Программа проведения конкурса IT-работ “ Digital Art - 2019”



Digital Art - 2019» IT-жұмыстар байқауын өткізу бағдарламасы   Облыстық байқау «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында оқушылардың қызығушылығын арттыру және заманауи ақпараттық технология саласындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткізіледі.   Байқаудың мақсаты: заманауи инновациялық компьютерлік технологиялар саласында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қызығушылықты арттыру.   Байқаудың міндеттері: - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында талантты дарынды оқушыларды анықтау және қолдау; - қолданбалы бағдарламалық жасақтамаларды және заманауи компьютерлік технологияларды игеру және қолдану; - ақпараттық технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстарға қатысу.   Ұйымдастырушы - Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, Ақпараттық-технологиялар орталығы.   Қатысушылар - жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушылары. Команда құрамында 3 адамға дейін болады.     Байқау алгоритмі   Бірінші тур - іріктеу (қашықтықтан) 1) 1 тур номинациялары: «Web-дизайн және технологиялар», «2D статикалық графика», «3D графика (анимация)», «3D графика (модельдеу)». 2) Қатысушылар таңдалған номинация бойынша жоба әзірлейді және аяқталған жобаны ұйымдастыру комитетінің электронды мекен-жайына жібереді: үлгі бойынша сайысқа қатысу өтінішін, бастапқы файлдармен (исходник) жұмысы және аннотация - қазақ немесе орыс тілдерінде (жұмыс тіліне байланысты). Байқау жұмыстарына қойылатын талаптарға ерекше назар аудару керек.   Байқауға қатысу шарттары Байқауға жалпы білім беретін мектептердің 11 сынып оқушылары қатыса алады.   1. Жобаға қойылатын талаптар: Әрбір топ әр бағыт бойынша 2-ден артық жұмыс бере алмайды. Жұмыстардың әрқайсысы бөлек тіркеледі. Байқауға жіберілген жұмыстар келесі тілдерде жазылуы мүмкін: мемлекеттік, орыс.         «Web-дизайн және технологиялар» номинациясы Жұмысты жүзеге асыруға қолайлы жасау құралдары: HTML, JavaScript, CSS, AdobePhotoShop, AdobeDreamweaver, AdobeFlash, Perl, CGI, ASP, ASP.NET, Java. Байқауға ұсынылған барлық жұмыстар келесі талаптарға сай болуы керек: ü Жұмыстар Windows NT/2000/XP/Vista/78/10 операциялық жүйелері бар дербес компьютерінде қарауға қолайлы болуы керек. ü Жұмыстар алдын-ала орнатуды талап етпеуі керек ü Стандартты емес қаріптерді пайдаланған кезде, оларды «Fonts» каталогында жұмысыңызбен бірге беру қажет. Интернет-қосымшаларды жасаған кезде келесі талаптарды қарастыру керек: ü Сайт офф-лайн режимінде қарауға жарамды болуы қажет (сыртқы бағдарламаларға сілтемелерсіз). ü Негізгі файлды index.htm деп аталуы қажет (жұмыстың кеңейтілуі қолданылған жабдыққа байланысты болады – қарапайым бет үшін *.htm немесе *.html, php скрипт үшін *.php, PerlСкрипт үшін *.pl, ASP технологиясын қолданылатын қосымшалар үшін *.asp және ASP.NET үшін *. aspx) және сайттың түпкі каталогында орналасуы қажет. ü Барлық суреттер жеке каталогта * .gif , * .jpeg, * .png форматтарында жинақталуы керек. ü Сіздің сайтыңыздағы бір файлдың өлшемі 100 кб-тан аспауы қажет. ü Егер сіздің сайт Интернетте орналасқан болса, сайттың бастапқы файлдары Ұйымдастыру комитетіне жіберілуі керек. ü Интерактивті қосымшаларда index.exe, swf, * php, * html, * perl, * pl және т.б. атты іске қосу файлы болуы қажет. «Тақырыптық сайт» номинациясындағы жұмыстарды бағалаған кезде, келесі аспектілерге назар аударылады: сайттың ақпараттық толықтығы мен пайдалылығы (кәсіби интернет-қосымшаларынан мәтіндерді және иллюстрацияларды көшіруден гөрі сайттың өзіндік толықтыруына үлкен мән беріледі), дизайн және сайттың тақырыбына сәйкестігі, сайтты ақпараттық кеңейту мүмкіндігі.   «2D статикалық графика» номинациясы AdobePhotoshop, CorelDraw бағдарламаларында орындалған статикалық графика жұмыстарға қойылатын талаптар: ü AdobePhotoshop. Бастапқы (исходный) файл ұсынылуы қажет (*.psd кеңейтілуімен, біріктірілмеген қабаттармен, яғни бастапқы жұмыс нұсқасы) және файл *.jpeg кеңейтілуімен ü CorelDraw. Бастапқы (исходный) файл ұсынылуы қажет (*.cdr кеңейтілуімен, яғни бастапқы жұмыс нұсқасы) және файл *.jpeg кеңейтілуімен ü «2D статикалық графика» номинациясында идеяның ерекшелігі және оның техникалық орындалуы (жіберілген бастапқы материалдарды талдау бойынша). AdobePhotoShop, CorelDraw және т.б. оқу курстарында берілген стандартты мысалдарды байқауға жіберілуі ұсынылмайды. Эксперттік кеңес әйгілі суретшілердің жұмыстарының көшірмелерін жіберуге ұсынбайды. «3D графика (анимация)», «3D графика (модельдеу)» номинациялары 3DSMax бағдарламасында орындалған анимациялық жұмыстарға қойылатын талаптар: ü Бастапқы (исходный) файл қажет (*.max кеңейтілуімен және *.avi немесе *.mov форматында бастапқы проект). ü Визуалданған файлдар стандартты WindowsMediaPlayer – да көрсетілінуі керек ü Визуалданған файл қосымша бағдарламалық жасақтамаларды орнатуын талап етпеу керек ü Номинацияда сценарий жұмысы және идеяның ерекшелігі, сонымен қатар әртүрлі үшөлшемді объектілерді өзіндік құрастыру және т.б. Әрине, дайын үшөлшемді объектілер негізінде орындалған жұмыстар жеке авторлық жұмыстарға қарағанда, төмен бағаланады.     Байқауға қатысушылар байқау өткізу бағдарламасында көрсетілмеген IT - жұмыстардың қосымша бағдарламалық жасақтаманы пайдаланған жағдайда, байқауға қатысу өтінішінде қосымша түсініктемелер берілуі тиіс.     3. Жұмысты тіркеуден бас тарту регламенті Қазылар алқасының жұмыстарды кез келген кезеңнен шығарып тастау құқығы бар: Ø Жарнамалық ақпарат; Ø Әдепсіз және өрескел сөздер; Ø Қолданыстағы заңнаманы бұзуға және нәсілшілдікке шақыру; Сондай-ақ белгіленген ережелер мен техникалық талаптарды сақтамағаны үшін.   Екінші тур - «IT-Аламан» финалдық байқауы (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ базасында) Байқаудың екінші айналымы бірінші турдан өткен қатысушылар арасында өткізіледі, ол үш кезеңнен тұрады: 1 кезең - «Мен дизайнермін» 2 кезең - «Бәйге» 3 кезең - «Сөзді тап» Қатысушыларға информатика тарихы, қазіргі замаңғы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы білімдері талап етіледі.     090000, Қазақстан Республикасы, Орал қ., Жәңгір хан, 51 Ақпараттық технологиялар орталығы Байқауды ұйымдастыру комитеті. Байқау үйлестірушілері: Хайруллина Айымгуль Саиыновна, Диярова Лунара Бакытжановна Тел: 8(705)-166-46-01, 8(776)-220-44-04 Электронды пошта: iswkau@mail.ru    

Программа проведения конкурса IT-работ “ Digital Art - 2019”

Областной конкурс проводится в рамках реализации государственной программы «Цифровой Казахстан» с целью стимулирования интереса и развития творческих способностей школьников в области современных информационных технологий.

Цель конкурса: стимулирование интереса и развитие творческих способностей школьников в области современных инновационных компьютерных технологий.

Задачи конкурса:

- выявление и поддержка одаренных талантливых школьников в сфере информационно-коммуникативных технологий;

- освоение и применение прикладного программного обеспечения и современных компьютерных технологий;

- привлечение к исследовательской и проектной работе в сфере информационных технологий.

Организатор – центр информационных технологий ЗКАТУ им Жангир хана.

Участники – учащиеся 10-11 классов общеобразовательных школ. Формирование команд до 3-х человек.

Алгоритм проведения конкурса


Дата добавления: 2019-02-22; просмотров: 131; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!