соn cөзі,- азаматтық іс жүргізудегі адвокаттық іс-әрекеттің психологиясы, адвокаттың соттағы сөзі, - азаматтық істегі прокурордың іс - әрекетінің психологиясы, азаматтық соттағы прокурордық сөзі, - азаматтық соттың танымдың және куәләндіруші іс-әрекеті, - азаматтық іс жүргізудегі сот-психологиялық сараптама, - сот шешімдерін шығарудың психологиясы.

 

Тақырып № 1 ІІО қызметкерлерінің кәсіби психологиялық дайындығының ұғымы, мақсаттары және міндеттері.

Семинарлық сабақ – 1 сағат.

Сабақтың мақсаты: Заң психологиясы зерделейтін психологиялық көріністер, фактілер, механизмдер мен заңнамалар туралы курсанттардың білімдерін кеңейту. ІІО қызметінің бұрынғы талдауына курсанттардың тарихи-психологиялық ұғымын тереңдету.  

Оқу сұрақтары:

1.Заңгерлік психологияның ретроспективті және заманауи жағдайы мен оны дамытудың негізгі қосалқы бағыттары.

2. Заңгерлік психологияның білімнің басқа да салаларымен байланысы.

Рефераттарды жазуға арналған тақырыптар:

1. «Заңгерлік психологияның бұрынғы тарихы»;

2. «ІІО қызметкері профессиограммасының құрылымы»;

3. «Криминалдық психология»;

4. «Жәбірленушінің психологиясы»;

5. «Кәмелеттік жасқа толмағанның психологиясы».

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік ұсынымдар: Сабақтың аясында ұсынылған әдебиеттер қорын пайдалана отырып, тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау, жұмыс дәптерлерінде тақырыпқа қатысты негізгі анықтамалар мен ережелерді конспектілеу.

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер тізімі (Ұсынылған әдебиеттер тізімін қарау. Әдебиеттер:  1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10).

Тақырып № 1 ІІО қызметкерлерінің кәсіби психологиялық дайындығының ұғымы, мақсаттары және міндеттері.

Практикалық сабақ – 2 сағат

Сабақтың мақсаты: Қызметте заңгерлік психологияның мәліметтерін қолдануға тәжірибені жалпылау және нұсқама қалыптастыру.

Оқу сұрақтары:

1.Кәсіби психологияның пәні, негізгі категориялары және міндеттері.

2.Кәсіби психологияның құрылымы және әдістері, мазмұны.

3.Міндеттерді психологиялық моделдеу, мамандардың кәсіби қызметіндегі жай-күйі мен қиындықтары.

4.Мотивациялық, тағылымдық, эмоционалдық және еріктік көріністер мен қиындықтарды кешенді және жеке моделдеу.

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік ұсынымдар: Сабақтың аясында ұсынылған әдебиеттер қорын пайдалана отырып, тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау, жұмыс дәптерлерінде тақырыпқа қатысты негізгі анықтамалар мен ережелерді конспектілеу.

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер тізімі (Ұсынылған әдебиеттер тізімін қарау. Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10).

Тақырып № 1 ІІО қызметкерлерінің кәсіби психологиялық дайындығының ұғымы, мақсаттары және міндеттері.

КОӨЖ – 1 сағат

Оқу сұрақтары:

1. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің дайындығын өткізу кезіндегі психологиялық барьерлер.

2.  Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби-психологиялық дайындығын ұйымдастырудың негіздері.

Тақырып № 1 ІІО қызметкерлерінің кәсіби психологиялық дайындығының ұғымы, мақсаттары және міндеттері.

КӨЖ – 7 сағат

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Заңгерлік психология нені зерттейді?

2. Заңгерлік психологияның мәні неде?

3. Кешенді ғылым ретінде заңгерлік психология нені білдіреді?

4. Заңгерлік психологияның жалпы психологиямен қандай арақатынасы бар?

5. Заңгерлік психологияның алдында қандай міндеттер тұр және заңгерлік психологияның қандай бағыттарының көмегімен олар шешіледі?

6. Заңгерлік психология психологияның басқа слалаларымен қалай байланысады?

7. Заңгерлік тәжірибеде психолог қандай қосалқы рөлді орындауына болады?

8. Заңгерлік психологияның түбегейлі бағыты неде немесе психология құқықтық ғылым салаларына қосалқы болып табылады ма?

9. Заңгерлік психология қандай әдістерді пайдаланады?

10. Неліктен заңгерлік психология үшін өзін-өзі бақылау әдісі маңызды болып табылады?

11. Заңгерлік психология әдістерінің ерекшеліктері неде?

Әдістемелік ұсынымдар: Өзіндік жұмыс процесі барысында курсанттар дәріс сабағында алған теориялық материалдарды бекітуі қажет; ІІО қызметкерлерінің психикалық процестері мен жағдайларын реттеудің түсінігін, мақсаты мен міндеттерін түсінулері қажет.

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер тізімі (Ұсынылған әдебиеттер тізімін қарау. Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10).

Тақырып №2: ІІО қызметкерлері қызметінің психологиялық ерекшеліктері.

Семинарлық сабақ – 1 сағат.

Семинарлық сабақтың мақсаты: ІІО қызметкерлерінің қызметіндегі психологиялық ерекшеліктер туралы білімді тереңдету.

Оқу сұрақтары:

1. ІІО қызметкерлерінің қызметіндегі психологиялық ерекшеліктердің түсінігі.

2. ІІО қызметкерлерінің қызметтік міндеттерді орындауының психологиялық ерекшеліктері.

3. ІІО қызметкерлері қызметінің психологиялық ерекшеліктерінің түрі.

Рефераттарды жазуға арналған тақырыптар:

1. «ІІО қызметкерлерінің кәсіби қызметінің ерекшеліктері»;

2. «Қылмыс оқиғаларын құрастырудың психологиясы»;

3. «Оқиға болған жерді қарастыру психологиясы»;

4. «Диалог психологиясы (сұраудың)»;

5. «беттестіру психологиясы»;

6. «Тінту мен анықтаудың психологиясы»;

7. «Сот процесінің жалпы психологиялық сипаттамасы».

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік ұсынымдар: Сабақтың аясында ұсынылған әдебиеттер қорын пайдалана отырып, тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау, жұмыс дәптерлерінде тақырыпқа қатысты негізгі анықтамалар мен ережелерді конспектілеу.

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер тізімі (Ұсынылған әдебиеттер тізімін қарау. Әдебиеттер: 11, 12, 13, 14,15, 16, 17)

Тақырып №2: ІІО қызметкерлері қызметінің психологиялық ерекшеліктері.

Практикалық сабақ – 3 сағат.

Практикалық сабақтың мақсаты: ІІО қызметкерлерінің мінез-құлқының нақты жүйесіне әсер етуші негізгі психологиялық факторлар мен жағдайларды анықтай білуді дамыту.

Оқу сұрақтары:

1. Заңгерлік профессиограмманың түсінігі.

2. Жедел – іздестіру психологиясының негіздері.

3. Тергеу психологиясы және тергеу әрекеттерін жүргізу.

4. Қоғамдық тәртіпті күзетуді қамтамасыз етудің психологиялық ерекшеліктері.

5.  Пенитенциарлық психология және жазасын өтеушілерді қайта әлеуметтендіру барысындағы ҚАЖ қызметі.

6. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметін құқықтық регламенттеу.

Тапсырмалар:

1-тапсырма: Жәбірленуші Т-ны тінту барысында: ұйықтап жатқан баланың арбасынан және ашылмаған сабын ұнтағының ішінен ақша табылады; қымбат металл – өндірістік алтын майлы бояумен боялған ілгіштер түрінде жасалып, дәліздегі киім ілгіштің ілгіші ретінде бекітілген.

Сұрақ:

1. Құнды заттарды жасыруды көрсету әдістері қандай психологиялық тиімділіккке есептелді?

2. Сіздер тәжірибеден байқаған қылмыскерлер құжаттарды, заттарды, құнды заттарды және басқа да заттарды, жасырын құрылығыларды жасырудың қандай танымал тәсілдерін пайдаланған және олар қандай психологиялық тиімділікке есептелген?

2- тапсырма: Жәбірленуші сұрау барысында ұрлық жасаған адамның түрін қанағаттанарлықтай суреттеп бере алмады. Ол оның сыртқы келбеті, жасы, киімі туралы ештеңе айта алмады. Сонымен қатар ол ұрлық жасаған еркектің түрі есінде сақталғанына сенімді болды, күдіктінің кінәсі туралы нақты дәлелдер болған жоқ. Тергеуші: «Тәуекелге баруға бола ма?»

Сұрақ: Қандай психологиялық заңдылық тергеушіні жәбірленушінің күдіктіні тануына сұрауын тоқтатуға шешім қабылдады ?

Жаттығу «Ізін суытпай»

    Өткізу тәртібі.Ойын жұппен өткізіледі: «Қызметкер - Қылмыскер». Картада немесе экранда топқа қаланың учаскесінің жеке жоспарын көрсетеді, яғни елді мекенді немесе адамдар қоныстанған жерді және жаңа ғана оқиға болған жерді дәлме-дәл көрсетеді (күзет объектісінде «дабыл», объектісінде ұрлық, инкассаторға шабуыл, тонау, автокөлікті ұрлап әкету және т.б.). Қылмыскердің кетіп қалуы мүмкін маршрутты анықтау ұсынылады. Жұптар бұл мәселені өздері үшін шешеді. Содан кейін қызметкер қылмыскердің қандай маршрут арқылы және қайда кетіп қалуы туралы хабарлайды. «Қылмыскер» өзінің жолын ашады және дәлелдейді. Дискуссияны топта өткізу мүмкіндігі бар. Содан кейін оқиға болатын жердің жаңа орны айтылады, ал білім алушылар рөлдерімен ауысады және т.с.с.

Әдістемелік ұсынымдар. Жаттығуды өткізу барысында білім алушыларды аға топ позициясына, экипаж мүшелері, жүргізуші-полицейский және басқаларын-қылмыскер позициясына қоюға болады.   

Жаттығу рефлексивті ойлауға қабілеттілікті дамытады. 

1- тапсырма: Тестілік тапсырмаларды шешу (үлестірмелі материал).

2- тапсырма . Практикалық сабақтың сұрақтарын жұмыс дәптерлерінде конспектілеу.

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік ұсынымдар: Сабақтың аясында ұсынылған әдебиеттер қорын пайдалана отырып, тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау, жұмыс дәптерлерінде тақырыпқа қатысты негізгі анықтамалар мен ережелерді конспектілеу.

 

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер тізімі (Ұсынылған әдебиеттер тізімін қарау. Әдебиеттер:  11, 12, 13, 14,15, 16, 17)

 

Тақырып №2: ІІО қызметкерлері қызметінің психологиялық ерекшеліктері.

КОӨЖ – 2 сағат.

Оқу сұрақтары:

1. Билік өкілдіктерінің рөлі

2. Рефераттарды жазу бойынша материалдарды жинау.

3. Тестілік тапсырмаларды құру.

4. Жағдайаттық тапсырмаларды құру.

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік ұсынымдар: Сабақтың аясында ұсынылған әдебиеттер қорын пайдалана отырып, тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау, жұмыс дәптерлерінде тақырыпқа қатысты негізгі анықтамалар мен ережелерді конспектілеу.

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер тізімі (Ұсынылған әдебиеттер тізімін қарау. Әдебиеттер: 11, 12, 13, 14,15, 16, 17)

Тақырып №2: ІІО қызметкерлері қызметінің психологиялық ерекшеліктері.

КӨЖ – 6 сағат.

1. Заңгерлік профессиограммаға жалпы түсінік беріңіз.

2. ІІО қызметкерлерінің әлеуметтік қызметіне не жатады?

3. ІІО қызметкерлерінің реконструктивті қызметіне не жатады?

4. ІІО қызметкерлерінің коммуникативті қызметіне не жатады?

5. ІІО қызметкерлерінің ұйымдастырушылық қызметіне не жатады?

6. ІІО қызметкерлерінің қызметі қандай спецификалық психологиялық ерекшеліктермен ерекшеленеді?

7. ІІО қызметкерлерінің кәсіби маңызды сапаларын айтып өтіңіз.

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер тізімі (Ұсынылған әдебиеттер тізімін қарау. Әдебиеттер: 11, 12, 13, 14,15, 16, 17)

Дәріс тақырыбы 3: ІІО қызметкерлерінің эмоционалдық-жігерлік еріктерін реттей білулері.

Дәріс сабағы  – 1 сағат.

Сабақ мақсаты: ІІО қызметкерлерінің эмоционалдық-жігерлік спалары және еріктерін реттей білу мүмкіндігі  туралы жалпы түсінік беру.

Оқу сұрақтары:

1. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің эмоционалдық-жігерлік дайындығының маңызы.

2. Эмоционалдық-жігерлік еріктерін реттеудің қарапайым әдістері.

3. Аутогендік жаттығу.

Дәріс тезистері.

Эмоциялық-еріктік тұрақтылық қызметкерлердің кәсіптік қызметке психологиялық дайындығының аса маңызды компоненттерінің бірі болып қарала алады. Бұл – күрделі жағдайда табысты еңбек үшін жайлы болатын психикалық қалпын сақтау қабілеттілігі. Эмоциялық-еріктік тұрақтылық келесі жағдайларда көрінеді:

· Экстремалдық жағдайда әрекет тиімділігін төмендететін және дәлсіздікті, қатені тудыратын психологиялық реакциялардың қызметтерде болмауы;

· Психологиялық ауыр жағдайда кәсіптік әрекеттерін мінсіз орындауы жаттыққанда;

· Кәсіптік қырағылықты сақтай білу; тәуекелдікке, қауіптілікке, кенет жағдайға дұрыс көңіл бөліп, абай бола білу;

· Заңды істерді қатаң заңға сәйкес жүргізуге ықпал етуге тырысатын үшінші жақтар жағынан психологиялық қысымға берілмеу;

· Қылмыстың алдын алу мен тергеуге қарсы әрекет ететін тұлғалармен тыңғылықты психологиялық күрес жүргізе білу;

· Психологиялық күйзелісті дау, провокация жағдайында өзін-өзі ұстай білу.

Қазіргі заманғы жағдайда ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік табыстылығы, қызметкерлердің бірігіп еңбек ету тиімділігі, ұжымдағы психологиялық климаттың едәуір дәрежеде болуы олардың жүріс-тұрысын реттей білуіне, көңіл-күйіне бақылау жасай білуіне, оқиға мен қоршаған адамдардың талаптарын ескере білуі.

Ішкі істер органы қызметкерлеріне нақты өзіне-өзі бақылау жасауы, жоғары ұстамдылық, жеделк шешім қабылдау қабілеттілігі, қызметтік операцияларды, жүріс-тұрысын және эмоцияларын басқаруы әсіресе қажет.

 Өзін-өзі реттеу жолымен эмоциялық күйзелісін тоқтата білу, қорқыныш және сенімсіздік сезімін басып тастай білу, назарын шоғырландырып, бар күшін қойылған міндетті атқаруға жұмылдыра алу қызметкердің аса маңызды қасиеті екені күмән тудырмайды. Қауіпті, кейде өмірге қауіп төндіретін жағдайда көп болуы бұл тұлғалардан өзін-өзі ұстай білуді, күрделі жағдайларды тез бағалап, адекваттық шешім қабылдай білуді талап етеді, бұл қойылған міндетті тиімдірек орындауға және ішкі істер органдарының жеке құрамы ішіндегі төтенше жағдай мен кәсіптік қызметтің үзілуін төмендетуге ықпал етеді.

Қызметкердің психикалық қалпы мен әрекетін реттей алмауы оның өзіне де, қоршаған адамдарға да теріс, көбінесе ауыр салдарға да әкеліп соқтырады. Өзінің жүріс-тұрысын басқара білмеуі тұлғаның қоршаған орта жағдайларына әлеуметтік-психологиялық адаптациясын төмендетеді, оның өмірлік әлеуетін асыруда үлкен кедергі болады.

Ішкі істер органдары қызметкерлеріне күнде әр түрлі факторлар ықпал етеді (көбінесе олар стресс тудырады), ал бұл, өз алдына шаршауға, әр түрлі теріс эмоциялық жағдайдың пайда болуына, кәсіптік-қызметтік әрекеттің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.

Психикалық өзін-өзі реттеудің мәні – қоршаған ортамен араласу және өз организмін танып-білу процессінде жиналатын сезімдерді адам жүйелі түрде жаттықтырудың пәні етеді, бұл өзінің психикалық күйіне, жалпы организміне ықпал ету үшін істеледі.

Негізінде, әрбір сау, жұмысқа қабілетті қызметкер өзін-өзі реттеу әдістерін меңгере алады. Бірақ бұл жерде эмоциялық-еріктік өзін-өзі реттеу амалдарын пайдалану тиімділігін және нәтижелігін төмендете алатын бірқатар фактор болатынын ескеру қажет. Олар:

- қызметкердің берілген жаттығуларды орындауға көзқарасы (оның ішкі ұстанымы). Табысқа жетуге шамадан тыс өзіне өзі сенушілік ықпал етпейді. Тек қана тілеуімен ғана табысқа жетуге болмайды. Жүйелі жұмыс, шыдамдылық, еркі мен күшті салуы керек;

- жаттығушының сабаққа көзқарасына кері бағдар беріп, өзіне артық сенім артқызатын және қиындықтардан өте алмауға әкеліп соғатын, жаттығудың ең басындағы сатысында жетілген табыс;

- өзін-өзі жаттықтырудың жаман жағдайлары. Сыртқы бөгетке жол бермейтін, босаңсудағы ықпал ететін тыныш жағдай жасау керек;

- жеке адамға ұнайтын жерге сәйкес келмейтін өзін-өзі реттеу әдісін дұрыс емес таңдау, сондықтан психикалық-реттеуші құралдарды бақылау астында, тиімді үлкен абайлықпен таңдау керек;

- сендіру және елестету мүмкіндігі сияқты жеке қасиеттерінің көріну ерекшелігі.

Эмоциялық-еріктік өзін-өзі реттеу процессі үш негіз салушы принципте құрылады:

- Релаксация;

- Визуализация;

- Өзін-өзі сендіру;

Релаксация принципінің мәні –денені және психиканы біріккен жұмысқа дайындауда. Релаксация сәттерінде адам өзінің ішкі дауысын естіп, өз организмі мен ой қызметінің байланысынсезіне алады. Релаксация немесе босаңсу дене мен психиканың керек емес күйзеліс пен әлсіздендіретін мезеттен босауын білдіреді, ол адамға жағымды психологиялық және физиологиялық ықпал етеді. Бұл өзара жүретін процесс: дене мидың тынышталуына қарай босайды, ол ми дене босауынан тынышталады.

Екінші принцип – визуализация. Интуициялық ой сана-сезімге сенудің әртүрлі жолдарын пайдаланады. Негізгісі – миыңызда сурет салу жолы немесе бейнелерді көзге елестету. Бұл ішкі бейнені құру деп аталады. Көзге елестету, есту, көру, иіскеу, дәм, ұстау сезімдерінің көмегімен, сондай-ақ оларды бірге қолданумен бағытталған елестетуді белсенділендіру әр түрлі әдістерін білдіреді. Негізінде, адамның миы объективті дүниенің бейнелеріне де, ішінде жасалатын бейнелерге де бірдей жауап қайтарады. Сондықтан да визуализацияның дағдылары адамға өзінің ішкі ресурстарын жақсырақ пайдалануына, психикалық процесстердің өтіп кетуін белсендіруге көмектеседі.

2. Өзін-өзі реттеудің қарапайым әдістері.

Өзін-өзі реттеудің ең қарапайым әдістерін қолданудың мақсаты – қызметкердің әрекеттерін табысты орындауы үшін мейлінше тиімді ішкі жағдай жасауға көмектесу. Бұл жерде бірқатар жағдай есте болады:

- Өзіне қатысты жағымды ұстанымды бекіту («мен мұны істей аламын») өзіне сенімді болу сезімін арттыру.

- Эмоциялық аффектілік процесстерді үндестіру және белсенділендіру (әсіресе тәуекелмен, қорқыныш сезімімен, кәсіптік әрекет етуге уақыт тапшылығымен байланысты жағдайларда)

- Жедел-қызметтік әрекет етуге дайындық кезінде қадалуын арттыру

- Үлкен қызметтік жүктемелерден кейін демалысқа ауысуды жылдамдату

- Жедел-қызметтік жұмыс көп созылғанда, функциялық дайындықтың жәнежұмысқа қабілеттіліктің жоғары деңгейін ұстап тұру (мысалы тәулік бойы кезекшілік атқарғанда).

Қызметкерлер өзін-өзі реттеу әдістерін меңгергенде қандай-да бір бәріңе келетін әдісті ұсыну мүмкін болмайтынын ескеру керек. Өзін-өзі реттеу әдістерін қызметкердің мінез ерекшеліктерін, оның темпераментін, қызмет ерекшелігін және көптеген басқада жағдайларды есепке алып, арнайы таңдау керек.

Сәйкес жаттығулар үшін келесі әдістер ұсынылады:

Логика әдістерін пайдалану.  Қалыптасқан жағдай көбінесе ішкі істер органы қызметкерлері сабырлықпен, байсалдылықпен амал табуын талап етеді. Бұл кезде бірнеше амал қолдануға болады. Жүйке күйзелісін уайымның онша үлкен еместігіне көз жеткізіп, өзімен-өзі сөйлесіп қойдыруға болады. Бұл кездегі психикалық қорғау өзін-өзі сендіруге қолданылады, оның мәні – қиын жағдайлар табыссыздықтан да өте көп пайда ала алуға тәрбиелейді: Не болды, қате қай жерде жіберілді деп нақты талдау жасау маңызды, және де келешек қызмет үшін қандай пайда алынуы мүмкін деп ойлауға болады.

«Мен тәжірибешімін», «мен бәрін істей аламын», «мен кез келген қылмысты аша аламын» сияқты жеке дара өзін-өзі сендіру амалы аса маңызды болып келеді.

Өзіне-өзі бұйрық беруді пайдалану. Тәртіпке үйренген қызметкер: «Істеу керек», «Батылдырақ», «Шыда», «Жұмыс істе» сияқты ішінен өзіне-өзі бұйрық беру көмегімен өзін жақсы басқара алады. Өзін-өзі жеңуді осындай қосымша өзіне бұйрық беріп, жүйелі түрде жаттықтыру маңызды.

Бейнелерді пайдалану. Көркем типті ойы бар тұлғаларға «біреу болып ойнауға» негізделген әдіс көмектеседі. Мысалы, қандай да бір ауыр жұмысты атқарып жүрген жеделк қызметкер өзін әдеби кейіпкер немесе тыңшы кинокейіпкері бейнесінде елестетуі керек. Еліктеу үшін бейнені елестетіп керекті жұріс-тұрыс стилін табуға көмектеседі, және де күйін реттеуге ғана емес, керек болса, қылмыскерге психологиялық қысым көрсетуге де көмектеседі.

Оқиғаны мақсатты түрде елестету. Іске бет алу немесе жүйке күйзелісін түсіруге уйренуде елестетуді пайдалану көмектеседі. Әрбір адамның тыныштық, босау кезінде болған жағдайлары есінде қалады. Біреулер үшін бұл –жағажай, шомылғаннан кейінгі жылы құмда демалуын сондай бір жылы сезіну, екіншілерінде – таулар, таза ауа, көгілдір аспан, қарлы төбелер. Мұндай жағдайлар өте көп болуы мүмкін, бірақ ең маңыздысын, керекті эмоциялық көңіл-күйді тудырып алатынын таңдап алу керек.

Назарды басқаға аудару әдістері.  Өзін-өзі реттеудің белсенді әдістеріне тоқтау қиын болатын жағдайлар кездеседі. Бұл жағдайда психикалық күйзеліс жүгін назарды басқа нәрсеге аудырып, түсіруге болады. Бұл көп рет оқысаң да, қызығып оқитын кітабын, жақсы көріп қалған фильмің, әнің болуын мүмкін.

Бұлшық ет тонусын саналы түрде басқару. Бұлшық ет тонусы – эмоциялық күй көрсеткіштерінің бірі. Әдетте, рационалдық емес жүйкелік-психикалық күйзеліс бұлшық еттің керек емес тартылуымен бірге жүреді, ал бұл өз алдына, жүйке жүктемесін одан әрі арттырады. Бұл кезде бұлшық ет тонусын өз бетімен, еркін басқара білудің маңызы бар. Мысалы, адамның беті. Қабағын түсіріп, көңілсіз келбет жасаса, шынында көңілсіз болады. Және керісінше, адам жымиюы ғажап іс тындыра алады. Ауыр жағдайда жымиып күле алу, керек емес бөгелушіліктен арылу, психикалық күйзелісті жою, бұлшық еттің тартылуынан арылу адамның өз мүмкіндіктерін бұдан да жақсы жүзеге асыру мүмкіндігін арттырады.

Өзін-өзі реттеу құралы ретіндегі тыныс алу.  Тыныс алу эмоциялық-еріктік өзін-өзі реттеу жүйесінде маңызды орын алады. Дұрыс дем ала білу өзін-өзі реттеу әдістерін меңгерудегі табыстың негізі болып келеді. Төмендегі тыныс алу гимнастикасының әдістері тиянақты беріледі.

Есептеп тыныс алу тәсілі жақсы көрінеді. Бұл тәсіл есептеп тыныс алудан тұрады. Дереу көңілінің жайлануы қажет болған жағдайда: 1,2,3,4 деп есептегенде тыныстайды, содан кейін 1,2,3,4 дегенде тынысты шығарады, артынан 1,2,3,4,5 дегенде тыныстайды, 1,2,3,4,5 дегенде тыныс шығарады, солайша тыныс алу-тыныс шығару 12-ге дейін жалғасады. Жасанды тынысты ұстап тұру жасалады, ол эмоционалды қысымды жояды. Керісінше, өз тонусын көтеру жағдайында, белсенділендіру кезінде, керісінше болады. Тыныс алу мен тыныс шығаруды 12-ден бастайды да 4-ке дейін қысқартады. Тыныс алу жиілейді, қысым ұлғаяды.

Басқаша тәсіл – тынысты ұстап тұру. Қатты нервтік қысымды түсіру үшін терең тыныс алу керек және тынысты 20-30с ұстап тұру керек. Келесі тыныс шығару және қайталанған терең тыныс алу жағдайдың тұрақталуына септігін тигізеді.

3. Аутогенді жаттығудың тұсінігі және ерекшелері

Аутогенді жаттығу өзіне организмнің еріксіз қызметтерін өзіндік реттеудің мүмкіндіктерін жоғарлатуға бағытталған жаттығулар кешенің енгізеді. Аутогендік жаттығу – ол неміс ғалымы И.Г.Шульц ұсынған өзін-өзі иландыру әдісі. Бұл әдісте алдымен иландыру бойынша бұлшық ет тонусы босаңсиды - релаксация, сонынан ағзаның қандайда бір қызметтеріне бағытталған иландыру жүргізіледі.

Бұл әдіс қарапайымдылығымен ерекшеленеді және көптеген адамдар мақұлдаған. Оның әсерімен жоғарғы жүйке қызметі, эмоционалдық аясы, қалыпқа келеді, адамның еріктік қабілеттіліктері күшееді. Аутогенді жаттығудың тәсілдері жүйелі жаттығулардың процессінде игеріледі, ол осы әдістемеге жаттықтырушы сипат береді. Аутогенді жаттығудың басты элементі болып бұлшық етті босаңсытуға (релаксация) үйрету табылады. Босаңсыту ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметіндегі эмоционалдық қысымды азайтуға және жоюға, сондай-ақ аз уақыттың ішінде толыққанды демалуға мүмкіндік береді.

Аутогенді жаттығуды меңгеру уақыты әр аданың жеке бас ерекшеліктеріне байланысты, бірақ орташа есеппен ортанша есеппен күн сайын 10 минут сайын сабақ өткізгенде 3-4 айды құрайды.

Аутогенді жаттығуды бастамақ бұрын арнайы жаттығуларды үйрену керек, кейбір дайындық жаттығуларды мақсатты меңгеру қажет.

Аса маңызды дайындық шарасы болып тыныс алу гимастика табылады, ол ритмикалық толық тыныс алуды меңгеруден тұрады. Дұрыс тыныс алу үшін орнықты ырғақты санау қажет. Тыныс алудың оңтайлы ырғағын анықтау үшін сабақ алдында пульстің жиілігін қолданған тиімді (осы ырғақ тыныс алудағы басты есептеу қызметін атқарады). Толық тыныс алуды меңгеру үшін оның құрамдық элементтерін меңгеру қажет (ішкі, орта және жоғарғы тыныс алу).

Ішкі (диафрагмалық) тыныс– тұрып тұрғанда, отырғанда немесе жатқанда орындалады. Оны орындау үшін кіндік облысына шоғырланған жөн. Ішкі қабырғасын тарта отырып тынысты шығарамыз. Содан кейін тыныс аламыз. Сондан кейін баяу түрде қайта тыныс аламыз. Ішкі қабырғасы тыныс алғанда сыртқа қарай шартияды және өкпенің төменгі бөлігі ауаға толады. Кеуде клеткасы ішкі тыныс алуда қозғалыссыз болады, тек іш қана өкпенің төменгі бөлігін толтыра және босата отырып толқынды қимыл жасайды.

Орташа тыныс алу– тұрып тұрғанда, отырғанда және жатқанда орындалады. Қабырғаға назар аударған жөн. Тыныс шығарудан кейін қабырғаның екі жағын соза отырып баяу тыныс аламыз. Тынысты шығарғара отырып қабырғаларды қысамыз. Бұл тыныс алудың типінде орта бөлігі ауаға толады, сол кезде ішпен иық қозғалыссыз қалады.

Жоғарғы тыныс алу– ол да солай тұрып тұрғанда, отырғанда немесе жатқанда орындалады. Назар өкпенің үстіңгі жағына аударылады. Тыныс шығарудан кейін иықты және бұғананы көтере отырып тыныс аламыз. Тынысты шығара отырып иық пен бұғананы түсіреміз. Үстіңгі тыныс алуда іш және кеуденің алдынға бөлігі қозғалыссыз қалады.

Толық тыныс алу – оның құрамды бөліктері сияқты тұрып тұрғанда, отырғанда немесе жатқанда орындалады. Толықтай тынысты шығару үшін баяу тұру керек, 8 дейін пульсті санау қажет, жоғарыда аталған тыныс алудың үш түрін алмастыра отырып тыныстау қажет. Алдымен іш қампияды, содан кейін қабырға кеңейеді, артында бұғана мен иық көтеріледі. Осы сәтте іш тартылады. Тыныс шығаруда тыныс алу сияқты орындалады. Тыныс алу мұрын арқылы жүзеге асырылады. Тыныс алу гимнастикасының маңызды мақсаттарының бірі – назарды шоғырландыруға үйрету, ол аутогенді жаттығулар дайындығын жақсы меңгеруде үлкен маңызы бар. Бірақ тек бір ғана аутогенді жаттығуды қолдану (арнайы аутогенді жаттығулардың дайындығысынсыз) эмоционалды қысымды азайтады (немесе жояды), нервтік жүйесін тынышталдандырады, адамды өзіне деген сенімділігі мен тыныштық жағдайымен толықтырады. Бұл жаттығуды назарды максималды түрде шоғырландыру үшін 5-6 рет жасайды.

Тыныс алу гимнастикасын меңгергеннен кейін тікелей аутогендік жаттығу дайындығына көшуге болады. Осы әдістемені үйренген кезде оянғаннан кейін немесе ұйықтар алдында қолданған жөн. Аутогенді жаттығуды тәуліктің қандай кезі болмасын қолдана беруге болады. Алғашқы жаттығуларды жылы, тыныш, жарық емес жерде өткізген дұрыс. Ары қарай жаттығушылар шуға мән бермейтін болады, жаттығудың техникасын толық меңгерген жағдайда поезда немесе автобуста отырып сеансты жүргізе беруге болады.

Сабақ кезінде жәйлі жағдайда орналасу қажет, бұлшық етке күш түсірмеу керек. Сабақ өткізуге ыңғайлы келесі үш позаның біреуін таңдауға болады:

1. Отырып орындау жағдайы – ат айдаушы позасы. Оны орындау үшін орындыққа отыру қажет, арқаны тік ұстау, сонынан барлық қаңқалық бұлшық еттерді босаңсыту керек. Диафрагма асқазанды қыспас үшін алдыға тым қатты еңкеюге болмайды. Бас кеудеге түсірілген, аяқтар алдыға жіберілген, қолдар бір-біріне тиместен тізеге қойылған, шынтақ кішкене дөңестенген – сөзбен айтқанда тосып отырған ат айдаушының позасы. Көздері жабық. Бұл поза белсеңді болып табылады және оны қай жерде болса да қолдануға болады: үйде де, жұмыстада, көлікте де және т.б. жерлерде.

2. Жартылай отырып орындау жағдаы. Айналысушы жұмсақ креслода отырады еркін отырады, арқасын оның арқалығына сүйейді, барлық дене босаңсыған, екі қолы бүгілген, алақаның жоғары қаратқан, аяқтары еркін қойылған аяғының ұштарының арасы ашық. Егер аяғының ұштары тік жатса немесе көтеріліп тұрса, онда босаңсу кезеңі әлі бола қойған жоқ деген сөз.

3. Жатып орындау жағдайы. Бұл поза ұйықтар алдында немесе ұйықтап тұрғаннан кейін орындалады. Жаттығушы арқасымен ыңғайлы жатады, басы ептеп көтеріңкі, басында төмен жастық. Қолдары ептеп бүгілген, денесі бойымен, алақаны төмен қаратылып еркін жатыр. Кешкі жаттығулар үшін ұйықтардағы позасын алған дұрыс болады.

Дайындалушы осы айтылған позалардың бірін қабылдағаннан кейін арнайы жаттығуларды орындау басталады. Тапсырмаға шоғырланған назарды аудару үшін жаттығуларды жұмулы көзбен орындаған дұрыс.

Жаттығушы қажетті сезімдерге қол жеткізуі үшін иландырудың формулаларына лайықты оймен қайталаудың жеті басты стандартты жаттығулары өңделген:

1. Ауырлық сезімін тудыруға бағытталған жаттығу.

2. Жылуды сезінуге бағытталған жаттығулар.

3. Жүрек қызметінің ырғағын меңгеруге бағытталған жаттығу.

4. Тыныс алу ырғағын реттеуді меңгеруге бағытталған жаттығу

5. Іш қуысындағы жүйкелердің тұтасып бірігіп кеткен жерінде және бұғана қуысында жылылықты тудыруға бағытталған жаттығу.

6. Маңдай жағының суынғандығын сезінуге бағытталған жаттығулар.

7. Қажетті жағдайға иландылу

1. Ауырлық сезімін тудыруға бағытталған жаттығу.

Үш позаның бірінде бастапқы позада тұрасыз, оймен: «Мен тыныштық жағдайындамын» деп айтасыз. Содан кейін 5-6 рет ойша «Менің оң қолым өте ауыр» (сол қолдықтар үшін «менің сол қолым ауыр» дейсіз), содан кейін ойша бір рет мен тыныштық жағдайындамын» дегенді қайталайсыз. Өзіңізді бірнеше рет айтқанға иландыру қажет. Оң қолдың ауырлағандығы сезіле бастайды. Әсерлірек ету үшін оң қолда гир немесе ауыр бірдене тұр деп елестету қажет және т.б.

Кейде ауырлық сезімін сезінгендіңізді бақылау үшін бірнеше рет қолды көтеруге тырысу қажет. Содан кейін екі қолда да, екі аяқта да, барлық дене де ауырлық сезімі пайда болады. Осыдан кейін келесі жаттығуға көшуге болады.

2. Жылуды сезінуге бағытталған жаттығулар.

Алдымен ауырлықты сезіну сезімін иландырады және барлық денесімен ауырлықты сезінген жағдайда өзне елестете отырып 5-6 рет қатарынан «Менің оң қолым жылы» және бір рет: «Мен толық тыныштықтамын» дегенді айту керек. Әсерлі ету үшін ауырлаған қолың жылы суға малынғандай сезіну қажет және т.б. Жаттыққандық шамасы бойынша сезім екі қолға, екі аяққа, бүкіл денеге тарағандай сезіну қажет. Жылылықты нақтырақ сезіну үшін жарқын образды көріністерді елестету қажет, сол кезде жылылық сезімі жеңіл және есепті түрде сезініледі. Бұл жаттығуды меңгергеннен кейін үшіншісіне ауысуға болады.

3. Жүрек қызметінің ырғағын меңгеруге бағытталған жаттығу.

Алдымен пульсті ойша санау жаттығуын жасауды үйренген жөн. Бұл жаттығулар алдымен арқамен жатып орындалады, сол кезде оң сол сәулелік артерияның немесе жүрек облысына орналастырылады. Оң қолдың бұлшық ет қысымын азайту үшін қолдың астына жұмсақ нәрсе (жастық) қойылады. Алдымен ауырлық сезімін жоғарыдай тудырады, содан кейін ойша 5-6 рет келесі сөздерді қайталап иландыруға көшеді: «Жүрегім байыпты және бірқалыпты соғып тұр» және бір рет «Мен толық тыныштық жағдайындамын дегенді айтады.

4. Тыныс алу ырғағын реттеуді меңгеруге бағытталған жаттығу

Алдымен ауырлық, жылылық, жүректің бірқалыпты соғу сезімін тудырады. Содан кейін ойша 5-6 рет қайталайды: «Мен бірқалыпты демалып тұрмын» және бір рет: «Мен тыныштық жағдайындамын» деп айту керек..

Егер жаттығу процессінде байсалды және ырғақты дем алу қабілеттіліктер меңгерілді делінген болса жаттығудың орындалғандығы. Бұл жаттығу қиын емес және тез меңгеріледі.

5. Іш қуысындағы жүйкелердің тұтасып бірігіп кеткен жерінде және бұғана қуысында жылылықты тудыруға бағытталған жаттығу.

 Бұл жаттығу қиындау болып келеді. Іш қуысындағы бірігіп кеткен жері вегативті нерв жүйесінің маңызды органы болып табылады - «бұғана миы» және ол асқазанның арт жағында орналасқан. Оның орналасқан жерін кіндік пен кеуденің дәл ортасын белгілеумен тура табуға болады.

Жаттығудың бас кезінде кқөрсетілген төрт жаттығуға сәйкес сезімдерді тудырады. Содан кейін келесі сөздерді 5-6 рет ойша қайталау керек: «Менің іш қуысындағы жүйкелердің тұтасып бірігіп кеткен жері жылу шығарады» немесе «Ішім жағымды жылумен жылытылды» және бір рет ойша «Мен тыныштық жағдайындамын». Жақсырақ сезінуге қол жеткізу үшін алдынғы жаттығулар сияқты образды еселтетулерді қолдану қажет.

6. Маңдай жағының суынғандығын сезінуге бағытталған жаттығулар.

Жоғарыда көрсетілген аутогенді дайындық жаттығуларын жасаған соң және қажетті сезімдерді сезінгеннен кейін, ойша 5-6 рет келесілерді қайталау керек: «Менің маңдай жағым салқындап тұр» деп бірнеше рет айту керек. Бұл жаттығуды меңгеру үшін өте күрделі. Бұл жаттығуды орындағанда назар маңдайға шоғырлануы тиіс. Бұл жағдайда әсерлілікті күшейту үшін образды елестерді қолдану керек, мысалы маңдайды салқын орамал таңылғандай сезіну қажет және т.б.). Егер жаттығушының маңдай жаында салқындықты сезінсе жаттығу орындалды деуге болады.

Осы алты жаттығуды жақсы меңгерген болса, созылған иландыруларды қысқаларымен алмастыруға болады: «Тыныштық», «Ауырлық», «Жылылық», «Жүрек және бір қалыпты тыңыстау», «Іш қуысындағы жүйкелердің бірігіп кеткен жері», «Маңдайым суық».

Барлық жағдайда назар тыныш «пассивті» сипатқа шоғырланғандығын ерекшелеп көрсеткен жөн. Аутогенді жаттығуларды байсалды, шектен тыс қысымшылықсыз орындаған дұрыс. Олар жаттығушыны жалықтырмауы тиіс, оның орнына оған жайлы жағдай туғызған жөн.

Әр жаттығу алдынғысын орындағаннан кейін күніне 2-3 рет 2 апта бойына қайталанады. Осылайша барлық алты жаттығуға 12 апта кетеді. Олардың бірінші жаттығуы 12, екіншісі – 10, үшіншісі – 8, төртіншісі – 6, бесіншісі – 4, алтыншысы – 2 апта орындалады.

Бірінші жаттығу ғана көп уақыт орындалады. Жаттығулардың ұзақтығы – 2-3 минуттен 5-6 минутке дейін созылады.

Жоғарыда келтірілген алты жзаттығу «стандартты» деп аталады, оларды Шульц жаттығудың төменгі сатысына жатқызады. Ол жоғарғы сатысына немесе аутогенді медитацияның көріністерді ашық визуализациялау және өзін «Нирвана» жағдайына түсіруге мүмкіндік беретін жаттығуды жатқызады. Олар кеңінен таралмай қалды, сондықтан оларға қысқаша тоқталамыз:

Жоғары сатыға қол жеткізу үшін келесілер ұсынылады:

1) Жұмылған көзбен көздің қарашығын төбедегі бір нүктеге қарап тұрғандай қарау талап етілетін жаттығу;

2) көріністерді визуализациялау жаттығулары:

Бір түстес елестету, нақты заттарды елестету. Бұл жаттығу 30-60 минут орындалады және бір жылдың ішінде алты айдан аз емес жаттыққандарға ғана ұсынылады. Егер жаттығушы бүкіл түсті және заттар образын, сондай-ақ өзге адамның образын елестете алса тапсырма орындалған болып есептеледі;

3) Найзағайға тән жағдайға түсу (интенсивті жағдайға түсу), ол кезде мысалы сұлулық, бақыт, әділдік абстрактылық сияқты түсініктер лайықты көріністік образдарды тудырады;

4) Сана түскөрумен ыдыратудың өзіндік жағдайын тудыру (тереңінен ену) ол кезде айналысушы өзіне сұрақтар қояды (мысалы, «Мен нені қате істедім?» «Жұмыстың мәні неде?) және оларға көріністі түс көру образы түрінде жауап алады.

Аутогенді жаттығу әдісін меңгеру адамға организмнің белгілі қызметкерін ерікті реттеу мүмкіндігін ғана беріп қоймайды (өзіндік реттеу мүмкіндігі маңызды рөл атқарады), бірақ иландырудың көмегімен, сеанстың аяғында релаксация жағдайынан кейін болатын қажетті жағдайлар қиын тапсырмаларды әсерлі шешуге мүмкіндік беретін, қиын жұмысында аутогенді жаттығуды мақсатты түрде, келесі бағытта қолдану керек:

1. Үрей, уайымдау, эмоционалдық ауыртпалық сезімдерін азайту. Сол кезде сезіну мен қабылдаулар бізге тәуелді емес қасиеттерді көрсетеді, эмоциялар біздің қоршаған ортаға деген қатынасымызды бейнелейді.

Олар организмнің маңыздылығы, көзқарасы жағынан бағлауға мүмкіндік туғызады. Адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төнген жағдайда қорқыныш, үрей, шошыну және т.б. Бұл эмоциялар адамға сондай жағдайларда оларды өзгертуге міндеттейді, оның қалыпты жағдайға түсіреді.

Және де ол қалыпты жағдай, осылайша адамды сондай жағдайларда негативтіліктен сақтайды. Бірақ ішкі істер органының қызметкерлері қызметтік борышы бойынша үнемі қауіпсіздігіне қатер төнетін жағдайларға тап болады – олар сондай жағдайларда өзінің кәсіптік борыштарын орындау қажет. Осындай жағдайларда аутогенді жаттығу қызметкерге көмектеседі. Ол шамадан тыс эмоционалдық қысымды жоюға көмектеседі: қорқыныш сезімі, үрейлену, уайымдау, қобалжу (мысалы қылмыскерді ұстауға байланысты). Сондай-ақ бұлшық етті босаңсытуды (релаксация) біле білу керек. Релаксация жағдайында өзін иландырудың командаларын қолдану қажет, олар мақсатына тез қол жеткізуге көмектеседі: «Мен мүлде сабырлымын», «Мен уайымдауыма еш себеп жоқ», «Мен осы тапсырманы орындайтындығыма өз-өзіме сенімдімін», «Қорқу және үрейлену үшін себеп жоқ», «Мен өз-өзімді және жағдайды бақылай аламын» және т.б.

1. Ұйықтау қызметін реттеу

Аутогенді жаттығу қысқа кезеңдермен кезекшілік ететін, бір-бірін ауысыммен постымен жиі ауыстыратын қызметкерлерге тиімді.

Алдынғы екі аутогенді жаттығуды орындау қажет (денедегі ауырлық пен жылықты сезіну) және ойша ұйқы келгендікті және ұйқысұрау сезімін келтіру. Ол үшін келесі формуланы қолдану керек: «Менің денем босаңсып тұр. Мен демалып жатырмын. Менің ұйқым келді. Менің көзім жұмылып тұр, ауырлық басып тұр. Басым тұманданып кетті. Ұйықтап бара жатырмын. Менің ұйықтап кеттім....» және т.б. Стандартты формуласы жоқ; жалпы қағидасы өзіне ұйықысұрау жағдайын сезіну. Егер белгілі сигналға, дыбысқа ояну қажет болса лайықты өзін иландыру талап етіледі.

3. Қысқа уақытты демалыс. Қысқаша уақыт ішінде толыққанды демалу үшін артынан сергектік сезімін иландырумен 5-15 минут релаксация жағдайына ену керек («Мен жақсы демалдым, мен сергекпін...» және т.б.)

4. Организмді белсенділендіру. Аутогенді жаттығуды ұйқысұрауды жою, организмді белсенділендіру, әрекетке дайындалу, ішкі ресурстарын жинақтау үшін қолдануға болады. Бұл ағзаны экстра түрінде жинақтауға негіздеме береді. Бұл мақсатта болады:

- стеникалық әсерлерді иландыру (ашу, долылық), мысалы лайықты образды көріністерді шақыру жолымен путем («шабуылдан қорғану» және т.б.) – ойша айтады және сезінуге тырысады: «бұлшық етті қатайту... қолық жұдырыққа түйілген... жақтар тартылады... тыныс алуы жиі...»;

- қызметкердің белсенді қызметімен байланысты образды көріністерді шақыру («құқық бұзушыны ұстау», «дуэль» жауап алу кезінде және т.б.);

- адреналин ендірудегі сезімдердің өзіндік иландырулары (қалтырау, «қаз терісін», суықты және т.б. сезіну). Механизмі бойынша олар адреналин сияқты әсер береді.

- аутогендік жаттығудан кейін сергектік сезіміне иландыру.

5. Ерікті нығайту, мінездің кейбір формалары мен сипаттамалық ерекшеліктерін коррекциялау, интеллектуалды ресурстарын мобилдеу.

Кейбір адамдардың өз ойларын жүзеге асыру үшін ерік-жігерлері жетпейді. Еріктік белсенділіктің осы жағын нығайту үшін аутотренингтік жаттығу процессінде иландыруға жүгінуге болады. Релаксация жағдайында (әсіресе таңертең оянғаннан кейін) еріктік белсенділікті нығайтуға бағытталған иландыру жүргізіледі. Иландырудың формулалары әрқайсына жеке. Олар қысқаша болуы тиіс, мақұлданған формада құрылуы тиіс: «Ойым тұрақты...», «Ойға алғаным орындалды...», «Көңілім шоғырланған!». Жаман қылықтармен күрес және қажетті емес сипаттамалық ерекшеліктерді түзету үшін соған ұқсас иландыруға жүгінуге болады. Сол кезде өзін иландыру керек: «Баяу дауыспен айтып тұрмын» (қатты сөйлейтін жағдайда), «Мен тыныштық күйдемін, мен өзімнің эмоцияналдық ұйытқуларымды баса аламын» (эмоционалды қозғыштық кезінде), «Мен темекісіз жүре аламын, олар маған жиіркенішті» (темекіні тастағысы келгенде) және т.б.

Аутогенді жаттығуды қолдануда оқытуды жылдамдатуға, назар тұрақтылығын, өзінің интелектуалды мүмкіндіктерін жақсы қолдануға, реминисценция процестерін жеңілдетуді, сондай-ақ образды көріністерді ерікті елестетуді жақсартуға мүмкіндік береді.

Адамның эмоционалды аясы, оның ерігі, өзіндік санасы және мінезі тәрбиелеудің нәтижесінде елеулі өзгереді. Ал бұл ішкі істер органы қызметкерінің қайсы болмасын қалаған кезінде және жүйелі түрде өзімен жұмыс жасағанда қиын жағдайларды (тіпті өмірге қауіп төндіретін жағдайды) жеңіп шыға алады, нервтік жүктемеге байланысты түрлі аурулардың алдын алады. Оған жүйелі түрде аутогендік жаттығумен айналысу көмектеседі.

 

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер тізімі (Ұсынылған әдебиеттер тізімін қарау. Әдебиеттер: 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33)

Тақырып 3: ІІО қызметкерлерінің эмоционалдық-жігерлік еріктерін реттей білулері.

Семинарлық сабақ – 1 сағат.

Семинарлық сабақтың мақсаты: Курсанттардың ІІО қызметкерлерінің эмоционалдық-жігерлік еріктері туралы білімін тереңдету. Курсанттардың негізгі компонентті кәсіби-психологиялық дайындығы туралы білімдерін кеңейту.

Оқу сұрақтары:

1. Ішкі істер органдары қызметкерлері жеке тұлғасының психологиялық әлеует түсінігі және құрылымы.

2. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің психикалық жай-күйін реттеу. Күйзелістік жағдайдың алдын алу мен болдыртпаудың әдістері.

Рефераттарды жазуға арналған тақырыптар:

1. «Басқару процесіндегі жеке тұлғаның эмоционалды – ерікті саласы»;

2. «Басқарушылық қызметтегі күйзеліс жағдайлар»;

3. «Психикалық жағдайды реттеу және эмоционалды-еріктерін ретттей білу»;

4. «Жай-күйді реттеудің жалпы принциптері»;

5. «Жай-күйді реттеу әдістерінің классификациясы»;

6. «Психикалық жағдайды реттеудің сыртқы әдістері»;

7. «Эмоционалды-еріктерін реттеу әдістері».

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік ұсынымдар: Сабақтың аясында ұсынылған әдебиеттер қорын пайдалана отырып, тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау, жұмыс дәптерлерінде тақырыпқа қатысты негізгі анықтамалар мен ережелерді конспектілеу.

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер тізімі (Ұсынылған әдебиеттер тізімін қарау. Әдебиеттер: 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33)

Тақырып 3: ІІО қызметкерлерінің эмоционалдық-жігерлік еріктерін реттей білулері.

Практикалық сабақ – 3 сағат.

Практикалық сабақтың мақсаты: Қызметте психологиялық қиындықтарды сәтті жеңуге практикалық дағдыларды және қырағылық, есте сақтау сияқты кәсіби сапаларды дамытуға әсер етуді тереңдету. 

Оқу сұрақтары:

1. Эмоционалдық-жігерлік еріктерін реттеудің мақсаты.

2. Психикалық эмоционалдық-жігерлік еріктерін реттеудің мәні.

3. Эмоционалдық-жігерлік тұрақтылығы.

4. Эмоционалдық-жігерлік еріктерін реттеу түсінігі.

5. Эмоционалдықм қысым, қорқу сезімі, сенімсіздік.

6. Эмоционалдық-жігерлік еріктерін реттеудің әдістері.  

Жаттығу

«Мылқау»:

Өткізу тәртібі: Жаттығу жұптасып орындалады. Курсанттардың біреуі келесі бір курсантқа қандай да бір оқиға туралы ақпарат береді (мүмкіндігінше ол қызметке қатысы болуы керек), тек тілсіз құралдарды пайдалану арқылы  – жест, мимика, поза, жүріс арқылы. Екінші адам оны түсінгені туралы айтады, ал бірінші адам оның жауабының дұрыстығы туралы қадағалап отырады. Содан кейін олар рөлдерімен ауысады да екінші оқиға туралы ақпаратты жеткізеді және т.с. жалғасады.

«Командир және бағынышты»

Өткізу тәртібі: Курсанттардың біріне «сабаққа кешігіп келген» курсантпен әртүрлі бағытта топ (взвод) командирі рөлінде диалог құру туралы тапсырма беріледі: «жоғары» позициядан, «төмен» позициядан, «тең» позициядан.

Диалогтан кейін оқытушы курсанттармен тапсырманы талдайды. Жаттығу бірден ойдағыдау орындалмауы әбден мүмкін, онда оқытушы кез-келген курсанттың бірімен диалог құрады, дауыс ырғағына мән бере отырып, жест, мимикаға, қарым-қатынас орнату барысында сәл үзіліс ұстауды сақтай отырып өткізеді. Осыдан кейін курсанттар жұпқа бөлінеді, біреуі командир рөлінде, екіншісі бағынышты рөлінде ойынды жалғастырады және диалогты әртүрлі позицияда, яғни «жоғарыдан», «төменнен», «тең тұрғыдан»:

Қарамағындағы курсанттың сабаққа кешігіп келуі туралы түсініктеме алу жалғасын табады және т.б.

Содан кейін курсанттар рөлдерімен ауысады, диалогты өткізгеннен кейін тапсырмаға талдау жасалады.  

«Стресстік жағдайлар»:

Өткізу тәртібі: Курсанттар 5-10 адамнан топтарға бөлінеді. Оларға топ бойынша таңдалған тақырыпқа сай кез-келген сөзді айтады. Курсанттардың жауабының арасындағы үзіліс 5 секундтан аспауы керек. Кейбір курсанттар ойларына бірінші қай сөз келеді соны атайды, сонымен қарым-қатынас орнату қорқынышынан құтылады, алайда олар таңдалып алынған тақырыпқа сай сөзді айтпауы мүмкін. Берілген тапсырманы орындай алмаған курсанттар ойыннан шығады, соңында әр топта бір «жеңімпаздан» қалады.

Сабаққа ұсыным: Қарым-қатынас орнату тақырыбы әртүрлі болуы мүмкін, мысалы, барлық сөздер ІІО қызметкерлері қолданатын арнайы техникаға немесе әртүрлі пәндер бойынша өтіп кеткен тақырыптар бойынша терминдерге байланысты болуы мүмкін. Жауап тәртібі алдын ала қарастырылмауы мүмкін: айтылған сөзден кейін жауап беруші келесі ойынға қатысушы адамға көрсетеді.

1- тапсырма: Тестілік тапсырмаларды шешу. (үлестірмелі материал).

2- тапсырма . Практикалық сабақтың сұрақтарын жұмыс дәптерлерінде конспектілеу.

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік ұсынымдар: Сабақтың аясында ұсынылған әдебиеттер қорын пайдалана отырып, тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау, жұмыс дәптерлерінде тақырыпқа қатысты негізгі анықтамалар мен ережелерді конспектілеу.

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер тізімі (Ұсынылған әдебиеттер тізімін қарау. Әдебиеттер: 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33)

Тақырып 3: ІІО қызметкерлерінің эмоционалдық-жігерлік еріктерін реттей білулері.

КОӨЖ – 3 сағат.

Оқу сұрақтары:

1. Эмоционалдық-жігерлік еріктерін реттей білу факторлары.

2. Эмоционалдық-жігерлік еріктерін реттей білу процесі.

3. Релаксация эмоционалдық-жігерлік еріктерін реттей білу нысаны ретінде.

4. Визуалдау эмоционалдық-жігерлік еріктерін реттей білу нысаны ретінде.

5. Өзін өзі сендіру эмоционалдық-жігерлік еріктерін реттей білу нысаны ретінде.

6. Аутогендік жаттығу.

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік ұсынымдар: Сабақтың аясында ұсынылған әдебиеттер қорын пайдалана отырып, тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау, жұмыс дәптерлерінде тақырыпқа қатысты негізгі анықтамалар мен ережелерді конспектілеу.

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер тізімі (Ұсынылған әдебиеттер тізімін қарау. Әдебиеттер: 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33)

Тақырып 3: ІІО қызметкерлерінің эмоционалдық-жігерлік еріктерін реттей білулері.

КӨЖ – 7 сағат.

Оқу сұрақтары:

1. «Ішкі істер органдары қызметкерінің жеке тұлғасының психологиялық әлеуеті» түсінігіне анықтама беріңіз.

2. Эмоционалдық-жігерлік еріктерін реттей білу дегеніміз не?

3. Стрестің қандай түрлері сізге таныс және олар жедел-қызметтік міндеттерді шешуге қалай әсер етеді?

4. ІІО қызметкерлерінің психикалық жағдайын реттеудің қандай әдістері сізге таныс?

5. Психикалық өзін-өзі реттеу әдістерінің мәні неде?

6. Эмоционалдық қысым, қорқыныш сезімі, сенімсіздік дегеніміз не?

7.  Өзін- өзі реттеудің қандай түрлерін білесіз?

8. «Аутогендік жаттығу» түсінігіне анықтама беріңіз.

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер тізімі (Ұсынылған әдебиеттер тізімін қарау. Әдебиеттер: 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33)

Тақырып 4: Ішкі істер органдары қызметкерлерінің коммуникативтік дайындығы.

Семинарлық сабақ – 1 сағат.

Семинарлық сабақтың мақсаты: ІІО қызметкерлерінің коммуникативтік дайындығы туралы курсанттардың білімін тереңдету.

Оқу сұрақтары:

1. Қарым-қатынас түсінігі.

2. Коммуникация түсінігі.

3. Қарым-қатынастың құрылымы, кезеңдері, мақсаты, функциялары және қарым-қатынас түрлері.

Рефераттарды жазу тақырыптары:

1. «Қарым-қатынастың коммуникативтік жағы»;

2. «Вербальды қарым-қатынас. Сөйлеу»;

3. «Веррбальды емес қарым-қатынас коммуникация құралы ретінде»;

4. «Қарым-қатынастың аффектілік жағы»;

5. «Қарым-қатынастың перцептивтік жағы».

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік ұсынымдар: Сабақтың аясында ұсынылған әдебиеттер қорын пайдалана отырып, тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау, жұмыс дәптерлерінде тақырыпқа қатысты негізгі анықтамалар мен ережелерді конспектілеу.

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер тізімі (Ұсынылған әдебиеттер тізімін қарау. Әдебиеттер: 34, 35, 36, 37, 38)

Тақырып 4: Ішкі істер органдары қызметкерлерінің коммуникативтік дайындығы.

Практикалық сабақ – 3 сағат.

Практикалық сабақтың мақсаты: Курсанттардың коммуникативтік қабілеттіліктерін дамыту, шығармашылық, көркем ойлау, проблеманы талдай білу, дискуссия өткізу элементтерін қалыптастыру.

Оқу сұрақтары:

1. Қызметкерлердің коммуникативтік құзіреттілігі.

2. Өзара іс-әрекет етудің стратегиясы, тактикалары, механизмдері.

3. Қызметкерлердің кәсіби қарым-қатынас орнату ерекшеліктері.

4. Қарым-қатынас әдістерін түзету.

5. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметінде қарым-қатынастың рөлі.

6. Қарым-қатынастағы психологиялық барьерлер.

Тапсырма:

Тапсырма 1

Сабақ, жианлыс барысында, аялдамада, спектакль басталар алдында, көлікте адамдардың жестілері мен позаларына мән беріп, байқап көріңіздер. Өзіңіздің ішкі жай-күйіңіздің қалпын досыңыздың қалпымен салыстырып көріңіз. Айырмашылығын талқылаңыз.

Тапсырма 2

Достарыңызбен қарым-қатынаста жестерді поза және айнадағыдай ұқсау бойынша дағдыларды меңгеріңіз. Досыңыздың жай-күйінің өзгерістеріне мән беріп қараңыз.

Тапсырма 3

Сізге жақын адамның көңіл күйін оның позасын қабылдай отырып анықтауға талпынып көріңіз.

Тапсырма 4

Жұптарға бөлініңіздер. Бірінші нөмірдегілер екінші нөмірдегілерге кешегі күнді қалай өткізгендері туралы айтады. Ал екінші тыңдаушыларға тапсырма – алғашқы үш минут барысында әңгімені айтушыға ұқсау позасын және оның жестерін айнадай қайталаушы ретіндегі позаны ұстайды. Содан кейін еркін позаға көшіп, олардың жестерін қайталауды қояды. Осыдан кейін рөлдеріңізбен ауысыңыздар. Нәтижелерін және сезімдерді топта талқылаңыздар.

Тапсырма 5

Топтарда үш адамнан орындалады. Бірінші қатысушы (А) отырған немесе тұрған күйдегі позаны қабылдайды. Екінші қатысушы (Б) қарама қарсы тұрады немесе отырады және толығымен жұптасы А-ның позасын қайталап көрсетеді. Үшінші қатысушы (В) «режиссер» рөлінде ойнайды: Б. А-ның позасын толық көрсеттім деп шешкеннен кейін, «режиссер» қасына барып, өз қолымен қателерін көрсетеді. Содан кейін рөлдерімен ауысады.

Тапсырма 6

Жұптасып орындалады. Бірінші әр жұп сөйлесу үшін екі тақырыпты таңдап алыңыздар, оның біреуімен сіз басынан бір-біріңізбен келісесіз де, екіншісімен келіспейсіз.

Енді жұптасып сіздер бір біріңізбен келіспейтін тақырыпты талқылауды бастаңыздар, алайда осы ойын барысында жұптасыңыздың позасына икемделіп, оны сақтап отыруыңыз керек.

Жаттығудың екінші бөлімі. Енді жұптасыңызбен келіскен тақырыпты талқылаңыздар, бірақ енді оның позасын қайталаудың қажеті жоқ, осыған мән беріңіз.

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік ұсынымдар: Сабақтың аясында ұсынылған әдебиеттер қорын пайдалана отырып, тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау, жұмыс дәптерлерінде тақырыпқа қатысты негізгі анықтамалар мен ережелерді конспектілеу.

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер тізімі (Ұсынылған әдебиеттер тізімін қарау. Әдебиеттер: 34, 35, 36, 37, 38)

 

Тақырып 4: Ішкі істер органдары қызметкерлерінің коммуникативтік дайындығы.

КОӨЖ – 2 сағат.

Оқу сұрақтары:

1. Коммуникативтік сапалар.

2. Қарым-қатынастың кәсіби бағыттылығы.  

3. ІІО қызметкерлері мен азаматтардың арасындағы конфликтілердің туындау себептері және оларды жою әдістері.

4. Қоғамдық көзқарастағы ішкі істер органдары қызметінің адамгершілік бағасы

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік ұсынымдар: Сабақтың аясында ұсынылған әдебиеттер қорын пайдалана отырып, тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау, жұмыс дәптерлерінде тақырыпқа қатысты негізгі анықтамалар мен ережелерді конспектілеу.

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер тізімі (Ұсынылған әдебиеттер тізімін қарау. Әдебиеттер: 34, 35, 36, 37, 38)

Тақырып 4: Ішкі істер органдары қызметкерлерінің коммуникативтік дайындығы.

КӨЖ – 6 сағат.

Оқу сұрақтары:

1. «Қарым-қатынас» түсінігіне анықтама беріңіз.

2. Коммуникация дегеніміз не?

3. Қарым-қатынастың құрылымы, кезеңдері, мақсаты, функциялары мен түрлері?

4. Қызметкерлердің коммуникативтік құзіреттілігіне анықтама беріңіз?

5. Өзара іс-әрекет етудің стратегиясы, тактикасы, механизмдері қандай?

6. Қызметкерлердің кәсіби қарым-қатынасының ерекшеліктерін атаңыз?

7. Қарым-қатынас әдістерін түзету дегеніміз не?

8. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметінде қарым-қатынастың рөлі қандай?

9. Сіз қарым-қатынастағы қандай психологиялық барьерлерді білесіз?

10.Қарым-қатынастың кәсіби бағыттылығы.

11. Сіз ІІО қызметкерлері мен азаматтардың арасындағы қандай конфликтілердің туындау себептері мен оларды жою әдістерін білесіз?

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер тізімі (Ұсынылған әдебиеттер тізімін қарау. Әдебиеттер: 34, 35, 36, 37, 38)

Тақырып 5: Қарым-қатынас құралдары мен коммуникативтік әсер етудің әдістері.

Семинарлық сабақ – 1 сағат.

Семинарлық сабақтың мақсаты: Курсанттардың қарым-қатынас және ІІО қызметкерлерінің коммуникативтік дайындығының тәсілдері туралы білімдерін тереңдету.

Оқу сұрақтары:

1. Қарым-қатынас элементтері. Қарым-қатынастың коммуникативтік жағы, қарым-қатынастың аффектілік жағы, қарым-қатынастың перцептивтік жағы.

2. Әсер ету тәсілдері: «жұқтыру», сендіру, ұқсату.

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік ұсынымдар: Сабақтың аясында ұсынылған әдебиеттер қорын пайдалана отырып, тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау, жұмыс дәптерлерінде тақырыпқа қатысты негізгі анықтамалар мен ережелерді конспектілеу.

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер тізімі (Ұсынылған әдебиеттер тізімін қарау. Әдебиеттер: 39, 40, 41,42,43,44,45)

 

Тақырып 5: Қарым-қатынас құралдары мен коммуникативтік әсер етудің әдістері.

Практикалық сабақ – 3 сағат.

Практикалық сабақтың мақсаты: Курсанттардың қарым-қатынас және ІІО қызметкерлерінің коммуникативтік дайындығының тәсілдері туралы білімдерін тереңдету.

Оқу сұрақтары:

1. Адамның жеке тұлғасына индивидуалды әсер ету.

2. Кәсіби қарым-қатынастың дағдыларын дамыту.

3. Психологиялық контактіні орнату.

4. Алдыда болатын қарым-қатынасты болжау.

5. Рөлдік мінез-құлық туралы түсінік.

6. Коммуникациялық әрекеттің нысандары.

Тапсырмалар:

1-тапсырма:

Теміржол вагонының купесінде бір жолаушының ірі ақшалай соммамен әмиянын ұрлап әкетеді. Әрине ұрлаған адамның жолаушылардың бірі екені анық болды.

Олардың ішінде біреуі  - құрметті зейнеткер, екіншісі – атағы шықпаған бухгалтер, үшіншісі рецидивист болып шықты. Олардың тегі: Смирнов, Дементьев, Борисов. Әр сұралған адам іске қатысты екі маңызды жайтты айтты:

Борисов: «Мен әмиянды алған жоқпын». «Дементьев те менің бұған қатысым жоқ".

Дементьев: "Борисов әмиянды алған жоқ. Оны істеген Смирнов" деді.

Смирнов: "Мен алған жоқпын. Әмиянды Борисов алды" деді.

Артынша тергеу бойынша зейнеткердің екі жағдай да шындықты айтқаны анықталды, рецидивист екі ретте де өтірік айтты, ал бухгалтер – бір жағдайда шындықты, екіншіде өтірік айтты.

Зейнеткердің, бухгалтердің, рецидивистің тегін атаңыз және олардың қайсысы ұрлық жасағанын атаңыз.

2-тапсырма:

    Өте ыстық жазғы күн. Инспектор Вернер және оның көмекшілері қылмыскерлердің ізіне түсіп келе жатып, шағын орманға тап болып, онда шомылып жүргендердің тобын көреді.

- Тыңдаңыздар! – деді дауыстап инспектор Вернер. – Біз жасы сіздер шамалас бір жігітті іздеп жүрміз. Ол осы жақын жерде болуы керек. Сіздер оны көрген жоқсыздар ма?

Жастар бір-біріне үндемей қарасты. Содан кейін олардың біреуі айтты:

- Шынымен де бірнеше минут бұрын осы жерге  бір бөгде жігіт жүгіріп келді. Және тура осы жерде ол көлге секіріп кетті. Әне қараңыздар ол арғы бетте судан шығып барады! Асығыңыздар! Қаласаңыздар сіздерге қайығымды берейін, әйтпесе ол сіздерден қашып үлгереді деді.

- Қашса қаша берсін, - деді байқаған инспектор Вернер, - енді мен сіздермен жақынырақ танысқым келеді деді.

Инспектор Вернердің мұндай шешімге келуіне не себеп болды?

3-тапсырма:

Инспектор мырза, мен түсінбеймін, XVII ғасырдың бокалы кімге керек болды екен? тіпті оны сата да алмайды.

 - Осындай сөздермен мұражай директоры инспектор Вернерді қарсы алды.   – Кеше кешкісін бокал өз орнында болған. Менен кейін бөлмеге бөгде ешкім кірген жоқ. Мен есікті өзім жаптым. Мұражайды ерлі-зайыпты Цейзигтер жинайды, олар бізде бұрыннан бері жұмыс істейді және біз олардан күмәнданбаймыз.

- Иә, инспектор мырза, кешкі жинау барысында барлығы дұрыс болған, - деді Цейзиг мырза.

Инспектор Вернер біршама уақытқа ойланып қалды.

- Қашаннан бері сіздер мұражай құндылықтарын жинай бастадыңыздар? – деді кенеттен ол Цейзигқа.

Инспектор Вернер неліктен Цейзигтің отбасын бокалдың ұрлануына қатысы бар деп күдіктенді ?

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік ұсынымдар: Сабақтың аясында ұсынылған әдебиеттер қорын пайдалана отырып, тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау, жұмыс дәптерлерінде тақырыпқа қатысты негізгі анықтамалар мен ережелерді конспектілеу.

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер тізімі (Ұсынылған әдебиеттер тізімін қарау. Әдебиеттер:  39, 40, 41,42,43,44,45)

 

Тақырып 5: Қарым-қатынас құралдары мен коммуникативтік әсер етудің әдістері.

КОӨЖ– 3 сағат.

Оқу сұрақтары:

1. Қарым-қатынас жақтары мен функцияларының классификациясы.

2. Қарым-қатынас түрлері. Қарым-қатынас процедурасы.

3. Қарым-қатынас тәсілдері.

4. Рефераттарды жазу бойынша материалдарды жинау.

5. Тестілік тапсырмаларды құру.

6. Жағдаяттық тапсырмаларды құру.

 

Тақырып 5: Қарым-қатынас құралдары мен коммуникативтік әсер етудің әдістері.

КӨЖ– 5 сағат.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Қарым-қатынастың элементтері дегеніміз не?

2. Қарым-қатынастың коммуникативтік, аффективтік және перцептивтік жақтарына анықтама беріңіз.

3. Әсер ету тәсілдері: «жұқтыру», сендіру, көндіру, ұқсату?

4. Адамның жеке тұлғасына индивидуалды әсер ету.

5. Кәсіби қарым-қатынас дағдыларын қалай дамытуға болады?

6. Психологиялық контактіні орнату.

7. Алдыңғы болатын қарым-қатынасты қалай болжауға болады?

8. Рөлдік мінез құлық дегенді қалай түсінуге болады?

9. Коммуникациялық әсер етудің түрлерін атап өтіңіз?

10. Сіз қандай қарым-қатынас түрлерін білесіз?

11. Қарым-қатынас процедурасы нені білдіреді?

 

Тақырып № 6: Кәсіби қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту.

Семинарлық сабақ – 1 сағат.

Семинарлық сабақтың мақсаты: ІІО қызметкерлерінің кәсіби қарым-қатынас дағдылары туралы дұрыс көзқарасты қалыптастыру.

Оқу сұрақтары:

1. Алдыда болатын қарым-қатынасты болжау.

2. Коммуникациялық әрекеттің түрлері.

    Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік ұсынымдар: Сабақтың аясында ұсынылған әдебиеттер қорын пайдалана отырып, тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау, жұмыс дәптерлерінде тақырыпқа қатысты негізгі анықтамалар мен ережелерді конспектілеу.

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер тізімі (Ұсынылған әдебиеттер тізімін қарау. Әдебиеттер:10, 14, 25, 33, 34, 35, 36, 37, 38)

Тақырып № 6: Кәсіби қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту.

Практикалық сабақ  – 3 сағат.

Практикалық сабақтың мақсаты : Кәсіби қарым-қатынас дағдыларын дамытудың практикалық маңызын түсіндіру.

Оқу сұрақтары:

1. Ішкі  коммуникабельді сапалар мен келісімді жинау.

2. Жалпы және бейтарап қызығушылықтарды іздеу.

3. Қарым-қатынаста «кедергіні» жою бойынша әрекет.

    Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік ұсынымдар: Сабақтың аясында ұсынылған әдебиеттер қорын пайдалана отырып, тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау, жұмыс дәптерлерінде тақырыпқа қатысты негізгі анықтамалар мен ережелерді конспектілеу.

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер тізімі (Ұсынылған әдебиеттер тізімін қарау. Әдебиеттер:10, 14, 25, 33, 34, 35, 36, 37, 38)

Тапсырмалар:

1- тапсырма:

- Алло! Полиция? Көмектесіңіздер! Менің әйелім өзіне қол жұмсап өзін-өзі өлтірді.

Қайтыс болар алдында хат қалдырып кетіпті. Масқара!

- Қазір дереу шығамыз. Сіздің мекежайыңыз?

- Беверли-Хилл,47 жеке меншік үйі. Мен бейшара әйелдің күйеуі, Сэм Фоссетпін.

Комиссар Коллинз телефон тұтқасын жиіркенішпен қоя салды.

- Тағы да бір есуас менің басыма бәле болды. Сержант, машинаны әкеліңіз! Үш минуттан соң, оқиға болған жерге комиссар келіп, қайтыс болған әйелдің күйеуінін жауап алды.

 - Мен өз кабинетімде отырғанмын, кенеттен қарудың даусы шықты. Мен бөлмеге жүгіріп келгенде Эдит өліп кетіпті. Ол үстелдің жанында орналасқан креслода отырған күйінде қалған, ал тапанша қазір жатқан жерде жатты. Столдың үстінен мына хатты көрдім, онда соңғысы "қош бол" менің қымбаттым деп жазылған. Коллинз жарты парақты қолына алды да, оқыды: «Мен әлі түсінбеймін жаратқан ием, өзіме қол жұмсап, қиын да қорлыққа толы өмірімнен кетемін. Эдит».

- Оған не түсініксіз болды а, Фоссет? Айтпақшы, тыныс белгілері қызық орналасқан. Әсіресе мынау үтір. Сіздің әйеліңіз сауатсыз болған ба сонда?

- Керсінше, сэр. Ол филолог маман. Гарвард университетін бітірген. Шынын айтқанда қазір мен үтірді ойлайтын шамам жоқ, комиссар.

- Сэмюэл Фоссет, Сіз өз әйеліңізді өлтіргеніңіз үшін тұтқындаласыз. Ал енді сіз айтыңыз,өз әйеліңізді бұл хатты жазуға қалай мәжбүрледіңіз?

Қалайша комиссар Коллинз Фоссеттің қылымысы туралы біліп қойды?

Тапсырма

- Біз Ремердің контрабандамен айналысатынына сезіктенеміз, бірақ бізге бұған дәлел келтіру қиынға соғады, - деп баяндады сержант Фитт инспектор Вернерге. - Ремер шетелге фирманың жұмыстары бойынша жиі іссапармен барып тұрады, мәліметтер бойынша ол шетелден азынаулақ мөлшерде есірткі әкеледі. Кеден тексерісі ештеңе анықтамады. Ол ылғида кішкене чемоданмен барады. Мен ол тұтынатын заттардың тізімін құрадым, яғни өзімен ылғи апаратын заттардың тізімін...

Инспектор тізім жазылған парақты қарап шықты: "Пижама, екі көйлек, қауіпсіз ұстара, лезвия, қырынуға арналған крем, майлағыш (помазок), тіске арналған паста, сабын, одеколон, орамал,тырнаққа арналған шөтке, шашқа арналған тарақ, бір екі шұлық, бөлмеге арналған туфли, тырнақ егеуіш, қағаздарға арналған папка және жылы шарф."

- Бұл толық тізім бе? – инспектор сұрады.

- Иә, бұл заттар оның соңғы іссапарында болды. Өткен жолы да жылы шарфтан басқасының барлығы болды, шарфты алмаған себебі жаз болды.

- Онда маған оның есірткіні қайда жасыратыны түсінікті. Келесі жолы есірткіні ... іздеңіздер

Қайдан? Инспектор қандай қорытындыға келді?

Тапсырма

Сан-Франциско полициясына келіп түскен кейбір мәліметтер бойынша  миллионердің қымбатты жұбайы миссис Андерсонды біреулер ұрлауға дайындалып жатқандары туралы қорытынды жасауға болады. Миссис Андерсон бірінші санаттағы қонақ үйде тұрып жатқан. Айтуынша осы жерде ұрлықты ұйымдастырушы қылмыскер де тұрып жатқан. Қылмыскерді қолға түсіру ойымен детектив бірнеше күн миссис Андерсонның номерінде кезекшілік етеді, алайда нәтижесіз болды. Миссис Андерсон онымен қалжыңдай бастайды, кенеттен келесі оқиға орын алады. Кешке жақын номердің есігін бөгде біреу қағады. Кейін есік ашылып, бөлмеге бейтаныс ер адам кіреді. Миссис Андерсонды көре салысымен, ол есікпен шатасып кеткені туралы сылтауратып, кешірім сұрайды.  "Мен бұл бөлмені өзімнің бөлмем екеніне әбден сенімді болған едім, деп күлімдеді. «Алайда барлық есіктер ұқсас қой». Осы кезде детектив  торудан ытқып шығып бейтаныс адамды қамауға алады.

Детектив неліктен оның алдында қылмыскердің болғанына сенімді болды, оған не әсер етті?

1- тапсырма: Тестік тапсырмаларды шешу (үлестірмелі материал).

2- тапсырма . Практикалық сабақтың сұрақтарын жұмыс дәптерлерінде конспектілеу.

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік ұсынымдар: Сабақтың аясында ұсынылған әдебиеттер қорын пайдалана отырып, тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау, жұмыс дәптерлерінде тақырыпқа қатысты негізгі анықтамалар мен ережелерді конспектілеу.

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер тізімі (Ұсынылған әдебиеттер тізімін қарау. Әдебиеттер:10, 14, 25, 33, 34, 35, 36, 37, 38)

Тақырып № 6: Кәсіби қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту.

КОӨЖ– 2 сағат.

Оқу сұрақтары:

1. Конспиративтік-рөлдік мінез-құлық.

2. Жекелік-рөлдік мінез-құлық.

3.  Мінез-құлықтың толықрөлді түрі.

4. Рефераттарды жазу бойынша материалдарды жинау.

5. Тестік тапсырмаларды құру.

6. Жағдаяттық тапсырмаларды құру.

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік ұсынымдар: Сабақтың аясында ұсынылған әдебиеттер қорын пайдалана отырып, тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау, жұмыс дәптерлерінде тақырыпқа қатысты негізгі анықтамалар мен ережелерді конспектілеу.

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер тізімі (Ұсынылған әдебиеттер тізімін қарау. Әдебиеттер:10, 14, 25, 33, 34, 35, 36, 37, 38)

 

Тақырып № 6: Кәсіби қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту.

КӨЖ– 6 сағат.

Өзін өзі бақылауға сұрақтар:

1. Алдыңғы болатын қарым-қатынасты болжау дегенді қалай түсінесіз?

2. Коммуникациялық әрекет нысаны дегеніміз не?

3. Ішкі коммуникабелдік сапалардың пайда болуы туралы айтып беріңіз.

4. Жалпы және нейтралды қызығушылықтарды іздеу дегеніміз не?

5. Қарым-қатынастағы «кедергілерді» жою туралы әрекеттерді білесіз?

6. Конспиративті-рөлдік мінез-құлық дегеніміз не?

7. Жеке-рөлдік мінез-құлық түсінігіне анықтама беріңіз.

8. Мінез-құлықтың толықрөлді түрі дегенді қалай түсінесіз?

Дәріс тақырыбы № 7 : Ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби-психологиялық тренингілер өткізу әдістері мен оны ұйымдастыру қағидаттары.

Дәріс – 1 сағат

Дәріс мақсаты: ІІО қызметкерлерінің кәсіби-психологиялық тренингтері әдістерімен және оны ұйымдастыру принциптерімен курсанттарды таныстыру.

Дәріс жоспары:

1. Ішкі істер органдары қызметкерлері жеке тұлғасының танымдық саласының ерекшеліктері.

2. Ес тренингі

3. Назар аудару және қырағылық тренингі

4. Интеллектуалдық сапаларды дамыту

Дәріс тезистері

ІІО қызметкерлерінің арнайы психологиялық дайындығын анықтаудың орталық звеносы, өзегі болып оның жүргізілу әдістері табылады. Бұл жерде сөз қызметкердің жедел-қызметтік тапсырмаларды әсерлі орындауға мүмкіндік беретін психологиялық дайындығының қажетті деңгейіне қол жеткізетін және дамытатын тәсілдер туралы. Кейінгі кезде психологиялық дайындықты ұйымдастыруда ішкі істер органы қызметкерлерінің кәсіптік-психологиялық тренингін қолдану елеулі маңызға ие болып тұр.

Кәсіптік-психологиялық тренинг қызметкердің кәсіптік елеулі жеке қасиеттерін әсерлі дамытуға мүмкіндік беретін, мақсатты түрдегі дайындықтар мен жаттығулардың жүйесін білдіреді.

Бұл тренинг қызметкердің кәсіптік қызметтегі әсерлілігін жоғарылататын лайықты психологиялық тәсілдердің жүйесін меңгеруді білдіреді.

Психологиялық дайындықты жүргізу үшін кәсіптік-психологиялық тренингтің келесі басты әдістері қолданылады:

· танымдық қасиеттердің тренингі;

· коммуникативті тренинг;

· ролдік тренинг;

· психореттеуші дайындықтар;

· психотехникалық ойындар.

Кәсіби-психологиялық тренингтің әдістері жедел қызметкерлерге қажетті сапаларды, дағыды мен ептіліктерді әсерлі қалыптастыру және дамытуға мүмкіндік береді.

Танымдық қасиеттердің тренингісіне кәсіптік қабылдаудың тәжірибесін жинақтауға, кәсіптік қабылдаудың тәжірибесін жинақтауға, кәсіптік сезгіштікті дамыту бойынша машықтануларды дамыту тренингтерін жатқызады.

Коммуникативті тренинг тұлғаларға психологиялық байланыстар мен сенімді қатынастарды орнатудың жеделк қызығушылықты тудыратын психологиялық әсер етушілікті асырудың дағдыларын меңгеруге шоғырланады.

Жедел-қызметтік тапсырмаларды шешу процесінде түрлі рөлдерді орындауға тура келеді. Өз мінезін түрлендіру, бүркемелеу және мотивтеу ептілігі – ішкі істер органы қызметкерінің кәсіптік шеберлігінің қажетті компоненттері және осы жерде лайықты қасиеттерді жаттықтыру үшін рөлдік тренингінің маңызы зор. Ролдік мінездің дағдылары рөлдік гимнастика жасау жолымен дамытылады – іштей көрінген, тапсырылған рөлге лайықты іштей көрінген белгілердің сөздік және сөздік емес құралдарымен арнайы жаттығулар, осы құралдарды импровизациялауға қабілеттілікті дамыту.

Эмоционалдық-еріктік процесстердің өзіндік реттеу дағдыларын меңгеру үшін психореттеуші жаттығулар қолданылады. Бұл жаттығулар өзіндік реттеудің қарапайым әдістерін қолданудың дағдыларын меңгеруге бағытталған. Осы топқа аутогендік дайындықты, еріктік өзіндік реттеудің әдістерін меңгеруді жатқызады.

Психотехникалық ойындар – ойындық түрдегі құралдармен белгілі қасиеттерді қалыптастыру үшін қызметкерлерді психологиялық жағынан қолданылатын әсерлі әдіс. Психотехникалық ойындар негізінде шынайылықта орын табатын, тәжірибелікке жақын жағдайларды туғызатын белгілі рөлдердің орындалуын қарастырады.

Психологиялық дайындықтың әдісіне жедел-қызметтік психологиялық модельдеуші жағдайлар мен қиындықтарға жатқызады – ол жедел-қызметтік әрекеттегі шынайы жағдайға жақын, сыртқы және ішкі (психологиялық) жағдайды жасауға мүмкіндік беретін әдістер, тәсілдер және құралдар кешені.

Психологиялық дайындықтың әдістерінің арасында психологиялық анализ және тәжірибелік тапсырмаларды шешу әрекеттерін ерекшелеп көрсетуге болады, ол қызметкерлердің кәсіптік-психологиялық деңгейін шынайы тексеруге лайықты болып табылады. Тәжірибелік жағдайларды шешу қызметкерге жедел-қызметтік әрекеттегі алынған тәжірибелік білімді, дағдылар мен ептіліктерді қолдануға мүмкіндік береді.

Тапсырмалардың күрделілігі және жауапкершілігі, сондай-ақ кәсіптік-психологиялық тренингтің жүзеге асуының жолдары мен мазмұны оны жүргізуді ұйымдастыру мен әдістемесіне жоғарғы талаптарды белгілейді.

Кәсіптік-психологиялық тренингті жүзеге асыруда оны ұйымдастырудың белгілі қағидаларын басшылыққа алған жөн. Алғы қағидалар ретінде келесілер көрінеді:

· тренингтің ғылыми негізділігі және мақсаттылығы;

· тренингтің кәсіптік бағыттылығы;

· оны жүргізудің жүйелілігі және бірізділігі;

· білім алушылардың саналылығы және белсенділігі;

· дайындықтың қол жетімділігі

Кәсіптік-психологиялық тренингтің құралдары мен әдістері кешенінің ғылыми негізділігі мен мақсаттылығы оның психологиялық нәзіктіліктерінде терең түсіну және заң психологиясы мен педагогикасының ұсыныстарын орындау қажеттілігімен анықталады.

Тренингтің кәсіптік бағыттылығы дайындықтың тапсырмалары мен мазмұның нақтылаумен көрінеді. Сондай-ақ оқу тапсырмаларын, әдістерін, объектілерін ескерумен таңдау қажет.

Кәсіптік-психологиялық тренингті жүргізудегі жүйелілік пенбірізділік психологиялық дайындықтан логикалық жағынан өтуде шоғырланыған, онда жаңа білімдер, дағдылар және ептіліктер алдыңғылырының негізінде алынатын болса, ал алдынғылары әрі қарай дамытуды талап етуі. Қарапайымнан күрделіге, өңделгеннен-өңделмегенге өту, жаттығулардың шынайы үйренгендерін толықтай шынайы есепке алумен, жоғары, бірақ күші жететін қиындықтарды туғызу қажет. Осы сабақтағы тапсырмаларды алдынғысынан кішкене ғана (тапсырмалар, темптер, жағдайлар және т.б.) қиынырақ болғаны жөн.

Егер жаттығушы қанша тырысқанына қарамастан тапсырманы дұрыс шеше алмаса, онда оны ептеп жеңілдету қажет.

Жаттығу негізінде білім алушылардың мүмкіндіктерін мобильдейді, оқыту процессі тездетіледі, нәтижелері өседі. Тапсырмалар жеңіл болған жағдайда, тез орындалғанда сабаққа деген қызығушылық төмендейді, оқытудың темпі баяулайды.

Білім алушылардың саналығы мен белсенділігі қызметкерлердің өзін жетілдіруі, танымдық әрекетін белсендіруі, психологиялық дайындығы бойынша сабақтарға орынықты қызығушылықты қалыптастыруы бойынша саналы жұмысты қамтамасыз етуге шоғырланған. Жаттығушы нені және қалай жасайтығындығын түсінуі қажет. Бұл жағдайда әрекетті меңгерудің деңгейі мен темптары, тәжірибелік орындаудың әсерлілігі жоғарылайды.

Дайындықтың қол жетімділік қасиеті қызметкерөзінің ақыл-ойлық және дене күштерінің ауырлығындағы қажетті білімді және талап етілетін дағдылар мен ептіліктерді меңгеруге психологиялық дайындықты ұйымдастыруды және жүргізуді талап етеді.

Кәсіптік-психологиялық тренингті әсерлі ұйымдастырудың маңызды шарттарының бірі болып қызметкерлердің өз резервтерін, тұлғалық кәсіби елеулі қасиеттерінің даму деңгейін білуі табылады. Бұл оған дайындық бағдарламасын дұрыс анықтауға, өз күш-жігерін қажетті бағытқа шоғырландыруға мүмкіндік береді.

2. Ішкі істер органы қызметкерінің танымдық саласының ерекшеліктері

Психологиялық танымдық элементтері – адамның кез-келген қызметінің құрамды бөлігі, оның сана-сезімінің аса маңызды компоненті. Бұл объектілердің қасиеттерін, олардың даму заңдылықтарын, сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары арасындағы байланыстары мен қатынастарды меңгеруде білінеді.

Танымдық сезім органдарының көмегімен объективті дүниені қабылдаудан, түсінуден басталады. Алайда танып-білу қызметі қоршаған шынайы өмірді сезімді түрде ойлау қызметінің құрамына енгізеді, бұл қызмет құбылыстардың мәніне енуге, объектілер мен құбылыстар арасындағы объективтік өзара байланыстарды ашқызуға, себеп-салдар қатынастарын белгілеуге мүмкіндік береді. Танымдық қорытындылар пратикалық қызметте пайдаланылып, тексеріледі.

Танымдық қызметтің барысында тобы, көлемі жағынан әр түрлі ойлау міндеттері шешіледі. Оларды шешу тәсілі белгілі болған жағдайларда бұл міндеттер қарапайым болып келеді. Жеткілікті бастапқы мәліметтері болмаған міндет күрделі болып есептеледі, оны шешу тәсілі белгісіз де, оны әлі табу керек болады. Қылмыстарды ашқанда және тергегенде, танымдық әрекет басқа да міндеттермен кездесуге тура келеді. Бұл ойлау операцияларының, оларды шешуге қажетті тәсілдер мен амалдардың кең диапазонын анықтап, себептейді. Алайда танымдық әрекет ойлау операцияларын өткізумен бітіп қоймайды. Оның құрамына танымдық объектілермен әрекет ету, олардың тіршілік әрекетінің жағдайларын өзгерту кіреді.

Танымдық оқиға, зат, құбылыс туралы ақпаратты алу және өндеу процессі ретінде қарастырыла алады. Нәтижесінде оқиғаның немесе құбылыстың ойлау моделі қалыптасады. Құқық қорғау қызметінде мның аса маңызды мәні болады, себебі танып-білудің негізгі объектісі болып келетін қылмыстың ерекшелігімен себептеледі.

Қызметкерлер әдетте қылмыс оқиғасын тікелей бақыламайды. Тергеу барысында ол қылмысты сана-сезімінде бөлек бөлшектері, куәгердің жауаптары, зат түріндегі дәлелдеме, тергеу және жедел әрекет қорытындылары бойынша дұрыстап орнына келеді. Нәтижесінде оқиғаның ойдағы ақпараттық моделі қалыптасады, сосын ол концептуалдық версияға өтеді. Мұндай моделдердің динамикалығы үлкен болады.

Қызметкерлердің танып-білу әрекетінің тиімділігі бірқатар факторлар ықпал етеді:

- танымды жүргізгендегі нақты мақсаттық болуы;

- жеткілікті болатын психикалық белсенділік, бұл берілген қызметке, сәйкес келетін себеп-мақсаттарға деген мүддемен қамтамасыз етіледі;

- ақпарат ашу каналдарының жөнді дұрыс болмауы, бұл ең алдымен қажетті деректерді қабылдауды қамтамасыз етеді;

- сәйкес эмоциялық жағдайдың болуы, мысалы оңды эмоциялық көңіл-күйдің болуы.

Әр түрлі кәсіптердің психологиялық құрамындағы танымдық әрекет әр түрлі мазмұны бола алады. Бұл мақсаттан, объектіден, жағдай мен тәсілден болады, анықталады. Танымдық құқық қорғау қызметінде арнайыланған ерекшеліктермен сипатталады. Бұларға келесіні жатқызуға болады.

Біріншіден, құқық қорғау қызметінде танып-білу алға қойған мақсат емесғ басқа қызмет түрлерін қамтамасыз ету құралы болып келеді.

Екіншіден, қылмысты тергеу бойынша іс-әрекет қылмыс жасалғаннан кейін басталады. Бұдан шығатыны, танымдық әрекеттің бұл түрінде тікелей танымның алатын орны салыстырмалы түрде айтқанда, айтарлықтай емес. Ал деректердің негізгі бөлігі біреулер арқылы – басқа тұлғалардың (жапа шеккендердің, куәгерлердің) көріп-естігендері арқылы алынады.

Үшіншіден, танымдық әрекет нақ осы кезгі сияқты, болашаққа да бағытталған, бірақ та мақсаты - өткен қылмыстық оқиғаның ойдағы моделін құру.

Төртіншіден, ақпараттың өте көп ағымы оның селекциясын қалыптастырады, яғни берілген қылмысқа тікелей қатысы бар ақпаратты теру.

Бесіншіден, ақпараттың келіп түсуі динамикалығымен сипатталады. Қылмыстық оқиға туралы мәліметтер үнемі өзгеріп отырады. Ақпаратты қайталау мүмкін болмайтын жағдайлар сирек емес кездеседі, немесе алынып қойылған мәліметтерге қайшы келеді, бұл жағдай ақпаратты қатаң түрде жазып алу керек деген сөз.

Және де ақыр аяғында – процессуалдық регламенттіліктің болуы. Ішкі істер органы қызметіндегі танымдық әрекеттің өзі нақты бір процессуалдық формаға келеді, бұл форма құқық қорғау қызметінің мақсаттарымен себептеледі: іс бойынша объективтік ақиқатты, кінәлілерді, субъективтілікті болдырмауды анықтау.

Бұның бәрі қызметкердің кәсіптік аса маңызды танымдық қасиеттерін дамыту қажеттілігін туғызады, олар танымның нәтижелілігін қамтамасыз етеді. Осыған байланысты ішкі істер органдары қызметкерлерінің танымдық қасиеттерінің арнайы тренингісінің маңызы арта түседі, бұл тренинг процессінде осы қасиеттер дами түседі. 

3. Ес, назар аудару және бақылаушылық тренингтері және негізгі әдістері.

Кәсіптік қызметті жүзеге асыру кезінде ішкі істер органдары қызметкерлеріне әр түрлі ақпаратпен операция жасап, пайдалануға тура келеді: мәлімет, хабарлама, бағыт алу, сондықтан полиция қызметкерінің есте сақтау мүмкіндігі үлкен жүктеме тудырады. Есінде сақтай алмайтын қызметкер өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындай алмас, сондықтанда кәсіптік есте сақтауды дамыту – қызметкерлерді психологиялық дайындаудың бағыты.

Психологияда «ес» дегенде не түсіндіріледі? Ес дегеніміз – жеке тұлғаның өз тәжірибесін есте қалдыру, сақтау және кейіннен шығару процессі. Есте қалдыру алдымен сезім органдарының қабылдауын, содан кейін ақпаратты емес өткізуді қарастырады. Есте сақтау қайталаумен қамтамасыз етіледі, бұл ұмытып қалу ықтималдығын азайтады. Шығару ақпаратты естен тану немесе еске түсіру түрінде алып шығу дегенді білдіреді.

Әрбір кезеңнің жалпы алғандағы естің қызметінде маңызды. Және де әрқайсында ес жұмысын тиімді етудің арнайы тәсілдерін қолдану мүмкін. Қабылдау (ұғыну) кезеңінде ең алдымен назар аударудың тиімді жұмысын қамтамасыцз ету маңызды болады. Егер біз ақпаратты көңіл бөлмей, қалай болса солай қабылдасақ, онда есте қалдырудың өзін қиындата түсеміз.

Есте қалдыру – ең қызық кезең. Бұл жерде әртүрлі амал-тәсілдердің ең көп санын қолдану мүмкін (басқа кезеңдермен салыстырмалы түрде).

Ақпаратты есте ұзақ уақыт сақтау белсенді шоғырланған қабылдаумен және тиімді есте сақтаумен ғана емес, рационалды түрде ұйымдастырылып қайталаумен де қамтамасыз етіледі.

Адам өзін ақпараттың орнына келмейтіндей жоғалып кетуінен сақтандыру үшін, ұмытып қалудың заңдылықтарын да білу керек. Кейде біз өзіміз тез ұмытып қалуға дайын тұрамыз да, ал сосын өзіміздің есімізді кінәлаймыз.

Ең соңғы кезең – елестету. Бұл жерде естің сақталатын әсерінен қажетті мәліметтерді тез тауып алуға мүмкіндік беретін арнайы әдістерді білу керек. Осы жағдаймен көбінесе бүкіл естің жұмысының тиімділігі анықталады да: ақпаратты бекітуге есте сақтап қалып, бірақ керек кезде оны сыртқа шығара алуға болады.

Ес процесстерінің қызметінің ұйымдастырылуында ес табыстылығына ықпал ететін негізгі заңдылықтар туралы ыңғи есте сақтау керек.

Біріншіден, бұл ақпарат адамның өмір қызметінде неғұрлым маңызды болса, соғұрлым ол берікті есте сақталып, оңай шығарылады. Сондықтан қандай да бір ақпаратты есте қалдырып жатқанда, оның маңыздылығын әрдайым бөліп көрсету керек, кәсіптік қызмет мақсатына жету үшін осылай істеу керек.

Екіншіден, ақпарат адамның қызметіне неғұрлым толық енгізілсе, соғұрлым берік сақталады. Қандай-да бір білімді жай ғана жинақтау маңызды емес, оларды тұлға өзінің тәжірибелік қызметінде кеңінен пайдалана білуі керек.

Үшіншіден, есте қалдырылған ақпарат неғұрлым терең ұғынылса, соғұрлым ол жақсы есте сақталады. Бұл заңдылықты пайдалану деген – есте қалдыру процессін ой процессіне максималды түрде жақындастыру. Ұғынылған түрде есте қалдыру логикалық байланыстарда негізделеді, олар объектілердің аса маңызды және едәуір жақтары мен қатынастарын көрсетеді.

Төртіншіден, қызығушылық тудыратын ақпарат оңай есте қалады. Меңгеріп жатқанымызды біздің қызықтыратынымен байланыстыру, есте қалдыратын нәрсені біліп алу – табысты түрде есте қалдырудың негізгі себепшілерінің бірі.

Бесіншіден, табысты түрде есте қалдыруға нақты ақпаратты қабылдап ашуға дайын болу және есте қалдырудың беріктілігіне бет алу – маңызды рөл атқарады. Олар есте қалдыру процессінің өзіне едәуір ықпал етеді де, оның қорытындыларын алдын ала шығаруда мүмкіндік береді және шығаруды жеңілдетеді.

Алтыншыдан, бір уақытта пайда болатын елестеулер еске түсіркен кезде бір-бірін шақырып тұрады. Бұл заңдылықты пайдалану – есте қалдырғанда және елестеткенде болатын табиғи ассоциацияларды пайдалана білуге үйрену, сондай-ақ естің жұмысын жеңілдететін жасанды ассоцациялық байланыстарды құрастыру. Осы заңдылықтың әрекетіне көптеген мнимикалық жүйелер сүйенеді.

Бір ғана ақпарат әр түрліше есте қалуы мүмкін. Есте қалдырудың келесі негізгі әдістері бар: рационалдық (логикалық, мағыналық), механикалық және мнемотехникалық.

Рационалдық – есте қалдырудың негізгі әдісі. Қаншалықты біз оны тиімді пайдалана алсақ, біздің интелектіміздің мүмкіндігі соншалықты анықталады. Бұл әдіс есте қалдыратын материал арасындағы мағыналық, логикалық байланыстарды анықтауға, сондай-ақ ол және жинақталған білім арасындағы байланыстарды анықтауға негізделген.

Рационалдық жаттап алу мағыналық байланысқа негізделген, олар механикалық түрде өзінен-өзі пайда болатын байланыстарға қарағанда көбірек беріктілігінен сақталады. Рационалдық есте қалдырудың аса маңызды әдістерінің бірі – ең алдымен материалды мағыналық жағынан топтау, яғни оны мағынасы бойынша топтау. Осылайша, тергеуші ақпаратты есінде сақтай отырып, өзара жалпы мағыналық өзегімен біріккен нақты бір топтарға бөледі. Мағыналық топтаумен басқа процесс тығыз байланысқан – мағыналық тірек пунктілерін бөліп көрсету. Оның мәні мынада – әрбір бөліп көрсетілген топты оның мағынасын тығыз, қысқартылған, жинақты түрде беретін нәрсемен ауыстыру, бұл оның дәл мәнін білдіреді де, сондықтан да есте қалдырудың тірегі болып келеді. Бұл жерде ол – қысқа тезистер бола алады, оларда әрбір бөлінген топтың мазмұнын береді, кейде бұл – бөлек сөздер (аттары, атаулары) немесе бөлек сөйлеулер бола алады. Екі тәсіл де, бірге алғанда, материалдық ойдағы жоспарын құру, материалдық жалпы алғандағы құрылымын, оның бөліктерінің логикалық кезектілігін түсіну. Есте қалдыруға керек дегеннің бәрін ретке келтіріп, материалдық құрылымын ұғынып, оның бөліктері арасындағы байланысты да түсініп қана, біз табысты түрде есте қалдырып сақтауға әрекет етеміз.

Осы тәсілді пайдаланғанда, біз логикалық есте сақтауды қолданамыз. Оны жаттықтыру дегеніміз – интелекті жаттықтыру, білімімізді тереңдету және кеңіту.

Механикалық тәсіл – жаттап алынған тәсіл. Оның негізі – есте қалатын материалды жәй қайталау, оны көп рет айтып беру, бұл жерде оның мағынасы ұғынылмауы мүмкін. Мысалы, осылайша көптеген телефон нөмірлері есте сақталады, олардың құрамындағы бөлек сандар арасындағы өзара қатыстық көбінесе ұғынылмайды. Механикалық жаттап алу жатталып жатқандардың арасында пайда болатын байланыстарға тіреледі. Механикалық түрде жаттап алғанда туатын байланыстар үшін маңыздысы – олар әдетте бір уақытта немесе өз уақытында бірінен соң бірі болатын нәрселерді көп рет қайталаудың арқасында болатыны. Осындай байланыстардың араласуы жағынан ассоциациялық атауы болады. Дәл осылар механикалық жаттап алудың негізі болып келеді.

Механикалық түрде есте сақтау – одан гөрі жоғарырақ ес түрлерінің элементарлық негізі. Онсыз біз жүре алмаймыз. Жаттап алудың осы әдісінің тиімділігін оны рационалды түрде ұйымдастырып, арттыруға болады. Бұл жерде біздің еркіміздің және көңіл бөлуіміздің процесстері маңызды рөл атқарады.

Жаттап алудың мнемотехникалық әдісі – ең қызық және аса жаттықтырылатын әдіс. Бұл бірдеңе арқылы негізінен мағынасыз ақпаратты есте қалдыру әдісі. Оның көмегімен мағыналық ақпаратты есте қалдырудың рационалдық әдісін айтарлықтай күштеуге болады, мағыналық емес материалды механикалық түрде есте қалдырудың тиімділігін сан алуан рет арттыруға болады. Бұл әдістің мәні – есте қалатын материал нақты бір ережелер бойынша басқа белгіліктік жүйеге аударылады, онда жақсырақ есте қалатын, мағыналық емес ассоциативтік және құрылымдық байланыстар бөліп көрсетіледі. Мнемотехника – есте қалдырғандағы күшті көмек беруші құрал. Бірақ ол ешбір жағдайда есте қалдырудың басқа әдістерін ауыстырмайды, оларды қажетті жағдайларға толықтырып қана қояды.

Ішкі істер органы қызметкерлерінің дамыған кәсіптік иесі болуы тиіс деп айтылып кеткен, бұл оның ақпаратты тез, толық және нақты есінде қалдыру мүмкіндігі, сенімді түрде сақтау, уақытында және дұрыс (қатесіз) көрсетеді, жедел қызметтік міндеттерді шешуге маңызды, кәсіптік маңыздылығы бар құбылыстар, объектілер мен оқиғалар туралы қажетті мәліметтерді, ақпаратты есінен шығарып алу.

«Кәсіптік түрде дағыған ес – алдында қабылданған, істелінген, жеделк қызметтік тіршілік әрекетіне қатысы бар, және оның табысты түрде жүзеге асырылуына керекті дегеннің бәрін жұмыскердің есінде қалдыру, сақтау және кейіннен сыртқа шығарып көрсету ерекшеліктерімен сипаттамаланатын қасиеті».

Қызметкердің кәсіби есін мақсатты түрде дамыту келесі жаттығулар өткізуді қарастырады:

- Адамдардың түрлерін, сыртқы жүзін, белгілерін және жүріс-тұрыс ерекшеліктерін есте қалдырып, тану бойынша;

- Іздеуде жүрген автокөліктердің нөмірлерін, белгілерін есте қалдырып, тану бойынша;

- Жергілікті жердің жоспарын, сызбасын, қозғалыс маршрутын есте қалдыру, сақтау бойынша.

Бұл жерде кәсіптік есте сақтауды дамытуда ішкі істер органы қызметкерлерінің бірқатар психологиялық әдістерін пайдалану ықтимал етеді:

- есте қалдыру

- есте сақтау

- кәсіптік маңыздылығы бар ақпаратты сыртқа шығарып көрсету

Кәсіптік маңыздылығы бар ақпаратты есте қалдырудың тиімділігін арттыру үшін келесі психологиялық ақпараттар пайдалынылады:

1. Есте қалдыруға ұстаным алу. Әрдайым кәсіптік маңыздылығы бар ақпаратпен кезіккенде, қызметкердің өзіне: «Мұны есте қалдыру керек!» - дегені жөн.

2. Жаттап алу. Есте қалдыруға қиын, көлемді ақпаратты «Ішінен» немесе ойында қайталанғаны жөн.

3. Ұғыну. Кез келген ақпарат ұғынылғанда жақсырақ есте қалады. Есте қалдырылмайтын ақпараттағы мағыналық байланыстарды ашуға «неге?», «неменеге?» сұрағын қою көмектеседі.

4. Заңдылықтарды іздестіру. Бұл сандық ақпаратты, мысалы, автокөлік пен телефон нөмірін есте сақтауды жеңілдетеді. Мысалы, 28-37-46 нөмірі оңайырақ есте қалу үшін: әрбір жұптық сандарды қосқанда 10 болады, сондай-ақ бірінші сандар бір біріккенде өседі, екінші сандар бір біріккенде кемиді. Бұл әдістің мәні – қандай да бір заңдылықтарды тауып, есте қалдыруда: мағыналық, сандық.

5. Анатомияны, ұқсастықты пайдалану. Оны белгілі болып тұрған ақпаратпен салыстырса, үнемі оңайырақ есте қалады. Объектінің неменеге ұқсайтынын табу керек. Ізделінетін тұлғаның белгілерін есте сақтау үшін «Ол кімге ұқсайды?» - деп сұраған пайдалы. Ұрланған автокөліктің белгілерін есте қалдырғанда, ол, мысалы көршіміздің автокөлігіне ұқсайтынын атап өткен жөн.

6. Бейнелік көрініс. Сөз ақпаратына елестетуді қосқанда, ол оңайырақ есте қалады. Ұрланған заттар мен ізделінетін қылмыскердің белгілерін, оларды көрнекті түрде елестетуге тырысса, бейнесін шығаруға тырысса, оңай есте қалады.

7. Ойда айтып шығу. Ізделінетін тұлғаның фотосуреті, қызметкер ішінен оның түрінің бөлек жерлерін айтып шықса, есінде нақтырақ қалады. Мысалы, тік мұрынды, жіңішке мұрынды, көзі – кең қойылған, көзқарасы ауыр.

8. Молельдеу. Бұл әдіс, материал тәртіпке келтірілмеген болып, әртүрлі мәліметтері көп болса, әсіресе жақсы болады.

Логикалық байланыстар көмегімен шашылған деректер бірыңғай жүйеге біріктіріледі. Ол есте қалдыруға модель болып келеді. Мысалы, тергеушіге оқиға орнының жағдайын, куәгердің берген жауаптарын есінде қалдыруына тура келеді. Егер тергеулік версияны шығару көмегімен өткен оқиғаны қайта қалпына келтірсек, оны моделдесе, онда ол, басқаның бәрінен бұрын керек ақпаратты жақсырақ есте қалдыруға мүмкіндік береді. Кәсіби маңыздылығы бар ақпарат, егер қызметкер келесі әдістерді пайдаланса есте жақсырақ қалады:

1. Сандарды болжамдау арқылы есті белсенділендіру. Егер біз керекті ақпаратты есімізде сақтамасақ (немесе сақтасақ) не болатынын көзімізге елесеттеміз: бірінші жағдайда әдейілеп бояуларды қаптату, екіншісінде бәрін қызғылт реңде саламыз. Қорқып қалған немесе сенімді болсақ та, біз керек нәрсені есімізде жақсы қалдырамыз. Бұл жерде қай қорытынды – суық па, қуанышты ма – қайсысы көбірек ықпал ететінін анықтау керек.

2. Қайталау. Есте қалдырудан кейінгі бірінші алты сағат ішінде естен шығып кету болады. Осыны білу керек. Сондықтан егер ақпаратты көпке дейін есте сақтау керек болса, онда оны көпке дейін есте сақтау керек болса, онда оны нақты бір интервалдармен 15-20 минуттан кейін, сосын 8-9 сағаттан кейін және 24 сағаттан кейін қайталап тұрған жөн.

3. Жүйелендіру. Алдында есте қондырылған ақпаратты жаңадан есте қалдыратын ақпаратпен байланыстыру оларды сенімдірек есте сақтауға мүмкіндік береді. Адам өзінің есінде жаңа ақпарат жиналып тұрған білімдер тізімінде бір буын болатындай, сол ақпаратты «иіп қоюға» болатын «ілмекті» өзінің есінен іздеу керек. Басқаша айтқанда, жаңа мәліметті алдындағысымен мағынасы, үндестігі, сыртқы түрі бойынша бірдеңемен байланыстыру керек.

4. Естен шығару арқылы есте сақтау. Біздің есіміздің бір оғаш қасиеті бар: бірдеңені ұмытқымыз келіп, біз назарымызды соған шоғырландырамыз да, нәтижесінде оны есте сақтап қаламыз. Шағын эксперимент қоюға болады. Ойыңызда бір нәрсенің бейнесін елестетіп көріңіз, оны қаншалықты ойламаймын десеңіз, соншалықты сол бейне артыңыздан қалмайды.

Кәсіби маңыздылығы бар ақпаратты қалпына келтіру, естен алып шығу бойынша қиындықтардан өтуге келесі амалдар көмектеседі:

1. Жағдайды денелік тұрғыдан қалпына келтіру. «Дәл сол жерде» болу керек, мысалы сол жағдайдың заттарын керекті тәртіпте қойып орналастыру. Көргеннен болған әсерге тірелсе, қажет нәрсені оңайырақ еске түсіруге болады. Кейде креслоны керек жаққа бұрып қоюдың өзі керекті ақпаратты еске түсіруге көмектеседі.

2. Жағдайды ойда қалпына келтіру. Заттай, денелік тұрғыдан дәл сол жағдайда болып қалуы мүмкін оны заттай қалпына келтіру мүмкін бола бермейді. Бірақ та ыңғай бүкіл жағдайды ойлап елестетуге, бөліктері бойынша қалпына келтіруге, ал оның көмегімен қажетті ақпаратты еске түсіруге болады.

3. Оқиғаларды теріп еске түсіру. Мәселен, сіз түрі таныс сияқты болып көрінген адамды кездестірдіңіз делік. Ол кім? Ол есіңізде жоқ. Онда оны қай жерде көрдіңіз мүмкін екенін елестетіңіз: бөлімде, аулада, көлікте. Әр түрлі оқиғаларды тергенде, сізді қызықтыратын адам туралы ақпараттар шыға келеді.

4. Оқиғалардың кезектілігін оймен қалпына келтіру (тізбекті теру). Оқиғаларкезектілігін есінде қалпына келтіру тізбектегі жоқ буынды қалпына келтіруге көмектеседі. Елестің буындарын іздеген нәрсеңіз сонда сақталуы тиіс деген тізбектен теріп іздеңіз. Тізбекте қойып қойған жерін тауып алып, алға қарай жүріңіз, ал сосын артқа қайтыңыз. Егер буын қалпына келмесе, есіңізді тым көп жүктемеңіз – бұл көмектеспеуі мүмкін. Босаңсу әдісіне ауысып көріңіз.

5. Босаңсу. Егер де сіз тез, 3 минут ішінде делік, бірдеңені есіңізге түсіре алмасаңыз, бұлшықеттеріңізді 1 минутқа босатып, ештеңе туралы ойламауға тырысыңыз. Осыдан кейін, әдетте, керекті ой келеді. Релаксация (босаңсу) бәріне дерлік көмектеседі.

Назар аудару және бақылаушылық тренингі.

Бақылау ішкі істер органы қызметкерлерінің кәсіптік қызметін жүргізгенде маңызды рөл атқарады. Ол ішкі істер органдарына жедел қызығушылық тудыратын тұлғалардың қылмыстық қызметін, олардың байланыстарын, жеке қызметтерін, ұрланған нәрселердің сақталатын орнын және оларды өткізетін орынды анықтауға, тергеудегі жағдайларға жататын деректерді анықтауға мүмкіндік береді. Бақылау процессін дұрыстап ұйымдастыру, басқа әдістермен бірге жүргізіліп, қылмыстың алдын алуға, оны тез ашуға, толық тергеуге, тығылып жүрген қылмыскерлерді іздеуге ықпал етеді.

Психологиялық ғылымда бақылау дегенде затты, құбылысты меңгеру мақсатында қолданылатын, мақсатты, жоспарлы елестету, қалпына келтіру дегенді білдіреді. Бақылау кезіндегі мақсаттылық және ұйымдасқандық бақылаудағы объектіні біртұтас құбылыс сияқты қабылдауға мүмкіндік береді, жеке және жалпы жақтан тануға да, заттың бөлшектерін ажыратуға және оның басқа объектілерімен байланысының кейбір түрлерін анықтауға да мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, бақылау – бір-бірінен оңашаланған, жеке элементтердің жай ғана қосындысы емес, сезімдік және рационалдық таны-білудің бірігуі.

Кәсіптік бақылау – жедел-қызметтік міндет, құбылыс пен процестерді шешу үшін маңызды істерді ішкі істер органы қызметінің бағытты және арнайы ұйымдастырылған қабылдау. Соңысына тұлғаның сипаттары жатады (олар: құқық бұзушылар, алдын алу есебінде тұрған тұлғалар), қылмысты ашу мен тергеуде маңызы бар әр түрлі объектілерді білу, қызметкердің өзінің қызметі жатады.

Кәсіптік бақылаудың психологиялық табиғаты сан алуан бақылау мақсатты қабылдаудың аса дамыған формасы. Қызметкер бұл кезде оның көзіне түскеннің бәрін қабылдай бермейді, аса маңызды қажетті, қызықтысын ғана алады. Бұл бақылау негізінде жататын мақсаттармен, міндеттермен, жоспарлармен себептеледі. Бақылау әрқашан сезім орагандарының белсенді жұмысына тіреледі. Ішкі істер органдарырының қызметкері үшін бұл ең алдымен көруі мен естуі. Қабылдауда оның регуляторы болып келетін назар аударудың ролі ерекше зор. Назар аудару арқылы сана сезімнің нақты бір заттарға бағытталуы және көңіл бөлуі ретінде, бақылаудың мақсаты мен жоспары жүзеге асырылады.

Бақылау ыңғай ақпаратты өндеумен байланысты болады және ойдың белсенді жұмысысыз мүмкін емес.

Бақылау психикалық процесс және ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіптік қызметінің нақты бір формасы ретінде оның өте маңызды тұлғалық сипатын шындай түседі, ал кәсіптік-бақылаушылық-тұлғаның кемендік қасиеті, бұл қасиет жедел жағдайдың, адамдардың, заттардың құбылыстар мен олардың өзгерістерінің кәсіптік маңыздылығы бар, бірақ өз көрінетін және бір қарағанда, айтарлықтай емес ерекшеліктерін танып-білу мүмкіндігінде білінеді, бұл ерекшеліктер кейіннен істе маңызды болуы мүмкін. Қызметтердің кәсіптік бақылаушылығының негізі – адамдарға деген, олардың ішкі әлеміне, психологиясына деген тұрақты қызығушылығы, олардың кәсіптік міндеттері тұрғысынан көруі, өзінше бір психологиялық «оларға бұрылып алуы».

Қызметкерлердің бақылашылығының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге не қажет?

Біріншіден, қызметкердің кәсіптік міндеттерін шешуде маңызы бар ақпаратты қабылдауға ұстанымның болуы. Бұл ұстаным шаршағандықты, апатияны, жиіркенуді (мысалы, шіріп бара жатқан мәйітті қарағанда) болдырмауға көмектеседі.

Екіншіден, назарды қажетті ақпарат бере алатын объектілер мен олардың қасиеттеріне арнайылап шоғырландыру, бұл ақпарат қызметкер алдында тұрған міндеттерді шешуде маңызды болып келеді.

Үшіншіден, қызметкердің бастапқы ақпаратта керекті кезде қабылдауға дайындығын қамтамасыз ететін тұрақты назардың ұзақ уақыт сақталуы (әсіресе, ұзақ тінту, оқиға орнын қарау, жауап ашу кезінде).

Кәсіптік бақылаушылықты дамуының аса маңызды бағыты – қызметкердің кәсіптік бақылау техникасын меңгеруі, оған сәйкес психологиялық заңдылықтарға негізделген бақылауды жүргізудің әдіс-тәсілдері кіреді.

Назар аудару жаттығуларын ұш формаға бөлген жөн.

Жылы назар аударушылық. Өзіңізге ешқандай тапсырманы алдын ала бермей, сіз соқтығысқан әсерден байқағаныңызды анықтаймыз.

Бағытталған назар аударушылық. Берілген объектіні көңіл қойып қарауға тапсырма беріледі. Бұдан кейін сұрақ заты алдын ала белгілі болмаса да, объектіні қарағанда байқалып қалған бірдеңе туралы, осы объектіге жататын қандай да бірнәрсе туралы сұралады.

Мақсатты бақылаушылық. Қандай да бір құбылыстық нақты бір бөлшектерін бақылауға тапсырма беріледі, содан кейін ғана бұл көрініс көрсетіледі.

Кәсіптік бақылаушылықты дамытудың кең тараған әдістерінің бірі келесі: қоршағандардың біріне жақсылап қарап алып, көзін одан әрі алып, кейіннен оны көз алдына елестету, бұл жерде ойда оның белгілерін суреттеуге тырысу керек, бұдан кейін оны адамға қайтадан қарап, өзін тексереді. Немесе келесі жаттығу: біраз уақыт бойы жақын тұрған үйге қарап алып, сосын басқа жаққа бұрылып, қанша балкон, терезе бар екенін, қай жерде терезе ашық екенін, қай жерде кір ілулі екендігін, қай жерде адамдар бар екенін білу бақылаушылық таныту емес: олардың саны өзгермейді. Ал бөлек терезелер қашан ашық болатынын немесе қай жерде шам жағылғандығын байқау – бұл бақылаушылықтың қырағылықпен көңіл бөлудің байланыстарды байқап қалу және тәуелділікті байқап қалу мүмкіндіктерінің қорытындысы.

Басқа жаттығу – қандай да бір оқиғаны бақылау. Бұл жерде жалпы назар аударылатын көшедегі қандай да бір оқиға емес, бұл – нақты бір мақсатқа ұмтылған бір немесе бірнеше адамдардың кәдімгі біріккен әрекеттері. «Неге бұл адам осы жерде жүр, неге бұл адам осы жерде?», «ол нені күтіп тұр?», «Ол қазір не істейді?» - осы сұрақтарға берілетін жауапты адамдарға психологиялық бақылау жасау қабілеттігін, адамның жүріс-тұрысын болжай білуді дамытуға мүмкіндік береді, ал бұл ішкі істер органдары қызметкерінің қызмет әрекетінде өте маңызды болып келеді.

Тақырып 7: Ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби-психологиялық тренингілер өткізу әдістері мен оны ұйымдастыру қағидаттары.

Семинарлық сабақ – 1 сағат.

Семинарлық сабақтың мақсаты: Сформировать правильное представление о навыках профессионального общения сотрудников ОВД

Оқу сұрақтары:

1. Тренинг түсінігі.

2. Психологиялық тренингтің міндеттері.

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік ұсынымдар: Сабақтың аясында ұсынылған әдебиеттер қорын пайдалана отырып, тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау, жұмыс дәптерлерінде тақырыпқа қатысты негізгі анықтамалар мен ережелерді конспектілеу.

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер тізімі (Ұсынылған әдебиеттер тізімін қарау. Әдебиеттер:11, 13, 15, 16, 17, 33, 34, 35, 36, 37, 38)

Тақырып 7: Ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби-психологиялық тренингілер өткізу әдістері мен оны ұйымдастыру қағидаттары.

Практикалық сабақ – 3 сағат.

Практикалық сабақтың мақсаты : Кәсіби қарым-қатынас дағдыларын дамытудың практикалық маңыздылығын түсіндіру.

Оқу сұрақтары:

1. Кәсіби- психологиялық тренинг.

2.  Танымдық қасиеттердің тренингі, коммуникативті тренинг, рөлдік тренинг, психореттеуші жаттығулар, психотехникалық ойындар.

3.  ТЖБ-ның практикалық психологын тартумен психологиялық тренингтерді өткізу.

Әдістемелік ұсынымдар. Өзіндік жұмыс процесі барысында курсанттар дәріс сабағында алған теориялық материалдарды бекітуі қажет; ІІО қызметкерлерінің психикалық процестері мен жағдайларын реттеудің түсінігін, мақсаты мен міндеттерін түсінулері қажет.

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер тізімі (Ұсынылған әдебиеттер тізімін қарау. Әдебиеттер:11, 13, 15, 16, 17, 33, 34, 35, 36, 37, 38)

 

Тақырып 7: Ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби-психологиялық тренингілер өткізу әдістері мен оны ұйымдастыру қағидаттары.

КОӨЖ– 2 сағат.

Оқу сұрақтары:

1. Кәсіби-психологиялық тренингтің принциптері.

2. Моделдеу жолдары.

3. Рефераттарды жазуға арналған материалдар жинағы .

4. Тестілік тапсырмаларды құру.

5. Жағдаяттық тапсырмаларды құру.

 

Тақырып 7: Ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби-психологиялық тренингілер өткізу әдістері мен оны ұйымдастыру қағидаттары.

КӨЖ–8 сағат.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Ішкі істер органдары қызметкерлері жеке тұлғасының танымдық саласының ерекшеліктері туралы айтыңыз?

2. Тренинг ұғымына анықтама беріңіз.

3. Ес тренингі дегеніміз не? 

4. Назар және бақылау тренингі дегеніміз не?

5. Интеллектуалды сапаны қалай дамытуға болады?

6. Психологиялық тренингтің міндеттерін атаңыз.

7. Кәсіби- психологиялық тренинг дегеніміз не?

8. Танымдық сапа тренингі, коммуникативті тренинг, рөлдік тренинг, психореттеуші жаттығулар, психотехникалық ойындар.

9. Кәсіби-психологиялық тренингтің принциптерін атаңыз.

10. Моделдеу жолдары.

Пәнді зерделеу бойынша әдістемелік ұсынымдар.

Кәсіби дайындық процесінде психология ұғымы барлық әртүрлі психологиялық пәндерді зерделеу барысында көп пайдаланылды. Алғашқы рет бұл ұғым «Ішкі істер органдары қызметіндегі психология және педагогика» пәнінде қарастырылды. Психология нақты адам оның барлық әлеуметтік және психологиялық ерекшеліктерінде түсіндіріледі, яғни қоғамдық қызмет пен  қоғамдық қарым-қатынас субъектісі ретінде. Тұрақтылық, бірлік және белсенділік жеке тұлғаның ерекше белгілері болып саналады.

Жалпы осы пәнді терең меңгеру мақсатында келесідей бірнеше кеңестерді ұсынамыз, олар тақырыптарды зерделеуде дұрыс бағытталуға және анықтауға көмек береді.

Жоғарыда айтылғанның аясында «ІІО қызметкерлерінің практикалық қызметке кәсіби-психологиялық дайындығы» пәнін жеке теориялық пән ретінде бөліп қарастыру, жеке тұлға психологиясы бойынша білімді тереңдету, кеңейту және интеграциялау қажеттілігімен негізделеді. «ІІО қызметкерлерінің практикалық қызметке кәсіби-психологиялық дайындығы» пәнін зерделеу барысында жеке тұлға психологиясының проблемалары бойынша ақпарат көптеген сұрақтарға жауапты білу, таныс болуды білдіреді. Сондықтан семинар сабақтарына дайындалу барысында білімді тереңдету мақсатында алғашқы деректерді зерделеуге, яғни отандық және шетелдік жеке тұлға психологиясы теоретиктерінің кітаптары мен мақалаларына аса назар аударылады. Жеке тұлға психологиясының проблемаларын зерделеу барысында реферат тақырыптарының құрылымын жеке қарастырады.

Білімді меңгеру олардың ұдайы бақылауымен жүргізілуі қажет. Тексерудің сенімді тәсілі – рефераттарды жазу болып табылады, онда тек маңызды теориялық мәселелер ғана емес, сонымен қатар құқық қорғау органдары қызметінің проблемалары да қараастырыла алады. Конспектілерді жазуды, тапсырмаларды орындауды, семинарларда қысқа жауап беруді ұсынамыз.

Реферат жазу бойынша бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Курсанттың жеке жұмысының міндетті элементі болып пәннің бір тақырыбы бойынша жазбаша түрде рефератты ұсыну болып табылады.

Курсант өз бетінше бір цикл бойы «ІІО қызметкерлерінің практикалық қызметке кәсіби-психологиялық дайындығы» пәні бойынша реферат тапсыруы керек, ол оны семестр кезінде ұсынуға және қорғауға міндетті. Рефераттардың тақырыптамалары курсанттарға семестрдің бірінші аптасында беріледі.

Курсанттың білімін сәйкесінше таңдалған «ІІО қызметкерлерінің практикалық қызметке кәсіби-психологиялық дайындығы» пәнінің тақырыбы бойынша жүйелендіру, тереңдету және бекіту мақсаты болып табылады, сондай-ақ курсант өз бетінше теориялық мәселелерді қоюы, оларды талдауы, еркін мазмұндап, негіздеуі қажет.

Оқытудың осы нысанының ерекшелігі мен кұндылығы курсант өз бетінше алынған білімді жүйелендіре алатын, қандайда бір мәселені қиысынды, шығармашылықты және сын көзбен жазатын зерттеуші ретінде өзін-өзі бекіту мүмкіндігіне қол жеткізеді.

Осылайша, рефератпен жұмыс, жаңа алған ақпаратпен шектеліп қана қоймай, ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді, бұл оқыту процессін ғылыми-зерттеу жұмыстарымен жақындатады.

Рефератты жазудағы жалпы сұрақтар.

Тыңдаушыға рефераттың нақты тақырыбы жеке жұмыс түрінде хабарланады немесе оқытушымен келісе отырып тандаулы тақырыптар арасынан таңдалынып алынады.

Бірақ түпкілікті құрастырылған тақырып, әрине, философияны оқыту кезіндегі оқылған алуан түрлі мәселелерді қамтып кете алмайды. Рефераттың тақырыбын курсант өзі ұсынуына да болады. Мұндай жағдайда оқытушы көкейкесті мәселені анықтауға көмектесуі керек, зерттеудің тақырыбы мен тапсырмасын қалыптастыруы, қажетті қарастыру аспектісін көрсетуі керек.

Реферат тақырыбын бірнеше курсанттардың қайталауына жол берілмейді.

Семинарлық сабақта қорғалған, оны талқылау мен дисскуссиялауға айналдырып өткізген пайдалы.

Рефераттарды жазуға келесі талаптар қойылады:

1. рәсімдеу бойынша: қорғауға титулдық беті бар, жұмыс жоспары, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымшалары(қажет болған жағдайда) бар рефераттар жіберіледі. Рефераттың барлық беттері нөмірленген болуы керек.

2. рефераттың мазмұны бойынша міндетті түрде көкейкесті мәселе, зерттеу тақырыбының мақсаттары мен тапсырмалары көрсетілуі, білікті талдануы,реферат тақырыбына байланысты мәселелерді қарастыруы қажет.

Жазылғаннан кейін рефератты курсант сабақ кезінде қорғайды. Қорғағаннан және жағымды баға алған соң міндетті түрде кафедраның мұрағатына тапсырылады.

Жағымсыз баға алынғанда реферат қайта өнделуге беріледі немесе рефераттың жаңа тақырыбы беріледі.

Рефераттың мазмұны мен құрылымы.

Реферат стандартты форматта 10-15 жалпы бет көлемінде, қолмен жазылған немесе машинамен басылған мәтін түрінде ұсынылады.

Рефераттың келесі құрылымы ұсынылады:

Кіріспе – 1-2 бет.

Кіріспеде курсант жұмыстың мақсатын анықтайды, қарастырылатын тақырыптың маңыздылығы мен көкейкестілігін дәлелдейді, сондай-ақ негізгі сұрақтар нақты қалыптастырылуы тиіс, реферат тақырыбында өнделген аспектілердің барын көрсету қажет.

1 бөлім – 5- 6 бет.

Бірінші бөлім кіріспенің жалғасы болып табылады. Онда сұрақтың қысқаша тарихы беріледі, жалпы жағдайлардың мәні ашылады, кейінгі авторды талқылаулары соны тірек етеді, зерттелуші тақырыптың түрлі аспектілері негізделеді.

2 бөлім – 5-6 бет.

Екінші бөлім автор оқыған материалға сәйкес тақырыптың мазмұнын талдауға арналады. Бұл рефератта мәселенің қазіргі жағдайы нақты көрсетілгендігі өте маңызды. Курсанттың жұмысы, тандаулы тақырыпты өзі мамандандырылып отырған бағдармен байланыстыра алса өте әсерлі болады.

Қоытыңды – 2 бет.

Қорытыңдыда негізгі нәтижелер қысқаша келтіріледі, онда автор өзінің талдауына қысқаша қорытыңды жасайды. Қорытыңдыда қарастылатын мәселелердің келешектегі дамуы көрсетіледі.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қолданылған әдебиеттер тізіміне соңғы жылдардағы қажетті басылымдар, оқу және анықтамалық әдебиеттер, ғылыми монографиялар енгізілуі қажет. Рефератқа ұсынылатын әдебиеттер тізімі ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарға сәйкес болуы қажет.

Тексеру кезінде басты назар реферат тақырыбының толық және терең ашылуына, талқылаулардың негізділігіне, қисындылығы мен бірізділігіне аударылу қажет.

Арнайы терминологияны қисынсыз қолдана беруге, нақты ғылымның жеке сұрақтарын жазуға және мәтінді артық жүктемелей беруге болмайды.

Өзін-өзі бақылауға арналған тестілік тапсырмалар

 

(В)

1. Психологиялық дайындықтың тапсырмаларына келесілер жатады:

А) дайындықты қалыптастыру, кәсіби, сауатты, нақты әрекет ету.

В) қызметкерлердің психологиялық тұрақтылығын арттыру

С) қызметкерлердің психологиялық сапаларын дамыту

Д) ерекше сипаттамаларды, дағдылар мен біліктілікті қалыптастыру

Е) барлық жауаптар дұрыс

 

(В)

2. ІІО қызметкерлерінің кәсіби қызметінің құрылымдық элементтері:

А) болашағы бар қызмет

В) танымдық қызмет

С) конструктивтік қызмет

Д) ұйымдастырушылық қызмет

Е) коммуникативтік қызмет

 

(А)

3.Кәсіби мәдениет:

А) кәсіби қызметкердің танымдық и эстетикалық жақтары

В) жеке тұлғаның өзіндік тұрақты қажеттілігі болып саналатын әрекеті, жағдайы

С) адамдардың заттарды және шынайы заңдылықты, табиғи және қоғамдық заңдылықтарды меңгеру нәтижесі

Д) алған білімнің негізінде міндеттерді сәтті шешу

Е) автоматты түрде жеткізуге дейін білу

 

(А)

4. Біліктілік бұл:

А) кәсіби қызметкердің адамгершілік және эстетикалық жақтары

В) жеке тұлғаның өзіндік тұрақты қажеттілігі болып табылған әрекеті, жағдайы

С) адамдардың заттарды және шынайы заңдылықты, табиғи және қоғамдық заңдылықтарды меңгеру нәтижесі

Д) алған білімнің негізінде міндеттерді сәтті шешу

Е) автоматты түрде жеткізуге дейін білу

 

(В)

5. Қызметкерлер жиі қақтығысатын типтік қиын жағдайлардың тобы:

А) қауіптілігі жоғары деректерді құқыққа қайшы пайдалану немесе оған байқаусызда қарау

В) факторларды тудырушы тәуекел, қауіптілік

С) заңның «қоғамдық қайғы жағдайларына» жатқызатын табиғи апат күштері мен оларға ұқсас әрекеттер

Д) аса «Төтенше» жағдайды» (әскери алдында немесе әскери) барлық ел немесе жекелеген аймақта жүргізу

Е) қателіктердің жоғары бағасы және олардың нәтижесі

 

(А)

6. Кәсіби қырағылық:

А) шынайылықты саналы түрде байқау процесі 

В) сезім органдарының көмегімен алдын-ала әдейі, таңдаулы және жоспарлы түрде нақты тапсырманы шешуге қажетті жүзеге асырылатын ақпараттарды анықтау және жинау

С) расталған қырағылық және жұмыста қызметкердің қауіптілікке назары

Д) көзқарастар мен сендіруді қысқа уақыт немесе тұрақты өзгерту мақсатында нақты жеке тұлғаға әсер етудің амалы

Е) жедел жағдайды дұрыс бағалауға кәсіби қабілеттілік

 

(В)

7. Эмоционалдық-жігерлік ерікті реттей білу процесі үш принципке құрылады:

А) релаксация

В) өзін өзі сендіру

С) күйгелектік

Д) шаршау

Е) визуализация

 

(А)

8. Шолу есі - бұл:

А) адам жүзеге асыратын қимылдарды есте сақтау    

В) адамның бойынан өткізген сезімін сақтауы

С) оқыған немесе естіген ойларын, сөйлесу арқылы берілген тапсырмаларды есте сақтау және сақтау.

Д) адамды, жағдайды есте сақтау

Е) барлық жауаптар дұрыс

 

(В)

9. Биологиялық белгілерге жататыны:

А) эпидемия, эпизоотия

В) ас ауыр қылмыстарды тергеу және ашу

С) зілзалаларды жою

Д) қоғамдық тәртіпті күзету

Е) орман және ауыл шаруашылығына зиян келтірушілерді жаппай тарату

 

 

(А)

10. Зілзала - бұл:

А) төтенше жағдайдың туындауы нәтижесінде болған апат

В) аймақтық немесе үлкен масштабты төтенше жағдайды туындатқан тас талқан ету көрінісі

С) технологиялық процестің, механизмдердің, құрылғылар мен ғимараттардың бұзылуы

Д) төтенше жағдайды туындатқан тас талқан ету көрінісі

Е) адамдардың өміріне қауіп төну дәрежесінің арту жағдайы

 

(А)

11. Кәсіби дағдылар, әдет - бұл:

А) кәсіби функцияларды орындаудың жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін жеке тұлғаның моральдық-психологиялық қасиеттеріне сәйкес келуші кәсіби қызмет дағдыларының, білімнің, біліктіліктің жиынтығы

В) қызметкерлердің қарым-қатынгасты, психологиялық контактіні, сенімділікті орната блуі

С) аталған мамандыққа жататын білімді және дағдыларды меңгеру дәрежесі

Д) конфликтілі жағдайларды шеше білу

Е) жеке тұлғаның өзіндік тұрақты қажеттілігі болып танылған әрекеті, жағдайы

 

(В)

12. Ерекше жағдайларға:

А) табиғи сипаттағы көріністер

В) биологиялық ерекшеліктер

С) психологиялық ерекшеліктердің көрінісі

Д) криминалдық  ерекшеліктер

Е) криминалдық емес ерекшеліктердің көрінісі

 

(В)

13. Аутогендік жаттығу дегеніміз:

А) дұрыс тыныс алу

В) орташа тыныс алу

С) жоғары тыныс алу

Д) толық тыныс алу

Е) алдыңғы тыныс алу

 

(А)

14. Сөздік ес - бұл:

А) адамның қозғалыстарды есте сақтауы және айтуы    

В) адамның басынан өткен сезімді сақтауы

С) оқылған немесе естілген ойларды есте сақтау, сөздік түрде тапсырма

Д) адамды, жағдайды есте сақтау

Е) барлық жауаптар дұрыс

 

(А)

15. Аталған жай-күй кенеттен психологиялық қатты соққы алу барысында пайда болады және жоғары психикалық функциялардың терең бұзылуымен ерекшеленеді:

А) аффектілік-шоктық психоз

В) фрустрация

С) қорқыныш

Д) дабыл қағу

Е) барлық жауаптар дұрыс

 

(А)

16. Психологиялық контактіні құрудың дағдылары мен біліктілігін дамыту және жетілдіру келесі ұғымға байланысты:

А) қызметкерлердің танымдық қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуші қасиеттерге

В) қызметкерлердің қарым-қатынас, психологиялық контактіні, сенімділік орната білуіне

С) рөлдік мінез-құлық дағдыларына

Д) конфликтілі жағдайларды шеше білуге

Е) қызметкерлерді психологияның негіздерімен таныстыруға және олардың адамдардың психологиясын есепке ала отырып, дағдыларын қалыптастыруға

 

(А)

17. Мамандық - бұл:

А) адамдардың талаптарға жеке қасиеттері мен қабілеттіліктерінің, мүмкіндіктерінің толық сәйкес келуі

В) негізгі дайындықты талап етуші және өмір сүру көзі болып табылатын еңбек қызметінің түрі

С) мамандық іргетасы

Д) білім мен дағды бағасын меңгеруші деңгей  

Е) кәсіби қызметтің білім, біліктілік және дағдылар жиынтығы

 

(А)

18. Арнайы қызметтің әртүрлі сатыларында психологиялық бағдарды дамыту келесіде байқалады:

А) қызметкерлердің танымдық қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету сапасында

В) қызметкерлердің қарым-қатынас, психологиялық контактіні, сенімділік қарым-қатынасты орната білуінде

С) рөлдік мінез-құлықтың маңызды компонент-дағдыларында

Д) конфликтілі жағдайларды шешуді білуде

Е) қызметкерлерді психологияның негіздерімен таныстыруда, оларды адамдардың психологиясын ескеруге және олардың дағдыларын қалыптастыруға.

 

(А)

19. Кәсіби қажеттілік - бұл:

А) адамдардың талаптарға жеке қасиеттері мен қабілеттіліктерінің, мүмкіндіктерінің толық сәйкес келуі

В) негізгі дайындықты талап етуші және өмір сүру көзі болып табылатын еңбек қызметінің түрі

С) мамандық іргетасы

Д) білім мен дағды бағасын меңгеруші деңгей 

Е) кәсіби қызметтің білім, біліктілік және дағдылар жиынтығы

 

(А)

20. Мамандандыру - бұл:

А) адамдардың талаптарға жеке қасиеттері мен қабілеттіліктерінің, мүмкіндіктерінің толық сәйкес келуі

В) негізгі дайындықты талап етуші және өмір сүру көзі болып табылатын еңбек қызметінің түрі

С)  мамандық іргетасы

Д) білім мен дағды бағасын меңгеруші деңгей 

Е) кәсіби қызметтің білім, біліктілік және дағдылар жиынтығы

 

(В)

21. Эмоционалды- еріктілік тұрақтылығы келесіден көрінеді:

А) қоғамдық тәртіптің топтық бұзушылықтарын жолын кесуде

В) зілзалаларды жоюда

С) экстремалды жағдайларда қызметкерде әрекет тиімділігін жоюшы және қателіктерді жеңуші психологиялық реакцияның болмауында

Д) бұрын болған жағдайға ұқсамайтын кенеттен күтпеген жерден болған жаңалықты, эмойиональдік қабылдауда және көптеген қылмыстарды ашу және тергеуде

Е) психологиялық қысым, конфликтілі, қоздырушы жағдайларда өзін өзі ұстай алуды білуде  

 

(А)

22. Кәсіби әдет - бұл:

А) іскери адамның адамгершілік және эстетикалық жақтары

В) жеке тұлғаның өзіндік тұрақты қажеттілігі болып қалыптасқан әрекеті, жай-күйі

С) адамдардың заттарды және шынайы өмірді, табиғи және қоғамдық заңдылықтарды тануының нәтижесі

Д) алған білімдерінің негізінде міндеттерді сәтті шешу

Е) автоматты түрде жеткізуге дейін білу

 

(В)

23. Криминалды ерекшеліктерге келесілер жатады:

А) қоғамдық тәртіпті топпен бұзуды, жаппай бұзақылықты жою

В) өнеркәсіп орындарында ірі авариялар мен өрттерді жою

С) бұқаралық ұйымдаспаған сөз сөйлеулердің жолын кесу

Д) қашып шыққан қылмыскерлерді ұстау

Е) әуе кемесін және кепілге алынған адамды қолға түсірген қылмыскерлерді ұстау

 

(А)

24. Білім - бұл:

А) кәсіби адамның адамгершілік және эстетикалық жақтары

В) жеке тұлғаның өзіндік тұрақты қажеттілігі болып қалыптасқан әрекеті, жай-күйі

С) адамдардың заттарды және шынайы өмірді, табиғи және қоғамдық заңдылықтарды тануының нәтижесі

Д) алған білімдерінің негізінде міндеттерді сәтті шешу

Е) автоматты түрде жеткізуге дейін білу

 

(А)

25. Эмоционалды ес -бұл:

А) адамның қозғалысты есте сақтауы және көрсете білуі  

В) адамның басынан өткен сезімді есте сақтауы

С) оқылған немесе естілген ойларды есте сақтау, сөздік түрде тапсырма

Д) адамды, жағдайды есте сақтау

Е) барлық жауаптар дұрыс

 

(А)

26. Дағды -бұл:

А) кәсіби маманның адамгершілік және эстетикалық жақтары

В) жеке тұлғаның өзіндік тұрақты қажеттілігі болып қалыптасқан әрекеті, жай-күйі

С) адамдардың заттарды және шынайы өмірді, табиғи және қоғамдық заңдылықтарды тануының нәтижесі

Д) алған білімдерінің негізінде міндеттерді сәтті шешу

Е) автоматты түрде жеткізуге дейін білу

 

(А)

27. Кәсіби ойлау - бұл:

А) шынайылықты саналы түрде байқау процесі 

В) сезім органдарының көмегімен алдын-ала әдейі, таңдаулы және жоспарлы түрде нақты тапсырманы шешуге қажетті жүзеге асырылатын ақпараттарды анықтау және жинау

С) расталған қырағылық және жұмыста қызметкердің қауіптілікке назары

Д) көзқарастар мен сендіруді қысқа уақыт немесе тұрақты өзгерту мақсатында нақты жеке тұлғаға әсер етудің амалы

Е) жедел жағдайды дұрыс бағалауға кәсіби қабілеттілік

 

(А)

28. Психологиялық әсер ету - бұл:

А) шынайылықты саналы түрде байқау процесі 

В) сезім органдарының көмегімен алдын-ала әдейі, таңдаулы және жоспарлы түрде нақты тапсырманы шешуге қажетті жүзеге асырылатын ақпараттарды анықтау және жинау

С) расталған қырағылық және жұмыста қызметкердің қауіптілікке назары

Д) көзқарастар мен сендіруді қысқа уақыт немесе тұрақты өзгерту мақсатында нақты жеке тұлғаға әсер етудің амалы

Е) жедел жағдайды дұрыс бағалауға кәсіби қабілеттілік

 

(В)

29. Криминалды ерекшеліктер көрінісіне жататындар:

А) қоғамдық тәртіпті топпен бұзуды, жаппай бұзақылықты жою

В) өнеркәсіп орындарында ірі авариялар мен өрттерді жою

С) бұқаралық ұйымдаспаған сөз сөйлеулердің жолын кесу

Д) қашып шыққан қылмыскерлерді ұстау

Е) әуе кемесін және кепілге алынған адамды қолға түсірген қылмыскерлерді ұстау

 

(В)

30. Кәсіби қабілеттіліктер келесідей топтардың көрсеткіштерімен анықталады:

А) жедел жағдайды дұрыс бағалауға кәсіби қабілеттілік

В) әртүрлі жедел жағдайларда сауатты шешім қабылдауға қабілеттілік

С) кейбір қызметтік міндеттерді орындау барысында ұйымдастырушылық және орындаушылық қызметке қабілеттілік

Д) интеллект, кәсіби ойлау, естің ерекшеліктері

Е) кәсіби шеберлік кәсіби білімнің, біліктіліктің және дағдылардың жиынтығы ретінде, шешімді қабылдауға қабілеттілік ретінде

 

Білім алушылардың білімін бағалау өлшемі.

 

Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау- академиялық кезең шінде, кестеге сәйкес огқытушылардың аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарда білім беру бағдарламасына сәійкес бідім алушылардың білімін жүйелі тексеруі.

Межелік бақылау (МБ1, МБ2) - білім алушылардың білімін бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағаннан кейін бақылау.

Курсанттарды пән бойынша қорытынды бақылауға жіберу үлгерімнің ағымдық бақылауының бағасынан (бұл ретте курсантта оқылған пәннің әрбір тақырыбы бойынша кемінде бір баға болуы тиіс) және аралық бақылаулардың бағасынан құралатын рұқсат рейтингісінің (РР) бағасы негізінде жүзеге асырылады.

(ҮАБ+МБ1+МБ2) : 3 = РР

Пән бойынша қорытынды баға (қорытынды баға) жіберу рейтингісінің бағасы (60%) және қорытынды бақылау (40%) (емтихан бағасы (Е))) кіреді.

 

РР x 60% + Е х 40% = Қорытынды баға

 

"А"," А - "("өте жақсы") - егер білім алушы барлық бағдарламалық материалды терең және мықты игерсе, оны толық, жеткілікті, сауатты және қисынды түрде баяндайды, тапсырманың түрін өзгерту кезінде жауаппен қиындатпайды, қойылған міндеттерді еркін орындайды, монографиялық материалдың білімін көрсетеді, қабылданған шешімдерді дұрыс негіздейді, практикалық жұмыстарды орындаудың жан-жақты дағдылары мен тәсілдерін біледі, материалды өз бетінше жалпылап, қателерге жол бермей баяндай алады.;

"В+", "В", "В -", "С+" ("жақсы") - егер білім алушы бағдарламалық материалды қатты білсе, оны сауатты және мәні бойынша баяндаса, сұраққа жауап беруде елеулі дәлсіздікті жібермесе, теориялық ережелерді дұрыс қолдана алады және практикалық тапсырмаларды орындау кезінде қажетті дағдыларды меңгерген;

 "С"," С -"," D+"," D "("қанағаттанарлық")- егер білім алушы негізгі материалды ғана меңгерсе, дұрыс емес тұжырымдауға жол берсе, бағдарламалық материалды мазмұндаудағы реттілікті бұзса және практикалық тапсырмаларды орындауда қиындықтарға тап болса;

"F" ("қанағаттанарлықсыз") - егер білім алушы бағдарламалық материалдың едәуір бөлігін білмесе.

 

Дәстүрлі шкалаға ауыстырылған білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау балдық-рейтингтік әріптік жүйесі /Балльно-рейтинговая буквенная система оценки учебных достижений

обучающихся с переводом в традиционную шкалу оценок

 

Ә ріптік ж ү йе бойынша ба ғ алар / Оценка по буквенной системе Балдарды ң санды қ эквиваленті / Цифровой эквивалент баллов Пайыз ды ққұ рамы / Процентное содержание Д ә ст ү рлі ж ү йе бойынша ба ғ алар / Оценка по традиционной системе
А 4,0 95-100

Ө те жа қ сы / Отлично

А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89

Жа қ сы / Хорошо

В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74
С 2,0 65-69

Қ ана ғ аттанарлы қ

/ Удовлетворительно

С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0 0-49 Қ ана ғ аттанарлы қ сыз / Неудовлетворительно

Пән бойынша емтихан сұрақтары:

1. Заңгерлік психологияның даму тарихы

2. Заңгерлік психологияның түсінігі. Оның білімнің басқа салаларымен арақатынасы

3. Заңгерлік психологияның міндеттері, зерттеу объектісі, пәні

4. Заңгерлік психологияның білімнің басқа салаларымен арақатынасы

5. Кәсіби психологияның пәні, негізгі категориялары және міндеттері

6. Кәсіби психологияның құрылымы және әдістері, мазмұны

7. Мамандардың кәсіби қызметінің міндеттерін, жай-күйлерін және қиындықтарын психологиялық моделдеу

8. Мотивациялық, танымдық, эмоционалды-ерікті көріністер мен қиындықтарды кешенді және жеке моделдеу

9. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің дайындығын өткізу барысында кездесетін психологиялық барьерлер

10.  Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби-психологиялық дайындығын ұйымдастырудың негіздері

11. ІІО қызметкерлері қызметінің психологиялық ерекшеліктерінің түсінігі

12.  ІІО қызметкерлерінің қызметтік міндеттерді орындауының психологиялық ерекшеліктері

13. ІІО қызметкерлері қызметінің психологиялық ерекшеліктерінің түрі

14. Заңгерлік профессиограмманың түсінігі

15. Жедел – іздестіру психологиясының ерекшеліктері

16. Тергеу әрекеттерін тергеп-тексеру және оларды жүргізу психологиясы

17. Қоғамдық тәртіпті күзетудің психологиялық ерекшеліктері

18.  Жазасын өтеушілерді қайта әлеуметтендіру барысындағы пенитенциарлық психология және ҚАЖ қызметі

19. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметін құқықтық реттеу

20. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің эмоционалды-ерікті дайындығының мәні

21. Өзін өзі реттеудің қарапайым әдістері

22. Аутогендік жаттығу

23. Ішкі істер органдары қызметкерлері жеке тұлғасының психологиялық әлеуетінің түсінігі және құрылымы

24. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің психикалық жағдайларын реттеу. Алдын алу әдістері және стрестік жағдайды болдыртпаудың әдістері

25. Эмоционалдық-жігерлік ерікті реттей білу.

26. Психикалық өзін өзі ретттеудің мәні

27.  Эмоционалды-ерікті тұрақтылық

28.  Өзін-өзі реттеудің түсінігі

29.  Эмоционалды қысым, қорқыныш сезімі, сенімсіздік

30. Өзін өзі реттеудің әдістері

31. Өзін өзі реттеудің факторлары

32. Эмоционалды-жігерлік ерікті реттей білудің процесі

33. Релаксация өзін-өзі реттеудің нысаны ретінде

34. Визуализация өзін-өзі реттеудің нысандарының бірі ретінде

35. Өзін-өзі сендіру өзін-өзі реттеудің нысаны ретінде

36. Аутогендік жаттығу

37. Қарым-қатынас түсінігі

38. Коммуникация түсінігі

39. Қарым-қатынастың құрылымы, кезеңдері, мақсаты, функциялары мен түрлері

40. Қызметкерлердің коммуникативтік құзіреттілігі.

41. Өзара әрекет ету стратегиялары, тәсілдері, механизмдері

42. Қызметкерлердің кәсіби қарым-қатынасының ерекшеліктері

43. Қарым-қатынас әдістерін түзету

44. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметінде қарым-қатынастың рөлі

45. Қарым-қатынастағы психологиялық барьерлер

46. Коммуникативтік сапа

47. Қарым-қатынастың кәсіби бағыттылығы

48. ІІО қызметкерлері мен азаматтардың арасындағы дау-дамайлардың себепьері және оларды жоюдың әдістері

49. Қоғамдық көзқараста ішкі істер органдары қызметкерлерінің адамгершілік бағасы

50. Қарым-қатынас элементтері. Қарым-қатынастың коммуникативтік, аффективтік, перцептивтік жақтары

51. Әрекет ету тәсілдері: «жұқтыру», сендіру, көндіру, ұқсату

52. Адамның жеке тұлғасына индивидуалды әсер ету

53. Кәсіби қарым-қатынас дағдыларын дамыту

54. Психологиялық контактіні орнату

55. Алдыңғы болатын қарым-қатынасты болжау

56. Рөлдік мінез-құлық туралы түсінік

57. Коммуникациялық әрекет етудің нысандары

58. Қарым-қатынас жақтары мен функцияларының классификациясы

59. Қарым-қатынас түрлері. Қарым-қатынас процедурасы

60. Қарым-қатынас амалдары

61. Рефераттарды жазу бойынша материалдарды жинау.

62. Алдыда болатын қарым-қатынасты болжау

63. Коммуникациялық әрекет етудің нысандары

64. Сыртқы коммуникабельдік сапалардың көрінісі және келісімнің жиналуы

65. Жалпы және ортақ қызығушылықтарды іздестіру

66. Қарым-қатынаста кездесетін «кедергілерді» жою бойынша әрекет

67. Конспиративтік-рөлдік мінез-құлық

68. Жеке-рөлдік мінез-құлық

69. Мінез-құлықтың толықрөлді түрі

70. Ішкі істер органдары қызметкерлері жеке тұлғасының танымдық сала ерекшеліктері 

71. Ес тренингі 

72. Назар аудару және қырағылық тренингі

73. Интеллектуалдық сапаларды дамыту

74. Тренинг түсінігі

75. Психологиялық тренингтің міндеттері

76. Кәсіби- психологиялық тренинг.

77. Танымдық қасиеттердің тренингі, коммуникативтік тренинг, рөлдік тренинг, психологиялық реттеуші жаттығулар, психотехникалық ойындар.

 

Құрастырушы : кафедра оқытушысы, полиция майоры А.Б.Қожасова.


Дата добавления: 2021-02-10; просмотров: 42; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!