Компьютерлік вирус дегеніміз не?

Компьютерлік вирус дегеніміз не?

-Тұтынушының ескертуінсіз өзінің көшірмелерін жасап, оларды компьютерлік жүйелердің, желілердің және т.б. түрлі объектілеріне немесе ресурстарына енгізе алатын программа.

2. Компьютерлік вирустарды жіктеуге қажетті критерий болып саналмайды?

-Жинақтаушыда вирустың алатын жады көлемі.

3. Өзін тарату үшін желілік вирустар қолданады

-Компьютерлік желілердің хаттамаларын немесе командаларын және электрондық поштаны.

Резиденттік емес вирустар

-Компьютердің жадысына әсерін тигізбейді және белгілі бір уақыт бойы белсенділігін сақтайды.

5. Қандай санат бойынша вирустарды қауіпсіз, қауіпті және өте қауіпті деп бөледі?

-Деструктивті мүмкіндіктері бойынша.

6. Өзінің алгоритмінде жұқтырған объектілерді оқу немесе жазу үшін операциондық жүйенің сұраныстарын ұстап алу жұмыстарын пайдаланатын вирустар:

- Стелс-вирустар.

7. Полиморфтік-вирустардың басты ерекшелігі:

-Ешбір тұрақты код бөлігі жоқ.

8. Компьютерлік желілерде әрекет ететін «червь» түрдегі вирустың негізгі функциясы қандай?

-Шабуыл жасайтын жүйені бұзу, қауіпсіздікті бұзу мақсатымен қорғанысты жеңу.

9. Компьютерлік вирустар көзіне жатқызуға болмайды:

-Лицензиондық программалары бар дискілер.

10. Файлдық вирустар басты түрде енгізіледі:

, яғни com және exe кеңейтілуі бар файлдар.

11. Дискінің жүктеуші секторына енгізіледі:

-Жүктеуші вирустар.

12. Антивирустық программалар:

- Dr. Web, Eset NOD32, Panda.

13. Антивирустық программаның әрекеті негізделген?

- Программалық кодтарды танымал вирустардың кодымен салыстыруға.

14.Қай кезде компьютерлік вирустарды жұқтыру қаупі болуы мүмкін...

-Желілік принтерден баспаға шығарғанда.

15. Таза дискетада (файлдары жоқ дискета) компьютерлік вирус бар болуы мүмкін бе?

-Иә, дискетаның жүктеуші секторында

16. Сүзгілеуші-программаларға жататын антивирустардың басты кемшілігі:

-Сүзгілеуші-программалар файлдар мен дискілерді «емдемейді».

17. Вирус жұқтырған файлды «емдеу» үрдісінің мағынасы неде?

-Файлдан вирустық кодты жою.

18. Антивирустық детектор-программалар:

-Вирустың денесінде болатын кодтар тізбегін тексерілетін программалардың кодтарымен салыстыруға негізделген.

19. Доктор немесе фаг антивирустық программалар:

-Фагтар вирустарды жедел жадыдан іздейді, оларды жояды және содан кейін ғана файлдарды «емдеуге» көшеді.

20. Программаға нақты вирус белгісін жазатын антивирустық программалар, яғни вирус оны жұқтырған деп санайды:

-Вакцинаторлар.

21. Антивирустың сигнатурасын жаңарту үрдісі не үшін талап етіледі?

-Жақын арада пайда болған вирустардан қорғау мүмкіндігі үшін.

22. Процессорды эмуляциялау программасын пайдаланатын антивирустық программа, яғни қалған файлдардың орындалуын микропроцессордың программалық моделі көмегімен моделдейді:

 Dr. Web.

23. Бұл антивирусте зиянкес программаларға қарсы тұратын негізгі әдіс болып кеңейтілген эвристикалар (Advanced Heuristics) саналады.

-Eset NOD32.

24. Қай антивирустың құрамына Файлдық Антивирус енгізілген (компьютердің файлдық жүйесін вирусты жұқтырудан қорғауды қамтамасыз ететін және операциондық жүйе іске қосылған кезде жүктелетін арнайы құрамдас бөлігі).

- Касперский антивирусы.

25. Компьютерге бірнеше антивирустық программаларды қондыруға болады ма?

- Болмайды, себебі антивирустар бір-бірінің жұмыс жасауына кедергі жасайтын болады.

26. Тұтынушының рұқсатынсыз өзінің көшірмелерін жасап және оларды компьютерлік жүйелердің, желілердің және т.б. әртүрлі объектілеріне/ресурстарына енгізе алатын программалар не деп аталады?

-Компьютерлік вирус

27. Антивирустық сканер келесі функцияларды орындайды

-файлдардан вирустарды табады және жояды

28. Өзінің көшірмелерін жедел жадыда қалдыра алатын вирустар қалай аталады?-

-Резидентті

29. Мекен ету ортасына қарай вирустарды келесідей бөлуге болады:

-Файлдық, жүктеуші, макровирустар және желілік

30. Зақымдалған аумақты оқу командасын ұстап алып, оның орнына зақымдалмаған кодты қоятын вирустарды қалай деп атайды?

-Стесл-вирустары

31. Жүктеген кезде «зақымдалған программаны» орындауға белсенетін және тез арада көрініп, жедел жадыға жазылмайтын вирустарды қалай атайды?

-резидентті емес

Компьютерлік вирус деп ... атайды.

-тұтынушының рұқсатынсыз өзінің көшірмелерін жасап және оларды компьютерлік жүйелердің, желілердің және т.б. әртүрлі объектілеріне/ресурстарына енгізе алатын программалар

33. Компьютерлік вирус – бұл:

-Компьютердің дұрыс жұмыс жасауына кедергі келтіретін программа

34. Компьютер лік вирус бұл :

-Компьютерлік программаларды және деректерді зақымдайтын программа

Компьютерлік вирус дегеніміз не?

-компьютердегі ақпаратты бүлдіріп және жоя алатын кішкентай өлшемді арнайы жазылған программалар

36 Доктор (фаг) программасы:

-зақымдалған файлдарды табады және оларды емдейді

37. Вакцина программасы:

-программалар мен дискілерді модификациялайды

38. Өзінің құрылымын өзгертетін компьютерлік вирусты қалай атайды?

-Полиморфты.

39. Вирустардың екі негізгі тобын көрсетіңіз:

-Резидентті, резидентті емес.

40. Тұрақсыз кілті және өзгермелі коды бар өздігінен шифрленетін елес вирустарды қалай атайды?

-«Полиморфик» - вирустар.

41. Программа «зақымдалуы» мүмкін

-өзге зақымдалған программамен бір дискетада орналасқан болса, алайда онымен жұмыс жасалмаған

42. Сүзгілеуші программалар:

-күмәнді әрекеттерді анықтайды

43. Р евизор программалар :

-файлдың бастапқы күйін ағымдағы жағдайымен салыстырады

44. Әсер ету дәрежесіне қарай компьютерлік вирустарды келесідей ажыратады:

-Қауіпсіз, қауіпті, өте қауіпті.

45. Вирус алгоритмдерінің ерекшелігіне қарай вирустардың класын келесі бөлімшелерге бөледі:

-құрт вирустар, паразиттік, стелс-вирустар, полиморфик –вирустар.

46. Қай программа зақымдалған файлдарды табады және оларды емдейді?

-Доктор программасы

47. Компьютерлік вирустарды жұқтыру қай үрдісте болуы ықтимал?

-файлдарды жүктегенде.

48. Детектор программасының қызметі қандай?

-танымал сигнатурасы бар вирустарды іздейді

49. Программаның және дискінің жүйелік аумағы туралы деректерді есте сақтайтын, содан кейін салыстыру барысында сәйкессіздікті анықтайтын программаны қалай деп атайды?

- Ревизор программасы.

50.Компьютерлік вирустардың айқын ерекшеліктері қандай?

-Шағын көлемі; өздігінен жүктелу және кодты көп рет көшіру қабілеті, компьютердің дұрыс жұмыс жасауына бөгеуіл болу.

51. Өздігінен жүктелуге қабілеті бар программа.

вирус

52. Personal Касперск ий Антивирус программ асының ресми сайты қандай?

www.avp.com

53. Dr WEB антивирус тық программ асының ресми сайты:

www.drweb.com

54. Ұсынылған вирус жұқтыру әдісі ең қарапайым болып есептеледі: вирус өзінің кодын жұқтыратын файлдың коды орнына жазады да, оның құрамын жояды. Сәйкесінше, файл жұмыс істеуін тоқтатады және мүлдем қалпына келмейді. Бұндай вирустар өздерін жылдам табады, себебі операциондық жүйе және қосымша барынша тез арада жұмыс істемей қалады.

қайта жазылатын (overwriting)

55. Өздерінің көшірмелерін таратқан кезде міндетті түрде файлдың құрамын өзгертетін вирустар, яғни осылайша файлдар толығымен немесе жартылай жұмысқа жарамды болып қалады.

паразиттік (parasitic)

56. NOD32 антивирустық программасының ресми сайты:

www.nod32.com

57. Norton Anti Virus антивирустық программасының ресми сайты:

www.nav.com

58. Ақпараттың бүтіндігін сақтауды қамтамасыз ететін, рұқсат етуді басқаратын механизм – бұл ...

құпия сөз

59. Түрленетін вирустар ... жатады.

Қауіпті.

60. Лицензиялық программалық қамтамасыздандыру қорғалған:

Осы программалық қамтамасыздандыруды әзірлеген заңды тұлғамен

 


Дата добавления: 2019-09-02; просмотров: 372; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!