Наукасты ортопедиялык стоматология клиникасында тексеру 11 страница



Алмалы-салмалы протездің балауыз құрылымын ауыздан тыс және ауыз ішінде тексеріледі. Тексеруді окклюдатордағы немесе артикулятордағы алмалы салмалы жартылай протездің балауыз құрылымын қарап көруден бастайды. Назар алдымен кламерлердің орналасуына, олардың қызылиек шеті мен окклюзиялық бетінің қатынасына, кламер иығының тірек тіске тірелуіне және оның ерін мен тіс беттері қиғаштығын нақты қайталауына, иықтың ұзындығына (иық ұшы тісаралық түйіспе нүктеге жету керек) назар аударылады. Кламердің иығы қысқа болса, оның бекіткіш қасиеті төмендейді. Тірек элементтері де тістің бетінде жатуы тиіс. Олардың жылжып ығысуы балауыз базистегі кламерлердің де дұрыс орналаспай жатқандығын көрсетеді.Жасанды тістердің қойылу туралы белгілері мен сапасын окклюдатор немесе артикулятор арқылы білуге болады.Окклюзиялық қарым-қатынасқа зер салынады. Ауыз ішінде алмалы-салмалы протездің өңдеп ауыз қуысына салып жасанды тістердің түсі, түрі және мөлшері табиғи тістерге сәйкестігі анықталады Протездің балауыз модельін жасағанда кейбір кем кетіктер анықталса, оның құрылымына тиісті өзгерістер енгізіледі.

 

89.Ішінара пластика протезді дайындаужәне салу.Бірінші клиникалық кезең. Науқасты қарау, зерттеп тексеру, нақтама қою, протез құрамасын таңдау,анатомиялық толық қалып алу, сапасын бағалау. Қалыпты екі жақтанда алады Алынған қалып сапасын бағалауда протез орны бедерінің тқтас бейнесіне назар аудару керек. Анық кескінге ие болу керек.

Бірінші зертханалық кезең. Алынған қалып бойынша техник ғаныштық модельді құйып, протез орнының шекарасын белгілеп, окклюзиялық білігі бар балауыз шаблон дайындайды және оларды клиникаға табыстайды.

Екінші клиникалық кезең. . Антропометрия әдісімен немесе басқада әдістермен орталық окклюзия анықталады және оны бекітеді.

Екінші зертханалық кезең. Окклюдаторға немесе артикуляторға балауыз шаблоны мен окклюзиялық білігі бар модельді ғаныштаймыз, клаиерлерді ию және қою, жасанды тістерді орнатылады.

Үшінші клиникалық кезең. Алмалы-салмалы протездердің балауыз құрамасын ауыз қуысы сыртында және ішінде тексеру.

Үшінші зертханалық кезең. Алмалы-салмалы протезді соңғы рет мүсінделіп, кюветаға ғанышталады, кювета ашылып полимеризация кезеңі жүргізіледі балауызды пластмассаға алмастырылады, өңдеп, тегістеп, жылтыратылады.

Төртінші клиникалық кезең. Ауыз қуысына алмалы-салмалы протезді шақтап көріп. Протезді қоиып өткіземіз.

90.Бюгель протездер мен емдеуге арналган көрсетілімдер.

 

 

Доғалы протез
«Bugel» - неміс тілінен аударғанда доға деген мағынаға ие.
Яғни доғалы протез – тірек тістеріне, альвеолды өсіндіге
беіне отырып, шайнау қысымын протез орнының және
тістердің периодонтына шырышты қабат арқылы
таратады.

 

Доғалы протез

*Доғалы
Металл қаңқа
Жасанды тістер
Доға протез
Пластмассалық негіз
Тіректік элементтері
(кламмерлер, құлыптық бекіткіштер,
телескоптық сауыттар, балкалық жүйе)
Доғаның қызметі:
стабилизациялық,
байланыстырушы,
тіректік.
Бюгельді протезді дайндауға көрсетілімдер. Бюгелбді протездер тіс қатарының жеке кемістіктерінде және табиғи тістердің жеткілікті саны бар жағдаиларда көрсетілген, себебі тіс пен протез орны шырышты қабаты арасындағы шайнау қысымы сонда тимді үйлестіріледі.

 

Бюгельді протездермен емдеуге арналған көрсеткіштері:
Тіс қатарының кетіктерінде ( Кеннеди бойынша I,II,III,IV
класс)
Тірек тістерінің клиникалық сауытының биік болуы;
Тірек тістер пародонты сау кезінде;
Тіс қатарының шырышты қабатының сау жағдайында;
Пародонт тінінің ауруларында шендеуші элемент
ретінде.

 

Қарсы көрсеткіштер:
Төменгі жақта тіл жүгеншесінің жоғары бекінуі;
Тірек тістер сауытының аласа болуы;
Терең тістем;
Жоғарғы жақтағы айқын торус;
Албвеолды өсіндінің жоғары дәрежеде семуі, таңдай
күмбезінің таяз болуы;
Пластмасса мен металға аллергия.

91. Бюгель протезді әзірлеудің клиникалык –зертханалық кезендері.
Бірінші клиникалық кезең. Науқасты қарау, емдеу жоспарын құру. Толық анатомиялық қалып алу: а) гидроколлоидты илеу массасымен диагностикалық қалып алу; ә) силикон массасымен қалып алу.

Бірінші зертханалық кезең. 1. Анатомиялық қалыптың сапасын талдау.

2. Супергипстен жұмыстық модельді құю.

3. Қарсы тістерден ғаныштан көмекші қалыпты алу.

4. тістем біліктері бар балауыз негіздерін дайындау

Екінші клиникалық кезең. Орталық окклюзияны анықтау. Паралелометрияны өткізу. Бюгельді протез қаңқасын жобалау. Бюгельді протездің болашақ қаңқасының бағдарын модельге түсіру.

Екінші зерханалық кезең. 1. Тіс технигінің бюгельді протез қаңқасын құрастыруға қатысуы.

2.бюгель протез қаңқасының бағдарларын түсіру.

3. Супергипстен жасалған жұмыстық модельді отқа төзімді массадан жасалатын модельге дайындау.

4. Отқа төзімді модельді дайындау

5.Бюгельді протез қаңқасын балауыздан мүсіндеу.

6.Отқа төзімді модельді құю.

7. Бюгельді протез қаңқасын өңдеу

Үшінші клиникалық кезең. Бюгельді протез қаңқасын ауыз қуысында шақтау. Тістер түсін анықтау.

Үшінші зертханалық кезең. 1.Бюгельді протез қаңқасының соңғы өңделуі.

2.жұмыстық модельді бюгельді протез қаңқасымен окклюдаторға не артикуляторға ғаныштау.

3. жасанды тістерді орнату

Төртінші клиникалық кезең. Бюгельді протездің балауыз құрылымын шақтау.

Төртінші зертханалық кезең. 1. Балауыз үлгіні пластмассаға ауыстыру

2. Протезді өңдеу, тегістеу, жылтырату

5-ші клиникалық кезең. Бюгельді протезді шақтау және тапсыру.Бюгельді протездерге бейімделу және оларды күту жөнінде нұсқау беру.

93. Қалып алғаннан кейінгі кезең.Қалып алғаннан кейін алынған қалып сапасына кқңіл бөлініп тексеріледі. Алынған қалып сапаын бағалауда протез орны бедерінің тұтас бейнеленуіне назар аудару керек. Бедер- протез орнының барлық тіндерін бейнелеуі, тесігі, ажырауы болмауы, анық кескінге ие болуы тиіс.Жоғарғы және төменгі жақтан алынған қалып бойынша техник зертханада ғаныштық модельдер құяды. Артикулятор немесе окклюдаторға орнатып протез қаңқасын балауыздан мүсіндейді.


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 1199; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!