Клинкер пайда болу процесін реттеп жеделдету 6 страница



 

4.11-кесте.Мұздатқыштардың техникалық сипаттамасы

Мұздатқыштың типі Өнімді-лігі, т/тәул П.ж.к % Клинкердің шығардағы температура-сы, ºС   Артықшылығы   Кемшілігі
Бара-банды   800     75     160     Конструкциясының қарапайым- дылығы Қондырғының ұзындығы, әрі тез тозуы, шудың көптігі
Рекуператорлы   4000     70   120-200   Жеке жетегінің жоқтығы, салқындау бетінің үлкендігі, отқа төзімді заттар шығынының аздығы Жұмысын реттеудің қиындығы, шудың көптігі, тез тозғыштығы
Желтарт қышты 6000 70-85 Қоршаған ортаның температурасынан 65оС-қа жоғары Қозғалатын бөлшектерінің жұмысын реттеудің оңайлығы, клинкердің жақсы салқындауы Тозғыштығы, ауаның көп кететіндігі, шаңның едәуір мөлшерінің ауаға кетуі

Желтартқышты мұздатқыштардың негізгі кемшілігі клинкерді суытуға өте көп ауа жұмсалады. Ауаның тек аз мөлшері ғана пешке жіберіліп, қалған 60...70 % атмосфераға кетеді. Сол себепті шаңнан тазалайтын агрегат қоюға тура келеді. Мұздатқышқа орнатылған шаңнан тазалау жүйесін былай көрсетуге болады: циклон — электросүзгісі — атмосфера. Желтартқышты мұздатқыштардың қозғалмалы бөлшектері көп, оларға үнемі күтім керек. Мұздатқыштық п.ж.к. шамамен 70...75 %.      

Желтартқышты мұздатқыштардың бұдан басқа «Фуллер», «Фоллакс», «Аллис-Чалмерс», «Рекуполь» сияқты түрлері қолданылады.

 

4.12.4 Клинкер түсірмейтін торлы мұздатқыштар

 

Соңғы жылдары Claudis Peters, FLSmidth, Polisius және КНD Humboldt Wedag компаниялардың жаңа клинкерді төмен түсірмейтін торлы (с беспровальный решеткой) мұздатқыштардың түрлері кең тарады.

FLSmidth Cross-BarTM Cooler мұздатқышта стационарлы колосниктердің қатары қойылған, олардың арасынан майда клинкер төменге түсіп кетуі мүмкін емес, салқындату жүйесімен тасымалдау жүйесі бөлек жасалған. Ригельдер алға-артқа қозғалып клинкерді алға қарай жылжытады. FLSmidth Cross-BarTM Cooler ригельді мұздатқышы 4.48-суретте келтірілген.

 

4.48–сурет. FLSmidth Cross-BarTM Cooler ригельді клинкер мұздатқышы

KHD Humbold Wedag компаниясының PYROFLOOR мұздатқышы корпустан, колосникті тордан, желдеткіштерден және

артық ауаны тазалап атмосфераға жөнететін аспирациялық жүйеден құралады (4.49–сурет). Колосникті тормен клинкер жылжиды. Колосникті мұздатқыштың соңғы модификациясында түсірмейтін торы және ауаның ағынын реттеушілері өзгерген (4.50-сурет).

Колосникті тор статикалық еңкейінкі орналасқан тордан және итергіш тордан (9) тұрады. Итергіш тордың бірнеше бойлық жылжымалы (13) және жылжымайтын жолдары (14) бар. Әр бір жолша (дорожка) вентиляциялық модульден (12,15) бойлық балкалы металды конструкциядан құралады. Олар тіреуіш роликпен қозғалады. Бір жолшаның барлық модульдері бір–бірімен байланысқан, алға немесе артқа тек бірге қозғалады. Жолшалардың алға–артқа қозғалуы үшін гидроқозғалтқыштар (11) орнатылған.

4.49-сурет. PYROFLOOR мұздатқыштың принципиалды схемасы

 

4.50–сурет. PYROFLOOR мұздатқыштың түсірмейтін торының құрылысы: I-ағыны реттелетін тордың аймағы; II–ағыны реттелмейтін тордың аймағы; 1...7–ауа желдеткіштері орнатылған камералар; 8–камера аралық қабырғалар; 9–статикалық енкейгіш колосникті тор; 10– тығыздау; 11–тор жолдарының гидроқозғалтқышы; 12–ағын реттелетін модуль; 13–колосникті тордың жылжымалы жолшалары; 14–жылжымайтын жолшадар; 15–ағын реттелмейтін модуль; 16–тасымалдайтын көлденең тілімдер (пластины); 17–ауа шығынын өлшегіштер; 18–қалқандар

    

Олар әр жолша төсемінің басында және соңында орналасып тек тартатын (итермейтін) күш салады.

Клинкердің қозғалу жылдамдығын екі әдіспен реттеуге болады: жолшалардың тербелісінің жылдамдығын 0...10 тербеліс/минутына өзгертіп және қозғалу ұзақтығын 80 мм–ден 350 мм дейін өзгерту арқылы.

Тор астындағы кеңістік бірнеше камераларға бөлінген. Оларға үрлегіш желдеткішпен ауа беріледі (1-7). Ауаның шығыны жалюзилік қалқандармен (18) реттеледі. Ыстық рекуперациялық алапта I жеке модульдер ауа ағынының реттегішімен жабдықталған (12). Жоғары температуралы және пешке жақын аймаққа ауа көбірек беріледі. Бұл келесі мәселемен байланысты: жоғары температурада ауаның көлемі және тұтқырлығы жоғарылағасын клинкердің қабатының кедергісі бірнеше есе өседі. Қажетті ауаның мөлшерін ыстық клинкердің қабатынан сорып өту үшін тордың астындағы қысымды жоғарылатып, ағынды реттеп, жоғары көлемде ауа өткізетін қылып реттеу керек. Сол үшін желдеткіштердің статикалық қысымы ыстық камерадан салқын камераға қарай 90-нан 30 мбар-ға төмендейді.

Айналмалы пештерде әрқашанда клинкерлік шаңдату пайда болады. Сол кезде мұздатқыштың шахтасында шорлар (наросты) пайда болып, клинкердің ағынын өзгертіп, мұздатқыштың бір қалыпты жұмысын бұзады. Бұл шорларды жою үшін пневмопушкаларды пайдаланады. Олар жоғары қысымдағы ауаны тесіктерден беріп шорды жоқ қылады.

Жолшалардың арасында майда клинкерді төменге түсірмейтін тығыздау болады. Статикалық және жылжымалы торлардың астында және үстінде көлденең тығыздау (10) орналастырылады. Тығыздаушы рейкалар пружина арқылы итергіш тордың жолшаларының жоғары бетіне қысылады. Сол үшін жолшалар артқа қайтқанда клинкер статикалық тордың шетінде тоқтап қалып, оның төменге түсіп кетуіне мүмкіншілік болмайды.

4.51 және 4.52–суреттерде ауа ағынының реттелетін жеке модульдің құрылымы және жұмыс істеу принципі көрсетілген. Локальды модуль (4.51–сурет) қабырғасы жабық қораптан (3), көлденең (2) және бойлық (4) тілімділі түсірмейтін тордан және ауаның ағынын реттеушіден тұрады. Бір-бірін аражабатын (перекрывающие) колосниктің тілімдері лабиринт жасайды, ол жоғарыға клинкер қабатының астына ауаны жібереді, ал майда клинкердің бөлшектерін төменге тордың астына түсірмейді.

Тілімдер көлденең тілімдермен бекітілген. Ол қатаңдық қабырғаның функциясын атқарып тордағы салқын клинкерден қорғағыш төсенкі қабатын жасайды (I). Колосникті тілімдер қораптың ішінде орналасады, қорап қассетаның герметиктілігін қамтамасыз етеді.

Қораптың астында рекуперативті алапта ауаның ағынының реттеушісі орналасқан. Ол цилиндр ретінде ауа өтетін тесіктермен жасалған. Тесіктердің жоғарғы жағы (6) жабылмайды, төменгі жағы (9) клапанмен (10) жабылады. Клапанның өзекпен (11) қозғалуы клинкердің қабатының кедергісімен және пружинамен (7) реттеледі.

 

4.51–сурет. Ауаның ағынын реттейтін модуль: I–төменгі жылжымайтын салқын клинкердің қабаты; II–тасымалданатын ыстық клинкердің қабаты; 1–жолшалардың арасын тығыздау; 2-колосниктің көлденең тілімдері (пластиналары); 3-модульдің қорабы; 4–бойлық тілімдер; 5-стационарлы реттелмейтін ауа; 6–стационарлы жабылмайтын тесіктер; 7–пружина; 8–ағынның реттеушісі; 9-жабылатын тесіктер; 10–ауаның шығынын реттейтін клапан; 11-өзек; 12–өзектің жылжуын тоқтатқыш; 13–клапанның жүруі (ход);

 

4.52–сурет. Ауаның ағынын реттеушісінің жалпы көрінісі  

 

4.12.5 Колосникті тордың жұмыс істеу принципі

 

Пештен шыққан ыстық клинкер алғашқы суытуға еңкейінкі орналасқан статикалық торға, одан кейін жылжымалы торға беріледі. Ол бірнеше паралельді жолшалардан тұрады. Клинкердің тасымалдануы барлық жолшалардың алға қозғалуы кезінде болады. Сол кезде екі бөлек тұрған жолша артқа қайтады. Клинкердің қабаты алға қозғалады. Екі жолша (дорожка) артқа қайтқанда оның үстіндегі клинкер артқа қайтпастан сол орнында жанындағы клинкердің қабатымен тежеуленіп қалады.

Мұздатқыштың эффективті жұмыс істеуі ауаның қажетті көлемі клинкердің қабатынан бірқалыпты сорылып өтуімен қамтамасыз етіледі. Ауаның клинкер қабатының бір жерінен көп, бір жерінен аз өткені болмайды. Бұл процестер клинкердің астындағы ауаның қысымына және қабаттың кедергісіне байланысты. Ол материалдың қалыңдығымен және гранулометриялық құрамымен белгіленеді. Тордың ыстық аймағының бөлек бөліктеріне берілетін ауаның мөлшерін ағынның реттеушісі қамтамасыз етеді. Қабаттың кедергісі төмендегенде (4.51–сурет) ол тесіктердің біраз бөлігін (9) клапанмен (10) жауып қояды да, ауаның шығынын төмендетеді. Клинкердің қабатының кедергісі жоғарылағанда қарама–қарсы әрекеттер жасалады.

Ыстық камерада клинкердің бөлек жолшаларға қозғалу жылдамдығын өзгертіп, клинкер қабатының астындағы қысымды тордың ені бойынша автоматикалық ретінде тегістейді. Сол үшін тордың салқын аймағында ағын реттеушісін қоймайды. Салқындатқыштың жұмысын реттеудің негізгі бағыты ол тордың ені бойынша клинкердің қабатының кедергісін теңестіру болып табылады (қалыңдығын емес). Сол кезде ауа тордың барлық жерінен бірқалыпты өтеді, клинкер жақсы, бірқалыпты салқындайды, салқындатушы ауаның шығыны төмендеп, салқындатқыштың жылулық  П.Ә.К. жоғарылайды.

 

4.12.6  Мұздатқыштағы клинкер ұсақтағыштар

Клинкер ұсақтағыштар колосникті мұздатқыштың соңында, клинкер шығатын жерде, болмаса ыстық камерамен салқын камераның арасында орнатылады. Ұсақтағыштың екі камераның арасында орналасқаны жөн, өйткені сол кезде ұсақталған клинкер жақсы салқындатылып ауаның шығыны төмендейді. Клинкер мұздатқыштарда балғалы және көп білікті тісті ұсақтағыштар пайдаланады.

Балғалы ұсақтағыштар. Салқындатылған клинкер балғалы ұсақтағышқа еңкейіп тұрған тесік тор арқылы келеді. Майда клинкерлер тордың арасына түсіп кетеді. Аса ірі материалдың бөлшектері ұсақтағыштан қайтадан мұздатқыштың торына лақтырылып, қосымша салқындайды да одан соң тағы да ұсақталады. Ұсақтағыштың балғалары тозып, тор мен балғаның аралығы үлкейіп, ұсақтағыштан 40 мм жоғары материал өтіп кетеді. Ол кезде тозған балғаларды ауыстыру керек. Саңылау үлкен болса ірі клинкер шығады, аз болса балғалары тез тозады (4.53–сурет)

 

4.53–сурет. Ұсақтағыштың роторы, тесік тор және реттелетін саңылау

Көпбілікті тісті ұсақтағыш. Claudius Peters фирмасының ең жаңа ұсақтағышының конструкциясы соңғы жылдары кең тарады. Ол төрт немесе одан да көп іші қуыс айналмалы тісті біліктерден құралады. Біліктер гидрожетекпен айналады (4.54-сурет).

 

4.54–сурет. Көп білікті тісті клинкердің ұсақтағышы

 

Бұл ұсақтағыш  пештен шыққан ірі жағылманың кесектерін (обмазка), сақиналарды бұзғандағы бөлшектерді және қатпарлардың (настыль) бөлшектерін де ұсақтай алады. Мұндай үлкен кесектер балғалы ұсақтағышты сыналастырып (заклинивание) тоқтатып қоюы мүмкін, ол кезде мұздатқышты тоқтатуға тура келеді. Көпбілікті ұсақтағыштың мұндай кемшілігі жоқ, ол клинкердің конгломераттарының шетін «тістеп», өлшемін кішірейтіп ұсақтайды. Ал саңылау (заклинивание) болып қалған кезде «реверс» (қайта бағытқа айналдыру) жасап авария жасатпай жұмыс істеуге болады. Балғалы және көп білікті ұсақтағыштардың көрсеткіштері 4.12-кестеде келтірілген.

 

4.12-кесте. Көпбілікті ұсақтағыштың жұмысының эффективтілігі (В.К.Классен бойынша)

 

Параметрлердің аталуы

Ұсақтағыштардың көрсеткіші

балғалы көпбілікті
Қозғалтқыштың типі механикалық гидравликалық
Кесектердің өлшемі  ≤500мм ≤1000 мм
Реверс мүмкіншілігі   жоқ бар
Ұсақталған клинкердің өлшемі ≤35 мм ≤35 мм
Клинкердің температурасы ≤350 оС ≤800оС
Айналу жылдамдығы 367 айн/мин 4 <айн/мин
Шеңберлік жылдамдығы 25 м/сек 0,07 м/сек
Ұсақтағыш элементтердің шығыны 300 г/т 4 г/т
Электр энергия шығыны 0,9 кВт·с/т 0,3 кВт·с/т
Ремонт аралығы 300 % 100 %
Шаң бөлінуі жоғары төмен

 

Ірі бөлшектер екінші торға өтіп кетпеу үшін ауамен салқындатылған бөгеуші құбырлар орналастырылған. Желдеткішпен біліктердің ішіне салқын ауа беріліп тұрады. Ол біліктерді салқындатып, ыстық, температурасы 800 оС клинкерді ұсақтауға мүмкіншілік туады. Ыстық клинкерді ̴ 35 мм өлшемге дейін ұсақтағасын жылуалмасу жақсарады, мұздатқыштың П.Ә.К. жоғарылап, қажетті үрлейтін және аспирациялық ауаның мөлшері төмендейді, отын шығыны төмендеп желдеткіштерге қажетті электр энергия шығыны төмендейді. Ұсақтағыштың элементтер тез тозбайды, ұзақ жұмыс істейді. Білікті ұсақтағыштың элементтері балғалармен салыстырғанда жүз есе кем тозады, сол үшін ремонт аралығы үш есе ұзарады.


Дата добавления: 2019-02-22; просмотров: 409; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!