Наймандар, Керейлер, Жалайырлар.

Билет

1. Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі (хронологиясы, тұрақтары, еңбек құралдары) .

2. Ислам дінінің мәдениеттің дамуына тигізген әсері

3. Терминдердің мағынасын кесте бойынша толтырыңыз.

Жауабы:

1. Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі (хронологиясы, тұрақтары, еңбек құралдары) .

Адамзат тарихы даумының ең алғашқы кезеңі – Тас дәуірі болды. Ғалымдар тас дәуірін 3- ке бөледі:

- Палеолит – ежелгі тас ғасыры – б.з.б 2,5 млн – б.з.б 12 мың жыл.

- Мезолит – орта тас ғасыры – б.з.б 12 – б.з.б 5 мың жыл

- Неолит – жаңа тас ғасыры – б.з.б 5 – б.з.б 3 сың жыл.

Қазақстандағы тас ғасырының олдувай кезеңіне жататын ең көне ескерткіштер Маңғыстау түбегіндегі Оңтүстіктегі Шақпақ ата тұрағы,Қаратаудағы Арыстанды өзені аңғарындағы ескерткіштер .Осы аймақтарда табылған құралдарды ғалым А.Г.Медоев Шығыс Африкадағы Олдувай шатқалынан табылған ең көне құралдардың замандасы деп санады.Сонымен Шақпақ ата мен Арыстанды аңғарындағы тұрақтар Қазақстан аумағын алғаш адамдар шамамен 1 млн. жыл бұрын мекендегенін дәлелдеді.Осы қоныстарда табылған ең көне еңбек құралдарына балта, бифастар,чопперлер,чоппингтер,пышақтар,қырғыштар жатады.Бифас екі жағынан өңделген қарапайым тас құрал.Екі жағынан қрылған осындай қарапайым құралды чоппинг деп атайды . Тастарды жарып бөлшектеп, жүзі өткірлерін қолданды. Мұндай қаруды – чоппер деп атайды.

2.Ислам дінінің мәдениеттің дамуына тигізген әсері

Х-ХІ ғасырлар арасында қала мәдениетінің дамуына ислам маңызды рөл атқарды

X ғасырда Қарахандар әулетінің негізін қалаушы Сатұқ хан ислам дінін қабылдады. Араб ғалымы Әл-Макдиси Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың Х ғасырдағы қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағандығын жазды. Құйрықтөбе қала жұртының жанындағы зираттарды адамдардың мұсылманша жерленгендері анықталды. Отырар, Баласағұн, Тараз қалаларынан мешіт орындары табылды ,жанындағы зираттардан адамдардың мұсылманша зерттелгені анықталды. Құрықтөбе қаласында діни медреселер салынып, ғылым білімге жол ашылды. Әдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылды.Әбу Насыр әл Фараби Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған данышпан ,ұлы ойшыл.Әбу Райхан әл Бируни,Махмуд Қашқари,Хисамаддин әл-Сығанақи т.б.ғұламалар еңбектерін ,әдеби және ғылыми шығармалары араб тілінде жазылды. Xғ. жазба әдебиетінің негізі қаланды Қазақстан жерін мекендеген түркі тілдес халықтар арасында ғылыми әдеби шығармалар жазылып, рухани мәдениеттің дамуына,ғылым мен білім салаларының өркендеуіне ислам діні зор ықпал етті.

3. Терминдердің мағынасын кесте бойынша толтырыңыз.    

 

Милитаризм Жаппай қарулануға, соғысқа әзірленуге, ішкі және сыртқы мәселелерді қарулы күшпен шешуге бағытталған саясат.
Метрополия Басқа елдерді өздері басып алып, отарлап билеуші, қанаушы мемлекет
Мобилизация Қарулы Күштерді және елдің экономикасы мен мемлекеттік институттарын соғыс мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін қайта құру жөніндегі іс-шаралар.
Реквизиция Азаматтың не ұйымның меншігіндегі мүлікті олардың ықтиярынсыз құнын төлей отырып мемлекеттің меншіктенуі. Реквизиция заңда көрсетілген тәртіпте, төтенше (апат, жұқпалы аурудың тарауы, індет, тағы басқа) немесе әскери жағдай уақытында ғана өкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады
Монархия Мемлекет басшысының билігі ұрпақтан ұрпаққа қалдырылатын мемлекеттік басқару

                                      

Билет

1. Қазақстан жеріндегі мезолит дәуірі (хронологиясы, тұрақтары, еңбек құралдары)

2. Ақпан революциясынан кейін құрылған саяси партиялар мен ұйымдарға талдау жасаңыз.

3. Тың және тыңайған жерлерді игерудің жағымды және жағымсыз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.

Жауабы:

1. Қазақстан жеріндегі мезолит дәуірі (хронологиясы, тұрақтары, еңбек құралдары)

2. Ақпан революциясынан кейін құрылған саяси партиялар мен ұйымдарға талдау жасаңыз.

  3 Тың және тыңайған жерлерді игерудің жағымды және жағымсыз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.

1.Қазақстан аумағындағы мезолит дәуіріндегі алымд алғашқы тұрақты 1948ж. археолог А.А.Формозов ашты. Қазақстандағы мезолит дәуірінің хронологиялық шеңбері, шамамен б.з.б.12-5 мың. Ғалымдардың есептеуінше 13 мың жыл бұрын мұздықтар ери бастады. Палеолит мен мезолиттің басында климаттық өзгерістер болды. Б.з.б.˅ІІ мың.мұз еріп күн жылына бастады. Мезолиттің басты жаңалығы садақ пен жебе пайда болды.Аң аулау кәсібі дамыды. Қазақстанда 20 астам мезолиттік тұрақтар табылды. Олар Мичурин, Явленко, Дүзбай, Ерейментау, Тельман, Әкімбек, Қарағанды, Қызылсу т.б. Есіл өзенінің аңғарынан көлемі 40-60 шаршы метр болатын мезолиттік баспана табылды. Аңшылық адамдардың негізгі кәсібіне айналды.Ұзындығы 1-2 см. болатын ұсақ тастардан жасалған – микролиттер пайда болды.микро-кішкентай, литос- тас Мезолит б.з.б 12 -5 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Алғашқы егіншілер жерді қазғыш таяқпен қопсытты, олдан кейін қайланы, үшкір тас бекітілген тесені ойлап тапты. Егін оратын қарапайым құрал атауы тас орақ, тесе болды.

2.1917 жылы сәуір-мамыр айларында «Алаш» партиясының облыстық, уездік съездері болып өтті. 1917 жылы көктемде Семей облыстық съезі Жалпықазақ съезіне Қазақстанның болашақ автономиясын құруды ұсынды. 1917 ж. 21 мен 26 шілдеде Орынборда І жалпы қазақ съезі боды. Съезде мемлекеттік басқару формасын, қазақ облыстары автономиясын, жер мәселесін, халықтық млмция ұйымдастыру, земство, халыққа білім беру, сот, рухани діни мәселелерді қарады. Ақпан революциясынан кейін Ресейдің ұлт аймақтарында мұсылмандар қозғалысы жандана бастады. 1917 ж. қыркүйекте мұсылман ұйымдарының съезі, тұңғыш мұсылман партиясы – «Түркістан федералисттер партиясы» құрылды. Саяси ағымдар мен ұйымдар: 1917 ж. Қазақстанның солтүстік облыстарында кадеттер ұйымының жұмысы күшейді. Семейде кадеттердің «Свободная речь» газеті шықты. Олар біртұтас Ресейді, конституциялық монархияны жақтады. 1917 ж. көктемде эсер ұйымдары пайда болды. Эсерлер «Жер кім өңдесе соған берілсін деген» ұран көтерді. Ақпан төңкерісінен кейін Қазақстанда көппартиялы жұмыс қалыптасты.

Тың және тыңайған жерлерді игерудің жағымды және жағымсыз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.

Тың және тыңайған жерлерді игеру
Нәтижелері
Жағымды жақтары: Тың игеру жүргізілген Павлодар, Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары болды. -Қазақстан КСРО-ның негізгі астықты аймағына айналды;Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті;- Қазақстан – көп ұлтты республика болды- Еңбекшілер еңбек ерлігінің үлгісін көрсетті;- Жаңа жолдар мен елді мекендер көбейді.
Жағымсыз жақтары: -Экологиялық жағдай ауырлады;-Мал шаруашылығы төмендеді; - Тың игеру экстенсивті әдіспен жүргізілді;-Жер-су аттары орысша айтылды;-Республиканың ұлттық ерекшеліктері ескерілмеді;- Тілдік және демографиялық ахуал өзгеріске ұшырады; - Тың жерлер үшін егістіктің тиімді жүйесі тың игеру басталғаннан кейін 20 жыл өткенде ғана құрылды.

 

 


                                                          3-билет

1. Мезолит адамдарының кәсібі.

2.

2. Әбілғазы Бахадүр шығармасының тарихи маңызын анықтаңыз.

3. Қазақстандағы Уақытша үкімет органдарының атқарған қызметін кесте бойынша толтырыңыз.

Жауабы:

1. Мезолит адамдарының кәсібі.

Бұдан 10 мың жыл бұрын егіншілік пайда болды. Б.з.б 8 мыңжылдықта Қазақстанда қолайлы климат орнады. Ғалымдар егіншіліктің шығуын әйелдер еңбегімен байланыстырады. Терімшіліктің дамуы – алғашқы қауымдық егіншілікке алып келді. Алғашқы егіншілер жерді қазғыш таяқпен қопсытты, одан кейін қайланы, үшкір тас бекітілген тесені ойлап тапты. Адамдардың егін оратын қарапайым құрал атауы тас орақ, егіншілердің жер жырту құралы тесе болды. Аңшылық үшін неғұрлым жетілдіріген қару түрлері қажет бола бастағандықтан жебелі садақ пен бумеранг ойлап табылды.Садақтың доғал және домалақ ұштары терісі бағалы аңдардың терісін бүлдірмей аулау үшін қолданылды.Сонымен қатар уланған немесе өртегіш жебелер де кең пайдаланылды. Садақ пен жебенің пайда болуынан шағын аңшылар тобы пайда болды. Ит ең бірінші қолға үйретілген. Малдың төлін қолға үйретуді бастады. Аң аулау, мал өсіру қалыптасты. Қой, ешкі, сиыр, шошқа қолға үйретілді. Тас өңдеу әдісі жетілдіріліп, пышақ тілгіштерге ағаштан сап орнату шықты.Балық аулау кең тарап,қайықты ойлап тапты.Нәтижесінде аңшылық, бақташылық, тас өңдеу кәсібі,балықшылық кәсібі дамыды.

2.Әбілғазы Бахадүр шығармасының тарихи маңызын анықтаңыз.

. Әбілғазы Бахадүр (1603- 1664) Хан- тарихшы, шежіреші. Әбілғазы Хорезм хандығының астанасы Үргеніште Жошы ұрпағынан тараған Арабмұхамед ханның отбасында туған. Әбілғазы Арысхан медресесінде оқып, ғұлама ғалымдардан дәріс алған. Медреседе халық ауыз әдебиетін, тарихты оқып зерттеді, әскери өнер, мемлекетті басқару ісін меңгерді. Хиуаға дамылсыз шабуыл жасап, ақыры қазақ, өзбек, қарақалпақтардың күшімен 1645 жылы Хиуаны алып, хан болып жарияланды. Әбілғазы өз заманының білімді адамдарының бірі, зиялылардың ұстазы болды. Әбілғазы Бахадүр шығармасының тарихи маңызы мынада. Әбілғазы Бахадурұлының еңбектері шежірелік сипатта жазылған.Түркі дәуірінен бастап,Шыңғыстың ұрпақтарының тарихын баяндайды, одан кейінгі дәуірлерде Орта Азия, Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде болған ірі тарихи оқиғаларды қамтыған.Әбілғазы шежіресінен қазақ халқының құрамына кірген ру тайпалар, олардың ертедегі тарихы туралы құнды деректер қалдырған. Оның еңбектері: «Түрік шежіресі » және «Түркімен шежіресі» атты тарихи екі шығармасы кеңінен танымал болды.

Қазақстандағы Уақытша үкімет
3.Қазақстандағы Уақытша үкімет органдарының атқарған қызметін кесте бойынша толтырыңыз.

 

Нәтижелері
Жағымсыз жақтары: Уақытша үкіметке бұрынғы империядан қалған мәселелер мұра болып қалды. Елде ұлттық, әлеуметтік, экономикалық діни мәселелер шешімін таппады. Елде ашаршылық қаупі төнді. Сырдария мен Жетісу облыстарын ашаршылық жайлады. Уақытша үкіметке қарсы қозғалыс күшейіп, барған сайын Кеңестердің ықпалы күшейді.
Жағымды жақтары: Уақытша үкімет және жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының кеңесі құрылды. Кеңестермен бірге Уақытша өкіметтің органдары жұмыс істеді.Уақытша үкімет «бұратана жұмысшы жасақтарын» Отанына қайтару туралы шешім қабылдады.Тыл жұмысында болған жұмысшылар орыс жұмысшыларымен, солдаттарымен қарым-қатынаста болып, саяси сауаттылығы өсті. 1917 жылы бұрынғы «реквизицияланған жұмысшылар» өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрды.Верныйда-   «Қара жұмысшылар одағы» Сергиопольде- «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымын» Петропавлда – «Жас арбакештер одағы» құрылды.

 


                                          

 

Билет

1. Қазақ хандығының мемлекеттік - әкімшілік  құрылымы.

2. Қазақстанда кеңес үкіметінің орнау ерекшеліктері.

3. 1917 жылы құрылған партиялардың саяси қызметтерін салыстырыңыз.

Жауабы:

  1. Қазақ хандығының басқару жүйесі 7 сатыдан тұрады:

- Бұл қазақ халқының ең бірінші қоғамдық басқару жүйесі болып табылады.Ауыл – қандас, жақын бірнеше отбасыдан құралады. Ауылды басқаратын адам ауылнай немесе ауылбасы деп атаған

- Ата-аймақ – жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан тұрды.Ата аймақты ақсақал басқарды. Ауылбасылар ақсақалмен кеңесіп ,оның шешімін мүлтіксіз орындаған.Ақсақал неке мен отбасы, мұрагерлік пен енші, жеті ата арасындағы дау жанжалды реттеп, кінәлі жақты жазалауға құқылы болды.

- Ру – он немесе он бес аймақтан құралды.Рубиі, рубасы басқарды.Руға өз қасиетімен,мұрагерлікпен жеткен адам билік етті.Ақсақалдарды жинап алып,ақыл кеңес берді, жоғарыдан келген жарлықты,бұйрықты орындатып отырды.Даулы мәселені әділ шеше білді.Рубасы көпті көрген білікті,тәжірибелі адам болды.Ру тағдыры рубасының тапқырлығы мен қабілетіне байланысты болды.

- Ұлыстық билік – бірнеше рудан тұрды. Сұлтан немесе хан басқарды.Әр ұлыс он мыңдық жасақ шығара алды.Ұлыстың бас билігі, сыртқы саясат пен әлеуметтік мәселе сұлтандар мен ханның қолында болды.Ұлыс билеушісі елдің ішкі сыртқы саясаты жағдайына қатысты ақыл кеңес беріп отырған.Сұлтандар ақсүектер әулетінен шықты.

- Жүздік билік- бірнеше ұлыстан тұрды. Би басқарды. Жүздің биін ордаби деп те атады. Тайпалар одағы негізінде жер жағдайына байланысты қалыптасты. (Ұлы жүзге албан, суан,дулат,жалайыр,сіргелі, ысты,ошақты. Орта жүз арғын,найман,уақ, керей, қыпшақ, қоңырат. Кіші жүз он екі ата Байұлы, алты ата Әлімұлы.).Үш жүздің ұраны болған :ҰЖҰ «Бақтияр» ОЖҰ «Ақжол» КЖҰ «Алдияр»

- Хандық – үш жүзден құралады. Қазақ хандығының билігі ұлы ханның қолында болды.Хан Шыңғыс ұрпағынан сайланды. Ханды сайлауға атақты сыйлы шонжарлар қатысты. Хан сыртқы саясатты өз қалауымен жүргізді,билер шешпеген дауды, сұлтандар арасындағы жанжалдарды,елшілік,құдандалық,жауапкершілік пен бітім хан менсұлтандар басшылығымен жасалған.

- Құрылтай- (мәслихат, қазы) бүкіл қазақ халқының бас қосқан кеңесі, ел басына ауыр күн туғанда үш жүздің белді азаматтары қатысады. «Жарғының» талабы бойынша азааттардың бес қаруы сай болуы керек. Құрылтай кеңесінде көрші елдермен соғысу немесе одақ құру бойынша шешімді бекіту немесе бекітпеу мәселесі қаралған.

2.Кеңес өкіметі Қазақстанда бір уақытта орнамады. Кеңес өкіметі орнауының 2 түрлі жолы болды:

- Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылары басым оңтүстік ж/е солтүстік аймақтарда – бейбіт жолмен орнады.

- Сібір,Орал,Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық  күштер басым аудандарда –қарулы күрес жолмен орнады.

1918 ж. қаңтарда – Оралда Кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылды. 28-29 наурызда контрреволюциялық күштер Кеңес үкіметін құлатты. Кейіннен Оралда азамат соғысы кезінде біржола орнады.1918 ж. Орынборда шығып тұрған Қазақ газеті жабылды. 1918 ж. сәуірде Ташкентте, Түркістан өлкесінің кеңестерінің төтенше V съезі болды. Съезд Түркістан автономиялық кеңестік социалистік республикасын жария етті. Түркістан Халық Коммисарлар кеңесінің 14 адамдық құрамы жарияланды. Түркістан АКСР құрамына Сырдария мен Жетісу облысы енді.

Алайда құрамында бірде – бір мұсылман халқының өкілі болған жоқ.1918ж.қаңтарда Кеңес өкіметін орнату туралы шешім қабылданды.Орынборда атаман А.Дутов басқарған казактардың офицерлер корпусы, Ә.Бөкейханов басқарған Алашорда үкіметі, эсерлер мен меньшевиктер Кеңес өкіметіне қарсы бірікті.

3.Қазақстандағы Уақытша үкімет органдарының атқарған қызметін кесте бойынша толтырыңыз.

 

  «Алаш» партиясы «Үш жүз» партиясы
Басшылары Жетекшісі: Әлихан Бөкейханов Мүшелері: А. Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, М.Тынышпаев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков ағайынды Досмұхамедовтар. Жетекшісі: Көлбай Тоғысов
Саяси қызметі Капиталистік даму жолына бағыт алған зиялылар Автономиялық ұлттық мемлекет құру. Большевиктік бағыт ұстау. Кеңес өкіметін нығайтуға белсене араласты.
Қазақ революциясына көзқарасы Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету; Қазақстанның дамуына өз көзқарастарын білдіріп, бағдарламаларын насихаттады. «Алаш» партиясы ақиқат жағында болды. Алғашқыда социал-революцияшылдар партиясымен одақтасты. 1918 ж. большевиктердің алашордашыларға қарсы күресінде одақтасы болды.

3..

 

Билет

1. Есім хан тұсындағы қазақ хандығы.

2. Тоқырау жылдарындағы Қазақстан ауыл шаруашылығының даму ерекшеліктері мен оны басқарудағы кемшіліктер.

3. Қазақстандағы «Әскери коммунизм саясаты» мен «Жаңа экономикалық саясаттың» нәтижелерін салыстырыңыз.

Жауабы:

  1. XVII ғ. Басында Қазақ хандығында қалыптасқан саяси жағдай, екі хан билеп бытыраңқылық орын алды. Қазақ хандығында бір мезгілде Есім, Тұрсын билік құрды. Есім хан 1598-1628 жж. Билік етті. Есім ханның билік құрудағы басты мақсаты хандықты бір орталыққа бағындырған мемлекет етіп құру болды.Түркістан аумағы Қазақ хандығына қосылды. Осы кезден бастап Ташкент қаласы 200 жыл қазақтардың иелігінде болды.Оңт. Қаза-ғы отырықшы аймақ қазақ хандығының жері болды.Бұхар ханымен бітімге келіп,Орта Азия қалалары мен бейбіт байланыс орнатты.Қазақ хандығының әскери қуатын арттырды. Сұлтандар мен төрелерге еркіндік, билік берді.Хандықты бір орталыққа бағындыруды басты мақсат етті.«Есім ханның ескі жолы» деп аталатын заңдар жинағы жасалды. Есім хан тұсында Қазақ хандығы мен моғол хандығы арасында одақ құрылды. Қазақ халқының көрнекті шежірешісі Құрбанғали Халидтің айтуынша Есім хан ұзын бойлы, батыр денелі болған, сондықтан оны «Еңсегейлі бойлы Ер Есім» деп атаған.1628 ж. қайтыс болып, Ахмет Йассау кесенесіде жерленді.
  2. 1960 жылдардың ІІ жартысында басшылық тарапынан ауыл шаруашылығын тұрақтандыру үшін біраз жұмыстар атқарылды.

- Ауылшаруашылық өнімдерін сатып аду 2 ессеге өсіру;

- Ауыл мұқтажына бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту. Сегізінші бесжылдықта республика ауыл шаруашылығына 7,1 млрд. сом бөлінді,

- Материалдық-техникалық базаны нығайту. Тракторлар – 198 мың, комбайндар- 10 мыңға көбейді.

- Дәнді дақыл өсірумен шұғылданатын 783 шаруашылық солтүстік аймақта астық өсіруге мамандандырылды.

- Қой өсірумен айналысатын 587 шаруашылық оңтүстік аймақта қой өсіруге мамандандырылды.

- Республикада 586 кеңшар толық шаруашылық есепке көшірілді;

- 1970ж.дейін ғылыми-зерттеу институттары жанында оқу-эксперименттік кеңшарлар, 104 мал семіртетін кеңшарлар құрылды.

1960-1980 жж. Дейінгі кезең – тоқырау жылдары. Бұл жылдары жаңашыл үрдістер әлсіреді. Қоғамдық құрылыс ұстанымдары мен түрлері тоқырауға ұшырады. КОКП-ның халықаралық аренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор түрінде көріне бастады. Саяси өмір ұстанымдарына түзетулер енгізген бетбұрыстар кезеңі басталды. Қоғам дамуында социализмнің ұзаққа созылатын кезең екенін мойындау және коммунизмге қарай «алып секіріс» жасау идеясынан бас тарту еді.

3. Қазақстандағы «Әскери коммунизм саясаты» мен «Жаңа экономикалық саясаттың» нәтижелерін салыстырыңыз.

Нәтижелері
«ЖЭС»1921 ж.- жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. ЖЭС-тің мәні-салғыртты салықпен ауыстыру. Қазақ жеріндегі ЖЭС-ке көшу көптеген қиыншылықтармен бірге жүргізілді. 1921 ж. қуаңшылық болып, малдың 80%-ы қырылды. Елде аштық басталды. Ашығушылар республика халқының 1/3 бөлігін қамтыды. Кеңес үкіметі аштыққа ұшырағандарға көмекке кеш келді. Ашыққандарға Кеңестік Түркістан туысқандық көмек көрсетті. 1921-1922 жылғы аштықтың салдары: Демографиялық жағдай ауырлады. Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында ауылдағы халық саны аштыққа дейінгі санының 1/3-не дейін азайды.700 мыңнан астам адам республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.
«Әскери коммунизм саясаты»Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды толық қамтамасыз ету мақсатында бірқатар төтенше шаралар жасалды. Соғыс жылдары «Әскери коммунизм саясаты» енгізілді. Бұл саясаттың басты шарасы – азық –түлік салғырты. Оның мәні. Ауылшаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі.Соғыс жылдары большевиктердің социалистік тәжірибелерге әзір еместігін көрсеткен жағдайлар қалыптасты: шаруашылықты әскерилендіру еңбекті ұйымдастырудың әскери түрі бөлу ұстанымы,бұқараны кедейлендірдің басқару жүйесі    

 


Билет

1. Ноғай Ордасы (аумағы, қоғамдық құрылысы, этникалық құрамы, ыдырауы)

2. ХХ ғ. 60-80 ж. әлеуметтік демографиялық жағдай.

3. Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен келеңсіз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.

Жауабы:

  1. Алтын Орданың ыдырауы мен Ақ Орданың әлсіреуі барысында солтүстік-батыс Қазақстан жерінде Ноғай Ордасы пайда болды. Ноғай Ордасы Еділ мен Жайықтың ортасында болды. Ноғайлар Солтүстік-шығыста Батыс Сібір ойпатына, Солтүстік-батыста Қазан қаласына, Оңтүстік-батыста Арал мен Каспий теңізіне дейінгі аймақтарда көшіп-қонып жүрді. НО саяси билік пен экономикалық өмір маңғыт әмірлерінің қолында болды.НО ұлыстық басқару жүйесі қалыптасып,өкімет бір орталыққа бағынды.НО астанасы –Сарайшық.Едіге өзін хан деп жариялауға құқы болмағанымен Алтын Орданың билеушісі болды. Беклербек – «ұлы әмір» деген атағы болды. Жоғарғы сатыда бектер, мырзалар, сұлтандар мен байлар тұрды. Олар ауылдар мен ұлыстарды басқарды. Ордада билік мұрагерлік жолмен берілді. Ноғай Ордасының этникалық құрамына қоңырат, маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей т.б. тайпалар кірді. XVI ғ.Ноғай Ордасы ыдырай бастады. 1550 ж. ортасында Қазан, Астрахан хандықтары Ресейге қосылуына байланысты Ноғай Ордасы бірнеше иеліктерге бөлінді. Оның халқының кейбір бөліктері Кіші жүз қазақтарының құрамына қосылды.Ш.Уәлиханов: ноғайлар мен қазақтар «екі туысқан Орда» деген.
  2. Басқарудың жаңа формаларына ауысқан кәсіпорындар жоспарларын асыра орындай бастады. Көптеген қалаларда экология тазалығын қорғау, өнеркәсіп қалдықтарын өңдеу жөніндегі шаралар жүргізілмеді. Әлеуметтік мәселелер жылдар бойына шешілмеді. Негізінен аймақтық – географиялық, тарихи сипатына кереғар қалалар салынды. Пайдалы қазбалар өндіру орындарын жұмыс қолымен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдық жинақтау шаралары жүргізіліп, сырттан адамдар әкелінді.Әлеуметтік-тұрмыстық салаға қаржы бұрынғысынша аз бөлінді. Экономиканы дамытуды көздеген шаралар соғыс ракеталарын көбейту мен 200 ұлтты орыстандыру саясатының қалқасында қалып қойды.

3. Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен келеңсіз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.

 

Қазақстандағы индустрияландыру

Жетістіктері Келеңсіз жақтары
Индустрияландыру- өлкенің табиғи байлықтарын зерттеуден басталды. Инженер-геолог Қ.И.Сәтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кен орындарын зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеді. 1927 жылы түркістан-Сібір темір жол магистралының құрылысы басталды. Түрксіб құрылысында бірнеше ұлт өкілдерінен тұратын 100 мың адам еңбек етті.1931 ж. Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді. Орта азия Сібір аудандарымен жалғастырылды. Кенді алтай Сібірдің индустриялы кешенімен ұласты. Орал-Сібір-Қазақстан үшбұрышы мырыш, мыс, қорғасын өндіруден КСРО-да жетекші орын алды. -Машина жасау, металлургия, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары болмады. - Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды; - Тау-кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді; - Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді; - Халық дәстүрі бұзылды; - Қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады; Қазақстан Ресейдің шикізат көзіне айналды; - Жергілікті мамандар дайындауға көңіл бөлінбеді.

Билет

1. Қола дәуірінің ерекшеліктері.

2. Қазақ өлкесіндегі диаспоралардың қалыптасуы.

3. Индустрияландыру жүргізілген кезеңдегі орын алған қиындықтар мен нәтижелерін кесте бойынша толтырыңыз.

Жауабы:

  1. Қола дәуірі адамзат тарихында ерекше орын алды. Өндіріске металл құралдарының енуі еңбек өнімділігін арттырды. Шаруашылықтың жаңа түрлеріінң пайда болуына себеп болды. Еділ бойы, Орал өңірі, Қазақстан және алтай аймағын мекендеген тайпаларында өндірістік қатынастар дамып, мал шаруашылығы жедел дами бастады.
  2. Жаңа заманда қазақ халқының қалыптасу үрдісі Ресей, Қытай, Монғолия мен Ауғанстанның және Орта Азия мемлекеттерінің аумақтарында одан әрі жалғаса берді. Егер олардың бір бөлігі ол жерлерде ежелгі замандардан тұрып келген болса, енді бір бөлігі жерін күштеп тартып алу, ұлт-азаттық көтерілістерге қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшырау және басқа саяси, әлеуметтік-экономикалық себептердің салдарынан сол елдерге барып қоныстануға мәжбүр болды. Олар бір бөлігі ирредента, ал екінші бөлігі диаспора саналды. Ирредента деп өздерінің ежелгі ата-мекенінде дәстүрлі өмір сүріп отырған біртұтас халықтың бір бөлігін айтады. Ал диаспоралар халықтың бір елден екінші елге лажсыз қоныс аударып, өзге халықпен бірге тұруы болып табылады.

 

3. Индустрияландыру жүргізілген кезеңдегі орын алған қиындықтар мен нәтижелерін кесте бойынша толтырыңыз.

 

Қазақстандағы индустрияландыру

Қиындықтары Нәтижелері
-Қазба байлықтарының толық зерттелмеуі; -Байланыс және тасымал құралдарының нашар дамуы, - Жұмысшы табының сан жағынан өте аз болуы; - Жергілікті мамандардың жетіспеуі; - Халық билігінің жеке диктатурамен ауыстырылуы; - Әміршілдік-төрешілдік басшылық әдісінің енгізілуі; -ЖЭС тоқтатылып тоқтатылып, әскери коммунизм кезеңіндегі әдістердің жаңғыртылуы. -Жұмысшы табы құрамындағы қазақтардың үлес салмағы артты. -Орталықтағы дамыған аудандар ұлт аймақтарын қамқорлыққа алды. - Балқаш мыс балқыту комбинатының құрылысына Мәскеу құрылыс техникумының түлектері, метро құрылысынан 750 маман мен жұмысшылар келді. - Донбасс шахтерлері Қарағандыны қамқорлыққа алды. - Қазақ жұмысшылары үшін қысқа мерзімді курстар, фабрика-зауыт оқушыларының мектептері, техника үйрену үйірмелері ашылды; - Индустрияландыру барысында бұқаралық социалистік жарыс өрістеді.

 

                                                  

Билет

1. Моғолстан (саяси тарихы, этникалық құрамы).

Жауабы:

· 14 ғ ортасы – Шығатай ұлысы ыдырады:

· Ұлыстың шығысында Моғолсмтан мемлекеті құрылды

· Ұлыстың келесі бөлігі – Мауренахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылды.

Моғолстанның негізін салушы – дулат тайпасының басшысы Әмір Поладшы. Билеушісі – Тоғылық Темір хан (1348-1362жж).

Аумағы –оңтүстік – шығыс Қазақстан, Қырғыстан, Шығыс Түркістан.

Астанасы – Алмалық (Іле алқабы) орталық аймағы – Жетісу.

Халқы дулат, қаңлы, керей, арғын, үйсін, барлас . Дулаттар ең қуатты тайпа.

Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи и Рашиди» еңбегі: «Шекарасының ұзындығы мен ені 7-8 айлық жол. Баркөл, Ертіс, Көкшетеңіз – Түркістан, Ташкент, Ферғана, Қашғар, Ақсу аралығы».

Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде «моңғол» сөзіндегі «н» әрпі түсіп қалып, «моғол» немесе «моғолстан» сөзі қалыптасып кеткен.

Билеушісінің титулы – хан.

Моғол хандығының тағына негізінен Шығыс тұқымдары мен моңғол ақсүйектері отырған. Әрине, моңғол шапқыншылығы кезінде келген арлат, чорас, калучи сияқты тайпалар алғашқы кезінде өздерінің басымдылығын көрсеткенмен, уақыт өткен сайын жергілікті түрік тілдес тайпалар басымдылық алып, моңғолдарды өздеріне сіңіре бастаған. Ал қалғандары Шығыс Түркістанға, ұйғырларға қоныс аударып, соларға араласып, өздерінің моңғол атынан мүлде айырылған. Жоғарыда көрсетілгендей, Жетісу аймағы Моғолстанның солтүстік-шығыс жағын алып жатты. Ал бұл аймақтағы түрік тілдеп үйсін, қаңлы тайпаларының біздің дәуірімізге дейінгі III – II ғасырлардан өмір сүріп келе жатқандығын білесіндер. Одан кейін V-VI ғасырларда да бұл аймаққа түрік тілдес тайпалар келіп қоныстанды. Сондықтан да орта ғасырдан дамыған кезінде құрылған Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес тайпалар: дулат, қаңлы, үйсін, арғын, баарын, барлас, бұлғашы, т.б. ертеден осы өңірді өмір сүрген тайпалар еді. Бұлардың қатарында осы жергілікті халықтармен араласып, түркіленіп кеткен моңғол тайпалары да болды. Мемлекеттің ұлттық құрамы онда қазіргі қазақ халқының негізін құрап отырған ру-тайпалардың басым болғанын, сөйтіп бұл мемлекеттің қазақ халқының мемлекеттілігінің бастауында тұрған елдердің бірі екендігін көрсетеді.

Саяси тұрақсыздық орын алған күрделі кезенде билік басына келген Тоғылық-Темір хан елдің ішкі-сыртқы жағдайын жақсартып, XVI ғасырдың басына дейін билік еткен әулеттің негізін қалады. Хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырады. Мемлекеттің орталығы Алмалық қаласы болады. Хан өзінің билігін бұрынғы қалыптасқан жүйемен жүргізеді. Оны ұлыстық басқару жүйесін сақтауынан көруге болады. Дулат тайпасының мұралық лауазымы жоғары ұлысбегі деген атағын сол қалпында қалдырады. Салық жинауда кейбір жаңа шаралар қолданылады. Мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдайды. Тоғылық-Темірге дейін моғол билеушілерінің ислам дініне енуі баяу жүріп келсе, енді хан бұл мәселеге ерекше көңіл бөлген. Мырза-Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, бір күнде 160 мың адам ислам дінін қабылдайды. Ханның бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған әмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен. Сөйтіп хан ел ішінде қатал тәртіп орнатады.

Тоғылық-Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысының кезінде орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге әрекет жасайды. 1360-1361 жылдары Мауараннахрға екі рет сәтті жорық жасап, баласы Ілияс-Қожаны Мауараннахрдың хан тағына отырғызып қайтады. Моғолстанға оралған Тоғылық-Темір хан қаза болады. Өзінің мұрагерлік хұқын реттеп қайту үшін Ілияс-Қожа Моғолстанға кеткен кезде Орта Азиядағы жағдай күрт өзгереді. Тоғылық-Темірдің тірі кезінде оған тәуелдікті амалсыздан мойындап жүрген әмір Темір енді Мауараннахрдағы билікті өз қолына алу үшін, Ілияс-Қожаға қарсы шығады. Әмір Темір мен Ілияс –Қожа ханның арасында бірнеше рет қақтығысулар болады. Моғол ханы жеңіліске ұшырайды. Соңғы жеңілістен кейін Ілияс-Қожа Моғолстаннан жаңа әскери күш жинап келіп, қайта соғысады. Ташкент қаласының маңында 1365 жылы 22 маусымда екі жақтың арасында шешуші “Батпақ шайқасы” болады. Жазба деректердің хабарына қарағанда, кесіліскен шайқас болғаны соншалықты, екі жақтан 10 мыңға жуық адам құрылған. Шайқаста Ілияс-Қожа хан жеңіске жетіп, Әмір Темір қашып құтылады. Батпақты жеңісінен кейін Моғол ханы Самарқанға қарай аттанып, оны қоршауға алады. Бірақ халық қаланы жан аямай қорғайды. Қаланы ұзақ уақыт қоршаудан қалжыраған моғол әскерлерінің мініс аттары жамандат індетінен қырыла бастайды. Қаланы алудың мүмкін еместігіне көзі жеткен хан Моғолстанға қайтуға мәжбүр болған. Сөйтіп, Шағатай ұлысты кезіндегі билікті қайта қалпына келтіру ісінің алғашқы қадамы сәтсіздікпен аяқталады. Бұл сәтсіздіктің басты себебі, билеушілер арасындағы алауыздық, саяси феодалдық батыраңқылық еді. Ақыр аяғында Ілияс-Қожа хан да осы феодалдық талас-тартыстың құрбаны болады. Бұдан кейін де Моғол хандығындағы билікті дулат тайпасының атақты әмірлері Қамар ад-дин мен оның інісі Шамс ад-диндер жүргізген. Қамар ад-дин де өзін тыңдайтын, жас Тоғылық-Темірдің соңғы ұрпағы Қызыр-Қожа оғланды хан тағына отырғызып, дулат тайпасының әмірлері мен шонжарларының жағдайын жақсартуға күш салады.

Моғол хандығын осындай саяси бытыраңқылық жайлап жатқанда Мауараннахрдағы билікті өз қолына алып, күшейген Әмір Темір енді Моғолстанды жаулауға кіріседі. 16 ғ. аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бас көтертпей, дүркін-дүркін жорықтар жасайды. Алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Бұл жорықта Алмалық қаласына дейін жетеді, бірақ қалаға кірмейді. Жол бойындағы елді мекендерді тонап, халықтың мал-мүлкін талан-таражға ұшыратып, көптеген тұтқын алып қайтады. Екінші жорықта 1375-1377 жылдары оңтүстік Қазақстан арқылы жүріп, жетісудің Шарын өзеніне дейін жетеді. Моғол ұлысының басшысы Қамар ад-динмен шайқасып, оны жеңеді. Қамар ад-дин Шығыс Түркістанға, Үш Тұрфанға қарай қашып құтылады. Әмір Темір Моғолстанға 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасаған. Бұл жолғы жорықтың жойқындығы соншалықты, Әмір Темір өзінің балаларының қолындағы әскерлермен қосқанда 120 мың адаммен атанған.Әмір Темір 1371-1372 жылдары Моғолстанға әскер аттандырады. Олар Моғолстанның шығыстағы қалаларының бірі Алмалықтың жанына дейін жетіп, керейіттері талқандап, қайтып оралады. Нақ осы жылы Темірдің өзі де Моғолстанның жері Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейін барлаушылық жорық жасап, көптеген тұтқын алып, қыруар олжа түсіріп қайтады. Бұл жорық моғол жерінің ішкі аудандарына келешекте жасалатын жорықтардың бағдарламасы болған еді. Әмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты рет жорық жасаған. Оның алғашқылары 1371-1377 жылдары Сайрам, Талас арқылы жүрген. Жетісудің ішкі аудандарына өтіп, Іле өзеніне дейін жеткен. Әмір Темір 1376 жылы көктемде моғолстанның атақты колбасшысы Қамар ад-динді талқандау үшін 30 мың адамдық әскер аттандырады. Оны кыпшақ әмірі Сасы-Бұға басқарған. Алайда Сасы-Бұға басқа әмірлермен астыртып келіседі де, Әмір Темірдің Хорезмге кеткенін пайдаланып, оған қарсы бүлік шығарады. Сасы-Бұға Ақ Орданың ханы Ұрұс пен Моғолстанның билеушісі Қамар ад-диннен көмек сұрайды. Бұл хабарды естіген Әмір Темір Мауараннахрға тез оралып, Қамар ад-динді Атбасы маңында (Қырғыз жері) қуып жетіп, талқандайды. Бұдан кейін де моғол әмірінің темірге қарсы күресінен ешбір нәтиже шықпаған. Ол 1377 жылы қаратау етегінде және Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында екі рет Әмір темір әскерлерінен күйрей жеңілген. Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері өздерінің Әмір Темірге жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын біліп, 1380 жылдың аяғында одақ құруға әрекет жасайды. Алайда бұл одақтан да еш нәтиже шықпаған. Өйткені одақтың құрылып жатқанын білген Әмір Темір 1384-1391 жылдардың аралығында алтын Ордаға және моғол жеріне бірнеше рет жорықтар жасаған. Моғолстанды біржолата қаратып алу үшін оның түкпір-түкпіріне 120 мың әскер аттандырады. Осы жорықтарды Темір әскерлері көп олжа түсіріп, қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, топ-тобымен қолға түскен тұтқындарды мауараннахрға жіберіп отырған. 1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тәуелдікке түсті.

Моғолстан ыдырауы.Моғолстанның Сонымен, Әмір Темір шабуылдары әбден титығына жеткен Моғол хандығы мүлде әлсірейді. Хандық бірнеше иеліктерге бөлініп, саяси жағынан бөлшектенеді. Қызыр-Қожа хан Темірге өзінің тәуелділігін мойындайды. Моғолстан Әмір Темір қаза болғаннан кейін (1405 жылы) ғана Қызыр-Қожаның мұрагері Мұхаммед ханның кезінде (1408-1416) тәуелсіздікке қол жеткізе бастайды. Моғол ханы Темір өлгеннен кейін оның әулетінің ішіндегі талас-тартысты пайдаланып қалады. Мұхаммед хан Темірдің немерелері Ахмед мырза мен Ұлықбектің арасындағы Ферғана үшін таласта ол өзінің әскер күшімен ахмед мырзаға көмектесіп, жеңіске жеткен еді. Осы кезден бастап Моғолстан өз тәуелсіздігін ала бастаған. Мұхаммед хан қаза болған соң, Моғол хандығының ішіндегі талас-тартыс қайта басталады. Бұл талас-тартысты Темірдің немересі Ұлықбек пайдаланып, өзін жақтаушы Қызыр-Қожаның немересі Шер-Мұхаммедтің хан болуын қолдайды. Оның хан тағына отыруына көмектескен Ұлықбек енді одан өзіне тәуелді болуын талап етеді. Бұған қарсы болған Моғол шонжарлары Қызыр-Қожаның екінші бір немересі Уәйісті хан тағына отырғызады. Бұған наразы болған Ұлықбек 1425 жылы Моғолстанға шапқыншылық жасап, халықты талан-таражға ұшыратып қайтады. Моғолстандағы жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін де сол баяғы бытыраңқы күйінде қалады. Хандық билік үшін талас енді Уәйіс ханның балалары Жүніс пен есен-бұға арасында басталады. Таластың нәтижесінде дулат әмірлерінің қолдауымен есен-бұға 1433-1462 жылдары хан тағына отырады. Бірақ Жүніс хандық өкімет үшін таласын тоқтатпайды. Ол Темір әулеті әбу Саидтан көмек сұрайды. Тартыс 1462 жылы Есен-бұғаның қаза болуымен аяқталады. Ферғана жерінде – Жетікентте билік құрып отырған Жүніс дереу Моғолстанға оралып, өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-рашид ханның кезінде ыдырай бастайды. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енеді.

2.ХІХ ғасырда Қазақстандағы жәрмеңкелердің әлеуметтік – мәдени салада атқарған қызметтеріне талдау жасаңыз.

Жауабы:

 ХІХ ғ 80-жылдары – сауда байланыстарында Ресейлік Ірбіт, Крестовск жәрмеңкелері және Жетісу өлкесіндегі Қарқара, Орталық Қазақстанда Қоянды (Ботов) жәрмеңкелері ерекшеленді.

1890 ж 14 маусымда – Шыңжаңмен сауда байланысын дамыту мақсатында Семей сауда округі құрылды. Атқаратын қызметі:

· Шекара кедендерінің қызметтерін бақылау

· Баж салығының қазынаға өткізілуін қадағалау.

1894 ж 30 тамызда Сібір теміржолы іске қосылды

· Қазақ-қытай саудасы жаңа сатыға көтерілді.

· Сібір өлкесін экономикалық дамытты

· Қытайға жақын аудандарға жылдам тауар жеткізілді.

Тарихи маңызы:

ü Орыс-қазақ сауда қатынасының кеңеюі Орталық Азиядағы халықаралық жағдайды жақсартты.

ü Қазақ елінің екі ірі мемлекет аралығындағы стратегиялық орны қалыптасып, болашақта керуен саудасының дамуына негізін қалады.

3. Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметін сипаттаңыз.

Жауабы:

Тұрар Рысқұлов (26 желтоқсан 1894, Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысы – 10 ақпан 1938, Мәскеу) – мемлекет қайраткері. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін көктемде Рысқұлов Меркіге оралып, онда «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады. Осы жылы жазда Рысқұлов РСДЖП құрамына мүше болып қабылданды.1918 жылы сәуірде Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланып, өз күш-жігерін ашаршылыққа ұшыраған халықты төніп тұрған ажал тырнағынан арашалап қалуға, орыстар мен қазақтардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуге, кеңестерге жергілікті халық өкілдерін көптеп тартуға жұмсады. Әулиеата уездік төтенше комиссия ұйымдастырып, қарулы отрядпен бірге уезді аралап, орыстар мен қазақтардың өзара қырқысын тиюға, контрибуция ретінде тартылып алынған қазақтардың мал-мүліктерін өздеріне қайтарып бергізуге тырысты. Рысқұловтың ықпалымен Әулиеата уездік кеңесінің құрамы мен жұмыс тәсілі тез өзгере бастады. 1918 жылы 21 сәуірде уездік кеңестің мүшелігіне қазақтар арасынан депутаттар сайлау мақсатымен Әулиеата қаласында Рысқұлов ұйымдастырған қазақтардың жиыны болып өтті. Жиналыстың шешімі бойынша Әулиеата уездік кеңесінің 26 мүшесінің 15-і жергілікті халық өкілдері болды. Рысқұловтың жетекшілігімен Әулиеата қаласы маңында қоғамдық тамақтандыру орындары ұйымдастырылып, онда 20 мың адамға дейін ашыққан қазақтар тамақтандырылды. 1918 жылы шілдеде Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасы болып сайланды. Уездік кеңестің сан түрлі қызметін ұйымдастыра отырып, Рысқұлов бұрынғысынша негізгі күш-жігерді ашаршылықпен күрес ісіне бағыттады. Сырттан келер көмектің жоқтығы оны тек ішкі резервтерді тиімді пайдалана білуге мәжбүр етті. Рысқұлов Әулиеата қаласының 52 орыс капиталисіне ашаршылыққа ұшыраған халықтың пайдасына 3 млн. сом салық төлеттірді. 1918 жылы қыркүйекте Рысқұлов Түркістан автономиялы Республикасының Денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалды. Бұл комиссариатқа денсаулық ісімен шұғылданумен қатар аштықпен күресу міндеті де тапсырылған еді. Аштықпен күресуге Денсаулық сақтау халық комиссариатының күш-қуаты мүлдем жеткіліксіз болатын. Сондықтан да Рысқұлов аштықпен жүйелі түрде күресу үшін, құрамына түрлі комиссариаттардың өкілдері кіретін арнайы ұйым құруды талап етеді. Осыған орай 1918 жылы 28 қарашада ерекше Орталық Комиссия ұйымдастырылып, оның төрағасы болып Рысқұлов тағайындалды. Рысқұлов басшылық еткен ерекше комиссия Түркістан автономиялық республикасының 19 уездері мен қалаларында 923 мың адамға арналған тамақтандыру орындарын ашты. 1919 жылы 14 наурызда Түркістан Республикасы кеңестерінің 7 съезінде Орталық атқару комитеті төралқасы төрағасының орынбасары болып Рысқұлов сайланды. Осы жылы 14 – 31 наурыз аралығында Ташкент қаласында болып өткен Түркістан КП-ның 2 конференциясында ОК жанынан Мұсылман бюросын құру туралы шешім қабылданды. Рысқұлов Мұсылман бюросы қызметін жандандыра түсу мақсатымен оның ұйымдастыру, редакция-баспа, мәдени-ағарту және әскери бөлімшелерін құрды. 1919 жылы шілдеде Түркістан Республикасы атқару комитеті Әулиеата және Черняев уездеріндегі саяси-әлеуметтік және ұлтаралық қарым-қатынас жайымен танысу үшін онда арнайы комиссия аттандырды. Рысқұлов төрағалық еткен бұл комиссия Әулиеата атқару комитетінің мүшелерін өз міндеттерін іске асыра алмағаны үшін қатаң сынға алып, бұл комитеттің таратылғанын жариялады. Осыдан кейін Әулиеата уездік атқару комитетінің орнына Түркістан атқару комитетінің шешімімен Әулиеата уездік уақытша Революциялық комитет ұйымдастырылды. 1920 жылы 21 қаңтарда Рысқұлов Түркістан Орталық атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Ол атқару комитетін Түркістанның тарихи-объективті жағдайы мен ерекшелігін басшылыққа алып жұмыс істейтін органға айналдырды, жергілікті халықтардың құқығын қорғайтын ұйым дәрежесіне көтерді. Атқару комитетінің төрағасы ретінде Түркістан Республиканың Конституциясына сай берілген құқықтарын пайдалана отырып орыс шаруаларының қарусыздандырылуына, олардың экономикалық жағдайының жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен теңестірілуіне, орыс шаруалары мен казактардың көшпелі халықтардан тартып алған жерлерін иелеріне кері қайтаруларына қол жеткізді. Ол Түркістан Республиканың саяси-мемлекеттік егемендігі жолында табанды күрес жүргізді. Республиканы түркі тілдес халықтардың ұлттық мемлекетіне айналдыруға, республика егемендігіне, яғни саяси, экономикалық, дипломатиялық, әскери және мәдени мәселелер бойынша нақты болуы тиіс дербестік құқықтарына ие болуға бар күш-жігерін жұмсады. 1924 жылы 4 ақпанда РКП(б) ОК шешіміне орай Рысқұлов Коминтерн атқару комитетінің құрамына қызметке жіберілді. Коминтерн атқару комитетінің Орталық-Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып бекітілді. 1924 жылы жазда Коминтерн атқару комитетінің Моңғолиядағы өкілетті өкілі болып тағайындалды. Ол онда Моңғол Халық Республикасының аяғынан нық тұрған мемлекеттік ретінде қалыптасуына зор еңбек сіңірді. Ол Моңғолия Конституциясының жобасын әзірлеуге атсалысты. Моңғолия астанасының атын Уланбатор (Қызылбатыр) деп қоюды ұсынған Рысқұлов болатын. 1926 жылы наурызда Рысқұлов Қазақстанға жіберіліп, Қазақ өлкелік БК(б)П комитетінің Баспа бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Осы жылы 19 сәуірде Рысқұлов Қазақ өлкелік БКП (б) комитеті қаулысымен «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы болып бекітілді. Көп ұзамай 31 мамырда Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің қаулысымен Ресей Федерациясы Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары болып бекітілді. Бұл қызметіне қоса Рысқұлов Түрксіб темір жолын салуда үкімет комиссиясының төрағасы болып, оны 6 жылда аяқтау орнына 3 жылда пайдалануға берілуін ұйымдастырды. Маманданған қазақ жұмысшыларын қалыптастыруға, қазақ жастарын Ресей және шет ел оқу орындарында көптеп оқытуға көп көңіл бөлді. Қазақ өлкелік БК(б)П к-тін басқарған Ф.И. Голощекиннің «Қазақстанда кіші Қазан» төңкерісін жасау идеясына ашық қарсы шықты. Кеңестік ұжымдастыру саясатының зардаптарын жою, Қазақстандағы ашаршылықтың апатынан халықты құтқару жайында И.В. Сталинге нақты ұсыныстар жасады. Бірақ И.В. Сталин Рысқұловтан гөрі Ф.И. Голощекинге сенім артатындығын танытты. Рысқұлов қолынан келгенше ашаршылық тауқыметіне ұшырағандарға жәрдем көрсетуге талпынды. 1937 жылы 21 мамырда Кисловодскіде демалыста жүрген Рысқұлов «пантүрікшіл», «халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынды. Кеңестік қуғын-сүргінге ұшыраған Рысқұлов Мәскеу түрмесінде жүрек ауруынан қайтыс болды. Рысқұловтың әйелі Әзиза да кеңестік қуғын-сүргін құрығына ілігіп, АЛЖИР-де 18 жыл айдауды бастан кешті. Ұлы Ескендір түрмеде қайтыс болды. Рысқұлов есімі КСРО Әскери коллегиясы Жоғырғы Сотының шешімімен 1956 жылы 8 желтоқсанда ақталды.

Билет

1. Әмір Темірдің Алтын Ордаға жасаған жорықтары.

Жауабы

1384-1391 ж Алтын Орда мен Моғолстанға бірнеше рет жорықтар жасады.

1390 ж жорықтардан кейін моғолстан Әмір Темірге толық тәуелділікке түсті.

1380 ж Тоқтамыс Алтын Орданың жерлерін Сарайды, Қажы-Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып алды. Сөйтіп Тоқтамыс Әмір Темірге тәуелділіктен бас тартты. 1391 ж 21 қаңтарда Әмір Темір 200 мың оған қарсы шықты. 1391 ж 18 маусымда Құндызшада Тоқтамысты жеңді. 1395 ж Терек өзенінің жағасында Тоқтамыс күйрей жеңілді.

2.1916 ж. көтеріліс жылдарындағы қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі.

Жауабы

Жетісу көтеріліс басшыларының бірі – Тоқаш Бокин үгіт жұмысына басшылық етті:

ü Соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді

ü Феодалдар тобының сатқындық рөлін әшкерелеп, патша жарлығын орындамауға шақырды.

Ол 1916 ж тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алыны, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды.

Жетісу көтерілісінің жетекшісінің бірі Бекболат Әшекеев бейбіт халықты ойрандалудан, көтерілісшілерді жазалаудан құтқару мақсатымен өкімет орындарына өз еркімен берілді. 1916 ж 9 қыркүйекте Бекболатты Боралдай асуында дарға асты.

Торғай көтерілісінің басшысы – сардарбегі Амангелді Иманов

ü Ұйымдаспаған көтерілісшілерден жүйелі әрі тәртіпті әскери организм құрды.

ü Қару өндіруді ұйымдастырды.

ü Көтерілісшілерді әскер өнеріне үйретті.

ü Көтерілісшілерді азық-түлікпен , аттармен қамтамас ететін тыл қызметін ұйымдастырды.

ü Мергендер жасақтарын құрды

ü Әскери сап құрып, калонамен жүргізді

Амангелді Торғай, Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе уездерінің, ішінара Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілерінің басын біріктірді.

Амангелдінің серігі, атақты мерген – Кейкі батыр.

Торғай даласында бірге басшылық етіп, Амангелдінің дүниетанымдылығын қалыптастыруға зор ықпал еткен досы Әліби Жангельдин. Ол көтерілісшілердің «руани көсемі» атанды.

3. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісшілер басып алған бекіністерді картадан көрсетіңіз.

Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісшілер

Жауабы:1841 ж Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісшілерСозақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністарін басып алды.

 

                                                           10-билет

1. Шығай хан тұсындағы қазақ хандығы.

Жауабы

Хақназар хан қаза болған соң оның орнына Жәдік сұлтанның баласы Жәнібек ханның немересі Шығай 1580-1582 жылдары хан болды. Ол бұл кезде сексен жаста болғанымен, қазақтардың ішінде беделді хан болды. Оның өміріне қатысты мәліметтер тарихта аз сақталған. Шығай хан қазақ хандығының сыртқы саясатындағы Хақназар хан ұстаған бағытты жалғастырды. Ол Шайбани мұрагерлерінің арасындағы қақтығыстарды қазақ мемлекетін нығайту мақсатында ұтымды пайдаланды. 1582 жылы Бұхара ханы Абдолла қазақ ханы Шығай және оның баласы Тәуекел сұлтанмен күш біріктіріп, Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығын ұйымдастырды. Баба сұлтан жеңіліп, Дешті-Қыпшақ даласына қашты, өзбек, қазақ әскерлері Баба сұлтанды Сарысуға, Ұлытауға дейін қуды. Шығай хан сол жорықта қайтыс болды. Түркістанға қайтып келе жатқан Баба сұлтанды Тәуекел сұлтан өлтіріп, басын Абдоллаға әкеледі. Қас жауын жойғанға риза болған Абдолла хан Тәуекелге Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын тарту етті. 1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа Тәуекел (1582-1598 жж.) отырды.
2.ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің даму ерекшеліктері.

Жауабы:1925 жылы желтоқсанда БКП(б) XIV съезі өтіп, онда елді индустрияландыру бағытына көшіру туралы шешім қабылданды. Бұл шешім бойынша үкіметтің алдына жедел қарқынмен аграрлы елден дамыған өнеркәсіпті елге айналдыру мақсаты қойылды. Индустрияландыру басталған кезде Қазақ АКСР-ның халық шаруашылығының жалпы өнімі 84,5%-ды құраса, ауылда тұратын халық саны 90% болды. Одақтың орталық органдары алғашқы күннен бастап Қазақ өлкесін Кеңес Одағының шикізат базасына айналдыру бағытын көздеді. Жоғарғы басшылық жер байлығын зерттеудің бағдарламасын жасап, түсті металл, көмір және мұнай өнеркәсібін дамытуды негіздеді.

1920 жылдардың соңы мен 1930 жылдардың басында Қазақстанның барлық аймағында табиғи байлықты зерттеу ісімен айналысқан экспедициялар жұмыс істеді. 1928-1929 жылдарды республикада 50-ге жуық геологиялық топ жұмыс істесе, ал 1931 жылы олардың саны 140-қа жетті.

Индустрияландырудың ең ірі құрылысының бірі – Түркістан–Сібір теміржолын салу болды. 1445 км-ге созылған Сібір мен Орта Азияны жалғайтын жол құрылысы 1927 жылы сәуірде басталды. Құрылыс бүкіл халықтық сипат алды. 1930 жылы 25 сәуірде мерзімінен 17 ай бұрын аяқталды.

Сол кезеңдегі ірі құрылыстардың қатарына Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш мыс және Ащысай полиметалл комбинаттары жатады. Сондай-ақ Текелі полиметалл, Жезқазған мыс балқыту комбинаттарының, Өскемен қорғасын-мырыш зауытының құрылысы басталды. Бұлар тек Қазақ өлкесіндегі ғана емес, Кеңес Одағындағы түсті металлургияның ірі кәсіпорындары еді.

Шымкент, Ақтөбе және басқа аудандарда химия кәсіпорындарын салу басталды. Мұның бәрі электр қуатын өндірудің көлемін арттыруды талап етті. Соған орай Қарағанды ОЭС-і, Үлбі ГЭС-і, Балқаш мыс өңдеу комбинатының ЖЭО-сы сол кездегі екпінді құрылыс бағыттарына айналды. Ембі мұнай өндіру аймағы дамыды. Бұрынғы өнеркәсіп орындары – Қосшағыл, Мақат кеңейтіліп, жаңа кен орындары – Құлсары, Сағыз іске қосылды. Қазақстан түсті металл өндіруде Одақ бойынша екінші орынға, ал мұнай өндіруде үшінші орынға көтерілді. Қарағанды Одақ бойынша үшінші көмір базасына айналды.

Индустриаландыру жылдары ірі тамақ өнеркәсібі орындары да салынды. Оларға Семей ет комбинаты, Гурьев балық зауыты, Алматы жеміс-консерві комбинаты, Жамбыл, Мерке, Талдықорған қант зауыттары жатады. Егер 1926 жылы

Қазазстанда 44 қала және қалашық болса, 1939 жылы олардың саны 81-ге жетті. Қала тұрғындарының саны 8,2%-дан 27,7%-ға өсті. Инженертехникалық, жұмысшы кадрларының білікті тобы қалыптасты. 1926 жылы халық шаруашылығында істейтін жұмысшылар саны 10,7%-ды құраса, 1939 жылы бұл көрсеткіш 33,8%-ға жетті.

Қазақстан индустриясының жетекші объектілері
Түрксіб теміржолы
Ембінің мұнай кәсіпшіліктері  
Шымкент қоғасын зауыты.
Балқаш мыс балқыту зауыты
Кенді Алтай мен Ащысайдағы полиметалл кәсіп орындары
Ақтөбе комбинаты

Сонымен қатар индустриаландырудың келеңсіз жақтары да аз емес еді. Индустриаландыруды жүйеге асыру үлкен қаржылық қорды қажет етті, ал ол қаржы ауыл шаруашылығы есебінен және ішкі несие арқылы алынды. Индустриаландырудың Одақ бойынша дамуы Қазақстан өнеркәсібін шикізат өндіру бағытында ғана дамытуға әкеліп соқты. Газ, мұнай, металл өңдейтін, машина, станок, прибор, автомобиль жасау кәсіпорындары салынбады. Қазақ Республиеасы елді электрлендіру, теміржолдар мен оны пайдалану бойынша Одақ көлемінде артта қалды. 1928-1939 жылдары Қазақстан қалаларының халқы қоныс аударушылардың есебінен ғана 1,8 миллион адамға жетті. Нәтижесінде 1920-1930 жылдары болған аштық пен қоныс аударудың салдарынан қазақтардың үлесі 1939 жылы 33,8%-ға дейін төмендеп кетті.

Индустрияландыру ерекшеліктері:

ü Өлкеде индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді

ü Білікті жұмысшы мамандар, инженер-техник қызметкерлер сырттан, негізінен Ресей Украинадан әкелінді

ü Урбандалу күшті жүріп қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді

2.Смағұл Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметі.

Жауабы:Смағұл Сәдуақасов (1900-1933) — кеңестік мемлекет, саяси, мәдениет қайраткер. Бұрынғы Көкшетау облысы, Ленин ауданы, Жарқын ауылында туған.1918-1920 жылдары «Центросибирь» кооперативтер бірлестігінде қызмет етеді.1920 жылы Орынборда Қазақстандағы алғашқы жастар ұйымының хатшысы болып сайланады.Сол жылы жаңа құрылған Қазақ Автономиялы республикасының үкімет басшылығына қызметке алынады. 1925-1926 жылдары «Еңбекшіл қазақ» («Егемен Қазақстан») газетінің жауапты шығарушысы, әрі «Қызыл Қазақстан» («Ақиқат») журналының редакторы, 1925-1927 жылдары Қазақ АССР Халық ағарту комиссары, 1927-1928 жылдары Ташкенттегі қазақ педагогика институтының ректоры қызметтерін атқарды.1928-1932 жылдары Мәскеу көлік инженерлері институтын оқып бітірген соң Мәскеу-Донбасс темір жол құрылысында инженер-құрылысшы болып еңбек етті.Мемлекеттік, қоғамдық қызметпен қоса әдеби-ғылыми шығармашылықпен айналысып, сол кезде шығып тұрған қазақ, орыс тілдеріндегі көптеген газет-журналдарда саясат, шаруашылық, ел ісі, мәде­ниет, әдебиет, өнер, тарих мәселелерін сөз еткен мақалалары жарияланды.Көркем әңгімелері де жарық көрді. Оның «Жастармен әңгіме» (Орынбор, 1925 жылы), «Ұлт театры туралы» (Қызылорда, 1926 жылы), «Қазақстандағы халық ағарту мәселелері» (Қызылорда, 1927 жылы) деген үлкенді-кішілі кітаптары жарық көрді. Сондай-ақ Қазақстандағы ұл-азаттық көтеріліс пен Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірін арқау еткен «Сәрсенбек» атты романы да бар. «Салмақбай, Сағындық» (1923 ж.), «Күміс қоңырау» (1927 жылы) повестері қазақ әдебиетіндегі проза жанрын дамытуға қосылған үлес болып табылады.С. Сәдуақасов «Еңбекшіл қазақ» («Егемен Қазақстан») басылымды екі рет (1921 жылы қаңтар — 1921 жылы ақпан және 1925 жылы қаңтар — 1926 жылы сәуір) басқарған кісілердің бірі.Смағұл Сәдуақасовтың бүкіл қайраткерлік, азаматтық болмысы жарқырай танылған кезең 1925-1927 жылдар еді. Бұл кезде ол республика халық ағарту комиссары, әрі өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі болды. Бұл кезең сонымен бірге Ф.И.Голощекиннің Қазақстан өлкелік партия комитетін басқару кезімен дәлме дәл келеді.

 

                                                               

Билет

 

1. Билердің қазақ қоғамындағы рөлі мен қызметі.

Жауабы:

Би — дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесі. Зерттеуші ғалымдардың, әсіресе, В.В. Бартольдтың пікірінше, “би” сөзі шамамен 14 — 15 ғасырларда ежелгі түркі тіліндегі “бек” атауының бір нұсқасы ретінде пайда болып, басқарушы, ел билеуші мағынасын білдірген.Ал қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде бұл атау төрт түрлі мағынада:

  1. ел билеушісі, иелік етуші;
  2. сот, төреші;
  3. батагөй, шешен;
  4. бітістіруші дипломат, елші ретінде ұғынылған.

Бидің қоғамдағы рөлін жан-жақты түсіну үшін қазақ халқының тарихи-әлеуметтік даму кезеңдерінің ерекшелігін жете ескеру шарт. Өйткені, ежелгі дәуірлерден 19 ғасырдың басына дейін қазақ қоғамы саяси потестарлы билік жүйесінің негізінде дамығаны белгілі. Ең төменгі (бұқаралық) билікті ауыл-аймаққа, ру-тайпа ішіне сыйлы, өмірлік тәжірибесі мол ақсақалдар атқарса, орта буындағы, яки, потестарлы билік тізгінін ру-тайпа басылары — билер уысына ұстады. Ал мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейдегі мәселелерді қамтитын жоғары билікті төре тұқымы —хандар мен сұлтандар иеленген. Міне, күллі қазақ қоғамының елдік тұтастығы осы соңғы екі билік жүйесінің өзара тепе-теңдігі мен бір-біріне қарама-қарсылығы принциптеріне негізделді. Әлеуметтік құрылымға арқау болған рулық-тайпалық жүйенің өзі айқын қандас туыстардың ұйымы емес, саяси-әскери және шаруашылық қауымдастық қызметін ғана атқарды. Сондықтан қоғам болмысындағы рулық негіз мемлекеттік институттардың нығайып, жеке-дара үстемдік құруына қай кезде де мүдделі болған емес. Халықтың қалың бұқарасына жақын әрі оның тікелей қолдауына арқа сүйеген потестарлы билік иелері, яки ру-тайпа басылары — билер мен батырлар хан-сұлтандардың билігін белгілі бір дәрежеде шектеп отырды. Сол арқылы олар өздерінің әлеуметтік-саяси статусын нығайтып, абырой-беделге кенелді. Әйтсе де, ерекше әлеуметтік жік ретінде билерді тарих сахнасына шығарған рулық құрылым өзіне субэтникалық-әлеуметтік топтарды тарта отырып, қоғамды ұйымдастырушылық, мемлекеттілік нышандарын нығайтушылық қызметін атқарды.

  • Біріншіден, би мемлекет басқару жүйесінде кейбір айрықша құқылар иеленді: “Жеті Жарғы” қағидаларына сай ол өзіне бағынышты ру-тайпа шегінде сот және әкімшілік билік (ханмен қатар) жүргізді. Сот төрелігін жүзеге асыратын болғандықтан, би халықтың әдет-ғұрпын, салт-рәсімін, жол-жосығын жатқа білуге, дауласқанға әділдікпен жөн сілтеп, адасқанға даналықпен жол көрсетуге, әсіресе, “тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ” деген құқықтық-гуманистік принциптен айнымауға тиіс еді.
  • Сонымен қатар би ру-тайпаның басшысы ретінде әкімшілік қызметті де қоса атқарып, өз қауымының тұрмыс-тіршілігін қадағалап, тәртіп-талабына жауапты болды. Осылайша олар билеуші хандардың халық арасындағы сенімді тіректеріне айналып, саяси бедел иеленді, сұлтандармен тең құқылы дәрежеде мемлекеттің мәселелерді талқылауға қатысты. Ел ішіне биліктілігімен, қара қылды қақ жаратын әділдігімен, тура жолдан таймайтын адалдығымен даңқы тараған Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, айыр тілді Әйтеке би, т.б. саңлақтар хан жанындағы билер кеңесінің құрамына енді. Олар нақты тарихи-әлеуметтік ахуалға қатысты жол-жоба белгілеп, заңи жосындар қабылдады, мәні ескіріп, маңызы кеміген қағидаларды елдік мүдде тұрғысынан қайта қарап, жаңасын қолданысқа енгізіп отырды. Тіпті, ханның ішкі және сыртқы саясатына, әскери доктринасына тікелей ықпал етіп, өзгерістер енгізе алған. Мәселен, 1695 ж. Қазақ Ордасында болған орыс елшілеріФ. Скибин мен М. Трошин “... Тәуке хан Қазақ Ордасының таңдаулы адамдарын өзіне шақырып алды да, біздің — Федка мен Матюшкенің — көзімізше, әлгілерден мына біздерді ұстап қала ма, әлде жібере ме, Русь қалалары мен слободкаларына соғыс ашып бара ма, әлде бейбіт тұра бере ме, соны сұрап алды” деп жазады.
  • Үшіншіден, ел тағдыры сынға түскен жаугершілік замандарда билер батыр-баһадүрлермен қатар атқа қонып, қарамағындағы тайпаластарынан жасақ құрып, мемлекет тұтастығын, ұрпақтар азаттығын қорғауға ұйытқы болған, қолбасшылық қызмет атқарған.

Төртіншіден, би — дипломат, елші. Ел бірлігіне, ұлт тұтастығына нұқсан келтірер ағайын араздығын басып, руаралық дау-жанжалдарды бітістірумен шектелмей, қазақ ұлысының көрші мемлекеттермен қарым-қатынас жасап, әр түрлі байланыс орнату ісінде де ханға көмекші әрі кеңесші қызмет атқарғаны белгілі. Мысалы, Абылай хан 1743 ж. жоңғар басқыншыларының қолына түскен кезде Қаз дауысты Қазыбек би Ресей үкіметі жолдаған секунд-майор Миллер экспедициясының құрамында елшілікке барған. Қалдан Серен қазақ еліне қадірі асқан бидің “біз, қазақ, мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, басымыздан құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз, достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз” деп тақпақтай сөйлеп, тайсалмай талап қойғанына разы болып, хан басына азаттық берген.

  • Бесіншіден, би атағы мұрагерлік заңымен берілетін лауазым емес. Көшпелілер мәдениетінің ерекше қыры — шешендік өнерді меңгермейінше, тек әдет жосындарын жетік біліп, әділет принципін ұстану арқылы ғана би атану, ел сенімін иелену мүмкін болмаған. Халық арасында бір ауыз сөзбен құн кешіп, жалғыз уәжбен дау шешкен ділмарлардың аты ардақталып, төрелік істері үлгі-өнеге тұтылған.

2.1916 жылғы Жетісудағы көтерілістің ерекшеліктері және салдары. Жауабы:Көтеріліс үдей түсіп, Шу өзені мен Ыстықкөлге жақын бүкіл аймақты қамтыды.

-10 мың астам қырғыз бен қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады.

ü Жаркент уезінде көтерілісшілер Таврия, владислав, Мащеры, Краснояр, Новокиев қоныстарын басып алды.

ü Көтерілістің ірі ошағы – Қарқара аймағы

ü Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады. 1916 ж 11 тамыз

ü Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220 жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды. 1916 ж 10-12 қыркүйек

ü Мойқұмда мерке, Әулеиата көтерілісшілері шайқасты.

ü Жетісу көтерілісінің жетекшілері: Б.Әшеекев, Т.Бокин (Верный уезі), Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықов (Қарқара), А.Қосанов (Мерке ауданы, Құрақты болысы).

Салдары

ü Түркістан өлкесінде 347 адам атылды, 168 адам жер аударылды

ü 37355 қазақ отбасыларықұнарсыз таулы аймаққа және Балқаш маңындағышөлді далаға қуылды

ü 1916 ж 9 қыркүйекте Бекболатты Боралдай асуында дарға асты.

ü Ж.Мәмбетов абақтыға қамалып, 12 басшымен бірге азаптап өлтірілді.

 

3. 1917 жылдары құрылған саяси - демократиялық партиялардың құрылған аумақтарын карта бойынша белгілеңіз.

Жауабы:

1917 ж Түркістан федералистер партиясы. Түркістанда

1917 ж күзде Үш жүз партиясы Түркістанда

1917 ж Алаш партиясы Орынборда құрылды

Билет

 

1. Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған жорықтары.

Жауабы:

1371-1372 ж Темірдің Моғолстанға алғашқы жорықтары басталды.

1371-1390 ж Моғолстанға он шақты рет жорық жасады.

1384-1391 ж Моғолстанға бірнеше рет жорық жасады.

1390 ж жорықтардан кейін Моғолстан Әмір Темірге толық тәелділікке түсті.

2.1916 жылғы Торғай облысындағы көтерілістің барысы, ерекшеліктері мен маңызы.

Жауабы:Торғай көтерілісі

Торғай көтерілісінің ерекшелігі

· табанды болып, ұзаққа созылды

· билік көтерілісшілердің қолына көшіп, бір орталықта жүргізілді

· басқарудың тәртіпке келтірілген жүйесі болды.

Торғай облысындағы көтерілістің барысы

Ø 1916 ж қыркүйек көтерілісшілер саны -20 мың

Ø 26 қарашада – 50 мың-ға жетті

Ø 1916 ж 22 қазан Амангелдінің басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді. Амангелді Т қоршауды тоқтатып, жазалаушы әскерлерге қарсы қозғалады. Түнқойма пошта станциясы маңында жазалау отрядына шабуыл жасап, артынша көтерілісшілерді аман сақтау үшін қашыққа шегініп кетеді.

Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабына орналасқан Батпаққара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті.

Торғай көтерілісінің басшысы – сардарбегі Амангелді Иманов

ü Ұйымдаспаған көтерілісшілерден жүйелі әрі тәртіпті әскери организм құрды.

ü Қару өндіруді ұйымдастырды.

ü Көтерілісшілерді әскер өнеріне үйретті.

ü Көтерілісшілерді азық-түлікпен , аттармен қамтамас ететін тыл қызметін ұйымдастырды.

ü Мергендер жасақтарын құрды

ü Әскери сап құрып, калонамен жүргізді

Амангелді Торғай, Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе уездерінің, ішінара Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілерінің басын біріктірді.

Амангелдінің серігі, атақты мерген – Кейкі батыр.

Торғай даласында бірге басшылық етіп, Амангелдінің дүниетанымдылығын қалыптастыруға зор ықпал еткен досы Әліби Жангельдин. Ол көтерілісшілердің «руани көсемі» атанды.

Тарихи маңызы

· Қазақ халқының таптық санасы өсті

· Қазақстан халықтары ұлттық мүделерінің ортақтығын тұңғыш рет ұғынды

3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.

Жауабы:

 Арал апаты. Өзбекстан мен Қазақстан жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл арал теңізі деп аталады. Арал теңізі 1960-1970 ж дүниежүзілік теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатса, 1998 ж 18 м төһмендеген. Соның салдарынан теңіз 2 суайрыққа бөлінді Үлкен арал және кіші арал 1992 ж. Арал теңізінің тарылуына Арал апаты пайда болды.

Теңіздің жиегінен 400 шақырымға созылған «тұзды бұлт» өсімдіктер мен жануарлар түрлерін азайтты. Теңіз түбінен 70 млн тонна улы шөгінділер көтеріліп, тұзды шаңға айналып, егістіктер мен жайылымдарды улап, адам денсаулығына үлкен қауіп төндіріп отыр.

                                                         13-билет

1. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.

Жауабы:

Шетелдік интервенция мен, азаматтық соғысынан кейінгі өлкедегі шаруашылық көріністері:

· 307 кәсіпорындарының 250-і жұмыс істемеді

· Өнеркәсіп өнімі 6,3 % болды

· Егіс көлемі Оралда 2 есе, Жетісуда 3 есе қысқарды.

· Мал саны 29,9 млн-нан – 16,3 млн-ға кеміді.

 

1921 жылы 8-16 науырызда РКП (б) Х съезі өтіп, онда жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды.

ЖЭС-тің мәні:

ü азық-түлік салғырты азық-түлік салығымен ауыстырылып, еңбек міндеткерлігі жойылды;

ü сауда жасауға, жерді жалға алу, жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат етілді;

ü кооперация мен шаруашылық есепке еркіндік берілді.

2.Әбілхайыр ханның Ресей патшалағымен жүрізген келіссөздерінің мәні мен сипаты.

Жауабы:

Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан (1680-1748) Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды.

Әбілқайыр ханның мақсаттары:

ü Қалмақтар мен башқұоттардың Қазақ жерін шабуылдарын тоқтату

ü Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу

ü Ең басты мақсаты жоңғарларға қарсы күресте ресеймен байланысм орнату.

Әбілқайыр хан 1726 ж Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдіріп, елшілерін жіберген болатын. Бірақ елшілікке күманданған патша үкіметі хан ұсынысын жауапсыз қалдырған болатын.

ü 1730 ж кіші жүз ақсүйектерінің талабы Ресеймен әскери одақ құру

ü Әбілқайырдың талабы Ресейдің құрамына кіру

1730 ж қыркүйекте Петербургке аттанған елшілер Сейтқұл Қойдағұлұлы мен Құтлымбет Қоштайұлына Ресейдің құрамына кіру туралы құжат тапсырылды.

ü 1731 ж 19 ақпан кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысымен императрица Анна Иоанновна қабылдады.

Тевкеелев қазақ жеріне жіберілді.

1731 ж 10 қазанда кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қол астына кіруге ант берді.

Патша үкіметінің мақсаты

ü Жоңғар соғыстарын пайдаланып, қазақ жеріне бекіністер салып алу

3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.

Жауабы:

1932—1933 жылдардағы ашаршылық .Шабындық және егістік жерді қайта бөлу, тәркілеу, азық-түлік салығы, күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру барысындағы зорлық-зомбылықтардан көп азап шеккен ең алдымен қазақ халқы болды. Бар дүниесінен, мал-мүлкінен, құрал-саймандарынан, тіпті жертөлесінен де айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырап, босқын күйге көшті.

Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4,5 млн бас еді. 1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды.

Өлкелік партия комитетінің Торғай ауданындағы уәкілі 1932 жылдың қыркүйегінде мұнда әр адам басына орта есеппен 56 килограмм ғана астық және бір ғана мал калғанын, ал бұлар алты айдан кейін мүлде таусылып, қаңтардың соңына қарай, қыстың кақаған, сары аязында нағыз қиямет-қайым орнайтынын алдын ала ескертіп, дабыл қақты. Ол сонымен бірге кейбір толық емес мәліметтер бойынша ауданда ең кемі 2042 адам аштық құрбаны болғанын, ал 8500 адам аштан өлейін деп жатқанын Құрамысов пен Кахианидің, Исаев пен Құлымбетовтың аттарына жолдаған ресми мәлімдемесінде ашық айтты. Анадан туғандай тыржалаңаш, аш адамдардың дала төсінде босып сандалып жүргендерін, басқасын былай қойғанда, олардың даладағы атқұлақ пен сарышұнақты түгін қалдырмай жеп койғанын жазды. Осындай қайғылы жағдайдың көрші Батпаққара ауданында да кеңінен орын алып отырғаны да айтылды.Голощекин қазақ даласындағы жағдайды өзі жіберген уәкілдері арқылы жақсы біліп, толық хабар алып отырды. Арнайы тапсырмамен Сарысу ауданында болған О.Жандосов мынадай мәлімет берді:
«Ауылдарды аралаған кезімде мен ондаған күндер бойы жерленбеген мәйіттерді кездестірдім... Әйелдер жоқшылық пен аштыққа төзімділеу. Еркектердің бірден ұнжырғасы түсіп кетеді. Күйзелгендер қолдарына не түссе де түк қалдырмай жеп қояды. Сүйек-саяқты жинайды, оларды жүрек жалғау үшін ондаған мәрте қайнатады. Тамақ орнына жартылай өңделген терілер де кете береді. Мен иттің етін жеген және онысын жасырмайтын бірнеше адамдарды кездестірдім. Оныншы ауылдан келе жатқан жолымда елсіз жапаннан екі жасөспірімді көрдім, Олар қайдағы бір ескі жұрттағы, атылған иттердің терісін алу үшін қалған өлімтіктеріне бара жатыр екен. 5-ауылда аштықтан жартылай ісінген, аяғы ауыр әйел маған жақын келіп, оған ит атып беруімді өтінді».Голощекиндік геноцид қазақстандықтарды, ең алдымен, қазақ халкын аштыққа және босқындыққа ұшыратты.

                                                        

                                      

Билет

1. Абылай хан (мемлекет қайраткері, саясатшы, дипломат)

Жауабы: Абылай хан, Әбілмансұр — Ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Ол 1711 ж. (орыс деректерінде 1713) өмірге келген. Арғы тегі – Жошы хан, бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай, жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, Қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады.Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай 20 жасында қан майданда ерлігімен танылған. 1730 – 33 ж. аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде: күйеу баласы) Шарышты өлтіреді.Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап шапқан Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 1730 – 40-жылдардағы сұрапыл соғыс шайқастарында ерекше көрінді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай, т.б. қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады. Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Абылайдың қолына көшеді. 1738 – 41 ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншыларына бірнеше мәрте соққы берді. 1741 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау қолына түсуі қазақ қоғамында үлкен абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналады. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5-қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады.Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломатиялық жолдарды да тиімді пайдаланды. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісімін білдірді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың (Қытай) империясымен де қарым-қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер (1757 – 77 ж. Пекинге 10 елшілік жіберген) аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдайлармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті.Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан жаулармен ымырасыз күрес жүргізді. 1754 – 55 және 1764 ж. қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ пен Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу және Шу бойында талқандайды. Осы себепті Абылай 1755, 1765 жылдары Қырғыз ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен қырғыздың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын бекітеді.Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765 – 67 ж. Абылай қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды.

Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында «Шаңды жорық» деген атпен белгілі. Бұл 1771 ж. Еділ қалмақтарының (170 – 180 мың адам; 40 мыңдай әскері бар) жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде Абылай бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды. Осы кезде қалмақ басшылары Ұбашы мен Серен бітімге келуді, бүкіл ел жұртымен бодандыққа қабылдауды сұрап, елші жібереді. Кіріптар ұсынысты талқылау үшін шақырылған әскери кеңесте Абылай тағы да көрегендік танытып, жеңілген жауды қырып-жоюдың қажеті жоқ екендігін дәлелдеуге тырысады. Еділден ауған қалмақпен келіссөзге келіп, тым құрыса олардың Жоңғарға еркін өтіп кетуіне мүмкіндік беру жөніндегі Абылай түйінінің арғы жағында шығыстағы ұлы көршімен болашақтағы қарым-қатынасты ойлау жатыр еді. Жоңғардан азат етілген шығыстағы жерлерге қазақ ауылдарын апарып түпкілікті қоныстандыру да Абылай саясатының тереңдігін, кемеңгерлігін айқын көрсетеді. Абылай соғыс жағдайына сай қол астындағы елде, әсіресе әскер ішінде қатаң тәртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің ел-жұрты мен ата-мекенін қорғау рухы жоғары, ұзақ жорықтарға шыдамды, шайқас даласында тегеуріні қатты болған. Абылай сан жағынан әлдеқайда басым жаумен шайқасудан еш тайынбаған және көбіне үстем шығып отырған. Абылай қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды.1771 ж. жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының (хандығының) ұлы ханы болды.Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат ұстанды; Ауған шаһы Ахмет Дурранимен келіссөз жүргізді; Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен қатынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 ж. қазан айында Петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Пугачев соғысы кезінде үш мың әскерімен «Қасірет белдеуі» («Горькая линия») бойындағы орыс бекіністерін шапты.Абылай өмір жолын ат үстінде жорықтарда өткізіп, Арыс өзені (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы) жағасында 1781 ж. 23 мамырда қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадында Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символына, жауынгерлік ұранға айналды.

2.ХХ ғ. басындағы ұлт – азаттық қозғалысындағы қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі.

Жауабы:Ұлттық-отаршылдық езгінің күшеюі, өлкеге капиталистік қатынастардың енуі, патша өкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ халқының ұлттық сана-сезімін өсірді. Қазақ халқының отарлық езгіге қарсы белсенді әрекеттері күшейе түсті.

Қазақ зиялылары қазақ халқының империя құрамында өзгелермен тең құқықты болуына қол жеткізу жолында күресті. Олар қазақ мемлекеттілігін қалпына келтірудің әдіс-амалдарын қарастырды, өз халқының отаршылдық езгіден азаттық алу жолындағы күресіне көмектесуге ұмтылды. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, М. Шоқай, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ә. Ермеков, Ж. Ақбаев, О. Әлжанов, т.б. танымал тұлғалар ұлтты басқа халықтармен терезесі тең даму жолына бастай білді. Ұлт зиялылары қазақ қоғамының оянуына жәрдемдесіп, халықтың құкықтық, эстетикалық санасы мен өнегелі ой-өрісіне зор ықпал етті. Олар өз үлгі өнегесімен қазақтың болашақ қоғам қайраткерлері М. Жұмабаев, С. Сәдуақасов, Қ. Кемеңгеров, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, А. Сейітов, X. Болғанбаев сияқты көптеген жас ұрпақты тәрбиелеп өсірді.Қазақ зиялылары өздерінің мақалалары мен шығармаларын Қырым татарларының «Тәржіман», Еділ бойы татарларының «Ихтисад», «Шора», «Уақыт» және «Жұлдыз» сияқты басылымдарында жариялады. Онда патша үкіметі әкімшілігінің қазақтардың ежелгі заманнан бергі ата қонысын тартып алып, оларды жаппай қуып шығу саясатын сынады. Мақала авторлары сонымен қатар қазақ халқына христиан дінін күштеп таңып, оларды шоқындыруға, қазақтардың ана тілін қолданыстан ығыстырып шығаруға тырысқан келеңсіз әрекеттерге қарсы күресті.«Қазақ» га­зеті ап­та­лық ба­сылым бо­лып шықты. 1913 жылғы ақпан­нан 1918 жылғы қаңтарға дейінгі ке­зең ішінде 3000 да­на та­ралым­мен 265 нөмірі жа­рық көрді. Же­келе­ген нөмірлері 8000 да­наға дейін же­тетін та­ралым­мен шықты. Ре­дак­ци­ялық алқа 1914 жылғы жаңа жыл­дық 45-нөмірінде га­зетті 10 об­лыстың қазақта­ры жаз­ды­рып ала­тынын ха­бар­лаған. Бұған қоса оны Орын­бор, Уфа, Қазан, Пе­тер­бург, Мәскеу, Томск қала­ларын­дағы, басқа да бірқатар қала­лар­дағы, сон­дай-ақ Түркия мен Қытай­дағы оқыр­мандар алып тұрды.«Қазақ» га­зетінің ре­дак­то­ры Орын­борда ай­да­уда жүрген кезінде сол кез­ге қарай ағар­ту­шылық қозғалыс­тың та­нымал көшбас­шы­сы болған, аса көрнекті ақын, көсемсөзші, түркі тілінің ма­маны, ой-өрісі кең және ұлт да­му­ының жол­да­рын көре білген жа­лын­ды қоғам қай­рат­кері Ах­мет Байтұрсы­нов бол­ды. 1914 жылғы 19 ма­мыр­да Бас­пасөз істері жөніндегі бас басқар­ма­ның кеңсесі М. Ду­латовқа «Қазақ» га­зетінің екінші жа­уап­ты ре­дак­то­ры міндетін атқаруға рұқсат етті. «Қазақ» га­зеті 1918 жы­лы (№№261 – 265) Жанұзақ Жәнібе­ков­тың ре­дак­ци­ялауымен шықты.XX ғасыр­дың ба­сын­дағы де­мок­ра­ти­яшыл қазақ зи­ялы­лары­ның бүкіл азат­тық қозғалы­сы сияқты, бұл га­зеттің де же­текші бағытын белгіле­уде қазақ халқының бос­тандығы жо­лын­дағы аса көрнекті күрес­кер, са­ясат­шы, эко­номист, та­рих­шы, эт­нограф, әде­би­ет­та­нушы, ста­тис­тик-со­ци­олог, көсемсөзші, эн­цикло­педи­ялық тұрғыдағы ғұла­ма Ә. Бөкей­ха­нов зор рөл атқар­ды.Біртұтас бо­лып біріккен үштік – А. Байтұрсы­нов, М. Ду­латов, Ә. Бөкей­ха­нов қалың қазақ елінің мүддесін білдіріп, оның шам­шы­рағы болған ғасыр­дың ұлттық га­зетін құра білді.

3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.

Жауабы: Қазақстандағы лагерьлер жүйесі

1930 ж. мамыр айында КСРО ХКК “Қазақстанда еңбекпен түзету лагерін құру (ҚазЕТЛАГ) туралы” қаулы қабылдады. 1931 ж. 19 желтоқсанда шешім шығарылып, “Ги­гант” совхозы ОГПУ-дің Қарағанды жеке еңбекпен түзету лагері болып қайта құрылды, қысқаша “Қарлаг ОГПУ” аталған бұл мекеменің “Долинское” селосында басқармасы орна­ласып, ГУЛАГ-қа тікелей бағындырылды. Қарлагтың солтүстіктен оңтүстікке дейінгі аумағы — 300 км, шығыстан батысқа — 200 км.

Қарлагқа қоныстанушылар 1930 жылдары бұрынғы партия өкілдері, кулактар мен байлар, сондай-ақ, айыпты боп табылған жұмысшылар мен шаруалар болды. Қарлаг өмір сүрген уақытта онда 1 млн. тұтқын тіркелген: тұтқындар құрамы үнемі өзгеріп отырды: жаңадан лек-легімен адамдар әкелініп, этаппен өзге лагерьлерге жөнелтіліп жатты. ГУЛАГ жобасы бойынша Қарлаг 32 мың тұтқынға арналған, ал шын мәнінде мұнда 75 мыңдай адамға дейін ұсталды. Тұтқындар санын арттыру Қарлагқа жүктелген халықшаруашылық міндеттерімен — Қарағанды көмір алабын игеру, Жезқазған және Балқаш металлургия комбинаттарының құрылысымен тығыз байланысты болды. Алайда тұтқындардың негізгі бөлігі ауыл шаруашылығы жұмыстарына тартылды. Лагерь тұрғындарының ауыл шаруа­шылығында 98,5%-ы, ал өнеркәсіпте — 41,5%-ы істеді. Қарлаг әкімшілік жағынан 1931 ж. 14 бөлімше, 64 участокке бөлінсе, 1941 ж. — 22 бөлімше, 159 участок болды, ал 1953 ж. — 26 бөлімше, 192 лагерь нүктелері белгіленді.

Қарлаг жүйесінде мал шаруашылығы фермаларымен қатар, жеміс-көкөніс өсіру, жер жырту, кірпіш зауыттары, әк өндіру карьерлері, тас көмір шахталары болды. Тұтқындар Балқаш мыс қорыту зауытының құрылысында, МАЭС-те, темір жол желілерінде еңбек етті.

30-жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңінде Отанға опасыздық жасағандардың отбасы мүшелерін қоғамнан аластауға арналған лагерь (ЧСИР) құрылды. Қазақстанда Отанына опасыздық жасағандар әйелдерінің лагері (АЛЖИР) жұмыс істеп тұрды.

1938 ж. 6 қаңтарда “Р—17” еңбекпен түзету лагеріне (Ақмола облысы) 1-ден — 3 жасқа дейінгі балалары бар 50 әйелден тұратын алғашқы этап келіп түсті. Әйелдерді елдің түкпір-түкпірінен жинаған. Бұлар қуғын-сүргінге ұшырағандар отбасыларының өкілдері еді.

Алжир (Отанына опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері) тұрғындарының арасында С.Сейфуллин, Б.Майлин, Ж.Шанин, Х.Баяубаев, Т.Рысқұлов, Т.Жүргенов, С.Мең­дешев, М.Тәтімов, Ж.Садуақасов, С.Есқараев, С.Асфендияров, Н.Нұрмақов, К.Сар­молдаев, т.б. көптеген белгілі адамдардың әйелдері болды.

Алжир ерекше жағдайдағы лагерь болды: күшейтілген күзет, қатаң тәртіп пен субординация, жоғары тұрған ұйымдардың бұйрығын қалтқысыз орындау, т.б. 4 жастан асқан балалар анасынан ажыратылып, балалар үйіне жіберілді.

Соғыстан кейінгі кезеңде тұтқындардың жаңа категориясы пайда болды: бұрынғы әскери тұтқындар, басқыншыларға көмектескендер, жер аударылған халықтар, тұтқын немістер мен қылмыскерлер үшін КСРО УІМ мен МҚК-інің ерекше лагерьлері құрылды. Мұндай лагерьлер қатарына Қазақстандағы Далалық лагерь жатады. Далалық лагерь тұтқындары “Қазмысқұрылыс” тресі мен Жезқазған руда басқармасында жұмыс істеді.

1940 ж. Кеңгір өзенінің жағасында, бұрынғы пионер лагерінің орнында КСРО НКВД-сінің ірі лагері ұйымдастырылып, Жезқазған қаласының құрылысына бағытталды. 1948 ж. Жезқазғанда, Байқоңырда, Қарсақбайда, Жезді марганец кенішінде, Қорғасын, Кеңгір бө­лімшелері Далалық лагерьдің орталығына айналды. Лагерь тұтқындары ірі халық­ша­руа­шылық объектілері құрылысында ауыр дене еңбегін атқарды, жұмыс күнінің ұзақтығы 10 сағатқа созылды, емдеу-сауықтыру шаралары мүлдем болмады.

Әсіресе Кеңгірдегі 3-бөлімше айрықша белгілі болды. Мұнда 1954 ж. мамыр айында тұтқындар көтеріліс жасады, басқа ерекше лагерьдегілер сияқты, Далалық лагерь де Ста­лин­нің өлімінен кейін өзгеріс болады деп күткен еді. Алайда, рақымшылық жайлы жарлық ерек­ше лагерьлер жүйесіне қатыссыз болды. 1954 ж. 25 мамырда 3-бөлімше адамдары — 4 мың жұ­мыскер жұмысқа шығудан бас тартты. Бүлік бір айға созылды, тұтқындар қарсылығы 1954 ж. 26 маусымда лагерь зонасына әскер және танк енгізу арқылы әзер басылды.

Өзге лагерьлерге қарағанда бұл лагерьлер өнеркәсіптік профильде болды. Ел еңбекпен түзеу лагерьлеріндегілер еңбегін тоталитарлық экономика үшін пайдаланды. Халықшаруа­шылық жоспарын жасағанда ГУЛАГ экономикасы жеке есептелетін. Лагерьлер толық шаруашылық есеп жағдайында болды, тұтқындар өз еңбегімен тапқан табыстарына асырап-сақталды.

Тұтқындар қатары жаппай қуғын-сүргін кезеңінде айтарлықтай өсті. Әсіресе 1937—38 жылдары шырқау шегіне жетті. Қуғын-сүргінді үш кезеңге бөліп қарастыруға болады:

І — 1928—1931 жж.: қуғын-сүргінге негізінен ұлттық интеллигенция өкілдері, бұрынғы “Алаш” партиясының мүшелері, зорлықпен жүргізілген ұжымдастыруға қарсы болғандар ұшырады.

ІІ — 1937—1938 жж.: “Алаш” партиясының бұрынғы мүшелері болған ұлттық ин­телли­ген­ация өкілдері, БК(б)П бағытынан ауытқыған кеңестік партия қызметкерлері қамалды және атылды.

ІІІ — 1948—1950 жж.: партияның идеологиялық бағытымен көзқарастары үйлеспеген ғылыми және көркемөнер интеллигенциясының өкілдері қуғындалды.

 

                                                      15-билет

1. Мөде тұсындағы Ғұн мемлекеті.

Жауабы:

Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы Мөде шаньюй. Б.зб 2 – б.з.б 1ғғ ғұн тайпалары бір мемлекетке бірікті. Аумағы – Байкал – Тибет тауы, шығыс Түркістан –Хуанхенің орта ағысы

Мөде әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырды. Мемлекет 3 бөлікке бөлінді

ü Оң қанат

ü Сол қанат

ü Орталық қанат

Мөде ғұндарды күшті державаға айналдыру үшін әскери реформалар жүргізді. Мөденің басшылығымен ғұндар өздерінің оңтүстігіндегі дунхуларды талқандады. Олар Саян-Алтай тайпаларына және Үйсіндерге шабуыл жасап, өзіне қаратты. Мөде батыста Юечжи тайпаларына жорық жасап, оны бағындырды. Б.з.б. 200-ші жылдары ғұндар Ордосты қаратып алды, Қытай Хань әулетінің негізін қалаушы Лю Баньмен соғысып оны жеңді. ¥лы Қытай қорғаны салынуының бір себебі осы ғүндардың шабуылынан қор-ғану амалы еді. Қытайдың "Жылнама" атты байырғы кітабында айтылатын "тұрағы жоқ, үйі жоқ ғұндар бәле болды ғой" деп келетін жолдар ғүндардың Қытай еліне қатты қауіп төндіргенін көрсетеді. Б.з.б. 188 жылы Мөде мен Қытайдың Хань императоры Гаоцзу "тыныштық және туыстық" жайлы шартқа қол қойды. Мөде Қытай ханшасын өзіне әйелдікке алды, сонымен бірге Хань империясы ғүндарға жыл сайын салық төлеп түруға тиісті болды. Ғүндардың жүргізген жаулап алу соғыстарының нәтиже-сінде Забайкальеден Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта бойына дейін созылып жатқан жердің бәрі олардың қол астына көшті. "Ғұн державасы" орасан зор үлкен болғанымен оның осал ұрымтал жері де бартын. Мүның өзі олардың арасындағы берік бірліктің болмауымен байланысты еді. Осыдан келіп б.з.б. 59 жылы ғұндардың өз арасында соғыс басталды. Ғүндардың өз іштерін-дегі болып жатқан мүндай талас-тартыстарды Қытай мем-лекеті пайдаланып қалуға тырысты. Қытайлар үйсіндермен одақтаса отырып, ғұндарға қарсы бірнеше шабуыл ұйымдастырды.

2.Патша үкіметінің 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс кезіндегі жазалау шараларына талдау жасаңыз.

Жауабы:Көтеріліс орталықтарын басып-жаныштаудан кейінгі қарусыз, бейбіт қазақ халқын жазалау, алаш қайраткерлерінің қаупінің орынды екенін растады. Жазалаушы экспедициялар жергілікті халықты қырып-жоюға тұрақты армия және казак бөлімдері, қаруланған қоныс аударушылар қатысты. Жүздеген қазақтар өлтірілді, сусыз даламен шөлді жерлерге, тауға ығыстырылды. Аштық пен суықтан қырылды. Генерал губернатор курапаткин бекіткен сот үкімдерімен 1917 ж 1 ақпанда Түркістан өлкесінде өлім жазасына 347, каторгалық жұмыстарға 168, түрмеге 129 адам кесілді.

Жетісу көтірілісінде қарсы патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді:

o 14 батальон

o 33 жүздік

o 42 зеңбірік

o 97 пулемет

 

1916 ж қазан патша әкімшілігінің «Қырғыздарды көшіру туралы» шешім шықты.

Ø Пішпек, Пржевальск, Жаркен уездеріндегі шұрайлы жерлердің 2 млн 510 мың 360 десятина тартып алынды.

Ø Жетісудағы 238 мың астам қазақтар мен қырғыздар жазалаушылардың қудалауымен Қытайға өтіп кетті.

Ø 37355 қазақ отбасылары құнарсыз тауға н/е Балқаш маңындағы шөлді жерге қудаланды.

Ø 1916 ж 9 қыркүйекте жазалаушылар Бекболат Әшекеевті Боралдау асуында дарға асты.

Ø Жәмеңке Мәмбетов абақтыға қамалып, 12 басшымен бірге азаптап өлтірілді.

 

Патша өкіметінің жазалаушы шараларының салдары.

                     

  Жазалаушы экспедициялар Бейбіт халық пен көтеріліске қарсы террорлар Өз жақтарына феодалдықты тарты

 

  салдарлары

 

 

  Туған жерден қуу. Жерді тартып алу. Қытайға қоныс аудару. Мал басының азюы.

 

3. Суреттегі оқиғаны сипаттаңыз.

Жауабы: Семей полигоны

КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.Сынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Сары-Өзен», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды. Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.

Сутегілік құрылымы РДС-2 бұйымы дегеннің қуаты жағынан соған дейін болып көрмеген. Жарылысы 1953 жылғы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегін тетірентті. Оның қуаты 480 килотонна еді. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке көтерілді. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрды. 1955 жылы 22 қарашада ТУ-16А әскери бомбалағышы Семей полигонының үстінен ұшып бара жатып, жаңадан жасалған қуаты 1,7 мегатонна болатын, термоядролық РДС-37 зарядын тастады. Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың соққы толқыны мен жер қабатының дірілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен Ресейдің көршіліс аймақтарында сезілді. 1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды. Осынау жарылыстың салдарынан бір көздері жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналды. Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатты. 1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізді. Үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылды. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатқан. Содан пайда болған радиоактивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты бүркеді. Бұл аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15-20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті.

Невада – Семей :1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш ретКСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылды.

Билет

1. Қазақстандағы этно - саяси бірлестіктердің қалыптасуы.

2. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың тарихи портретін жасаңыз.

3. 1920-1930 жылдардағы Қазақстан мәдениетіне арналған кестені толтырыңыз.

Жоғары оқу орындары Ғылыми мекемелер Өнер ошақтары
  1919-20 жылдары Орынборда, Қызылордада, Семейде ағарту институттары ашылды, мысалы 1920 жылы Түркістан мемлекеттік университеті (кейінірек Ортаазиялық университет). 1920 жылы Ордада Бөкей ағарту институты ашылды. 1921 жылы Орынборда (кейін Қызылордаға ауыстырылды) және Верныйда – қазақ халық ағарту институттары ашылды. Қазақстанның бірінші жоғары оқу орны – Қазақ педагогикалық институты – 1928 жылы Алматыда ашылды. Бұдан кейін 1929-1931 жылдары Алматы зоотехникалық-малдəрігерлік, ауылшаруашылығы және медициналық жоғары оқу орындары ашылды. 1931-1932 жылдары Орал жəне Қызылорда педагогикалық институттары ашылды.1930 жылы Қазақ ауыл-шаруашылық институты ашылды.   Өлкелік өсімдік қорғау станциясы (1924 ж.), Тыңайтқыштар және агротопырақтану ғылыми-зерттеу институты (1926 ж.), қалаларда тәжірибелік егістіктер мен станциялар құрылды. Денсаулық сақтау халкомының қасынан 1925 ж. Санитария-бактериологиялық институт ашылды. 1926 ж. КСРО Ғылым академиясының қасынан академик А.Е.Ферсманның басқаруымен одақтас және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі Ерекше комитет ұйым­дас­ты­рылды. Ол ҚАКСР-ін кешенді зерттеудің бесжылдық жоспарын жасады. Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін 1926—1927 жж. КСРО ҒА-ның қазақстандық экспедициясы ұйым­дас­тырылып, ол жекелеген отрядтар арқылы өлкені статистикалық-экономикалық, геоло­гиялық және гидрогеологиялық жағынан зерттеу жүргізді. 1932 ж. КСРО ҒА-ның қазақ­стандық экспедициясы отрядтарының негізінде сегіз жаңа экспедиция ұйымдас­тырылды. Мысалы: Орал-Ембі физикалық-химиялық экспедициясы, Алакөл экспедициясы, Мұғалжар био және физикалық-географиялық экспедициясы және т.б.   1920 жылы Верныйда басты міндеті — саяси плакаттар шығаруға арналған көркемөнер шеберханалары ашылды. 1928 ж. ҚАКСР Ағарту халкомы Қазақстан, Сібір және Урал суретшілерінің жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. ХХ ғ. 20 жж. соңына қарай Әбілхан Қастеевтің де шығармашылық жолы басталады. 1919 ж. Ақмолада музыкалық мектеп, ал келесі жылы театр, музыка және би үйірмелері бар Халық үйі ашылды. 1919 ж. Верныйда жергілікті гарнизонның мәдени ағарту кол­легиясы жанынан П.М.Виноградовтың бастамасымен Қызыләскерлер хоры ұйымдас-тырылды. Ұзамай-ақ қалада әскер бөлімдері мен парктерде ойнайтын симфониялық оркестр жұмыс істей бастады. 1920 ж. Орынборда музыка мектебі мен музыка кітапханасы, сондай-ақ, халық аспаптары оркестрлері үшін көркемдік репертуар құрастыратын комиссия ұйымдастырылды. Петропавлда осы жылы халықтық консерватория ашылды.

Жауаптары:

1. Қазақстандағы этно - саяси бірлестіктердің қалыптасуы.

  1. Сонымен Алтайдан Еділге дейін, Оңтүстік Сібірден Сырдарияға дейінгі кең-байтақ қазақ жерінде өмір тек антропологиялық ұқсастығы ғана күшейіп қоймай, этникалық жағынан да байланыстары дами түсті.

  2. Б.з.VI ғасырынан бастап оңтүстік аймақта шығыстан, Алтай, Сібір жақтан келген түркі тайпаларының басымдылығы байқалады. VI ғасырда Қазақстан жері түгелдей құдіретті бір түтас мемлекет – Түркі мемлекеттерінің құрамына кірді. Осы мемлекттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсіресе екі мемлекеттің тарихи рөлі ерекше болған. 1) Қарахан мемлекті. Бұл мемлекеттің кезінде халық болып қалыптасу пісіп – жетіліп, қалалық өмір өркендеп, отырықшылық жанданып, қолөнер дамып, көрші жатқан елдермен сауда қатынасы артып, жалпы мәдени экономикалық дамуы өскен. Алғаш рет ислам дінін – мемлекттік дін ретінде қабылдаған. 2) Қыпшақ хандығы (ХІ – ХІІІ ғғ.) Ертіс пен Еділ арасындағы кең жерді иемденді. Хандықтың құрылуына байланысты этникалық процестер жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Бұл кезде қазақ тілінің негізі – әдеби қыпшақ тілі құрылып, сонымен бірге қазақтардың өзіне тән ретінде маңызды рөл атқарды, «Қазақ» сөзінің шығу тегінің өзі қыпшақтар мекен еткен аймақтарда пайда болды.

  3. Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын шапқыншылықтар болғанымен халық болып қалыптасудың негізгі шарты тіл бірлігі жойылмады. Керісінше, уақыт өткен сайын моңғол – шапқыншылығының өздері жергілікті халықтың түркі тіліне, әдет-ғұрпіна, салт-санасына көшіп XV ғ. толық түркіленіп кетеді.

  4. Осындай сапырылыс кезеңде шығыстан кидандар (қарақытайлардың) шапқыншылығы болып, Қарахан мемлекетінің жағдайы нашарлады. ХІІІ ғасырдың басында енді дамып келе жатқанда монғол шапқыншылығы басталады, сөйтіп халық болып қалыптасу процесі тоқталады. Халық болып қалыптасу процесі XV ғасырға дейін, немесе 200 жылдай уақытқа кешеуілдейді.


3 – топ.

 


  1. Этносаяси қауымдастық деп белгілі бір тарихи аймақта құрылған хандықтың тұрғындарын айтамыз. Олар әлі халықтық дәрежеге жетпеген, жеке-жеке ру-тайпалар бірлестігінен құрылған.

  1. XV ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанда өмір сүрген хандықтардың этникалық құрамы тілі жағынан, түр-тұрпаты, шаруашылығы, әдет-ғұрпы, салт-санасы жақтарынан бір-біріне ұқсас болған. Олар «92 баулы өзбектер» шежіресі бойынша, 92 тайпадан тұрған. Мәселен, олардың ішінде қазақ халқының құрамына атақты қыпшақ, найман, үйсін, қоңырат, қарлұқ, керей, тағы басқа тайпалар кіргенсүрген ру-тайпалардың

 


Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың

қалыптасуының сызбасы.


Андроновтық тайпалар.

(б.з.б. ІІ – І мыңжылдықтар)


Сақ тайпалары.

(б.з.б. VIII – IV ғғ.)


Үйсін, қаңлы тайпалары.

(б.з.б. ІІІ – І ғғ.)


Ғұндар.

(б.з.б. ІІІ басы – б.з. І соңы)


Түрік дәуірі.

Атауы Өмір сүрген уақыты
Түрік қағанаты 552 – 603 жж.
Батыс Түрік қағанаты 603 – 704 жж.
Түргеш қағанаты 704 – 756 жж.
Оғыз мемлекті ІХ ғ.соңы – ХІ ғ.басы
Қимақ қағанаты ІХ ғ.соңы – ХІ ғ.басы


Дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер.

Қарахан мемлекеті 942 – 1212 жж.
Наймандар, керейттер,жалайырлар ХІІ ғ. – ХІІІ ғ.басы
Қарақытайлар 1125 – 1212 жж.
Қыпшақтар ХІ – ХІІІ ғасырдың басы


XIII – XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан.

Атауы Өмір сүрген уақыты
Алтын Орда XIII ғ.ортасы – XVғ.ортасы
Ақ Орда XIII ғ.- XVғ. басы
Моғолстан XIV ғ.ортасы - XVI ғ.басы
Әбіқайыр хандығы 1428 – 1468 жж.



Қ А З А Қ Х А Н Д Ы Ғ Ы.

(1465-66 жылдар құрылған)

2. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың тарихи портретін жасаңыз.

Қабанбай Қожағұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан.

Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне кетіп, жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, “Қабан батыр” атанды.

· 1717 ж. Аягөз шайқасына, 1723 ж. Түркістан қорғанысына, 1726 ж. Бұланты шайқасына, 1730 ж. Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейіннен Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналды.

· 1741 ж. Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін Дарабоз атанды.

· 1751 ж. ол Сыр бойы, Шымкент, Сайрам, Ташкент қалаларын жоңғарлардан тазартып, Төле бидің билікке келуіне көмектесті. Жоңғарияға айдалып бара жатқан бірнеше мың қарақалпақты құтқарып қалады.

· 1752 — 54 ж. Қабанбай басқарған қазақ әскері алдымен Іле, Балқаш, Қаратал өңірлерін жаудан тазартуға қатысты. Осыдан кейін Қарақол мен Нарынды, Үржар мен Қатынсуды, Алакөл мен Барлықты азат етіп, терістік бағыттағы Бөгембай әскеріне қосылды. Баспан-Базар, Шорға, Маңырақ шайқастарына қатысып, Зайсан, Марқакөл, Күршім өңірлерін азат етті.

· 1756 ж. жоңғар билеушісі Әмірсананы қуып келген қытай әскерінің бетін қайтаруға атсалысты, Шонжы, Нарынқол, Кеген өңірлерін қырғыздардан қайтарып алуға қатысты.

· 1758 ж. қыркүйекте Барлықтан Үрімжі қаласына 300 жылқы айдап барып, қазақ-қытай саудасын бастап берді. 500 адамдық қолмен келген қырғыз батыры Қарабекке ауырып жатқанына қарамастан қарсы шығып, жекпе-жекте Қарабекті өлтірген. Сол сәтте өзі де ат үстінен құлап түсіп, қазаға ұшырайды. Алматы облысындағы бұрынғы Андреев ауылына, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы Жарбұлақ ауылына, Алматы, Семей, Өскемен, Талдықорған қалаларындағы бір-бір көшеге, сондай-ақ Аякөз қаласында орналасқан танк дивизиясына есімі берілген. Үшарал қаласында батырға ескерткіш, Астана іргесінде ескерткіш-монумент орнатылған.

· Бөгенбай Ақшаұлы. Өмірден көргені көп, қазақтың жүздері мен батырларын таныған, заңды жөне қазақ-жоңғарлар арасындағы қиын жағдайды ғана емес жоңғарларға қарсы әскери өрекеттердің тарихын да жақсы білетін Тәуке хан елді билеп тұрған кезде 1710 жылы Қарақұмда қазақ жүздерінің Төле, Қазыбек және Әйтеке билер қатысқан жиыны өтіп, билермен бірге халық жасағы өкілі ретінде Бөгенбай батыр да сайланған. Бөгенбай батырға мұндай сенімділік танытуға оның бүкіл қазақ даласына тараған әскери қолбасшылық өнері мен 1710 жылғы Сары-Кеңгір өзені жағасында болған жоңғар ноянымен болған шайқастағы ерлігі себеп болды. Съезде қаралған басты мәселе Жоңғар хандығымен арадағы қатынас болды. Кейбіреулер руларды ғана емес жүздердің басын біріктіріп, жоңғарларға қарсы шығып, оларды қуып шығу керек десе, екінші біреулері жоңғар хандығы жағына шығу керек дегенді айтты. Көп пікірталастан кейінгі шешуші кез келгенде ортаға ашулы, қайсар Бөгенбай батыр шығады. Ақсақалдардың алдына шыққан ол семсерін аяғының астына тастап, көйлеғін айырып, кеудесін ашып жіберіп: "Жауымыздан есемізді қайтарамыз, тоналған жайлауымызды, тұтқындалған балаларымызды көріп қарап отыра алмаймыз, өлсек қолымызға кару алып өлеміз. Қыпшақ даласының батырлары қай кезеңде бастарын төмен түсірғен? Мен қолымды жауымның қанына бояған кезде сақалыма әлі ақ түспеген еді! Қазіргі келімсектердің зорлығына қалай шыдаймын. Біз әлі жүйрік аттардан кенде емеспіз. Әлі қорамсақта өткір ұшты садағымыз бар", — деді. Бөгенбай батырдың бұл сөзі жоңғар мәселесін шешудің шегі болды. Бұл сөзден кейін ешқайсысы ашық шығып сөйлей алмады. Қазақ жасағының басшысы болып Бөгенбай сайланды.

· Бөгенбай батырдың есімімен 1730 жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен қалмақтардың арасында болған шешуші Аңырақай шайқасы да тығыз байланысты. Бөгенбай, Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнібек, Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары қалмақ әскерлеріне екінші рет күйрете соққы берді. Майдан даласында мыңдаған қалмақ әскерлері қаза тапты. Көбі қырылып, жаралы болып, жаны шықпай жатқан жау әскерінің аңыраған дауысы бірнеше күн даланы басына көтерді. Бұл жер кейін "Аңырақай" деп аталып кеткен. Аңырақайда аяусыз соққыға душар болған Шуно-Дабо басқарған қалмақ әскерлері Ӏле өзенінің бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болған. Жеңісті баянды етіп, жауды өкшелей қуып, қазақ жерлерін азат ету жорығына жиналған үш жүздің әскер жасақтарының Шымкентке таяу Ордабасы деген жерде жиыны өтіп, онда қазақ әскерлерінің қолбасшысы болып, Әбілқайыр және Бөгенбай батыр сайланады. Олардың басшылығымен қалмақ әскерлеріне үсті-үстіне соққы берілген. Осындай шайқастардың бірінде Бөгенбай батырмен жекпе-жекте қалмақтың қолбасшысы Шуно-Дабо қаза табады. Бұл оқиға жау әскерлерінің рухын түсіріп жіберген екен. 1725-1727 жылдары Бөгенбай батыр Абылай ханмен бірге қазақ қолын басқарып, осы ұрыс нәтижесінде ойсырай жеңілген онсан қалмақ әскері Түркістан мен Саураннан Жоңғар Алатауының арғы жағына қуылған болатын.

Шапырашты Наурызбай. Аты аңызға айналған ержүрек батырларымыздың бірі, XVIII ғасырдағы Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғысындағы көрнекті қаһарман — Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы.

Құттымбетұлы Наурызбай 1706 жылы Жетісу жерінде, Алатаудың баурайында дүниеге келген. Бұл кезде Ӏле, Талас, Алатау мен Қаратау аралығындағы қазақ пен қырғыз жоңғарларға тәуелді еді. Батырдың көзін ашқаннан естігені батырлар тұралы жырлар, аңыз әңгімелер болып, теңдессіз бай рухани ортада өсті. Екінші жағынан елге үстемдігін жүргізген басқыншы жаудың зорлығы мен зомбылығын да көрді. Мұның өзі жүрегінде оты бар жасты туған елін, атамекенін жаудан азат ету тұралы арманға жетеледі, батыр болуға құлшындырды. Наурызбай батырдың өмірі тұралы бүгінгі күнгі деректерде Шапырашты Наурызбай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай бабаларымыз Абылай хан айналасындағы бас батырлар қатарында бағаланады. Бұқар жырау осы үш тұлғаның жанындағы мынадай ірі батырларды атайды: Шақшақұлы Жәнібек, Сіргелі Қара Тілеуке, Қарақалпақ Қылышбек, Текеден шыққан Сатай мен Бөлек, Қаумен, Дәулет, Жәпек, Сеңкібай, Шойбек, Таңсыққожа, Мәмбет, Молдабай, Есенқұл және басқалар. Әдеби-тарихи деректер мен ел есінде сақталған аңыз-әңгімелер Наурызбай батырдың бүкіл халықтың ықыласына бөленіп, мақтанышқа айналуы 1727-1731 жылдардың шамасы екендігіне мензейді. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қатарынан бірнеше рет қатты соққы беріп, ақыры үлкен жеңіске жетуі осы уақытқа сәйкес келеді. Алатау етегінде жоңғарлардың Шамалған, Қаскелең, Боралдай секілді атышулы батырлары өлім табатын сұрапыл шайқастарда Наурызбай бабамыз ересен ерлік көрсетеді. Қозыбасыда қалың қол бастап, бас батыр атағына ие болады.

3. 1920-1930 жылдардағы Қазақстан мәдениетіне арналған кестені толтырыңыз.

Жоғарыда кестеде!!

1. Алғашқы адамдардың еңбек құралдары мен тіршілігі.

2. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстан ғылымының дамуына талдау жасаңыз.

3. Қазақстанда ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға арналған кестені толтырыңыз.

Күштеп ұжымдастырудың мәні Күштеп ұжымдастырудың салдары
Күштеп ұжымдастыруІрі жазу 1927 жылы партияның ХV съезінде елді коллективтендіруге бағыт алуға шешім қабылданды. Бұл науқан 1929 жылы Сталиннің „Правда” газетінде жарияланған „Ұлы бетбұрыс” деген мақаласынан кейін аса қарқынмен жүргізілді. 1928 жылы Қазақ АКСР Атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесінің „Бай шаруашылықтарын тәркілеу” туралы қаулысы шықты. Осы қаулының негізінде жеті жүзге жуық ірі бай шаруашылықтары тәркіленіп олардың иелері қанаушы тап ретінде атылды. Осы саясат кейіннен колхоздастыру кезінде де жалғасып, оған орта шаруалар да ұшырады. Қазақстандағы коллективтендіру аса жылдамдықпен жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруа қожалықтарының 2% колхоздарға біріксе, 1930 ж. Олардың саны 50% -ке жетті. 1931 ж. Олардың саны 65% болды. Қазақстандағы коллективтендіру қазақ халқының ғасырлардан бері қолданып келе жатқан көшпелі тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын ескерілместен жүргізілді. Шаруаларды еріксіз, зорлап колхоздарға кіргізді. Қазақтарды күштеп отырықшылыққа көшірді. Халықтың қолындағы мал еріксіз колхозға тартып алынды.     Бұл істердің барлығы дайындықсыз жүргізілгендіктен және қысқы жем шөптің болмауынан Қазақстандағы мал шаруашылығы үлкен апатқа ұшырады. 1932 жылдың ақпан айына дейін колхоздардағы малдың 87% -і апатқа ұшырады. Сонымен бірге индустрияландыру жылдарында Ресейдің орталық аудандарындағы ірі құрылыстардағы жұмысшыларды етпен қамтамасыз ету мақсатында малдың біраз бөлігі Ресейге жіберілгеннен кейін 1928 жылға дейін Қазақстанда 40 миллион мал болса 1933 жылғы Қазақстанда 5 миллионға жуық қана мал қалды. Қолындағы күн-көріс малынан айырылғаннан кейін және көптеген салықтардың салынуына байланысты қазақтардың өзі де аштыққа ұшырады. Коллективтендіру жылдары жіберілген өрескел қателіктердің салдарынан 2 миллион 200 мың адам қазаға ұшырады. Бұл сол кездегі қазақ халқының 49% -і еді. 1 миллионға жуық адам шет мемлекеттерге кетті. Қазақстандағы коллективтендіру жылдарындағы жіберілген қателіктер тікелей жауапты адам 1925-1933 жылдар аралығында Қазақстан аймақтық коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып істеген Голощекин еді. Ол жергілікті халықтың әдет-ғұрпын білместен Қазақстанда ойына келгенін істеп, елді басқаруда командалық-бюрократиялық әдісті қолданды, өзінің жеке билігін орнатты. Голощекин Қазақстанда „Кіші Қазан” идеясын жүргізді. Оның бұл идеясына Рысқұлов, Нұрмақов, Сәдуақасов, Төрегожин сияқты қайраткерлер қарсы шықты. Бірақ Голощекинді Сталин қолдап отырды. Қазақстандағы аштық және оның себептері туралы Тұрар Рысқұлов Сталинге бірнеше рет хат жазды. Зорлап ұжымдастыру салықтың көп салынуы және Кеңес өкіметінің мұсылман дініндегі мешіттерді жауып тастауы, мұсылман әдет-ғұрыптарына тиым салуы халықтың наразылығын туғызды. Соның салдарынан 1929-1932 жылдар аралығында Қазақстанның көптеген аймақтарында шаруалар көтерілістері болды. Алғашқы осындай көтерілістің бірі Қазақстанның оңтүстігінде Бостандық ауданында басталды. Сондай-ақ көтеріліс Қостанай округінің Бетпаққара ауданында, Оңтүстіктегі Созақ ауданында, Қызылқұмда, Ырғызда, Маңғыстауда, Қарақалпақстанда ірі шаруалар көтерілістері болды. Бұл көтерілістерді Кеңес үкіметі арнайы әскери бөлімдер күшімен басып, оған қатысқандары қатаң жазаға тартты. 5551 адам сотталып, олардың 883-і атылды. Қазақстандағы күштеп ұжымдастырудың басты зардабы шаруалар көтерілісі болды. Біреу білер біреу білмес бірақ күшпен ұжымдастырудың зардабы орасан болғаны анық.

Жауаптары:

 

1. Алғашқы адамдардың еңбек құралдары мен тіршілігі.

Алғашқы адамдар жеуге жарамды шөп тамырларын қазып, құс жұмыртқасын жинап, ағаш, бұта басында өсіп тұрған әр түрлі жеміс-жидектерді теріп жеді. Күн көрістің мұндай түрі – терімшілік деп аталады. Сонымен қатар алғашқы қауымдағы адамдар аң аулаумен де айналысқан. Олар негізінен мамонт, бизон, марал және үңгір аюларын аулады. Аң аулауда шоқпар, найза және үшкір тас құралдар пайдаланылды. Жабайы жылқы, бұғы, aрқарларды толассыз қуалап, болдыртып, жарға, тау шатқалдарына қаумалап ұстаған.

Адамдар тобыры болып аң аулауда отпен үркітіп терең орға түсіру, биік құздан құлату тәсілдерін пайдаланды. Алайда, ежелгі адамдардың тіршілігі өте қиын жағдайда болуға байланысты олар ұзақ жылдар бойы табиғат құбылыстарын мұқият зерттеген. Бұған олар жасаған еңбек құралдары дәлел болады.

Ежелгі адамдар азық табу мен жабайы жануарлардан қорғану үшін – тобыр болып өмір сүрген. Осындай жағдайда адамдар тобыры өздеріне баспана ретінде табиғи үңгірлерді, қуыстарды, биік тау шатқалдарын пайдаланды. Кейде ашық жерлердегі аңдар су ішуге келетін өзен иірімдері мен суат басына қоныс аударып отырды. Тобыр құру аң аулауда, түрлі қиындықтар мен қатал табиғат жағдайында өмір сүруге жеңілдік жасады. Ежелгі адамдар әуелде қолдан баспана жасауды, тамақ пісіруді білмеді. Олардың тұңғыш баспанасы - үңгір болған. Адамдар отпен қорқытып, үңгір аюлары мен арыстандарын қуып шықты. Олар аң терілерін төсеніш етіп, жыртқыш аңдар жоламас үшін үңгір аузына от жағып қойған. Ежелгі адамдар найзағайдың түсуінен жанған ағаштың отын пайдаланып, оны өшірмей, ұзақ сақтауға тырысты. Олар жанған отты жанын сала қорғады, өйткені отты өшіріп алу зор қауіп төндірді, тіпті бүкіл тобырдың қырылып қалуы мүмкін еді. Осындай қиыншылықтарға қарсы күресе жүріп олар даму үстінде болды. Адамдар тастан шыққан ұшқынға, ағашты бір-біріне үйкелеп қыздырған ұсақ жаңқаға жүн немесе өсімдік талшығынан жасалған білтені тұтату арқылы отты өзі жағуды үйренді. От жағуды үйрену адамдарды кездейсоқ табылған отқа тәуелді болудан құтқарды. Отпен адамдар жылынып, жыртқыш аңдардан қорғанды, ас пісіріп жеуге мүмкіндік туды. Археологтар ұзақ уақыт бойы жанып тұрған от орындарын тапқан.

Алғашқы тастан жасалған еңбек құралдары

Ұзақ жылдар өтсе де өмір сүрудің адамдар жинақтаған тәжірибесі кейінгі ұрпаққа жалғасты. Алғашқы еңбек құралдарын жасауды үйрену адам қолының жетілуімен қатар миының да дамуына әсер етті. Уақыт өткен сайын адам қабілеті жетіліп, өз білгенін бір-біріне үйрете бастады. Ежелгі адамдардың маймылдар мен жануарлардан басты айырмашылығы – еңбек құралын жасай білуінде. Еңбек құралын жасауды игеру адамды жануарлар дүниесінен бөліп шығарып, күш-қуаты мен шапшаңдығын еселеп арттырды. Алғашқы еңбек құралдары негізінен тастан жасалған. Олар құрал жасауда көбіне бір жағы сүйірленіп келген, ал екінші жағы қолға ұстауға ыңғайлы жұмыр тастарды пайдаланды. Оларды жарып, бөлшектеп, жүзі өткірлерін алған. Алғаш олар қатты тас сынығын тауып алып, екінші таспен ұрып бір жақ шетін жұқалап сындырды. Бұл салмақты қарабайыр кескіш құрал чоппер, яғни тас шапқы деп аталады. Жүзі тегіс болып шықпаса да, онымен жер қазуға, ағаш кесуге, аң етін мүшелеуге болатын еді. Алғашқы адамдар тастың көптеген түрлерінің ішінен шақпақ тасты таңдап ала білді. Бұл адам ой-өрісінің едәуір өскендігін көрсетеді. Өйткені шақпақ тас өте берік, ұрған кезде жалпақ әрі үшкір бөліктерге бөлініп, тез өңделген. Уақыт өткен сайын адамдар еңбек құралдарын жетілдіре түсті. Жануарлардың терісін тазалайтын, етін боршалайтын тас шапқылар мен қырғыштар және қол қашауы жасалды. Қол қашауын жасау үшін шақпақ тасты екі жағынан қашап, белгілі бір пішінге келтіріп, таяққа бекітті. Мұндай шомбал құралдардың ұзындығы 20 сантиметрге, салмағы 1 килограмға дейін жетті. Уақыт өткен сайын адамдар тастан ұсақ әрі жұқа құралдарды жасап шығарды. Нәтижесінде ауланған аңдардың терісін сыдыратын пышақ тәрізді кескіштер мен тесуге арналған тас құралдар пайда болды. Адамдар сүйектен ине мен біз жасаған. Тасты, ағаш пен теріні өңдеу барысында адамның қолы жетіле түсті. Әсіресе ауыр найза мен жіңішке инені ұстау үшін бас бармақтың қызметі аса қажет еді. Тас өңдеуде адамдар шетінен бастап, ортасына қарай жару әдісін пайдаланды. Жару үшін тастан, сүйектен және мүйізден жасалған сыналар қолданылған. Жарылған тастың қолға ұстайтын жерінің айналасы теңіз шаянының қабыршағына ұқсас кедір-бұдыр жарықшақты болып келеді. Ұрып сындырған кезде жаңқаланған тас жарықшақтарының ұшы үшкір болған. Тастың үшкір жағын өткірлеу үшін екі жағынан басқа таспен қашады. Қолға ұстауға ыңғайлы болса адамдар тас сынығын қару есебінде пайдаланған. Ежелгі адамдарда қарудың аса оңтайлы, кең тараған түрі - қол шапқы болды. Әлемнің әр жерінен табылған қол шапқылардың аздаған айырмашылықтары болмаса, бір-біріне өте ұқсас. Олардың пішіндері «найза ұшы» немесе «бадам дәні» тәрізді болған. Ұзындығы 10-20 см, салмағы жарты немесе екі келідей болады. Шапқыға ұқсас қаруды XIX ғасырға дейін Тасмания аралындағы тайпалар пайдаланып келді. Бұл қаруды балта ретінде пайдаланған тасманиялықтар онымен ағаш діңгегін ойып, сол арқылы жоғарыға оңай өрмелеп шыққан.

2. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстан ғылымының дамуына талдау жасаңыз.

Кеңестік Қазақстандағы алғашқы ғылыми мекемелер. Қазақстанда Азамат соғысы аяқталысымен Кеңес өкіметі ғылыми қызметкерлер алдына елдің табиғат байлықтарын және оны өндіру күшін зерттеу міндетін қойды. 1919 ж. желтоқсан айында Орынбордағы Кирревком қасынан Қазақстанды географиялық, тарихи және этнографиялық жағынан зерттеумен айналысатын тарихи-статистикалық бөлім құрылды. Ресей ғылымдар академиясы жанынан Табиғи өндіргіш күштерді зерттеу комиссиясы (ТӨКЗК) құрылды.

Кеңес өкіметі 1920 ж. ТӨКЗК қасынан бірқатар тұрақты және маусымдық экспе­дициялық отрядтар ұйымдастырды. Бұл отрядтар Қазақстанның жер қойнауын, флорасын, фаунасын, климаты, аумағы, сондай-ақ, мәдениеті, тұрмысы, тілін кешенді ғылыми зерт­теуге тиіс болды. 1920 ж. алғашқы экспедиция Орынбор-Торғай өңіріне аттандырылды. 20-жылдардың басында Ресей географиялық қоғамының Семейдегі Батыс Сібір бөлімшесі және Верный бөлімшесі өз жұмысын қайта жандандырды. Ауыл шаруашылығы саласында алғашқы мемлекеттік ғылыми мекемелер: Алматы жеміс-жидек станциясы (1919 ж.), Өлкелік өсімдік қорғау станциясы (1924 ж.), Тыңайтқыштар және агротопырақтану ғылыми-зерттеу институты (1926 ж.), қалаларда тәжірибелік егістіктер мен станциялар құрылды. Денсаулық сақтау халкомының қасынан 1925 ж. Санитария-бактериологиялық институт ашылды.

1926 ж. КСРО Ғылым академиясының қасынан академик А.Е.Ферсманның басқаруымен одақтас және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі Ерекше комитет ұйым­дас­ты­рылды. Ол ҚАКСР-ін кешенді зерттеудің бесжылдық жоспарын жасады. Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін 1926—1927 жж. КСРО ҒА-ның қазақстандық экспедициясы ұйым­дас­тырылып, ол жекелеген отрядтар арқылы өлкені статистикалық-экономикалық, геоло­гиялық және гидрогеологиялық жағынан зерттеу жүргізді. 1932 ж. КСРО ҒА-ның қазақ­стандық экспедициясы отрядтарының негізінде сегіз жаңа экспедиция ұйымдас­тырылды. Мысалы: Орал-Ембі физикалық-химиялық экспедициясы, Алакөл экспедициясы, Мұғалжар био және физикалық-географиялық экспедициясы және т.б.

30-жылдардың басында Қазақстандағы ғылым және ғылыми мекемелер 20-жылдың басына қарағанда қарыштап алға басқандығын көрсетті. Алайда 1932 ж. КСРО ҒА конференциясында ғылымның елдегі халық шаруашылығы сұранысы деңгейінен әлдеқайда артта қалғандығы атап көрсетілді. Барлық ғылыми-зерттеу жұмыстарын бір басқаруға біріктіру үшін 1932 ж. наурыз айында КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылды.

КСРО ҒА Қазақстандық базасының төрағасы болып көрнекті шығыстанушы ғалым А.Н.Самойлович тағайындалды.

Қазақстанның ғылымы мен ғылыми мекемелерінің дамуында ғалымдар съездері мен конференцияларының маңызы зор болды. Мысалы, 1934 ж. 10—15 қарашада КСРО ҒА Алматыда көшпелі сессиясын өткізді. Осындай мәжілістер мен конференциялар республиканың шашырап жүрген аз санды ғалымдарының басын қосуға түрткі болды. Бұл әсіресе ғылыми дәстүрлері мен мектебі жоқ, мақсатты түрде терең зерттеу жүргізу базасы жоқ жерде ерекше маңызды.

Геология ғылымы саласында Қазақстанның жекелеген аймақтарын игеруді дамытуда ел ғалымдары мен практик мамандар бас қосқан мәжіліс өз әсерін тигізді. 1935 ж. қарашада және 1936 ж. наурызда Алматыда КСРО ҒА екінші геологиялық конференциясы мен сессиясында Орал-Ембі ауданын, Жоғары Алтай мен Жезқазғанды игеру проблемалары талқыланды. Ауыл шаруашылығы ғылымы саласында, егіс және мал шаруашылығында ғылым жетістіктерін өмірге ендіру міндеттері шешілді. 1935 ж. Қазақстанда 4 ауылшаруашылық ҒЗИ Бүкілодақтық ғылыми институттардың 3 филиалы, 33 лаборатория, 73 тірек пункттері, 46 аймақтық және тәжірибе станциялары, 3 тұқым шаруашылығы жұмыс істеп тұрды.

Қоғамдық ғылымдар саласында Маркс, Энгельс, Ленин шығармаларын, партия мен үкімет құжаттарын, партия мен мемлекет қайраткерлерінің еңбектерін оқып-үйренуге және насихаттауға баса мән берілді. 1931 ж. Қазақ маркстік-лениндік ҒЗИ құрылып, жоғарыда аталған еңбектерді қазақ тіліне аударып, насихаттады. Тұтастай алғанда бұл институт коммунистік партияның идеологиялық мәселелерімен айналысты.

1934 ж. Қазақ ұлттық мәдениеті ҒЗИ ашылды, оның тарих және археология, әдебиет және фольклор, тіл құрылысы, бейнелеу және музыкалық театр-хореографиялық секторлары болды. 1936 ж. осы институт негізінде КСРО ҒА-ның республикалық базалары құрылды.

Ғылым академиясының Қазақ филиалы. 1938 ж. КСРО ҒА қазақстандық базасы КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы (ҒАҚФ) болып қайта құрылды. Бір жылдан кейін ҒАҚФ құрамына тағы екі сектор: топырақтану және география қосылды, Қарағандыда төртінші ботаника бағы ашылды.

КСРО ҒА төралқасы КСРО ҒАҚФ төрағасы етіп белгілі геолог ғалым, академик А.Д.Архангельскийді тағайындады. Қысқа мерзімде КСРО ҒАҚФ және оның геологиялық секторы беделді ғылыми орталыққа айналды. Көптеген ғалым-геологтар мен инженер- практиктер зерттеулерінің басты нәтижесі — Қазақстанның ғылыми геологиялық картасын жасау болды. Оны жасау жұмысына Қ.И.Сәтбаев, А.А.Гапеев, Н.Г.Кассин, И.С.Яговкин, М.П.Русаков, Р.А.Борукаев, В.П.Нехорошев, В.Н.Котульский, Н.Ф.Григорьев, А.Д.Архан­гельский, М.М.Пригоровский қатысты. 1941 ж. республика аумағының 77,4%-ы суретке түсірілді. Қазақстандағы геология ғылымы табыстарының өсуі, ғалымдар ұжымының қалып­тасуы ХХ ғ. 30-жылдарының соңына қарай геология ғылымының институтын ашу жөнінде мәселе қойды.

3. Қазақстанда ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға арналған кестені толтырыңыз.

Жоғарыдағы кестеде!!!

Билет

1. «Жеті Жарғы» және оның қазақ қоғамындағы рөлі.

2. 1917 жылғы шілдедегі І жалпы қазақ сьезінің шақырылуының тарихи маңызына талдау жасаңыз.

3. М. Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі.

Жауаптары:

1. «Жеті Жарғы» және оның қазақ қоғамындағы рөлі.

1-жарғы.Көтеріліс жасап,бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.(Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігі талабынан туды).

2-жарғы.Түркі халқының мүддесін сатып,елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы халықтың ортақ мүддесі –елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі).

3-жарғы .Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы да жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі өлтірішулікке тыйым салған және мәдениеттіліктің белгісі ретінде танылуға тиіс өте елеулі жаңалық).

4-жарғы.Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап,ақ некені бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы да шаңырақтың бірлігін қамтамасыз еткен,неке парызына адалықты талап еткен маңызы зор жаңалық).

5-жарғы.Өреде тұрған,тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.(Ол кезде «ер қанаты – ат» елдің,мемлекеттік соғыс күші ретіне бағаланады).

6-жарғы.Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін: а)біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді,ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді. ә)төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.

7-жарғы.Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін.

«Жеті жарғыны» қазақ халқы ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданып келді. Ал кейбір заңдар Қазан төңкерісіне дейін қолданылды. Сонымен бірге «Жеті жарғының» өз кезінде қағазға түсірілмегені де белгілі. Кеңестер дәуірінде «Жеті жарғыға» «феодалдық қатынастардың сарқыншығы» деген сипат тағылып, мүлдем зерттелінбеді. Бізге «Жеті жарғы» орыс ғалымдарының жазбалары негізінде белгілі. Алғаш рет орыс ғалымы Г.Спасский жаппас руының старшыны Күбек Шүкіралиевтің мәліметтері негізінде «Жеті жарғының» 11 үзіндісін 1820-шы жылы «Сибирский вестник» баспасөзінің бетінде жариялады. «Жеті жарғының» екінші нұсқасы ( 34 үзінді) А.Левшиннің зерттеулерінде беріледі. Бұл нұсқалар «Жеті жарғы» дүниеге келгеннен кейін 100 жылдан соң халық ауыз әдебиеті негізінде жариялады. Сондықтан, бұл заңдар жинағының толық нұсқасының бізге жетпегені белгілі.

«Жеті жарғы» заңдар жинағы мемлекеттің ішкі жағдайын күшейтуге бағытталды. Осы заң негізінде қазақтың тайпа, ру басыларын жылына бір рет жиналуға міндеттеді. Бұл жиындарда мемлекеттің сыртқы және ішкі жағдайына байланысты мәселелер дауыс беру негізінде шешілді. Жиынға қару асынып келген азаматтардың ғана дауыс беру құқықтары болды. Сонымен бірге қару ұстап келген азамат жылына өз байлығының жиырмадан бір бөлігін салық ретінде мемлекетке беруге міндеттелді. Жиынға қатысушы әр рудың өз таңбасы болды. Бұл таңбалар құрылтайда мемлекеттік рәміз дәрежесінде бекітілді.

Қазақтың негізгі байлығы мал болғаны белгілі. Сондықтан «Жеті жарғы» заңдарына сай әр меншік иесі өз малдарына ен салуға міндеттелді. Сонымен қатар, әр рудың жайылым жер меншігі қатаң белгіленді.

«Жеті жарғыда» қылмысты іс-құқық нормаларына үлкен орын бөлінген. Қылмыс ретіне: кісі өлтіру, мертіктіру, әйелді зорлау, соққыға жығу, қорлау, ұрлық істеу және тағы басқалары жатқан. Кінәлілер жасаған қылмыс деңгейіне сай әртүрлі жазаға кесілген. Бұл жинақта «қанға қан» заңы сақталды. Бірақ билер сотының екі жақ келісуі бойынша жазаны құн төлеумен алмастыруға мүмкіншілігі болған. Құн төлеу төрт жағдайда рәсімденген. Олар: егер әйелі күйеуін өлтірсе және күйеуінің туыстары оны кешірмеген жағдайда, егер әйел некесіз туған баласын өлтірген жағдайда, жұбайлар арасындағы «көзге шөп салушылық» дәлелденген жағдайда және «құдайға тіл тигізгені анықталған жағдайда». Өлім жазасының екі түрі болған: дарға асу және тас лақтыру әрекеттерін қолдану.

Жазалаудың ең көп таралған түрі – құн төлеу болған. Қылмыскердің және өлген адамның әлеуметтік жағдайына байланысты құн мөлшері өзгеріп отырған. Мысалы, өлген ер адамның құны 1000 қой болса, әйел адамның құны 500 қой болған. Ал өлген адамның әлеуметтік жағдайы ақсүйек болса құн мөлшері жеті есе өскен, яғни сұлтан немесе қожа тұқымынан өлтірілгендерге жеті адамның құнын төлеген. «Сұлтан» немесе «қожаға» тіл тигізгені үшін 9 мал, қол жұмсағаны үшін 27 мал төленетін болды. Құлдың құны бүркіттің немесе тазы иттің құнымен теңескен. Дене мүшелеріне зақым келтірген қылмыскер де белгілі мөлшерде құн төлеген. Атап айтқанда, бас бармақ – 100 қой, шынашақ 20 қой болған. Ұрлық жасалған кезде ұрланған заттың құны иесіне «үш тоғыз» етіп қайтарылған. Мысалы, ұрланған 100 түйе 300 жылқыға немесе 1000 қойға теңелген. Бұл баптардан біз «Жеті жарғыға» сай қылмыс істеген әр әлеуметтік таптың құқықтары заңдастырылғанын көреміз.

«Жеті жарғы» бойынша өлім жазасы мен құн төлеуден басқа жазалар да қолданылған. Мысалы, әкесіне қол жұмсаған ұл баланы қара сиырға теріс отырғызып масқаралаған. Ата-анасына дауысын көтерген қыз баланың жазасын шешесі шешкен. Күйеуін өлтірген екіқабат әйел елден қуылса, христиан дінін қабылдаған адамның мал-мүлкі тәркіленген. Құдайға тіл тигізгендігі жеті адамның куәлігі арқылы анықталған адам таспен атып өлтірілген.

2. 1917 жылғы шілдедегі І жалпы қазақ сьезінің шақырылуының тарихи маңызына талдау жасаңыз.

1917 жылғы 21—26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: «Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд «Шуро-и-Исламға» сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократиялық федеративтік парламенттік республикаға құрылмақ...».

Съездің соңғы күні жаңа қалыптаса бастаған партияның басшысы Ә.Бөкейханов ресейлік Кадеттер партиясына мүшеліктен шығатынын және оның себептерін мәлімдеді. Партияның ұйымдық тұрғыдан құрылуы күзге, яғни Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқанына тұспа-тұс келді. «Қазақ» газеті өзінің бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауға шақырды. Сонымен бір мезгілде «Қазақ» басқармасынан барлық облыстардағы Қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын «Алаш» деп қою туралы жеделхаттар жіберілді.

Алаш партиясының бағдарламасы

Алаш партиясы жарияланған бағдарламасында Ресей мемлекетінің демократиялық, федеративтік республика болғандығын жақтады. Бағдарлама бойынша шашыраңқы қазақ облыстары өз билігі өзінде тұтас бір мемлекетке бірігіп, автономиялық негізде Ресей Федерациясының құрамына еңбек. Әлеуметтік қатынаста феодалдық ақсүйектер құқын шектеу, таптық жіктелуді жеделдету мәселесі қойылған жоқ, керісінше, жалпыұлттық мүдде, ұлттык тұтастық бағытына басымдылық берілді. «Алаш партиясы ғаділдікке жақ, халі нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұртты тарқы ету жағына бастайды» деп көрсетілді. Салық мәселесі де осы тұрғыдан шешілуге тиіс болды. «Салық мал-ауқат, табысқа қарай байға байша, кедейге кедейше ғаділ жолмен салынады, ...бар жұмысшылар заң панасында болады».

Бағдарламаның антифеодалдық сипаты «негізгі құқық», «ғылым-білім үйрету» сияқты тарауларынан байқалады. «Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей, адам баласы тең. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап басуға еркіншілік», заң орындарының рұксатынсыз жеке адамдардың табалдырығынан аттап, ешкім тінту жүргізе алмайды, сот сұрап, билік айтылмай ешкім тұтқынға алынбайды, т.б.

Бағдарламадағы ең негізгі мәселе — жер мәселесі. Қазақ жері, оның асты-үсті байлығы қазақ елінің меншігі болуға тиіс. Қазақ елінің ықтиярынсыз ішкі Ресейден қоныс аудару токтатылады. Жер мәселесіне байланысты заң қабылданып, қазақ алдымен өз жерінен енші алады. Жер сыбағасы тұрған жерінен, атамекенінен әркімнің тілегіне сай ауылға, ұлысқа, руға бөлінеді. Адам басына, жеке үй басына тиетін сыбаға жер шаруаға, жердің топырағына, жергілікті табиғатына байлаулы болады. Жер сыбағасын жергілікті жер комитеттері анықтайды. Заң жерді сатуға тыйым салады.

3. М. Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі.

Түркістан халықтарының XX ғасырда жүріп өткен жолы мен тарихи тәжірибесін қорыту ісінде Мұстафа Шоқай мұрасының ала- тын орны ерекше. Сондай-ақ бұл қайраткердің өмірі мен қызметін Түркістандағы жеке бір халықтың мүддесімен ғана байланысты қарау мүмкін емес. Мәселен, М. Шоқай өзінің туған елі қазақ халқының тәуелсіздігін Түркістанда көне замандардан бері тұрып келе жатқан туыс өзбек, қырғыз, түрікмен және басқа халықтардың тәуелсіздігінен бөліп алып қараған емес. М. Шоқай үшін Түркістан халықтарының тұтастығы мен Түркістан халықтарының еркіндігі бірінсіз бірі жоқ егіз ұғымдар. М. Шоқай Түркістанда XIX ғасырда әкімшілік басқару жүйесі ретінде орныққан орыс билігіне сын көзбен қарады. Ол өзінің «Ақ- қызыл» аталатын мақаласында «...патшалық Ресейдің жарты ғасырлық үстемдігі кезінде Түркістанға ешқандай бір жаңартқыш сипаттағы рухани ағым енген жоқ. Тіпті заман талабы тұрғысынан қарағанда атамекеніміз кері кетті» /3, 152 б./, – деп жазды. Саяси өмірде бүкіл жергілікті билік отаршыл әкімшіліктің қолына ауысты. Ресей империализмі мұнда біржола орналасу әрекетіне көшті, яғни ішкі ресейлік губерниялардан қоныс аударып келген орыс және басқа европалықтардан біртіндеп сандық тұрғыдан Түркістан халқының басым бөлігін құрып орыс билігінің жергілікті тірегіне айналуға тиіс болды. Ал түркістандықтар әлемдік өркениеттен тыс қалған «түземдіктер» есебінде өзінің «қарабайыр» өмір салтынан, тіршілігінен бас тартып, орыстану жолына түсуі керек еді. Бүкіл ақпа- раттық құралдарды қолына шоғырландырған метрополия еуро- палық қауымдастықтың көз алдында Түркістанның жергілікті жұрты жөнінде жаңа техника мен технологияны, қоғамдық қатынастар мен мәдениетті қабылдауға құлықсыз, оған қарсы «түземдіктердің» бейнесін жасап, ал өзін тіптен мұнда, яғни Түркістанға еуропалық өркениетпен өмір салтын әкеліп енгізуші етіп көрсетуге тырысты. Ежелгі замандардан әлемдік орталықтармен тікелей байланыста болып келген Түркістан енді басқа батыс және шығыс елдерімен тек Ресей арқылы ғана қатынаса алатын еді. Енді ғана өнеркәсіптік даму жолына түскен Ресей болса Түркістанды тек арзан шикізат көзі және өзі өндірген тауарларды өткізетін рынок деп білді. Міне, осындай жағдайда Түркістан 1917 жылғы төңкерістерге жетті. Патшалық биліктің құлауы, оның артын ала 1917 жылдың соңында орнаған кеңестік билік, оның отаршылдық мазмұндағы 28 алғашқы аяқ алысы «бүтін Түркістан» идеясының осы тарихи ке- зеңдегі көрінісіне тән мынадай ерекшеліктерін атап айтқан жөн. XX ғасырдың басы жеке түркі халықтарының өздерінің дер- бес ұлттық мемлекетін құруға ұмтылушылығымен сипатталады. Мұндай тенденция, мәселен, қазақ, татар, башқұрт жэне басқа халықтардың зиялыларының саяси қызметінен анық байқалды. «Алашорда» мен «Еркін Башқортостан» соның көрінісі болатын. Жеке түркі халықтарының дербес мемлекеттікке ұмтылуы олар- дың бірнеше ғасырлық жетілуінің нәтижесі болатын, сондықтан да табиғи құбылыс есебінде қабылдануға толық құқылы. Дегенмен бұл жағдай «бүтін Түркістан» идеясының жаңа сапа- да қайта жаңғыруына кедергі бола алған жоқ. XX ғасырдың алғашқы ширегінде бұл идея, біріншіден, түркі зиялыларының екі буынының (патшалық билік тұсында қалыптасқан және кеңестік билікке тартылған зиялылардың) бірдей қызметіне арқау болса, екіншіден, сол бұрынғыдай кең географиялық ауқымда көрініп, яғни батысын- да Еділ мен Жайықтан бастап, шығысында қазақ даласы мен қырғыз Алатауы аралығындағы түркі жұрттарын түгел қамтыды. XX ғасырдың басындағы жалпытүркілік азаттық идеясының күш алуына татар (қырымдық және қазандық) және башқұрт халықта- рының зиялылары біраз еңбек етті. Бұл табиғи құбылыс болатын. Өйткені орыстық отарлық езгінің ең алдымен басынан өткерген, сон- дықтан да онымен күрестің бағасын терең ұғынған және осы жолда біраз тәжірибе жинаған да осы халықтар еді. Исмаил Гаспирин-скийдің «Тәржіман», Фатих Каримовтың «Уақыт» газеттері, татар зиялылары ұйымдастырған баспаханалар, олар бастап берген жаңа әдістік оқыту жүйесі белгілі дәрежеде жалпытүркілік азаттық идеясының қайта жаң- ғыруына қызмет жасады. Зеки Велиди Тоған өзінің естеліктерінде 1905-1907 жылдары белгілі ақсүйек сұлтан ұрпақтары Галиасқар Сыртланов пен Сәлімгерей Жантөриннің ресейлік түркілердің «территориялық автономия» құқы үшін күресіне қолдау жасап, со- лардың көмегімен Габдрашид-Қазый Ибрагимовтың «Автономия» деген кітапша бастырып шығарғандығын айтады /13/. Осы сияқты әрекеттерге кейіннен бүкіл ресейлік түркі зиялыларының арасында үлкен беделге ие болған федералистер қозғалысына ұласты. Дегенмен, XX ғасырдың бас кезіндегі ресейлік түркілік азаттық қозғалыстың болмысы бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда анағұр- лым күрделене түскендігін мойындау керек. Басқаша айтқанда, ол көзқарастық тұрғыдан тек бір бағытқа бет бұрған қолдаушылардан тұрмайтын. Империя көлемін түгелдей қамтыған түрлі саяси ағымдар түркі халықтарының азаттық қозғалысына да өз ықпалын тигізуге ты- рысты. Олардың арасында кадеттер партиясы, социал-демократтар, 29 дін үшін қозғалыс және басқалары бар еді. Осы тарихи кезеңдегі азаттық үшін күрес тәжірибесін таразылаған Мұстафа Шоқай оның мынадай үш кемшілігін көлденең тартады. Олар: біріншіден, түркі елі зиялыларының орыс революцияшыл демократтарына сеніп, оған арқа сүйеу арқылы бостандық алудан үміттенуі; екіншіден, ендігі бір топтағылардың «саяси табысқа дұға арқылы жететініне» сенгендігі; үшіншіден, бұларға қосымша қозғалыс басшыларында са- яси кемелдіктің жетіспегендігі, жалпы қозғалыстың басын біріктірер ортақ бағдарламаның болмауы, өзара түсінісе алмаушылықтың етек алуы еді.

Билет

1. Қазақстандық Алтайдың ерте темір дәуірі: Берел қорғаны

2. Бірінші орыс революциясы жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық – саяси қозғалыстың дамуына талдау жасаңыз.

3. М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметіне баға беріңіз.

 

1. Қазақстандық Алтайдың ерте темір дәуірі: Берел қорғаны.

Берел қорымы – сақ дәуірінен сақталған тарихи ескерткіш.


Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында Бұқтырма өзенінің оң жағалауында Берел ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 – 8 км жерде орналасқан. Қорым солтүстігінде Берел және Бұқтырма өзендерінің қосылған жерімен, оңтүстігінде Қансу өзенімен, ал батысы мен шығысында таулармен шектелген Бұқтырма өзенінің оң жағасындағы алаңда орналасқан.

Ескерткіштің координаттары: 490 градус 20 сағат солтүстік ендік, 860 градус 22 сағат шығыс бойлық. Обалар Бұқтырма өзенінен 40-45 метр биік жатқан үшінші террассасында шоғырланған. Сақ және түркі кезеңдерімен мерзімделетін жетпістен астам обалардан құралған қорым 4000х1000 шаршы метр жерді алып жатыр. Берел қорымындағы обалар мен ғұрыптық ескерткіштер оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа созылып жатқан бірнеше тізбекке және жеке топтарға шоғырланған. Әрбір тізбекте бұл өңірді б.з.б. 1 мыңжылдыңтың екінші жартысында мекендеген тайпалық одақтардың өкілдері жерленген болуы мүмкін. Тізбектердегі үлкен, орташа жєне кішігірім обалар сол замандағы әлеуметтік жіктің болғандығының көрінісі болып табылады.

Қорымдағы ең ерте обалар б.з.б. 4-3 ғасырларда үйілген (2400-2300 жылдары бұрын), ал кейінгілері көне түркілер дәуірімен мерзімделеді - б.з. 7-8 ғасырларда(1200-1300 жылдары бұрын).


Алғаш 1865 жылы В.В.Радлов, 1959 жылы С.С.Сорокин зерттеді. 1998 жылы Халықаралық қазақ-француз экспедиция (жетекшісі З.Самашев) қорымның жаңа жобасын болжап, бірнеше қорғанды зерттеді. Қорым 3 қорғандар тобынан тұрады. Бірінші топтағылары таудағы кертпеш ортасына орналасқан. Ол солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа созылған 6 қорғаннан тұрады. Екінші топ солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай тізбектеліп созылған 12 қорғаннан тұрады. Ол кертпештің батыс жағында орналасқан. Үшінші топты 9 қорған құрайды. Ол кертпештің шығысында орналасқан. Осы топтағы ең үлкен қорған ғылымға Үлкен Берел қорғаны деген атпен белгілі. Обалар таудың жақпар тастарымен араласқан өзеннің ұсақ малта тастарынан үйілген. Шұңқырда ағаш қимасы бар, оның сыртында әлеуметтік мәртебесі жоғары адамдардың қабіріне бірге қосып көметін жылқы қаңқаларының жатуы, қарағайдың жуан діңгегінен қақ жарып қашап жасаған астау – табыт ертедегі Алтай көшпелілерінің ескерткіштеріне тән. Қазба кезінде қорғандардың ішінен 2–3 м тереңдікте ағаштан жасалған қима, оның бет жағынан бірнеше жылқының қаңқасы мен әбзелдерімен тоңда сақталған жылқы мумиясы, сыртына алтын жалатылған ағаш әшекейлер, адамның қаңқасы мен адам мумиясы алынды. Заттай деректер Берел қорымы Пазырық мәдениетінің орта (б.з.б. 5 ғасыр) және соңғы (б.з.б. 5–4 ғасырлар) кезеңінде салынғанын дәлелдейді.

Берел қорымында 1997 жылдан қазіргі кезге дейін 20 ескерткіш зерттелді, солардың ішінде №4, 9, 10, 11 обаларынан тоң басқан қабірлер аршылды. Берел қорымы обалардан табылған ақсүйектер мен скиф-сібір аң стилінде жасалған заттарының нәтижесінде әлемге әйгілі болды. Берел қорымындағы тоң басқан обалардың беретін мәліметтері де ерекше. Берел қорымындағы үлкен обаларда табиғат пен климаттың және обаны үйген материалдар мен ескерткіш құрылысының үйлесімінен пайда болған тоңың нәтижесінде органика, яғни киім, ат әбзелдері, ағаш бұйымдары, ер тоқым, тері мен киізден жасалған заттар шірімей жақсы сақталған. Берел қорымынан табылған заттарды зерттеуде алғаш рет жаратылыстану ғылымдарының әдістері пайдаланылды. Бұл зерттеулердің нәтижесінде ерте көшпелілердің ДНҚ-ын анықтауға болатын, сонымен қатар Берел даласының палеоэкологиясы, палеозоологиясы мен антропологиясы бойынша құнды мәліметтер алынды.

2. Бірінші орыс революциясы жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық – саяси қозғалыстың дамуына талдау жасаңыз.

XX ғасыр басындағы саяси ахуал. Қазақстанда марксизмнің тарауы Орталық Россиядан көп кейін басталды. Оған өлкеде әлеуметтік-экономикалық қатынастың әліздігі және жұмысшы табының аздығы себеп болды. Қазақ өлкесінде Атбасарда, Көкшетау, Павлодарда алғашқы марксизм идеясын таратушы Петербург қаласындағы Благоевтар тобынан келген В.Г. Харитонов, Қарқаралы мен Семейде социал-демократ И.С. Домашевич, Верныйда А.С. Кочаровская т.б.болды.

Петропавл қаласында 1902 жылдың аяғында ұйымдастырылған тұнғыш маркстік үйірме негізінен жер аударылғандардан құрылды. 1903 жылы осындай үйірме Петропавл темір жолында, 1902 жылы Орынбор қаласында құрылды. 1903 жылы 1 мамырда Орал қаласындағы саяси үйірме мүшелері ереуіл ұйымдастырды.

Бірінші орыс революциясы кезінде (1905-1907 жж.) патшалық тәртіпке қарсы күреске ұлттық аймақтардың езілген халықтары да көтерілді. Отарлық ұлт аудандарының «ұйқыдан оянуына» негіз болған оқиға – 1905 жылғы «Қанды жексенбі» (9 қантардағы Петербургтегі оқиға).

1905 жылы ақпанда Түркістанда, Перовскіде, Жосалыда, Шалқарда, Петербургтегі қарусыз жұмысшыларды атқылауға наразылық білдерген алғашқы қарсылықтар болып өтті. 1905 жылы 1 мамырда Верныйда, Перовскіде, Қостанайда еңбекшілердің бірлігін қуаттайтын ереуілдер өткізілді. Қарқаралыдағы қарсылық жиынына М. Дулатұлы белсене қатысты.

Қазақ еңбекшілердің саяси қөзқарасының өсуіне Бүкілроссиялық қазан саяси ереуілі ерекше әсер етті. Бұл ереуілдің әсерімен Қазақстан қалаларында – Шалқарда, Қостанайда, Верныйда, Оралда т.б. жерлерде ұйымдасқан ереуілдер мен бой көрсетулер социал-демократия ұйымдардың басқарумен «Патша билігі жойысың?», «Бостандық жасасын» деген ұрандармен өтті. Осы жылдары Перовскіде, Қостанайда, Оралда, Успен кенішінде стачкалық комитетттер құрылды.

17 қазандағы 1905 жылғы патша манифесінің («Мемлекеттік тәртіпті дурыстау туралы») халықты алдау екенін «Алаш» қозғалысы өкілдері әшкерелеп, сынады. 1905 жылы 18-19 қазанда Орынборда өткен демонстрация « Демократиялық республика жасасын», «Самодержавие жойылсын» деген саяси ұрандармен өтті.

Интернационалдың бой көрсетудің ең бастысы - 1905 жылғы 11 желтоқсанда 12 күнге созылған, Успен кенішіндегі 360 жұмысшы қатысқан ереуіл болды.

Ереуілге шығу себептері:

Жалақының аздығы.

Ағылшын капиталистері Мессен, Гиббердің қатыгездіктері.

Жұмыс істеу жағдайының ауырлығы.

Ереуіл барысында орыс жұмыскері П.Топорнин мен қазақ жұмысшысы Ә.Байшағыров басқарған «Орыс – қырғыз одағы» құрылды. Олар кеншінің (рудник) бастығы Н.Велльге өздерінің талаптарын қойды:

-Азық – түлік бағысын төмендету.

-Жалақыны 15, 25% - ға көтеру.

-Үш сыныптық орыс – қазақ училищесін ашу.

-Жұмысшылардың тұрғын жайларын жақсарту.

-Фельдшер Е.Костенконы, қызметкер И.Ивченконы жұмыстан шығару.

3. М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметіне баға беріңіз.

Қоғамдық өмірдегі іс-әрекеттері тұрғысынан Міржақыптың табиғаты Махатму Гандидің тұлғалық болмысына жақын дейді көптеген зерттеушілер. Өзінің бүкіл саналы ғұмырында Міржақып «ізгілік философиясын» насихаттап өткен. М.Дулатұлының қабілет-қарымының жан-жақтылығы адамды таң қалдырады. Ол – журналист, жазушы, публицист, тарихшы, лингвист, түріктанушы, филиолог, географ, педагог, ақын, композитор, мемлекет қайраткері, ойшыл... Ол – қазақ халқының Әнұранының авторы. Карелияда айдауда жүрген жылдары дәрігер мамандығын игерген. Сөйтіп, Міржақып халықтың рухани жан жарасын ғана емес, тән жарасын да емдеп жазуға тырысқан. Ол математика пәні бойынша оқулық жазып шыққан. Қазақша айтқанда, нағыз жетпіс жеті қырлы, бір сырлы асып туған ер. 1935 жылы Соловецк лагерінде тұтқында жүріп қаза тапты.
Бүгінде Шығыстан шыққан кемеңгердің тұлғалық болмысы Қазақстанның аумағынан асып, әлемдік маңызға иә болып отыр. Токио университетінің ғалымы Уямо Томихиконың Міржақыпты зерттеуін оның бір дәлелі ретінде айта кетуге болады. Жапондық ғалымның ғылыми диссертациясының тақырыбы – «ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының дүниетанымы: Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ» кітабы».
Жапондық ғалым аталмыш тақырыпты зерттеу барысында негізінен екі түрлі тезисті жетекшілікке алыпты. Біріншіден, Орта Азия мен Қазақстан бұрынғы патшалық Ресей мен кейінгі Кеңестер Одағының шеткі өлкесі ғана емес, бұл тұс үш «әлемді» – Орталық Еуразия, мұсылмандық және ресейлік кеңестік құрылысты тоғыстырып отырған аймақ деп атаған. Ал, енді, осы «үш әлем» үздіксіз өзара қарым-қатынас жасап, бір-бірімен және басқа әлеммен ықпалдасып, ұдайы өзгеріске түсіп отыратындықтан, ол міндетті түрде зерттелуі тиіс. Екіншіден, Орта Азия мен Қазақстан көпшілік шетелдік ғалымдар ойлағандай мономазмұнды субстанса емес. Керсінше, мұнда көптеген ұлттар мен ұлыстар тұрады, әртүрлі саяси күштер мен әлеуметтік топтар өмір сүреді. Бұл өлкенің маңыздылығы да, күрделілігі де нақ осында жатыр.
Осы негізгі екі қағида бойынша, Уямо Томихико М. Дулатұлының «Оян, қазақ», «Бақытсыз Жамал», т.б шығармаларын түбегейлі зерттеуге кіріседі. Оның таңдап алған тәсіл ғалымға ХХ ғасыр басында қазақ интеллигенциясының дүниетанымы, саяси көзқарасы және қоғамдық ой-сана қандай болғанын анықтауға мүмкіндік береді.
Енді ғалымның зерттеу тұжырымдарынан бірер мысалдар кетсек, артық болмас. «Дулатов өзінің мұсылмандық түсінігі бойынша жадидизм идеясына жақын. Ол панисламдық, пантүркілік көзқарастан ада».
«Дулатов патшалық отарлықты қатал сынады, бірақ орыс халқымен жаулық қатынаста болған жоқ. Ол қазақтардың Ресей арқылы әлемдік өркениетке қол жеткізе алатынына сенімді болды». «Дулатов туған халқының тағдыры мен болашағын ғылым мен техниканың жетістіктерімен байланыстырды. Ұлт интеллигенциясының қалың бұқараны білім мен ғылымға жетелей алатын маңызын ескере отырып, оларды осы бағыттарда тыңбай еңбектенуге үндеді. Ол жастарға ерекше үміт артты, жастарға уақытты босқа кетірмеуге шақырды». « Дулатов, біріншіден, өзін қазақпын деді, содан кейін ғана барып, екіншіден – мұсылманмын, үшіншіден, Ресей азаматымын деп таныды. Қазақ қоғамының жаңғыруын ол ең алдымен еуропалық өркениеттен, сосын мұсылмандықтан іздеді»...
Токио университетінің ғалымы Уямо Томихиконың Алаш арысы туралы айтқан ғылыми тұжырымдарының бір парасы осындай. Ол Міржақып Дулатұлыны осылай деп танып білген екен.

Билет

1. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы.

2. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ даласындағы мұсылман мектептері мен медресселердің жағдайы.

3. 1917-1918 жылдардағы Қазақстандағы ұлттық автономиялар кестесін толтырыңыз.

Құрылған уақыты Басшылары Саяси бағыттары
Алаш автономиясы 1917 ж. 5-13 желтоқсанда     Әлихан Бөкейханов.      

Жауаптары:

1. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы.

Қазақстан жерін мекендеген үйсін, сақ, ғұн, қаңлы және сармат тайпалары қазақтардың арғы тегі болып табылады. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша үйсін тайпалары мен кейінгі қазақ этносының арасында тікелей этногенетикалық байланыс бар. Оларда көшпелі өмір салты мал шаруашылығымен байланысты, киіз үйді кең пайдаланған, ет-сүт өнімдерін тамаққа қолданған, бидайдан нан пісірген және т.б. айқындаушы ұқсастықтар көп. Сонымен қатар қоғамдық-әлеуметтік құрылымда да ұқсастық бар. Үйсін мемлекеті үш бөлікке бөлінген: сол қанат, оң қанат және орталық қанат. Осы бөліністер олардың қазақ жүздерімен сәйкестігін көрсетеді. Бұл этногенетикалық ұқсастықты дәлелдейді. Ғалымдар қазақ халқының қалыптасуын түрік этногенезінің басталуына жатқызады. Түркі кезеңіндегі шаруашылық-мәдени өмір кейін түркі халықтарының көбіне тән болды. Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары моңғол шапқыншылығы қарсаңында біртұтас халық болып қалыптасуға даяр еді. Оған қимақ-қыпшақ конфедерациясы мысал болады. Олардың Алтайдан Еділге дейін алып жатқан территориясын парсы ақыны, саяхатшы Насир Хосроу «Қыпшақ даласы» деп атаған. Алайда моңғол шапқыншылығы бұл жердегі тайпаларды басқару жүйесіне және де шаруашылық жағдайына, әдет-дәстүрге өзгеріс әкелді. Моңғолдардың жаулап алу саясаты этникалық құрамға біршама өзгеріс жасады. Қазақстан территориясы әр түрлі этникалық топтардың қоныстану аренасына айналды. Ұлы қоныс аудару кезеңінде, кейін түркі және монғол шапқыншылығы дәуіріндегі этникалық араласу қазақтардың сыртқы түріне үлкен өзгеріс әкелді. Сонымен бірге этномиграциялық процесс нәтижесінде жергілікті тайпалар басқа тайпалармен араласып, оларды ассимиляциялады. Сондықтан да қазақтардың арғы тегіне Қазақстан территориясы өзіне Отан болған тайпаларды жатқызуға болады. XIY-XY ғғ. Қазақстан және оған шекаралас аймақтарда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы деген мемлекеттер болғаны белгілі. Ол мемлекеттер тұрғындарын өзбектер, өзбек-қазақтар, моғолдар және ноғайлар деп атаған. Бұл атауларда өзіндік этникалық және саяси мән болған. Егер де «халық» деген түсінік этникалық құрылым тұрғысынан қаралса, онда оны «этноним» терминімен белгілейді (өзбектер, қазақтар, қырғыздар). Халық өзінің атымен мемлекетке ат берсе, онда ол «политоним» терминімен анықталады (моғолдар Моғолстан мемлекетінің халқы, ноғайлар – Ноғай Ордасының халқы), яғни бұл этносаяси ұғым. Тарихи-этнографиялық әдебиетте тарихи–этнографиялық өңірде құрылған мемлекеттің тұрғындарын этносаяси қауымдастық деп атайды. Халық этникалық және саяси жағынан да тұтас болу үшін ең алдымен өзінің тәуелсіз мемлекеті болу керек. Біртұтастыққа ұмтылған тайпалар саяси жағынан Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай ордасы және Моғолстан сияқты мемлекеттерге бөлшектенді. Алайда осы мемлекеттер қазақ мемлекеттілігінің құрылуына, өзіндік этникалық кеңістіктің қалыптасуына негіз болды. Қазақ тайпалары мен рулары әр мемлекеттің құрамына кеткенімен, олар бір тілде сөйледі. Қазақ халқының рулық–тайпалық құрамына келсек, ол үш жүзден және төмендегідей тайпалардан тұрды. Ұлы жүздің тайпалық құрамы: Жалайыр, Дулат, Албан, Суан, Қаңлы, Шапырашты, Сары үйсін, Ошақты, Ысты. Орта жүздің тайпалық құрамы: Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Уақ, Керей. Кіші жүздің тайпалық құрамы: Жетіру, алты ата Әлімұлы, он екі ата Байұлы. Сонымен қатар Қазақ халқының құрамына төрелер мен қожалар кіреді. Қазақ халқының қалыптасуы XY ғ. екінші жартысы мен XYI ғ. бас кезінде, тәуелсіз Қазақ хандығы қалыптасқан кезде аяқталды. Сөйтіп, халықтың қалыптасуының тағы бір жағдайы - өз мемлекетінің аты қалыптасты. Қазақ хандығында біртіндеп ру-тайпалық сана әлсіреп, жалпы қазақтарға тән этникалық сана күшейді. «Қазақ жері», «қазақ мемлекеті», «қазақ елі» деген түсініктер кең өріс алды. Этникалық тарихи-хронологиялық қалыптасудың үш түрі бар: ру-тайпа, халық, ұлт. Бұл әр бірлестікте өзіндік этникалық сана болады. Этникалық сана - бұл адамның өзін белгілі этникалық бірлестіктің мүшесі деп санауы. Халық болып қалыптасуының алғашқы кезеңінде қазақтарда халықтық этникалық сананың орнына ру-тайпалық сана басым болды. Мысалы: «Сен қай рудансың?» деген сұраққа жауап беруші ең алдымен өзінің руын, сосын тайпасын, сосын жүзін айтатын болған. Олар өзін қазақпыз деп, елден тыс шыққанда ғана айтады. «Қазақ» (этноним) деген атаудың шығуы туралы көп пікір бар. Ғылыми тұрғыдан жазба әдебиетте «қазақ» атауының пайда болуы туралы толық тұжырым жоқ. Енесейде табылған YIII ғасырдағы түрік ескерткішінде «қазғақ ұғылым» - «қазақ ұлым» деген сөз тіркесі кездеседі. IX-X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды мекендеген үш қарлық тайпаларының жалпы «хасақтар» деген аты болған. Қарлықтардың қазақ этногенезіне тікелей қатысы болғаны белгілі. X-XI ғасырларға қатысты араб құжаттарында, сонымен бірге орыс жылнамаларында Қара теңіздің солтүстік шығыс жағалауындағы Касаг қаласы туралы, касагтар елі туралы деректер бар. Кейбір ғалымдардың пікірінше бұл жерде қазақтардың үлкен қонысы болған, олар бірігіп, XI ғасырда Дон мен Днепр жағалауына орныққан. X ғасырда билік құрған Византия императоры Константин Багрянородныйдың айтуы бойынша, Кавказдың солтүстік–батысында «қазақтар елі» болды. Әзірбайжанның батысында бүгінгі күнге дейін Қазақ ауданы бар. Ең алғаш “Қазақ” сөзі мұсылман жазба деректеріндегі авторы белгісіз түркі-араб сөздігінде кездеседі. Ол сөздік мамлюктік Қыпшақ елінде құрылған деген болжам бар. Сөздік 1245 жылғы қолжазба түрінде жеткен және 1894 жылы Германияның Лейден деген қаласында басылып шығарылған. Бұл сөздікте қазақ терминінің «үйсіз», «кезбе», «қуғындалушы», «еркін» деген мағыналары берілген. Сонымен бұл сөздікте қазақ термині әлеуметтік мағынаға ие болып отыр. Осылай руынан, тайпасынан бөлініп, өз заңдары бойынша өмір сүрген адамдар тобын атаған. «Қазақ» сөзінің осы мағынасынан шыға отырып, жоғарыда көрсетілген деректерде еркін, үйсіз-кезбелердің көрсетілген аудандарда қоныстануы туралы айтылған деген қорытынды жасауға болады. XY ғасырдың екінші жартысында «қазақ» термині өзбек ханы Әбілхайырдан Шу мен Талас өңіріне көшкен тайпалар тобына бекиді. Жәнібек пен Керейдің Өзбек ұлысынан Жетісуға көшуі қазақ халқының этногенезінде шешуші рөл атқарды. Бірақ негізгі рөл халықтың қалыптасуында емес, оның қазіргі кездегі атауында болды. Үдере көшу қазақ халқының қалыптасуын айқындаған жоқ, тек қалыптасып келе жатқан үрдісті тездетті. Бұл үрдістің өтпелі сипатына «өзбек-қазақ» термині дәлел болады. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталу кезеңі белгілі тайпалар топтарының көптеген факторлардың ықпалымен әр түрлі даму сатысында тұрған Шығыс Дешті-Қыпшақ тұрғындарынан бөліну үрдісімен сипатталады. Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы түрлі хандықтарға қарап келген қазақ тайпаларын қазақ хандығына топтастырды. Қазақтың этникалық территориясын біріктірді, осы арқылы қазақтың халық болып қалыптасу барысы біржолата аяқталды.

2. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ даласындағы мұсылман мектептері мен медресселердің жағдайы.

XIX ғ. 60-жылдары Қазақстанда бастауыш мектептердің ашылуы Ы. Алтынсариннің есімімен тығыз байланысты. 1867–1868 жылдардағы реформалардан кейін мұндай мектептер Қазақ өлкесінің көптеген аймақтарында жұмыс істей бастады. 1868–1869 жылдарды Орал облысында 24 орыс-қазақ мектебі, 2 екі сыныптық, 6 селолық 1 сыныптық, 14 жоғары сыныптық мектеп және 2 жекеше училище болды. 1877 жылға қарай Орал казак әскерінің 47 мектебінің бесеуі қыздар мектебі еді. Облыста 70-жылдардың басынан бастап мектеп ісі едәуір жандана түсті. Ер балалар және қыздар гимназиялары мен прогимназиялары, мұғалімдер даярлайтын семинария, ер балалар оқитын уездік приход училищелері, округтік әскери училище, станицалық және басқа да оқу орындары ашылды. 1883 жылы қазақ балаларын оқытуға арналған ер балалар интернаты облыс орталығы Семейде, уездік қалалар Павлодарда, Өскемен мен Зайсанда жұмыс істеді, ал қазақ қыздарын оқытуға арналған интернаттар Семей мен Павлодарда ғана болды. Сырдария облысындағы орыстарға арналған алғашқы мектептер 1860 жылы Райым (Қазалы) бекінісінде және Перовскіде (Қызылорда) ашылды. Жетісу облысының аумағында алғашқы мектептер 1868 жылдан бастап ашыла бастады. Верный және Қапал бекіністерінде приход мектептері құрылды. Облыстың қалған уездерінде 12 станицалық және поселкелік бастауыш мектеп болған еді.

XIX ғ. Екінші жартысында болыстар мен ауылдардағы қазақ балалары әдетте мұсылман мектептері мен медреселерде оқыды. Патша үкіметі Қазақ даласында мұсылман мектептерінің ашылуына жол бермеу үшін шаралар қолданды. Ол жергілікті отарлық органдар мен оқу бастықтарына мұсылман мектептерін қатаң бақылау жөнінде нұсқаулар мен ережелер жіберді. Қандай да болмасын шектеулерге қарамастан жер-жерде, әсіресе Қазақстанның ислам дінінің ықпалы күшті болған оңтүстік облыстарында мұсылман мектептері ашыла берді. Қазақ балалары жаздыгүні киіз үйлерде, ал қыстыгүні жертөлелерде оқытылатын. Бұл кезеңнің оқу құралы «Шариат-ул-иман» немесе «Иман-шарт» болды. Құран оқумен бірге, татар және араб тілдеріндегі кітаптар бойынша исламның негізгі қағидалары мен басты ғұрыптық ережелер оқытылды. Мектептерде көбінесе 8–17 жасқа дейінгі балалар білім алды. Медреселерде мектепте білім алған және өз білімін тереңдетуге тілек білдірген адамдар оқыды. Медресеге түскендер «талиб-улам» (білімге ұмтылушылар) немесе шәкірттер деп аталды. Олар Орта Азияға және Еділ татарларына жалпы белгілі оқулықтар мен оқу құралдары бойынша араб филологиясын және мұсылман діні құқығын, сондай-ақ діни философияға қатысты басқа да бірқатар пәндерді оқыды. Медреселердің «мұғалімдеріне» келетін болсақ, олар негізінен алғанда дін жолын ұстанушылардың ұсынысы бойынша тиісті үкіметтік органдар бекітіп, тағайындаған молдалар болды. Бұл молдалар мешіттерде діни қызмет атқара жүріп, медреселердегі істерді басқарды және шәкірттерді оқытумен айналысты.

XIX ғасыр Қазақстанның мәдени өміріндегі ағартушылық ғасыр деп аталады. Білім мен мәдениеттің дамуына алдыңғы қатарлы орыс зиялылары үлкен ықпал жасады. 1847–1857 жылдарда украин ақыны Т. Г. Шевченко Қазақстанда айдауда болды. Қазақстан Орыс географиялық қоғамы бөлімшелерінің зерттеу обьектісіне айналды, мұнда мәдени-ағарту мекемелері мен статистикалық комитеттер жұмыс істеді; өлкетану мұражайлары ашылып, ертедегі ескерткіштер, халықтың ауызша шығармашылығы және құқықтық заңдар, соның ішінде қазақтардың дағдылы құқығы зерделенді; орыс-қазақ мектептері мен кітапханалар ашылды. Қазақтар өз балаларына білім беруге ұмтылыс жасап, балаларын кадет корпустары бар Омбы мен Орынборға жіберу үшін мүмкіндік іздестірді. Білім алуға деген жаппай ұмтылыс пен ықылас жағдайында Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин бастаған қазақ ағартушыларының тобы қалыптасты.

3. 1917-1918 жылдардағы Қазақстандағы ұлттық автономиялар кестесін толтырыңыз.

Жоғарыда!!!

Билет

1. Наймандар, Керейлер, Жалайырлар.

2. ХХ ғасырдың басындағы музыка өнері.

3. Кеңес өкіметінің алғашқы декреттері жайлы кестесі толтырыңыз.

 

Декреттің аты Қысқаша мазмұны
     

Жауаптары:

Наймандар, Керейлер, Жалайырлар.

Наймандар.

Қытай тарихында сақталынған 9-12-ғасырлардағы «Қидан деректері (ляушы, 辽史) » мен «Алтын патшалығының деректерінде (жиншы, 金史) » наймандардың бұрынғы аты «жанбон», «жанбақ», «жәнбагі», «жанбағ» (қытайша: 粘拔恩 немесе 粘八噶) деп жазылған. Найман атауын қидандар Алтай тауларындағы сегіз өзенді айнала орналасқан тайпаларға берген, кейін осы атпен Найман аталып кетті. [3] Наймандар тайпасының тегі туралы мәселе ертеден-ақ тарихшылардың пікірталасын тудырып келді. Бірқатар зерттеушілер (И.Я. Шмидт, А.М. Позднева, Д.Оссон, В.В. Бартольд, В.П. Васильев, т.б.) Наймандардарды моңғол, басқалары (Рашид әд-Дин, Х.Ховарс, П.Поуха, А.Бобривников, Г.Е. Грумм-Гржимайло, Н.А. Аристов, С.Аманжолов, Ә.Марғұлан) түркі тегіне жатқызды. Қазіргі уақытта олардың түркі тектес екендігі толық дәлелденген. Көптеген зерттеушілердің пікірінше “найман” атауы моңғолша “сегіз” деген сөзді білдіреді. “Оғыз тайпасынан шыққан наймандар түркі тілдес халық болды. Олар 8 ғ-дан бастап “сегіз оғыздар”, кейінірек “цзбу-бу” одағын құрап келді. “Найман” сөзі оларға көрші халықтардың берген атауы” деп жазды Л.Л. Викторова. Әбілғазының пікірінше: “наймандар – көне жұрттардың бірі, малы мен басы көп өскен халық”. “Селенга тас жазуы” деп аталатын 750 ж. тұрғызылған ұйғыр ескерткішінде, “Ляо ши” жазбаларында (8 ғ.) сегіз-оғыздар туралы мәліметтер кездеседі. Сегіз оғыз жұртын әуелі “найман аймақ” (“сегіз тайпа”) деп 10 ғ-да қидандар атай бастаған деген топшылау бар. Кейіннен моңғол империясының дәуірлеуі бұл сөздің негізгі атау орнына қолданыла бастауына одан әрі жағдай жасаған. Зерттеушілер бұл тайпа 10 ғ-дан “найман” деп атала бастаса да, 13 ғ-ға дейін бұрынғы “сегіз” аты қосарлана айтылып келгенін алға тартады.

Керейлер.

Керей (карайлар) — қазақ құрамындағы көне тайпалардың бірі – Керей елінің де тарих көшінде белгілі бола бастаған кездеріндегі ғұмыр кешкен ата жұрты – сонау замандарда бірсыпыра түрік халықтарының қасиетті қонысы атанып, ғажайып ата жазу мұрағаттарымыз мәңгілікке қашалып, жазылып қалған, қазіргі моңғол даласы және оған іргелес жатқан байтақ аймақты қамтитын құтты мекеннің бір тұсы – Орхон, Оңғын, Керулен, Селеңге, Арғұн өзендерінің құйқалы алқабы еді. Керей атауының шығуы туралы әртүрлі пікірлер бар. Бірақ солардың арасында Орхон-енесай жазуларының білгір зерттеушісі, жазушы Қаржаубай Сартқожаұлының апталығымызға ұсынған қолжазбасындағы Керлін (Керулен) өзені және ол өз басын алатын Кентау тауына қатысты пікір көңілге қонымды көрінеді. Онда қазақ ғалымы көне түрік жазуларында (Мойыншор ескерткіші, VIII ғ) бұл қоныс жер аты «Кейре» түрінде көрініс бергендігін айтады. Ал Керлін алқабы ежелден керейлердің түп-тегі Тоғыз байырқулар қоныстанып келе жатқан төл мекен. Олар бірде «тоғыз байырқу», бірде «тоғыз оғұз», бірде «тоғыз керейлік» деп атала жүріп, ғасырлар өте келе «керейлер» боп өзгерген секілді. Бұл бағамдау Керей шежіресінде бұрыннан айтылып жүретін өзен атына қатысты әңгіме сарынын да пысықтағандай болады. Қытайда тұратын қазақ оқымыстыларының кейінгі кездерде бірсыпыра көне қытай жазбаларын қазақша сөйлете бастауы халқымыздың тарихына қатысты көптеген құнды деректерге жолықтырғанын бұрын да айтқан едік. Сол жазбаларда керей атауына да қатысты сәттер кездеседі. Мәселен, «Сүй патшалығының тарихында» Шеп тайпасының көсемі Керін Еркіннің Шығыс Түрік қағандығының үстемдігіне қарсы шыққаны туралы дерек бар. «Таң патшалығының көне тарихы» жазбасында сол Керіннің баласы Хылейдің де қаған болғандығы айтылады. Яғни осылардағы Керін мен Хылей «Керей» деген атау болуы да мүмкін деген топшылау ортаға тартылады.

Жалайырлар.

Жалайыр — қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре бойынша, ұлы жүз құрамына енеді.


Диқанбай батыр шежіресі (Н.Аристов жазып алған) бойынша, Үйсіннен — Ақсақал (абақ таңбалы), Жансақал (тарақ таңбалы) таратылады. Соңғысынан — жалайыр тарайды. Басқа бір шежіреде Майқы биден тарайтын Жансақал (тарақ таңбалы) мен жалайыр бір адам деп тұжырымдалады. Жалайырдың шын аты Қабылан екен. Аңыз бойынша, жабайы құланның жалын айырып, содан жалайыр атанған. Жалайыр сырманақ, шуманақ, бірманақ болып үшке бөлінеді. Шуманақтан — андас, мырза, қарашапан, орақты, ақбұйым, қалпе, сыпатай аталары тарайды. Сырманақтан: арықтыным-байшегір, балғалы, қайшылы, күшік тарайды. Бірманақтан тек сиыршы (байбөген) тарайды. Кейбір шежірелерде бірманақтың аты аталмай, сиыршыны сырманаққа жатқызады. Осыдан келіп он екі ата жалайыр атанған. Сырманақ, шуманақ атаулары Сыр мен Шу өзендерінің бойын жайлағандықтан шыққан делінеді. Ал бірманақ жеке-дара, жалғыз дегенді білдіреді. Кейбір шежірелерде жалайырдан шыққан, бір атадан тараған арықтыным-байшегірді екі атаға бөліп, он үш ата жалайыр деп аталады. Аңыз бойынша, қазіргі Қызылорда облысындағы Шиелі ауылына таяу жердегі Оқшы ата (Мерген ата) қорымы жалайырға кіретін орақтының арғы атасы Орақ батырдың лақап аты екен. Кейінгі ұрпақтары оны әулие санап, атын тура атамаған көрінеді. Жалайырлар 6 — 7 ғасырларда Түркі қағанатының құрамында болған. 8 ғасырда Сыр бойынан шығысқа қоныс аударады. Ол кезде олар оғыз тайпалық бірлестігінің құрамында болатын. 11 ғасырда бұл топ Цзубу одағының құрамында Хэрлэннің төменгі сағасында қидан, шүршіттермен қанаттас тұрды. 9 ғасырдан бастап жалайырлар он рулы “жат жалайыр” тайпасы атанып кетті. Олар: жат, тоқырауын, кунк сауыт (көн садақ), құмсауыт, урьяат (Рашид әд-Дин “ұят” деп көрсеткен), нилқан, құрқын, тулангит (төлеңгіт), тури (төре) және шаңқұт деп аталады. Рашид әд-Диннің пайымдауынша, жалайырдың саны көп болған тайпа. Қадырғали Жалайыридің пайымдауынша, жалайырлар “Келуран (Хэрлэн) деген жерді мекендеді. Жетпіс күрен құрылды, әрбір күренде мың үйлік тайпа бар еді” дейді.

2. ХХ ғасырдың басындағы музыка өнері.

ХХ ғасырда қазақтың музыка өнері жаңа музыкалану мен жанр формаларымен ерекшеленді. Қазақтың музыкалық және ән өнері Кеңес өкіметінің аса мән берген, қызушылығын тудырған нысанына айналады. Жаңа кезеңде музыка өнерінің дамуына ХХ ғасыр басындағы белгілі халық композиторлары мен әншілерінің, композитор-аспапшылардың әсері ерекше болды. Олардың арасында қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаған Абай Құнанбаев, Біржан Қожағұлов, Жаяу-Мұса Байжанов, Дәулеткерей Шығаев, Құрманғазы Сағырбаев, Ықлас Дүкенов, Мұхит Мералиев, Балуан-Шолақ, Ақан-Сері, Тәттімбет, Мәди, Қазанғап, Дина Нүрпейісова, Кенен Әзірбаев және басқаларды атауға болады.
Иса Байзақов.
Әкесі Байзақ ескіше хат таныған, жасында ән салып, өлең шығарған, шағын шаруалы, сауыққой кісі болған. Иса 9-ға шыққанда шешесі қайтыс болып, өлеңші, әңгімеші әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Нағашы ағасы Рахмет оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді. Кішкентайынан “Әнші Иса” атанады. 1932 – 40 жылдары Алматы, Қарағанды, Семей қалаларында радиода, филармонияда, Жазушылар одағында қызмет істеді. Өлеңдері 1924жылдан жариялана бастады. Сан қырлы талант иесі Байзақовтың, әсіресе, суырып салма ақындық өнері қазақ әдебиетіндегі осы бір ерекше құбылыстың жалғасындай еді. Байзақов жазба әдебиет өкілі ретінде де шоқтығы биік көркем туындылар қалдырды.
Жабаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы.
Әзірбаев Кенен (1884-1976)- ақын, композитор және жырау. Жыр алыбы Жамбылдың шәкірті және өнерін жалғастырушы. Ол - әуен тіліне көшірілген 150 өлең жазған тұлға.
Кененнің әншілік өнермен даңқы шыққан. Ол өз шығармаларында Біржан сал, Ақан-сері сияқты белгілі қазақ ақындарының ең үздік дәстүрлерін жалғастырушы. К. Әзірбаев шығармаларының басты тақырыбы - біртұтас халық өмірі, сондай-ақ, әрбір адамның жеке үміттері мен армандары.
Әміре Қашаубаев (1888-1934) – атақты әнші, актер әрі музыкант.
1925 жылы Парижде өткен Бүкіл дүние жүзі сән өнері көрмесінде «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қосбалапан», т.б. әндерді орындап, 2-бәйгемен қоса күміс медаль алды. «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикаль» журналы оның сирек кездесетін талант екенін жазса, Сорбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған. 1927 жылы сәуір айында арнайы шақыртумен Мәскеу консерваториясының залында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Сол жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен Халықаралық музыкалық көрмеде концертке қатысып, қазақтың халық әндерін әлемге паш етті.
Александр Затаевич Әміренің әншілік өнеріне тәнті болып, одан «Балқадиша», «Дударай», Бес қарагер», «Көк көбелек», т.б. әндерді жазып алып, «Қазақтың 500 ән мен күйі» (1931) жинағында жариялады. Затаевич. Ол алғаш рет қазақтың халықтық музыкасы шығармаларымен 1920 жж. басында, Орынборда жүрген кезінен-ақ таныса бастайды. Сол кезеңнен бастап А. Затаевич өзінің болашақ қызметін аспаптық мұраларын тамаша үлгілерін жинау, оны насихаттаумен тығыз байланыстырады.
Халықтық кәсіби әнші-күйшілерінің шығармашылық қызметін, олардың орындаушылық шеберліктерінің сырын ашып, өте құнды мағлұматтар жинады. Ақан сері, Біржан сал, Абай, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Құрманғазы, Мұхит, Дәулеткерей, Тәттімбет, т.б. шығармаларын алғаш рет Затаевич жарыққа шығарды. Сөйтіп, ұлттық дәстүрлерді сақтаушылар мен дамытушылар жайында қайталанбас деректер жазып қалдырды. Этнографтың “Қазақ халқының 1000 әні” (1-бас., 1925 ж., 2-бас., 1963 ж.), “Қазақтың 500 ән-күйі” (1931), “Песни разных народов” (1971), жарияланбаған “Қазақ музыкасының 3-томы” деп аталатын жинақтарында қазақ халқының классик. ән, күйлерінің үлгілері мол орын алған. Затаевичтің еңбектері арқылы қазақ музыкасы дүние жүзіне тарады, бүкілЕуропа елдеріне жетті, алдыңғы қатарлы өнер иелерінен жоғары баға алды.
Шара Жиенқұлова он алты жасында «Биші қыз» атағын иеленді. Үлкен сахнадағы өнер жолын жолдасы Құрманбек Жандарбековпен бірге Қазақ драма театрында бастаған. 1924-1930 жылдары Шара Жиенқұлова Қазақ Педагогикалық Институтының тарих факультетінде оқыды.
Шара Жиенқұлова 1936 жылы Мәскеуде өткізілген Қазақ әдебиеті және өнерінің онкүндік мәдени шарасына қатысып, өзге халықты ұлттық би өнерімен таң қалдырды.
Майра Уәлиқызы Шамсутдинова – халық әншісі, композитор. 1896 ж. 6-мамырда Кереку (қазіргі Павлодар) қаласында дүниеге келген. Майра жасынан гармон тартып, ән салған.
1926 жылы әйгілі этнограф-музыкант А.В. Затаевичпен кездесіп, өзінің орындауындағы жеке әндері мен 13 халық әндерін жазған.
Брусиловский қазақтың ұлттық әндерін өз шығармаларында жоғары шеберлікпен пайдаланды. Ол 250-ден астам қазақ ән-күйлерін жазып алған. Ол — “Қыз Жібек”, “Жалбыр”, “Ер Тарғын” сияқты алғашқы қазақ операларының авторы. Олар музыка мәдениетінде, елдің мәдени өмірінде зор маңызға ие болды. 1970 жылдан Мәскеуде тұрған Брусиловский қазақ тұрмысы тақырыбына 8-, 9-симфонияларын, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” балетін жазды.
Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик.
1934 жылы А. К. Жұбанов алғаш 11 адамнан құралған домбырашылар ансамблі негізінде Қазақ ұлттық халық оркестрін ұйымдастырды. Осы ұжымның тұңғыш дирижері ретінде көптеген халық композиторларының музыка туындыларын оркестрге лайықтап нотаға түсірген.

3. Кеңес өкіметінің алғашқы декреттері жайлы кестесі толтырыңыз.

Жоғарыда!!!

Билет

1. Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің «Жылнамалар жинағы».

2. ХІХ ғасырдың бірнші жартысында қазақ даласын зерттеген ғалымдар.

3. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы жайлы кестені толтырыңыз.

 

Кеңес өкіметі орнауының ерекшеліктері Аймақ Себептері
Бейбіт түрде    
Қарулы күреспен      

Жауаптары:

1. Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің «Жылнамалар жинағы».

Жылнамалар жинағы- Қадырғали Жалайырдің (1530-1605 ж.ж.) 1600-1602 жылдары жазған еңбегі. Орта ғасырда өмір сүрген қазақтың ғұлұма ғалымы Қадырғали Жалайыри Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан.

Тарихы

Қадырғали Жалайыри Қазақ хандағының Орда сарайында хан кеңесшісі және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. 1588 жылы қазақ ханзадасы Ораз-Мұхаммед сұлтанмен бірге Ертіс бойында қаршыға салып жүргенде оларды орыс әскелері тұтқындап, Мәскеууге алып кетеді. Жалайыри тұтқында отырып жазған Жылнамалар жинағы атты еңбегін достықтың белгісі ретінде орыс патшасы Борис Годуновка сыйға тартып, оның қамқорлық жасауын өтінген. 1854 жылы Қазан қаласында баспадан шыққан XV- XVII ғасырлар-осы Қадырғали Жалаиыри жазған Жылнамалар жинағы еді. Шығарма-құралымы,тілі жағынан бірегей дүние. Қ.Жалайыридың дерегі бойынша орыс патшасы Борис Годунов Ораз-Мұхаммед 1602 жылы Қасым хандығының тағына отырғызған. Ораз-Мұхаммед Керман қаласында отырып, биілік еткен. Хандықтың халқы арғын, қыпшақ, жалайыр, маңғыт т.б. ру-тайпалардан тұрған.

Бұл тарихи шығармада қазақ халқының қоныс тепкен жерлері, ондағы қалалар мен қала мәдениеті, Қазақ хандығы мен қазақ хандарының өмірбаян шежілері айтылады. Хан, сұлтандар мен қарашалар, батырлар мен абыздар және басқа әлеуметтік топтар туралы жазылған. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайлары, заң ережелері жайында ғылыми құнды деректер берілген. Қадырғалидың бұл шежіресі ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи еңбек екені аян. Ғұлама ғалым Шоқан Уәлиханов бұл кітаптың аңыздан гөрі ақиқаты басымырақ деп бағалаған. Оразмұхаммед пен Қадырғали бастаған қазақтардың Ресейде болу оқиғасын көрнекті жазушы М.Мағауин «Аласапыран» атты романында кең және көркем баяндаған. Сонымен қатар академик Әлкей Марғұлан 1981 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрген «Күміс сандық құпиясы» атты мақаласында Қадырғалиға аса жоғары баға берген. Соңғы кездері аталған еңбекті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры М.Қойгелдиев арнайы зерттеп жүр. «Жылнамалар жинағының» жалғыз көшірме данасын Қазан университеті кітапханасына татар ғалымы И.Халфин тапсырған. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырған профессор И.Березин былай деп алғы сөз жазыпты: «Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз». Сөйтіп ол Қадырғали еңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі табылғанша «Джами ат-Таварих» - «Жылнамалар жинағы» деп атауды ұсынған. Тарих ғылымының докторы, профессор М.Қойгелдиев 1994 жылы жарық көрген «Қазақ тарихы» журналында «Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербордан табылған екінші көшірмесінде де еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да, ол сол «Джами ат-Таварих» - «Жылнамалар жинағы» атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар арасында Қадырғали еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды» дейді.

2. ХІХ ғасырдың бірнші жартысында қазақ даласын зерттеген ғалымдар.

Қазақстанның тарихы мен географиясын, этнографиясын және мәдениетін зерттеуде Ресей ғалымдарының сіңірген еңбегі зор болды. Ресей зиялы қауымының Қазақстан аумағына саяси себептермен жер аударылып келген өкілдері көптеген ғылыми еңбектер жазып қалдырды. Олар, әрине, әр түрлі кәсіп пен мамандық иелері — ақын-жазушылар, тарихшылар, географтар, әскери қызметкерлер мен дәрігерлер болатын. Сонымен қатар олар қазақ өлкесін отарлау саясатына ғылыми тұрғыдан негіздеуге де ішінара қызмет етті. Қазақстанды зерттеушілердің басым көпшілігі Орынборға, Омбыға, Ташкентке — Орынбор, Батыс Сібір және Түркістан өлкелерінің әкімшілік орталықтарына шоғырланды. 1830 жылы «Отечественные записки» журналында орыс офицері Б.С. Броневскийдің «Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбалар» атты жұмысы жарияланды. Онда Солтүстік-шығыс Қазақстан қазақтарының тарихынан, өмірі мен тұрмыс-тіршілігінен егжей-тегжейлі құнды деректер берілген. Белгілі тарихшы А .И. Левшин (1799— 1879) «Қырғыз-қазақ, немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» деген үш бөлімнен тұратын зерттеу еңбегін жазды. Осы бірегей әрі іргелі еңбегі үшін ол «Қазақ тарихының Геродоты» деген атаққа лайықты ие болды. Автор өз зерттеуінде қазақ өлкесінің тарихы мен этнографиясы және географиясы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер келтіреді. Семенов-Тян-Шанский(1827—1914) де Қазақстанды зерттеуші ірі ғалымдардың бірі болды. Ол Алтай мен Жетісудың және Қазақстанның оңтүстік өңірін зерттеуге қатысты. Ғалым «Ресей. Толық географиялық сипаттамасы» атты көп томдық серияның «Қырғыз өлкесі» және «Түркістан өлкесі» деген іргелі екі томын әзірлеуге белсене қатысты. Оларда Қазақстанның географиясы ғана емес, сонымен қатар қазақтардың тарихы, тұрмыс-тіршілігі, сауда-саттығы және шаруашылық қызметінің түрлері туралы егжей-тегжейлі мәліметтер келтірілген. Белгілі ғалым әрі Батыс Сібірдің әкімшілік қызметкері В.В. Велъяминов-Зернов XVI—XVIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихын мұқият зерттеді. Ол «Қасымов патшалары мен ханзадалары туралы зерттеу», «Кырғыз-қайсақтар туралы тарихи деректер» деген еңбектер жазды. Торғай облысының мал дәрігері А.И. Добросмыслов қыруар мол дерек көздері негізінде «Торғай облысы. Тарихи очерк» атты үш томдық іргелі еңбек жазып қалдырды. Онда Кіші жүздегі қазақ хандықтарының тарихы мен саяси оқиғалар егжей-тегжейлі толық сипатталған. Автор XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар барысын және қалай жүргізілгенін толық баяндаған. Торғай облысының әскери губернаторы Л.Ф. Баллюзек «Кіші қырғыз Ордасындағы орын алған, қазір де ішінара орын алып келе жатқан халықтық әдет-ғұрыптар» деген атпен қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарының жинағын құрастырып, басып шығарды. Баллюзек Қазақстанда қызмет еткен кезінде орыс шенеуніктеріне қазақтың билері мен сұлтандарынандәстүрлі әдет-ғұрып құқықтары туралы материалдар жинастыру жөнінде тапсырма беретін. Ол сондағы жиналған материалдарды өндеп, кітап етіп шығарды. XIX ғасырдың орта кезінде M M. Красовский «Сібір қырғыздарының аймағы» атты үш томдық еңбек жазды. Онда Қазақстанның Солтүстік-шығыс аймағындағы қазақтардың өмірінен көптеген егжей-тегжейлі тарихи-статистикалық, географиялық және этнографиялық мәліметтер келтірілген. Аса көрнекті орыс ғалымы, тарихшы әрі этнограф Н.Н Аристов «Түркі тайпаларының этностық құрамы туралы жазбалар», «Үлкен орда қырғыз-қазақтарының және қырғыздардың этностық құрамын анықтау тәжірибесі» сияқты тағы басқа да теңдесі жоқ тарихи-этнографиялық еңбектер жазып қалдырды. Қазақстан орыстың атақты ақыны Александр Сергеевич Пушкинге ерекше әсер етті. 1833 жылы ұлы ақын Пугачев көтерілісінің болған жерлеріне сапар шекті. Соның барысында Орал мен Орынборға да тоқталып өтті. A. С. Пушкинді қазақтардың ауыз әдебиеті қатты қызықтырды. Ол қазақ халқының тарихына, оның мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігіне аса қызығушылық танытты. Сол жылы А.С. Пушкин Орал қаласында болғанда қазақтың «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» эпосының бір нұсқасын жазып алды. Ол өзінің «Капитан қызы» атты әйгілі повесінде Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісін суреттеумен қатар қазақ халқының өмірі мен тұрмысын да, олардың сол оқиғаларға қатысын да баяндайды. Ұлы ақынның бұл повесі орыстың алдыңғы қатарлы зиялы қауымының өкілдері арасында, әсіресе ориенталистер арасында қазақ халқына деген орасан зор қызығушылық тудырды. Қазақстан аумағында Ресейдің аса белгілі ғалымдарының бірі Владимир Иванович Далъ сегіз жылға таяу, 1833—1841 жылдары тұрып, еңбек етті. В.И. Даль қарапайым көшпелі халықтың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне көп көңіл бөлді. Ол өзінің хаттарының бірінде былай деп жазды: «Тағы дa көшпелілік салтында тұрып жатырмын. Бұл дегеніңіз рақат өмір! Тіпті одан кеткім де келмейді». Қазақтармен қызыға әңгімелескен В. Даль халықтың әдет-ғұрпын, салт-санасын зерттеуге кірісті. Оның соншалықты зор құштарлықпен еткен еңбегінің арқасында қазақтардың XIX ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы құнды материалдар жазылды. В. Даль қазақтар өмірінен «Майра», «Түнгі күзетші» сияқты бірнешеәңгіме және «Бикен мен Маулана» атты повесть жазды. 1845 жылы «Бикен мен Маулана» повесі Парижде француз тілінде жарияланды. Еуропаның қарапайым оқырмандары қазақ деген халықтың бар екенін сол хикаят арқылы танып білді.

3. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы жайлы кестені толтырыңыз.

Жоғарыда!!!

Билет

1. Ежелгі темір дәуіріндегі Оңтүстік Қазақстан және Жетісу мәдениеті.

2.  Қазақ АКСР-інің Қазақ КСР-нен айырмашылығына талдау жасаңыз.

3. Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.

Жауаптары:

1. Ежелгі темір дәуіріндегі Оңтүстік Қазақстан және Жетісу мәдениеті.

Б. з. б. I мыңжылдықта Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан — болжамдардың бірі бойынша тиграхауда-сақтарға баланатын сақ тайпаларының үлкен тобы қоныстанған Орта Азия мен Қазақстанның этномәдени сақ қауымының өзіндік жарқын мәдениетінің ірі ошағы саналды. Сақ өркениеті — Орталық және Алдыңғы Азияның мәдениеті мен өнері жетістіктерінің бірегей синтезі. Оба қорымдары мен петроглифтер топографиясы және олардың көп болуы ерте кезде Қазақстан аумағының оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінің толық игерілгенін көрсетеді. Үлкенді-кішілі Сырдария, Іле, Талас, Лeпci, Есік, Шелек, Шарын, Кеген өзендері мен басқаларының аңғарларында кәптеген тас және топырақ обалар шоғырланған. Олардың көбісі жүздеген төмпешіктері бар үлкен молалы жер болып табылады. Мәселен, Жуантөбе қорымы (Іле өзенінін сол жақ жағалауы) — 300 обадан, Берікқара қорымы (Талас өзені) 500 төмпешіктен тұрады, Кетпен-Тобе алқабында (Солтүстік Кыргызстан) 700 обадан тұратын қорымдар бар. Бұларда және Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның басқа да ірі оба қорымдарында адамдар әр түрлі уақыттарда жерленіп, олар жүздеген жылдар бойында калыптасқан. Биіктігі 20 метрге дейін жететін «патша» обалары дейтіндердің көп жинақталуы жөнінен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға Орта Азияда және Қазақстанның басқа аудандарында тең келетіні жоқ. Осындай археологиялық ландшафт А.Н. Бернштамды «патша сақтары мен усундер» нак Жеті- суды мекендеген деген корытындыға келтірген24. Б. з. б. V ғасырға жататын Бесшатыр қорымының сақ «пирамидаларынан» боренелерден тұрғызылған ірі жерлеу кұрылыстары тамаша сақталған күйінде табылды, олар Орта Азия мен Қазақстан аумағындағы жер бетіне ағаштан салынған ең ежелгі сәулет өнерінің бірегей ескерткіштері. Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі үлкен қорымға енетін «Есік» обасындағы ақсүйек сақтың кабірі жерлеу ғұрпының байлығымен қайран қалдырады. Оның киімі, бас киімі мен аяқ киімі алтыннан жасалған 4000-ға жуық қаптырма мен қалакша арқылы әшекейленген, олардың көпшілігі скиф- сақ кезіндегі «аң» стилінде орындалган. Есік кабірінен табылған күміс тостақанның маңызы ерекше, оның түбіндегі 26 таңбадан тұратын жазу, тегінде, әліпбилік жазба болуы ықтимал. Берікқара корымының обасын (Талас өзенінің аңғарында) топографиялық зерттеу мұндағы үлкен обалардың топырақ үйінділері тастан каланған шеңбер, төрт бұрыш, жол, құйрықты жұлдыз сияқты нәрселер түріндегі әр алуан тұлғалардың қайран калдырарлықтай ұштасуын толықтыра түсетіндігін көрсетеді. Олардың сақ тайпаларының сол дәуірде болган діни және әлемнің шығуы туралы ғарышнамалық түсініктерін көрсеткеніне күмән жоқ. Оңтүстік Қазақстандагы, Аралдың шығыс өңіріндегі сақ кезінің материалдық мәдениетін Оңтүстік Түгіскен28 және Үйғарақ қорымдарының обаларынаң көруге болады. Табылған алуан түрлі олжалар — кару, үй тұрмысына қажетті заттар және алуан түрлі сәндік заттар сақ-массагетгердің материадцык мәдениетінің деңгейін сипаттайды. Табылған заттар арасында алтын тоғалар мен қоладан жасалған ат әбзелдеріндегі аңдардың бедерлі бейнелері ерекше ынта туғызады. Ал шағын обалар — қатардағы қауым мүшелерінің жерлену ескерткіштері (ал олар аксүйектердің ескерткіштеріне карағанда әлденеше есе көп) шаруашылык және мал табынының түр құрамы туралы, аймақтағы ежелгі мекендеушілер өмірінің тұрмыс салты туралы құнды мәліметтер береді. Қорымдардың материалдарын көптеген кездейсоқ табылған олжалар мен көркемдік қола бұйымдар көмбелері: қазандар, құрбандык ыдыстары, шырағдандар, еңбек құралдары, қару және ер-тұрман заттары едәуір толықтыра түседі. Олардың көпшілігі жануарлар мен андардың, кейде адамның бедерлі және мүсінді бейнелерімен сәнделген. Олар сақтардың кұю техника- сы мен көркемдік мәдениетініңжогары, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның ертедегі темір дәуірінде Орта Азия мен Қазақстандагы металлургия ондірісінің ірі орталығы болғанын дәлелдейді.

2. Қазақ АКСР-інің Қазақ КСР-нен айырмашылығына талдау жасаңыз.

3. Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.

1917 жылы қазан төңкерісінен кейін елдегі қалыптасқан саяси жағдайға байланысты әрі қарай не істеу қажеттілігін анықтап алу үшін ұлттың интеллигенция басшылары - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және т.б. ұйымдастыруымен Орынборда 1917 жылдағы 5-13 желтоқсанда II Бүкіл қазақ съезі болды. Оған Қазақстанның барлық облыстарынан өкілдер қатысты. Съезде: Сібір, Түркістан автономиясы және Оңтүстік- Шығыс одағы туралы, қазақ-қырғыз автономиясы, милиция, ұлт кеңесі, ұлт қазынасы, муфтилік мәселесі, халық соты, ауылды басқару және азық-түлік мәселелері қаралды. Елдегі саяси қиын кезеңде халықты аман сақтау үшін «уақытша халық кеңесі» түріндегі Алашорда үкіметін құрды. Ұлт кеңесі құрамына 25 адам кірді. Алашорда үкіметінің төрағасы - Ә.Бөкейханов, ал астанасы – Семей қаласы болды. «Алаш» партиясы бағдарламасы 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарияланды. Бағдарламаның 10 тарауында мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, дін ісі, сот, ел қорғау, салық, ғылым-білім үйрету, жер мәселесі қамтылған. Таптық емес, ұлттық мүддені жоғары қойған «Алаш» партиясының белсенді саяси қайраткерлері – қазақты ұлттық дербес мемлекетке біріктіріп, ел еткісі келді. Сөйтіп, «Алаш» көшбасшысы - Ә.Бөкейханов бастаған зиялылар – ұлттық идея, ұлттық тұтастық қана мемлекет қалыптастыруға апаратын тура жол екенін көрсетті. Алашорда үкіметі – 1917 жылдың желтоқсанынан – 1920 жылдың наурызына дейін ресми билік құрды. Сонымен қатар 1917 жылғы қарашадан – 1917 жылғы ақпан айы аралығында М.Шоқай басқарған Түркістан автономиясы өмір сүрді. М.Шоқай шетелге эмиграцияға кеткенмен Алаш қозғалысы 1939 жылға дейін «Жас Түркістан» журналы арқылы жалғастырды. М.Шоқайдың «Біз – құл болып тұра алмаймыз. Біз ұлт азаттығымызды аламыз» - деген сөзі барлық Алаш қайраткерлерінің ойымен үндеседі. Әлихан Бөкейханов бастаған Алашорда үкіметінің идеясын қуаттаған Күнбатыс Алашорда үкіметі – Ойыл уәлаятының уақытша үкіметі 1918 жылғы 18-21 мамыр күнінде құрылып, төрт айдай өмір сүріп, қыркүйек айында таратылды. Оның жетекшілері – Ж.Досмұхамедұлы, Х.Досмұхамедұлы, Д.Күсіпқали т.б. болды. Олар мемлекет құрылымын, шекарасын белгілеп құрамына 30 қазақ болыстарын кіргізіп, өзінің рәмізі жасыл түсті жарты ай белгісі бар туын көтеріп, Жымпитыда земство банкін ашып, өз ақшасын шығарып, өзінің әскерін құрады. Ресейлік үлгідегі Ойылда юнкерлер мектебін, Жымпитыда прапорщиктер мектебін ашады. Жанша Досмұхамедұлы мен Халел Досмұхамедұлы Орталық Алашорданың атынан Мәскеуге барып, В.И. Ленинмен және И.В. Сталинмен жүзбе-жүз кездесіп, алаш автономиясын мойындау жөнінде келіссөз жүргізгені белгілі. Ж.Досмұхамедұлы Мәскеудегі Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, ресей мұсылмандарының атқару органы – Шура-и-исламның шешімімен осы органның төрағасының орынбасары болып сайланды. Ол Санкт-Петербургтың көпшілік кітапханасындағы Құран Кәрімнің алғашқы, толық нұсқасын В.И. Лениннің тікелей араласуымен алып, Орынбор, Уфа арқылы Ташкентке жеткізеді. Алаш зиялылары қоғамдық-саяси өмірді европалық-демократиялық саяси құндылықтарға негіздеуді мақсат тұтқанымен түрік, ислам әлемінен де қол үзбеген. Қазақстанның оңтүстік өңірінен шыққан Түркістан автономиясының басшылары М.Тынышбаев, М.Шоқай бастаған зиялылар тобы 1917 жылы наурызда құрылған «Шура- и-ислами» партиясына да кіреді. Ислам дінінің Түркістанмен Орта Азияның жергілікті халқының санасына берік орныққанда партия оларды біріктіруші фактор ретінде таныды. Жалпы қазақ съездерінде мектептерде дін негіздерін оқытуды жақтаған алаш зиялыларының көрегендігін 1918-1920 жылы Алашорданың Торғайдағы әскери бөлімін басқарған А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Сейдәзім Қадырбаев т.б. азамат соғысы кезінде елді, халықты аман алып қалуда қажырлы еңбек етті. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Р.Марсенов 1918 жылы Шәуешекке барады. Ондағы мақсат – аласапыранында үркіп, Қытайға көшіп кеткен елдің жағдайын білу, көнсе елге қайта көшіру және Алашорданың ауқымын сол жақтағы елге де ұлғайту болады.

Билет

1. Жетісудағы үйсін мәдениетінің ерекшеліктері.

2. Патшалық Ресейдің Қазақстанның оңтүстік аумағын жаулап алуының тарихи маңызы.

3. Сурет бойынша  оқиғаны сипаттаңыз.

 

Жауаптары:

1. Жетісудағы үйсін мәдениетінің ерекшеліктері.

«Жетісу» кезеңі (біздің заманымыздағы I—III ғасырлар) — үйсін мәдениеті эволюциясының дамыған сатысы. Бұл кезеңнің ескерткіштері көп және мәдениет жетістіктерін мейлінше толық сипаттайды. Оларға мына обалы қорымдар жатқызылады: Талғар-1,3, Бастау-2,3, Ақтас-7, Сарытау-1,2, Ақшоқы- 3,4, Өтеген-2,3, Бесшатыр-1,3,4, Қадырбай-2, Шормақ-2,3, Ащысу, Ақтерек, Мойынтоғай-1, Сартоғай, Диқан-1, Күрті, Қызылауыз-2, 3,Тайғақ-1, Алтынемел-1, 3, 4, Капшағай-2, Қалқан-4, Алатөбе-1, Ақтас-4, Қараша, Шошкөқалы, Ұзынбұлак, Қызылқайнар. Біздің заманымыздың шебіндегі қорымдарда обалар жүйесіз орналасқан. Дөңгелек қаланғаны көрініп тұратын үйінділер саны азаяды, беті ағашпен жабылған шұнқырлар саны кемиді. Мола құрылысының жаңа үлгісі - бүйірінде ұңғымасы бар шұнқыр пайда болады, ол шұнқырдан және оның бір жақ қабырғасынан қабірдің түбі деңгейінде қазылып, жерленетін өлік койылатын ұңғыма лақаттан тұратын болды. Ұңғыма әдетте шұңқырдың солтүстік қабырғасынан қазылған.

Қабір қазудың тағы бір түрі — «ақымды» түрі пайда болады. Бүл — сырғауылдар мен бөренелерді көлбете қойып жасалған қалкамен бөлінген жерден қазылған шұңқыр. Қалқаның жоғарғы жағы шұңқырдың солтүстік қабырғасына, түбі оңтүстік қабырғасына тіреледі. Қабірге қыш ыдыстар бұрынғыдан гөрі көбірек — көбінесе алты-жеті ыдыс қойылатын болды, ыдыстың түрлері де өзгереді: оның түбі бұрын дөңгелек болса, енді жайпақ болып келетін болды.

2. Патшалық Ресейдің Қазақстанның оңтүстік аумағын жаулап алуының тарихи маңызы.

ХІХ ғасырдың 20-жылдары Ресей Орта жүз бен Кіші жүзде хандық билікті жойып, Ресейлік басқару жүйесін енгізгенімен, Ұлы жүз мәселесіне әлі де көңіл бөле қоймаған болатын. Жалпы, ХІХ ғ. 30-жылдарына дейін Ресей империясының “үлкен саясатынан” Орта Азия мәселесі де тыс қалды. Ресей ол тұста негізінен Түркия мен оның иеліктеріне көп көңіл бөлді. Ағылшын-орыс бақталастығында бұл үрдістердің белсенділігі арта түсті. Ресейдің Таяу Шығыстағы жетістіктері Англия қарсылығының күшеюіне әкелді. 1841 жылы Лондон конвенциясы Ресейдің Таяу Шығыс мәселесіндегі ірі дипломатиялық жеңілісі болды. Орта Азия мен Қазақстан біртіндеп ағылшын-орыс бақталастығының негізгі аймақтарының біріне айналды. Қазақстанның стратегиялық аймақ ретінде Орта Азия хандықтары мен Ресей және Қытай аралығында орналасуын патша Н.Г.Потанин әкімшілігі жақсы түсінді. Қазақстандағы өз ұстанымын нығайту үшін түрлі шаралар қарастыра бастады. Ресей Сыртқы Істер министрлігінің Азия департаментінің ұсынысымен ХІХ ғ. 30-жылдары Қоқан хандығына Н.Г.Потанин, Бұхар әмірлігіне П.И.Демезон мен И.В.Виткевич, Е.П.Ковалевский, Хиуаға Г.И.Данилевский бастаған дипломатиялық миссиялар жіберді. Бұл сапарлардың барысында Ресей Хиуа және Бұхарамен орыс-азия сауда мәселелері бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізіп, Орта Азия хандықтарының ішкі жағдайы мен Хиуа хандағының Сырдария бойындағы қазақтарға қатысты саясаты туралы бірқатар мәліметтер алып қайтты. 30-жылдардың аяғы мен 40-жылдардың басында патша үкіметі хиуалықтардың шекаралық аймақтардағы күш көрсету және тонаушылық әрекеттерін тоқтату, хиуалықтардың қолындағы орыс тұтқындарын босату, Хиуаның орыс-қазақ қатынастарына араласуын бейтараптандыру үшін Хиуаға әскери экспедиция ұйымдастыру туралы декларациясын жариялады. Ресейдің мұндай ресми мәлімдеме жасауына Англияның Орта Шығыстағы саяси ықпалын нығайту қаупінің күшеюі себеп болды. 1839 жылы қараша айының ортасында Орынбор губернаторы В.А.Перовский 12 зеңбірек, 4 мың жаяу әскер және 10 мың түйеге артқан жүгімен Хиуаға қарсы жорығын бастады. Қатты суық пен боранның салдарынан Перовский 2 мың түйесінен айырылып, үлкен шығынмен Ембі бекінісіне дейін ғана жете алды. 1840 жылы 1 ақпанда тағы да 5 мың түйе азық-түлікпен басқа да құрал-жабдықтарын жоғалтып Ақбұлаққа жетті. Ақпан айының ортасында Орынборға кері қайтты. Бірақ, жағдайдың бұлай шиеленісуіне қарамастан Хиуа жорықтың қайталануынан қауіптеніп Ресейге 124 орыс тұтқынын қайтарды және Петербургке елшілік жіберді. В.А.Перовский Орыс билігін мойындамаған қазақтарды бағындыруға және Орта Азия хандықтарының шекарасына орыс әскерін жақындату мақсатында Ресей Сырдарияның төменгі ағысының бойына әскери бекіністер сала бастады. 1847 жылы Райым бекінісі, 1848 жылы Қазалы форты салынды. Жаңа бекіністердің салынуы орыс әскерлеріне біртіндеп Сырдарияны бойлап жоғары жылжуға және қоқандықтардың ірі бекіністерінің бірі Ақмешітке жақындауға мүмкіндік берді. 1848-1849 жылдары А.И.Бутаков А.И.Бутаковтың басшылығымен келген экспедиция Арал теңізін зерттеп, теңіздің картасын жасады. Арал теңізінде кеме айлағы ашылды. Оның болашақта Орталық Азия және Хорезммен сауда қарым-қатынасында, әскери мәселелерде маңызы зор болды. 12 күндік қоршаудан кейін 1853 жылы 28 маусымда орыс әскерлері Ақмешітті басып алды. Осыдан кейін Сырдарияның төменгі ағысында Сырдария шебі құрылды. Оған Райым бекінісінен Ақмешітке дейінгі аудандар кірді және 1864 жылы Түркістанды алғанға дейін сақталып тұрды. Ресей Қоқан және Хиуа хандықтарына саяси қысым көрсетуге мүмкіндік алды. ХІХ ғасырдың 50-жылдары Орталық Азия мен Оңтүстік Қазақстанның Ресейдің сыртқы саясатындағы маңызы арта түсті. 1854-1856 жж. Қырым соғысында Ресей жеңілуіне байланысты батыстағы рыногынан айырылып, енді оған шығыстан жаңа рынок іздестіру қажет болды. 1858 жылы Орталық Азия аймағындағы Хиуа мен Бұхараға Н.Игнатьев бастаған дипломатиялық елшілік, Шығыс Иранға көпес ретінде Ч.Ч.Ханыков бастаған экспедиция жіберді. Бұл аймақтан алынған материалдар патша үкіметіне Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азия хандықтарындағы әскери қимылдарын ұлғайтпаса, ол аймақта Англияның мүддесінің арта түсетіндігіне толық көзі жетті. Өйткені, Англияның бұл аймаққа қатысты кең көлемде жаулап алу жоспары бар екені дәлелденген болатын. 1860 жылы Қоқанға хандықтың билеушісі Маллабектің сеніміне кіріп, Үндістандағы Англия басшыларымен байланыс орнатуға ағылшын барлаушысы Абзал-Мажит жіберіледі. Біраз уақыттан кейін Қоқан хандығының басты тірек пункттеріне қару-жарақтар жеткізіліп, әскери нұсқаушылар мен қару жасайтын мамандар жіберіле бастады. Қоқан өкіметі өздерінің әскери қамалдары мен форттарын, әскери шептерін күшейтуге кіріседі.


3. Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.

Тың игеру, тың және тыңайған жерлерді игеру — КСРО-да (Қазақстан, Сібір, Орал, т.б.) 1954 – 1960 ж. жүргізілген науқан. КСРО бойынша жалпы 41,8 млн га жер жыртылса, соның 25,5 млн га-сы қазақ жері болды. Тың игеру нәтижесінде Қазақстан КСРО-дағы ең ірі астықты республикаларының біріне айналды. Тың игеру. Кеңес үкіметі тұсында ең көп тәжірибе жасалған сала – ауыл шаруашылығы. Жасалған реформалар аграрлық саланы дамытудың орнына, көбінесе үлкен қиындықтарға алып келді. Ауыл шаруашылығымен қазақ халқы тығыз байланысты екені белгілі. Сондықтан қазақ халқының басым бөлігі ауылдарда тұрғандықтан реформалардың зардабы бірінші кезекте қазақтарға тиді. Ауыл шаруашылығындағы тәжірибелер 1950 жылдары өз жалғасын тапты. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ОК пленумы ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдайды талқылады. Пленумда мемлекет басшысы Н.С.Хрущев баяндама жасады. Баяндамада аграрлық саланың артта қалу себептері талданды. Күштеп ұжымдастырудың зардаптары, миллиондаған шаруалардың ашаршылық пен саяси қуғын–сүргіннің құрбаны болғандығы атап көрсетілді. Сонымен бірге, өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы есебінен дамыту ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкелді. Қыркүйек пленумы ауыл шаруалығының артта қалуын жою жөніндегі нақты шараларды белгілді. Мал шаруашылығының артта қалу себептері: матералдық-техникалық негізінің әлсіздігіне, жайылымдардың тың игеру кезінде егістікке айналуына тікелей байланысты болды. Ауыл шаруашылығындағы жағдайды жақсарту үшін жемдік дақылдар егісінің көлемін ұлғайту жүзеге асырылды. Техникамен жабдықтау және малшыларды материалдық тұрғыда ынталандыру жұмысы жүргізілді. Еліміздегі 47 колхоз бен 225 совхоз ет өндіруге бағытталып қайта құрылды. Осы шараларды жүзеге асыру нәтижесінде мал шаруашылығының жағдайы біршама жақсара бастады. 1950 ж. басында колхоздарды ірілендіру нәтижесінде олардың саны республикада екі есе қысқарды. Сол себепті Қазақстан колхоздары материалдық тұрғыда жарақтанған ірі шаруашылықтарға айналды. Осы кезеңде шаруашылықты жүргізуде талантты ұйымдастырушылардың есімдері көпшілікке таныла бастады. Олардың еңбегін мемлекет жоғары бағалады. Мысалы, Алматы облысындағы «Алматы» колхозының бастығы Л.Манько, «Мичурин» атындағы колхоздың бастығы Қ. Әбдіғұлов Социалистік Еңбек Ері атанды. Ал, Талдықорған облысындағы «Жаңа талап» колхозының бастығы Н.Алдабергенов екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алды. 1950 ж. екінші жартысында МТС-тер таратылып, олардың қарамағындағы ауыл шаруашылық техникасы колхоздарға берілді. Бұрынғы МТС-тер орнына республикада 213 машина жөндеу станциясы (МЖС) құрылды. Кейін олар «Казсельхозтехника» өндірістік–техникалық жабдықтау бірлестігінің құрамына енді. Мұндай қайта құрулар ауыл шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізбей қойған жоқ. Оның материалдық–техникалық тұрғыда жабдықталуында тұрақтылық болмады. 1954 жылы 23 ақпан - 2 наурыз арлығында Компартия ОК кезекті пленумы болып өтті. Онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Жалпы, астық мәселесін шешудің екі бағыты болды: - интенсивтік бағыт, экономиканы реттеуде нарықтық қатынасқа көшу. - экстенсивтік бағыт, яғни астық өнімін тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Шаруашылықты нарықтық қатынастарға көшіру социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Сондықтан, азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңдады. Қаулы бойынша тың игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Орал және Солтүстік Кавказ, Еділ өңірі. Бұл аймақтарда егіс көлемін арттыру көзделді. Қазақстанда тың игерілетін аймақтарға солтүстік облыстар енді. Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың жерлер жыртылды. Оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн гектар, яғни барлық жыртылған жердің 50%. Ал жоспар бойынша Қазақстанда 1954-1957 жылдары егіс алқабының көлемі 2,5 млн га. артуы тиіс еді. Осылайша, жаппай тың игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары Қазақстанда жаңа 337 совхоз құрылды. Бұл совхоз атауларының өзі көп жәйтті аңғартып тұрса керек: «Москва», «Ленинград», «Киев», “Кантемировец”, “Тамановец” «Ростов», «Одесса» т.б. Жаңадан құрылған совхоздарда тұрғын үйлермен бірге жаңа мектептер, бала бақшалар, мәдениет үйлері, спорт алаңдары, кітапханалар салынды. Бұл республиканың әлеуметтік және мәдени дамуындағы оң істердің бірі еді. 1954 жылы тамызда КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесі «Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі игеру туралы» жаңа қаулы қабылдады. Осы қаулыға сәйкес ауыл шаруашылығының техникалық базасын нығайту ісі қолға алынды. Қазақстан совхоздары сол кезеңде 169 мың трактор, 98 мың комбайн, 73 мың жүк машинасын және басқа да көптеген ауыл шаруашылық техникасын алды.

Билет

1. Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтардың саяси тарихы.

2. Жоламан Тіленшіұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған көтерілістерді салыстыра отырып, талдау жасаңыз.

3. Сурет бойынша  оқиғаны сипаттаңыз.

 

Жауаптары:

1. Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтардың саяси тарихы.

11ғ-дың басында Қимақ қағанаты құлағаннан соң, Қаз-н аумағындағы әскери саяси басымдылық қыпшақ тайпаларының қоластына көшті. Қыпшақ ақсүйектері оғыз жабғуын Сырдариның төменгі және орта ағысынан, жіне Каспий маңы даласынан ығытырып шығарды. 11ғ-дың 2-ширегінде сол кезге дейінгі деректерде оғыз даласы аталып келген дала Дешті-Қыпшақ деп атала бастады. 11ғ-дың ортасында батысқа қарай жылжыды, Русь, Византия, Венгрия халықтарымен қатынас жасады. 1). Бұл кезеңде қимақ тайпалар олағы қалыптасып, оның ішіндегі қыпшақтар басты рөл атқарды(7-8ғғ).2). (8ғ-басы – 9ғ). Қыпшақтар Алтайдан Ертіске Оңт.Орал тауларынан Еділге дейінгі кең-байтақ аймаққа біртіндеп қоныстана бастады.3). (11-12ғғ). Қыпшақ хандарының, әсіресе, шығыс ұлыстың құдіреті асып айбындана түсті. Қыпшақ тайпалары 11-13ғғ Орта Азиядағы, Шығ.Еуропадағы саны жағынан ең көп үркі тілдес тайпа болды. Қыпшақтардың таризи көшкін жолдары арқылы араб географы әл-Омари(14ғ):«Қыпшақ хандары қыста сарайда, ал жайлаулары бұрынғы Орал тауларының аймағында»,-деп жазған.

29.Қыпшақ мемлекетінің территориясы, қоғамдық құрылысы және шаруашылығы. Қыпшақтар Есіл мен Тобыл, Нұра, Елек, Сарысу өңірінде көшіп қонып жүрген.Қыпшақ этникалық дерекі:VI—VIIIғ.ғ Қимақ Қыпшақтар туралы мағлұматтар алғаш рет деректерінде кез. IV-VIIғҚыпшақ арғы тегі Си ордасының шығыс бөлігін мекендеген және олардың көршісі яньто тайпасы болғанын, оны қыпшақтар бағындырып, екі тайпа бірігіп Сеяньто аталған.691ж Сеяньто тайпасы Сир мемлекеті деген атауды өзгертіп. 760ж қыпшақ этнимні қабылданды.Қыпшақтар этникалық құрамы 2 бөліктен тұрады:батыс бірлестігі 11тайпадан тұрады(елбөрілі, тоқсоба,истиоба,дурут т.б);шығыс бірлестік 16 тайпадан тұрады.11-12 ғ Ұлы даланы мекендеген біртұтас болып бірікті. Бұл кейінен қазақ халқының қалыптасыунын негізгі ұйтқы болды.Шынғыс хан әскерлері ретінде Дешті қыпшықа келіп сінген түркі монғол тайпалары (керей,меркіт,нйман,уақ, жалайыр,қоңырат т.б)Жошы хан ұрпақтары жергілікті қыпшықтармен араласып біртұтас халыққа айналды. Сондықтан көп ұзамай Алтын Орда халықтары «Қыпшақ ұлысы» д. а. 13ғ Алтын Орда құрамындағы қыпшақ тайпалары негізінде құрылған автономиялық бірлестік—Ақ Орда күшейе бастады.14ғ-аяқ кезінен бастап Ақ Орданы мекендеген қыпшақ тайпалары «өзбек» деген жалпылама атаумен аталды.15ғ орта тұсынан бастап «өзбек» термині «қазақ» атауы ығыстырып шығарды.

2.Жоламан Тіленшіұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған көтерілістерді салыстыра отырып, талдау жасаңыз.

Жоламан батыр атақты Бөгенбай батырдың немересі болатын. Оның 10 ұлы, 2 бауыры бар еді. Олар батырдың сенімді тірегіне айналды. Ашу – ызыға булыққан табындар мен тамаларға жауынгер адай руының қазақтары келіп қосылды. Жоламан батыр қол астына 3 мыңға жуық көтерілісшілерді топтастырды. Жаңадан құрылған Жаңаелек шекара шебіне күшті шабуылдар жасала бастады. Көтерілісшілер казактардың станицаларына шабуыл жасады, олпрдың үйлері мен шөбін өртеді, адамдарын тұтқынға алып, малдарын айдап әкетті. Сондай – ақ, патша үкіметінің әкімшілігіне бүйректері бұратын қазақ ауылдарына да шабуылдарын жасап отырды. Ондай шабуылдарды шағын жасақтар жасады. Әрбір шабуылдан кейін көтерілісшілер өздерінің соңында өртке оранған станицалар мен ауылдарды қалдырып, Қарақұмның терең қойнауыны сіңіп, бой тасалап кететін. Мұның өзі патша үкіметінің жазалаушы әскерінің көтерілісшілерге қуғын ұйымдастыруын қиындатты. Кіші жүздің ханы Шерғазы Айшуақұлы жаңа шекара шебі аймағындағы толқуды басуға дәрменсіз болды. Көтерілісті басу үшін құрамында 500 Орынбор казагы мен екі зеңбірегі бар жазалаушы экспедиция жіберілді. 1825 жылдың көктемінде жазалаушы экспедиция Бұлдырты, Шиелі және Тамды өзендерінің бойындағы жүздеген қазақ ауылдарына ойран салып, аяусыз қырып – жойды. Көтерілісшілер аянбай қарсылық көрсетті, жазалаушы отрядтармен болған шайқастар кезінде 195 сарбаз қаза тапты, 125 адам тұтқынға алынды. Бұлардың құрамында әйелдер мен жас балалар да болды. Оларды Жайық түрмесіне айдап апарып, қамап тастады. Түрмедегі жағдай адам төзгісіз ауыр болды. Көптеген адамдар ауырып қаза тапты. Жоламан батырдың ең жақын алты бауыры Сібірге жер аударылды. Қалыптасқан мұндай ауыр жағдайда көтеріліс жетекшісі патша үкіметіне қарсыласуды уақытша тоқтата тұруға мәжбүр болды. 1835 жылы көтеріліс көтеріліс қайтадан бұрқ ете қалды. Ол Ор және Троицк бекіністерінің арасындағы кең – байтақ жерді Ресей империясының қазақтардан тартып алуына тікелей байланысты болды. Көтерілісшілерге Кіші жүз бен Орта жүздің жағалбайлы, жаппас, алшын, арғын және қыпшақ рулары қосылды. Қазақтар шекара шебіндегі бекіністерге жүйелі түрде шабуыл жасап тұрды. Көтеріліске тағы да Жоламан батыр басшылық етті. Кейінірек олар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтерілісіне барып қосылды.

Жоламан батыр бастаған қозғалыстың отаршылдыққа қарсы сипаты басым болды. Көтерілістің әр жерде шашыраңқы жүруі мен оған қатысушылар санының аздығы оның жеңіліске ұшырауына жеткізді. Солай бола тұрса да ол Кенесары Қасымұлы бастаған қуатты көтерілістің пісіп – жетілуіне елеулі ықпал етті.

Саржан сұлтанның көтерілісі (1825 — 36) — Ресей империясының Қазақстанда жүргізген отаршылдық саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Хандық биліктің жойылуына байланысты окр. және шекаралық ресейлік басқару мекемелері ашылып, әскери бекіністер салына бастады. Көтерілістің шығуына Солт. Қазақстандағы суы мен жайылымы мол Есіл өз-нің бойындағы жерлердің орыс-казак шаруаларына берілуі және алым-салықтың өсуі де қатты әсер етті. Саржанның Қытайдағы Цинь үкіметімен қарым-қатынас орнату әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Ол інісі Есенгелдімен бірге қазақ ауылдарында халықты ашық бас көтеруге үгіттеп, 1825 ж. Қарқаралы окр-не қарасты Қарпық болыстығы қазақтарының көтеріліске шығуына ұйытқы болды. Қарулы жасақтар Саржан сұлтанның басшылығымен окр. приказдарға, керуен жолдарына тұтқиылдан шабуыл жасап, жергілікті билік орындарын әбігерге түсірді. Жасақтар қатарында Саржанның інісі Кенесары да болды. 1826 ж. 31 қаңтарда Бат. Сібір ген.-губернаторы П.М. Капцевичтің бұйрығына сәйкес жіберілген 200 казактан жасақталған жазалаушы жасақпен Саржан бастаған көтерілісшілер арасында шайқас болып, көтерілісшілер жеңіліс тапты. Бірқатар көтерілісшілер тұтқынға түсті. Қудалаудан құтылу үшін Саржан өз қол астындағы көптеген ауылдармен Орынбор шебіне қарай көшіп, Кіші жүз қазақтарын өз жағына тарту бағытында жұмыстар жүргізді. Соған орай Орынбор ген.-губернаторы Саржан сұлтанды Кіші жүздегі “барлық мазасыздыққа басты кінәлі” деп бағалап, оның мұндай әрекетіне тосқауыл қоюға әрекеттенді. Бұған қарамастан көтерілісшілер қатарына Кіші жүз қазақтарымен қоса қашқын орыс, татар, башқұрттар да қосылды. Саржан Қоқан, Хиуа хандықтарымен және Бұхар әмірлігімен байланыс орнатты. Саржан жасақтары барған сайын жаңа көтерілісшілермен толығып отырды. Оның жасақтарының бірін басқарған сұлтан Абылай Ғаббасов Қарқаралы окр-не жорықтар ұйымдастырды. Көкшетау окр-нде сұлтан Сартай Шыңғысов Саржанға қолдау білдіретіндігін танытып, ондағы халық көтерілісіне басшылық жасады. Отаршылдық әкімш-ке жағымпаздануымен ерекшеленген Қарқаралы окр-нің аға сұлтаны Тұрсын Шыңғысов Саржан бастаған көтерілісшілердің талқандалуына ынталылық танытып, патша әскеріне көмектесті. Саржан 1832 ж. Қоқан хандығының Ташкент құсбегімен патша өкіметіне қарсы бірлесе күресу жөнінде келісім жасап, Ұлытауға, Сарысу өз. бойына келіп қоныстанды. Қоқандықтардың қолдауымен бірнеше рет Орта жүз жеріне жорық жасады. Ол Ташкент құсбегіне бағынышты Ұлы жүз қазақтарын да өз жағына тартуға тырысты. Бұл өз кезегінде Саржанның қоқандықтармен жанжалына негіз болды. Ташкент құсбегі 1836 ж. жазда Саржанды және оның інілері Ержан мен Есенгелдіні, сондай-ақ оны қолдаған бірқатар белгілі батырларды Ташкентке алдап шақырып зұлымдықпен өлтіртті. Саржанның өлімінен кейін Ресейдің отарлық саясатына қарсы күрес оның інісі Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына ұласты.

3.Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.

Алаш қозғалысына, одан туындаған Алаш партиясына, Алашорда үкіметіне баға бергенде біз мына мәселеге де көңіл аударуымыз керек сияқты. Патшалық Ресейдің үш генерал-губернаторлығына, қазақтың үш жүзіне бөлініп өмір сүріп жатқан алып даланың оқыған азаматтары ұлт тарихында тұңғыш рет тізе қосып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, туған жұртының азаттығы үшін саяси жолда бас біріктірді. Батысы Бөкей Ордасынан шығысы Жайсаңға дейінгі, солтүстігі Омбыдан оңтүстігі Ташкентке дейінгі аралықтағы ұлтын ерекше сүйетін, оған шын жаны ашитын қазақтар Алаш ұранының астынан табылды. Мұндай саяси-қоғамдық мәндегі ұлы істе ұйысу, ілгерідегі ғасырларды қоспағанда, тіпті берідегі Шоқан мен Абай заманында да болған емес. Яғни, Алаш қозғалысы дәуірі - қазақтың ұлт ретінде бірігу, тұтасу, етене араласу дәуірі болды. Бұл - ерекше бағаға ие боларлық айрықша жагдай. Оған Қазақстанның төрт түкпірінің барлығын қамтыған облыстық, уездік, болыстық қазақ сиездері, Алаш бағытын қолдаған ірілі-ұсақты басқосулар, жер-жерде құрылған қазақ комитеттері мен бөлімдері куә.

Бұл біріктіру, тұтастыру үдерісі қиындықпен жүрді. Алаш қозғалысы тарих сахнасына шыққанда 1867-1868 жылдардағы жаңа низамнан кейін бүкіл қазақ даласында отаршылдардың бөліп алып биіку саясатының әбден күш алған кезеңі еді. Оған жергілікті аймақтардағы орыс шенеуніктері мен әскерилерінің бір қазақты ру-руға бөліп, болыстыққа таластыруы, ең шұрайлы жерлерге келімсектерді орналастыруы сияқты ұлттың ұйысуына кедергі келтірер отаршылдардың жоспарланған саяси-әлеуметтік шараларын қосыңыз. Міне, осы отарлық саясат, бір жағынан, Алаш козғалысының өзін соған қарсылық ретінде дүниеге әкелсе, екінші жағынан, оның кеңінен өрістеуіне де үлкен бөгесін болып келді. Бұл Алаш қозғалысының басында түрған азаматтардан жан-жақты білімді, ерен ерікті, мұқалмас қайратты талап етті. Алаш кайраткерлері осы үлкен сынды абыроймен орындай алды. Өз заманының мүмкіндіктері ауқымында олар ұлттық мұратты ту етіп, қазақ даласын Алаш рухына бөледі. Кешегі Кенесары заманында басылған кеуде мен еңсені көтерді. Отаршылдардың арбауындағы ұйқылы елді оятты. Сөйтіп елді бірлікке шақырды, халықты еркіндікке сендіре алды. Бұл нағыз ұлттық жаңғыруды туғызған ұлы істер толқыны еді.

Алаш ұраны

Алаш жетекшілерінің ұлт-азаттық ұрандары сол дәуірдің оқыған талапты, талантты жастарын баурап алды. Туған халқының халін сезіп, біліп өскен өрелі жас буын өкілдері ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің идеяларын қолдап, солармен бірге қимыл жасады. Қозғалысқа қатысты қүжаттардан Алаш қайраткерлерінің оларды іске жұмылдырып, қажет жерінде тиісті тапсырмалар беріп отырғандығын байқауға болады. Алаш қозғалысына қатысқан 17-25 жас аралығындағы жастардың ішінен кейін көптеген мемлекет, қоғам кайраткерлері, ақын-жазушылар, ғалымдар шыққаны белгілі. Айталық, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, М.Әуезов, С.Қожанов, С.Сәдуақасов, Қ.Сәтпаев сияқты аса көрнекті есімдердің азаматтық, шығармашылық тұлғасы Алаш қозғалысы тұсында қалыптасканы белгілі.

Билет

1. Қазақстан аумағында Батыс Түрік қағанатының құрылуы.

2.  Қасым хан мен Есім хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.

3. Сурет бойынша  оқиғаны сипаттаңыз.

 

Жауаптары:

1. Қазақстан аумағында Батыс Түрік қағанатының құрылуы.

Батыс Түрік қағанатының қалыптасуы

Түрік қағанатының осыншама ұлан-байтақ жер енді ғана қалыптаса бастаған мемлекеттіктің шеңберінде ұзақ уақыт қала алмайтын еді. Олар іштен және сырттан болатын қысымға қарсы тұра аларлық өзара байланысты біртұтас экономикалық және этникалық-саяси организм болмады. Тек қарудың күшімен ғана құрылған империя оған ұзақ уакыт сүйеніп тұра алмады. Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, олардың талай жылдарға созылған мал індеттерімен, жұттарымен және ашаршылықпен ушыға түсуі, Суй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581—618 жылдар), ақырында, оның аудандарының автономиялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа — Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінумен аяқталды; Батыс қағанаттың орталығы Суяб (Жетісу) болды. Бөлінуіне қарамастан, Батыс Түркі қағанаты Шығыс түркі қағанатына біршама саяси тәуелділікте болды, онда өкімет билігі түркілердің қаған руы ашиналардың қолында болды.

Аумағы

Батыс Түркі қағанаты «ежелгі үйсін жерлеріне» ірге тепті, демек, оның аумағы ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанатгың негізгі этникалык-саяси ұйытқысы — «он тайпа» он-оқ будунның мекендеген жері де осы еді. Сонымен қатар ол Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқан, Маймург, Кеш, Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Андхой) отырықшы-егіншілік шұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды. Батыс түркілеріне тәуелді деген аты ғана болған Соғды мен Бұхарада да қағанның өкілдері болды.

Шаруашылық-экономикалық жағдайы

Шаруашылық-экономикалық жағынан алғанда, қағанат екі негіздің — мал шаруашылығын көшпелі әдіспен жүргізуге негізделген қоғамның және бұл кезде феодалдық қатынастар едәуір дамыған отырықшы-егіншілік қоғамның ұштасуы болды. Бұл кезде феодалдық қатынастар Византия мен сасанилер Иранында дамыған болатын. Соғыс және сауда бәсекелестігіне қарамастан (бәлкім, соның арқасында да болар), феодалдық қоғамдық қатынастар Кавказ өңірінің Хазар патшалығының көшпелі ортасына, тиректер мен Алтайдың ертедегі түркілері жеріне өтіп ұлғая түсті. Батыс түрік (сондай-ақ Шығыс түрік) кағанатының халықаралық шаруашылық және саяси байланыстар аясына тартылуында Соғды мен Жетісудың соғдылық көпестері ерекше рөл атқарды. Жетісудың құжаттарда көбінесе «соғды» қалалары деп аталатын қалалары ежелгі түрік дәуірінде тоқтап қана өтетін мекендер болған жоқ. Қалалардың соғды халқы да, түрік халқы да саудамен, қолөнермен, диқаншылықпен бірдей дәрежеде шұғылданды. Қала мен дала қағанат құрамында бірін-бірі толықтыратын және біріне-бірі өзара керек болып отыратын біртұтас шаруашылық-саяси организмнің екі бөлегі болды. Транзит сауда айырбасы да, ішкі сауда айырбасы да ақша айналысын туғызды, сөйтіп Батыс түрік қағанатының вассалдық шет аймақтарының да, орталығының да халқы осы айналыс өрісіне тартылды.

Қоғамдық -экономикалық қатынастары

Қағанатта қоғамдық-экономикалық қатынастардың дамуы Еуразияның басқа аудандарындағы осы сияқты үрдістерге байланысты жүріп, феодалдық қатынастардың орнығу арнасында жүргенімен, оның өз ерекшеліктері де болды.

Батыс түркілері мемлекетінің бірінші басшысы — қаған, жоғарғы билеуші, билеп-төстеуші, әскербасы болды. Ол нақты алғанда Шығыс түрік қағанатына тәуелді болды, бұл оның таққа отыруына өз келісімін беретін немесе бермей де қоя алатын еді. Бірақ іс жүзіңде шығыс түркілері де өздерінің інілеріне талай рет бағынышты болды. Алғашында қаған тағына мұрагерлік бойынша қағанаттың сол қанатынан ашина фратриясының өкілдері отыратын, бірақ бұл тәртіп тұғлұқтар мен оншадыпыттар топтарының арасындағы өзара тартыс күресінде мезгіл-мезгіл бұзылып отырды. Кей кездерде қағанатта бірнеше қаған болып, олардың өкілеттік дәрежесі әр түрлі болды. Қаған мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне басшылық етті, ру басшыларын тағайындады. Ол әулеттік фратриялардан шыққан шонжарларға сүйенді.

Суябқа жақын жазғы резиденция — Цзедань қағанның ордасы болған. Қаған тек билеуші ғана емес, сонымен қатар қағанаттың барлық жерінің иесі де болуы мүмкін. Алайда көшпелі қоғам жағдайында (дала халқын алатын болсақ) билік негізінен алғанда жерге емес, ол жерді пайдаланатын адамдар ұжымына жүргізілді. Техника мен жер суарудың тым қара дүрсін болуы жағдайында ауыл шаруашылығына жарамды жерлер тапшы, ал мал жайылатын жерлер кеп болды. Көәшпелі коғам жылжып көшіп, тіпті үдере көшіп кете алады, ал егіншілік ұжымы жөнінде бұлай деуге болмайды. Мал шаруашылығы ұжымдарының көшіп-қонып жүруі қағанаттың жоғарғы өкіметіне енжар қарсылық жасап, қағанат әскерлерінің қолы жетпейтін алысқа үдере көшіп кетуіне мүмкіндік беретін еді. VII ғасырдың бас кезінде Батыс Түркі қағаны Ябғудың ордасында болған будда монахы Сюань Цзанның жазғандары қаған руының байлығы туралы біраз ұғым береді. Қағанды аң аулап жүрген жерінде кездестірген саяхатшы аңшылар киімдерінің сәнділігіне таң-тамаша қалады. «Қаған жасыл жібек желбегей киген, — дейді ол. — Оның қасына ерген екі жүзден астам тарханы бар, олар қамқа желбегейлер киген, шаштарын бұрымдап өрген. Басқа сарбаздары аңтерісінен тігілген ішік киген, бөріктері жұмсақ матадан тігілген, қолдарына айбалта, садақ, ту ұстаған. Аттары өңшең сайгүлік. Түйе, ат мінген адамдардың көптігіне көз сүрінеді». Одан әрі қағанның киіз үйі туралы айтқанда, оның алтынмен сәнделгені соншалық, тіпті «көз қаратпайды» дейді ол.

2. Қасым хан мен Есім хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.

Қасым ханның сыртқы саясаты.
Шыңғыс-хан ұрпақтары үстемдік еткен Алтын Орда, Ақ Орда, Шағатай
хандықтарының ыдырауына байланысты Шығыс Дешті –Қыпшақ даласы мен Орта
Азия өңірінде жарыққа шыққан ұтқымалы ұсақ хандықтардың және осы
хандықтардың тәж-тағына таласқан хандар мен султандар басқарған түрліше
феодалдық топтардың тынымысыз қырқыстарынан, соғыстарынан қалжыраған
халық бұқарасы бұл тартыстарды тиятын, аласапыранды аяқтататын біртұтас
мемлекетті арман етті. Бұл өз алдына бейбіт өмір өткізуді аңсаған қазақ
халқының көкейтесті мүдесі еді.

Қазақ хандығының құрылуы мен
нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер
өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел
ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан
қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша
тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына
көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз
етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды.
Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғысынша Сырдария бойындағы
қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзіне
қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарихи-Рашиди», «Шайбани», т.б.
деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Қазақтардың этникалық
территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында
біріктірілген» . XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ
қазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кезде хандықтың шекарасы
Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы қалаларды
басып алды. Шығыс оңтүстікте оған Жетісу жерінің дені (Шу, Қаратал, Іле
өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және Шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі
мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейін жетті, Батыс
солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым ханның батыстағы
территориялық иеліктері де ұлға түсті. Ноғай Ордасы бұл кезде ауыр
дағдарысты басынан өткізіп жатқан еді. Ру басшылары, мырзалар, билер
билік үшін өзара қарқысумен болды. Әбден қалжыраған Ноғай Ордасы рулары
мен тайпаларының бір бөлігі қазақ хандары мен султандарының билігіне
бағынып, елінен қазақ хандағына көшіп кетті. Осы кезде Қасым ханның қол
астына қараған халықтың саны 1 миллион адамға жеткен.

Қазақ
хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттің беделін арттырып, сыртқы
саясат пен дипломатиялық қарым- қатынас саласында белгілі табыстарға қол
жеткізді. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібір хандығымен
және орыс мемлекетімен сауда-саттық және елшілік қарым-қатынас орнатты.
Қазақ хандары әр дәуірде елдің ішкі-сыртқы жағдайында туылған
өзгерістерге үйлесіп, икемді сыртқы саясат қолданылып отырды.


Қазақ хандығымен дипломатиялық байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің
бірі ұлы Князь III Василий (1505-1533 жж.) билік жүргізген кездегі
Москва мемлекеті болды. Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына дербес
халық ретінде Европаға мәлім болды.

Қасым ханның ішкі саясаты:
Қасым хан сыртқы саясат пен бірге ішкі саясатты да дұрыс жолға коя
білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси,
экономикалық, әскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси
құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды.

Оның
тұсында мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы Маслихат-султандар
мен ру басшыларының съезі болды. Маслихат жылына бір рет шақырылып,
мемлекеттің ең маңызды - соғыс жариялау, бітім жасау, жайылым жерлерді
бөлісу, көшіп-қону жолдарын айқындау сияқты мәселерді қарады.
Маслихаттың Шыңғыс хан әулетінен хан сайлау құқысы болды. Маслихат
жұмысына тек ерлер ғана қатыса алды. Мемлекеттегі бүкіл билік хан
қолында болды, сонымен бірге заң қабылдау, жарлық беріп отыруға құқысы
болды.

Ханның жанында неғұрлым беделді билер мен қауым
ассоциация өкілдерінен тұратын Кеңесші ұйым- Билер Кеңесі болды. Ханның
іс-қағаздарын жүргізіп отыратын, хатшылары мен кеңсесі болды. Бір
ескеретін жәй, мемлекеттің орталық аппаратының тұрақты бір жерде жұмыс
істейтін орны болған жоқ, сондықтан ханмен бірге көшіп-қонып жүрді.

Есім хан хандығының шекарасын кеңейте түсу саясатын мұнда да батыл жүргізіп бағады. Оған жағдай да көмектесе түседі. Себебі, бұл кезде қайтыс болған Бәки Мұхаммед ханның орнына оның інісі Уәли Мұхаммед пен Герат-Хорасанның билеушісі Дінмұхаммед баласы Иманқұлы таласып жатқан еді. Осы қақтығысты өз пайдасына асыруда Есім хан үлкен ептілік танытады. Ол әуелі Уәли Мұхаммедке көмектесемін деп уәде беріп, кейін Иманқұлы жағына аунап түседі. Соның нәтижесінде онымен бірігіп, Уәли Мұхаммедті өлтірісіп, Иманқұлымен одақ жасасады да, сол жылы Иманқұлыға қарсы шығып, Самарқантқа әскер жөнелтеді. Бұл кезде Иманқұлының Есіммен соғысарлық шамасы жоқ еді. Сондықтан онымен шартқа отырып, Ташкент пен оның төңірегінің түгелдей қазақтардың иелігі екенін ресми түрде мойындайды.Есім хан Есім ханның билігі тұсында (1598-1645) халық жадында «Есім салған ескі жол» деген атпен қалған әдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық құжат болғаны белгілі. Мұны «Есімнің заңы» деп ұққан жөн. Бірақ оның көктен алынбағанын, өз заманының орайы мен талабына қарай Есім хан мен оның кеңесшілері өңдеп, толықтырған баяғы «Қасым салған қасқа жолдың» бір нұсқасы екенін де естен шығармаған абзал. Түптеп келгенде, «Есім салған ескі жол» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған даналық заңдарға байланысты айтылған. Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау- шардың шешімдері осы кезде сараланды.Есім хан Жалпы көшпелілер мемлекетінің хандары сияқты, Есім хан да тақ үсті мен ат үстінде бірдей танылған біртуар тұлға. Қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен тұрсын хан билеген еді. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-жақтастар іздеуге кірісті. Есім хан тобы Яркент хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен одақтасты. Ал Тұрсын Мұхаммед хан жағы Яркент билеушісі Шажайдің Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен жауласып отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету үшін Яркент ханы Әбдірахиммен құдандалық байланыс орнатты.Есім хан Есім хан Әбдірахимнің қызы Патша ханымға үйленді де, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахимге берді. Есім хан мен Тұрсын хан арасында күрес шиеленісе берді, 1627- жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді. Есім ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ хандығын біріктіру жолындағы күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырына өзек болған.

3.Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.

Жақында болады!

Билет

1. Төле бидің қазақ қоғамындағы рөлі.

2. Жанқожа Нұрмұхаммедұлы басқарған көтерілістің тарихи маңызы.

3. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан жайлы кестені толтырыңыз.

 

Қазақстандағы Азамат соғысының ерекшеліктері Азамат соғысының салдары Қазақстан аумағындағы майдандар
       

Жауаптары:

1. Төле бидің қазақ қоғамындағы рөлі.

1742 жылы Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына түсіп қалғанда, оны тұтқыннан босатуда Төле би белсенділік танытты. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Әбілқайыр хан мен Төле бидің Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатуға ықпал жасауын өтінгендігі айтылады. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастаған 90 адам елші боп барып, келіссөз жүргізіп, 1743 жылы 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Төле би ішкі және сыртқы саясатта сара бағыт ұстанды. Хандық пен мемлекет тұтастығын, тәуелсіздігін діттеп, жаугершілікте дұшпан қолында қалған қалалар мен жерлерді қайтаруға күш салды. 1734 жылы Ресей патшасы Анна Ивановнаға және 1749 жылы Орынбор губернаторы И.Неплюевке хат жолдап, бодандықты қабылдауға ризашылық танытты. Бұл сол тарихи кезеңде шарасыздан жасалған қадам болатын. Ол жоңғар шапқыншылығынан титықтаған халықтың жағдайын жақсартуды бірінші кезекке қойды. 1748 жылы орыс сауда керуені тоналғанда, бұған кінәлі Қойгелді батырды билер алқасына шақыртып, оған бұл шығынды жұрт көзінше өтеттіреді. 1748 жылы Әбілқайыр хан қаза тапқанда, оның баласы Ералы сұлтан әкесінің құнын даулап Төле биге шағымданады. Төле би Әбілқайырдың өлімі үшін айыпкерлердің Жеті жарғы заңына сәйкес жеті құн төлеуі туралы шешім шығарады. Ералы айыпкерлерден екі құн алып, төрт құнды кешіреді де, әкесін өлтіруге қатысушылардың бірі Сырымбет батырды жетінші құн орнына өз қолымен өлтіреді. Әбілқайырдың балалары бұған да тоқтамай, Барақ сұлтанның жауапқа тартылуын Төле биден сұрайды. Бас сауғалап қашып жүрген Барақ сұлтан Төле биге өзі келіп, жасаған ісі үшін сотқа тартуды сұрайды. Төле би билер сотына қазақ билерінің ішінен Барақ сұлтанның ұсынуы бойынша төрт белгілі биді (Жалған би, Сырлыбай би, Даба би, Қабек мырза) қатыстырады, өз тарапынан бірнеше биді шақырады. Билер алқасында Төле би Барақ сұлтанды ақтап алады. Төле би Әбілқайыр ханның өлімі үшін жеті адамның құнын кескенде де, Барақ сұлтанды ақтап алғанда да, туысы Қойгелді батырға тоналған орыс сауда керуенінің өтеуіне екі мың жылқы төлеуге билік шығарғанда да елдің елдігін бұзбауды, әлі келгенше халықтың тыныш жағдайын, тұтастығын сақтауды көздеді. Төле бидің бұл секілді еларалық сипаттағы билігімен қатар ұлыс ішіндегі дауларды шешкен билігінен де оның мемлекеттік деңгейдегі парасаттылығы, ойының саралығы мен ниет-тілегінің тазалығы танылады. Төле би хан, сұлтандардың, бектер мен билердің өзара қырқысының ұлт тәуелсіздігі мен бостандығына ешнәрсе бермейтіндігін сезініп, татулықты жақтады. Оны елге танымал “Елге бай құт емес, би құт” дейтін қанатты сөзі айқын аңғартады. Бізге келіп жеткен аңыз-әңгімелерде Төле бидің ұлт бірлігін нығайтуды барынша жақтағандығы айтылады. Сондай аңыз-әңгімелердің бірінде Төле би өз көңілін сұрай келген Қазыбек, Көкі, Мәлік, Ержан билердің еліңізге қандай өсиет қалдырасыз деген сұрағына былай деп жауап берген екен: “Жүзге бөлінгендердің жүзі қара. Руға бөлінгендердің құруға асыққаны. Атаға бөлінгендер адыра қалады. Көпті қорлаған көмусіз қалады. Хан азса, халқын сатады. Халық азса, хандыққа таласады”. Төле бидің артында кейінгі ұрпаққа жарық жұлдыздай жол көрсетіп, жөн-жоба сілтейтін көптеген өсиет сөздері қалған. Оның шешендік сөздері айтпақ ойының ұшқыр да тапқырлығымен, тап басатын көркем теңеулерінің дәлдігімен, тілінің өткір де айқындылығымен ерекшеленеді. Оның Данагүл есімді келінінің де есімі көпке танымал.

2. Жанқожа Нұрмұхаммедұлы басқарған көтерілістің тарихи маңызы.

Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілістердің тарихи маңызы зор болды. Ол көтеріліс Орта Азия хандықтары мен Ресей империясының отаршылдық езгісіне қарсы бағытталды. Халық көтерілістері қазақ халқының бойында бостандықты аңсаған рухтың өшпегенін, тәуелсіздік пен азаттыққа деген ұмтылысының зор екенін көрсетіп берді. Қазақ батырлары, өз бастарын қатерге тіге отырып, XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформа басталар қарсаңында отаршыларға қарсы күрес әрекеттерін жүзеге асырды. Бұл көтерілістер патша үкіметінің Орта Азия мемлекеттерінің аумағын жаулап алу үрдісін біраз уақытқа тоқтатты. Қазақ халқының өз тәуелсіздігі үшін, қарсы күреске шыға алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

3. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан жайлы кестені толтырыңыз.

Жақында болады!!!

Билет

1. Қ.А. Ясауидің «Диуани хикмет» еңбегі.

2. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан экономикасының даму ерекшеліктері.

3. Ш.Құдайбердіұлының тарихта алатын орны.

Жауаптары:

1. Қ.А. Ясауидің «Диуани хикмет» еңбегі.

Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикметі» – тек сопылық әдебиеттің көрнекті ескерткіші ғана емес, түркі халықтарының ежелгі рухани ескерткіштерінің бірі болып табылады. Яғни Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» еңбегін біз Махмұд Қашғаридің «Түркі тілдерінің сөздігі», Сайф Сараидің «Түрікше Гүлстаны», Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі», Ахмет Жүйнекидің «Ақиқат сыйы», Сүлеймен Бақырғанидің «Бақырған кітабы» т.б. түркі ренессансы дәуіріндегі аса танымал туындылар қатарына жатқызамыз. Орта Азиядағы аса ірі қайраткері, ислам дінінің гүлденіп, өркен жаюына өлшеусіз үлес қосқан Қожа Ахмет Яссауиді біз, жалпы түркі жұртының, соның ішінде қазақ халқының әдеби-мәдени өміріне бар қажыр-қайратын арнаған шығармашыл тұлға ретінде танимыз. Қожа Ахмет Яссауи – ислам дінін ұстанатын барша түркі халықтарының ортақ ұстазы, біздің халықтарымыздың материалдық құндылықтарға шексіз табынудан, пенделік пиғылдан биік тұратын асқақ рухының символы екендігі сөзсіз. 2016 жылды ЮНЕСКО бойынша «Яссауи жылы» деп жариялаған болатын. Мұның өзі Қожа Ахмет Яссауидің барша адамзаттық қазынаға қосқан үлесін ескергендік, сонымен қатар біз үшін үлкен мақтаныш. «Яссауи жылы» ауқымында еліміздің түкпір-түкпірінде Қожа Ахмет Яссауи еңбектерін насихаттап таныту тұрғысында көптеген игі істердің атқарылғаны сөзсіз және соның бірегейі – Көкшетау қаласында ұйымдастырылып отырған ғылыми конференция және Қожа Ахмет Яссауи хикметтері Көкшетау нұсқасының кітап болып жарық көруі болып отыр. Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикмет» еңбегі және оның мазмұн-мағынасы, түркі халықтарына соның ішінде қазақ халқына оның ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты тұстары туралы көптеген ғалымдар мен зерттеушілердің бүгінге дейін жинақталған толайым деректер базасы бар. Біз олардың бәріне тоқталып жатпастан, аталған еңбектің қазақ тіліне аударылу жағдайы, олардың ерекшеліктері жайында тоқталатын боламыз. Осы ретте, «Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» және басқа да еңбектері қазақ даласына қашаннан бері қаншалықты деңгейде танымалдыққа ие болып келді? Күні бүгінге дейін «Диуани Хикметті» кімдер тәржімалады?» деген сұрақтар төңірегінде біраз мәліметтерге тоқталуды жөн көрдік. Адамзат қоғамы өзінің сан мың жылдық даму кезеңдері барысында жаңа рухани биіктерді бағындырып отырды. Сонымен қатар тарихи, геосаяси, климаттық және т.б. факторларға байланысты қол жеткізген рухани биіктігінде тоқыраулар мен күйзелістердің де жиі орын алып отырғаны белгілі. Ұлы Дала төсіндегі түркі халықтары өмірінде ҮІІІ ғасырдан бастап Ислам дініні маңызды факторға айналды. Тарихтан белгілі, 961 жылы Қарахан мемлекетінде ислам мемлекеттік дін деп жарияланғаннан бастап, бұл үрдіс тіпті қарқын алғаны белгілі. Ежелден бір құдайлықты қолай көрген тәңіршіл түркілердің ендігі өмір сүру салты исламмен тығыз байланыста болғанымен, жалпы ислам, соның ішінде Орта Азиядағы түркілік ислам ХІІ-ХІІІ ғасырларда рухани тоқырауды бастан кешірді. Бұл ислам дінінің өз ішіндегі консервативті бағыттардың күш алуы мен Ислам әлеміне Батыс пен Шығыстан қатар жасалған шапқыншылықтарына байланысты еді.

 

2. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан экономикасының даму ерекшеліктері.

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында - Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстанның жағдайын, бастан кешкен оқиғаларын, өндірістік ахуалын баяндайды.

Соғыс туралы хабар қазақ даласына тез тарады. Қазақстандық ұл - қыздар соғыстың алғашқы күндерінен қолдарына қару алды. Отан алдындағы парыздарын өтеуге өтініш білдіріп, өз еркімен майдан даласына аттанды. Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналдарының біріне айналды (арсенал - күш-қуат, қару-жарақ қоймасы).

Соғыс кезіндегі өндірістік ахуал

Қарағанды шахтерлері 4 жыл ішінде 34 миллион тонна көмір шығарды, бұл өндіріс орнының бүкіл өмір бойы шығарғанынан 3 миллион тонна артық еді. Орал-Ембі мұнайлы аудандарының кәсіпорындары жанармай шығаруды 39% - ға арттырды. Электр қуатын өндіру екі есе дерлік өсті. Қазақстан еңбекшілері тылда "Бәрі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін!" деген үндеумен майдан терлерін төге, күн демей, түн демей жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысы жылдарында балалар да жауды жеңуге өз үлестерін қосты. Олар майданға аттанған азаматтардың орнына тылда қажырлы еңбек етті.

Ыбырай Жақаев күріштен, Шығанақ Берсиев тары өсіруден рекорд жасады. Жазылбек Қуанышбаев төл алудан жоғарғы көрсеткішке жетті. Соғыс болып жатқан және жау қолында қалып қойған Украина, Белоруссия, Ресейдің кейбір аудандарынан 1941 - 1942 жылдары 220 зауыт, фабрика, цехтар көшіріліп әкелінді. Бұрын бейбіт өнімдер шығарған кәсіпорындардың барлығы дерлік енді соғыс өнімдерін шығаруға көшті. Қазақстан қорғасын өндіруден КСРО бойынша бірінші орынға шықты. Майданда атылған әрбір бес оқтың төртеуі Қазақстанның үлесіне тиеді.

Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі

Қазақстанның ауыл еңбеккерлері жауды жеңу үшін өздерінің отансүйгіштік және еңбек парызын жанқиярлықпен өтеді. 1941 - 1945 жылдары олар майданға 5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет және басқа да азық - түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді. Майданда атылған әрбір бес оқтың төртеуі Қазақстанның үлесіне тиеді. Ұлы Отан соғысы жылдары 1 миллион 200 мың қазақстандық армия қатарына алынды. Яғни, әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды деген сөз.

Әсіресе Мәскеу, Сталинград, Ленинград үшін болған шайқастардың тарихында қазақстандық батырлардың ерліктері алтын әріптермен жазылды. Бұл жылдары жарамды ер-азаматтың көпшілігі соғысқа аттанды. Тылда қалған бала-шаға тойып тамақ ішпесе де, таңнан тұрып, қара кешке дейін жұмыс істеді, сөйтіп жеңіске өз үлестерін қосты.

3. Ш.Құдайбердіұлының тарихта алатын орны .

Ақын әрдайым халықтан қол үзбейді. Оның әшкерелейтіні де халық басындағы кемшілік, мақтан тұтары да халықтық қазына. Әр кезеңде жазылған «Бай мен қонақ», «Партия адамы», «Ей, көп халық, көп халық», «Өкінішті өмір», «Қазақ», «Насихат», «Тағы сорлы қазақ», «Қош!», «Қош, жұртым» тәрізді өлеңдерінде ұлтының басындағы халді шыншылдықпен бейнелеп береді. Ақыл мысалдары нанымды. Оларда сол көзеңнің тарихи дамуына тән ерекшеліктер белгі береді. «Қош, жұртым» атты өлеңінде кәрілік кезеңіне аяқ басқан лирикалық кейіпкер - ақынның өзі халқының өткен өміріне көз жібереді, бүгініне үңіледі. Бүгінде патша тақтан құлаған, қазақ даласына айрықша бір сәуленің нүры шашыла бастағандай. Асарын асап, жасарын жасаған ақын қуана тұрып өзіне «ендігі мақсатың не?» деген сауал қояды да, соған жауап іздейді. Өлеңде оптимизм бар. Ақын мұнда жақсылықты көп көргенін, патшаның тақтан құлағанын айтады. Халқының болашақта тәуелсіз өмір сүретініне үміттенеді. Алайда ақында алаңдаушылық та бар. Ендігі жерде халқының бойындағы күндестік, мақтаншақтық сияқты қасиеттердің жойылуы қажет екенін алғатартады. Әкінішке орай, бұл қасиеттер әлі де болса аяққа тұсау болып отырғанына күйзеледі. Қандай әлеуметтік кеселді болсын ол уақыт ағымынан туған, міндетті түрде түзетуге болатын кемшілік деп біледі. Өзінің осы бағыттағы өлеңдерінде ақын сол көзеңдегі қоғамдық психологияны дәлме-дәл бере біледі. Халық ойына қозғау салу бағытындағы ақынның арқалайтын жүгін де салмақтай отырады. Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік ең алдымен ақынның жанарына шалынса керек. «Бай мен қонақ» өлеңінде қазақ тұрмысынан алынған шағын сюжет баяндалады. Бай үйіне келген қонақ пен үй иесі арасындағы диалог сол дәуірдегі қазақ аулының психологиясын, этикасы мен эстетикасын, тұрмыстық ерекшеліктерін, рухани түсінігінің деңгейін сипаттап береді. Мұнда да Абай жырлаған тоғышар кейіпкерлер бар. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық» адам баласын қалай аздыратынын ұлы Абай қандай шебер айтып кеткен болса, Шәкәрімнің мұндағы кейіпкерлері де алдында асы бар, істер ісі жоқ, тойғанына мәз, бірін-бірі кемсітуге құмар мүгедек жандар. Шәкәрім айналасында болып жатқан құбылыстар мен оқиғаларға әрдайым сергек қарады. Ақынның азаматтық сергек үні әсіресе 1917 жылғы төңкeрістер көзінде айқын естілді. Патша тақтан құлатылған сәтте «Бостандық таңы атты», «Бостандық туы жарқырап» деп қуана өлең жазды. Бір қарағанда ұран іспетті көрінетін бұл өлеңдерде жалаң қуаныш, лепірген сезім ғана емес, ақынның лирикасына тән терең философиялық ой бар. Ә дегеннен-ақ, ақын мына болып отырған жаңалықтан өзінше ой түйеді. Қуана тұрып, ол халқының бұдан былайғы өміріне ой жібереді. Ендігі заман еңбек адамынікі болу керектігін айтады. Абайдың әдеби мектебінентәлім алған Құдайбердіұлы ұстазының қазақ халқын әлемдік мәдениет үлгілерімен таныстыру бағытындағы қызметін жемісті жалғастырды. Шәкәрімнің осы тұрғыдағы еңбегін үш салаға беліп қарауға болады. Оның :бірі ақынның әлем әдебиетінің озық ойлы өкілдерін өз өлеңдерінде насихаттап отыруы десек, :екіншісі оның Н. Толстой сияқты заңғар қаламгермен тікелей хат алысып, шығармашылық байланыста жүруі. Ал :үшінші сала - Шәкәрімнің өзге елдер әдебиетінің үлгілі шығармаларын қазақшаға аударуы. Шәкәрім Шығыстың Қожа Хафиз, Физули, Науаи секілді жарық жұлдыздарын, А. С. Пушкин мен Л. Н. Толстойды қастерледі. Әйгілі «Ләйлі-Мәжнүн» дастанының Физули жырлаған нұсқасын қазақша жырлап берді. Хафиздің бірқатар өлеңдерін, А.С. Пушкиннің «Дубровский», «Боран» атты шығармаларын, Л. Н. Толстойдың алты әңгімесін, американ жазушысы Гарриэт Бичер Стоудың «Том ағайдың балағаны» атты романын аударды.

Билет

1. Мухаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи –Рашиди» еңбегі.

2. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы баспа ісінің дамуы.

3. Батыс Түрік қағанаты қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.

Қағандар Жүргізген саясаты
Тардуш қаған Шығыс түріктерді басып алуды, екі қағанатты қайта қосуды жүзеге асыруға тырысты.
Шегу қаған
Тон қаған  

Жауаптары:

1. Мухаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи –Рашиди» еңбегі.

Тарих-и Рашиди – Моғолстанда өмір сүрген тарихшы, əдебиетші Мұхаммед Хайдар Дулаттың еңбегі. Кітапта XIV – XVI ғасырлардағы Моғолстан тарихы баяндалады. Шығарма 1542 – 1546 жылдары Кашмирде парсы тілінде жазылған. Кітап екі дəптерден тұрады. Алғашқы дəптерде Моғолстанды билеген Шағатай əулеті хандарының тарихы суреттелсе, екінші естелік дəптерде Мұхаммед Хайдардың Кашмирді жаулап алғанға дейінгі тарихи оқиғалары сөз болады. «Тарих-и Рашиди» – Қазақ хандығының құрылуы туралы мəлімет беретін аса құнды еңбек. Онда Жəнібек пен Керейдің Қазақ хандығының негізін қалағандығы туралы айтылады. Сондай-ақ кітапта қазақ хандарының бір ғасырға жуық тарихы да қамтылған. Қазақ тарихына қатысты жерлерін парсы тілінен орыс тіліне алғаш В.В. Вельяминов-Зернов аударды. Ал қазақ тілінде 2003 жылы жарық көрді. Мұхаммед Хайдар Дулат өз еңбегіне моғолдар арасына кең тараған дулат əмірлерінің аңыз-əңгімелерін, құжаттарды, əсіресе, тарихшылардың жазбаларын кеңінен пайдаланған. «Тарих-и Рашидидің» лексикасы қазақ хандығы дәуіріне тән және сол кезеңдегі тарихи-саяси, мәдени, әдеби үрдістердің шынайы әрі көркем шежіресі болып табылады; -  Мырза Хайдар еңбегінде кездесетін тарихи мәліметтер қазақ тарихы мен мәдениетінің және діни-ағартушылық әдебиетін басты қайнар көздерінің бірі; - «Тарих-и Рашиди» еңбегі әдеби-эстетикалық тұрғыдан Мырза Хайдардың суреткерлік шеберлігінің айқын айғағы; - Мінәжат пен мадақтың әдеби тақырып тұрғысынан алғанда түркілік әдебиеттің дәстүрлі үрдісі және бұл құбылыс қазақ әдебиеті тарихындағы діни-ағартушылық ағым өкілдерінің мұрасымен толық үндеседі; - Мырза Хайдар шығармасының поэтикалық деңгейі жоғары, ол тек қана прозашы емес, ақындық дарыны да, кемелденген қаламгер ретінде саналады; - Еңбектегі түркі өлеңдерінің қазақтың тілі мен әдебиетіне қатыстылығы даусыз, бұған бұлтартпас дәлелдер жетерлік; - Шығыстық рубаи, мүфрәд сияқты жанрлардың қазақ әдебиетіндегі көрінісі тиісті мысалдар негізінде әдеби, тарихи – салыстырмалы түрде талданады, ғылыми тұжырымдар жасалды; - Мырза Хайдардың «Тарих-и Рашиди» ғұмырнамалық тарихи шығармасы стильдік, жанрлық тұрғыдан алғанда өз дәуірінің озық туындысы және ол әдеби-тарихи һәм эстетикалық құнары мен маңызы жөнінде де әлемдік өркениет пен мәдениеттің алтын қорына қосылатын аса бағалы мұра.

2. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы баспа ісінің дамуы.

ХХ ғасырдың басында мәдениеттің дамуына осы уақытқа дейін елеусіз жағдайда болған баспа ісін жолға қою белгілі бір ықпал жасады. Қазақ мерзімдік баспасының гүлдене бастаған уақыты ХХ ғасырдың бас кезіне тура келді. Бұл кезде кітап басып шығару Семей, Омбы, Орал сияқты мәдени орталықтарда елеулі дамыды. ХІХ ғасырдың соңында «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газеті» атты екі басылым шығып тұрды. 1905 жылға қарай бірқатар жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907 жылы қазақ зиялыларының бір тобы Петерборда редакторы Әбдірашид Ибрагимұлы болған «Серке» газетін шығара бастады. Бұл газеттің екінші нөмірінде Міржақып Дулатұлының «Біздің мақсат» деген мақаласы жарияланды. Патша тыңшылары газетті «қазақ халқын барлық үкімет орындары мен өкілдеріне қарсы қоздырушы» үндеу ретінде қарап, жауып тастады. 1907 жылы наурызда Троицкіде бірінші нөмірі шығысымен тыйым салынған «Қазақ газеті» жарық көрді. Оқу ағарту мен білім идеяларын бұқара арасында насихаттау мен бастауыш білім беру жүйесін кеңейтуде «Айқап» журналы, «Киргизская степная газета», «Степной край», «Қазақ» газеттері елеулі рөл атқарды. 1911 жылы Троицкіде «Айқап» журналының бірінші нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы мен идеялық дем берушісі Мұхаммеджан Сералин болды. Журанал әдебиеттің дамуы мен қазақ әдеби тілінің қалыптасуына үлкен үлес қосты, онда ауыз әдебиеті, этнография, тарих жөніндегі зерттеу мақалалар жарияланды. Сол уақытта «Айқап» журналы далада мектептер мен медреселер ашу, ескі мектептерге реформа жасауды насихаттады. Журналда түрік және парсы тілдерінен аударылған шығармалар, мысалы, Фирдаусидің «Шахнамасы» жарияланды. 1911 жылдан бастап редакторы Сағынгерей Бөкеев болған «Қазақстан» газеті шыға бастады. Газетте саяси мақалалардан басқа, қазақтар мен ноғайлардың халық әдебиеті жөніндегі зерттеу мақалалар да жарияланды. Ұлттық баспасөздің дамуында Орынбор мен Торғайда 1913 -1918 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсынұлының редакторлығымен шығып тұрған «Қазақ» газеті ерекше рөл атқарды. Газеттің негізгі міндеттері қазақ халқының мәдениетін көтеру, қазақтың әдеби тілі мен әдебиетін дамыту болды. Әлихан Бөкейханның ауыз әдебиеті мен Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі мен қазақ әдебиеті жөніндегі жұмыстарына көп орын берілді. 1913 жылы қыркүйектен Петропавлда татар және қазақ тілінде «Есіл даласы» атты газет шыға бастады. Оған жылдың соңында «революциялық идеяларды таратқаны» үшін тыйым салынды. 1916 жылдан 1917 жылдың соңына дейін Ташкентте К.Тоғысов басшылық жасаған, апталық «Алаш» газеті шығып тұрды. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін әр түрлі бағыттағы бірқатар газеттер мен журналдар шыға бастады. Маусым айынан бастап Семейде апталық басылым «Сарыарқа», Оралда «Ұран» газеті, Семейде «Абай» әдеби журналы мен «Халық сөзі» газеті, Ташкентте пантүріктік және жәдит бағытындағы екі басылым – бас редакторы Мұстафа Шоқай болған «Бірлік туы» мен «Жас алаш» газеті, Ақмолада «Қазақ» газетіне жақын позиция ұстанған «Тіршілік» газеті шығып тұрды.

3. Батыс Түрік қағанаты қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.

 


Дата добавления: 2019-07-15; просмотров: 760; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!