Созылмалы паренхиматозды паротит 13 страница



Арнайы күтім. Жақ-беті жарақаттанған науқастардың жалпы жағдайына қарамастан, әсіресе сүйек сынықтарын шеңдеуішпен бекіткен соң, ең бірінші ауыз қуысының тазалығына мүқият күтім керек, өйткені бүл науқастардың ауыз қуысы өздігінен жазылуы мүмкін емес. Әдеттегі ауыз шаюдың орнына, сүйек сынықтарын шеңдеуішпен бекіткеннен соң, әсіресе, тамақтанып болғаннан кейін ауыз қуысын дезинфекциялағыш ерітіндімен қатты қысыммен ирригациялайды

Ауыз қуысында тістік шендеуіштерді ұзақ мерзімге қалдыру салдарынан қызыл иектің шырышты қабаты зақымданып жаралануы мүмкін, сондықтан ауытқыған шеңдеуіштерді дұрыстап, босаған лигатураны бұрап бекітіп тұру керек.

 

40.Самай-төменгі жақ буынының бір-бірінен айыратын ерек шеліктері. Буынның топографоанатомиялық суреттемесі. Самай-төменгі жақ буынының топографоанатомиялық ерекшеліктері оның қабынуының клиникалық көріністері мен емдеу барысында маңызды орын алады.

Төменгі жақтың буын өсіндісі мен самай сүйегінің буын шүңқыры самай-төменгі жақ буынын қүрайды.

Самай-төменгі жақ буынының бір-бірінен айыратын ерек-шеліктері.

1. Буын беткейлері. Гиалинді шеміршекпен емес, нашар жүқа дәнекер тінді шеміршекпен қапталған. Бүл ерекшелігі буынның жиі жарақаттанып, іріңді қабыну дерттері кезінде тыртық немесе суйек тініне ауысыП кетуге бейімділігін сипаттайды (анкилоз).

2. Буын қабының қалыңдығы біркелкі емес. Алдыңғы жағы жүқа болғандықтан оңай созылады. Бұл буын басының алға шығуының себебі болып табылады.

3. Сырт жағынан буын тарамдары самай сүйегінің бет сүйегі өсіндісінен басталатын мықты сіңірмен бекітілген. Оның талшықтары төмен және артқа бағытталып буын өсіндісі мойынның артқы және сыртқы жағында қосылады. Талшықтардың біраз бөліктері буын қабымен бірігіп кетеді. Өзінің күрделі қүрылысына байланысты сіңір буын өсіндісінің соғылған кезде төмен, сыртқа және ішкі қарай ығысуына кедергі жасайды.

4. Буынның ішінде екі жағынан қысыңқы сопақ шеміршек табақша болады. Оның ортасы жұқа (1—2 мм), шеттері қалың (3—4 мм). Табақша фиброзды шеміршектен құралған, оның шеттері буын қапшығымен бірігіп кеткендіктен оны төменгі және жоғарғы қабаттарға бөледі. Табақшаның атқаратын қызметі орасан зор. Ең алдымен ол буынның сүйек беттерін бір-бірінен ажыратып, олардың бірігіп кетуіне кедергі жасайды, төменгі жақтың оңай қозғалысына мүмкіндіктер туады. Төменгі жақтың көтеріліп түсуі кезінде табақша мен буын шұңқыры тұтас құрылым құрайды, себебі табақша қозғалыссыз қалады. Иекті алға қарай жылжытқанда, әсіресе оны төмен қарай түсірген кезде табақша буын басымен бірге буын шұңқырынан шығып алға жылжиды. Төменгі жақты жанына қарай жылжытқанда бір жағындағы табақша өз орнынан жылжып, өз өсінен айналады. Буын элементтерінің бір-біріне қатынасы тістесуге, әсіресе оның биіктігіне тікелей байланысты. Қалыпты жағдайда самай-төменгі жақ буынының үш түрі белгілі.

1. Тегіс буын. Буын шүңқыры терең емес, бірақ кең. Төменгі жақтың буын басы жалпақ, төмпешігі биік емес. Мұндай буындар тік тістесулерге сай келеді.

2. Аздап томпақ шұңқыр буын. Буын шұңқыры жақсы айқындалған, басы томпақ, төмпешігі де жақсы жетілген. Буынның бұл түрі ортогнатиялық тістесуге сай келеді.

3. Томпақ шұңқырлығы қатты жетілген буын. Буын шұңқыры жақсы жетілген. Төменгі жақтың буын басы томпақ, төмпешігінің артқы етегі биік. Мұндай буын терең күрек тістің тістесуіне сай келеді.

41.Рентгенография туралы түсінік, түрлері.

Рентгенографиялық зерттеу диагнозды нақтылау, емдеу жоспары мен болжамын анықтау, баланың өсу үрдісінде, сонымен қатар емдік шаралар әсерінен болатын жүретін өзгерістерді зерттеу үшін қажет. Мақсатына байланыстың рентгенологиялық зерттеу ең тиімді әдісін дұрыс таңдау маңызды. Бұл әдістер ауызішілік және ауызсыртылық болып бөлінеді.

Ауызішілік рентгенография.Ауызішілік рентгенография әртүрлі құрылымды дентальды аппараттармен жүргізіледі. Ауызішілік рентгенограмма деструктивті өзгерістерді, кисталарды, жаңа түзілістерді, туа пайда болған және жүре біткен ақауларды анықтау, сонымен қатар тістер ұрықтары орналасуының ауытқуларын, олардың сауыттары мен түбірлерінің қалыптасу дәрежесін, тістердің ретенциясын, олардың формасының ауытқуларын, сүт тістер түбірлері мен тұрақты тістер сауыттарының қатынасын анықтау тістердің қатты тіндерінің, олардың пародонтының, альвеолярлы өсінділер мен жақ сүйектерінің жағдайын зерттеуге мүмкіндік береді.

Ортаңғы таңдай тігісінің ауызішілік рентгенограммасы оның құрылысын, сүйектену дәрежесін, жоғарғы жақты кеңейту үрдісінде тігістің жайлап немесе тез ашылуы кезінде жүретін өзгерістерді зерттеу, жоғарғы ерін үзбесінің талшықтары ортаңғы таңдай тігісіне вплетаются қосылса және диастеманың пайда болуына септігін тигізсе хирургиялық пластикаға көрсеткішті анықтау үшін қажет.

Рентгенографияның ауызсыртылық әдістері. Рентгенографияның ауызсыртылық әдістеріне панорамды рентгенография, ортопантомография, СТЖБ томографиясы және телерентгенография жатады.

Жақтардың панорамды рентгенографиясы. Жоғарғы жақтың панорамды рентгенограммасында оның тіс, альвеолярлы және базальды доғаларының, кеңсіріктің, мұрын қуысының, жоғарғы жақ саңылауларының қуыстарының пазуха, бет сүйектерінің кескінін изображение бейнесін, ал төменгі жақтың рентгенограммасында оның тіс, альвеолярлы және базальды доғаларының, төменгі жақ жиегінің, оның бұрыштары мен тармақтарының отображения кескінін бейнесін алады (сур.6.27).

Ауызшілік рентгенограммалармен салыстырғанда панорамды рентгенологиялық бейнені изображение алу кезінде объект-пленка жұқа қабық қашықтығы үлкейеді. Осының арқасында шолудың обзордың үлкен аймағы және бейнені изображение 1,8-2 есе үлкейту есебінен бағалы диагностикалық мәліметтерді алуға болады.

42.Ортопантограмма туралы түсінік. Ортопантомография.

 

Ортопантомография немесе панорамды томография көлемді аймақтардың иілген беткейлерінің жазық бейнесін изображение алуды қамтамасыз етеді. Бұл әдіс көмегімен ортопантомограммаларды алады (сур.6.28), олар бойынша тістердің түбірлері мен сауыттарының минерализация дәрежесін, сүт тістер түбірлерінің сорылу дәрежесін және олардың тұрақты тістер ұрықтарымен қатынасын, көрші тістерге және ортаңғы жазықтыққа қатысты жарып шыққан және ретенирленген тістердің иілулерін, жақтардың алдыңғы және бүйір бөлімдерінде тіс альвеолярлы биіктікті, күрек тістік жабылуды, беттің оң және сол жартысының асимметриясын, бет қаңқасының ортаңғы және төменгі бөліктерін зерттеуге болады.

43.Сиалография туралы түсінік

Сиалография әдісі. Бұл әдісті сілекей безіне рентгенография жасалғаннан соң бездердің секреторлы қызметінің өзгерісін анықтау үшін қолданады.

Контрасты заттарды енгізу үшін көлемі 2,5 мл шприц пен ұшы доғал инені қолдануға болады. Йодолиполды адам денесінің температурасындай жылытып алған жөн.

Инені сілекей безінің шығару түтігіне 0,5—1 см тереңдікке енгізіп, сілекей безінде толу сезіміне дейін контрасты зат жіберіп, біраз уақыт өткеннен соң сілекей безінде жеңіл ауыру сезімі пайда болғанға дейін тағы жібереді. Ауыз қуысындағы артық қалған контрасты заттарды тампонмен сүртіп алып сілекей безінің рентгенографиясын жасайды.

Сцинтиграф аппаратымен сцинтиграмма алынады. Графикалық казба әр түрлі нүкте және сызықшалар кестесі түрінде болады. Әр без сілекейінің қоюлығы туралы мәлімет береді. Суреттегі ақаулар без қызметінің бұзылыстарын (мысалыға склероз немесе ісіктің болуын) көрсетеді. Сцинтиграфияның басқаша сканирования, гаммаграфия деп те атайды.

Медициналық практикада жасанды радиактивті изотоптардың енгізілуі, клиникада бездердің шығару қызметінің бұзылыстарын анықтауға мүмкіндік берді. Бұл тәсіл радиосиалография деп аталады.

Бұл тәсілдің дамуына:

1) сілекей бездері әр түрлі радиоактивті изотоптарды өзіне жинап әрі сілекеймен шығара алуы;

2) сілекей бездерінде 1131 және Тс 99 жоғарғы процентте жиналуы;

3) сілекей бездері топографиясының ерекшеліктері және олардың жалғыз орналасуы сияқты көрсеткіштер әсер етті.

Бүл тәсіл 1 кг дене салмағына сәйкес радиоактивті йод (1131 ) 0,4 мкк немесе пертехнетат натрий (Тс 99 м) 150—200 мкк көлемінде жүргізіледі. Бұл препараттар венаға 1,0% физиологиялық ерітіндісімен бірге енгізіледі.

Сілекей бездерінің сиалографиясын жедел қабыну процестері басылғанда немесе ремиссия кезеңінде жүргізу қажет. Сиалоадениттің өршуі кезінде бұл әдіс тек кейбір жағдайларда ғана жүргізіледі.

Рентгенография тәсілі. Сілекей бездерінің рентгенографиялық тексеру контрасты емес рентгенография, сиалографияның әртүрлі жолдары арқылы, пневмосубмандибулография немесе осы әдістерді біріктіріп жүргізіледі. Бұл әдіс бездердің қабыну процестерін, ісіктерді, сілекей-тас ауруларын морфологиялық диагностикасында ғана емес, қызметінің ерекшеліктері туралы да мәлімет беруде ерекше маңызды орын алады.

Сиалография кезінде негізінен шығару түтіктер жүйесі (негізгі және 10— 12 дихотомиялық III—IV қатарға дейінгі) толады. Сиалограммада диаметрі 0,2 см-ге дейінгі майда түтіктер көрінеді. Ал өте майда диаметрі 5—10 мм болатын қүрылымдық элементтер — мойыншықтар, ацинустар, сілекей түтікшелері рентгенограммада айқындалмай, паренхима суретін береді. Сілекей безінің айқын көрінуі контрасты заттардың реологиялық қасиеттеріне және енгізу қысымына байланысты. Паренхиманың айқын көрінуі қалыпты жағдай деп есептелінеді (26-сурет).

26-сурет. Сілекей тас ауруының әр түрлі сатысындағы өзгерістер:

А) конкрементті ар жағындағы сілекей тістерінің түгел кеңеюі (сілекей ретенциясына тән көрініс); б) ағыс жолдарында тас болғанда және қабыну кезінде сілекей түтіктері біркелкі болмайды, кеңейген және тарылған (созылмалы сиалоденитке тән көрініс); в) тас болғанда қабыну процесінің қайта өршуі бездің тыртықтануына әкеледі. Сілекей түтіктерінің пішіні біркелкі болмайды, безде контрасты затпен толған ақауы анықталады.

 

Ең көп қолданылып жүрген контрасты заттарға йодолипол, йодипин, липиодол жатады, ал диотраст, кардиотраст, сергозин перпараттары сирек қолданылады.

Сілекей безіне контрасты заттарды енгізер алдында, шығару түтіктерінің өзегін босатып алу қажет. Бұл үшін сілекей маңына жеңіл массаж жасалады.

Құлақмаңы сілекей безін толтыру үшін науқастың басын шалқайтып отырғызып, ұрттың шырышты қабаты спиртпен немесе йодтың әлсіз ерітіндісімен өңделеді. Егер рентгеноконтрасты заттардың төменгі жақасты сілекей безіне енгізу қажет болса, науқастың басын алға қарай еңкейтіп, иегін жылжыту қажет.

Құлақмаңы немесе төменгі жақасты сілекей безінің шығару түтігін тапқан соң, өзегін кеңейтіп бағытын анықтау үшін зонд енгізіледі. Содан кейін диаметрі сәйкес доғал ине немесе канюля арқылы контрасты заттың 2—5 мл жібереді. Йодолипол дене температурасына сәйкес алынғаны жөн.

Канюляның үзындығы 40 мм. Ал диаметріне байланысты төртке бөлінеді: № 1—0,4 мм, № 2—0,6 мм, № 3—0,8 мм, № 4—1 мм. Канюляның үшынан 1,5 см аралықта иілген жері бар, ол 150° бұрыш жасайды. Оны „Рекорд" типтес шприцтерге тығыз орналастырады.

Сілекей бездерінің әртүрлі дерттерінде термовизиография әідісін қолдануға болады (әсіресе ісіктер диагностикасында). Бұл тәсіл патологиялық процестер аймағында температуралық реакциялардың өзгерістеріне негізделген.

Медициналық термовизиография. Бүл АГА фирмасының (Швеция) тепловизор аппараты көмегімен қараңғы, температурасы 19—20° болатын бөлмеде жүргізіледі.

Жылуды көру және термограмма жазбаларын үш проекцияда жүргізеді: алдымен екі жанынан. Термограммада беттің түрлі бөліктерінде көлемді және интенсивтігі әртүрлі сәулелену пайда болады. Сілекей бездерінің қабыну процестеріңде температураның жоғарылауы байқалады, бұл термовизор экранында сәулеленудің интенсивтігін жоғарылатады, ал қатерсіз ісіктерде қатерлі ісіктерден салыстырмалы түрде температурасы төмендеу болады.

Ультрадыбысты диагностика әдісі. Бүл тәсіл организм ағзалары мен тіндердің акустикалық параметрлерін көзбен бағалап тексеруге негізделген және әртүрлі ағзалар мен тіндердің пішіні, көлемі, морфологиялық құрылысы туралы мәлімет береді. Ең бастысы науқастарға арнайы дайындықты қажет етпейді, әрі қауіпті емес.

Бұл тәсілді жүргізу үшін, ультрадыбысты диагностикалық УЗД-4(УЗД-5) аппараты қажет. Оның жұмысы пьезоэлектр әсеріне негізделген.

Сілекей бездерінің қабынуы ағымы бойынша жедел және созылмалы болады.

44.Ауыз қуысы шырышты қабатының анатомиялық құрылысы.

 Ауыз қуысының анатомиясы. Ауыз қуысы (саvitаs оrіs) –ас қорыту трактысының бастапқы бөлігі.Алдыңғы жағынан ерін, оң және сол жағында ұрт, төменде, жоғарыда қатты және жұмсақ таңдай, ауыз қуысының табаны мен шекараласады.Ауыз қуысының кіре-берісі- бастапқы бөлігі кеңістік және алдыңғы жағынан ерін,оң және сол жағында ұрт, артында жоғары және төменгі жақтағы тістермен шектеледі.Жоғары жақтағы екінші азу тіс тұсынан құлақ маңындағы сілекей безі ашылады.Ауыз қуысының меншікті бөлігі-ауыз қуысының кіре-берісімен, алдыңғы жағынан тістермен, артында жұмсақ таңдай, жанында- ұртпен шектеледі.Ауыз қуысының шырышты қабаты- көп қабатты жалпақ эпителииден, базалды мембранадан,меншікті кілегей қабатынан, кілегей асты қабатынан тұрады. Көп қабатты жалпақ эпителии қалыңдығы біркелкі емес,қатты таңдай және тілде қызыл иекте қалың болып келеді.Ерін мен ұртта – меншікті кілегей қабаты қалыңдау, ауыз қуысының табаны мен өтпелі қатпарда- кілегей асты қабаты қалыңдау болып келеді.Көп қабатты жалпақ эпителий –мүйізгектенетін ( қатты таңдай,тіл, қызыл иек) және мүйізгентенбейтін (жұмсақ таңдай,қызыл иек сайы эпителиі, ауыз қуысының табаны,тілдің ішкі беті,ерін) болып бөлінеді.Көп қабатты жалпақ эпителий мен меншікті кілегей қабаты аралығында , базалды жарғақ бар. Ол – аргирофильді жұқа талшықтардан тұрады. Көп қабатты мүйізгектенетін жалпақ эпителий – базальды және ростковые қабаттан тұрады.Дәнді және мүйізді қабаттар бар. Көп қабатты жалпақ мүйізгектенбейтінэпителий қабатында дәнді және мүйізді қабаттар болмайды. Ауыз қуысының меншікті қабаты нерв байламдары , қан тамырлары, лимфа түйіндер орналасқан. Ауыз қуысының меншікті қабаты дәнекер тіннен және клетка аралық заттардан және кеткалық құрылынан тұрады. Ауыз қуысының кілегей асты қабатында- ауыз қуысының табаны, ерін мен қрттың өтпелі қатпары,борпылдақ дәнекер тін және майда сілекей, май,бездері,(Фордайса ), қыл тамырлар орналасқан.


Дата добавления: 2019-02-22; просмотров: 140; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!