АЙНЫМАЛЫЛАРДЫ СИПАТТАУ. ОПЕРАТОРЛАРДЫ ЖАЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ



Студенттерде қалыптасатын білім мен дағдылар: айнымалыларды жариялай білу, Java тілінде айнымалыларды енгізу, шығару және меншіктеу операторларын білу.

1 Теориялық мәлімет

Java –ның жәй типтері.

Java тілінде тізбектелген мәліметтер екі категорияға бөлінеді: объектілі және объектілі емес. Объектілі тип класстар көмегімен анықталады. Тілдің негізіне сегіз жәй типтер жатады (оларды элементар деп те атайды). «Жәй» деген термин бұл типтердің объекті емес екендігін, қарапайым екілік мәндер екендігін көрсетеді.

Java тілінің тізбектелген жәй типтері                        

Типі Сипаттау
boolean True/false мәндерін береді
byte 8-биттік бүтін сан
char Символдық тип
double Екілік дәлдікпен жылжымалы үтірлі мән
float Бірлік дәлдікпен жылжымалы үтірлі мән
int Бүтін сан
long Ұзын бүтін сан
short Қысқа бүтін сан

Бүтін сандар.

Java-тілінде төрт бүтінсандық типтер анықталған: byte, short, int, long. Олардың қысқаша сипатталуы:

Тип   Биттегі алатын орны Мәндер диапазоны
byte 8 -128..127
short 16 -32,768..32,767  
int 32 -2,147,483,648..2,147,483,647
long 64 -9,223,372,036,854,775,808.. 9,223,372,036,854,775,807

 

Барлық бүтінсанды типтердің ішінде int жиі қолданылады. Int типті айнымалылар көбіне цикл айнымалылары, массив индекстері, сондай-ақ бүтін сандармен операцияларда жиі қолданылады.

Int-тің орнына long типін қолданса да болады.

 

Айнымалылар

Айнымалылар келесі түрдегі өрнек көмегімен хабарланады:

 

Тип айнымалы_ аты

 

Java-тілінде әр айнымалы қолданылар алдында хабарлануы тиіс.Бұл міндетті шарт.

 

Айнымалыларды инициалдау

Айнымалыны өрнекте қолдану үшіноған мән меншіктеу қажет.

Айнымалыны инициалдайтын өрнек келесі түрде беріледі:

Тип айнымалы =мән;

Мысалы:

int count=10; // count айнымалысы 10 мәнімен инициалданады

 

 char ch=’x’;  // ch айнымалысы х әрпімен инициалданады

 

float f=1.2F  // айнымалысы 1.2 мәнімен инициалданады

Теориядан қысқаша мәлімет.

Меншіктеу операциясы теңдік белгісімен (=) белгіленеді, оның сол жағында айнымалы тұрса, оң жағында айнымалының типімен бірігетін өрнек тұрады:

х = 3.5, у = 2 * (х - 0.567) / (х + 2), b = х < у, bb = х >= у && b.

Блокта тіл ережесі бойынша тек бір ғана оператор жазылатын орындарда, ноль немесе бірнеше операторлар енгізе алады. Мысалы, {х = 5; у = ?;}. Бос блок жазуға да болады, ол үшін қос өрнекті жақша {} аламыз.

Операторлар блогі айнымалылар әрекеттерінің шектелу облысы үшін және программа мәтінінің оқылуын жақсарту үшін қолданылады.

Тікелей меншіктеу операторының жазылу түрі:

Айнымалы=өрнек;

Айнымалылар типі мен өрнек сәйкес болу керек.

Тікелей меншіктеу операторы ерекшеліктері, ол меншіктеудің цепочка құра алады. Мысалы: int x, y, z;

                    x=y=z=100; // x,y,z айнымалыларына 100 мәні меншіктеледі.

Мұнда x,y,z айнымалыларына 100 мәні меншіктеледі, бірақ меншіктеу үшін бір өрнек қолданылады.Тікелей меншіктеу операторы оң жағында көрсетілген өрнектің мәнін қайтарады. z=100 мәні y айнымалысына, сонан соң х айнымалысына меншіктеледі. Мұндай меншіктеу- ыңғайлы әдіс, ол бір мәнді бірнеше айнымалыға меншіктеуге мүмкіндік береді.

Тікелей меншіктеу операторының қысқартылған түрі.

х=х+10;

өрнегін қарастырайық. Оператордың қысқартылған түрін қолданып, мына түрде жазуға болады:

x+=10

+= символы компиляторға х айнымалысына ағымдық мәнге тең х+10 шамасы меншіктелу тиіс екендігін хабарлайды.

 

x=x-100;

x-=100

Тікелей меншіктеудің қысқартылған түрі келесі түрде жазылады:

Айнымалы оператор=өрнек;

 Сонымен арифметикалық және логикалық операциялар үшін тікелей меншіктеудіңкелесі нұсқалары қолданылуы мүмкін.

+=                           -=                            *=                /=

%=                          &=                          |=                 ^=

Оларды құрама операторлар деп те атайды.

Олар – айнымалы мәніне +, –, * не % операциясы қосылған өрнекті бастапқы айнымалыға меншіктеу операциялары. Бірдей операциялар:

  m+=10 және m=m+10

m – =10 және m=m –10

m*=10 және m=m*10

m%=10 және m=m%10

 

Мұндағы m+=10 командасы m айнымалысының мәнін 10 ға өсіруді білдіреді, ал

m=m+10 командасы оң жақтағы m –нің мәнін орнына қойып, және оған 10–ды қосып, нәтижені m айнымалысына меншіктеуді білдіреді.

 

Меншіктеудегі типтерді түрлендіру

Программа жазған кезде кейбір түрдегі айнымалыларды басқа типтегі айнымалыға меншіктеу қажет болады.

Мысалы int мәнін float айнымалысына меншіктеу керек болды

int i ;

float f;

i=10;

f=i;

Мысал: long типін double типіне түрлендіру керек.

class LtoD {

public static void main (String args[ ])) {

long l;

double D;

L=100123285L;

D=L;

System. out.println (“L және D:” +L+ “ ”+D);

}

}

 

Long типі double типіне автоматты түрде түрленбейді, өйткені берілген түрлендіру кеңейтілмеген.

Char мен boolean типтерін автоматты түрлендіруге болмайды, олар бір-бірімен сәйкес емес.

Сәйкес емес типтерді түрлендіру.

Автоматты түрдендіру болмаған жағдайда нақты түрлендіруді орындау қажет. 

(мақсатты_ тип) өрнек                         

Мұндағы мақсатты тип- өрнектің нәтижесі түрленетін тип.

Мысалы:

Double x, y;

// …

(int) (x/y)

Мәліметтерді енгізу

 

Бүтін типті айнымалыны енгізуге мысал.

import java.util.Scanner; // класты импорттаймыз
    public class Main {
public static void main(String[] args) {
Scanner sc = new Scanner(System.in); // Scanner класс объектісін құрамыз
    int a=sc.nextInt(); // а бүтін типті айнымалыны енгізу

  int c;

  c=a+2;

  System.out.println(c);
}
    }

Мәліметтерді шығару

Ақпаратты консоль терезесіне шығару үшін келесі оператор қолданылады:


Дата добавления: 2021-01-21; просмотров: 133; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!