Запран коюланса 25 пайыз магнезия

Билеті.

1.Ай*күні толмай туған бала. Белгілері. Күтімі.

2.Физиологиялық рефлекстерді анықтау әдісі.

Жауабы:

1.Шала туылудың клиникалық белгілері . Шала туылған нәрестенің терісі әжімделген, қою қызыл түсті және түгелдей түкпен жабылған .Тері асты май қабаты дамымаған, емізігі және омырауындағы дөңгелектер әлсіз көрінеді;құлақ қалқаны тегіс , пішінделмеген,жұмсақ,басына жабысып тұрады; тырнақтары жіңішке және саусақ ұштарын жауып тұрмайды; кіндік іштің төменгі үштен бірінде орналасқан,аяқ қолдары қысқа;басы үлкен;бас сүйегінің тігістері мен еңбегі ашық,бас сүйегі жұқа; үлкен жыныс еріндері дамымаған; ұл балаларда аталық бездері ұмаға түспеген .

Жартылай жетілмей туған нәрестелердің дене бітімінде өзгешеліктер болады : терісі қызғылт түсті , бетінде түктері жоқ ; 34 - ші аптасында туылса құлақ қалқанында бір иірім болады , омырауы айқындалған ; аталық без ұманың жоғарғы жағында орналасқан , жыныс еріндері жабылған , кіндігі қасағадан жоғары . Шала туылудың неврологиялық белгілері ретінде бұлшықеттік гипотония мен физиологиялық рефлекстерінің төмендеуі , қозғалысының шектелуі , жылу реттелудің бұзылуы , әлсіз айғай жатады .Терең шала туылған нәресте,туғанда аяқ қолдары Созылған , ему, жұту рефлекстері жоқ немесе әлсіз . Дене температурасы тұрақсыз .

Шала туылған баланың күтімі

Шала туылған сәбилер үйлеріне қайтаруға жарайтындай болып ширағанша емханада ұсталады. Әдетте емханада шала туылған нәрестелерді күту үшін жеке бөлме бөлінеді, оларға аса тәжірибелі медбикелер бекітіледі. Шала туылған баланы қайсыбір себептермен мамандандырылған мекемеге орналастыруға мүмкіндік болмай қалса, онда оны үй жағдайында да күтіп, ширатуға болады.

Күтімі:

1.Бөлмені жиі желдетіп тұру керек

2. Баланың бас жағын көтеріңкі жатқызу

3. Бос жөргектеу,немесе кювезге жалаңаш салу

4.Оқтын-оқтын ылғалдатылған оттегі беріп тұру

5.Сөткесіне 2 рет кеудесінеқыша қағазынқою.Бұл әрекет баланың демалысын сиретеді ж/е тереңдетеді.

ІІІ-ІУ дәрежедетуылған шала балаларда ему ж/е жұту шартсыз рефлекстері болмайды. Бұл балаларды тамақтандыру өте қиын.

Бірінші рет шала туған бала дәрежесіне байланысты анасының емшегіне 3-4 рет тәулігіне беріледі.

2.ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ РЕФЛЕКСТЕР.

1.Рефлекс Бабкина. Үлкен саусақпен баланың алақанын басқанда, нəресте аузын ашып, басын кеудесіне еңкейтеді.

2.Рефлекс Робинсона. Алақанға тигізген саусақты, бала қатты қысып ұстап алады. 3.Рефлекс Моро. Жөргектеу столды оқыс қатты соғып ұрғанда, бала екі қолын айқастырады.

4.Рефлекс Бауэра. Етбетінен жатқан баланың табанына алақаныңды тоссаң, бала қолды аяқтарымен итеріп, еңбектеу қимылын жасайды.

ДЕНСАУЛЫҚ ТОПТАРЫ.

1 топ: сау балалар, жылына 1-2 рет ауырғандар. 2 топ: «А»- анамнезінде шамалы өзгерістері бар.

«В»- физикалық даму жəне жүйке- психикалық жүйесінің ауытқулары бар.

3 топ: созылмалы аурумен ауыратын балалар. ІБА бар, компенсация Аурудың қайталауы жылына 1-2 рет.

4 топ: Созылмалы аурумен ауырады жəне ІБА субкомпенсация дəрежесінде.

Ауру жылына 3-4 рет қайталанады.

5 топ: Созылмалы аурумен ауырады жəне ІБА декомпенсация дəрежесінде. Мүгедектікке шығу.

АФО. Нерв жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктер.Баланың нервтік- психикалық дамуы.Əртүрлі жастағы балалардың нервтік-психикалық дамуын бағалау.Баланың қыймыл қозғалысының дамуының негізгі кезеңдері. Туған кезде нəрестенің нерв жүйесінің дамуы əлі толық біткен болмайды.

Бас мидың көлемі үлкен болса да,тіннің қатпарлары əлі толық дамыған болмайдымиелинді қапшығын əлі түзілмеген болады.Ми тінінде негізуыздар аз,ал су көбірек болады.Нəрестенің бірінші жылында ми қатпарлары тез жəне толық дамиды.Бірақта нерв талшықтардың миелинді қапшықтары əлі де толық дамуға жетіспейді.Тек 3 жасқа толғанда бас мидың жасушалары толық бөлініп,дамуы тоқтайды,ал 8 жасқа келген баланың бас миы үлкен кісінің бас миымен бирдей болады. Жасушалардың талшықтары миелинді қапшықпен қапталуы 5 жасқа толғанда толық бітеді. Бала 9 айға толғанда бас мидың салмағы екі есе көбейеді,3жасқа толғанда салмағының көбейгені тежеленеді.

 

Билеті.

1.Табиғи тамақтандыру. Ана сүтінің қасиеті.

· Табиғи тамақтандыру дегеніміз- ВОЗ бағдарламасы бойынша 6 айға дейін баланы тек

анасының сүтімен қоректендіріп .

 

Табиғи тамақтандырудың артықшылықтары:

1. Ана сүтіндегі белоктар- альбуминдер және глобулиндер, олар ұйығанда өте майда сүзбе

береді, оны қорыту оңай, ал сиыр сүтінде- казеин, сүзбесі ірі болады;

2. Ана сүтінің майлары қанықпаған май қышқылдарынан тұрады, олар жұмсақ майлар, ал сиыр

сүтінде қаныққан майлар, қатты, қорытуы қиын;

3. Қанттары- бетта - лактоза, бифидус фактор бифидум- бактериясының , В ж/е К вит өсуіне

себепкер болады, ал сиыр сүтінде- альфа лактоза- ішек таяқшасын өсіреді.

4. Минералдық тұздардың құрамы жеткілікті /Fe, Cu, Zn, Na, K, Mq/.

5. Ана сүтінің құрамында А,Д,Е,С витаминдері бар- ал сиыр сүтін қайнатқанда олар ыдырап

кетеді.

6. Ана сүтінде 15 түрлі гормондар бар.

7. Құрамында «Лактофеллицин» деген антисепткалық қасиеті бар зат нәрестені инфекциядан

қорғайды.

8.Ана сүтінде вирусқа қарсы тұратын Интерферон бар.

9.Ана сүтінде аллергиялық реакциялар болмайды.

10.Ананың сүті таза, стерильді,

11.Бірқалыпты жылы- 36- 37 о С.

12.Ана сүтінде иммундық заттар көп;

13.Эмоцианалдық фактор- кіндік кесілгеннен кейін бала мен ана арасындағы байланыс емшектің

сүті арқылы сақталады.

 

2. ИВБДВ бағдарламасы бойынша баланы емшекке салу техникасы (формула 4-3-4

                                                    

Нәрестені 1-ші сағатта емшекке салу.

· Ніресте ж/е ана бірге 1 бөлмеде жатуы қажет.

· Бір емшекті толық сорып бітірмей 2-ші емшекті бермейді.өйткені артқы сүт

· емілмей қалады. Ал алғашқы сүтте лактоза болады, егер лактоза тыс мөлшерден

· көп түссе- нірестенің іші кебеді, нәжісі сұйық, көпіріп шығады.Қалған сүтті сауып

· тастайды.

· Емшектің ұшын қайта-қайта жуа бермеу керек.

· Қолды таза жуып, әрбір емізердің алдында емшекті жылы сумен , мақтамен сүрту

· керек.

· Емшекті сығып, алғашқы тамшыларды сауып тастау керек.

· Сәбидің бетін анасының кеудесіне қаратып, мұрны емшек ұшының деңгейінде

· болу керек.

· Сәбидің денесі анасының денесіне түйістірулі болу керек.

· Анасы тек мойны мен иығы емес, сәбидің бүкіл денесін ұстап отырады.

· Сәбидің иегі емшекке тиіп тұрады.

· Сәбидің аузы барынша ашық болады.

· Астыңғы ерні шығыңқы болады.

· Емшектің басым бөлігі астынан емес, үстінен көрініп тұруы керек.

· Емізіп болғасын емшекті таза шүберекпен құрғатып, ұшына құрғақ шүберек салып

· қояды.

· Қалған сүтті сауып тастайды.

 

Билеті.

1. Жасанды жтамақтандыру. Қоспалар түрлері.

 

Жасанды тамақтандыру.

Егер бала ана сүтінен айрылса оны сиыр сүтімен не болмас қоспалармен асыраса оны

қолдан тамақтандыру деп атайды. Қолдан тамақтандырғанда керекті қоспалар сиыр

сүтінен әзірленеді.

Себептері:

1. Агалактия.

2. Анасының ауыр жағдайы.

Қолдан тамақтандырғанда бала емшек емгендегіден белокты 2 есе көп алуға тиіс.

Қолданылатын қоспалар:

Малютка 2 айға дейін,

Малыш 2 айдан 1 жасқа толғанға дейін,

Нестле; Нестажин.

 Қоспалардың мөлшері тәулігіне 1 литрдан аспауы керек. Мөлшерін 12

күнге дейін Тур, 12 күннен кейін көлемдік әдіспен табамыз.

 

2. 2 айлық балаға тамақтың мөлшерін есептеп табу. Туғандағы салмағы 3000 грамм.

Билеті.

1. Аралас тамақтандыру. Бақылау өлшемі.

2 Айлық балаға тамақтың мөлшерін есептеп табу. Туғандағы салмағы 3000 грамм.  

 

Негізгі себебі- гипогалактия. Егер бала салмағын мөлшерден аз қосса, емізу аралығында мазасыз болса баланы аралас тамақтандыруға аударады.

Аралас тамақтану кезінде балаға тамақтың мөлшерін табу.

Бақылау өлшемі. 1.Баланың салмағын таразыға салып өлшеп алады,

2.Баланы 15-20 мин емізеді,

3.Еміп болғасын салмағын қайтадан таразыға салып өлшейді.  

Сөйтіп баланың анасының емшегінен неше мл сүт емгенін анықтаймыз Егер емшектен сорып алған сүті оның жасына қажетті мөлшерден аз болса балаға үстеме тамақ ретінде сүт қоспаларын береді. Бақылау өлшемін тәулігіне 4 рет жүргізіп ортаңғы көрсеткішін алу қажет. . Мысалы: салмағы 3500 болды, емізгеннен кейін салмағы 3570 грамм. 3570-3500= 70 мл . Анасының емшегінде 70 мл сүт бар екені анықталды. Ары қарай көлемдік әдіспен балаға керекті сүттің мөлшері тауып беріледі.                                                                                     Сүт қоспалары бейімделген және бейімделмеген қоспалар болып екіге бөлінеді.

 

 2 – сұрақ

3000+1000×1=4000

 

4000÷5/10=80-40(ана сүті)= 40 керек сүт

 

 

Билеті.

1. Гемолиздік ауру. Себебі. Түрлері. Емі.

2. Нәрестенің қөзіне туалет жасау әдісі.

                 

 

Эр-дің қабықшасына жарылып олардың ішінен шыққан билирубин қан плазмасына өтуі

Себебі: анасымен баласының резус факторлардың сәйкес келмеуі анасының қанында резус фактор жоқ ал баланың қанында рез-фак бар. Рез-фак жоқ әйел рез-факды әкесінең мұраға алған ол резутын нәрестеге гемолиздік ауру пайда болады.

Түрлері: 1 анемиялық түрі туғаннан 1-2 апта өткенсін білінеді баланың шырышты қабаты бозарады бауыры, көк бауыры үлкейеді Нв 90-60 болады

          2 сары ауру туғаннан кейін 1-2 сағаттан кейін белгілі болады

          3 ісікті түрі жүктілік кезінде Антиденелердін ұзақ уақыт әсер етуге байланысты пайда болады баланың ішкі мүшелері 5-10 есеге өседі бала өлі туылады ал тірі қалған балалар алғашқы минуттан немесе алғащқы сағаттарда өледі

Емі:

1. Анасының сүтінде рез-фактрр антиденелі болғандықтан 2-3 апта баланы донорлыққа сүтпен тамақтандырады

2. Фототерапия баланың терісіне тәулігіне 12-16-20 сағат бойы көк түсті шам сәулесі түсірледі

3. Фенобарбитал бауырдың функциясын жақсаттады

Преднизолон

Вит в6 в12

Запран коюланса 25 пайыз магнезия

7. Инфузиялық терапия

8. Қан алмастыру

 

 

2 сұрақ баланын көзін қайнаған жылы сумен сүрту мақта шарикпен ішінен сыртына қарай

 

Билет

1)Тері аурулары Түрлері Емі Күтімі

2)Нәрестенің ауыз қуысына туалет жасау

 

1)Боздану - нәресте күтімі қанағатсыз болған жағдайда болады. Тері қатпарларында, бөксесінде пайда болады. Қызарады, қанталайды, эрозия пайда болады. Тері беті суланады бала мазасыз ұйқысы бұзылады.

Емі: жуындыру, балалар кремін, майын жағу.

 

2. Пиодермия – терінің ірінді қабынуы. Қоздырғышы стафилакок, стрептококк.

Емі: жиі жуындыру, киімін таза ұстау, үтіктеу, элементтерді K MgSO₄, генцианвиолет 1:1

 

3. Омфолит – кіндіктің қабынуы. Қоздырғышы стафилакок, стрептококк, көп іріңді таяқша, ішек таяқшасы.

Түрлері:

· Қабыну

· Іріндеу

· Өлі еттену-некроз

       Емі: 2 саусақпен айналасындағы теріні ашынқырап 1-2 тамшы сутегі асқын тотығын тамызады. Біраз көпіреді стерильді мақтамен кіндік жарасын сүртіп, құрғатып алу қажет. Орның калий марганец еріт. сүртеді. Іріндеу түрінде жараны 96°C спиртпен сүрту. Генцианвиолет, антибиотиктер егу, витаминдер, гаммаглобулин, кварцтау.

 

        4. Сепсис – қабыну ошақтарынан гемоген және лимфоген жолымен микроорганизмдердің қанға үздіксіз түсуі. Қоздырғышы стафилакок, стрептокок, ішек таяқшасы,пневмококк, көп іріңді таяқша. Микробтар көбінісе кіндік жарасы, терінің жарақаттары, тыныс жолд. шырышты қабаттары, ас қорыту аппараты арқылы түседі.

        Сепсистің 2 түрі болады.

         1-ші септицемия - инфекция қанмен араласады, бірақ іріңді ошақтары жоқ.

         2-ші септикопиемия - іріңді ошақтары бар.

 

         Клиникасы:

Жалпы жағдайы нашар. Темп 38-40, тамақ ішпейді, салмағы төмендейді, терісі ақшыл сұрғылт, акроцеоноз, гепатоспленомегалия, іріңді ошақтар пайда болады, отит, фурункулез, пиодермия, менингит, энтероколит.

               

       Емі:

3 бағытта жүреді және ұзақ емделеді:

1-ші қоздырғышы жоқ

2-ші баланың иммунитетін жақсарту

3-ші іріңді ошақтарды жою

           

       Антибактериалды ем 1 мезетте 2-3 антибиотиктер,

       Дезинтоксикациялық терапия,

       Витаминдер,

       Биопрепараттар- лактобактерин, бифидум бактерин, бификол.

 

 

2)Баланың ауыз қуысының шырышты қабығын 10% сода ерітіндісімен емдеу (бөлме температурасында бір стакан қайнатылған суға 1 шай қасық) - ең кең тараған әдіс. Ерітіндіге батырылған стерильді тампонмен ауыз қуысының шырышты қабығын сүртіңіз, тіл астындағы кеңістікті, щек пен еріннің ішкі беттерін ұмытпаңыз.

 

 

Билет

1Сепсис формалары Емі Күтімі

2 Нәрестенің терісіне туалет жасау

 

 1)СЕПСИС-Қабыну ошақтарынан микроорганизмдердің гемоген және лимфоген жолымен қанға түсіп тұруына байланысты туатын патологиялық жағдай. Қоздырғышы:

· стафилококк, стрептококк,

· пневмококк,

· ішек таяқшасы, көк ірің таяқшасы.

Микробтар көбінесе кіндік жарасы, терінің жарақаттануы, тыныс жолдарының шырышты қабықтары, құлақ, көздің дәнекер қабығыас қорыту аппараты арқылы енеді. Инфекция енген жерінде іріңді қабынба: омфалит, пиодермия, конъюнктивит, отит басталады.

Патогенез:жергілікті қабыну ошағы--бактериемия----септицемия---септипиемия

Сепсистің 2 формасы болады:

1. Септицемия /инфекция қанмен араласады, бірақ іріңді ошақ жоқ/,

2. септикопиемия /іріңді ошақ бар/.

Клиника. Сепсистің ерте белгісі- кіндіктің кеш түсуі, іріңдеп жазылмауы.

  •  Баланың ыстығы көтеріліп- субфебрильдіден өте жоғары, тамаққа тәбеті болмайды,
  • Интоксикация белгілері-терінің түсі сұрғылт- бозаң, ішкен тамағын жиі- жиі құсып тастайды, іші өтеді.
  • Сусыздану /эксикоз/, ішек парезі бел алады.
  • Іріңді бөртпелер, жаңа ошақтар пайда болады.
  • Микроциркуляцияның бұзылуы- терісі мәрмәр түсті, «ақ таңба» белгісі.
  • Гипотензия, тахикардия, аритмия, коллапс.
  • .Баланың жалпы жағдайы күннен күнге нашарлай береді: температурасы 38-40, тамақ ішпейді, салмағы төмендейді, терісінің түсі ақшыл- сұрғылт, акроцианоз пайда болады. Бауырымен көк бауыры ұлғаяды. Іріңді ошақтар пайда болады- отит, менингит, остеомиелит, пневмония, энтероколит. Стафилококты энтероколитте ішек жарасы тесіліп /перитонит/ баланың өлуіне әкеп соғады

Емі 3 бағытта жүреді, ертерек және ұзақ емделуге тиіс:

1. қоздырғышты жою,

2. баланың қорғану күшін арттыру,

3. іріңді ошақтарды емдеу,

  1. -Антибиотиктер – бір мезгілде 2-3 антибиотик, күнде ауыстырып тұру

Біреуі міндетті түрде көк тамырға жіберіледі.

  1. Дезинтоксикациялық ем- плазма, п глюкоза, физ р-р, альбумин, реополиглюкин. Гемодез.
  2. Иммунотерапия- иммуноглобулиндер.
  3. Антистафилококтық плазма 5-10мл/ кг, арасына 2 күн салып 3 рет.
  4. Витаминдер,
  5. Биопрепараттар- лактобактерин, бифидумбактерин, бификол.
  6. Хирургиялық ем /ошақтарды жою/.
  7. Физиотерапия /СВЧ, УВЧ.

 

2) Нәрестенің терісіне туалет жасау -Жаңа туған нәрестеге теріні күту оның өмірінің алғашқы күндерінен бастап жүзеге асырылады. Ол үшін күнделікті жуыну қолданылады, содан кейін нәрестенің нәзік терісін кілегеймен немесе маймен майлайды.Баланың кіндік жарасы жазылып болғаннан кейін 2 сағаттан кейін жууға болады. Бұл туралы жас ата-аналарға ана мен нәрестенің алғашқы патронатына келген дәрігер немесе акушерка хабарлайды. Сонымен қатар, олар бұл процедураның қалай дұрыс орындалғанын көрсете алады.Жуындыру үшін балаға арнайы сатып алынған ванна қажет. Оны басқа мақсаттарда пайдалануға тыйым салынады. Шомылатын су 37 ° C болуы керек және ваннаны жаңа туған нәрестенің денесін толығымен жабатындай етіп толтырыңыз. Баланың өмірінің бірінші жылына арналған сүлгі мен жөргектерді жылыту жастықшасымен жылыту керек. Алты айға дейінгі нәрестені қолына мата немесе басқа құрал қолданбай жуады.

№9 билет

Рахит- сәбилердің қарқынды өсу кезеңіндегі «Д» витаминінің жетіспеушілігінен пайда болатын бүкіл организм ауруы, алдымен сүйек-бұлшықет системасының бұзылуы,

Этиологиясы: Теріде холекальциферол түзілісінің бұзылуы.Бауыр мен бүйректе «Р-Са» алмасуының бұзылысы.Тағаммен «Д» вит кем түсуі.

Рахитке әкеп соғатын факторлар;

1.Таза ауаның және күн сәулесінің жетіспеушілігі.

2.Тамақтану факторлары- Қолдан тамақтану, қосымша тамақтарды кеш қосу, бір қалыпты тамақтандыру.

3.Перинаталдық факторлар- шала туу – өйткені құрсақ дамуының ақырғы айында ана ағзасынан кальций балаға ағзасына көп мөлшерде түседі.

4.Денешынықтырудың жетіспеушілігі.

5.Асқазан мен ішек аурулары ( дисбактириоз- Са-дың сорылу процессі бұзылады),

6.Экологиялық факторлар. Су мен топырақта қорғасын, цинк стронцидың көп болуы.

Құрамында кальциферол бар өнімдер көп емес. Д витамині жоқ тағамдар:

Крупалар,Қантта,Көкөністер,Жемістер.

Ал «Д» витамині бар тағамдар:

Жұмыртқа /1 гр тауық жұмыртқасының сарысында «Д» витаминінің 140-390 ХБ бар/Икра,Балық,Ет,Сүзбе, сары май.

Д витаминінің бірнеше түрі бар, ең жоғары белсенділігі бар витаминдер-Д2 Д3 .

Рахиттың дамуының 4 кезеңі бар:

алғашқы кезең нерв жүйесінің өзгеруімен сипатталады. Бала мазасызданып жастыққа басын үйкей береді, желке шашаы түсіп, тақыр болып қалады. 2-3 аптадан кейін үлкен еңбегінің шет жақтары мен бас сүйегінің жіктерінің былқылдағы байқалады.

өршіген кезең –бас сүйегі зақымдалады- бас сүйек жіктерін бойлай жұмсару күшееді, формасы бұзылады- маңдайы мен төбесі дөңестеніп, квадрат формасына ұқсайды. Қабырғаның сүйегі мен шеміршек қосылатын жері қалыңдайды. Диафрагманың тұсы ішке еніп тұрады- Гаррисон саласы пайда болады.Кеуде қуысының төменгі жағы кенейіп, жоғарғы жағы қушия түседі, алға қарай шығыңқы болып «құс төсін» еске алады.Бала отыра бастаған кезде омыртқаның формасы да өзгереді; артқы жағына қисаяды, оны «кифоз» деп атайды. Білек және шынтақ сүйектерінің эпифизасы жуандайды-рахит білезіктері пайда болады. Жүре бастағанда аяқ сүйектері «О» /варус/, «Х» /вальгус/ әрпі түрінде. Рахитке тән симптом- бұлшық ет гипотониясы, жалпы әлсіздік жіне бұлшық еттердің болбырлығы. Қарын бұлшық еті, сондай- ақ ішектегі бұлшық ет гипотония салдарынан мес қарын пайда болады.Тұру және жүру функциясы ның дамуы кешулейді.

Рентгенмен тексергенде-түтікше сүйектердің эпифиз бен диафиз арасындағы саңылау кеңее түседі. Басқа мүшелерде зақымданады: жүрек-тамыр, бауыр мен көк бауыр.

Қанда «Са», «Р» мөлшері азаяды. Зәрде- гиперфосфатурия, сілті фосфатазасы 20-30 ед дейін көтеріледі.

Сауығу кезеңі- ауру симптомдары саябырлайды. Бірақ қайтадан өршуі де ықтимал. Нерв жүйесінің зақымдануы жойылады, сүйек қатайып, тіс шығады. тұру және жүру функциялары қалпына келеді. «Р», сілті фосфотаза деңгейі әлі артады, ал кальций мөлшері аз күйінде қалады.

Қалдықты құбылыстар – басының, кеуде қуысының, омыртқа жотасының, басқа да сүйектердің деформациясы.

Ауырлығына қарай:

жеңіл,

орташа,

ауыр

Емі: Алға қойылған мақсаттар:

«Д» витамин тапшылын жою,

«Р-Са» алмасуын қалыпқа келтіру.

Ацидоз бен гипокальциемияны жою.

Емі 2 түрден тұрады: арнайы және арнайы емес.

Арнайы емес ем:

Таза ауада жеткілікті серуендеу,

Жасына қарай нәрлі, құрамында Са бар тағамдармен тамақтану,

Массаж, гимнастика жасау.

Теңіз бен күн сәулесі ванналарын пайдалану,

Арнайы ем:

«Д» витамині бар дәрілерді қолдану.

1. Витамин Д3 су ерітіндісі, 1 тамшыда- 500 ХБ.

1. Витамн Д2,- 5% спирт ерітіндісі, 1 тамшыда- 5000 ХБ.

2. Витамин Д2- 0,125% май ерітіндісі, 1 тамшыда-1250 ХБ;

3. Видехол-0,125% май ерітіндісі6 1 тамшыда -500 ХБ.                            

4.Видеин таблеткасы /құрамында казеин/, драже 500, 1000, 5000, 10000 ХБ

Соңғы жылдары Д3 витаминінің суға ерігіш түрін /холекальциферол/ беріп емдейді. Өршіген кезде тәулігіне оның дозасы 2000-5000 ХБ, ал курстық дозасы 200 000-400 000 ХБ.

Емді аятау шарты- қандағы Са, Р, сілті фосфатаза деңгейінің қалыпқа келуі. Емдік курсын аяқтаған соң алдын алу мөлшеріне ауысады- тәулігіне 400- 500 ХБ.- витамин Д3 су еріндісі, тәулігіне 1 рет 1 тамшыдан.

Қосымша «А, В», «С» витаминдерін, цитраттарды тағайындайды.

«Д» гипервитаминоздан сақтану үшін мезгіл- мезгіл Сулкович реакциясын жүргізіп отыру керек.

Рахиттен сақтану жолдары.

1.Антенаталдық алдын алу. Нәресте тумастан бұрын алдын алу шаралары:

жүкті әйелдің режимін сақтау,

нәрлі, «Д» витамині мол тағамдармен қоректену: сүт,ет, сүзбе, жұмыртқаның сары уызы, сары май, балық еті, икра, жеміс-жидек,

таза ауада көп болу.

Арнайы алдын алу. Жүктіліктің 28-30 аптасынан бастап 6-8 апта бойына күн сайын 400-500ХБ-тен «Д» витаминін береді.Жүктіліктің соңғы 3-4 айында гендевит поливитаминін күніне 1-2 дражеден беруге болады- 1 дражеде 250 ХБ «Д» вит бар.

2.Постнаталдық сақтандыру.

Табиғи тамақтандыру,

Таза ауада, күн сәулесі астында серуендеу,

Массаж, гимнасика жасап тұру,

Гигиена тәртібін қатты қадағалау.

Бала бөлмесі таза, ауасы жеткілікті, жарық, құрғақ болу керек.

Арнайы алдын алу. Арнайы сақтандыру жұмыстарын ШТН 2 жетіден бастап, ЖТН- 4 аптадан бастап жүргізеді. Витамин Д3 су ерітіндісі, тәулік мөлшері 400-500 ХБ, күніне 1 тамшыдан 1 рет, ШТБ тәулік мөлшері -600-800 ХБ. Күз, қыс, көктем айларында қосымша «С» және «В» тобы витаминдер беріледі. /сентябрь-март-апрель/.

Егер бала «Малыш» қоспасымен тамақтандырылса- кальцеферолды байқастап берген жөн, өйткені 100 мл қоспада 100 ХБ кальциферол бар.

Кей сәбилерде «Д» витаминіне жоғары сезімталдығы болатынын ескертіп, 2-3 жетіде Сулкович сынағын жасайды. Егер сынақ оң болса- беруді қояды.

Балалардың жас өспірім шақтарында /бойларының тез өсу кезінде/, қыз балаларда 11-12 жас, ұл балаларда 13-14 жас аралығында кальцийдің жетіспеушілігі байқалады. Мұндай кезде «Кальций Д3 –Никомед» сағыз тәріздес таблеткасын қабылдаған жөн. 1 таблетка құрамында Д- витаминінің 200 ХБ және 500 мг кальций бар.

Д витаминнің орнына балық майын 1 айлығынан бастап күніне 1 шай қасықпен 2 рет беріп, мөлшерін біртіндеп көбейтеді. 8 айға аяқ басқанда күніне 2 рет жарты шай қасықпен беріледі.

2.

№10 билет

1. Тұншығу- асфиксия- нәрестенің туылу сәтінде дамитын организмдегі оттегінің жетіспеуіне байланысты аурулық жағдай. Тұншығудың себептері:

Кіндіктегі қан айналымының бұзылуы; баланың кіндігінің мойнына, денесіне оралып қалуы, кіндіктің түйілуі, түсіп кетуі.

Баланың туылуының ауыр жағдайда өтуі /жылдам босану, жамбаспен туу, вакуум- экстракторларды қолдану, плацентаның ерте бөлінуі/.

Қатты және ұзаққа созылған ананың аурулары.

Нәрестенің аурулары- көбіне туа біткен кемістіктер.

Осы себептердің негізінде жаңа туған баланың организмінде оттегінің жетіспеуі дамиды. Оттегінің жетіспеуінің ұзақтығына байланысты тұншығуды 3 дәрежеге бөледі:

1-ші- жеңіл дәреже

3-ші- орташа

3-ші- ауыр дәреже

Орта дәрежеде туған баланың терісінің түсі өте көк, демалысы мүлдем сирек /брадипноэ/, жүрек соғуы аздап күңгірт, біркелкі, минутына 100 соғудан аз, бұлшық ет ширақтығы және физиологиялық рефлекстері төмендеген, даусы бәсең.

Ауыр дәрежеде баланың жалпы жағдайы ауыр, терісі боз, ақшыл, демалысы мүлдем жоқ, жүрек соғуы күңгірт, біркелкі емес,сирек, минутына 60-тан 20- 30 соғу, бұлшық ет ширақтығы және физиологиялық рефлекстер жоқ. Кіндік пульсациясы жоқ, аритмия.

АВС-терапия.

А- тыныс алу жолдарын босату.

В- тыныс алдыру /дем беру-ИВЛ/

С-қанайналым мен жүрек оғу қызметін қалпына келтіру.

1 этап: 1. /20-25 секунд/, баланың аузы, мұрнын электоотсоспен тазалау

2. құйрығынан ұру, табанын қытықтау.

3.жылы жаялдыққа салып алып жандандыру столына, жылы шамның астына жатқызу.

4. Баланың бас жағын аяқ жағына қарағанда 150 төмендету.

Егер нәресте дем алып, жүрек соғысы 100 жоғарыласа, жандандыру әрекеттерін тоқтатып, балаға туалет жасау қажет. Егер дем алысы жоқ болса- 2 этапқа көшеміз.

2 этап. Тыныс алу қызметін қалпына келтіру.

1. Дем алғыш Мабу маскасымен оттегі беру. Тынысы 1 минутына 30-50 болу керек. Оттегі –ауа қосындысы 60% /ШТБ-ға 40%/.

2.Налорфин немесе этимизолды тамырға жіберу.

3.20-30 секундтан кейін жүрек соғу барысын санаймыз. Егер ЖС 80-100 аралығында болса ИВЛ-ді ЖС 100-ден көтерілгенше әрі жалғастырамыз

3 этап. Гемодинамикалық терапия /қанайналымды жақсарту/№

1. ЖС минутына 80 болса- тез арада жүрек массажын бастайды+ ИВЛ 100% оттегі қоспасымен.

2. 20-30 сек кейін нәтиже теріс болса – интубация жасап ИВЛ-дв қосу + жүректі уқалау.

3. 60 сек-тан кейін нәтиже жоқ болса- адреналин 0,1 мл/кг эндотрахиалды немесе кіндік венасына, арасына 5 минут салып 3 рет.

4.Инфузия /альбумин, плазма, физ р-р/

5. Тұншығумен туған балалардың бәріне родзалдв «К» витаминін жасайды.

 

Реанимацияны 4 блок бойынша өткізеді.:

1-ші саты- БЛОК А. /тыныс алу жолдарын босату/.

  1. Баланың басы шығысымен- ауыз- мұрын қуысынан шырышты тез сорып алу.
  2. Баланы анасынан бөліп алу.
  3. Баланы жылы шамның астына салу, тез жылы стерильды жөргекпен құрғатып сүртіп алу,
  4. Басын аздап артқа қарай шалқайту /иық астына валик салу/
  5. Тыныс жолдарын тағыда тазарту.
  6. Тыныс алуын ынталандыру /табанынан ұру, контрастты ванна жасау/.

1.Тыныс алуын бағалау:

  • Тыныс алуы қалыпты-----жүрек соғу жилігін бғалауға көшеді.
  • Тыныс алуы бір қалыпты емес-----өкпені жасанды желдетуге көшеді.

2.Жүрек соғу жиілігін бағалау:

  • Жүрек соғысы минутына 100 төмен----өкпені жасанды желдету.
  • Жүрек соғысы минутына 100 артық------тері қабатының түсін бағалауға көшеді.

3.Тері қабатының түсін бағалау:

  • Орталық көгеру анықталса-------оксигенотерапия өткізу және қанның қышқыл- сілтілі жағдайын бағалау.
  • Дәрілік заттарды парентеральды жолмен өткізу.

 

2-ші саты- БЛОК Б: /тыныс алдыру /дем беру-ИВЛ/

Өкпеге маскамен немесе Амбу қапшығының көмегімен жасанды желдету /»гаспинг», апноэ./.оттоегі 60 п/.

Өкпені желдетудің тиімділігін бағалау;

  • Кеуде қуысының экскурсиясы,
  • Жүрек соғу жиілігі,
  • Тері қабатының түсі

Өкпе реанимациясының тиімсіз болу себебі:

  • Тыныс алу жолдарының бітеліп қалуы,
  • Тілдің артқа түсіп кетуі,
  • Мойнының шамалы артқа шалқайып кетуі,
  • Меконийға шашалу.

Бұндай жағдайда эндотрахеалды интубация өткізу қажет.

  • Жүрек соғу жиілігі минутына 100 ден асқанша және тыныс алу қозғалысы өздігінен пайда болғанша өкпені жасанды желдетеді..
  • Егер жүрек соғу жиілігі минутына 80 нен төмен болса- реанимацияның 3-ші сатысына көшеді.

 

3-ші саты- БЛОК С- жүрек жұмысын және қанайалымды қалпына келтіру:

Жүрекке массаж жасаумен бірге қатар өкпені жасанды желдету және 100% концентраиялы оттегі беру жүргізіледі.

Нәрестеге жүрекке массаж жасау 2 әдіспен жүргізіледі:

  • Төс сүйегін қолдың 2-3 саусақтарымен басу,
  • Төс сүйегін екі қолдың үлкен саусақтарымен басу,басқа саусақтарын арқаның астына жіберу.

Ші саты- БЛОК Д-

Егер 60 сек көлемінде массаж тиімсіз болса:

  • Кіндік тамырына 0,01% адреналин 0,1 мл/кг жібереді /физиологиялық ерітіндісімен аралаластырылған/-------тері қабатынан «ақ дақ» белгісін қадағалаймыз /микроциркуляция/. Егер «ақ дақ» белгісі 3 ж/е одан да ұзақ секундқа созылса инфузиялық терапия жүргізіледі:
  • 5п альбумин,
  • Физ.р-р,
  • Рингер ерітіндісі
  • 4,2п натрий гидрокарбонат 2-4 мл/кг.

Тиімділігі болмаса қайтадан адреналин енгізу, инфузияны жалғастыру, өкпеге, жүрекке массаж. Сосын допамин жасау.

Тірілту шараларын балаға 20 минуттан артық өткізуге болмайды, өйткені нерв клеткалары оттегінің жетіспегенінен өліп кетеді де, балада, әсіресе 2-3 дәрежедегі асфиксиядан кейін, ақыл, дене кемістіктері қалуы мүмкін.

2. Баланың жай- күйі туа салысымен 11 және 51 –тан кейін Апгар шкаласы бойынша бағаланады.

АПГАР ШКАЛАСЫ.

белгісі

Баллдар

  0 1 2
Жүрек соғысының жиілігі (пульс-Рs) Рs болмайды. Рs мин 100-ден кемге баяулайды. Минутына 100- ден астам.
Тыныс қозғалысы болмайды Сирек бірқалыпты емес Қатты шыңғырады
Бұлшық ет қуаты әлсіз Аяқ- қолы аздап бүгілген Қозғалысы ширақ.
Мұрын катетерін- ің әсер етуі болмайды тыжырыну Жөтелу мен түшкіру.
Терісінің түсі аппақ Қызғылт, аяқ-қолы көкшіл Терісінің беті қызғылт.

5 белгіден көрсеткіштер қосындысы асфиксияның бір деңгейін анықтайды.

  • Нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық болса 8- 10 балл,
  • Асфиксияның жеңіл дәрежесі- 7 балл,
  • Орташа дәрежесі 6-5- балл
  • Ауыр дәрежесі- 1-4 балл болады.

Емі: Реанимациялық шараларды орындау үшін 3 көрсеткішті бағалайды:

  1. Дем алысының сипаты,
  2. Жүрек соғу жиілігі,
  3. Тері қабатының түсі.

Асфиксия болып туған балаға шұғыл түрде тірілту шараларын өткізу керек.

№11 билет

1. Тері аурулары. Себебтері. Күтім.

1. Боздану - нәресте күтімі қанағатсыз болған жағдайда болады. Тері қатпарларында, бөксесінде пайда болады. Қызарады, қанталайды, эрозия пайда болады. Тері беті суланады бала мазасыз ұйқысы бұзылады.

Емі: жуындыру, балалар кремін, майын жағу.

 

2. Пиодермия – терінің ірінді қабынуы. Қоздырғышы стафилакок, стрептококк.

Емі: жиі жуындыру, киімін таза ұстау, үтіктеу, элементтерді K MgSO₄, генцианвиолет 1:1

 

3. Омфолит – кіндіктің қабынуы. Қоздырғышы стафилакок, стрептококк, көп іріңді таяқша, ішек таяқшасы.

Түрлері:

· Қабыну

· Іріндеу

· Өлі еттену-некроз

       Емі: 2 саусақпен айналасындағы теріні ашынқырап 1-2 тамшы сутегі асқын тотығын тамызады. Біраз көпіреді стерильді мақтамен кіндік жарасын сүртіп, құрғатып алу қажет. Орның калий марганец еріт. сүртеді. Іріндеу түрінде жараны 96°C спиртпен сүрту. Генцианвиолет, антибиотиктер егу, витаминдер, гаммаглобулин, кварцтау.

 

        4. Сепсис – қабыну ошақтарынан гемоген және лимфоген жолымен микроорганизмдердің қанға үздіксіз түсуі. Қоздырғышы стафилакок, стрептокок, ішек таяқшасы,пневмококк, көп іріңді таяқша. Микробтар көбінісе кіндік жарасы, терінің жарақаттары, тыныс жолд. шырышты қабаттары, ас қорыту аппараты арқылы түседі.

        Сепсистің 2 түрі болады.

         1-ші септицемия - инфекция қанмен араласады, бірақ іріңді ошақтары жоқ.

         2-ші септикопиемия - іріңді ошақтары бар.

 

         Клиникасы:

Жалпы жағдайы нашар. Темп 38-40, тамақ ішпейді, салмағы төмендейді, терісі ақшыл сұрғылт, акроцеоноз, гепатоспленомегалия, іріңді ошақтар пайда болады, отит, фурункулез, пиодермия, менингит, энтероколит.

               

       Емі:

3 бағытта жүреді және ұзақ емделеді:

1-ші қоздырғышы жоқ

2-ші баланың иммунитетін жақсарту

3-ші іріңді ошақтарды жою

           

       Антибактериалды ем 1 мезетте 2-3 антибиотиктер,

       Дезинтоксикациялық терапия,

       Витаминдер,

       Биопрепараттар- лактобактерин, бифидум бактерин, бификол.

 

2. Кіндік туалетінің әдісі.

 

2 саусақпен айналасындағы теріні ашынқырап 1-2 тамшы сутегі асқын тотығын тамызады. Біраз көпіреді стерильді мақтамен кіндік жарасын сүртіп, құрғатып алу қажет. Орның калий марганец еріт. сүртеді.

 

№12 билет     

1. Фарингит. ИВБДВ. Емі.

ФАРИНГИТ.

Ф- көмейдің қабынуы. Балалар тамағында бір нәрсе тұрғанын, көмейі жыбырлап құрғақ жөтел пайда болады. Тамағын ашып қарағанда қызарған бөртпе көрінеді. Кейде қабыну көмейден қысқа да кең евстахиев түтігі арқылы құлақтың ортаңғы бөлігіне тарайды- отит пайда болады.

Емі: фарингосепт. Ингалипт. /ВОЗ бағдарламасы бойынша булау ингаляциясын жасауға болмайдыДДСҰ бағдарламасы бойынша фарингиттің 2 түрі болады:

1. стрептококтық,

2. строптококтық емес

 

Тамағы ауырып амбулаторияға келген баланың аузынан ақ қабыршақ және ісінген тамақ асты лимфа бездерін іздейміз. Егер аталған белгілер табылса- онда стрептококтық фарингит деп диагноз қойып төмендегідей ем қолданамыз:

 

· Бициллин-1 /5 жасқа дейін 600 000 МЕ/,

· Парацетамолдың алғашкы дозасын беру /дене қызуы 38,50 –тан асса/,

· Тамағын залалсыз сұйықтықпен жұмсарту /шаю/,

· Қалыпты жағдайда 2 күннен кейін дәрігерге амбулаторияға келу.

· Баланың жағдайы ауырлаған кезде тез амбулаторияға келу жөнінде анасына түсіндіру,

Стрептококтық емес фарингитте бұл белгілер жоқ. Емі:

· Тамағын залалсыз сұйықтықпен жұмсарту /шаю/-ана сүті, қайнаған жылы су, газдалмаған минералды су,

· Ауырсынуды басуға парацетамол беру,

· Қалыпты жағдайда 2 күннен кейін дәрігерге амбулаторияға келу.

· Баланың жағдайы ауырлаған кезде тез амбулаторияға келу жөнінде анасына түсіндіру,

 

2. 10 күндік балаға тамақтың мөлшерін есептеп табу.

 

10 күндік бала туылғандағы салмағы – 3100

 

Vc= 70*10=700 тәуліктік мөлшері

700:10= 70 мл бәр бергенде.

 

 

№13 билеті.     

1.Стеноздаушы ларингит. Сбебтері. Көмек.

2.Қосымша тамақтарды енгізу ережелері. ИВБДВ

СТЕНОЗДАУШЫ ЛАРИНГИТ.

С.Л.- көмейдің шырышты қабығының қабынуы, көбінесе риниттен немесе парагриптен кейін дамиды. Баланың дауысы қарлығып шығады, құрғақ, «иттің үргеніне ұқсас» жөтел пайда болады, дене қызуы көтеріледі. Егер қабыну дауыс желбезегіне және дауыс асты қуысына таралса тыныс алу қиындайды да құрөзек деп аталатын ауру бел алады. Құрөзектің ауырлығы стеноздың ауырлығымен және тыныс алу компенсациясының дәрежесімен анықталады. Құрөзек 3 белгімен сипатталады:

- Ішке дем алу процесі қиындалуы /инспираторлық/,

- Баланың даусының қарлығуы,

- Дөрекі дыбысты жиі жөтел

Стеноз көбіне түнде кенеттен дамиды, демалысы қыйындап, сырыл естіледі, көзіне үрей пайда болады.Қ-тің 4 дәрежесі болады:

1. компенсацияланған круп- стеноз қысқа мерзімді, тынысы тарылмайды. Ауыз жаптырмайтын құрғақ дөрекі жөтел, дауысы өзгеріп қырылдап шығады.

2. субкомпенсация дәрежеде стеноз тұрақты, қосымша бұлшық еттің қатысуымен, баланың демалысы жиілейді, ауыз бен мұрын арасындағы үшбұрыш көгілдір тартады.

3. декомпенсация.- тыныс тарылуы айқын, эпигастралдық, қабырға аралығындағы бұлшық еттер күрт тартылады. Цианоз болып, өкпеге ауаның баруы нашарлайды, , тамыр соғысы жиі және әлсіз

болады. Бала мазасыз, қорқыныш пайда болады, денесіне суық тер шығады.

4. асфиксия- тұншығумен сипатталады, цианоз, акроцианоз тән болады, әлі құрып есінен айрылады, тырыспа орын алады, ауаның жетіспеушілігінен аузымен дем алуға ықпал жасайды.

Дем алғанда тынысы сырылдап шығады. Тыныс тапшылығы орын алады Жүрек тоқтауының алдында оның соғуы бірте- бірте әлсірей береді, дем алысы тоқтайды.

Емі:

- Баланың дыбыс желбезегіне тыныштық беру қажет.

- 1 дәрежелі жағдайында суды көп ішкізіп, қақырықты ыдырату үшін сода ерітіндісінен ингаляция

жасайды,

- тыныс жолдарын ашу үшін (спазмолитиктер)- солутан; эуфиллин, эфедриннен ингаляция жасау, ауыр жағдайда- эуфиллинді венаға жасайды, мукалтин, бромгексин /қақырықты жібітеді/, 5 минут жалпы ыстық ваннаға түсіріп, кейніннен орап тастау қажет,

- Кеудесіне, аяғына қыша салынады,

-Бала жатқан бөлменің ылғалдығы қалыптан жоғары болукерек, ол үшін жаялықтарды сулап кереуеттің басына іліп қою қажет, ауасы таза болу үшін жиі желдетіп тұрады.

2-ші дәрежелі құрөзек жағдайында қыша қағазын 3-4 сағат сайын салады, ингаляцияны қайталайды, 2-ші- 3-ші дәрежеде ванна зиянды.

-Ісікке қарсы дегидратациялық терапия қолданылады- вена ішіне 30- 50 мл 20% глюкоза ерітіндісі, 0,5- 1 мл кальций глюконаттың 10% ерітіндісі, 2,4% эуфиллин ерітіндісі жіберіледі.

- Глюкокортикоидтар /преднизолон, гидрокортизон, кортизон/- тәуліктік мөлшердің жартысын венаға, жартысын бұлшық етке жібереді.

- Антибиотиктер,

3- ші, 4-ші дәрежелі жағдайда, жүргізген емнен эффект жоқ болса-трахеостомия жасалады.

2. Қосымша тамақты енгізу ережелері:

Қосымша тамақ баланы емізердің алдында беріледі,

Жаңа тамақтарды 5-10 граммнан бастап әрі қарай күнде ұлғайтып отырып, 2 аптаның

ішінде баланың өз мөлшеріне жеткізіп 1 мезгіл емуін алмастырады, 2 түрлі тамақты бір мезгілде енгізуге болмайды. Бір күнде қосымша тамақтың 1 түрін 2 рет бермейді.

Жаңа тамақтар түйіршіксіз біркелкі сұйықтау болуы керек, оларды балаға қасықпен беріп

шайнау рефлексісін дамыту керек.

Сәбидің жаңа дәмге үйренуіне уақыт берген жөн, жаңа бір тамақты ішкісі келмесе

зорламаған жөн. /Әуелі көкөністер, жемістер, жарма сосы/. Қосымша тамақтың 3 түрі бар

Бірінші қосымша тамақ ретінде 6 айлық балаға көкөністен жасалған пюре беріледі. Бұл

пюрені суға немесе буға піскен картоптан, сәбізден, қызылшадан, капустадан жақсылап

түйірсіз етіп езіп, 5-10 грамм сары май, сүт қосып жасайды. Бірінщі күні 5-10 грамм

береді, күнле көбейтіп отырып 2 аптаның ішінде 100-150,0 жеткізіп, 1 мезгіл емуін

пюреге ауыстырады. 6,5 айда- сүтке пісірілген ботқа. Ботқаны ұнтақ жармадан,

қарамықтан, күріш жармасынан жасап, дәміне қарай май, тұз, қант қосады

Екінші қосымша тамақ 7 айында еттартқыштан өткізілген ет тамақтары беріледі. - 25

мл еттің сорпасын, айда 5-10 грам пісірілген сиыр етін ұнтақтап езіп береді. Сонымен 7

айлық бала 2 мезгіл қосымша тамақ алады, ет, жармалар, көкөніс, жемістер жейді, бірақ

кем дегенде күніне 5 рет емшек ему керек. 7 айлығында сәби 10 ас қасық /150 мл/ тамақ

жеуі керек, ал 8-10 айлығында 12 ас қасық /180 мл/ жеуі керек, қоюлығы қасық баяу

бататындай болуы керек. Бұл кезде өзінше тамақ жеуді үйрену үшін тамақтың

кішкентай бөлшектерін ұстатуға болады.

Үшінші қосымша тамақ 8 айында сүт тағамдары – сүт, айран, сүзбе беріледі.

9-10 айында фрикадельки,

11- 12 айында буға пісірілген котлет.

Дені сау баланы 1 немесе 2 жасында емшектен шығарады. Бірақ бала сырқаттанып жүрсе

немесе күн өте ыстық болса тоқтай тұрған жөн.

1жасқа дейін 3 рет қосымша тамақ, 3 рет ана сүтімен қректендіредң. 6-7 айда- 150 мл.

8-9 йда 180, 10-12 айда-200 мл.

 

№14 билеті.

1.Геморрагиялық васкулит. Себебтері. Түрлері. Күтім.

2.Қант диабеті.

1.Геморрагиялық васкулит-Шенлейн-Геноха-тамыр қабырғаларының өткізгіштігінің артуы. Жедел басталады, инфекциялық,аллергиялық ауру.

Аурудың себептері:

1.Инфекциялық

2.Аллергиялық

3.Гельминтоздар

4.Вакцина

5.Антибиотиктер

6.Кейбір тамақтар

Клиникасы:4 Формада өтеді

1.Терінің қанталауы;

2.Абдоминалдық(іш аймағының ауырсынуы)

3. Тері буындар

4. Нефрит

Тері бөртпелерінің орналасуы симметриялы. Көбінісе аяқтың үстіңгі жағына, тобық маңына 2-кі жамбасына, эритема симметриялы орналасқан. Жоғары көтеріледі, қол кеуде, бел, мойын, бетіне көшеді. Қанталау 1 мезгілде шығады, бірдей жойылады. Гүлдемейді, бірақ қанталап шығады. Терең жерлерде некроз болады.

Абдоминальдық синдром- Кіндік тұсы кенеттен ауырады, құсады, нәжісі қоңыр түсті болады.

Буындардың зақымдануы- Ревматизм полиартритке ұқсайды.

Геморагиялық васкулиттің ерекшелігі: қан құрамы және қан ұю және қан ағу қабілеті өзгермейді.

Емі:

-Төсек тарту

-Преднизалон 1-2мл

-Антибиотиктер

-Демидрол

-Суппрастин

-Кальций хлор

-Эндомитацин

-Дицинон

-Гепарин20000-300000Б кіндік маңайына.

 

2.Қант диабеті- инсулиннің жеткіліксіздігінен дамитын ауру.

Инсулин тапшылығынан зат алмасу процесі, көмірсулардың химиялық ажырауы денеге сіңуі бұзылады. Соның салдарынан қанның құрамында глюкоза жоғарылады, зәрмен бөлінеді.

Этиологиясы: ұйқы безі аурулары, семіздік, басқа ішкі секреция без ауру әсерінен болады. Қант диабетінің басты себебі ұйқы безіндегі бетта клеткалары зақымдалып олардың инсулин бөлу қызметі нашарлайды. Бетта клеткалар көбінесе инфекция әсерінен стресстан зақымдалуынан болады.

1-ші тип-инсулинге тәуелді жастарда;

2-ші тип инсулинге тәуелсіз қарт адамдарда болады.

Клиникасы:науқас шөлдейді, полидипсия, полиурия, гипергликемия, глюкозаурия. Науқастың аузы құрғайды, терісі қышиды, теріде қиын жазылатын жаралар болады. Науқастың тәбеті жоғарлайды, науқас жүдейді, науқас тым жүдеу немесе тым толық болып көрінеді, терісі құрғайды, қабыршықтанып түлегені пайда болады.Қасығаннан кейін теріді ізі қалады,ұзақ ауырғандардың терісінің шелді қабаты солып семе бастайды. Инсулин еккен жері тыртықтанады, зат алмасу процесі бұзылады,науқас тез шаршайды еңбекке деген қабілеті төмендейді.

Қант диабеті барлық ішкі ағзаларды зақымдайды. Жүрек тамыр жүйесі зақымдалады. Тыныс алу ас қорыту бүйрек зәр жолдарын зақымдайды.

Қант диабеті бар науқастарда катаракта жиі кездеседі. Көзде дамитын өзгерістердің ең ауыр түрі диабеттік ретинопатия болады-ол көздің торлы қабатына қан құйылады, көздің тамырлары кеңейеді.

Қант диабеті жеңіл дәрежесі –қандағы қант 7-ге дейін. Қандағы қант 14-ке дейін орташа дәрежесі. 14-тен жоғары болса ауыр дәрежесі.

Диагностика:

Гликемиялық профиль,глюкозуриялық профиль (қандағы зәрдегі қантты анықтайды)

Эндокринолог консультация, офтальмолог консультациясы, кордиолог консультациясы,ЭКГ жасау керек.

Емі: №9 стол: сүтті тағамдар: творог, сүт, кефир ,өсімдікті тағамдар, витаминге мол тағамдар, жеміс-жидек көкөністер.

1-ши тип инсулин қолданады

2-ши тип қандағы қантты момендететін препараттар-глюкофарж,диабетон.

                             Қант диабетінің асқынуы.

1.Гипергликемиялық кома-қант диабетінің асқынуынан болады. Қандағы қант жоғарлап кетеді. Науқас ес түссіз жатады. Куссмауль тынысы болады. (сирек шулы дем алады, терісі құрғап, аузынан ацетон иісі шығады, бұлшық еттерінің тонусы босансып жатады.

2. Гипогликемиялық кома- қант диабетінің асқынуынан болады. Қандағы қант төмендеп кетеді. Инсулин мөлшерінен көп салынса, науқас уақытымен тамақтанбаса гипогликемия болады.

Клиникасы:науқас ес түссіз жатады, терісі дымқыл терлеп жатады, тересі дымқыл бұлшық еттерінің тонусы жоғ,көзін қатты жұмып алады.

3.Гипогликемиялық жағдай – қандағы қант төмендейді. Науқастың шағымы: науқастың қарны қатты ашады, қатты терлейді.

№15 билеті.     

1. Стеноздаушы ларингит. Себебтері. Көмек.

СТЕНОЗДАУШЫ ЛАРИНГИТ.

С.Л.- көмейдің шырышты қабығының қабынуы, көбінесе риниттен немесе

парагриптен кейін дамиды. Баланың дауысы қарлығып шығады, құрғақ,

«иттің үргеніне ұқсас» жөтел пайда болады, дене қызуы көтеріледі. Егер

қабыну дауыс желбезегіне және дауыс асты қуысына таралса тыныс алу

қиындайды да құрөзек деп аталатын ауру бел алады. Құрөзектің ауырлығы

стеноздың ауырлығымен және тыныс алу компенсациясының дәрежесімен

анықталады. Құрөзек 3 белгімен сипатталады:

 Ішке дем алу процесі қиындалуы /инспираторлық/,

 Баланың даусының қарлығуы,

 Дөрекі дыбысты жиі жөтел

Стеноздаушы ларингит себептері:

· Тыныс жолдарының аурулары: грипп, скарлатина, дифтерия;

· Шырышты қабықтың механикалық зақымданулары;

· Аллергия;

· Қан кетулер.

 

Емі:

Баланың дыбыс желбезегіне тыныштық беру қажет.

· 1 дәрежелі жағдайында суды көп ішкізіп,қақырықты ыдырату үшін сода ерітіндісінен ингаляция жасайды;

· тыныс жолдарын ашу үшін (спазмолитиктер)- солутан;

· эуфиллин, эфедриннен ингаляция жасау, ауыр жағдайда - эуфиллинді венаға жасайды;

· мукалтин, бромгексин /қақырықты жібітеді;

· 5 минут жалпы ыстық ваннаға түсіріп, кейніннен орап тастау қажет;

· Кеудесіне, аяғына қыша салынады;

· Бала жатқан бөлменің ылғалдығы қалыптан жоғары болу керек, ол үшін жаялықтарды сулап кереуеттің басына іліп қою қажет, ауасы таза болу үшін жиі желдетіп тұрады.

· 2-ші дәрежелі құрөзек жағдайында қыша қағазын 3-4 сағат сайын салады, ингаляцияны қайталайды, 2-ші- 3-ші дәрежеде ванна зиянды.

· Ісікке қарсы дегидратациялық терапия қолданылады- вена ішіне 30- 50 мл 20% глюкоза ерітіндісі, 0,5- 1 мл кальций глюконаттың 10% ерітіндісі, 2,4% эуфиллин ерітіндісі жіберіледі.

· Глюкокортикоидтар /преднизолон, гидрокортизон, кортизон/- тәуліктік мөлшердің жартысын венаға, жартысын бұлшық етке жібереді.

· Антибиотиктер.

 

 

2. Қосымша тамақтарды енгізу ережелері. ИВБДВ

 

Қосымша тамақты енгізу ережелері:

Қосымша тамақ баланы емізердің алдында беріледі. Жаңа тамақтарды 5-10 граммнан бастап әрі қарай күнде ұлғайтып отырып, 2 аптаның ішінде баланың өз мөлшеріне жеткізіп 1 мезгіл емуін алмастырады, 2 түрлі тамақты бір мезгілде енгізуге болмайды.

Бір күнде қосымша тамақтың 1 түрін 2 рет бермейді. Жаңа тамақтар түйіршіксіз біркелкі сұйықтау болуы керек, оларды балаға қасықпен беріп шайнау рефлексісін дамыту керек. Сәбидің жаңа дәмге үйренуіне уақыт берген жөн, жаңа бір тамақты ішкісі келмесе зорламаған жөн. /Әуелі көкөністер, жемістер, жарма сосы/. Қосымша

тамақтың 3 түрі бар.

 

Бірінші қосымша тамақ ретінде 6 айлық балаға көкөністен жасалған пюре беріледі. Бұл пюрені суға немесе буға піскен картоптан, сәбізден, қызылшадан, капустадан жақсылап түйірсіз етіп езіп, 5-10 грамм сары май, сүт қосып жасайды. Бірінщі күні 5-10 грамм береді, күнле көбейтіп отырып 2 аптаның ішінде 100-150,0 жеткізіп, 1 мезгіл емуін пюреге ауыстырады. 6,5 айда- сүтке пісірілген ботқа. Ботқаны ұнтақ жармадан,

қарамықтан, күріш жармасынан жасап, дәміне қарай май, тұз, қант қосады.

Екінші қосымша тамақ 7 айында еттартқыштан өткізілген ет тамақтары беріледі. - 25

мл еттің сорпасын, айда 5-10 грам пісірілген сиыр етін ұнтақтап езіп береді. Сонымен 7 айлық бала 2 мезгіл қосымша тамақ алады, ет, жармалар, көкөніс, жемістер жейді, бірақ кем дегенде күніне 5 рет емшек ему керек. 7 айлығында сәби 10 ас қасық /150 мл/ тамақ жеуі керек, ал 8-10 айлығында 12 ас қасық /180 мл/ жеуі керек, қоюлығы қасық баяу бататындай болуы керек. Бұл кезде өзінше тамақ жеуді үйрену үшін тамақтың кішкентай бөлшектерін ұстатуға болады.

Үшінші қосымша тамақ 8 айында сүт тағамдары – сүт, айран, сүзбе беріледі.

9-10 айында фрикадельки, 11- 12 айында буға пісірілген котлет.

Дені сау баланы 1 немесе 2 жасында емшектен шығарады. Бірақ бала сырқаттанып жүрсе немесе күн өте ыстық болса тоқтай тұрған жөн.

1жасқа дейін 3 рет қосымша тамақ, 3 рет ана сүтімен қректендіредң. 6-7 айда- 150 мл.

8-9 йда 180, 10-12 айда-200 мл.

ИВБДВ балаларды қорғаудағы комплекстік тәсілдің бірі болып табылады. ИВБДВ өзіне профилактикалық және емдік элементтерді қосады.

 

№16 билеті.     

1. Диарея.Жоспарлары. Емі.

Диарея-іштің жиі-жиі судай өтуі. Диарея 14 күнге созылса- жедел диарея болып

саналады, 14 күннен артық болса – созылмалы диарея.

Мұндай кезде дәрігерге жеткенше немесе ол келгенше біраз уақыт кетеді. Сондықтан

баланың іші өте бастағаннан- ақ мүмкіндігінше ем жасай бастаған жөн. Ол үшін балаға сұйықтықты әдеттегіден көбірек ішкізу керек, сондағы тәндегі сусызданудың алдын алуға болады.

Диареядағы сусыздануды 3 жоспармен бағалайды. А.Б.В.

Сусыздануды бағалау үшін мынандай белгілерді анықтаймыз:

 Баланың жалпы жағдайы,

 Көз жанары,

 Шөл,

 Терісінің созылмалылығы,

1. Баланың жалпы жағдайына көңіл аударамыз:

А. Егер бала ойнап- күліп жүрсе, тамақ ішсе, жағдайы жақсы сергек деп бағалаймыз. Яғни А схемасына жатқызамыз.

Б. Егер балаға емшек бергенде тыныш болып, емшектен тартып алғанда мазасызданса,

немесе қүні бойы мазасыз болса, оған таянғанда мазасызданса, бұл баланы жайсыз

мазасыз деп шешіп, Б схемасына жатқызамыз.

В схемасы бойынша ұйқы басқан бала бір нүктеге қарап отырады. Өз анасына қарамайды. Біреу сөйлегенде және айналадағы құбылыстарға мән бермейді /летаргичен/. Және де мұнда бала естен тануы мүмкін. Баланы оята алмаймыз. Ол дауысқа, жұлқылағанға оянбайды.

2. Көз жанары сусыздануы бар, баланың көзі шүңірейген болады. Анадан сұрау

керек:баланың көз жанары бұрынғыдай ма? Егер – өзгерді десе, бұны көзі шүңірейген

деп шешеміз.

Өзгермесе-А, өзгерсе-Б, В.

3. Шөл. Шөл бар жоқ екенін анықтау үшін, балаға сұйықтық беріп байқаймыз.

А. Егер бала берген сұйықтықтың қажетті мөлшерін ғана ішіп, тағы сұрамаса, бұл балада шөл жоқ деп бағалап- А схемасына жатқызамыз.

Б. Б схемасы бойынша бала сұйықтықты іше алмайды, өйткені ол естен таниды.

4. Енді баланың терісінің созылмалылығын тексереміз. Ол үшін баланы шалқасына

жатқызып, қол- аяғын төмен созамыз. Іштің бүйір қабырғасы менкіндіктің ортасынан

тексереміз. Бас бармақпен сұқ саусақты қолданамыз. Басқаша болса, денесін ауыртып

алымыз мүмкін. Теріні көлденең емес, тігінен алу керек. Баланың тері мен тері асты

майын толық қамтимыз. Теріні 1 секунд ұстап, тез жібереміз.

-Егер тері өз қалпына өте баяу келсе В схемасына жатқызамыз.

-Егер тері өз қалпына қысқа мерзімде келмесе, тері өз қалпына баяу келеді деп шешіп Б схемасына жатқызамыз.

-Егер өз қалпына тез келсе А схемасына жатқызамыз

Егер балада 1 схемада 2 немесе оданда көп белгі кездессе сол схемаға жатқызып, сол

схема бойынша емдейміз.

Егер әр схемада екі-екіден белгі болса, онда баланы міндетті түрде ауыр схема

бойынша бағалаймыз.

Егер баланы А схемаға жатқызсақ, онда А жоспары бойынша емдейміз.

«А» емдеу жоспары бойынша диареяны үйде емдеу.

Диареяны үй жағдайына емдеудің үш дәрежесін түсіндіріңіз.

1. Сусыздануды болдырмау үшін балаға сұйықтықты әдеттегіден гөрі көп береміз. Оған енетіндер:

- регидрон;

- сұйық ботқа, көже /суп/, сорпа,

- күріштің суы,

- қайнаған су,

- айран, биолакт

2. Бала сұйықтықты қанша ішсе шектемей сонша бере беріңіз

3. Сұйықтықтарлы диарея тоқтағанша береміз.

 

«Б» емдеу жоспары бойынша сусыздандыруды емдеу,

Алғашқы 4 сағаттан ішу үшін регидрон ерітіндісін жуық шамамен алынған мөлшері.

баланың салмағы /кг/ х 75 = регидрон мөлшері.

Баланың салмағын 75 коэффициентке көбейту жолымен есептейміз.

Салмағын білмеген жағдайда баланың айына, жасына қарай таблица бойынша

регидронның мөлшерін береміз.

 

«В» емдеу жоспары. Сусызданудың ауыр түрін емдеу.

3 сағаттан соң науқас тәуір болмаса, ауруханаға апарамыз.

Аурханаға алып келе жатқанда жолда регидрон ішкізу керек. Бала сұйық іше алмаса зонд арқылы регидрон беріледі- 1 сағатта 20 мл/кг салмағына /6 сағат бойы/.

Науқастың жағдайын әрбір 1-2 сағатта байқап отырамыз. Егер бала құсса, немесе іштің кебуі байқалса, сұйықты беруді неғұрлым баяулатамыз.

Ауруханада вена ішіне терапия сұйықтықтарды тез арада жіберу қажет- Рингер

ерітіндісін, ол жоқ болса-физиологиялы ерітінді : 100 мл 1 кг салмағына.

 

2. Ауыз қуысынан жұғынды алу

Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғыштарын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: жұтқыншақ микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда (дифтерия).

Дайындаңыз: дәке тампондарымен тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркаларды штаттивімен; материалалу үшін құрғақ мақта тампондары, темір өзегі бар таяқшаға бұралып жасалған, крафт пакетіндегі залалсыздандырылған шпательді; пробиркаларды тасымалдауға арналған биксті; жолдама бланкісін, пробиркаларды белгілеу үшін стеклографты, қолғапты, масканы, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа жасалатын емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріп, оны жүргізуге келісімін алыңыз.

2. Бактериологиялық лабораторияға жолдама жазыңыз.

3. Жолдама нөміріне сәйкес нөмерді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: «Жұтқыншақ-1», пробирканы штативке орнатыңыз.

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Маска мен қолғапты киіңіз.

5. Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз.

6. Науқасқа қарама- қарсы отырыңыз.

7. Сол қолдың IV және V саусақ арасына, тампоны бар залалсыздандырылған пробирканы, ал шпательді басқа үш саусағымен ұстаңыз.

8. Науқастың аузын кең ашуын сұрап, тілдің түбірін төмен және алға қарай шпательмен басып, тілді қимылдатпай ұстап тұрыңыз.

9. Пробиркадан залалсыздандырылған тампон оралған темір өзекті оң қолмен тығынынан ұстап шығарып алыңыз.

10. Тілдің, тістің, ұрттың, жұмсақ таңдайдың шырышты қабығына тигізбей тампонды ауыз қуысына енгізіңіз.

11. Тампонмен таңдай тіл доғасынан, көмекей бездерінен төмендегідей тізбектілікпен жағынды алыңыз: оң жақ көмекей безі, оң жақ таңдай доғасы, тілшік, сол жақ көмекей безі, сол жақ таңдай доғасы, жұтқыншақтың артқы бетінен.

12. Тампонды ауыздың, тілдің, тістің шырышты қабығына тигізбей ауыз қуысынан шығарыңыз және оны пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай пробиркаға енгізіңіз де аузын тығыз жабыңыз.

13. Шпательді ауыз қуысынан шығарып, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

14. Штативті пробиркасымен бикске орналастырып, биксті «кілтке» жабыңыз.

15. Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

16. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

17. Зерттеуге алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық лабораторияға 2 сағаттан кешіктірмей жеткізіңіз немесе бактериологиялық лабораторияға жөнелтпес бұрын 370С термостатқа орналастырыңыз.

Ескерту:

- жұтқыншақтан жағынды таңертең, аш қарында немесе тамақ ішкеннен кейін, су ішкеннен кейін, тамақ шайқағаннан кейін 2 сағаттан соң (дәрілік препараттар қабылдаудың алдында) алынады;

- бактериологиялық зертеудің нәтижесі 5-7 күннен кейін дайын болады, егер науқас дұрыс дайындалса және жағынды дұрыс алынса;

- егер де жергілікті өзгерулер айқын белгілі болса зертеуге материалды қабынған жер ошағынан және басқа да жерлерден екі тампонмен алынады.

Билет

 

1)ИВБДВ бағдарламасы бойынша құлақ мәселесі.

2)Көз бен құлақ қуысының туалеті және дәрі тамызу техникасы.

 

1)Баланы құлақ ауруы мазалайды ма?

Егер иә болса,сұраймыз;

*Құлағы ауыра ма?

*Құлағынан бөлінділер бөліне ме?

Егер бөлінетін болса,ұзақтығы қанша?

 

Баланың құлағын қараймыз;

Құлағында іріңді бөліністер бар ма?

Құлақтың артында ауырсынбалы ісіну бар ма?

Егер бар болса,құлақ мәселесімен жіктейміз:

 

 

 

2)Баланың көз күтімі:

Әзірле:стерильді сүлгілер,пинцет,қайнатылған су,қолғаптар,КБУ,дез.еріт.

Іс-әрекет алгоритмі:

1)Баланың анасына іс-әрекеттің жүргізілуі мен мақсатын түсіндіріп,келісімін алыңыз.

2)Қолды гигиеналық деңгейде жуу,қолғап кию.

3)Жөргектеу үстелін залалсыздандырушы еріт. өңдеу,таза жаялық жайыңыз.

4)Баланы жөргектеу үстеліне жатқызыңыз.

5)Пинцет арқылы сүлгіні алыңыз қайнатылған суға батырыңыз.

6)Оң қолмен сүлгіні алып сол көздің сыртқы бұрышын кеңсірікке қарай жуыңыз(баланың басын сол қолмен қозғалтпай ұстаңыз).

7)Құрғақ сүлгімен көзін кептіріңіз.

8) Жаңа тампон алып сол қолымен оң көзді осындай әдіспен жуыңыз(баланың басын оң қолмен қозғалтпай ұстаңыз).

9) Қолданылған тампондармен сүлгілерді КБУ-ге салыңыз,ал қолданылған пинцетті дез.еріт. салу.

10)  Қолғаптарды шешіп КБУ-ге салыңыз. 11)Қолыңызды жуып кептіріңіз.

 

Баланың есту жолдарының(құлақ)күтімі:

Әзірле:стерильді тығыз шиыршықталған дәке,пинцет,өсімдік майы,мензурка,қолғаптар,КБУ,дез.еріт.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1) Баланың анасына іс-әрекеттің жүргізілуі мен мақсатын түсіндіріп,келісімін алыңыз.

2) Қолды гигиеналық деңгейде жақсылап тазалап, қолғапты киіңіз.

3) Жөргектеу үстелін залалсыздандырушы еріт. өңдеу,таза жаялық жайыңыз.

4) Баланы жөргектеу үстеліне жатқызыңыз, басын өңдейтін құлаққа қарама-қарсы жаққа бұр.

5) Сүлгіні жылы қайнатылған суға батырып алып, құлақ қалқанын сүртіңіз де құрғақ сүлгімен кептіріңіз.

6) Пинцет арқылы шиыршықталған дәкені оң қолыңызға алыңыз, сол қолыңызбен құлақ қалқанын артқа және жоғары тартыңыз.

7) Пинцет арқылы айналма әрекетпен сыртқы құлақтың есту жолдарына 0,5-1 см-дей енгізіңіз және шығарыңыз.

8) Екінші сыртқы есту жолдарын да осы әдіспен тазалаңыз.

9) Қолданылған дәкелерді КБУ-ге салыңыз,қолданылған пинцетті дез.еріт.

10)  Қолғаптарды шешіп КБУ-ге салыңыз 11)Қолыңызды жуып кептіріңіз

 

Билет

1)Лейкоз.Себептері.

2)”Б”жоспары бойынша сусыздануды емдеу.

Регидронды тағайындау техникасы.

 

1)Лейкоз-қанның қатерлі,ісікті ауруы.

Сүйек миы зақымдалады.

 

Этиологиясы:

1)Вирустық

2)Химиялық

Радиация

4)Генетикалық фактор.

 Жедел және созылмалы болады.

 

Формалары:1)Миелобласт

Лимфобласт

Монобласт

 

Клиникасы:

Өршу кезең. белгілері.

1)Анемиялық(эритроцит,гемоглобин төмендейді,тромбоцит)

*Температура

*Әлсірейді

*Тәбеті төмен

 

2)Гемморагиялық

*Шырышты қабықтары қанталайды(көзі,ауыз қуысы)

*Мұрыннан қан кетеді

*Мелена

*Гематурия

 

Лимфоаденопатия

*Шеткері лимфа түйіндерінің ұлғаюы.

Мойын,қолтық,шат түйіндері.

 

Гепатоспленомегалия

5)Сүйек-буындық

Температура

7)Әлсіздік

8)Салмағы төмендейді

9)Жүрек-тамыр жүйесі,тыныс алу,ас қорыту аппарат. бұзылыстары.

Лаб.корсеткіштер:

*Ақ қанның құрамының өзгеруі

*Лейкопения

*Гиперлейкоцитоз

*Анемия тромбоцитопения

*Қанда бластық клеткалар көп

 

Емі:

1)Цитостатиктер-лейкозды клеткаларды жояды.

2)Калий препараттары

3)Преднизолон

4)Винкристин

5)6-Меркаптопурин

Сүйек миының трансплантациясы.

 

 

2)”Б”жоспары бойынша сусыздануды емдеу.

Регидронды тағайындау техникасы.

 

Алғашқы 4сағатта ішу үшін регидрон ерітіндісін жуық шамамен алынған мөлшері.

 Баланың салмағы /кг/х75=регидрон мөлшері.

Баланың салмағын 75 коэффициентке көбейту жолымен есептейміз.

Салмағын білмеген жағдайда баланың айына,жасына қарай таблица бойынша регидронның мөлшерін береміз.

 

4ай дейін/салмағы 5кг төмен/200-400мл

4-11ай/салмағы 5-7-9кг/400-600мл

12-23ай/салмағы 10,9,8кг/600-800мл

2-4жас/салмағы 11-15,9/800-1200мл

5-14жас/салмағы 16-29,5/1200-2200мл

 

Егер науқас регидронды көп ішкісі келсе көбірек сұйық беріп,жиі емізу керек.6айға толмаған 100-200мл қайнаған су қосып береміз. 

Балаға жиі-жиі регидрон ішкізу керек,немесе 1-2мин сайын 1шай қасықпен ішкізу керек.

 

Емшек сүтінен басқа 4сағат бойы тамақ берілмейді,тек қана регидрон ішкізіледі(пипеткамен беруге болады).

Егер баланың қабығы ісінсе,регидрон орнына қайнаған су немесе емшек сүтін,ісік кеткеннен кейін қайтып регидронды “А”схемасы бойынша береміз. 4сағат өткесін баланың жағдайын бақылап,сусызданудың дәрежесіне байланысты “А”,”Б”,”В” схемасы бойынша емдейміз.

№19 билеті.

1Ревматизм. Хорея.

2.Гипотиреоз.

1)Ревматизм- дəнекер тінінің, оның ішінде əсіресе жүрек, қантамырлар жəне буындарды зақымдайтын созылмалы инфекциялық- аллергиялық ауру. Дерттің ерекшелігі - оның қайталап отыруы жəне үдей түсетіндігі. Дер кезінде жедел емделмесе ауру жүрек қақпақшаларын зақымдайды. Миокардта склероз жəне дистрофия қалдырып, бала жүрегінің жұмысы мен бүкіл қан айналысының жетіспеушілігіне əкеледі. Бұл аурумен көбіне 7-15 жас аралығындағы балалар ауырады.

 Аурудың қоздырғышы: 1.А тобының бетта гемолитикалық стрептококк инфекциясы. 2. Тұқым қуалаушылық Клиникасы. Аурудың бірінші шабуылы көбінесе қатты басталып, температу интоксикация болады, буындары іседі-полиартрит, не артралгия па болады.

 

*Ревматизмнің жиі кездесетін клиникалық түрі- кіші хорея ,ол баланың нерв жүйесін зақымдайды, 5-10 жастағы балаларда жиі кездеседі . Гиперкинездер пайда болады - қол мен аяқтың керексіз артық қимылдары пайда болады. Қолына зат ұстай алмай, түсіріп алады, аяғын сүйрете басады. Бет аузы жыбырлап, сөзі анықсыз, жазуы бұзылады. Жəне хореяға гипотония тəн. Жүру координациясы бұзылады. Хорея 2-3 айға созылады, емжасалмаса онанда ұзақ уақытқа созылады. 17-18 жастан кейін хорея белгілері жойылады. Балаларда ревматизм жиі пневмониямен жəне жүрек ақауларымен асқынады.

 

• Ревматизм критериялары: Клиникалық белгілер: 1. полиартрит, 2. кардит, хорея, 3. ревматикалық тері асты түйіндер, 4. эритема, 5. ревмоанамнез, 6. антиревматикалық емнің көмегі. 7. рецидив. Қосалқы белгілер: 1. Лихорадка, 2. Артралгия, 3. алдындағы стрептококты инфекция, 4. лабораториялық көрсеткіштер. Ревматизмнің қайталауы жиі кездеседі. Рецидивтің қауыпты салдары -жүрек қақпақшаларына əр түрлі ақаулар түсіреді: 1. Митралды қақпақшаларының жетіспеушілігі. 2. Митралдық тарылу 3. Қолқа клапанының жетіспеушілігі. 4. Қолқа сағасының тарылуы. 5. Үшжармалы қақпашаның жетіспеушілігі.

 

2)Гипотиреоз- қалқанша безінің гипофукнциясымен жəне қан сарысуында тиреоидты гормондардың азаюымен сипатталатын синдром. Клиникалық көрінісі - гипотиреозда - ОНЖ-да, эндокринді, жүрек тамыр,асқорыту жəне басқа жүйелерде дистрофиялық процестер дамиды. Науқастың шағымы - əлсіз, шаршағыш, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, ұйқышыл, бұлшықеттердің ауырсынуы, іш қату, қызыл шектердің қанағаттығы, тістерінің бұзылуы, тəбетінің төмендеуі.

Сырттан қарағанда- баяу, тежелген,ұйқышыл, дауысы əлсіз, дене массасының көп болуы, беті ісінген, көз айналасы ісінген, ерні мен тілінің үлкеюі,аяқтарының ісінуі, терісі құрғақ, сарғыш, тіземен білек буындарының аймағында гиперкератоз.

Физикалды тексеруде:брадикардия, пульсі жұмсақ, жүрек өлшемінің ұлғаюы жəне тондарының əлсіреуі. Диастолалық қысым жоғарылап систолалық қысым төмендеген, кей науқастардың 20-15/ гипертензия болады. Шашы жұқа, сынғыш, көп түседі өсуі баяу. Тырнақтары жұқа, бетінде көлденең сызықтар болады.Бұлшық ет көлемі ұлғайған сіңірлік рефлекс төмендеген, қол мен аяқ басы мұздай.

 *Гипотиреозда - ең бірінші симптом естудің бұзылуы болады. Науқастар отоларингологқа көрінеді, естудің төмендеуі естутүтігінде ісіктің болуына байланысты. Мұрынмен тыныс алуы қиындайды. Дауыс желбезектерінің қалыңдауы, тілдің пастозды болуы. Жүрек тамыр жүйесі жағынан - жүрек қзыметінің төмендеуі, миокардтың жиырылу қабілеті азаяды. Қан ағужылдамдығы азаяды. Терісі боз, мұздай. ЭКГ-да брадикардия R, тісшелердің амплитудасы төмен. Бүйрек қызметінің бұзылуы - бүйректе қан ағу жылдамдығы азаяды. Шумақшалық фильтрация төмендеген. Зəрде əлсіз протеинурия. Ренин- альдостерон секрециясы бұзылмаған. Организмде су мен Na жиналып ісіну пайда болады. *Гипотиреозда - ұйқышылдық, əлсіздік, айналаға қызығушылық жоқ, есте сақтаудың төмендеуі, парестезия жиі болады, атаксия сирек кездеседі. Нистагм жəне шеткі нервтің зақымдалуы, психиканың бұзылуы жиі кездеседі, депрессия, галлюцинация, сипатты болады. Ерлерде қан сарысуында тестостерон азаяды. Əйелдерде меноррагия, безеулік немесе екіншілік аменорея. Қанда гипохромды анемия,салыстырмалы лимфоцитоз, эозинофилия, сирек моноцитоз ЭТЖ жоғарлайды. Ең негізгі белгісі гиперхолестеринемия кейде 20,7-26 мкмоль/л, дене қызуы төмен. Гипотиреоидты кома ОНЖ- ның тежелуімен туындайды. Терең сіңір рефлекстерінің толық төмендеуі, альвеолярлы гиповентиляция дамып көмір қышқылының ұсталуы болады. Церебральды гипоксия шақырады. Кома - брадикардиямен, артериалды гипотониямен сипатталады. Тегіс бұлшық еттердің атониясы, жедел зəр тоқтауы,ішек жүрмей қалуы, Гипогликемия жиі дамиды

№20 билеті.

1)Пневмония. Себебтері. Түрлері. Стридор.

 2)Тромбоцитопения

1)Пневмония - өкпенің қабынуы. Жас сəбилерде мейлінше жиі кездеседі, ЖТН кезінде ерекше қауыпты. Жас балалардың ауру мен шетінеуі құрылымында пневмония алғашқы орындардың бірін алады. Себепкер факторлар:

 1. бала организмінің əлсіздігі / нашар тамақтану, қажып шаршау/,

 2. тыныс мүшелерінің АФЕ,

3. фондық аурулар,

 4. қатты тоңу.

 5. режимдік сəттерді сақтамау.

Жіктеу: 1. П-ның формалары : •Ошақты бронхопневмония, • Сегменттік пневмония, •Крупозды пневмония, •Интерстициалды пневмония. 2. Қабынудың ұзақтық процесі бойынша: • жедел - 2 айға дейін, •ұзаққа созылу- 2- 8 айға дейін, •созылмалы- 8 айдан асқан. 3. Асқынған жəне асқынбаған түрі. Ошақтық пневмония- өкпе тканінде 0,5- 0,7 см ошақтар пайда болады, Сегменттік пневмония .-өкпенің немесе бірнеше сегменті қабынады, Крупоздық- өкпенің 1 бөлігінің қабынуымен сипатталады, мектеп жасындағы балаларда кездеседі, Балалар арқасының, йығының, қабырға асты ауырғанын айтады, Қол аяғын ішіне бүгіп ауырған жағына жатқандыжақсы көреді. Ауыр түрлерінде менингеалдық белгілері, плеврит клиникасы байқалады, Қақырық түсі қоңыр түсті болады /қан білінеді/ Рентген көрінісі: бүкіл бөліктің қараюы. Интерстициалды пневмония қоздырғышы пневмоцисттер, хламидии, микоплазма. Дəнекер тіні мен, альвеоляр тіні, қабынады, жас нəрестелер мен ШТБ ауырады. Нейротоксин синдромымен, тыныс жетіспеушілігімен, цианозбен бейімделеді. Пневмонияның асқынған түрлерінде / токсикоз, іріңді-сепсистік асқыну/емдеуге ерекше көңіл бөлу қажет. - 2 кезеңнен тұрады: 1 кезең- жедел көмек, ол науқастың өміріне қатер туғызатын -ентікпе,тыныс жетіспеушілігі, жүрек- тамыр қызметінің жетіспеушілігі, гипертермия, құрысуды жоюға бағытталған. 2 кезең -интенсивті терапия- а/б, инфузия, глюкокортикоидтар, стафилококқа қарсы гамма глобулин мен плазма. Физиотерапия-УВЧ, кеудесіне қыша қағазын қою Массаж, гимнастика.

*Стридор — көбінесе кемейдегі, кеңірдектегі немесе кеңірдек тарамындағы саңылаудың қатты таралуынан дем алған кезде пайда болатын ызылдаған шуыл; мысалы, дауыс желбезегі іскенде, тыныс жолына бөгде заттар түскенде, дауыс желбезегі жапсызданғанда байқалады. 2)Тромбоцитопения – қандағы тромбоциттер (қан пластинкалары) мөлшерінің азаюы. Себептері Тромбоцитопения - алғашқы (өздігінше ауру) жəне екінші (түрлі аурулардың салдары) түрлі болады. * Алғашқы тромбоцитопения - идиопаттық тромбоцитопениялық қанталау бөріткен (пайда болу себебі белгісіз, бөріткенмен сипатталады), бұл кезде организмде өзінің тромбоциттеріне қарсы антиденелер (қорғаныс денелері) өндіріледі. Организмнің мұндай серпінінің себебі белгісіз. *Екінші тромбоцитопенияға апарады: • Ауыр теміртапшылықты анемия · •Инфекциялар (бактериялар, вирустар) – суық тию аурулары, тұмау, герпес инфекциясы, гепатит, инфекциялық мононуклеоз (жіті вирустық ауру), АИТВ(ВИЧ) (адамның иммундық тапшылық вирусы). • Үлкен қан кетуі •Стероидтық емес қабынуға қарсы, қанды сұйылтатын, несеп айдайтын препараттар жəне кейбір антибиотиктер (дəрілік аллергиялық тромбоцитопения) секілді дəрілерге аллергиялық серпін. · •Сүйек кемігінің зақымдануы (жарақат, ісік) • Интоксикациялар (бензол, толуол). · •Сəулелену ауруы – радиацияның нəтижесінде пайда болатын ауру. · Тиреотоксикоз – қалқанша без гормондарының деңгейінің тұрақты жоғарылауынан туындайтын жағдай. · •организмде фолий қышқылының немесе В дəруменінің тапшылығы. Симптомдары *қан кетуге бейімділік (мұрыннан, қызыл иектен, мол етеккір келуі). * Себепсіз көгерулер пайда болуы. *Аздаған тері зақымдануынан немесе тіс жұлудан кейін қан кетудің тоқтауының қиындауы; * Жаралардың жазылуына ұзақ уақыт кетуі. Диагностика Тромбоцитопенияның диагностикасы үшін келесі тестілер қолданылады: · *Қанның жалпы талдауы – тромбоциттер санының азаюы байқалады, толық жойылуына дейін. · *Коагулограмма – қан ұюының плазмалық факторларының қалыпты немесе артық мөлшері болуы мүмкін; протромбинді (күрделі ақуыз – қан ұюының көрсеткіші) тұтынудың төмендеуі, қан ұйындысының ретракциясының (көлемінің азаюы) бұзылуы. *Қан кетуі уақытын анықтау – көпшілік науқастарда ұлғаяды. · *Қылтамырлардың тұрақтылығына (беріктігіне) сынама – күрт оң болады, тромбоциттер қызметінің бұзылуымен байланысты қылтамырлардың сынғыштығының артуы. Сынамада теріс қысым əсерінен кейін (мысалы, банкелік сынамада) теріде нүктелік қанталаулар байқалады. Емдеу Алғашқы тромбоцитопенияны емдеу: · •глюкокортикостероидтарды (бүйрек үсті бездері қабығы өндіретін эндогендік гормондардың аналогтары) қолдану, мысалы, преднизолон. · • Көк бауырды алып тастау (спленэктомия) – көк бауырдағы тромбоциттердің мол ыдырауында. *Екінші тромбоцитопенияны емдеу: · •Алғашқы себебін емдеу. •айқын тромбоцитопенияда, алғашқы себебін емдеумен қатар, донорлық тромбоциттер құйылады. Емдеудің мұндай əдісін қолдану науқасқа тромбоцитопениядан уақытша арылуға мүмкіндік береді. Алдын алу *Бұл ауру пайда боламас үшін ауруларды уақытылы емдеу жəне салауатты өмір салтын ұстану қажет. кез келген ауруларда өздігінше емделуге болмайды. * Тромбоцитопениясы бар балалар жарақатқа апаратын жағдайлардан алшақ болуы қажет. бұл ауру бар болса, балаға жарақат қаупі болатын спорт түрлерімен айналысуға қатаң тыйым салынады. * Жасөспірімдермен алкогольдің зияны туралы əңгіме өткізген жөн,себебі, ол тромбоциттердің өндірілуін бəсеңдетеді. Ауру кезінде аспирин жəне басқа қабынуға қарсы препараттар секілді дəрілерді қолдануға болмайды. Мұндай дəрілер тромбоциттердің қызметінің бұзылуына əсер етуі жəне қан кетуін туындатуы мүмкін

 

Билет

1)АНЕМИЯ.

Анемия- қанның көлем мөлшеріндегі эритроциттер мен глобулиннің азаюымыен тері мен шырышты қабықтардың солғын түсуімен сипатталатын ауру.

Себептері:

1. Антенаталдық себебтер: гипоксия, анасының анемиясы, инфекциялық соматикалық аурулар.

2. Интранаталдық: кіндіктің ерте не кеш кесілуі, жарақатты акушерлік əрекеттер.

3. Постнаталдық: алиментарлық ф-р:

 Тамақтанудың кемшілігі:

- Баланы дұрыс тамақтандырмау,

- Бір жақты сүтпен не ұн тамақтарымен қоректендіру. Ана сүтінен ерте айыру,

4. Сəбидің жиі ауруы- инфекциалық фактор:

 Ас қорыту жүйесінің аурулары,

 Инфекциаллық жəне суықтану аурулары.

5. Организмдегі қан қорларындағы темірдің аз мөлшерде болуы:

 Шала туғандық,

 Егіздің сыңары.

6. Баланы күтудегі ақаулар:

 Таза ауада аз болу,

 Гигиеналық режимді сақтамау.

7. Ф-р Касла. Асқазанның шырышты гастромукопротеин- фермент өндірілмейді, В12 сіңірмейді.

қабылетсіздігінен

қабытының

астан қабылдап алынбай ішекпен сіңірілмейді.

Анемия түрлері:

1.теміртапшылық, В12, белок-тапшылық

2. Гемолитикалық эритроциттің ыдырауынан 3. Қан кетуден кейін.

 

            

        Темір тапшылық анемиясы.

Темір əр клетканың өміріне тікелей қатысты, оның кемістігі бүкіл ағзадар мен тіннің өзгерістеріне əкеп соғады. Темірдің тəуліктік нормасы 1-2 мг.

Себебі: жасанды тамақтандыру, сыңаржақты тамақтандыру, рахит, гипотрофия, ШТБ. Ана сүті мен сиыр сүтінде 0,5-1 мг темір бар, бірақ ана сүтінен темір 50%, ал сиыр сүтінен 10% ғана сорылады.

Патогенез. Тамақтың кемшілігінен депода темір азаяды-бауыр, бұлшық ет, сүйек миы, көк бауырда. Темірсіз Нв клеткаларға оттегін қалыпта жеткізе алмайды---гипоксия--- ағзалар зақымданады.

Темірдің сіңірілуіне инфекция мен интоксикация əсер етеді. Ішек ауруымен жиі ауыратын балаларда анемия жиі болады.

Клиника. ТТА клиникасы анемиялық гипоксия мен сидеропения синдромымен байқалады. Белгісі- тері мен шырышты қабықтардың солғын түсі.

1.Гипоксиялық анемия өзгерістері (қанмен оттегі аз түседі)

 Тəбеттің нашарлап , дене салмағының баяу қосылуы,

 Ұйқысы нашарлап, тез шаршағыш келеді.,

 Басы айналып, көзі қарауытады, құлағында шу ес тіледі.

 Мұрын, ерін аралығында жылағанда цианоз болады,

 Жүректің ырғағының бұзылуы- тахикардия, систоликалық шу,

 Бұлшық ет гипотониясы,

2. Сидеропениялық өзгерістер (В витаминнің жетіспеушілігі)-ауыр түрі.

 Тері бетінің құрғақтығы,

 Ерін бұрыштарында жара пайда болады,

 Тері пигментациясы,

 Балалар құм, бор жегенді, ацетон, керосин исін,машина газын, жақсы көреді

/извращение вкуса/, фарш жейді.

 Бұлшық еттерінің ауыруы.

 Терісі құрғап, шаш пен тырнақтары сынады,

 Күлгенде , жөтелгенде зəр ұстай алмайды.

 Жүректе систоликалық шу, тахикардия.

ТТА көбінесе диспепсиялық белгілер кездеседі /бірде нəжісі сұйық, бірде қатып қалады./ Ауыр дəрежеде гепатоспленомегалия, темір аздығынан Нв құрылу процесі бұзылады. Сондықтан Нв төмендеп кетеді. Кейде субфебрилитет байқалады.

 

 2)ИВБДВ бағдарламасы бойынша анемияны анықтау:

Баланың алақанына қарап:

 •түсі бозаң, ақшыл ма? Ақшыл түс- анемияның белгісі. Саусақтарын қатты артқа

шалқақтатуға болмайды- терісі еріксіз ағарып кетеді.

 •Баланың алақанының түсін өз алақаныңмен немесе анасының алақанымен

салыстыр.

 •Егер баланың алақаны бозаң болса- анемияның жеңіл түрі,

 •Егер біршама ақшыл болса- анемияның айқын белгісі деп шешіп темір

препараттары тағайындылады. Егер бала дұрыс тамақтандырылмаса 5 күннен

кейін, ал анемия жөнінде- 14 күннен кейін дəрігердің қабылдауына шақырылады.

• Темір препараты əрбір 14 күннен 2 ай бойы тағайындалады.

 •Егер 2 айдан кейін баланың алақаны бозаң болса поликлиникаға тексеріс жіберу

қажет.

 

 

Билет

1)Пиелонефрит-бүйректің және бүйрек тостаған түбегінің және де интерстициалық тіннің қабыну ауруы.

Себептері:Жиі себепкер-ішек таяқшасы.Бактерия ішектен зәрге түсіп уроэпителиге жабысады.

Инфекция,бактерия,тазалық сақтамағаннан.

Қыз балада вульвит,вульваванинит,балаларда іш қатуы әсер етеді.

Синдромдары:

1.Интоксикация-улану,температура,біресе тоңып біресе терлейді,лоқсып құсады.

2.абдоминалдық-іш,белі ауырады.

3.Дизуриялық-дәретке жиі отырады,зәрі аз шығады,кейде зәрін ұстай алмайды.

4.Зәр синдромы-зәрдің түсі,мөлдірлігі өзгереді себебң зәрде бактерия,лейкоцит,эпителий,белок,қан кездеседі.

2)Нечипаренко әдісімен зәр жинау

Мақсаты:1милиметр формалық элементтерді анықтау:эритроцит,лейкоцит,цилиндр.

Эритроцит-1000 ға дейін

Лейкоцит-2000 ға дейін

Цилиндр-150-250

Жинау тәртібі:зәрдің ортаңғы порциясы жиналады.

 

№23 билеті.

1.Гломерулонефрит. Себебтері. Синдромдары.

2.Зимницкий әдісімен зәр жинау тәсілі.

Жауабы:

Жедел гломерулонефрит –бүйректің нефрон, шумақтарының зақымдануымен өтетін инфекциялық ауру.Басты себебі - А топты 12 типті β-гемолиздеуші стрептококк. Дерттің дамуына 3-4-ші типтері де әкелуі мүмкін, бірақ 12-ші типті стрептококк нефритогенді болып саналады. Бұдан басқа, гломерулонефриттің дамуына өзге инфекциялық немесе инфекциялық емес факторлар да әкелуі мүмкін, мәселен НВУ, Коксаки вирусы, желшешек вирусы, қызамықгың қоздырғышы, сарысулар, аллергендер, жәндіктердің уы, бүйрек көктамырларының тромбозы. Гломерулонефрит патогенезі бойынша иммундыкомплекстік, морфологиялық түрғыдан интракапиллярлық гломерулонефрит болып табылады. Классикалық гломерулонефрит фарингиттен, тонзиллигген, стрептодермиядан 10-12 күн өткеннен кейін дамиды.Гломерулонефриттің айқын жедел түрлерінде симптомдарды төрт топқа бөлуге болады:

1.бүйрек домалақшаларының жедел қабыну синдромы; 2.жүректік- тамырлық синдром;

3.ісік синдромы;

4.церебральды синдром.

 

 1. Бүйрек домалақшаларының жедел қабыну синдромы: бел тұсының екі жақтан ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі, олигурия, 10% науқастарда анурия (тəулігіне зəрдің 50мл-ден аз бөлінуі), зəр түсінің «жас ет жуындысындай» болуы, макрогематурия немесе микрогематурия, протенурия, зəрде цилиндрлердің (гиалинді, түйіршікті, эритроцитарлық), эпителий жасушаларының пайда болуы. Домалақшалар фильтрациясының төмендеуі, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы, - жəне - глобулиндердің жоғарылауы байқалады. Ауру айқын өршіген кезде аса жоғары емес азутемия (қанда мочевина жəне креатинин мөлшерінің жоғарылауы) анықталады.

2. Жүректік-тамырлық синдром:журек шекараларын солға ұлғаю, бради-, сирегірек тахикардия, шоқырақ ырғағы болуы мүмкін, аортаүстінен ІІ тонның акценті, ренинангиотензинальдостерон жүйесінің белсенуіне байланысты айқын артериалдық гипертензия пациенттердің жартысынан көбінде кездеседі. Жалпы қанкөлемі көбейіп, сол жақ жедел жүрек жетіспеушілігінің (жүрек астмасы,өкпе ісінуі) даму қауіпі жоғары болады.

3.Ісік синдромы 80-90% пациенттерде байкалады. <<Бозғылт >> ісіктер жиі пациент бетінде жəне көз айналасында орналасып ,аяқ-қолдарға,денеге тарауы мүмкін.Ісіктер əдетте тығыз болады.Ауыр жағдайларда қуыстарда сұйықтық жиналады. (асцит, гидроторакс, гидропирикад) жəне анасарка дамиды.

4. Церебральды синдром: сұйықтық жиналуы нəтижесінде ми ісінеді, басы аурады, көздің көруі нашарлайды, жүрегі айнып, құсады қозғалыстық тынышсыздық, ұйқы қашады. Жедел гломирулонефритің ағымының варианттары: Жедел варианты: ауру кенеттен жалпы жағдайының нашарлауынан басталады, зəр қоңыр түсті, олигурия, ісіктер, артериалдық гипертензия пайда болады. Анамнезінде алдында баспанын болуы немесе терінің зақымданғаны анықталады.Баспадан немесе созылмалы тонзиллиттің өршуінен кейін латентті кезең 2-4 аптаға импетигодан (терінің ірі зақымдануы) кейін 3-6 апта бойына созылады. Бүйрек паренхимасы ісініп, капсуласы керілінуіне байланысты бел тұсы аурады. Қысқа мерзімге дене қызуы көтерілуі мүмкін. Ангиоспазмнын болуына байланысты тері жамылғылары бозғылт болады. Көзге көрінетің ісіктер болмаса жасырын ісіктердің болуына байланысты жазылғаннаң кейің науқастар салмағынан 1-3 кг жоғалтады.

Созылмалы немесе симптомсыз варианты біртіндеп басталады, симптомдары онша айқын емес, жиі жеке зəр синдромы ғана анықталады.Симптомдары Гломерулонефриттің жиі симптомдары: Несептегі қан (несептің қошқыл, тот басқандай, қоңыр түске боялуы) Несептің көпіршікті болуы (несепте ақуыздың мөлшері көп болуынан) Беттің, көздің, тобықтың, табанның, аяқтың немесе іштің ісінуі Сондай-ақ, тағы басқа симптомдары кездеседі: Іштің ауырсынуы Құсықтағы және нәжістегі қан Жөтел және ентігу Диарея Несеп жүрудің жиілеуі Қызба Жалпы өзін нашар сезіну, әлсіздік, тәбетті жоғалту Бүкіл дене немесе бұлшық еттің ауырсынуы Мұрыннан қан кетуі Уақыт өте келе бүйректің созылмалы ауруының симптомдары дамуы мүмкін. Сондай-ақ, біртіндеп созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің симптомдары күшеюі мүмкін.

2.Зәрді Зимницкий әдісі бойынша жинау

Мақсаты:Бүйректің қызметін анықтау: күндізгі, түнгі, тәуліктік диурез, 8 порцияның әр қайсысының мөлшерін және тығыздығын анықтау.

Көрсеткіші: бүйрек аурулары

Кері көрсеткіші: жоқ

Керекті құралдар:

8-10 қағаз жапсырылған таза құрғақ шыны ыдыс.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.Рұқсат алу.

2. Пациентке міндетті түрде зәрді тәулік бойы (24 сағат) жинайтынын түсіндіру: әр 3 сағат сайын, оның ішінде түнде де.

3. Баланың сұйықтықты қабылдау тәртібі, тамақтану тәртібі бұрынғысынан өзгермеу керек.

4. Таңертең сағат 6-да бала кіші дәретке отырғызылады, және төгіледі.

5. Сол күннің таңертеңгі сағат 6-дан келесі күннің таңертеңгі сағат 6-ға дейін зәрді 8 банкаға жинайды: зәрге отыру жиілігіне байланысты әр банкаға зәрге отырады немесе бірнеше рет отырады, бірақ тек 3 сағат бойы.

6. Егер сол уақыт аралығында бала дәретке отырмаса банка бос қалады.

7. Егер 3 сағат көлемінде банка зәрге толып қалса, нөмірленбеген банка алынады да бала соған зәрге отырады (мейірбике оның сыртына несінші банкаға қосымша екенін жазады).

8. Келесі күні барлық банкалар зертханаға жіберіледі.

9.Ерте жастағы балалардан зәр 3 сағат сайын емес, талабына сай жиналады.

Нәтижесін бағалау: Қорытынды жалпы диурез бойынша бағаланады: күндізгі диурез (2/3 кем емес) бен түнгі диурез (1/3 көп емес) қарым-қатынасы және зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгеруі (10 кем емес).

Ескерту: балаларда 12 сағат бойы жинауға болады.

Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

Ескерту:

1. Материалды алу және зерттеу тез

арада қабылдау бөлімінде өткізіледі.

2. Таблетка болмаған жағдайда: 10 гр.натрий нитропруссид, 20 гр.аммоний сульфат, 20 гр. сусыз натрий карбонатты алып мұқият араластырып ұнтақталады.

 

№24 билет

1.Спазмофилия- балалар татениясы-балалардың минералдық алмасудың бұзылуына байланысты ерекше жағдайы, баланың нерв-бұлшық еті қозуының артуымен клонустық және тонустық тырыспа бейім болуымен сипатталады. С көбінесе 3айдан 2жасқа дейінгі балаларда байқалады.Көктем айында жиі кездеседі.Ауру рахитпен тығыз байланысты.

Патогенез: Спазмофилия ауырғанда қанда Са 2,614-2,739 ммоль/л ден 1,454-1,615тен 2,584 ммоль/л көтеріледі.

Клиника. Спазмофилияның айқын және жасырынды түрлері болады.Айқын формасы дыбыс желбезегі спазмасы – кейде бала айқайлаған, жылаған кезде болатын ларингоспазма түрінде көрінеді.Дауыс саңылауы тарылғанда баланың дауысы әтештің шақыруына ұқсас болады.Ауыр жағдайда дауыс мүлдем тоқтап қалады, цианоз бел алып, жүрек қызметі нашарлап есінен танады, клонустық тырыспа пайда болады.Ол әдетте езудегі, қабақтағы, бет бұлшық еттерінің тартылуымен басталып, одан әрі мойын жағына, қол-аяғына таралып, бұлшық ет топтарын, соның ішінде тыныс жолы бұлшық еттерін көбірек қамти береді. Баланың басы артына қара шалқаяды, ауынан көбік шығады.Бұл кезде еңбегі тығыз болады.Еріксіз зәр, нәжіс шығады.Бұл эклампсия тәрдс тырыспа.

Көбінесе ларингоспазмның ұстамасы сәтт аяқталады, бала сосын ұйықтап қалады.Ұстама бірнеше секундтан 20-30мин созылады.

Жасырын спазмофилия арнаы тексерудің көмегімен анықталады.

Хвостек симптомы-саусақпен бетінен сәл түрткенде мимикалық бұлшық еттер тартылады.

Труссо с-лия- баланың иығынан 1/3 төмен бөлігінен қолын қысқанда бұлшық еттері тырысып, саусақтары акушр қолы түрінде қосылады.

Маслов с-лия – аяғын сәл ауыртып шанышқанда бір сәтке тынысы тоқтап қалады.

Эрба с-лия – тоқпен /1,2,3 мА/ тексереді.

Емі: 1.тырыспаға қарсы 1-2% хлоралгидрат ерт 30-50 мл клизмамен.

2. 25% магний сульфат 0,62 мл/кг бұлшық етке

3.20% натрий оксибутират ерт 50-120 мг/кг б/е баяу

4. кальций хлор 10% 1 шай қасықпен немесе глюканат кальций 2-3 гр 4раз,

5.рахитті емдеу

6.шырындар

7.сиыр сүтін бермеу

 

2. Спейсер-бұл өкпеге дәрі-дәрмектің көп мөлшерін енгізуге мүмкіндік беретін арнайы клапан камерасы.

Спейсер-ингалятордың ауыз қуысын ұзартуға және дәрі-дәрмекті өкпеге тиімді бағыттауға арналған ұзын аксессуардың атауы. Спейсер қысқа уақыт ішінде аэрозольді ұстап тұратын клапан камерасын ұсынады. Науқас тыныс алғанда, клапан затты ашады және босатады.

Прибор имеет множество показаний у пациентов с заболеваниями бронхолегочной системы, он полезен при:

  • бронхиальной астме;
  • хроническом бронхите;
  • хронической обструктивной болезни легких;
  • ОРВИ, пневмонии;
  • муковисцидозе;
  • аллергическом бронхите;
  • бронхиолите;
  • бронхоэктатической болезни.

Как действует

Спейсер играет важную роль в терапии заболеваний дыхательной системы, если лечение проводится путем ингаляционного приема гормональных препаратов. Когда назначенный врачом медикамент представляет собой сухой порошок, прибор использовать нельзя. Его можно применять совместно с маской, а также при внезапном приступе астмы. Это изобретение техники незаменимо для детей раннего возраста, не способных самостоятельно пользоваться небулайзером. Принцип работы устройства заключается в следующем:

  • Когда клапаны вдоха нажимаются, раствор из мундштука баллончика направляется в резервуар.
  • В камере производится продуцирование микроскопических капелек жидкости, подобно холодному пару.
  • Это сокращает скорость движения и размер выпускаемых частиц.
  • После этого лекарственное вещество свободно вдыхается пациентом и благополучно доставляется в легкие, участки бронхов.

 

Показания к применению

С помощью спейсера лечат бронхиальную астму, в том числе аллергического характера. Однако медики рекомендуют приобрести насадку при других заболеваниях легких и верхних дыхательных путей. Прибор предупреждает развитие осложнений, таких как накопление лекарственного средства в глотке. Современные спейсеры активно применяются в терапии, требующей аэрозольной формы доставки лекарства. Помимо перечисленных диагнозов, показаниями к использованию прибора являются:

  • обструктивный бронхит;
  • стеноз гортани;
  • муковисцидоз;
  • заболевания, которые лечат с помощью ДАИ (дозированных аэрозольных ингаляторов).

№25 билеті.

1. Лейкоз.

2.Гипотрофия

 

2 сұрақ

Гипотрофия -гипо төмен трофия тамақтану туғызатын фактолар 3 топқа бөлінеді

 Алиментарлық – тамақтану кемшіліктері

Инвекциялық балалардың жиі ауруы

Гигиеналық гигиенасын бұзылуы ауа жетіспеушілігі

 Клиникалық арықтауына бацланысты гипотрофия ІІІ дәрежесі

І- дене салмағы қалыпты сатмағынан 11-20 пайыз кемейды бойы өсуі қалыпты жалпф жағдайы қанағаттанарлық

ІІ дене салмағы нормадан 21-30 пайыз төмендейды бойы 1-3 см кемейды қордағы майы жұмсала бастайды иммунитеті төмендейды тәбеті жоқ, құсады, дәреті сұйық

 ІІІ дәрежесі Шел майы болмайды дене салмағы 30 пайыздан төмен кемейды қатты арықтайды терісі қатпарланады бойы өспейды, мандай еңбегі түсіп кетеді шырышты қабықтары құрғайды зәрі нәжісі мөлшері азайды, қаны қоюланады ұю бастайды, көзі ішіне кіріліп тұрады

 


Дата добавления: 2021-01-21; просмотров: 80; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!