Хлор а мин ерітінділерін даярлау 4 страница



- тік (қақпағына перпендикулярды),

- бос қопсытып.

13. Бикстің ортаңғы бөлігіне зарарсыздық индикаторын орналастырыңыз.

14. Барлық салынған материалды бикстің шетінде салбырап тұрған сүрткі жабыңыз.

15. Бикстің қақпағының астына зарарсыздық индикаторын салыңыз.

16. Бикстің қақпағын кілттеп жабыңыз.

17. Бикстің тұтқасына таңбаны байлаңыз.

18. Салынған күнін және жауапты адамның қолын қойыңыз.

ІІ.  ЖАРАҚАТТАНҒАНДА, ҚАНМЕН ЖӘНЕ БАСҚА ДА

БИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҚТАРМЕН ЖАНАСҚАНДА

МЕЙІРБИКЕНІҢ ӨЗ-ӨЗІНЕ ЖӘНЕ ӨЗАРА ЖӘРДЕМ

(КӨМЕК) КӨРСЕТУІ

 

 

Науқастың биологиялық сұйықтығы арқылы таралатын, вирустік және бактериалдық жұқпаны жұқтыру қауіп-қатері жағдайындағы мейірбикенің жұмыс жасау ерекшеліктері

 

Манипуляцияны орындау уақытында, биологиялық сұйықтық байқаусызда мейірбике қолының терісіне, көздің және мұрынның сілемей қабығына, бет терісіне, еріндеріне және ауыз-жұтқыншақ сілемейлі қабығына түскенде, апаттық дәрі қобдишасын қолдануы қажет.

АПАТТЫҚ ДӘРІ ҚОБДИШАСЫ

Апаттық жағдайда апаттық дәрі қобдишасы құрамына кіреді:

 

Крафт пакетіндегі таңғыш материал Саны, мөлшері
1. Крафт пакетіндегі көз тамызғыштары 4 дана
2. Аспадан ерітіндіні езуге арналған ыдыс 3дана залалсыздандырылған
3. Ундинка (көзді жууға арналған кішкене ыдыс) 2дана залалсыздандырылған
4. 70% этил спирті 100мл
5. 5% йод ерітіндісі 10 мл
6. 0,05% калий перманганат ерітіндісі, 10 мл
7. 1% протаргол ерітіндісі 10 мл
8. 6% сутегі асқын тотығы ерітіндісі 100 мл
9. саусаққа киетін резеңке 2-3 дана
10. Бактериацидті жабысқыш пластырь 2-3 дана
11. Қайшы 1 дана
12.

Кейбір антисептикалық заттар аспамен сақталады және қолданар алдында даярланады, оған жататындар:

13 Протаргол 0,1г-орау
14 калий перманганат 0,005г-5 орау
15 Залалсыздандырылған дистилденген су 10 мл-ден 6 ампула

 


 

ВИЧ-КЕ ҚАРСЫ ДӘРІ ҚОБДИШАСЫ

 

Адам вирус иммунитеті тапшылығына қарсы арналған жабдықтар

- 70% этил спирті

- 5% йод ерітіндісі

- жабысқыш пластырь

- марганец қышқыл калий аспасы

- марганец қышқыл калийді езуге арналған дистилденген су 1:10 000 (0,05%)

- 1% бор қышқылы ерітіндісі

- 1% протаргол ерітіндісі

 


НАУҚАСТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҒЫ МЕЙІРБИКЕНІҢ

БЕТ ТЕРІСІНЕ, ЕРІНДЕРІНЕ ЖӘНЕ АУЫЗ-ЖҰТҚЫНШАҚ

СІЛЕМЕЙЛІ ҚАБЫҒЫНА БАЙҚАУСЫЗДА ТҮСКЕНДЕ

ЖАСАЛАТЫН МЕЙІРБИКЕНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

Мақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустік және бактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерін алдын алу

Қолдану көрсетілімдері: медициналық қызметкердің бет терісіне, еріндеріне және ауыз-жұтқыншақтың сілемейлі қабығына науқастың биологиялық сұйықтығы түскенде.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған 2 лотокты, залалсыздандырылған пинцетті, апаттық дәрі қобдишасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрі қобдишасынан крафт-пакетін таңғыш материалмен алыңыз, лотокқа салыңыз.

2. Дәрі қобдишасынан 70% спиртті немесе 0,05% калий перманганат ерітіндісін алыңыз.

3. Залалсыздандырылған дәке тампонын 70% спирт немесе 0,05% калий перманганат ерітіндісімен суландырып, бет терісінен және еріндерінен науқастың биологиялық сұйықтығын, саусақтардың қозғалысымен кетіріңіз. Пайдаланған таңғыш материалды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз.

4. 70% спирт немесе 0,05% калий перманганат ерітіндісімен суландырған дәке тампондарымен қайтадан бет терісі мен еріндерін тазартыңыз.

5. ауыз қуысын сумен, сосын 70% спирт немесе 0,05% калий перманганат ерітіндісімен бірнеше рет шайқаңыз (жұтқыншаққа суды түсірмеуге тырысыңыз).

6. Әкімшілікке хабарлаңыз (өндірістегі төтеннен болған жағдай туралы актті және журналды толтырыңыз).


НАУҚАСТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҒЫ МЕЙІРБИКЕНІҢ

КӨЗ СІЛЕМЕЙЛІ ҚАБЫҒЫНА БАЙҚАУСЫЗДА ТҮСКЕНДЕ

ЖАСАЛАТЫН МЕЙІРБИКЕНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

Мақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустік және бактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерін алдын алу

Қолдану көрсетілімдері: медициналық қызметкердіңкөз сілемейлі қабығына науқастың биологиялық сұйықтығы түскенде.

Дайындаңыз: апаттық дәрі қобдишасын, залалсыздандырылған 2 лотокты, залалсыздандырылған пинцетті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрі қобдишасынан крафт-пакетін тамызғыштармен және таңғыш материалмен көзді жууға арналған кішкене стаканды алып, лотокқа салыңыз.

2. Дәрі қобдишасынан 0,05% калий перманганат ерітіндісін алыңыз.

3. 0,05% калий перманганат ерітіндісін кішкене стаканға құйыңыз. Басын еңкейтіп, кішкене стаканды ерітіндісімен тығыз бетке қысып, қабақтарымен жыпылдату (қысу) қозғалысын жасап, көзді жуыңыз. Ысқылауға (уқалауға) болмайды!

4. Крафт пакетіндегі залалсыздандырылған көздің сыртқы бұрышынан мұрынға қозғалыспен, көзді сорғызыңыз. Ысқылауға болмайды!

5. Пайдаланған салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

6. Әкімшілікке хабарлаңыз (өндірістегі төтеннен болған жағдай туралы актті және журналды толтырыңыз).

 

Ескерту: көз тамызғыштары пайдаланғаннан соң 2% сода ерітіндісінде 15 минуттай немесе дистилденген суда -30 минуттай қайнатылады. Көзді сумен жууға да болады.

 


НАУҚАСТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҒЫ БАЙҚАУСЫЗДА

МҰРЫН ҚУЫСЫНЫҢ СІЛЕМЕЙЛІ ҚАБЫҒЫНА ТҮСКЕНДЕ

ЖАСАЛАТЫН МЕЙІРБИКЕНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

Мақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустік және бактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерін алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: медициналық қызметкердің мұрын қуысының сілемейлі қабығына науқастың биологиялық сұйықтығы түскенде.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған 2 лотокты, пинцетті, апаттық дәрі қобдишасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрі қобдишасынан крафт-пакетін таңғыш материалмен алыңыз, лотокқа салыңыз.

2. Дәрі қобдишасынан 1% протаргол ерітіндісін алыңыз.

3. Крафт пакетіндегі тамызғышты 1% протаргол ерітіндісінің флаконына салыңыз.

4. Қолыңызға лотокты алыңыз.

5. 1% протаргол ерітіндісін мұрынға тамызыңыз, басын төмен түсіріңіз (ішіндегі зат лотокқа ағады). Жұтқыншаққа ерітіндіні түсірмеуге тырысыңыз.

6. протаргол ерітіндісін мұрынға қайталап тамызып, басты төмен түсіріңіз, ішіндегі зат лотокқа ағады.

7. Залалсыздандырылған дәке тампонымен мұрынды құрғату

8. Қолданған дәке тампонын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

9. Әкімшілікке хабарлаңыз (өндірістегі төтеннен болған жағдай туралы актті және журналды толтырыңыз).

 

Ескерту: лотокты қолданғаннан соң регламенттелген залалсыздандыру ерітіндісінде залалсыздандырады, ал көз тамызғышын 2% сода ерітіндісінде – 15 минут немесе дистилденген суда 30 минут қайнатады.

- мұрын қуысының сілемейлі қабығын тазарту үшін, 0,05% калий перманганат ерітіндісі, су қолданылуы мүмкін.


НАУҚАСТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҒЫ МЕЙІРБИКЕНІҢ

КИІМІНЕ ЖӘНЕ ЗАҚЫМДАЛМАҒАН ТЕРІСІНЕ БАЙҚАУСЫЗДА

ТҮСКЕНДЕ ЖАСАЛАТЫН МЕЙІРБИКЕНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

Мақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустік және бактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерін алдын алу

Қолдану көрсетілімдері: медициналық қызметкердің киіміне және зақымдалмаған терісіне науқастың биологиялық сұйықтығы түскенде

Дайындаңыз: 70% этил спирт ерітіндісін, дәке салфеткаларын, сабынды суды, сүлгіні, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Ластанған арнайы киімді оң жақ бетін ішіне қаратып шешіңіз.

2. Оны көрсетілген әсер ету уақытына дезинфектантқа батырыңыз.

3. Жеке киімнің ластанған жерін дезинфектантқа суландырған салфеткамен көрсетілген әсер ету уақытына жабыңыз, соңынан ыстық суда жуыңыз.

4. 70% этил спирті ерітіндісімен мол суландырылған салфетканы қолыңызға алыңыз. Осы салфетканы қолдана отырып, жеке киімнен қол саусақтарымен шымшу қозғалысы мен, биологиялық сұйықтықтың қолдағы енген жерінен кетіріңіз.

5. 70% этил спирт ерітіндісіне суландырылған салфеткамен уланған учаскесін сүртіңіз (ысқыламаңыз).

6. Тері учаскесін сабындап сумен жуыңыз.

7. Жуылған тері учаскесін қағаз сүлгімен кептіріңіз. Ысқылауға болмайды.

8. 70% этил спирті ерітіндісімен мол суландырылған салфеткамен биологиялық сұйықтықтың қалдығын теріден қайтадан кетіріңіз. Ысқаламаңыз.

9. Қолданылған дене салфеткаларын қауіпсіз контейнерге тастаңыз.

10. әкімшілікке хабарлаңыз (өндірістегі төтеннен болған жағдай туралы акті және журналды толтырыңыз).


БАЙҚАУСЫЗДА ЖҰҚПА ТҮСКЕН ҚҰРАЛ-САЙМАНДАРМЕН

ҚОЛ САУСАҚТАРЫН ЖАРАҚАТТАҒАНДА ЖАСАЛАТЫН

МЕЙІРБИКЕЛЕР ІС-ӘРЕКЕТІ

Мақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустік және бактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерін алдын алу

Қолдану көрсетілімдері: жұқпа түскен құрал-саймандармен қол саусақтарын жарақаттағанда

Дайындаңыз: апаттық дәрі қобдишасын, залалсыздандырылған биксті, 2 лотокты, залалсыздандырылған карнцонгті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолыңызды сабындап, ағынды суда жуыңыз;

2. Қолғапты шешіп, жарадан қанды сығып шығарыңыз;

3. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;

4. Дәрі қобдишасынан крафт пакетін таңғыш материалмен алып, лотокқа салыңыз.

5. Дәрі қобдишасынан 70 % этил спирті және 5 % йод ерітінділерін алыңыз.

6. 70% этил спиртіне мол суландырылған залалсыздандырылған мақта шариктерімен жарақат бетін тазартыңыз (өңдеңіз).

7. Қан кетуді тоқтатпай, сабындап сумен жуыңыз.

8. Залалсыздандырылған мақта шариктерімен жарақат бетін құрғатыңыз.

9. Жарақат бетін 70% этил спиртімен қайталап тазартыңыз, сосын 5% йод ерітіндісімен өңдеңіз.

10. Жарақат бетіне бактериоцидті пластырьді (жабысқақ таңғыш) салыңыз.

11. Бактериоцидті пластырьден таңғыш салған соң резеңке саусаққап киіңіз. Қажет болған жағдайда залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

12. Қолданылған күтім заттарын және таңғыш материалды қауіпсіз жараға арналған контейнерге салыңыз.

13. Әкімшілікке хабарлаңыз (өдірістегі төтеннен болған жағдай туралы акті және журналды толтырыңыз).


НАУҚАСТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҒЫ МЕЙІРБИКЕНІҢ

ҚОЛҒАБЫНА ТҮСКЕНДЕ ЖАСАЛАТЫН МЕЙІРБИКЕНІҢ

ІС-ӘРЕКЕТІ

Мақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустік және бактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерін алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: медициналық қызметкердіңқолғабына науқастың биологиялық сұйықтығы түскенде.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дезинфектантқа суландырған салфеткамен қолғапты тазартыңыз.

2. Қолғапты шешпей тұра ағынды суда сабынмен қолыңызды жуыңыз.

3. Қолғапты шешіңіз.

4. Қолыңызды сабындап жуып, құрғатыңыз.

5. Тері антисептигімен қолыңызды өңдеңіз.

6. Салфетканы, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.


КӨЗДІҢ СІЛЕМЕЙЛІ ҚАБЫҒЫН ТАЗАРТУ ҮШІН, АСПАДАҒЫ

АНТИСЕПТИКАЛЫҚ ЗАТТЫ ДАЯРЛАУ

Дайындаңыз: апаттық дәрі қобдишасын, залалсыздандырылған пинцетті, лотокты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрі қобдишасынан крафт-пакетін тамызғышпен және таңғыш материалмен, антисептикалық затты езуге арналған залалсыздандырылған ыдысты алып, лотокқа салыңыз.

2. перманганат калий бар пакетті ашыңыз және дистилденген суы бар ампуланы даярлаңыз.

3. Езуге арналған ыдысқа 50 г перманганат калийді салып, үстінен 10 мл дистилденген суды құйыңыз, 0,05% перманганат калий ерітіндісі болады.

4. Ыдысты тығынмен жауып, антисептикалық зат толық ерігенге дейін шайқаңыз.


МҰРЫН ҚУЫСЫ СІЛЕМЕЙЛІ ҚАБЫҒЫН ТАЗАРТУ ҮШІН,

АСПАДАҒЫ АНТИСЕПТИКАЛЫҚ ЗАТТЫ ДАЙЫНДАУ

Дайындаңыз: апаттық дәрі қобдишасын: аспадағы антисептикалық затты (флакондағы -0,1 г протарголды, 10 мл - дистилденген суды), залалсыздандырылған 2 лотокты, пинцетті, антисептикалық затты езуге арналған ыдысты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрі қобдишасынан крафт-пакетін тамызғышпен және таңғыш материалмен, антисептикалық затты езуге арналған залалсыздандырылған ыдысты алыңыз, лотокқа салыңыз.

2. Протарголы бар флакончикті ашыңыз.

3. 0,1 г протарголы бар ыдысты (флакончикті) алып, үстінен 10 мл дистилденген суды құйыңыз немесе антисептикалық затты езуге залалсыздандырылған ыдысты қолданыңыз.


Дата добавления: 2019-07-17; просмотров: 120; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!