Алефиренко Н. Ф. Современные проблемы науки о языке. – М.: Флинта, Наука, 2009.

Тест спецификациясы

(2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М057 – Лингвистика

Шифр                 білім беру бағдармалар тобы

3. Тест мазмұны мен жоспары : Тестіге «Жалпы тіл білімі» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.

 

Тақырыптың мазмұны   Қиындық деңгейі Тапсыр малар саны
1 Тіл білімі: ғылымдар жүйесіндегі дәстүрлі және жаңа байланыстар. Тіл білімінің мақсаты мен міндеттері. Тіл теориялық және қолданбалы тіл білімінің ғылыми нысаны ретінде. Қазіргі тіл білімі: диффренциация және интеграция үдерістері және олардың тіл туралы ғылым құрылымындағы көрінісі: лингвосемиотика, психолингвистика, әлеуметтік лингвистика, когнитивті лингвистика, интерлингвистика, контрастивті лингвистика, корпустық лингвистика, нейролингвистика, паралингвистика, компьютерлік лингвистика, инженерлік лингвистика, математикалық лингвистика, коммуникативтік лингвистика, мәтін лингвистикасы, дискурс теориясы, корпустық лингвистика және т.б. Тіл туралы дәстүрлі ойлардың өзгеруі. А 3
2 Әлем тілдерінің номенклатурасы: генетикалық, типологиялық және ареалдық бейнелері. Қазақстан тілдері. Тілдер өміршеңдігі мәселесі. Тірі, жойылу үстіндегі және өлі тілдер. Тіл өміршеңдігінің объективті және субъективті көрсеткіштері. Тілдерді сақтап қалу және олардың өміршеңдігін күшейтудегі ЮНЕСКО қызметі. Қазақ тілінің өміршеңдігі және тілдік саясат. Тілдегі табиғилық vs. Жасандылық. Табиғи тілдердің жасанды аналогтары: халықаралық көмекші тілдер, бағдарламау тілдері, ақпараттық тілдер, ғылымның шартты тілдері, өмірде жоқ халықтардың ойдан шығарылған тілдері Жасанды халықаралық тілдері: априорлы, апостериорлы, аралас. A 3
3 Тіл – ерекше сипаттағы семиотикалық жүйе. Тіл жүйелік-құрылымдық жасалым. Тілдің деңгейлік стратификациясы. Парадигматика және синтагматика. Таңба туралы ілім. Тіл – ерекше семиотикалық жүйе. Тіл – таңба жүйесі ретінде ғылыми концепциялар (көне грек философтары, Дж. Локк, А. Пирс, Ф. де Соссюр, Ч. Моррис). Тілдік таңба: құрылымы, қасиеттері. Тілдік таңбалардың мазмұн өресі аспектілері. Тілдік таңбаның түрлері. А 3
4 Жалпы фонетика мен фонология. Артикуляторлы, акустикалық және перцептивті фонетика. Акустикалық фонетика – дыбыстық құрылымның физикалық ерекшеліктерін зерттейтін пән. Сөйлеу технологияларын құрастырудағы акустикалық фонетиканың жетістіктері. Артикуляторлы фонетика дыбыстық құрылым бірліктерінің жасалуын зерттейтін пән ретінде. Артикуляция үдерістері және артикуляциялық база. Сегментті және суперсегментті дыбыстық құралдар: құрал-жабдыққтар мен қызметі. Фонетикалық заңдар мен фонетикалық үдерістер. Перцептивті фонетика тыңдаушының дыбыстық сөйлеуді қабылдауын зерттейтін ғылым ретінде. Эксперименталды фонетика: әдістері мен тәсілдері. Фонология. Фонология тарихы. Фонема. Фонологиялық теориялар. Халықаралық фонетикалық алфавит және транскрипция. Транслитерация. В 3
5 Жалпы морфология. Грамматикалық мағына және олардың әлем тілдерінде берілу жолдары. Морфология. Морфема түсінігі. Морфемалар классификациясы және тілдер типтері. Әлем тілдерінде грамматикалық мағынаның берілу жолдары. Грамматикалық категориялар және олардың жіктелуі, граммема. Сөздің грамматикалық формасы, синтетикалық және аналитикалық формалар, грамматикалық парадигма, типтері, грамматикалық санат. Сөздің морфемалық құрамының тарихи өзгерісі. Грамматикалық мағынаның лексикалық мағынадан айырмашылығы. Грамматикалық мағынаның жасалу тәсілдері. Аффикстену, фузия, агглютинация. Әлем тілдеріндегі негізгі есім грамматикалық категориялары. Әлем тілдеріндегі негізгі етістік грамматикалық категориялары. В 3
6 Жалпы синтаксис. Негізгі синтаксистік бірліктер. Дискурс. Синтаксис – сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысын зерттейтін ілім. Негізгі синтаксистік бірліктер. Синтаксистiк қатынастар және олардың түрлерi. Синтаксистік байланыстың типтері мен тәсілдері. Еркін сөз тіркесі, тұрақты сөз тіркесі, сөйлем және мәтін. Сөйлемнің қасиеттері. Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің логика-грамматикалық мүшеленуі (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). Сөйлемнің актуалды мүшеленуі. Сөйлемнің құрылымдық типтері. Модалдылық бойынша сөйлемнің мүшеленуі. Коммуникативтік бағыт бойынша сөйлемнің мүшеленуі (айтылу мақсаты). Әлем тiлдерiндегi синтаксистiк қатынастарды бiлдiру тәсілдері. Сөйлемдердің терең және үстірт синтаксистiк құрылымы (Н. Хомский). В 3
7 Жалпы семантика. Семантикалық теориялар. Мән мен мағына. Тілдік мәндердің типтері. Сөз аңықтамасы, қасиеті, қызметтері. Сөз бен ұғымның лексикалық мағынасы (ұқсастықтары мен айырмашылығы). Прагматика. Сөздің және сөйлемнің көпмағыналылық мәселесі: тілдік және сөз сөйлеу көпмағыналылық, синонимия, полисемия, омонимия және мағыналардың диффуздылығы. Семантикалану. Сөйленістегі эксплицитті және имплицитті ақпарат. Функционалды лингвистика. Коммуникативті лингвистика: тілдік актілер теориясы – паралингвистика – мәтін лингвистикасы – дискурс теориясы. Тілдік құзіреттілік. В 2
8  Тіл және ми. Тіл онтогенез бен филогенезде. Тіл мидың бөлігінде орналасуы. Мидың солтүстік жартышардағы үстемдігі немесе тілдің қызметтік ассиметриясы. Тілдің пайда болуы мен ойлаудың пайда болуы. Тіл және жануарлардың туа біткен коммуникативтік жүйелері. Homo loquens пен тілдің көпшілігі. Биологиялық түр ретіндегі адамның тілдік қабілеті (language competence). Сөйлеу әрекеті (language performance). Сөйлеу тудырудың үлгілері. Негізгі туа біткен примитив-концептілер. Тіл инстинкт ретінде (С. Пинкер). Тілді меңгеру теориялары: тілдік қабілет пен тілдік дарын. Балалардың тілді меңгеруі. Когнитивті (танымдық) лингвистика. В,С 2
9 Тіл – Социум – Этнос. Әлеуметтік лингвистика: қайнар көздерінен тілді «әлеуметтік констекстте» зерттеуге дейін. Этнолингвистика. Саяси лингвистика. Гендерлік лингвистика. Юрислингвистика. Тілдік, этностық және әлеуметтік сәйкестілік. Тілдің өмір сүру формалары. Диглоссия. Тілді кодтау мәселелері. Тіл және билік. Тіл және идеология. Тілдік жағдаяттар түрлері мен тілдік саясат. Әлемдегі және Қазақстандағы тілдік жағдаят пен тілдік саясат. Тілдік жоспарлау. Тілдік заңнама. Тілдік қатынастар және олардың нәтижелері. Лингва франка. Пиджиндер мен креол тілдер. «Тілдік одақтар». Тілдің ауысуы. Тіл жылжуы. Билингвизм және оның түрлері. Билингвизм мен диглоссия. Трансференция. Интерференция. Қазақстандағы қазақ және орыс тілдері: қызметі және дамуының мәселелері. С 2
10 Лингвистикалық типология. Тілдің типі және тілдегі тип. «Тіл-эталон». Тілдер типтері: флективті – агглютинативті – оқшауланған – инкорпоративті; аналитикалық – синтетикалық; белсенді – номинативті – эргативті тілдер. Қазақ тілі – агглютинативті типті тілдердің өкілі. Орыс, ағылышын тілдері – тілдердің флективті типінің өкілдері. Тілдік ұқсастықтар мен тілдік әмбебаптар. Әмбебаптар лингвистикасы – барлық немесе көпшілік тілдерге тән ерекшеліктер мен қасиеттерді зерттейтін ғылым саласы. С 2
11 Лингвистика әдіснамасы. Лингвистиканың метатілі және металингвистика. Тілдегі верификация, дәлелдеу және аргументация. Тілді зерттеу мен сипаттаудың әдіс-тәсілдері. Байқау, тәжірибе, сипаттау, модельдеу және т.б. эмпирикалық зерттеулердің жалпығылыми әдістері. Лингвистикалық зерттеулердегі қолданылатын әдістер. Рефлексия мен интроспекция. Рефлексивті лингвистика. Терминология негіздері. Лингвистикалық терминология – лингвистикалық метатілінің негізгі құрамдас бөлігі. С 2
12 Компьютерлік лингвистика: қолданбалы салалары. Машиналық аударма. Компьютерлік лексикография. Компьютерлік терминография. Тілдерді компьютерлік оқыту. Корпустық лингвистика. Ақпараттық-іздеу жүйелері. Корпустық лингвистика және тіл корпусы. Корпустық лингвистика. Тіл корпусы – сәйкестендірілген, құрастырылған және белгіленген тілдік/сөйлеу мәліметтерінің электронды нұсқадағы жиынтығы.  Корпустық лингвистиканың міндеттері, мақсаттары. Мәтіндерді белгілеу механизмі. Компьютерлік лингвистика. Тіл туралы ақпарат алудың жаңа тәсілдері мен тілді зерттеудің заманауи әдістері. Лингвистикалық сипаттаулардың ресімделуі. Лингвистикада қолданылатын аралас ғылымдар әдістері. Тіл және ақпараттық технологиялардың негізгі ұғымдары. Ақпараттық технологиялар: лингвистикада қолданылу аясы. С 2

Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

30

 

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы : Тест тапсырмаларының мазмұнында – тіл туралы ғылымның құрылымы, пәні және эвристикалық мүмкіндіктері, қазіргі лингвистиканың негізгі концептуалды-терминологиялық аппараты, теориялық лингвистика, коммуникация теориясы, мәтін талдау және интерпретациясы саласындағы негізгі тұжырымдар мен тұжырымдамалары, сөйлеу ақпаратын жеткізу мен саясат пен БАҚ-та тілді қолданудың жолдары сипатталады.

5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2 минут
Тест орындалуының жалпы уақыты – 60 минут

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

- жеңіл (A) – 9 тапсырма (30%);

- орташа (B) – 12 тапсырма (40%);

- қиын (C) – 9 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы :

Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдау керек.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау :

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін студентке 1 балл береді, одан басқа жағдайда - 0 балл беріледі.

9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1. Аханов К.А. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 2004.

2. Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 1990.

3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 2010

4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі: оқулық. – Алматы, 2009.

5. Қордабаев Т. Жалпы тіл білімі: оқулық. – Алматы, 2009.

6. Фромкин В., Родман Р., Хайамс Н. Тіл біліміне кіріспе. 10-басылым, Халықаралық басылым. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018 жыл. – 608 бет.

7. Амирова Т. А., Ольховиков Б. А., Рождественский Ю. В. История языкознания. – М.: Академия, 2005.

8. Мечковская Н.Б. Общее языкознание. Структурная и социальная типология языков. Изд. 2-е – М.: Флинта, Наука, 2003.

9. Шулежкова С.Г. История лингвистических учения. – М., 2004.

10. Course in General Linguistics. Ferdinand de Saussure; Charles Bally; Albert Sechehaye; Albert Riedlinger; Tullio De Mauro – LaSalle, Ill: Open Court, 2006.

11. Chomsky N. Syntactic Structures / David W. Lightfoot (Preface). Hardcover, 2nd, 2012. 

12. Stump G, Finkel R. A. Morphological Typology from Word to Paradigm. – Cambridge University Press, 2013.

Қосымша:

Алефиренко Н. Ф. Современные проблемы науки о языке. – М.: Флинта, Наука, 2009.

2. Баранов А.Н. Введение в прикладную лингвистику. М.: УРСС Эдиториал, 2001.

3. Березин Ф.М. История лингвистических учений. – М., 1984.

4. Звегинцев В.А. Очерки по общему языкознанию. Изд.2, испр. – М.: URSS: Либроком, 2009.

5. Ибраева Ж.К. Язык политики и политика языка. К обоснованию политической лингвистики. – Алматы: Тарих тағылымы, 2010.

6. Касевич В.Б. Труды по языкознанию. Т.1. – СПб.: Изд-во С.-Петерб. ун-та, 2006.

7. Рождественский Ю.В. Лекции по общему языкознанию. – М.: Добросвет, 2002.

8. Шарапатұлы Ш. Жалпы тіл білімі: оқулық. – Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2006. – 157 бет.

9. Шоқым Г. Когнитивтік лингвистика. – Алматы, 2011.

10. Хасанұлы Б. Ана тілі – ата мұра. – Алматы, 1994.

11. Реформатский А.А. Введение в языкознание. – М., 1996.

12. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс, 2010.

13. Сулейменова Э.Д. Казахстанская лингвистика на рубеже веков: docendo discimus. – Астана: Фолиант, 2013.

14. Левицкий Ю.А. Общее языкознание – М.: Либроком, УРСС, 2009.

15. Моисеев М.В., Семкина Г.Г. Методы лингвистических исследований: учебно-методическое пособие – М.: Флинта, 2005.

16. Lyons J. Language and Linguistics. – Cambridge University Press, 2012.

17. Jackendoff Ray S. Foundations of Language: Brain, Meaning, Grammar, Evolution. –  Oxford University Press, USA. – 2003.

18. Umberto E. Semiotics and the Philosophy of Language. –Indiana University Press, 2005.

 


Дата добавления: 2021-02-10; просмотров: 270; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!