Невроздар: этиология,патогенез,клиника,диагностика



Невроз деп- психикалық жарақаттың әсерінен пайда болатын аурулар тобы, жалпы күйдің және әртүрлі соматовегетативті функциялардың бұзылуымен, эмоционалды тұрақсыздықпен, қоршаған ортаға дұрыс баға берудің жеткілікті сақталуымен және өзінің дертті күйін түсінумен жүретін жағдай.

Невроздың пайда болуына маңызды роль атқарады:

*Биологиялық фактор-тұқым қуалайтын,соматикалық аурулар жатады

*Социальды- психологиялық факторлар-жанұяның қарым-қатынастың нашарлауы

*Тұлғалық ерекшеліктері және эмоциональды күйзеліс

Невроз үш түрге бөлінеді: Истерия ,Неврастения ,Жабысқақ жағдай неврозы

 

Невроздың жалпы клиникалық белгілері

Негізсіз үреймен бірге өзін нашар сезіну, жоғары шаршағыштық, тұрақсыз, көп жағдайда жабырқаулы көңіл-күй. Өзін сезіну және көңіл-күй таңертеңгі уақытта көңілтоларлық, ал кешке нашарлайды. Мұндай өзгерістерді науқас еңбекке қабілетті жағдайда да сезінеді. Олар физикалық және интелектуалды жүктемеден тез шаршайды. Бірақ демалғаннан кейін олар жұмыстарын жалғастыра алады. Барлық науқастарға ұйқы бұзылысы тән. Олар жиі денесіндегі жағымсыз сезімге, ішкі мүшелерінің функцияларының бұзылуына шағымдар айтады. Бұл сезімдер мен ауырсынулар сипаты соматикалық аурулардың белгілеріне ұқсауы мүмкін.

2.2.13 Бас сақинасы(мигрень): этиология,патогенез,клиника,диагностика

“Сақина” ауруы – интенсивті пульсациялық сипаттағы бастың бір жақты ауырсынуның қайталама ұстамасымен көрінетін тұқым қуалаушылық ауру. Оның шоғырлануы жиі орбиталды, маңдай, самай аймағында және лоқсу, құсу, дыбыс пен жарықтан қорқу мезімдермен қатарласып жүреді.

Бұл ауруға келісідей бірнеше анықтама беруге болады: Қайталанба түрдегі бастың бір жақты пульсациялық ұзақтығы 4-72 сағатқа созылатын ұстамалы түрдегі ауыруы. Оның аталуы грек сөзі “гемикрания” – бастың жартысының ауыруын білдіреді. Климатпен, тұрғылықты жеріне байланысты емес кең таралған ауру. Әйелдер еркектерге қарағанда жиі 4/1 қатынасында ауырады. “Сақина” ұстамасы жас өспірімдік жасында пайда болып, уақыт өте ( ерлерде – 45 жастан кейін, әйелдерде – менопаузадан кейін) тоқтайды.

Бастың сақина аурының жіктелуі: Офтальмиялық сақина ауруы, Қарапайым сақина ауруы ,Бет сақина ауруы ,Шоғырлы бас ауруы (Хортон синдромы) ,Ассоцирленген сақина ауруы.

Сақина ауруының туындауына әсер ететін факторлар: Күйзеліс ,Жүйке және физикалық жүктеме ,Тағамдық факторлар (сыр, жаңғақ, шоколад) ,Алкоголь (сыра мен қызыл шарап),Гормондық себептер (етеккір, контрацепция заттарын қолдану), Ұйқы (жеткіліксіздігі немесе көп ұйықтау).

Бас ауруының патогенезі: Сақина ауруының ұстамасы үш кезеңнен тұрады: Қысқа мерзімді ангиоспазм; Кезекті тұрақты вазодилятация гематоэнцефалиялық барьердің өткізгіштігінің бұзылуы; Периваскулярлы ісік;

Қантамырлық өзгерістер үштік жүйкесі қозған кездегі нейрогенді асептикалық қабынуымен іске қосылады. Бірінші кезеңде тамырлар спазмы адреналин, серотонин, арахидон қышқылының бөлінуіментүсіндіріледі, екінші сатысы – осы метаболиттердің жедел метаболизмі тамырлар дилятациясын шақыртады.

Клиникалық көрінісі: Бас ауруының алғашқы белгілері қысқа мерзімді жарық, соқыр дақ түрінде не гемианопсия (көру алаңының кішірею) ұстама түріндегі көру қызметіне бұзылыстарынан басталады. Бастың ауруы негізінен бірнеше минутқа созылатын көру аурасы аяқталып не оның көріну интенсивтілігі төмендегенде пайда болады. Ұстаманың басқа белгілері сирек, кейде бірі арнынан бірі ілесіп жүреді: гемианапсиядан кейін бет немесе аяөқ-қолдарының солқылдап ауырсынуы. Сақиналы аураға пазитивті белгілердің негативтімен ауысуы тән. Сақина ауруына тән диспепсиялық бұзылыстар бастың ауыруы дәрежесіне байланысты жүреді. Құсу ауырсынуды басып , кейде ұстаманы да тоқтатуы мүмкін. Ұстама кезінде бастың жабындыларының ауырсынуы болуы мүмкін.

Сақина ауруының диагностикалау критерийлері Ұзақтығы 4-72 сағатқа созылатын бастың ауырсынуы Ауру сезімі аталған белгілердің кем дегенде 2 ие: бір жақты шоғырлану, екі жақтың ауысуы, пульсациялығы, ауырсынудың орташа не жоғары интенсивтілігі, физикалық жүктеме кезінде күшейеді. Аталған белгілердің кем дегенде біреуі тән болады: құсу, фонофобия;

2.2.14 Жүктемелік(кернеп) бас ауру : этиология,патогенез,клиника,диагностика

Бұндай ауырсыну маңдай, самай, шүйде көлденеңжолақты бұлшықеттің тонусының жоғарлауымен, бастың кернеуімен байланысты.Бұлшықетке жүктеме стресске қарсы жауап қайтарудан пайда болады.Тұлғада ой еңбегі, ұзақ назар аударатын жұмыс, эмоциональды жүктеме,бастың және мойынның ұзақ уақыт ыңғайсыз орналасуы байқалады.Жүктемелік бас аурудың клиникасы тұйық,бірқалыпты,тартып,басып,сынып, қысып,шектеусіз ауырсынумен сипатталады.науқастар басында «қалпақ»қысып тұрғандай сезімге шағымданады.Зерттеу барысында науқастардажүйке бұлшықетінің қозуы,рефлекстік аймақтағы терең рефлекстердің бірдей жазылуы анықталады.Жүктемеден болған бас аурудың диагностикасы : ауырсыну аймағына, ауырсыну түріне, ауырсыну қарқындылығына,симптомдарға,ауырсынудың басталған уақытына(-негізінде 25-30 жаста) негізделеді. стрессті факторлардың асқынуына байланысында анықтау қажет.


Дата добавления: 2018-04-15; просмотров: 990; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!