Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк

ЕСЕП

Өндірістік тәжірибе бойынша

__________ЖШС «Эрижер»___________

(тәжірибені өту орны)

___________16.05.2019-31.05.2019________

(тәжірибені өту мерзімдері)

 

                                                            

Студент:  Жапишева А.К.

                                                                                                       (студент аты-жөні)

                                                          Топ:  Э-215

Университеттен тәжірибе _____________________

                                жетекшісі                               (аты-жөні, қолы)

 

                                         Ұйымнан тәжірибе       _____________________

                                  жетекшісі                               (аты-жөні, қолы)

 

Комиссия мүшелері: ______________

                                     (аты-жөні, қолы)

                                           ______________

                                   (аты-жөні, қолы)

                                           _______________________

                                    (аты-жөні, қолы)

 

Есепті қорғау нәтижесі

Баға _____________________________

           (балл, пайыз, әріптік мағынасы)

 

 

Семей қаласы

2019 жыл

 

Өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп

Білім алушы: ___Жапишева А.К
аты-жөні, тегі (ол бар болған кезде)

р/с

Өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

Өндірістік практиканың жеке тақырыптарының, жұмыстарының орындау мерзімдері

Өндірістен Өндірістік практика жетекшісінің қолы

басталуы Аяқталуы
1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметімен, бөлімдерімен және олардың міндеттерімен таныстым 16.05.2019 17.05.2019
2. Кәсіпорын қызметінің нормативтік-құқықтық құжаттамаларымен таныстым 20.05.2019 21.05.2019
3. Кәсіпорынның есеп саясатымен таныстым 22.05.2019   27.05.2019
4. Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметіне талдау жасай отырып, оның табысы мен зиянын анықтауды үйрендім 28.05.2019 31.05.2019  

 

 

1. Оқып болған конструкциялардың, жабдақтардың, технологиялық
процесстердің, өндірістің механизациялау мен автоматтандырудың және
еңбектің озық әдістерінің т.б. сипаттамасы.


Жобалық құжаттама мен бағдарламалық қамтамасыздандырумен өзінің дағдыларын жақсартты.

Білім алушының қолы ________________
20 ___ж. «_____» ___________________

__________________________________________
(Өндірістік практикасының тікелей жетекшісі)

20 ___ж. «_____» _________________________

2. Білім алушы практиканттың мадақтамалары мен жазалары.


Аталмыш кәсіпорындағы адал еңбегі мен қызметі үшін алғыс жарияланды.

 

3. (Ұйымнан, кәсіпорыннан, мекемеден) өндірістік практика
жетекшісінің қорытындылары.


Тәжірибеден өті барысында Аружан өзін жақсы қырынан көрсете білді. Тәжірибе барысында бухгалтерлік есепті зерттеді, қаржылық құжаттарды, заң есептілігін дайындауды, қаржы-шаруашылық қызметінің автоматтандырылған жүйесінен ақпараттар алып, келіссөздер, іс-шараларды және т.б. талдады. Әртүрлі есепті кезеңдегі есептерді жасауды үйренді. Бухгалтерлік дағдылармен танысты. Бухгалтердің міндеттері мен құқықтарын өте жақсы меңгерді.


(ұйымнан, кәсіпорыннан, мекемеден) өндірістік практика жетекшісінің
қолы____________________________

20____ж. «______»_______________

 


 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ                                                                                                              5

 

1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметімен танысу                                     7

2. Кәсіпорын қызметінің нормативтік-құқықтық құжаттамасымен танысу  9

3. Кәсіпорынның есеп саясатымен танысу                                                      12

4. Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметіне талдау жасау            16

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                                   22

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИТЕТТЕР ТІЗІМІ                                                   23

 

 

ҚОСЫМША

 

 

КІРІСПЕ

 

Бухгалтерлік есеп — кәсіпорынның қызметі туралы расталған деректер алу мақсатымен оның қаржы-шаруашылық қызметін бақылау, қорытындылау және бейнелеу әдістемесі мен жүйесі; кәсіпорынның ресурстарын және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін есептеу жүйесі. Ол қабылданған ережелер бойынша құжаттардың белгіленген нысандарын пайдалана отырып жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп-қисаптың зерттеу объектілері — ақшалай нысанда тұлғаланған шаруашылық құрал-жабдығы, олардың өндіріс, орналасу, айналыс барысындағы қозғалысы, сондай-ақ олардың құралу және пайдаланылу көздері.

Бухгалтерлік есеп заңды тұлғалардың қорлары мен қор көздерін және қаржы айналысын, шаруашылық операцияларының мазмұнын нақты құжаттар негізінде үздіксіз және өзара байланысын сақтай отырып, арнайы өлшеу бірлігімен тіркеп отыру. Бухгалтерлік есеп жүргізу құжаттау мен түгелдеу, есеп-шоттар мен екіжақты жазу, бағалау мен өзіндік құнын шығару, баланс пен қорытынды есеп әдістеріне негізделген.

Бухгалтерлік есеп бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қоланылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады. Субъектіні басқаруда бухгалтерлік есептің алатын орыны ерекше, ол жоспарлау, бағалау, бақылау, талдау және дұрыс шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бухгалтерлік есепсіз субъектінің кірістері мен шығыстарын, соңғы қаржылық нәтижесін анықтау мүмкін емес. Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндетте-мелерінің жағдайын, капиталы мен өндірген өнімі және оның сатылуы туралы мәліметтерді жинақтап көрсетеді.

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» — деген болса, оның әріптесі Р.А. Фаулки «Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» — деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді.

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде.

Экономикамыздың нарықтық жолымен дамуы барысында ұйымдар қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйым басшылығының ерекше көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріліп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде оның шет ел инвесторларымен қарым-қатынасының нығаюы кезеңінде маңызды болып саналады.

Бухгалтерлік есеп нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдарда ерекше маңызды орынға ие. Есепке алу мәліметтері ұйымдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сондай-ақ, ел экономикасын дамыту заңдылықтарын зерделеу мен зерттеу үшін қолданылады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында ұйымдардың күрделі экономикалық ақпаратсыз басқару іс жүзінде мүмкін емес. Сондықтан да кез келген ұйымдар үшін есеп ақпараттық жүйелері маңызды орын алады.

 

1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметімен танысу

 

Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау – межелі көрсеткіштердің орындалуын бағалау‚ ішкі шаруашылық сақтық қорларды анықтау және өндірістің тиімділігін арттыру үшін кәсіпорынның (фирманың‚ компанияның‚ тағы басқа) шаруашылық қызметінің жай-күйі мен дамуын оның техникалық деңгейімен және ұжымның әлеуметтік дамуымен өзара байланыста кешенді түрде зерделеу. Оны орындау кезінде оперативтік‚ статистикалық және бухгалтерлік есеп материалдары‚ олардың есептемелері‚ нормативтік және жоспарлы деректер‚ техникалық ақпарат пайдаланылады; техника мен технологияның‚ өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың‚ жоспарлау мен басқарудың‚ қаржыландырудың‚ несие-ақша қатынастарының шаруашылық қызметтің тиімділігіне әсері анықталады.

 «Эрижер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2011 жылы тамыздың 3-і құрылған. Мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Бозтаева №33, пәтер №28.

«Эрижер» ЖШС автокөтергіш қызметтерін ұсынады:

· техниканың ең мобильді түрі

· жоғары монтаждау, кез келген күрделі жұмыстарды орындау

· арнайы техника қызметі қала бойынша да, қаладан тыс жерлерде де қолданылады.

Автовышкалардың көмегімен орындайды:

1. Клинингтік қызметтер

2. Жарнамалық-безендіру қызметтері

3. Ағаштарды алып тастау және кесу

4. Электр Монтаждау қызметтері

5. Металл құрылымдарын дайындау және орнату

6. Сәндік жарықтандыруды орнату ( ремон )

7. Құрылыс-өңдеу жұмыстары

8. Салтанатты-құттықтау іс-шаралары.

Кәсіпорын құрамы кіші, 5 адамнан кем болып табылады. Қазақстан нарығында 7 жылдық орыны бар жас және кішігірім кәсіпорындардың бірі. Аталған кәсіпорынның қазіргі кездегі директоры - Масалимов Мейргазы Нургазынович.

Талдау жалпы экономиканы талдау және техника-экономиканы талдау түрінде болып келеді. Біріншісі шаруашылық қызметтің қорытындылаушы құндық көрсеткіштерін зерделеуге бағытталған; екіншісі кәсіпорынның техника деңгейін және оның экономикалық көрсеткіштерге әсерін зерделеп‚ бағалауға бағытталған. Зерделенетін мәселелердің көлеміне қарай толық талдау (бүкіл шаруашылық қызметті талдау) және тақырыптық талдау (шаруашылық қызметтің жекелеген жақтары мен көрсеткіштерін талдау‚ мысалы‚ еңбек өнімділігін‚ негізгі қорлардың пайдаланылуын‚ жалақыны‚ пайданы‚ пайдалылықты‚ тағы басқаларды талдау) түрлеріне бөлінеді.

Бухгалтерлік есепті жүргізу үшін кәсіпорында бухгалтерия бөлімі құрылған. Оларға есеп жүргізу, есеп беруді құрастыру және қаражат тәртібінің сақталуын бақылау міндеттелген. Бухгалтерлік есеп беруде кәсіпорын қызметінің негізгі қаражат көздері бойынша (өндіріс, өнімнің өзіндік құны, өнімдерді өткізу, пайда мен зиян, өндіріс пен басқаруға қызмет көрсету шығындары) жоспарының орындалуы сипатталады. Кәсіпорын бас бухгалтері келесі қызметтерді атқарады:

2.1. Кәсіпорында бухгалтерлік есепті және есептілікті енгізуді басқару.
   2.2. Есеп саясатын оны іске асыру жөніндегі шараларды әзірлеу арқылы қалыптастыру.
   2.3. Бухгалтерлік есеп, бақылау, есеп беру және экономикалық талдау бойынша компания бөлімшелерінің қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету.
   2.4. Жалақы есептеу, салықты есептеу, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі бюджеттерге салық және алымдарды аударуды қамтамасыз ету, банк мекемелеріне төлемдерді бақылау.
    2.5. Қазіргі заманғы техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды енгізу.
   2.6. Бухгалтерлік құжаттарды уақтылы және дұрыс орындауды бақылау.

Бас бухгалтер кәсіпорынның басшысымен бірге тауарлы- материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарын қабылдау және беру, сонымен қатар есеп айырысу , несиелік және қаржылық міндеттемелер мен шаруашылық келісімшарттар үшін негіздеме болып табылатын құжаттарға қол қояды.

 

Қосымша №1.1-де «Эрижер» ЖШС-інің құрылымын байқауға болады.

 

 

2. Кәсіпорын қызметінің нормативтік-құқықтық құжаттамасымен танысу

 

Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны дегеніміз – заңмен және басқа да құқықтық нысанмен қарастырылған, кәсіпорынның қалыптасуының құрылымдық тәсілі мен түрі, оның меншік формасы, шығаратын өнім көлемі мен ассортименті, оның капиталының қалыптасуы, қызметінің сипаты мен мазмұнына тәуелді болғандықтан және әртүрлі фирмааралық одақтарға кіру тәсілі мен бәсеке күресін жүргізу әдісіне байланысты жіктелуі.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формалары мынадай түрлері бар:

· Шаруашылық серiктестiк;

· Акционерлiк қоғам;

· Өндiрiстiк кооператив;

· Шаруа қожалықтары;

· Жеке (дара) кәсіпкерлік.

Жоғарыда аталған ұйымдық-құқықтық нысандардың барлығы біздің нарықтық экономикадағы ҚР үшін инновациялық шаруашылық нысандары болып табылады. Өйткені жоспарлы экономикада меншіктің барлығы мемлекет қарамағында болды. Ал нарықтық экономикаға көшу барысында кәсіпорындарды жекешелендіру операцияларының арқасында кәсіпорындардың жаңа ұйымдық-құқықтық нысандары қалыптаса бастады.

«Эрижер» кәсіпорыны ұйымдық-құқықтық нысанына байланысты жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады.

 

Шаруашылық серiктестiк

Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесiне (салымдарына) бөлiнген коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiк деп танылады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебiнен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серiктестiк өз қызметi үрдiсiнде өндiрген және алған мүлiк меншiк құқығы бойынша серiктестiкке тиесiлi болады.

Шаруашылық серiктестiктер толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысандарында құрылуы мүмкiн. Толық және сенiм серiктестiгiнен басқа, шаруашылық cepіктестікті бiр тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады.

Құрылтай шарты мен жарғы шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттары болып табылады.

«Эрижер» ЖШС жарғысы Қосымша № 2.1-де қарастырылады.

Жарғы бiр адам (бiр қатысушы) құрған шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаты болып табылады. Шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттарын (жарғы және құрылтай шартын) нотариус куәландыруға тиiс. Шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттарында әрбiр қатысушының үлес мөлшерi туралы; серiктестiктiң жарғылық капиталына олар салатын салымның мөлшерi, құрамы, мерзiмi және тәртiбi туралы; серiктестiктiң жарғылық капиталына салым салу жөнiндегi мiндеттердi бұзғаны үшiн қатысушылардың жауапкершiлiгi туралы ережелер, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де мәлiметтер болуға тиiс. Шаруашылық серiктестiк басқа шаруашылық серiктестiктердiң құрылтайшысы болуы мүмкiн.

Шаруашылық серiктестiк бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысымен шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзу шартын жасасуға құқылы.

Құрылтай шартының қолданылуы шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмi қалыптастырылған күннен бастап тоқтатылады. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiнен үзiнді-көшiрме қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталындағы үлеске құқықты растайтын құжат болып табылады.

Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiн қалыптастыру, жүргiзу және сақтау тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi.

Жарғылық капиталға салым салудың тәртiбi мен мерзiмi, сондай-ақ жарғылық капиталды құру жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшiн жауапкершiлiк заң құжаттарында және құрылтай құжаттарында белгiленедi. 

Шаруашылық серiктестiкке қатысушылар:

1. құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;

2. салымдарды құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп, мөлшер, әдiстер және мерзiмдер бойынша салып отыруға;

3. шаруашылық серiктестiк коммерциялық құпия деп жариялаған мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.

 

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк

 

Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк деп танылады; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және серiктестiктiң қызметiне байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде тәуекел етедi.

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң салымдарды толық қоспаған қатысушылары оның мiндеттемелерi бойынша әрбiр қатысушының салым салмаған бөлiгiнiң құны шегiнде ортақ жауапты болады. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылардың саны шектелмейдi. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жалғыз қатысушы ретiнде бiр адамнан тұратын басқа шаруашылық серiктестiгi бола алмайды. Өзiнiң кез-келген қатысушыларының талабы бойынша жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзiлуге тиiс. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк оған қатысушылардың қабылдаған шешiмi бойынша өз еркiмен қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкiн. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк өзге де шаруашылық серiктестiк акционерлік қоғам немесе өндiрiстiк кооператив болып қайта құрылуға құқылы.

Жарғылық капиталдың мөлшерiн жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң құрылтайшылары (қатысушылары) белгiлейдi және ол заң құжаттарында белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауы керек.

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзыретiне мыналар жатады:

1. серiктестiктiң жарғысын өзгерту, соның iшiнде оның жарғылық капиталы мөлшерiн өзгерту;

2. атқарушы органның мүшелерiн (мүшесiн) сайлау (тағайындау) және олардың (оның) өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ серiктестiктi немесе оның мүлкiн сенiмгерлiк басқаруға беру туралы шешiм қабылдау және осындай беру шарттарын айқындау;

3. серiктестiктiң қаржылық есебiн бекiту және оның таза табысын бөлу;

4. серiктестiктi қайта құру немесе тарату туралы шешiм шығару;

5. серiктестiктiң байқау кеңесiн және (немесе) тексеру комиссиясын (тексерушiсiн) сайлау және өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ серiктестiк тексеру комиссиясының (тексерушiсiнiң) есептерi мен қорытындыларын бекiту;

6. iшкi ережелердi, оларды қабылдау рәсiмдерiн және серiктестiктiң iшкi қызметiн реттейтiн басқа да құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда бекiту;

7. серiктестiктiң өзге де шаруашылық серiктестiктерге, сондай-ақ коммерциялық емес бiрлестiктерге қатысуы туралы шешiм шығару;

8. тарату комиссиясын тағайындау және тарату баланстарын бекiту;

9. жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қатысушысынан үлестi мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм шығару.

Серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi ол серiктестiктiң атқарушы органының шешуiне бере алмайды.

3. Кәсіпорынның есеп саясатымен танысу

Мен «Семей ұн-құрама жем комбинатының» есеп саясатымен мамырдың 22 мен 27-сі аралығында таныстым. Халықаралық қаржылық есеп стандартында (ХҚЕС) есеп саясаты  «Қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру жөніндегі ережелер мен тәжірибе» деп анықталған. Негізінен Қазақстандық бухгалтерлік есеп тәжірибесіне «есеп саясаты» термині кезіндегі Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссияның» 13 қазан 1996 жылғы №2 «Қаржылық қорытынды есеп дайындау және тапсыру жөніндегі тұжырымдама (концепция)» деп аталған қаулысымен енгізілген. Бұдан соң «есеп саясаты» ұғымы Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарының №1 «Есеп саясаты және оны ашу» стандартында көрсетіліп, меншік түрі мен қызмет ерекшеліктеріне қарамастан барлық ұйымдар өздеріне тән есеп саясатын қалыптастыратындығы міндеттелді.

Кейіннен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 17 қаңтар 2003 жылғы №14 бұйрығымен: №1 «Есеп саясаты және оны ашу», №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық қорытынды есеп маңызын ашу негіздері», №3 «Қаржы-шаруашылық қызметі нәтижесі жөнінде қорытынды есеп» жөніндегі стандарттары жойылып, бұлардың орнына №30 «Қаржылық қорытынды есеп тапсыру» жөніндегі жаңа стандарт қабылданып, мұның 14 тарауы 2-ші тармағында ұйымдардың есеп саясатын жасау мен тапсыру жөніндегі тәртіптер қарастырылған.

Ұйымдар өздерінің есеп саясатын қалыптастыру барысында тәжірибедегі есеп әдістері мен қорытынды есеп жасаудағы ережелердің ішіндегі ең тиімділерін таңдап алуына құқылы. Таңдалып қабылданған ережелер мен әдістерді өз мәнінде қолдану арқылы есеп мәліметтерін жинақтаудың тәртібін, мұны пайдаланушыларға түсіндіріп, шаруашылық процесінің ерекшеліктері жөніндегі ақпараттарды зерделеу және ұйымдар қызметіндегі өзгерістер мен жағдайларды дер кезінде білу мүмкіндіктері туындайды. «Эрижер» ЖШС-інің есеп саясаты Қосымша №2.1-де көрсетілген.

Есеп саясаты деп - ұйымдар шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылынатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз. Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді. Есеп саясаты қаржылық қорытынды есеп жасауда ұйымдардың қолданатын есеп принциптері, әдістер мен ережелер, сондай-ақ ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету үшін қабылданған ережелер жиынтығынан құралады. Есеп саясатын жасау мен қалыптастыру барысында есеп әдісіндегі кездесетін жорамал-принциптерді зерделеп білген жөн. Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сай, мұндай жорамал принциптерге: мүліктік жекелену, үздіксіздік, сенімділік, шындық, бейтараптық, байқаушылық және шаруашылық фактілерінің толықтылык принциптері жатады.

Есеп саясатының мақсаты: бухгалтерлік есеп операцияларын орындау барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмаламау, ұйымдардың қаржы жағдайын бағалау, шаруашылық қызметінің үзіксіздігін қамтамасыз ету, материалды активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда резервін құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыптастыру болып табылады.

Мен өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген ЖШС «Эрижер» есеп саясаты ҚР-ның 2007 жылғы 28 қаңтарының №234- ІІІ «Бухгалтерлік және қаржылық есептілік туралы Заңы»; Қаржы Министрлігінің 2007 жылғы 13 мамырдағы №185 бұйрығымен бекітілген бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары; Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулар, ережелер мен нормативтік актілер негізінде әзірленген. Есеп саясаты кәсіпорын қызметінің қаржылық тиімділігіне және ақша қаражатының көбеюіне әсер етеді. Ұйымның есеп саясатын бас бухгалтер әзірлеп, басшымен бекітеди. Кәсіпорынның есеп саясаты басшының бұйрығымен күнтізбелік жыл басталғанға дейін рәсімделуге тиіс. Жыл бойы есеп саясатында өзгерістер болмайды. Республика заңнамаларына және бухгалтерлік есепті реттеудің нормативті актілеріне өзгерістер енгізілгенде, меншік иелері ауысқан немесе қайта құрылған жағдайда есеп саясатына өзгерістер енгізілуі мүмкін.

ЖШС «Эрижер» есеп саясатын таңдауға мына факторлар әсер еткен:

1. Ұйымның меншік нысаны (мемлекеттік, жеке меншік);

2.Ұйымның ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны (АҚ, ЖШС)

3.Қызмет түрі мен саласы (сауда, өнеркәсіп, көлік, құрылыс)

4.Ұйым қызметінің көлемі

5.ұйымның басқару құрылымы мен бухгалтерия құрылымы

6.ұйымның қаржылық стратегиясы

7.материалдық қоры

8.бухгалтерия кадрларының біліктілік санатының дәрежесі.

 

Елімізде көптеген типтегі ұйымдардың әр қайсысы әр түрлі экономикалық факторларға тап болады. Әр түрлі типтегі ұйымдар саны аса көп. Осыларға байланысты әрбір ұйым өзінің алға қойған мақсат-мүддесіне жету үшін өз қызметтеріне тән: өнім өндірудің технологиялық ерекшеліктері,басқарудың ұйымдық құрылымы, қызмет көлемінің түрі мен деңгейі, операциялар жүргізу, клиенттермен жұмыс істеудің тәртібі, ақпараттарды өңдеу ақпараттарды өңдеу т.б. ерекшеліктерін зерделеу керек. Мұның барлығы да шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне байланысты ұйымдарда есеп саясатын қалыптастырудың мазмұны мен маңызын ашып көрсетудің негізін қалайды.

Ұйымдар өздерінің есеп саясатын қалыптастыру барысында тәжірибиедегі есеп әдістері мен қорытынды есеп жасаудағы ережелердің ішіндегі ең тиімділерін таңдап алуына құқылы. Таңдалып қабылданған ережелер мен әдістерді өз мәнінде қолдану арқылы есеп мәліметтерін жинақтаудың тіртібін, мұны пайдаланушыларға түсіндіріп, шаруашылық процесінің ерекшеліктері жөніндегі ақпаратарды зерделеу және ұйымдар қызметіндегі өзгерістер мен жағдайларды дер кезінде білу мүмкіндіктері туындайды.

Сонымен есеп саясаты деп-ұйымдар шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжәрибесінде қолданылатын,таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз. Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді. Есеп саясаты қаржылық қорытынды есеп жасауда ұйымдардың қолданатын есеп принцптері, әдістер мен ережелер, сондай-ақ ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету үшін қабылданған ережелер жиынтығынан құралады.

Сондықтан әрбір ұйымда бухгалтерлік есеп пен қорытынды есеп жүйесінің қандай жолдармен жетілдірілетінін біліп түсіну үшін бұған әсер етуші факторларды зерделей білу қажет.

Жоғарыда қойылған талаптарға сай есеп саясатының мазмұны мен мақсатын,мұндағы шешілетін мәселелерді тереңінен түсініп білуіміз керек.

Есеп саясатының мазмұны белгіленген жағдайда ұйым әкімшілігінің басқару процесін қандай дәрежедегі тиімділікке жеткізгендігі,ұйымның қаржы жағдайы мен мұның өзгеріске түсуін, сондай-ақ шаруашылық қызметінің нәтижесін шындық және сенімді әдістермен дайындау үшін қолданылатын есеп принцптерін таңдап алу бағытында ашылды. Есеп саясатын жасау мен мұның маңызын ашып көрсету мақсатында әрбір ұйым өздеріне тән есеп ережелерін, есеп тәсілдерін таңдап алуға, мұндай ережелерді қорытынды есеп жасау процесіне қолдануға құқылы болып табылады. Мұның өзі ұйымдар мен меншік иесінің өз мүліктеріне иелік ету,пайдалану және әміршілік жүргізу құқысын сипаттайды.

Есеп саясатын жасау мен қалыптастыру барысында есеп әдісіндегі кездесетін жормал-принцптерді зерделеп білген жөн. Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сай, мұндай жорамал принцптерге:

1. Мүліктік жекелеу;

2. Үздіксіздік;

3. Сенімділік;

4. Шындық;

5. Бейтараптық;

6. Байқаушылық;

7. Шаруашылық фактілерінің толықтылық принцптері жатады.

Есеп саясатының мазмұнды сапалық дәрежесі қаржылық қорытынды есеп даярлап тапсыруға, бухгалтерлік баланс құрылымына, есеп жүргізудің үлгісіне, сондай-ақ ішкі және сыртқы аудит қызметінің маңызына қарай сипатталады.

 

4. Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметіне талдау жасау

 

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдыңда өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуімен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеу үшін қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Тұрасыздықтың пайда болуының негізгі себептері:

1. шаруашылық жүргізудің жағдайын жасаудың объективті себептері

2. экономикааны реформалаудың нормативті және заң шығаратын базалардың қаржылық ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;

3. инфляцияның аса жоғарғы деңгейі

4. фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;

Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:

· банкроты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау

· өндіріс көлемінің төмендеуі

· аяқталмаған өнім,жоғарғы шығындар

· өнімнің төменгі рентабелділігі

· өндіріс циклінің өте көлемді болуы

· үлкен қарыздарды өзара төлей алмауы

 Кәсіпорынның аз табыс алатынының ең басты себебінің бірі, ол оның қаржыларының үлкен сомасының қозғалыссыз жататындығы. Құралдар көп қолданылмайды, шикізаттың қоры тым көп, ғимараттардың шамадан тыс көп болуы т.б. Бұның барлығы әрекетсіз капитал болып табылады. Баға өскенде ғана болмаса, тауарды ұстап тұрудың ешқандай қажеті жоқ. Ғимараттар немесе құралдардың құндылығы олардың бағасына емес, пайдаланылуына байланысты.

Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметіне толық сипаттаманы оның соңғы жылдардағы қаржылық жағдайын бағалайтын қаржылық қорытынды есеп элементтерін қарастыру арқылы беруге болады. Активтер, меншікті капитал және міндеттемелер серіктестіктің қаржылық жағдайын бухгалтерлік баланста анықтауға тікелей байланысты элементтер болып табылады. Қаржылық қорытынды есептің негізгі элементі болып табылатын кәсіпорын активтеріне сипаттама беру үшін сол активтердің соңғы жылдардағы нақты бары және олардың құрлымы мен құрылымындағы болған өзгерістер зерттеледі. «Эрижер» ЖШС-гінің балансы Қосымша 4.1-де көрсетілген.

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау- кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсалютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.Активтердің өсуі кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

Кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірбиеде инфляцияны есепе алу тек негізгі құралдардың баланстық құның құру барысында жүргізіледі.

Баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады - яғни мүлік әлдеқайда мобильді болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оның пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.

ЖШС «Эрижер» табыстары мен шығындары туралы есебі Қосымша №4.2-де көрсетілген.

Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Өйткені бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады.Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.

Косымша №1.1-де келтірілген мәліметтерден «Эрижер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің активтерінің нақты құнын көрсететін баланс валютасының 2006 жылы өткен жылмен салыстырғанда 82140324 теңгеге немесе 557,2 пайызға артқандығын көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарай дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Ақша қаражаттарының сомасы 2006 жылы 2005-ші жылмен салыстырғанда 70,8 есеге өсті.

«Эрижер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайына талдау жасаудың келесі кезеңінде баланс активтерінің құралу көздеріне талдау жасалынады. Мұнда кәсіпорынның мүлкі меншікті капиталдың және міндеттемелердің есебінен құралатындығын ескеру қажет.

Меншікті капитал мен міндеттемелердің арақатынасы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының мәнін ашып көрсетеді.Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар шаруашылық қызметпен айналысу үшін міндетті түрде белгілі-бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс, осы мүліктердің ақшалай көрінісі үйымның меншікті капиталы болып табылады. Меншікті капиталдың есебі бухгалтерлік есепте ең бір негізгі орын алады, өйткені ұйымның шаруашылық қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржыландыру көзі ол – ұйымның меншікті капиталы. Ал меншікті капиталдың талдауын жүргізу – меншікті капиталдағы өзгерістерді орынды бақылап, ұйымның қаржылық тұрақтылығын сақтап қалуға әсер етеді. Әрбір ұйым үшін анықтап алатын мәселе – шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін қаржы капиталының жеткіліктілігі, бос тұрған ақша-қаражаттарын айналысқа жібере отырып, эконмикалық өсуге жағдай жасау. Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі. Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:

- жарғылық капитал;

- резервтік капитал;

- бөлінбеген пайда.

Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.

Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.

Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал – келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың орнын толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен ұйымның (қоғамның) жарғысында қаралады (көрсетіледі).

Бөлінбеген пайда (табыс) – кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады.

Меншікті капиталдың шамасы есепті жылдың аяғында өткен жылмен салыстырғанда 392442,9 теңгеге немесе 947,9%-ға көбейген. Кәсіпорынның жарғылық капиталының сомалары өзгеріссіз қалған 97100 теңге, бірақ пайыз жағынан өткен жылы есепті жылмен салыстырғанда 0,55%-ға жоғары. Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) есепті жылда 392442,5 теңгеге өсті. 2005 жылда кәсіпорынның жабылмаған зияны 55700,02 теңгені құраған. Ал 2006 жылдың бөлінбеген табысы 336742,88 теңге құрады.

Меншіті капиталдың көлемін анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш тәуелсіздік коэффиценті – бұл коэффицентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффиценті меншікті капиталдың кәсіпорынның барлық капиталына қатынасы ретінде анықталады:

К тс = М к / Ак

Мұндағы: Ктс — тәуелсіздік коэффицент

Мк — меншікті капитал

Ак — барлық капиталы (баланс валютасының жиыне, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы) 

Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның “өтімділігін” анықтап алу керек. Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарға айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Өтімділіктің екінші тұжырымдамасымен келісе отырып мен, өтімділік кәсіпорынның міндеттемелерін ақшаға айналу уақыты міндеттемелерін өтеу уақытымен сәйкес келетін активтерімен жабу дәрежесімен анықталады деп санаймын. Осы айналудын тез жүруіне кәсіпорынның төлеу қабілеттілігі мен несие беру қабілеттілігі тәуелді болады. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорының өтімділігі өзінің міндеттемелерін уақыты келгенде төлеу үшін, қолда бар қаражаттарды (активтерді) тезірек жұмылдыру мүмкіндігінде жатыр. Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.

Кәсіпорынның баланс активтерінің баптарын олардың өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда, басты орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады – кассадағы, банктегі есеп айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары. Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтыздығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын айтамыз. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және бсқа да шоттарында ақшалары болуы керек.

 Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффиценті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігі коэффиценті 1-ге тең немесе үлкен болса, онда бұл ол кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер коэффицент 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлеу құралдарының жетіспеуі себептерін анықтау керек. Төлем құралдарының ағымдағы міндеттемелерден асуы кәсіпорынның төлемге қабілетті екенін білдіреді.Банкте есептің және басқа шоттарда ақшаның болмауы, банкке қайтарылатын несиенәң мерзімі өтіп кетуі, қаржы органдарына қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге қабілетсіздікті көрсетеді.

Қарыз алушының несиелік қабілеті – қарыз алушының алған ссудасы бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да, банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне ықпал етеді.

Рыноктық экономика жағдайында табыс рөлі 2 функцияны атқарады: мемлекеттік бюджет табыстарының көзі мен кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік даму көзі.

Абсолюттік көрсеткіштерді талдау.

Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші - өнімді өткізуден түскен табыс. Ол қосымша құнға салынатын салық (ҚҚС), акциздер, т.б. салықтар мен міндетті төлемдерді шегергендегі, сонымен қатар қайтарылған тауарлар құнын, сатудан жеңілдіктерді және бағаға жеңілдіктерді шегергеннен кейінгі сома.

Өнімді өткізуден түскен табыс құрылымында анағұрлым үлкен үлес салмақты дайын өнім мен тауарларды өткізуден түскен табыс алады. Оның шамасы өнім өндірісі деңгейімен анықталады.

Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші ретінде жалпы пайда есептеледі. Ол өнімді өткізуден түскен қаржылық нәтиже болып табылады және өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

Жалпы пайдаға әсер етуші маңызды фактор ретінде өндірістік өзіндік құн есептеледі, сондықтан оның төмендеуі жалпы табыс шамасына үлкен әсер етеді.

Кәсіпорын табыстары ең алдымен бағалар өсуі есебінен жоғарғы қарқынмен өседі. Бағалар өсуі негативті фактор болып есептелмейді, егер де ол негізделген болса, яғни өнім сұранысының өсуімен, шығарылатын өнімнің техника-экономикалық параметрлерінің жақсаруымен байланысты болса.

 

Салыстырмалы көрсеткіштерді талдау.

Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері кәсіпорынның қызметінің тиімділігін сипмттайтын табыстылық көрсеткіштері болып табылады. Ол рыноктың экономика жағдайында қаржыландырк көздерінің кірістіру қабілетін және олардың табысты пайдалануын анйқтайды. Табыстылық коэффициенттері кәсіпорын табысының құралуының факторлық ортасының маңызды сипаттары болғандықтан, олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен бағалауда міндетті элементтер болып есептеледі. Табыстылық көрсеткіштерін 3 топқа бөлеміз:

- жалпы активтер;

- өнім;

- ақшалай қаржылардың таза ағымы базасында есептелетін табыстылық көрсеткіштері.

Кәсіпорын активтерін тиімді пайдалануы – бұл берілген кәсіпорынға қаржы бөлу тиімділігі жөнінде сұрақты шешу үшін маңызды критерийлердің бірі болып есептеледі.

Жалпы активтердің табыстылық деңгейін өлшеу келесі факторлардың ықпалымен жүреді:

1) өткізілген өнімнің табыстылық деңгейі;

2) жалпы активтердің айналымдылығы.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Мен «Эрижер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өндірістік тәжірибеден өту барсында кәсіпорынның шаруашылық қызметімен, бухгалтерия құрылымымен таныстым. «Эрижер» ЖШС автокөтергіш қызметтерін ұсынады:

Ø техниканың ең мобильді түрі

Ø жоғары монтаждау, кез келген күрделі жұмыстарды орындау

Ø арнайы техника қызметі қала бойынша да, қаладан тыс жерлерде де қолданылады.

Кәсіпорын бухгалтериясы есептеу жұмыстарын ұйымдастыруға, жүргізуге, мерзімдік баланс әзірлеуге, барлық операциялардың заңдылығын, нысаналылығын, шаруашылық мақсатына сай болуын, сметалық және қаржылық тәртіптің сақталуын қадағалауға, белгіленген ережелер мен құжаттама нысандарын сақтай отырып, ақшалай қаражат пен материалдық құндылықтарды есепке алу кітаптары мен тізімдемелерін жүргізу, бухгалтерлік шоттарға тиісті мәліметтерді түсіру жолымен қаржы және материалдық ресурстардың қозғалысын дер кезінде тіркеп отыруға міндетті. Кәсіпорын бухгалтериясын бас бухгалтер басқарады. Бас бухгалтер өз жұмысын бас бухгалтерлік ережеге сәйкес іске асырады. Бас бухгалтерді қызметіне кәсіпорын басшысы тағайындай немесе кызметинен босата алады. Бас бухгалтер есеп саясатын құруға жауапты, бухгалтерлік есепшоттарда шаруашылық әрекерттерді бейнелеуді және бақылауды, оралымды ақпараттарды ұсынуды, бекітілген мерзімде бухгалтерлік есеп беруді құруды , кәсіпорынның ішкі шаруашылық резервтерін анықтау және мобилизациялау мақсатында қаржы-шаруашылық қызметтің экономикалық талдауын жүргізуді басқа қызметтермен бірге қамтамасыз етеді.

Есеп саясаты деп - ұйымдар шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылынатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз. Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді. Есеп саясаты қаржылық қорытынды есеп жасауда ұйымдардың қолданатын есеп принциптері, әдістер мен ережелер, сондай-ақ ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету үшін қабылданған ережелер жиынтығынан құралады.

Өндірістік тәжірибеден өту барысында 1С бухгалтерия бағдарламасымен жұмыс істеуді үйрендім.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды жөніндегі” заңы, 26.12.1995ж. (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 24.06.2002ж.)

2. Қазақстан Республикасының “Аудиторлық қызмет жөніндегі” заңы, 18.11.1998ж. (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2001ж.)

3. Қазақстан Республикасының “Салықтар және бюджетке тиісті міндетті төлемдер жөніндегі” заңы, 1.01.2000ж.

4. Бухгалтерлік есептің Типтік шоттар жоспары, А., 18.09.2002ж

5. Қазақстан Республикасының Азаматтықкодексі, 1994ж.

6. Ұлттық Бухгалтерлік есеп стандарттары, А., 1997ж.

7. Абдыкалыков Т.А., Сатмурзаев А.А., «Основы бухгалтерского учета и аудита» Алматы 2001, 236с.

8. Абдықалықов Т.А. «Бухгалтерлiк есеп және аудит». Алматы 2000ж. 168б.

9. Айтжанова Ж.Н. «Бухгалтерский учет, отчетность и аудит устойчивого экономического развития». Алматы 2002, 205с.

10. «Аудит». Под редакцией профессора В.И. Подольского Москва 1997г. 432с.

11. Байдаулетов М.Б., Байдаулетов С.М. «Аудит». Алматы: Қазақ университеті 2004

12. Баймұханова С.Б., Балапанова Ж. «Бухгалтерлiк есеп», Алматы 2001ж., 236б.

13. Балапанова Ж. «Аудиттiң теориялық негiздерi». Алматы 2003ж. 93б.

14. Дюсембаев К.Ш. и др. «Аудит и анализ финансовой отчетности». Алматы 1998г. 432с.

15. Дюсембаев К.Ш., Төлегенов Э.Т. т.б. «Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы 2001ж. 329б.

16. Дюсембаев К.Ш., «Аудит и анализ в системе управления финансами» Алматы 2000г., 293с..

17. Кеулiмжаев Қ.К., Әжiбаева З.Н. т.б. «Қаржылық есеп». Алматы 2001г. 330б.

 18. Международные стандарты финансовой отчетности 2001г. 1242с.

 19. Нидяз Б., Андерсон Х. Принципы бухгалтерского учета Москва 2000ж., 495с.

20. Радостовец В.К. и др. «Бухгалтерский учет на предрприятиях». Алматы 2002г. 728с.

21. Савицкая Г.В. «Анализ хозяйственной деятельности предприятия». Москва 1999г. 686с.

22. Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет». Алматы 2000г. 335с.

23. Стандарты бухгалтерского учета и методические рекомендации 1999г., 609с.

24. Тасмағамбетов Т.А., Омаров А.Ш. т.б. «Қаржы есебi» Алматы 1998ж. 475 б.

 


Дата добавления: 2019-07-15; просмотров: 2091; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!