Лекция №10. Саяси жетекшілік

Азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Тараз мемлекеттік педагогикалық институты   «Философия және толеранттылық» кафедрасы     «САЯСАТТАНУ» пәні бойынша лекция тезисі     №1 лекция.  Саясаттану ғылым ретінде 1. Саясаттанудың объектісі мен пәні. 2. Саясаттанудың заңдары мен категориялары 3. Саясаттанудың әдістері мен функциялары. мақсаты:Саясаттану ғылымына пән және ғылым ретінде түсінік беру, саясат ұғымы, мәні, обьектісі, заңдары, категориялары мәселелерін, әдіс-тәсілдерін қарастыру, саясаттың функцияларын айқындау. міндеттері:Тақырып бойынша ақпараттарды толық меңгеру, саясаттанудың негізгі теорияларымен танысу 1. Саясаттану (политология) сөзі гректің «политика» (саясат) және «логос» (ілім) деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Ал саясат сөзінің өзі көне грек ұғымдарына негізделген politike – «мемлекетті басқару өнері немесе мемлекеттік істі жүргізу» деген сөзінен алынған. Алғашқы кезде саясат ұғымының дәлме-дәл аудармасы мемлекеттік істі жүргізу болған болса, қазіргі кезде саясат ұғымының ауқымы кең, күрделі зерттеу мәселесі бар ғылым саласы. Саясаттану қоғамдық ғылымдар жүйесінде өз орны мен ролі, өзіндік атқаратын қызметі бар ғылым болып табылады. Қазіргі таңда саясаттану ғылымы дүниежүзілік ғылыми сахнада академиялық пән ретінде қалыптасып, кең өріс алуда. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдің ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мәні неде және кімге қызмет етеді деген сұрақтарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда бола бастады және саяси құрылымы мен қатынастарының одан әрі күрделіленуі, материалдық өндірістің, халық санының өсуі оның өміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтырады. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түсініп, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси теориялар туды. Б.з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясатты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық – этикалық түсіну түрі келді. Мұнда аса зор еңбек еткендер – Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ойшылдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді айтады. Орта ғасырда саясатты түсінудің діни-этикалық түрі қалыптасқан. Оның негізін салушы Ф. Аквинский, А. Августин болды. Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның ХVІ ғасырда өмір сүрген ойшылы Н.Макиовелли еді. Ол саясатты теологиялық түсінуден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді. Феодализнің ыдырап, капиталистік қатынастардың қалыптасуы қоғамды демократияландырып, жалпыға бірдей сайлау құқығын енгізуге, көпшілік саяси партиялар мен қазыналардың кеңінен қанат жаюына, ақпарат құралдарының өрістеуіне мүмкіндік берді. Бұл ретте Дж. Локк, Ш.Л.Монтеське, Ж.Ж.Руссо, Т. Джеферсон, Т. Пейн, И.Кант, Гегель сынды көрнекті ғалымдар көп еңбек сіңірді. Саяси ойдың дамуында К.Маркс пен В.И.Ленин де маңызды орын алады. Сонымен бірге, саясаттанудың қазіргі кездегі зерттелуіне М.Вебердің, К.Луйистің, Р.Риплидің, В.Пареттонын, Г.Монтескьенің, Ч.Мерриамның, А.Финифтердің және т.б. көзқарастар жүйесі елеулі ыкпал жасады. Казіргі кезде дүниежүзінде саясаттануды, оның объектісі мен ғылым ретінде зерттеу ісінде оның түрлі тәсілдері мен әдістерін, жолдары мен түрлерін іздеу белсенді түрде жүргізіліп жатыр.  Саясаттанудың қалыптасу эволюциясы саяси – ғылыми әдебиеттерде 3 кезеңге бөлінген: философиялық кезең, эмпирикалық көзқарастарды сынау кезеңі және қазіргі түсініктегі саясаттанудың дербес ғылым ретіндегі қалыптасу кезеңі. - Философиялық кезең шамамен Аристотель заманынан бастап, Америкадағы азамат соғысына дейінгі кезең ( 1861-1865). - Сол азамат соғысынан бастап екінші дүниежүзілік соғысы аралығын қамтиды. - Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақыттан бүгінге дейінгі мерзім.  Бүгінгі күні саясаттану – қазіргі заманғы қоғамның саяси мәселелерін зерттейтін, болашақтағы саяси оқиғалардың үлгісін әзірлейтін және қоғамның саяси жүйесінің жұмысына объективті сараптамалық баға беретін ғылыми пән. Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық қөзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы қүштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі саяси жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды. 2.Саясаттанудың заңдарын мынадай шартты түрдегі топтарға бөлуге болады. 1) Саяси – экономикалық заңдылықтар; 2) саяси -әлеуметтік заңдылықтар; 3) Саяси – рухани заңдылықтар Саясаттану өзінің таныдық процесінде мынандай принциптерге сүйенеді. 1) Саясаттану қоғамның саяси өмірінің үнемі қозғалыста болатын процесс ретінде қарастырады.2) Саяси өмірдің үнемі қайшылықты болатын процесс ретінде тану принципіне негізделеді. 3) Саясаттану саяси құбылыстардың жалпы саясаттың ішкі біртұтастығын мойындау принципіне негізделеді. Бұл принциптер қоғамдық процесті бірбүтін қозғалыс ретінде тануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ғылыми саясаттану ғылыми танымның мынандай жалпы философиялық принциптеріне де сүйенеді: тарихи – логикалық сабақтастық принциптері, абстракциядан деректілікке өту жалпының ерекшенің және жекешенің диалектикалық бірлігі принципі. Ғылымның басқа салаларындағы сияқты саясаттанудың да өзіндік ұғымдары (категориялары) бар. Оған саяси құбылыстар мен процестердің мәнін білдіретін ғылыми терминдер, сөз тіркестері жатады. Мысалы: "саясат", "саяси билік", "саяси жүйе", "саяси тәртіп", "саяси партия", "саяси мәдениет", "сая­си әлеуметтену", "саяси өмір", "саяси қатынастар", "қоғамдық ұйымдар", "мемлекет", "демократия", "егемендік", "құқықтық мемлекет", "азаматтық қоғам", "ішкі саясат", "сыртқы саясат" және т. б. Қоғамды бұдан басқа да ғылымдар зерттейтін болғандықтан, жоғарыда көрсетілген ұғымдарды басқа қоғамтану пәндері де (тарих, әлеуметтану, фәлсафа, құқықтану) пайдалануы мүмкін. Бірақ олар бұл категорияларды өз пәніне сәйкес қолданады.  3.Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән мағынасын түсініп білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т. б. әдістер жатады. Салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа қүрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді. Социологиялық әдіс саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды. Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Нормативтік әдіс  қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді. Ал бұрынғы Кеңес Одағы қезінде ең дұрыс және мызғымас тәсіл болып есептелген диалектикалық-материалистік әдіс болатын. Ол табиғаттағы, қоғамдағы және санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен-бірі тығыз байланыста және үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды. Жоғарыда аттары аталған әдістермен қатар басқа да әдіс-тәсілдер бар. ХХ ғасырдың ортасынан бастап саяси зерттеулердегі негізгі әдістер болып дәстүрлі әдіс саналады. Дәстүрлі әдіске тарихи, заңдық, институционалдық әдістерді кіргізеді. Тарихи әдісте саяси оқиғаларды сипаттауға, өткен саясатты бағалауға, заңдық әдісте конституциялық прициптер мен құқықтық кодекстерді зерттеуге баса көңіл бөлінеді. Институционалдық әдістің олардан айырмашылығы – ол саяси институттардың қызметіне талдау жасауға баса зейін салатын нормативтік-құқықтық тәсілдің басым болуымен сипатталады. Эмприкалық әдісті саясат ғылымына американдық зерттеушілер енгізді, олар өздерінің назарын нақты эмпирикалық деректерді: индевитер мен әлеуметтік топтардың мінез-құлқын нақты талдауға аударады. Бихевиоризмге (ағылшын. Behavior- мінез-құлық) ерекше тоқтау әр түрлі әдістерді қолдануға әсерін тигізеді, бұлар: статистикалық, сандық құжаттарды талдау, бақылау, сұрау жүргізу, эксперимент жасау.            Саясаттануда ғылыми талдаудың: салыстырмалы, жүйелі, құрылымдық-функционалдық әдістері де кеңінен қолданады. Соңғы кезде саясаттануда герменевтика маңызды роль атқарады. Мұнда саяси символиканың тілін зерттеуге, ұғымдық аппарат қолдануға негізделген, нақты тіл шегінде жүзеге асырылатын, субъектінің саяси құбылыстарды қабылдау шегі мен саласын сипаттайтын саяси тұжырымдамалар қалыптастыруға баса назар аударылады. Саясаттанулық зеттеулер методологияларына сонымен қатар анализ және синтез, абстракциялау, жалпылау, индукция және дедукция, аналогия, модельдеу және социологиялық әдістер және нақты процедуралар жиынтығы тәрізді әдістер кіргізіледі. Бұлардың бәрі де саяси процестер мен олардың дамуы жөнінде шынайы мағлұматтар алуға тырысады. Сондықтан қазіргі демократиялық мемлекеттерде саясатқа байланыс­ты жағдайларды зерттегенде сан түрлі әдістемелерді пайдала­нады. Саясаттанудың міндеттері мен қызметтері де бар. Оған ең алдымен танымдық (гносеологиялық) қызметтер жатады. Олай дейтініміз саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді. Саясаттану бағалау ( аксеологиялык) қызметін атқарады. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді. Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.Саясаттану реттеушілік, басқару қызметтерін атқарады. Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Ең соңында саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда. Әдебиеттер 1.Жамбылов Д.Ә. Саясаттану. Алматы. 2003. 2.Қапесов Н. Саясаттану. Алматы. 2003. 3.Хан И.Г.Саясаттану. Алматы.2003. 4.Аристотель. Политика. Соч.В 4-х томах. Москва. 1971. 5.Гаджиев К.С. Политическая наука. Москва.1997 6.Гаджиев К.С. Ведение политическуюнауку. Учебник. Москва. 2000.    №2 лекция. Саяси ғылымның даму тарихы мен негізгі кезеңдері 1. Ежелгі дүниедегі саяи ойлар 2. Орта ғасырлардағы саяси ілімдердің қалыптасуы 3. Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ой мақсаты:Саяси ойдың көне, орта ғасыр, қайта өрлеу дәуірінде дамуымен танысу. Саяси ғылымның теориясының қалыптасуын, негізгі кезеңдеріне қатысты ғалымдардың саяси көзқарастары мен еңбектерін қарастыру және саясаттану ғылымының теориясының қалыптасуына кезең –кезеңіне өкілдерді мысал келтіріп сипаттама беру. міндеттері:Дерекпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Тақырып бойынша ақпараттарды толық меңгеру.  1. Кез келген ғылым сияқты саясаттанудың да өз тарихы бар. Саяси ғылымдық білімнің элементтері ұзак уакыт бойы жалпы философиялық, кейінірек әлеуметтанулық, құқықтық теориялар шеңберінде қалыптасып дамыды. Саясаттанудың тарихы болмайынша, саясаттанудың да болмайтынын айтуға толық негіз бар. Оның казіргі ілімдері мен теориялары өткен замандардағы саяси ойлардың жаңа тарихи жағдайлардағы жалғасы ретінде дамуда. Ол материалдар жинақталынбайынша жаңа саяси теориялардың пайда болуы мүмкін емес. Әрбір дәуір адамзат өмірінде өзіндік ерекше саяси мәселелерді қойып, оларды өзінше шешті. Егерде ойша кейінге үңілетін болсак, онда XXI ғасырға бізбен бірге кірген көптүрлі шексіз саяси жүйелерді, ілімдерді, бағыттарды, көзқарастарды көруге болады. Оларды дұрыс бағдарлау мен олардың мәнін түсіну үшін төмендегідей белгілі бір методологиялық әдіс-тәсілдерді басшылыққа алу кажет: біріншіден, кез келген саяси ілім еріксіз "ойдан шығарылған", кімнің болса да, тіптен кемеңгердің болса да акыл-ойымен табылған нәрсе емес, керісінше ол тарихтың кайсыбір кезеңінде өмірлік жағдаймен қойылған қоғамдық практиканың қажеттілігінің сұрақтарына қайтарылған жауап сияқты. Адамдардың саяси практикасы саяси теориялардың, ілімдердің пайда болуы мен дамуының себепшісі болды және олардың шыншылдығының жәнс өміршеңдігінің басты өлшем бірліктері болды. Өмірдегі қайсы бір мәселелерге ғылыми негіздеме жасау үшін, теория немесе ілім жасау үшін, сөйтіп саяси практикаға "жарық" жол салу үшін ойшыл сол практиканы терең танып білуі кажет. Адамдарды ойландыратын сұрактарды алдын ала көре біліп, оларға теориялық негізделген жауаптар беруі тиіс. Тек осындай жағдайда ғана теория немесе ілім адамдарға, халыққа, қоғамға қызмет ететін болады. Екіншіден, саяси ілімдерде тікелей немесе жанама түрде болсада қоғамдық топтардың, басқа да әлеуметтік күштердің шоғырланған экономикалық мүдделері көрінеді. Бұл экономикалық мүдделер оларды мемлекеттік биліктің қорғауын кажетсінеді. Сондыктан саяси теориялар осындай коғамдық саяси жүйенің қажеттігін негіздеді, сол тұста үстемдік етуші, әлеуметтік күштердің экономикалық мүдделерін жақсы қорғайтын мұндай мемлекеттік құрылыстың заңдылығын дәлелдеді. Адамзат қоғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет біркелкі дами қоймайды. Олардың шарықтап, шалқитын, құлдырап түсетін де кездері болады. Тарихта белгілі ең алғаш өрелі өркениеттіліктің ошағы болып, құлпырып гүлдену Ежелгі Шығыс – Мысыр, Вавилон, үндістан, Қытай, Парсы елдеріне келеді. Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде жақсы дамыды. Греция ол кезде саяси бытыраңқы күн кешкен ел еді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар (полистер) құрды. Патшалық үкіметтің орнына аристократиялық және құл иеленушілік демократия орын алды. Билеу түрі сан алуан болатын және жиі ауысып отыратын. Саяси өмір қызу дамыды, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтан теорияға тез ауысты. Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп. Платон б.з.б.427-347 ж.ж.өмір сүрді. Платонның екі жүздей еңбектері бар. Олардың ішінде біздің ғылымымызға тікелей қатысы бар шығармалары «Мемлекет», «Саясатшы», «Заңдар», «Софист», «Парменид» және т.б. Оның ойынша,адамдар қажеттіліктерін жеке - дара өтей алмайды. Көп адам бірігіп қана қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Ол адамдарды үш үлкен әлеуметтік топқа: 1)әкімдер; 2)қорғаушылар; 3)өндірушілер етіп бөлді. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы бар дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады. Платон мемлекеттік құрылысты 5түрге бөлді: аристократиялық, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды .Себебі, онда парасаттылық билейді, оның принциптері –адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады. Ертедегі гректің саяси ой-пікірлерін одан әрі дамытып философиясын шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель болды. Ол бірінші рет саяси ғылымды пән ретінде кіргізіп, өзі сабақ берді. Аристотельді саясаттанудың әкесі дейтіні содан. Саясаттануға қатысты «Саясат», «Афинылық политея», «Этика», «Риторика» деген еңбектері. Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты- адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Аристотельдің ойынша, мемлекет-қауымның дамыған түрі, ал қауым-отбасының дамыған түрі. Ол мемлекетті дұрыс және бұрыс түлерге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны, политияны жатқызды. Ал, тирания, олигархия, демократияны бұрыс түрі деп санады. Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі заң парасаттылығын жоймайды. Саяси ойдың даму тарихында айтарлықтай із қалдырған Ежелгі Рим болды. Онда әсіресе атақты шешен, мемлекет қайраткері және ойшыл Марк Туллий Цицерон өмір сүрді. Оның «Мемлекет туралы», «Заңдар туралы», «Міндеттер туралы» деген еңбектері көпке әйгілі. Ол мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі –адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабының және меншікті қорғау мақсатынан туындайды дейді. Басқарушылардың санына қарай ол мемлекет басқаруды патшалық билік, аристократия, демократия етіп үш түрге бөлді. Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды. Қоғамдық - саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады. 2. Орта ғасырлар (б.д. ІУ-ХУ ғғ.) адамзат тарихында ежелгі дүниемен салыстырғаида коғамдық ойдың, әсіресе прогрессивті ойдың тоқырауымен сипатталады. Бұл саяси ілімдерге катысты да айтылған. Орта ғасырлар үшін діни-этикалық формада анық көрініс тапқан саяси мәселелерге теологиялық тұрғыдан келу негізгі белгісі болып табылатын саяси ойлардың ерекшелікті типі тән. Саяси ойлаудың орта ғасырлық типі феодализмнің пайда болып дамуының барлық кезеңінде үстемдік етті. Саяси ойлардың айтарлыктай дамуы ортағасырлық Шығыс ойшылдарының еңбектерінде көрініс тапты. Аса көрнекті өкілдері болып Әл-Кинди, Бируни, Әл-Фараби, Иби-Сина, Омар Хайям, Ганджеви Низамм, Әлішер Науаи және басқалары саналды. Кіндік Азияда, Шығыста, Еуропада ғылымның философиялық және әлеуметтік-саяси ойдың дамуында үлкен рөл аткарған Сырдариядағы (Қазакстан) Фараб қаласында туған ұлы ғалым Әбунасыр Мүхаммед әл-Фараби (870-950) болды. Әзірбайжандық прогрессивті қоғамдық-саяси және философиялық ойдың көрнекті өкілі ойшыл Ганджеви Низами (1141-1203) болды, ол феодалдық ақсүйектердің зорлық-зомбылығына қарсы шығып, езілген халық бұкарасына жанашырлығын танытты. Оның негізгі шығармасы — "Хәмсо" ("Бес казына") бес поэмадан тұрады. Олар: "Кұпиялар қазынасы", "Ләіілі мен Мәжнүй" «Жеті Сұлу» және "Ескендір-наме".  Орта Азия мен Шығыстағы қоғамдық-саяси ойдың дамуында өзбектің көрнекті акыны әрі ойшылы Әлішер Науаидын (1441-1501) шығармашылығы зор прогрессивтік рөл атқарады. Науаи тарихпен, философиямен, кескіндемемен, сәулетпен, музыкамен айналысты. Науаидың шығармашылығы Мауереннахр мен Алдыңғы Шығыстың көп ғасырлық мәдениеті мен қоғамдық-саяси идеяларын сіңірді. Ол "Шардиван" (Төрт лирикалық жинақ). "Хәмсә"(Беспоэма); '"Махбубәл кулуб (Ғашык жүректер), "Мухакамат әл лугатайн" (Екі тілдің салмағы) және басқа да қызықты шығармалар жазды. Олар орта азиялық және дүниежүзілік мәдениет, сонымен қатар қоғамдық-саяси ой қазынасына қосылған кұнды үлес болды. Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды. Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан философиясының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары “Құдай қаласы туралы “деген еңбегінде баяндалған. Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Оның саяси көзқарастары “Билеушілердің басқаруы туралы “, “Теологияның жиынтығы “ деген еңбектерінде қаралды. Оның ойынша билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік жоғарғы діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі керек.  3. Кайта өрлеу дәуірінің жарқын саяси ойшылдарының бірі итальяндық Николло Макиавелли (1469-1527) болды. Ол – антикалық әдебиеттің үлкен білгірі, дипломат және саясаткер. Н.Макиавелли өзінің жүйеге келтірілген саясн идеяларын "Мемлекет", «Тит Ливидің бірінші тоқсан туралы пікірлері", "Флоренция тарихы", "Князь", «Соғыс өнері» атты еңбектерінде баяндады. Н.Макиавелли өз дәуірінде қалыптасқан көптеген саяси мәселелерді шешуде аса манызды, бірегей идеяларды айта білді. Оның пайымдауынша белгілі бір тұжырымды кұрайды, онда мемлекеттің табиғатына, оның мәніне мемлекетгік кұрылыстың формаларына, сонымен катар мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілдеріне және басқа да саяси мәселелерге түсініктеме берілген. Бұл оларды Кайта өрлеу дәуіріндегі алғашкы анық жүйелі және салыстырмалы терең түсіндіру еді. Сондыктан Н.Макиавеллиді жаңа заманның саяси ғылымын негіздеуші деп атайды. Ол ұсынған саяси шыншылдық принципі Макиавеллидің саяси көзқарастарындағы ең бастысы болып табылады. Саясатта нағыз ақиқат жағдайларды, саяси әрекеттердің практикалық мүдделерге бағындырылуын есепке алу көрсетілген. Макиавеллидің пікірінше, саясат - бұл қоғамда билікті жүзеге асыру жөніндегі әртүрлі әлеуметтік күштердің (коғам жіктері, адамдар тобы, жекелеген тұлғалар), өзара қарым-қатынасы. Сайып келгенде саясат адамдар арасындағы қоғамдык қатынастар ретінде баяндалады. Сөйтіп, саясатты тек адамның табиғи жаратылысының көрінісі ретінде түсіндіруге қарамастан оның әлеуметтік табиғатын ашып көрсетеді. Макиавелли қазіргі уакытта хрестоматиялыққа айналған ережені, атап айтканда, саясаттың негізгі мәселесі билік туралы мәселе тұжырымдамасын анық қалыптастырды. Ол діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші болып енгізді. Мемлекеттік билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым –қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады, түсіндіруге қарамастан оның әлеуметтік табиғатын ашып көрсетеді. Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ойдың көрнекті өкілдерінің бірі француз ойшылы Жан Боден. Ол бірнеше еңбек жазды, соның ішінде ең бастысы - "Республика туралы алты кітап". Онда Ж.Боден мемлекеттің шығуы, оның функциялары, мемлекеттік баскарудың формалары, сонымен қатар сол замандағы қоғамның саяси өмірінің басқа да проблемаларына өзінің көзкарастарын жан-жақты баяндады. Ж.Боденнің саяси теорияны дамытудағы негізгі үлесі оның мемлекеттік егемендік мәселесін көтеруі. Ол "егемендік ұғымын саяси ғылым айналымына енгізді және казірге дейін саяси пікір-сайыс тудырып, саяси практикада колданыста жүрген егемендік теориясын жан-жакты жасап шыкты. Әдебиеттер: 1.Әлемдік саясаттану антологиясы. Алматы. 2005. 2.Аристотель. Политика. Соч.В 4-х томах. Москва. 1971. 3.Платон.Государство. Соч.в 3 томах. Москва. 1951 4.Гаджиев К.С. Политическая наука. Москва.1997 5.Алексеева Т.А. Современные политические теории. М., 2000. №3 лекция. Саяси ғылымның даму тарихы мен дардың негізгі кезеңдері 1. Жаңа замандағы саяси ой 2. Маркстік саяси ойлар 3. ХХ ғасырдағы саяси ой мақсаты:Саяси ойдың көне, орта ғасыр, қайта өрлеу дәуірінде дамуымен танысу. Саяси ғылымның теориясының қалыптасуын, негізгі кезеңдеріне қатысты ғалымдардың саяси көзқарастары мен еңбектерін қарастыру және саясаттану ғылымының теориясының қалыптасуына кезең –кезеңіне өкілдерді мысал келтіріп сипаттама беру. міндеттері:Дерекпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Тақырып бойынша ақпараттарды толық меңгеру. 1. XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты. Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс(1588—1679) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардың құқы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты. Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье(1689—1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның зандарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға (ауа райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне, т.б.) байланыстырды. Бостандық — заң неге ерік берсе, соны істеу. Саяси бостандық экономиканың, өндірістің, сауданың дамуына әсер етеді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостандығын жақтады. Мемлекет азаматтарды өмірге қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге міндетті. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді. Францияның ойшыл-ағартушысы Жан Жак Руссо(1712— 1778) ұсақ буржуазияның, шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен тендікті ең жоғарғы игілік деп санады. Еркіндіктің кепілі теңдік, ал теңдік саясатта ғана емес, мүлікке де болуға тиіс. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында теңдікті сақтауы керек. Руссо тікелей халық билігін ұсынды. Егер елдің жері үлкен болса, халықтың өкілдігін қолдануға болады. Бірақ бұл ретте депутат халық қызметшісі болуға тиіс. Руссо оқтын-оқтын ха­лық жиналысын өткізіп, онда үкімет есеп беруін талап етті.  АҚШ – тағы қиян-кескі таптық күрес идеологияда да жаңғырық тапты. Алдыңғы қатарлы саяси пікірді Т.Джефферсон, Т.Пейн жақтаса, ірі  буржуазияның саяси көзқарастарын А .Гамильтон қорғады. Америка халқының демократия жолындағы күресі Томас Джефферсонның (1743-1826) атына байланысты. Ол сол кездегі ұлы революциялық құжат –Америка Құрама Штаттарының “Тәуелсіздік деклорациясын” жазды. Декларацияда жаратушы барлық адамдарды тең етіп жаратты, және олардың өмірге, бостандыққа, бақытқа тырысуына құқы бар делінген. Томас үкімет тарапынан жеке адамның құқын бұзу қаупі тумауы үшін мемлекеттік биліктің міндеттерін шектеуді талап етті. Ол ұсақ өндірушілердің мақсатын көздеп, фермерлердің демократиялық республикасын аңсады. Тәуелсіздік үшін күрес кезінде өзінің батыл идеяларымен Томас Пейн (1737-1809) көзге түсті. Ол Америка халқын азаттық күреске, отаршылдардан бөлініп шығуға шақырды. Адамның табиғи құқына еркіндікті, теңдікті, сөз, баспасөз, дінге сену бостандығын, рақатқа, бақытқа жету т.б. жеткізді. Пейн бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Мелекетті қоғам тудырады деді.Үкіметтің мақсаты –қауіпсіздік пен бостандықты қамтамасыз ету. Оның саяси мұраты –жалпыға бірдей сайлау құқы, тең өкілдігі бар демократиялық республика. Пейн соғысқа қарсы болды. Бірақ ол әділетті соғысты, азаттық үшін соғысты қолдады. Жаңа заманда саяси санада айтарлықтай із қалдырған немістің классикалық философиясының негізін салушы Иммануил Кант (1724—1804). Оның саяси пікірлері “Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары», “Өмірлік бейбітшілікке“ деген еңбектерінде баяндалған. Ол әртүрлі мемлекеттер үшін өзара пайдалы халықаралық сауда мен өзара қарым –қатынасты, бейбітшілікті орнату мен сақтаудың құралы деп біледі. 2. XIX ғасырдың бірінші жартысында капиталистік өндіріс әдісінің қарқынды дамуы, буржуазиялық қоғамның тап қайшылықтарының шиеленісуі, пролетариаттың тез өсуі және оның тарихи күрес майданына шығуы марксизм теориясын тудырды. Карл Маркс(1818—1883) философия мен саяси экономия саласында екі жаңалық жасады. Біріншісі — тарихты материалистік тұрғыдан түсіну. Оның мәні мынада. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі болып табылатын мате­риалдық тұрмыстың өндіріс әдісі қоғамдағы әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызатындығын дәлелдеді. Капиталистік құрылыстың өндіргіш күштері үздіксіз дами отырып, өндіріс құрал жабдықтарына жеке меншікке негізделген бур­жуазиялық өндірістік қатынастармен сөзсіз қайшылыққа келеді. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы тереңдеп келе жатқан антогонизмді тек пролетарлық революция ғана шеше алады, ол жұмысшы табының өкіметін орнатуға жеткізеді және қоғамды социалистік жолмен қайта құру үшін жол ашып береді деді. Екінші жаңалығы — капиталистік қанаудың сырын әшкерелеген қосымша құн туралы ілім болды. Маркс пен Энгельс капитализмнің орнына социализм келеді, ол міндетті орындайтын қоғамдық күш — жұмысшы табы деп үйретті. Себебі, пролетариат — буржуазиялық қоғамның ең революцияшыл, ең ұйымдасқан, ең саналы және интернационалдық табы. Маркс пен Энгельс тап күресі, социалистіқ революция және пролетариат диктатурасы туралы ілімді жасады. Олар пролета­риаттың өзінің меншікті саяси партиясы — коммунистер партиясы болуға тиіс, ол жұмысшы қозғалысына басшылық жасауға тиіс деген қағиданы негіздеді. Маркс пен Энгельстің ізбасары В. И. Ленин (1870—1924) болды. Ол капитализм дамуының империалистік сатысының зандылықтарын зерттеді. Жаңа тұрпатты партия туралы ілімді жасады және осындай партияның ұйымдастырушысы болды. Ленин Маркс пен Энгельс жасаған социалистік революция теориясын дамытты. Буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуын негіздеді. Социализмнің алдымен бірнеше елде немесе тіпті жеке бір капиталистік елде жеңу мүмкіндігі туралы тұжырымдама жасады. Ленин әр түрлі елдердің капитализмнен социализмге өту түрлерінің сан алуан болатындығы туралы қағиданы қолдады. Пролетариат диктатурасының мемлекеттік түрі ретінде Кеңестерді ашты. Жаңа қоғам қүру ісін Ленин елді индустрияландырумен, ауыл шаруашылығын кооперациялаумен және мәдени революцияны жүзеге асырумен байланыстырды. Ол социализм орнатуда пролетарлық мемлекеттің рөлін айқындап, өтпелі дәуірдегі тап күресінің ерекшеліктерін көрсетті. Марксизм-ленинизм коммунизм кезінде мемлекет, саясат болмайды деп ұқты. 3. ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында ертеректе жинақталған көптеген идеялардың, тұжырымдамалардың, теориялардың саяси білімдер жүйесіне, саяси ғылымға бірігуі жүрді. Бұл үрдіс өзінін бүкіл дамуымен маңызды саяси баскару сатысына өткен және саяси қызметтің барлық жактарын жүйелі, ғылыми пайымдауды және болжамдауды қажетсінген коғамның талабы еді. XX ғасырдың 20-30 жылдарында бірінші дүниежүзілік соғыстың және революциялардың нәтижесінде пайда болған қоғамды саясаттандырудың жана толкынының ыкпалымен саяси ғылымның белсенділігі артып, дербестікке ие болды. Оның кұкыктану, әлеуметтану, саяси тарихтан іргесі бөлінді. Саясатгану казіргі қоғамның проблемаларына саяси процестерге көніл аудара бастады. Саясаттану теориялары мен тұжырымдамалары пайда болды. Саяси ғылымға Американын ыкпалы күшейді. XX ғасырдын орта тұсында саясаттану толығымен жеке ғылым ретінде калыптасты. 1949 жылы саяси ғылымдардың Халықаралық ассоциациясы кұрылды. Ол әртүрлі елдердің саясаттанушыларының арасында жүйелі байланыс орнатты. XX ғасырда саяси ой мен ғылым алуан түрлі көптеген тұжырымдамалармен, доктриналармен және т.б. көзге түсті. XX ғасырдағы саяси ойдын қалыптасуы мен дамуы ұлы ойшылдар М.Вебер, Г.Моска. В.Паретто. Р.Михельс, Т.Парсонс, Д.Истон, Т.Алмонд, М.Дюверже және т.б. есімдерімен байланысты. Бұл жерде, ең алдымен саяси кұбылыстарды өзінің даму логикасы және соған сәйкес өзіндік тарихы бар ерекше нактылык ретінде карастырған неміс әлеуметтанушысы әрі саясаттанушысы Макс Веберді (1864-1920) бөліп көрсеткен жөн. Онын негізгі жұмыстары: ''Протестанттық этика және капитализм рухы" (1904-1905 жж.); "Саясат бейімділік және кәсіп ретінде" (1919 ж.); "Шаруашылык және коғам" (1920ж.). Вебер ақиқатты теориялык моделдермен — "идеалды типтермен" талдауды ұсынды және қоғамдық құрылысты, әлеуметтік өрекетті, қоғамдық дамуды, билікті, басқаруды (бюрократияны) және демократияны сараптау үшін "идеалды типтер" жүйесін жасады. Ол қоғамдық дамудың маркстік тұжырымдамасын жокка шығармады, бірақ адамдардың саяси жүріс-тұрысын олардың қайта діни этникалық, аумақтық және басқа да мүдделері мен көңіл-күйлері аныкталды деп есептеді. Адамдармен топтардың әлеуметтанулық танымы аркылы қоғамдық проблемаларды зерттеудің веберлік методологиясын көптеген ғалымдар пайдаланды және дамытты. Марксизм классиктері сиякты Вебер саясатты билікке қатысты коғамдық қатынастардың немесе мемлекетаралық, мемлекет ішіндсгі адамдар топтары арасындағы билікті бөлуге ыкпал ету саласы деп есептеді. Геосаясат XX ғасырдағы саяси ойдың бағыттарының бірі болды. Ол өзінің өмір сүруі мен кызметі үшін кеңістігін кеңейтуге тырысатын, ерекше организм ретінде мемлекетті сипаттауды географиялық факторлардың ықпалымен түсіндіруге тырысатын саяси доктринаға айналды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында "геосаясат" терминін ғылыми айналымға швед ғалымы Рудольф Челлен (1864-1920) кіргізді. Бұған дейін де мемлекеттердің халыкаралык саясатын географиялык факторлармен дәлелдеуге қадамдар жасалған еді. Германияда геосаясаггы дәлелдеумен я саяси географияның іргетасын калаушылардың бірі Фридрих Ратцель (1844-1904) айналысты. Ол мемлекет кеңістіктің артуын кажетсінетін, ол "өсіп-өнуші халык өзінің санын көбейту үшін жаңа жерлерді қажетсінетіндігін атап көрсеткен еді. Оның пікірінше халық өзінің географиялык жағдайын жаксартуға бейімділігі жоғары. АҚШ-та геосаясатты тарихшы А.Мэхэн (1840-1914) негіздеді. Ол мемлекеттің географиялық жағдайымен оның теңіздік куатының және "халыктық мінез-құлқының" арасында тікелей байланыстың бар екендігін дәлелдеді. Бұдан кейін де геосаясат идеялары баска да бірқатар авторлардың жұмыстарында жалғасын тапты. Англияда геосаясат идеясын географ Хэлфорд Маккиндер (1861-1947) негіздеді. Оның тұжырымдамасына сәйкес халыктар мен мемлекеттердің тағдырын аныктаушы фактор олардың географиялық жағдайы болын табылады. Герман фашизмінің геосаясат мектебінің басшысы Карл Хаусхофср (І864-І945) геосаясатка тиісті түр беріп, үшінші "рейxтің,' ресми доктринасының бөліміне айналдырды. Осы доктринаға сүйеніп, герман фашизмінің басшылары көрші елдерді кұрту және " герман ұлтына өмірлік кеңістікті" жасау мақсатында басқыншылық жолға түсті. XX ғасырдың бірінші жартысында қоғамның барлық мүшелері ынтымақтастығын дәріптеген саяси ынтымақтастық (солидаризм) ілімі кеңінен тарады. Ынтымақтастық ілімінің ірге тасын қалаушылардың бірі Француз әлеуметтанушысы және құқық теоретигі Л.Дюги (1859-1928) болды. Ол қоғамда адамдарды біріктіретін байланыстар ынтымактастықтың дәнекері болып табылады деп есептеді. "Ынтымактастық фактісін адамдар мойындады" - деп, есептеді ол қоғамдағы әрбір тап әлеуметтік жік, онын пікірінше, қоғамда ынтымақтастыкты қамтамасыз етуде өзіндік орнын алады және өзіндік рөлін атқарады, олардың ынтымақтастығын дамыту капиталистік ақиқаттың жағымсыз жақтарын жоюға мүмкіндік береді. Ынтымаңтастыңты анықтайтын және дамытатын орган. XX ғасырдың бірінші жартысында халық бұқарасының мемлекетті баскаруға қабілетсіздігі жөніндегі ежелгі аристократиялық идея қайтадан жандандырылды. Бұл идея кез келген әлеуметтік кұрылымның қажетті кұрамдас бөлігі болып табылатын баскару ғылым мен мәдениетті дамыту функциясын іске асыратын жоғарғы жеңілдігі бар жіктен немесе жіктерден және қалғаны халық бұқарасынан тұратындығын негіздейтін элита теориясынан көрініс тапты. Италия саясаттанушылары В.Парето. Р.Михельс. Г.Моска элита теориясынын аса кернекті авторлары болып табылады. "Элита" терминін саяси ғылымға Вилфредо Парето (1848-1923) енгізді. Саясаттануда саясатты талдауда кұрылымдық-функционаллық әдіс ерекше орын алды. Кұрылымдық-функиионализмнің аса ірі өкілі американдық әлеуметтанушы Толкотт Парсонс (1902-1979). Оның негізгі енбектері: "Әлеуметтік әрекет кұрылымы" (1937 ж.); "Әлеуметтік жүйе" (1951 ж.); "Әрекет теориясы және адами өмір сүру"(І978ж.). Парсонс - әлеуметгануда әрекет теориясын жасаушы және құрылымдық-функционалдық мектепті кұрушы. Оның әлеуметтік әрекет теориясында қоғамдық жүйенің төрт жүйешеден тұратындығы қарастырылады, олардың әркайсысы өз функиияларын аткарады. Солардың бірі саяси жүйеше, билікке арка сүйеуінің негізінде, ортақ мақсатқа жету үшін адамдардың ұжымдық тиімді әрекетін ұйымдастыруды қамтамасыз ету қабілетімен байланыскан Парсонстың идеялары Д.Истон жасаған саяси өмірге жүйелі талдаудың және саяси жүйе теорияларының негізін кұрады. Дэвид Истон (1917) – канадалык және американдык саясаттанушылардын ішіндегі көрнектілерінің бірі. Онын негізгі еңбектері: "Саяси жүйе" (1953 ж.), "Саяси өмірді жүйелік талдау" (1956 ж.), "Саяси кұрылымды талдау" (1990ж.). Истоннын саяси ғылымға коскан негізгі үлесі саяси жүйенің өмір сүруін зерттеуге, сонымен катар саяси әлеуметтену мәселесін зерделеуге жүйелік талдаудың принциптері мен әдістерін беймдеумен және колданумен байланысты. Саяси тұжырымдардың қалыптасуы мен дамуына ірі үлес қоскан француз әлеуметтанушысы әрі саясаттанушысы Морис Дюверже (1917) болды. Онын негізгі енбектері: "Саяси партиялар" (1951 ж.). "Саясат идеялары. Биліктің коғамда колданылуы" (1966 ж.). Әдебиеттер: 1.Жамбылов Д.Ә. Саясаттану. Алматы. 2003. 2.Қапесов Н. Саясаттану. Алматы. 2003. 3.Хан И.Г.Саясаттану. Алматы.2003. 4.Гаджиев К.С. Политическая наука. Москва.1997 5.Гаджиев К.С. Ведение политическуюнауку. Учебник. Москва. 2000. №4 лекция. Билік саяси 1. Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар 2. Биліктің құрылымы, ресурстары мен функциялары 3. Биліктің тармақтары мен түрлері 4. Биліктің легитимділігі мақсаты:Қоғамдағы биліктің мәнін ашу, зерттеу, талқылау, тарихи түрлеріне тоқталу және сипаттама беру. Тақырыпты игеру барысында білімгер «билік», «саяси билік» ұғымын талдап, оның негізгі формаларын, тармақтары туралы айтып, биліктің мәндік белгілерін ажырата білуі қажет. міндеттері: Ғылыми ақпараттарды пайдалана білуге үйрету. Тақырып бойынша ақпараттарды толық меңгеру. 1.Саясаттанудың негізгі мәселелерінің бірі билік ұғымы. Ол саясаттың өзін, саяси институттарды, саяси қозғалыстарды түсінудің кілті. Билік ұғымына келетін болсақ, жалпы адамзат тарихынан белгілі билік әр қашанда жалпыға бірдей үміттену, дәмелену обьектісі болған. «Билік» әдеттегі өмірде және ғылыми әдебиетте әр түрлі мағынада қолданылады. Философтар биліктің мәнін қоғамның обьективті заңдарымен, социологтар әлеуметтік билік туралы, экономистер - шаруашылық билік туралы, заңгерлер мемлекеттік билік туралы, саясаттанушылар – саяси билік туралы, табиғат зерттеушілері – табиғатқа билік ету туралы, психологтар – адамның өзін-өзі билеуі туралы, ата-аналар – отбасы билігі туралы, діндарлар құдайдың билігі туралы және т.б. пайымдайды. Барлық кезеңде билік амбивалентті (екі жақты, екіұшты) қарастырылған: бір жағынан билік – біреудің екінші біреудің үстінен еркін білдіреді. Бұл биліктің жағымсыз тұрғыдан түсіну. Оның екінші жағы билік қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Билік ұғымы саяси – ғылыми әдебиеттерде әр түрлі түсіндіріледі. Беймаркстік саясаттануда билікке берілген анықтамалар мен тұжырымдамалар: 1. Телеологиялық анықтама (мақсат- «teleos») билікті бір мақсатқа жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. 2. Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрін айтады. 3. Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды пайалану, қолдану мүмкіндігі деп түсіндіру. 4. Структуралистік анықтама билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады. 5. Конфликтілік анықтама билікті дау-жанажал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді. 6. Біраз ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға тигізілетін ықпал ретінде қарайды. 7. П. Моррис, А. Гидденс сияқтылар жоғарыдағы көзқарастармен келіспей билікті біреулерге немесе бірдеңеге тигізетін ықпал емес, оларды өзгертуге бағытталған іс-әрекет дейді. Бұл анықтамалардың көптігінен біз билік құбылысының күрделілігін және ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ екендігін байқаймыз. Дегенмен, ғылым болғандықтан анықтама берілуі тиіс. Мысалы: «Философиялық энциклопедиялық сөздікте» билік туралы былай делінген: «Сөздің жалпы мағынасында билік өз еркінде жүзеге асыруға қабілеттілік пен мүмкіндік, адамдардың жүріс-тұрысы туралы, іс-әрекетіне қайсыбір амал-әдістер, бедел, құқық, күштеу арқылы шешуші ықпал жасау». Қорытындылай келе билік деп, біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекетіне, қызметіне тағдырына ықпал етуін айтады. Билік адам пайда болғалы бері бар дүние, адамзат қауымымен бірге пайда болған. Ал саяси биліктің пайда болуы мемлекеттің пайда болуымен байланыстырылады. Саяси билікті қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдар бар. Олар: 1) экономикалық қор; 2) әлеуметтік әдіс құралдар; 3) күш жұмсау құралдары; 4) ақпарат құралдары; 5) информациялық қор. 2.Биліктің жалпы белгілерінен басқа оны құрайтын элементтері болады. Олар: а) билікте қатынасқа түсетін серіктердің екеуден кем болмауы, б) билікті іске асырушының жарлығы, в) бағындыруды іске асырудың қолда бар механизмі тетіктері, г) жарлық беруге құқықтар да қалыптастырған, нормалар, ережелер: Биліктің ресурстары – жеке дара адамның немесе топтың басқаларға ықпал ету үшін пайдаланатын барлық мүмкіндіктері. Билікті ресурстары дегеніміз – субьектінің мақсаттарына сәйкес биліктің обьектісіне ықпалды қамтамасыз етуге пайдаланылатын құралдар. Ресурстар обьекті, үшін маңызды не құдылықтар, не адамның ішкі дүниесіне, дәлелдеуіне, әсер ету қабілетті құралдар, не адамды белгілі бір құндылықтардан айыруға көмектесе алатын қару болып табылады, олардың ең жоғарығы құндылығы әдетте өмір деп есептеледі. 3.Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөледі.Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк пен француз ғалымы Ш.Л.Монтеське болды. Қазіргі кезде биліктің үш тармағы жөнінде саясатшы ғалымдар арасында әр түрлі көзқарастар бар. Олардың кейбіреуі билік санын көбейткісі келсе, екіншілері кеміткісі келеді. Билік мемлекеттік және саяси болып екіге бөлінеді. Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін биліктің түрі жатады. Биліктің жүзеге асырылу тәсіліне және құрылысына қарай басқару түрі және мемлекеттік құрылысы болып бөлінеді.  4.Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. Легитимділік (латын тілінде заңдылық, шындық) дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған, саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болу үшін 2 шарт қажет: 1) ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы қажет, 2) мемлекеттік билік конституциясының қағидаларға жүргізілуі керек. Немістің көрнекті ғалымы М. Вебер легитимділіктің 3 түрін көрсетті:1) Әдет-ғұрыптық легитимділік 2) Харизматикалық легитимділік 3) Ақыл-парасаттық, құқықтық легитимділік. Әдебиеттер: 1.Жамбылов Д.Ә. Саясаттану. Алматы. 2003. 2.Қапесов Н. Саясаттану. Алматы. 2003. 3.Хан И.Г.Саясаттану. Алматы.2003. 4.Аристотель. Политика. Соч.В 4-х томах. Москва. 1971. 5.Гаджиев К.С. Политическая наука. Москва.1997 6.Гаджиев К.С. Ведение политическуюнауку. Учебник. Москва. 2000. 7.Борисов Л.П. Политология. Москва.1998. 8.Шабров О. Политология управления. Москва. 1997. 9.Конституция РК. Алматы. 1995.    №5 лекция. Қоғамның саяси жүйесі 1. Қоғамның саяси жүйесі ұғымы. 2. Саяси жүйелердің құрылымы мен қызметтері. 3. Саяси жүйелердің типологиясы. мақсаты:Қоғамның саяси жүйесінің қалыптасуына тоқталып, оның негізгі типтерін және тарихи түрлерін сипаттау, талдау, құрылымы мен жіктелуіне ғалымдардың көзқарастарына тоқталып, қазіргі әлемдегі саяси жүйе мен еліміздегі саяси жүйеге талдау жасау. міндеттері:Тақырып бойынша ақпараттарды толық меңгеру 1. Саяси жүйе саяси процеспен байланысты, ал ол әлеуметтік субъектілердің (индивидтер, топтар, таптар, жалпылықтар) біртұтас қызметінің көрінісі. Біртұтас саяси қызметтің нәтижесінде қоғамның саяси жүйесінің қалыптасуы, өзгеруі, қайта құрылуы мен қызметі пайда болады. Саяси жүйе саяси қоғамдық ұйымдардың және институттардың, саяси қарарлар, идеологиялар, нормалар мен органдардың комплексі.  Қоғамның саяси жүйесінің басқа қоғамдық жүйелерден сапалық айырмашылығы бар, оған тән негізгі сипаттамалар: оның қоғамдағы жоғарылығы. Қоғамның саяси жүйесінің салыстырмалы дербестілігі бар. Олардың көмегімен қоғамды билеу және басқару іске асырылады. Қоғамның саяси жүйесі өзінің ауқымы жағынан аса кең ұғым. Бұл ұғымға саяси институттардың және ұйымдардың, саяси идеялардың, көзқарастардың, саяси және праволық нормалардың, әдет-ғұрыптардың жүйесі, адамгершілік (мораль), саяси өмірдің этикасы, қоғамдық пікірлермен және басқа арнаулы элементтер жатады. Саяси жүйе теориясы ХХ ғасырдың 50 жылдарында Давид Истон жасады. Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығын айтады 2. Қоғамның саяси жүйесінің құрамды бөлігіне қоғамның саяси ұйымы жатады. Оған мемлекет, партиялар, қоғамдық ұйымдар, еңбек ұжымдары кіреді. Сонымен бірге қоғамның саяси ұйымы саяси жүйенің фундаментін қалайды. Ол саяси жүйенің құрамды бөлігі, қоғамға, оны басқаруға әсер ететін басты саяси құрал. Саяси жүйенің құрылымы аса күрделі. Оның мынадай негізгі құрылымдық топтық элементтерін бөліп қарауға болады: институционалдық, коммунитивтік, нормативтік, саналық және саяси мәдениеттік, функционалдық. Институционалдық құрылымдық элементке, әрқайсысы өз кезегінде жүйе құратын арнаулы институттар – мемлекет, партия, қоғамдық саяси ұйымдар т.б. кіреді. Әрбір саяси институттың салыстырмалы дербестілігі бар, қоғамның саяси жүйесінің құрамында атқаратын өздерінің мақсаттары мен міндеттері, қызметтері болады. Коммуникативтік - құрылымдық элемент, әр түрлі мүмкін болатын келісіп әрекет жасаудың формаларын қамтиды. Ол саяси жүйенің ішкі, мысалы партиялар мен мемлекеттердің, сондай-ақ саяси экономикалық жүйелерді, сонымен бірге бір елдің басқа елдердің саяси жүйесі арасындағы қатынастарды қамтиды. Нормативтік құрылымдық элементке саяси өмірді реттейтін – хұқықтық (праволық) және адамгершіліктік (моральдық), саяси дәстүрлер және т.б. әртүрлі нормалар кіреді. Олар саяси жүйенің нормативтік негізін құрайды. Саяси жүйенің маңызды құрылымдық элементі болып саяси сана мен саяси мәдениет саналады. Саяси сана нақтылы әлеуметтік және саяси практиканың әсерімен қалыптасады. Функционалдық құрылымдық элемент, саяси қызметтің, іс-әрекеттің формаларында және бағыттарында, түрліше саяси процесстерде, билікті іске асырудың тәсілдері мен әдістерінде (методтарында) көрініс табады. Мұның жалпы қорытындысы «саяси режим» деген ұғымда көрінеді. Саяси жүйе құрылымын әлеуметтік тұрғыдан да талдау мүмкін. Оған тікелей билік дүниесіне (әлеміне) жатпайтын адамдарды біріктіретін саяси әрекеттестік кіреді. Әрбір азамат саяси еңбек бөлудің принциптеріне сәйкес түрліше рөлдерде болады. Олардың ішінде тұрақты мысалы, салық төлеуші және сондай-ақ, ауыспалы саяси ролдегілер сайлаушы, әскери қызметші, саяси ұйымның белсендісі және басқалар бар. Сонымен бірге саяси жүйенің әлеуметтік құрылымдық элементіне билікті атқаруда қатынасушы (басқарушы және басқарушы емес) саяси элиталарда кіреді. Бұл қабаттар (элиталық қабаттар) әдетте бағынушылықпен сатыланады (иерархиалы), салыстырмалы тұрақты құрылымды қамтиды, сондай-ақ өзінің өкілділік негізіндегі қалыптасу құрамы ауыспалы болып келеді. Барлық бұл құрылымдық элементтер бір-бірінен бөлектелінбейді. Олар өзара тығыз байланысты, бір-біріне көмектеседі, әсер етеді, соның арқасында саяси жүйені біріккен, біртұтас механизм етеді. Зерттеушілер саяси жүйені талдағанда оның мына төмендегі атқаратын негізі қызметтерін топтастырады: саяси ортақтандырылу және өзінің саяси құрамын толықтыру; мүдделерді қорғау; мудделерді жинақтау; саяси байланыстылық қызмет; нормалар жасау; ережелерді, нормаларды қолдану; олардың орындалуын бақылау, легитимділік. 3. Қазіргі кезде саяси жүйенің көп өлшемділігі туралы тұжырымдар мен теориялар аса кең түрде қалыптасып отыр. Саяси жүйенің марксистік типологиясы қоғамның формациялық және әлеуметтік - экономикалық типі туралы белгілерден шығады. Осыған сәйкес кұл иленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік саяси жүйелер деп бөледі. Формациялық типтегі жүйенің әр қайсысы үстемдік құрушы таптарды құл иеленушілерді, феодалдарды, буржуазияны, пролетариатты көрсетеді. Бұл типологияның айрықша ерекшелігі бөлектелінген типтердің біреуін басқа біреуіне аса катаң түрде қарама-қайшы қоюы. Әлеуметтік негізіне сәйкес типологиялар әскери және азаматтық басқару, ұлттық - демократиялық немесе буржуазиялық - демократиялық жүйе болып та жіктеледі. Әр түрлі белгілердің едәуір санынан шыға отырып саяси жүйелерді жіктеуде марксистік емес авторлар аса көп түрлілігімен айрықшаланады. Саяси режимің сипаты негізінде саяси жүйелерді демократиялық, тоталитарлық және авторитарлық деп бөлу барынша кең тараған. Саяси жүйелерді дәстүрлік және модернизациялық (жаңартушылық) деп жіктеу де кең тараған. Саясаттанушы Ж. Блонделдің саяси жүйе типологиясын бес категорияға бөлуі кеңінен тарап отыр. Либералдық демократиялық жүйе, саяси қарарларды қабылдауда либерализмге (ымырашылдық, бостандық) сүйенеді. Радикалдық авторитарлық немесе коммунистік жүйелерде либерализмнен гөрі әлеуметтік игілікті бөлудегі теңдікті артық көреді. Дәстүрлік жүйе, олигархия мен консерватизмнің әлеуметтік теңсіздіктің үстемдігін қорғаумен ерекшеленеді. Соғыстан кейінгі дамып келе жатқан елдердегі қалыптасқан популистік (әйгілілік, даңқтылық, мәлімділік) жүйе авторитарлық құралдардың көмегімен игілікті бөлуде үлкен теңдікке жетуге тырысады. Авторитарлық консервативтік жүйеде, теңдік пен саясатқа қатынасуды кеңейтуге қарсы тұратын, қалыптасқан теңсіздікті сақтауға бағытталған белсенді саясатты жүргізеді. Г. Алмондтың ұсынған типологиясында түрліше саяси мәдениетке сүйене отырып саяси жүйені төрт түрге бөледі: ағылшын - американдық, континенттік - европалық индустрияға дейінгі және бірен сарандаған индустриялық, тоталитарлық саяси жүйелер. Тұрақтылыққа немесе ауыспалылыққа бағыталуына байланысты саяси жүйелерді орын алып отырған тәртіпті сақтау мен қолдаушы консервативтік (кертартпалық) және қоғамдық өзгерістерді жүргізуші трансформаторлық (өзгертушілік, ауыстырушылық) деп бөлінеді. Үнемі өзгерістегі құрылымы бар және ортамен кең көлемде өзара байланысты ашық және қатал белгіленген құрылымы бар және ортамен минимум (аса аз көлемде) байланысты жабық саяси жүйелер деп бөлінеді. Сондай-ақ аяқталған және аяқталмаған саяси жүйелерді бөліп қарауға болады. Соңғысы дамып келе жатқан елдерге айрықша тән, бұл елдерде мемлекет бар, бірақ партиялар жоқ, саяси реттеудің құралы ретінде хұқықтар бар, бірақ саяси дәстүрлер жоқ. Биліктің шоғырлануына немесе бөлінуіне байланысты орталықтандырылған және орталықтандырылмаған (бытыраңқы) саяси жүйелер деп топтастырылады. Саяси жүйелер өздерінің қызмет, іс-әрекетін жасауының деңгейіне, ауқымына қарай микроскоптық, аймақтық, макроскоптық (бүтін бір елде), глобалдық — халықаралық, планетарлық дәрежедегі деп бөлінеді. Типологияның көп түрлілігі саяси дүниенің көп қырлылығын, оны әр түрлі белгілері тұрғысынан талдауға, топтастыруға мүмкін болатындығын дәлелдейді. Бұл тұрғыдан осы немесе басқа елдегі өмір сүріп тұрған әр бір нақтылы саяси жүйені — түрлі көрсеткіштердің көмегімен сипаттауға және түрліше анықтамалар мен бағалар беруге мүмкін болады. Жоғарыдағы белгілер мен типологияларды пайдалану, белгілі бір елдегі нақтылы саяси жүйені талдаудың шеңберін (көлемін) кеңейтіп, зерттейтін құбылыстардың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді. Әдебиеттер: 1.Андреев А.А. Политические системы и политическая организация общества // Социально – политические науки. 1992 №1. 2.Краснов Б.И. Политическая система // Социально – политический журнал.1995 №5. 3.Авторитаризм и демократия // МЭМО. 1992.№1. 4.Агаев С.Л. Гитлеризм, сталинизм, тоталитаризм: реальности и понятия // Полис. 1995. №3 5.Анохин М.Г. Политические системы: Адаптация, динамика, устойчивость. М., 1996. 6. Истон Д. Категории системного анализа политики. Т- 2. Под ред. Алексеевой Т. А. 7. Парсонс Т. Система современных обществ. 1997. 8. Даль Р. О демократии. М.,2000. 9. Токвиль А. Демократия в Америке. М., 1992. Лекция №6. Саяси тәртіп 1. Саяси тәртіптерді жіктеу негіздері. 2.Тоталитаризм. Авторитаризм. Демократия Мақсаты:Саяси тәртіптерді жіктеу ерекшеліктерін анықтау, түрлерін салыстыру Міндеттері: Тақырып бойынша ақпараттарды толық меңгеру Саяси тәртіп деп саяси билік, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтады. Қазіргі саяси тәртіптерді демократиялық және демократияға қарсы (антидемократиялық) деп үлкен екі топқа бөледі. Демократиялық тәртіпке халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік-саяси құқрылысы жатады. Мұндай тәртіпте азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік берледі, әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін көздеуші саяси партиялар, ұйымдар, мекемелер кедергісіз жұмыс істейді. Саясат мәселелері ашық талқынады, биліктің шектен тыс шоғырлануына жол берілмейтіндей тетік жасалады, азаматтарға қолайлы құқытар мен еркіндіктер, олардың саяси көңілін білдіру түрлері айқындалады, жалпыға бірдей сайлау құқығы орнатылады. Сонымен қатар демократиялық тәртіп мынадай белгілермен сипатталады. 1. Адал, шынайы сайыс арқылы, жүйелі түрде өткізілетін сайлау. Ол амал-айласыз, қулық-сұмдықсыз жүргізілсе және оны шынайы өткізудің жолы табылғанда ғана адал болады. Егер мемлекеттік билік бір партияның қолында болса да сайлау адалдыққа жатпайды. Шынайы сайыс арқылы дегенде өзінің кандидатурасын еркін ұсынуға мүмкіндігі бар әр түрлі топтар мен жеке тұлғалар болуын айтады. 2. Үкіметтің сайлау арқылы дүниеге келуі. Демократияны қамтамасыз ету үшін сайлаудың жүйелі түрде жүргузілуі жеткіліксіз. 3. Демократия жеке тұлғалар мен аз ғана адамдардың да құқығын қорғайды. Әдетте, демократияға азшылықтың көпшілікке бағынуын айтады. Демократиялық тәртіп президенттік және парламенттік болып екіге бөлінеді. Антидемократиялық тәртіп толталитардық және авторитарлық болып бөлінеді. Тоталитарлық (латынның бүтіндей, тұтас, жалпы деген сөзінен) тәртіп деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылымды айтады. Онда өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі және т.б. – бәрі тегіс бақылаудың астында болады. Ащаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына, демократиялық ұйымдардың жұмыстарына тыйым салынады, жазалау, қуғын-сүргін күшейеді, террорлық позициялық бақылау орнайды. Тоталитарлық тәртіпте жалғыз көпшілік партия қалыптасады. Биліктің сол жүргізеді. Ол партия оған кірген мүшелердің өз еркімен және демократиялық жолмен ұйымдаспайды. Ондай қоғамда идеологияның ролі үстемдік етеді. Ол барлық бұқара ақпарат құралдарын пайдаланады. Солардың күшімен жұртшылыұты өз теориясының «шындығына» сендіруге тырысады. Идеологияны көсем анықтайды. Ол өз әрекеттерін биік бір арман, мұратқа жету мақсатымен бүркемелейді. Авторитарлық тәртіп деп күштеуге, жеке адамның билігіне негізделген мемлекеттік-саяси құрылысты айтады. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламен жойылмайды, дегенмен, ол кеңесші органға тоталитарлықпен салыстырғанда авторитарлық тәртіпте, бірыңғай идеология, көпшілік партия болмайды. Экономика қатал бақылауға алынбайды, кұштеу әдістері де азырақ қолданылады. Әдетте, ол партия процеске белсенді араласатын әскер күшіне сүйенеді. Азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың саяси құқықтары мен бостандықтары шектеледі, оппозицияға тыйым салынады. Сайланбалы мемлекет органдары азаяды. Тоталитарық және авторитарлық саяси тәртіппен демократиялық тәртіпке көші әр елде әр түрлі өтеді. екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германия, Италия, Жапонида буржуазиялық демократиялық тәртіп АҚШ-тың әскери күшінің көмегінің арқасында орнады. Қазіргі Шығыс Еуропа елдері мен бұрыңғы Кеңес Одағы республикаларының демократиялық тәртіпке өту басырында Батыстың талабына сәйкес дамуы шарт. Сол елдердің қатарына біздің Қазақстан да қосылады. Демократия деген сез гректің "демос"— халық және "кратос"~- билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді. Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1) мемлекеттің тұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген қез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сөйкес көзқарастар.   Әдебиеттер: 1.ЖамбыловД."Саясаттану негіздері"-А.:1998ж. 56-65 бет. 2.Кенжебаев С. " Саясаттану негіздері"-А.:1999ж.72-88 бет. 3.Крімбеков О.К. " Саясаттану негіздері" -А.: 1994ж. 39-50 бет. №7 лекция.  Мемлекет және азаматтық қоғам 1. Мемлекет ұғымы, оның мәні. 2. Мемлекеттің белгілері мен қызметтері. 3. Мемлекеттің типтері және функциялары. мақсаты:Мемлекеттің пайда болуы туралы тұжырымдамаларды қарастыру, пайда болуының алғышарттарын, белгілерін, тұрпаттары мен түрлеріне және басқару формаларын айқындау. міндеттері: Студентті оқу материалын өзінше іздеп табуға, оны түсініп пайдалануға, онымен жұмыс істеуге үйрету. 1.Мемлекет саяси жүйенің негізгі институты. Мемлекеттің пайда болуы (шығуы), ролі мен маңызы жөніндегі көзқарастар, тұжырымдар мен теориялық зерттеулер көне заманнан басталып, қазіргі уақытта дамытылып отыр. Ежелден мемлекеттің қоғамдағы орны мен ролі жөнінде негізінен біріне – бірі қарама-қайшы, этатикалық және антиэтатикалық деп бөлінетін екі бағыттың болғаны белгілі. Этатикалық көзқарас мемлекеттің жағымдылығын, оның қоғамдық пайдалылығын мойындаумен ерекшеленеді, ал антиэтатикалық бағыт мемлекетті мойындамайды, оны әлеуметтік және құқықтылық жауыздық, жамандық ретінде қарады. Мемлекеттің мазмұны мен мәнін анықтауға сипаттауға саяси ғылымда әр түрлі тұрғыдан қарау орын алып отыр. Мемлекетке нормалық тұрғыдан келу, оны мінез-құлықтық, әлеуметтк және саяи қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы ретінде түсіндіреді (Г. Келхен). Мемлекетке институционалдық тұрғыдан қарау (француз саясаттанушылары Ж. Бюрдо, М. Дювержье т.б.), оны биліктің іске асырылуы (нақтылы көрінісі) ретінде, күрделі әлеуметтік – саяси табиғаты бар және орталықтандырылған, иерархиялық құрылымдық формада өмір сүретін биліктің институты ретінде түсіндіреді. Мемлекетті әлеуметтік тұрғыда түсіндірушілікте кең тараған. Аристотель мемлекетті әлеуметтік – жіктелген қоғам ретінде түсіндіреді. Ол өзінің барынша орынды талабы бар, орта тапқа сүйенетін идеалдық мемлекет тұжырымын жасады. Сонымен бірге Аристотель мемлекеттің даму, бір формасынан екіншісіне өту заңдылықтарын сипаттады, мемлекеттік төңкерістердің түрліше типтеріне талдау жасады. Мемлекетке әлеуметтік тұрғыдан келу марксизмге де тән. Маркс мемлекеттің, қоғамның басқа сфераларымен әлеуметтік-таптық құрылымымен, экономикалық процестермен ара қатынасының болуын көрсетті. Осындай түсіндірудің күшті жағы тарихи тұрғыдан қарау (историзм), мемлекеттің тарихи контексте қойылуы, оның дамуының бірін-бірі алмастырушы тарихи формалардың тізбегі ретінде қарау. Мемлекеттің табиғаты, ролімен маңызын зерттеумен қатар оның пайда болуы (шығуы) туралы көптеген пікірлер мен тұжырымдар бар. Діни тұжырым бойынша мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен байланыстырады. Патриархалдық теорияның (негізін қалаушы ХVІІІ ғасырдағы ағылшын ойшылы Роберт Фильмер) болжамы бойынша мемлекет рулардың тайпаға, үлкен жалпылықтарға, одан да ірі тұтастыққа – мемлекетке дейінгі механикалық түрде бірігу процесінде пайда болды деп қарайды. Мемлекет патриархалдық биліктің кеңейтілген формасы деу осыдан шықты. Бұл теория мемлекетті семьядағы әкелік биліктің жалғасы, қамқоршысы ретінде қарайды. Қоғамдық келісім теориясы бойынша мемлекеттің пайда болуын әмірлер, басқарушылар мен олардың қол астындағылардың арасындағы шарттар мен келісімдердің нәтижесі деп қарайды. Бағындыру теориясы мемлекеттің шығуын нашар ұйымдасқандарды және әлсіз топтарды жақсы ұйымдасқандар мен аса күшті топтардың жаулап алуымен түсіндіреді. Яғни мемлекеттік құрылым жеңушілердің жеңілушілерге үстемдік етуінің формасы. Психологиялық теория бойынша мемлекет өзінің түбірін адам даналығынан туындаған идеядан деп түсіндіреді (Ж. Бюрдо.) Мемлекет шығуының әлуметтік – экономикалық тұжырымының ерекше сипаты бар. Мысалы Платон мемлекеттің шығу көзін еңбектің бөлінуімен, қоғамды басқару қызметінің бөлектенуімен түсіндіреді. Бұл идеяның ең дамыған түрін марксизмде кездестіреміз. Ал қазіргі қоғамдық ғылымдарда мемлекеттің пайда болуы туралы белгілі бір тұжырымдар қалыптасып отыр. Мемлекеттің пайда болуының алғы себептерін сипаттайтын факторлар орын алып отыр, оларың ішінде экономикалық, демографиялық, психологиялық, сондай-ақ сыртқы факторлар көрсетілген. 2. Қазіргі түсінік бойынша мемлекет күрделі, көп қызметтілікті, іштей жіктелген біртұтастық. Басқа саяси формалардан ол өзінің құрылымығымен, тіршілік әрекетін реттейтін белгілі бір қолда бар ережелерімен айрықшаланады. Мемлекеттің маңызын сипаттайтын басты белгілерін бөліп қарау тиіс. Оған кіретіндері: - егеменділік немесе тиісті территория тек қана мемлекет ие бола алатын жоғары үкімет - шекарасы белгіленген мемлекеттің территориясы      - ашық түрде күш пайдалануға, күштеп мәжбүр ету әскер, полиция, қауапсіздік қызметін, сот және прокуратураны пайдалануға монополиялығы - барлық халыққа міндетті заңдар мен ережелер шығыру ерекше құқығы барлығы ;  Мемлекеттің орындайтын қызметтері туралы сөз еткенде төмендегілерді бөліп қарауға болады: - Саяси басқару; - Шаруашылықты ұйымдастыру; - Сырт қауіптен қорғау; - Мәдени - идеологиялық; - Ұлттық интеграция; - Құқық тәртібін қамтамасыз ету; - Тәлім-тәрбие және басқалар. 3.Қазіргі заманда әр мемлекет басқалардан әр түрлі айрықша ерекшелік - өзгешеліктерімен көзге түседі. Жалпы алғанда оларды екі түрге - монархия мен республикаға бөлуге болады. Бөлудің басым белгісі болып басқару түрі есептеледі. Бұл критеримен жіктегенде мемлекеттер түрін: біртұтас, федеративті және конфедеративті деп айырып қарауға болады. Мемлекеттердің басқа түрлерге бөлетін белгілері де болады: таптық, идеологиялық саяси құрылысына байланысты және тағы басқалар қолданылатын тәсіліне байланысты әдебиетте құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, социалистік, демократиялық, тоталитарлық, автократиялық және с.с кездестіруге болады.  Әдебиеттер. 1.Жамбылов Д." Саясаттану негіздері" .Алматы .1998ж. 2.Кенжебаев С. " Саясаттану негіздері" .Алматы. 1999ж.   №8 лекция. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар. 1. Саяси партия ұғымы. 2. Саяси партиялардың функциялары мен жіктелуі. 3. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар            1.Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. "Партия" деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады. Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIX ғ. екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі және жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларды құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ тарихы бар. Мысалы, немістің кернекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезендерді атап керсетті: 1) аристократиялық үйірмелер; 2) саяси клубтар; 3) көпшілік партиялар. 2.Поляктың белгілі саясаттанушысы А. Бодиардың көрсеткеніндей, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтерді атқарады: а) қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау, тұжырымдау және негіздеу; ә) олардың белсенділігін арттырып, жинақтау; б) саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау; в) саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін, элементгерін, құрылымдарын қалыптастыруға қатысу және т. б.; г) мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының бағдарламасын жасау; д) мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу; е) қоғамдық пікірді қалыптастыру; ж) жалпы қоғамды, оның белгілі бір бөлігін саяси тәрбиелеу; и)мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық ұйымдардың аппараты үшін кадрлар даярлау мен ұсыну және т. т., Сонымен қатар партиялар сайлау науқанын дайындау мен өткізу, өз мүшелерінің санын көбейту, орталық және жергілікті ұйымдардың материалдық ахуалын күшейту, өз еліндегі және шетелдердің мақсаттары жақын партияларымен байланысты нығайтумен үнемі айналысады. Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті — азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байла­нысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді. Партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға неме­се билік жургізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір иде­ология негізінде құралган адамдардың ерікті одағын айтады. Пар­тиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік ма­ңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзіне асыруға белсене қатынасады.Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері бар. Мысалы, институциондық тәсіл партиялар­ды топтастырғанда ұйымдастыру ерекшелігін басшылыққа алады либералдық дәстүр идеологиялық байланыстардың сипатына басты назар аударады, марксистер болса таптық белгілеріне айрықша мән береді. Бұл мәселені терең зерттеген саясаттанушылардың бірі фран­цуз ғалымы М. Дюверже XX ғасырдың 50 жылдарында сайлау­шылар мен белсенділер санына байланысты партияларды кадрлық және бұқаралық деп екіге бөледі.60 жылдардың Ла Паломбараның көрсеткен екі партиясынан басқа әмбебап партиялар деген үшінші түрін бөліп шығарды. Олардың ерекшелігі — партияның мүше санын емес, сайлаушылар санын кебейтуге тырысуда. Онда әлеуметтіқ, этникалық, діни және т. б. өзгешеліктеріне мән берілмейді. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды төрт түрге топтастырады: 1.Авангардтық партиялар. 2.Сайлаушылар партиясы. 3.Парламенттік партия. 4.Қауымдастық партиясы. Саяси идеологиясына қарай партияларды 5 түрге жүйелеп жүр. Коммунистік партиялар мен солшыл радикалдық бағыттағы партиялар. Олар К. Маркстің ілімін басшылыққа алады. Социал-демократиялық партиялар. Буржуазиялық-демократиялық партиялар. Консервативтік партиялар. Фашистік партиялар. Партияларды басты идеологиялық бағытына қарай революциялық, реформистік, консервативтік, реакциялық деп те бөліп жүр. Қандай саяси тәртіпті қолдауына байланысты партиялар демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық болып жіктеледі. Саяси өмірдегі алатын орны, билікті жүзеге асыруға қатысына қарай саяси партиялар билеуші және оппозициялық болып бөлінеді. Жұмыс істеу жағдайына, заңның рұқсат етуіне байланысты партияларды ресми, жартылай ресми, құпия деп жіктейді. Партиялар жиылып, партиялық жүйені құрады. Сондықтан оларды жіктеудің де мәні зор. Партияльіқ жүйелер деп мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкіндігі бар, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяси партиялар жиынтғын айтады. Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар көппартиялық, екіпартиялық және бірпартиялық болып топтастырылады. 3.Саяси қозғалысдеп үкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың айырмасы ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады. Қоғамдық ұйымдарга халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады. Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдар­дың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қазіргі заманда ондай ұйымдар мен қозғалыстар өте көп. Ол қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандығын білдіреді. Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халық­аралық, жалпы мемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін. Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді. Оған: партиялар, кәсіп-одақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчестволық) одақтар, әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту, спорттық, қорғаныс және т.б.) жатады. Қоғамдық ұйымдар арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді. Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді: 1. Қоғамдық-саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады. 2. Экономикалық мүддесіне карай құрылған ұйымдар. 3. Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы). 4. Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми-техникалық, оқу-ағарту, денеаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық,қорғаныс, діни, т.б.). Әдебиеттер. 1. Әбілдинов А. Саяси партиялардың конституциялық құқы.// Ақиқат, 1994,№ 12 2. Жамбылов Д. Саясаттану. Алматы,1996. 3. Кенжебаев М. Саясаттану негіздері ( Оқу құралы. Алматы, 1995. 4. Қуандықов Ж. Бүгінгі Қазақстандағы саяси партиялар жөнінде.(( Ақиқат, 1996,№ 3. 5. Құттыбаева Р. " Азат" партиясы туралы не білеміз( (( Ақиқат, 1993,№ 10. 6. Маданов Х. Саясаттану негіздері. (( Қазақстан мектебі, 1992,№ 4 . 7. Саясаттануға кіріспе. Алматы, 1994 8. Саяси партиялар туралы ( Қазақстан Республикасының Заңы).   1. №9 лекция. Тұлға – саясаттың субъектісі мен объектісі. 2. Жеке адамның құқығы мен бостандықтары Саясаттың субъектісіне әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер, саяси партиялар, қозғалыстар жатады. Қазір саясаттың алғашқы, бірінші субъектісі мен объектісі – адамға тоқталайық. Тұлға деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз жүріс-тұрысына жауап беретін, еңбек етіп, қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адамды айтады. Субъект деп белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады. Объект деп субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті неге бағытталса, соны айтады. Басқа сөзбен айтқанда, объект – зерттелетін зат. Сонда саясаттанудың объектісіне саясат, саясат әлемі жатады. Саясаттың субъектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайын ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері мен тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және т.б. қоғамның нақты, тарии жағдайымен айқындалады. Демократиялық жолмен дамыған елде саясат адам үшін және адам арқылы жасалыд. Себебі, әлеуметтік топтар, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар қаншалықты маңызды орын алғанымен солардың бәрі адамдардан, олардың іс-әрекетінен тұрады. Олай болса, саясаттың бас субъектісі адам дейтініміз содан. Адамдардың саяси жұмысқа итермелейтін негізгі себеп – мұқтаждық пен мұдде. Мұқтаждық өмірде керек, бірақ қолда жоқ зәрулік жатады. Ол табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи зәрулікке тамақ ішу, киім кию, баспана және т.с.с. мұқтаждықтар жатады. Әлеуметтік мұқтаждық қоғамда пайда болады. Оған еңбек ету, басқа адамдармен қатынаста болу, қоғамдық өмірге араласу және т.б. қажеттіліктер кіреді. Мұқтаждықты адам сезініп, оны өтеуге тырысса, ол – мүддеге айналады. Қандай адам болмасын белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа, мемлекетке жатады. Осының өзі де өмір жағдайы мен жүріс-тұрысына, саясатқа араласуына әсер етпей қоймады. Таптың, топтың және т.б. өкілі ретінде жеке адам саясатқа жанама түрде тартылады. Сонымен қатар ол басқаларға қарап еліктеп, белгілі алмал, әрекет жасайды, оны өзінше дәлелдейді. Сөйтіп, ол саясатқа тікелей қатысады, саясаттың субъектісіне айналады. Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуының жан-жақты маңзы бар. Мұндай қатынас арқылы адамның барлық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасалады. Азаматтық қоғам мен саяси институттардың арасында тығыз байланыс орнайды. Қоғам мүшелері мемлекет істерін басқару арқылы өз мүдделерін қанағаттандыруға, мемлекет құрылымдарының қызметіне бақылау жасауға, олардың бюрократияланып, шектен шықпауына әсер етеді. Жеке адамдардың саяси белсенділігі мен ететін ықпалы әр түрлі. Саясатқа қатысу шамасына қарай оларды мынадай түрлерге бөлуге болады: а) саясатқа айтарлықтай әсер етпейтін, оған селқос қарап, белсенділік білдірмейтін қоғамның қатардағы қарапайым мүлесі; ә) қоғамдық ұйымға, қозғалысқа кіретін, бірақ саяси жұмысқа тура араласпайтын (шешімдер қабылдамайтын) азамат; б) саяси ұйымдардың (партияның және т.б.) мүшесі болып есептелетін, саяси өмірге саналы, түрде, өз еркімен тікелей араласатын адам; в) қоғамдық, әсіресе саяси қайраткер; г) саяси қызметтің арқасында күн көріп, табыс тауып, оны өмірінің мақсатына айналдарған кәсіби, абырой, бедел, ең «соңғы саты» болып саналатын саяси басщы, көсем. Жеке адамның саяси белсенділікке қатысу мүмкіндігі молайып, биіктеген сайын, оның қоғамдағы орны да жоғары болады. Адамның әлеуметтік және саяси мәртебесі оның саяси субъектілігінің негізгі өлшемі болып саналатын азаматтық-құқықтық заңда айқындалады.   Саяси ғылымда негізгі орын аатын және мәні өте зор мәселелердің бірі – жеке адамның құқығы мен бостандықтары. Жеке адамның құқығы деп кісіге белгілі игілік алуды қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастарын айтады. Жеке адамның бостандығына кісіге өз белгенінше істеуге мүмкіндік беретін, мемлекет пен адамдардың арақатынасының принциптері жатады. Қазіргі саяси ғылымда адам құқығына байланысты әр түрлі көзқарастар бар. Оларға табиғи-тарихи, заңдық-позитивтік және марксистік түсініктер жатады. Табиғи-тарихи бағытты жақтаушылардың ойынша, адамның табиғи құқықтарының пайда болуы мемлекетке не заңға байланысты емес. Бұл құқықтарға адам дүниеге келгеннен-ақ, жаратылысынан ие болып туады, олар адамға туғанына тән. Мемлекет бұл құқықтарды сыйлап, қамтамасыз етуі немесе оларды бұзуы, басып-жаншуы мүмкін, бірақ оларды ешқашан еш адамнан тартып ала алмайды. Олар адамның табиғи, ажырамас құқығы болып табылады және әділеттікліктің табиғи, жалпыға бірдей және өзгермейтін заңдары деп есептеледі. Заңдылық-позитивтік бағытты қолдаушылар, керісінше азаматтардың құқығының пайда болар, шығар жері, көзі мемлекетте деп санайды. Жеке адамның құқығына тек қана мемлекет кепіл келтіріп, шарт бола алады. Олардың ойынша, құқық пен заңның арасында айтарлықтай айырма жоқ. Жеке адамның құқығы құқықтың басқа жүйелерінен бөлек ерекшеленбейді және ол мемлекеттік құқықтың үстінен қарап, жоғары тұра алмайды. Азаматтардың құқықтарының өзі мемлекеттің мақсат-мүддесіне және мүмкіншілігіне сәйкес өзгеріп отырады. Марксизм де адам құқығын мемлекеттік құқыққа бағындырып, тәуелді етеді. Бірақ қаңдық-позитивтік бағытпен салыстырғанда, ол құқықтың әлеуметтік-экономикалық, әсересе таптық мәні бар деп сипаттайды. Ол құқықты үстеп таптың заңға айналдырған еркі, қалауы деп үйретеді. Қазіргі кезде әлемдік саяси ғылымда адам құқығына табиғи-тарихи тұрғыдан қарап, соған орай түсіну басым. Жалпы алғанда, «адам құқығы» деген ұғымының өзі кең және тар мағынада қолданылады. оның кең мағынасына жеке адамның құқығы мен бостандықтарынаң өте бай барлық түрде жиынтығы кіреді. Тар мағынасында мемлекет тарапнан берілмеген, ол тек конституциялық-құқықтық түрде жеке мемлекеттік шеңберде бекітілген құқықты білдереді. Оған ең алдымен өмірге келген қандай адам боламасын өмір сүруге құқығы барлығы жатады. Одан басқа адам құқығына кіретін жайлар мыналар: барлық адамдардың заң алдындағы теңдігі; тәннің дербес құқығы (тәнге зәбір келтіруге болмайды); адамзаттық ар-намысты сыйлау, оны қорламау; негізсіз, заңсыз тұтқындамау немесе ұстамау; дінге сену және ұждан бостандығы; ата-аналардың балаларын тәрбиелеуі; қанаушыларға қарсылық көрсету құқықғы және т.с.с. Әдебиеттер . 1.Жамбылов Д." Саясаттану егіздері " Алматы 2000ж. 2.Керімбеков О. " Саяаттану негіздері" Алматы 1994ж. 3.Нысанбаев Е. " Саясаттану" Алматы 1997ж. 4.Смагулов Е.М. " Основы политологии" Астана 2001ж.  5.Қапесов К. "Саясаттану негіздері" Алматы 1995ж.

Лекция №10. Саяси жетекшілік.

1.Саяси элита ұғымы, қалыптасуы.

2.Саяси көшбасшылық ұғымы, түрлері.

мақсаты:Саяси биліктің негізгі әлуеметтік субьектілерін, саяси лидерлік, саяси элита, саяси жетекшілік, түрлерін және олардың жіктелуін, Ф.Ницше, М.Вебер саяси жетекшілік туралы типологиясын, Қазақстандағы саяси элита, ұлттық элита мәселелерін талқылау.

міндеттері:Тақырып бойынша ақпараттарды толық меңгеру

1."Элита" термині француздың еlіtіе деген сөзінен шыққан, сұрыпталған, тандалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. XVIII ғ. бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX ғ. бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді. Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші тандаулыларға және олардың дегенін істейтін бағаныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б. 551— 479) адамдарды асыл азаматтарға (билеуші элитаға) және төменгі (қарапайым) адамдарға бөлді. Платон билеуші-философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде XX ғ. басында Ита­лия ғалымдары Г. Моска, В. Парето, неміс ғалымы Р. Михельс жөне т.б. қалыптастырды. Қоғамда саяси элитаны тудыратын факторлар бар. Оларға мыналар жатады: 1) қоғамға арнайы білімі, тәжірибесі, қабілеті бар көсіби басқарушылар қерек; 2) адамдардың психологиялық және әлеуметтік теңсіздігі 3) қоғамда басқарушы еңбек жоға­ры бағаланады және ынталандырылады; 4) бұқара халықтың саяси енжарлығы, селқостығы. Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді, өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдына қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бақылау жасайды. Сонымен, саяси элитадеп қазына-байлықты, қаржы-қаражатты бөлуге байланысты және т.б. саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады.

Қазіргі саясаттану ғылымында білімнің элитология деген арнайы саласы бар. Ол элиталардың қалыптасу жағдайын, оның қоғамдағы рөлін, әлеуметтік-саяси процестерге ықпал ету әдіс-тәсілдерін және т.б. зерттейді.

Саяси элиталарды қалыптастырудың, жоғары лауазымды қызметке іріктеп алудың 2 түрі бар: антрепренерлік және гиль­дия жүйесі.

2.Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер), серкелердің орны ерекше. Оған ха­лықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Саяси, жетекшілікті ғалымдар жіктегенде мынандай принциптерді негізге алып жүр:

1) тарихи принцип, 2)ықпал ету көлеміне карай жалпыұлттық,аймақтық, қалалық, аудандық саяси жетекші болып бөлінеді; 3)таптық принцип. Бұған жұмысшылар, шаруалар, буржуазияның, әлеуметтік топтың жетекшілері жатады;4)қазіргі әлеуметтік құрылысқа қатынасы жағынан оны Жақтайтын, оған қарсы шығатындар болып бөлінеді; 5)қабілеттілігі жағынан өзінің жеке басының қасиеттері, дарындылығының арқасында немесе жағдайға қарай көтерілген жетекші дейді; 6)бастамашы, рух беруші жетекші немесе басталған істі орындаушы ретінде де топтастырады.

Саяси топ бастаушыларды топтастыруға алғаш қадам жасаған немістің әлеуметтанушысы М. Вебер. Ол саяси серкелерді "бедел" ұғымына негіздеп былай жіктеді: 1) билік әкеден балаға мирас ретінде қалатын әдет-ғұрып жетекшілігі; 2) ерекше қадір қасиеті, қабілетіне (ақылдылығына, батырлығына т. т.) байланысты билік басына келген харизматикалық топ бастар; 3) конституция негізінде сайлау арқыльі басшылық орынға келген саяси серкелер.

Қазіргі кезде саяси жетекшілерді жіктеудің кең тараған түрін американдық профессор Дж. Херманн ұсынды.

Қызметті атқару тәсіліне қарай авторитарлык және демократиялық жетекші деп бөлінеді. Авторитарлықжетекші өз жұмысында күш қолдануға сүйеніп, жалғыз өзі басқарғысы келеді. Демократиялықжетекші болса, алдағы мақсатты белгілегенде жөне оны іске асырғанда қасындағы адамдарды қатынастырып, олармен ақылдаса отырып шешеді.

Түріне қарай "формальды", "формальсыз" деп бөліп жүр. Формальдыжетекші белгіленген ережелер арқылы басшылық орынға тағайындалады. Формальсызжетекшіні қатысушылар өздері тандайды. Ондай серкелер, әдетте, кішкентай топтарға тән келеді. Ал ұйымдасқан үлкен топтарда, әлбетте, формаль­ды басшылар болады.  Қазақстан қазіргі элитасына қімдер жатады десек, оған Пре­зидент аппаратының құрамы (Президент, оның өкімшілігінің бастығы, орынбасарлары, бөлім басшылары, көмекшілері, кеңесшілері), Парламент, министрліктер басшылары мен орын­басарлары, дипломатиялық элита кіреді.

Әдебиеттер.

1.Қалиев Н. Кайрос қайрағы.Егемен Қазақстан. 26-наурыз 2003ж.№70.

2.Кенжетай Д."Шын зиялылар". Қазақ әдебиеті.12.11.99ж.

"Қазақтың саяси элитасы және шала қазақтар".№46

3.Битюкова Г.,Тұхмарова Ш."Саяси элита және оның қоғамдағы рөлі". Ақиқат. 1998.№8

4.Мектеп-тегі Амандос."Қазақтың көсемдері". Қазақ әдебиеті №12. 19-наурыз 1999ж.

Лекция №11. Саяси идеология.

1. Саяси сана және саяси идеология.

2. Идеологияның қызметтері

3. Қазіргі заманғы ғылымдағы идеологияның негізгі ағымдары.

4. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы идеологиялық хал-ахуал.

 

1. Саяси сан және саяси идеология.

  Саяси сана деп - саяси іс - әрекеттерді түсініп сезінетін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығын айтады. Осы сөз қылып отырған саяси санадан саяси идеология туындайды. Себебі сана адам баласының күнделікті ой-сезіміне құйылып отырған үгіт насихат немесе идеологиялық ағымдар жиынтығын құрайды.

  Сана адам баласында қоғамның саяси жүйесінің пайда болуымен бірге дүниеге келді. Сананың бірнеше түрлері бар. Атап айтсақ қарапайым сана, теориялық сана, саяси психология, саяси сана. Осы аталған саналар ішіндегі қоғамдағы саясат саласындағы ең маңыздысы - саяси сана болып табылады. Саяси сананың негізгі мәселесі - мемлекеттік билік, оның қызметі. Мұнда топтардың, таптардың, партиялардың экономикалық мүдделері мен мақсаттары, өкімет билігі үшін күресі қарастырылады. Осыған байланысты саяси сана мынандай қызметтер атқарады:       1. Саяси шындықты бейнелеу. 2. Адамдардың мақсат мүдделерін білдіру үшін оның саясат әлеміндегі іс- әрекеттеріне бағдар беру. 3. Саяси психология да қарапайым саяси сана сияқты саяси өмірдің тәжі -

 рибесінен туады. Қандай саяси идея болса да адамдардың белгілі бір сезімін

 тудырып, көңіл - күйіне әсер етеді. Адамдардың ұжымдарында, әлеуметтік

 топтар, таптарды жеке адамдарда туындайтын көңіл - күйдің, сезімнің, мінездің жиынтығын саяси психология дейміз.егенмен,аяси іс - әрекетті жүзеге асыруда халықтың саяси психологиясын ескерген дұрыс. Қоғамда өмір сүріп жатқан адамдардың көңіл - күйін зерттеп, болжаған дұрыс. Себебі, бұл саладан қателіктер қоғамда дау - дамай, шиеленістер, ұлттар арасында қырғи қабақ, егес тудыруы мүмкін.

    Саяси сананың құрамдас бөлігі-саяси идеология. "Идеология" деген ұғым гректің "идея" - бейне және "логос" - білім деген сөздерінен шық қан. Идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс - әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады. 

Жалпы алғанда идеология ұғымы гректің идея - түсінік, ұғым, бейне және логос - ілім, ғылым деген сөзінен шыққан. Идеология философиялық сөздікте қоғамдық идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы ретінде анықталады.

Бұл терминді ғылыми лексикаға алғаш енгізген ХVІІІ ғасырдағы француз ғалымы А. Дестюд де Траси болды.

Идеология - саяси, мемлекеттік, ұлттық, құқықтық, этникалық, діни, эстетикалық, философиялық болып келеді. Сонымен бірге қандай идеология болсын, саясатпен тығыз байланыста болады.

Саяси идеологияға белгілі бір адамдар табылып қоғам құбылысы және дамуы ондағы қатынастарды орнықтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немесе оған ықпал ету арқылы өз мақсат мүдделерін білдіреді немесе қорғайды.

2. Идеологияның атқаратын негізгі қызметтері.

Қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Ол мынадай қызметтерден білінеді:

1. Идеологияның танымдық ролі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп түсіндіреді.

2. Бағдарламалық ықзметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс тұлға және билік тағы сол сияқты негізгі түсініктер туралы.

3. Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары құнды идеологияларын алға тартып, мақсат мүдделерін айқындап, қоғамды әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жұмылдырады, рухтандырады.

4. Бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.

Саясаттанудың қандай субъектісіне болсын идеология қажет. Ол адамдарды рухани біріктіріп, топтастырудың басшылықтың құралы.

           Идеология - саясат пен қоғамды жалғастырушысубъективті фактор. Идеология саясатты насихаттау, түсіндіру арқылы халық санасына жеткізеді. Көп жағдайда қоғамдық, саяси - әлеуметтік қатынастардың дамуы заңдылықтары жағдайы мен келешегі туралы азаматтардың дүниетанымын идеология қалыптастырады.

3. Қазіргі заманғы ғылымдағы идеологияның негізгі ағымдары.

           Қазіргі заманда саяси идеологияның мынадай түрлері бар: 1. Либералдық 2. Консервативтік 3. Коммунистік 4. Социал-демократиялық 5. Фашистік

           Идеология әр түрлі болады. Ол туралы жоғарыда айтып өттік. Яғни, саяси идеология, құқықтық идеология, діни идеология, этикалық идеология, эстетикалық идеология, мемлекеттік идеология, және оларға қосымша Қазақстанда таралып көзге көрінбей, бірақ салдары сезіліп жүрген келімсектік идеология, күнделікті тұрмыстық идеология, ұлттық идеология.

           Қазақстандағы жағдайға байланысты оның мынандай түрлерін көрсетеді.

Ең алдымен мемлекеттік идеология. Бұл идеология мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатын жүргізуде ерекше роль атқаратын құрал болып табылады. Тәуелсіздікті алғалы бері біздің мемлекеттік идеологиямыз - тәуелсіздікті нығайту, ұлттық бірлікті дамыту, көрші елдермен қарым-қатынасты жақсарту, әлеуметтік және экономикалық жағдайымызды көтеру, сырттан инвестиция тарту деген мәселелер болды. Қазіргі кезде идеология ауқымы 2030 стратегиялық бағдарлама көлемінде жүргізіліп жатыр.

Келесі ұлттық идеология. Ұлттық идеология дегеніміз - сол ұлтқа ғана тән, яғни ата-бабаларынан қалған қасиетті мұраларды, дәстүрлерді негізге алып, үгіт-насихат жүргізу. Ұлттық идеология - мемлекеттік идеологиямен қабаттас, қатарлас, мираттас жүретін идеология. Біздің ұлттық идеологияның негізгі мақсаты - сол аталарымыздан қалған бүгінгі қазақ үлгі боларлық және мақтанышы болуға лайық рухани байлықтарымыз бен мұраттарымызды негізге ала отырып, ұлттық идеологиямызды бүгінгі заман талабына сай қалыптастыруға атсалысу. Талай ғасырлардан бері ұмтылмай, ұрпақтан ұрпаққа мұра боп келе жатқан ұлттық құндыл қтарға жанашыр болу, оны көзінің қарашығындай сақтау, оны келер ұрпаққа аман-есен жеткізу. Сондай-ақ ұлттық мәдениет пен әдебиетке, ұлттық салт-дәстүрге, ұлттық әдет-ғұрыптарға, тарихи-рухани мұраларға үлкен құрметпен қарап, оларға дер кезінде нәр беріп, қуаттандырып отыру. Бірақ, бұл әсте де жеке бір ұлттық мүддесін қорғап, басқалардың мұратын жоққа шығару емес. Керісінше, арам пиғылсыз, таза ниетті, таза адамгершілікке құрылған интернационализмнің бірінше жанашыры, ең жақын досы. Егер бейнелі түрде интернационализмді ұлттық аспаптар оркестірі десек, оның бас дерижері - ұлттық идеология. Ұлттар мәдениеттің ықпалдастығын, бірін-бірі толықтырып гүлдендіруін, дамытуын ол жоққа шығармайды. Бірақ, ұлттар мәдениетінің бірін-бірі жұтып қоюына, бір ұлт мәдениетін екінші ұлт мәдениетінен артық қоюға ол түбегейлі қарсы. Ол ғасырлар бойы бүкіл адамзаттың игілігіне жарап келе жатқан, барлық ақыл-ой құндылықтарын құрметтейді.

Әдебиеттер тізімі.              

1. Жамбылов "Саясаттану". Алматы, 2002 ж.

2. Дидахмет Әшімханұлы "Санадағы шырмауық". Тағы да идеология туралы (Түркістан 2003 ж. 15 мамыр).

3. Т. Омаров "Саяси сана және қоғам". Саясат. 2003 жыл. №2.   

4. Ұлттық идеология" Асқар Селеубаев. Жамбыл-Тараз №6. 2004 ж.

5. Д. Жамбылов "Саясаттану негіздері", Алматы, 2000 жыл. Оқу құралы.

6. Т.С. Садықов "Тарих тағылымы", Алматы, 1992 жыл. Оқу құралы.

7. Д. Кішібеков "Мемелекеттік идеология, оның қалыптасуы" Ақиқат, 1996 жыл, №6.

8. Н.Ә. Назарбаев "Тәуелсіз мемлекетке төл идея керек пе" Ақиқат, 1993 жыл, №8.

9. Сейілбек Мұсатаев "Ұлттық идеология, мәні мен мазмұны" Ақиқат, 2000 жыл, №11.

10. Кенжебаев "Саясаттану негіздері" Оқу құралы. Алматы. 1995 жыл.

 

Лекция 12. Саяси мәдениет.

1. Саяси мәдениет ұғымы, қызметтері.

2. Саяси мәдениеттің типологиясы

мақсаты:саяси мәдениеттің туындауын, қалыптасуын, және оны қалыптастыратын қоғамдық күштерді, субмәдениет мәселесін талқылау және мәнін ашу.

міндеттері:Тақырып бойынша ақпараттарды толық меңгеру

Қазіргі кезде батыс әдебиетінде саяси мәдениеттің мазмұнын ашуға бағытталған отыздан астам анықтамалар бар. Бұның өзі саясаттың да, мәдениеттің де қызметінің көптігінен болуға мүмкін. Саяси мәдениет саясаттану ілімінде өте күрделі және әлі жеке тексерілмеген тақырыптың бірі болып табылады. Саяси мәдениеттің отыздан астам анықтамасы бар болса да жеке саяси мәдениет ұғымының жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ.            «Саяси мәдениет» деген ұғымды бірінші рет пайдаланып, ғылыми әдебиетке енгізген XVIII э. өмір сүрген немістің ағартушысы фәлсафашы Иоганн Гердер болды. Бұл ұғым саясаттануға XX ғасырдың 50-60 жылдары енді. Американың зерттеушілері Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай «саяси мәдениет» деген атпен саясатқа да, мәдениетке де қатысы бар еңбектер жазды.

«Саяси мәдениет» ұғымының жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Сондағы бірнеше анықтамаларға тоқталып көрейік.

Поляк саясаттанушысы Е. Вятрдің анықтамасы бойынша «саяси мәдениет»-өкімет пен азаматтар арасындағы өзара қарым-қатынастарға, байланысты мақсаттар, құндылықтар мен жүріс-тұрыс беталысы актілерінің жиынтығы. Сондықтан саяси мәдениетке жататындар мыналар дейді:а) Саясат жайлы білімі, фактілермен таныстығы, оларға қызығушылығы болуы;б) билікті іске асыруға қатысты саяси құбылыстарды, құндылықтардың талдануын бағалай білу;в) саяси мақсаттың сезімге әсер ететін жағы-мысалы, отанды сүю,оның жауларына өшпенділік; г) әртүрлі жағдайда қандай әрекет жасауды анықтайтын сол қоғамда әбден танылған саяси мінез-құлықтың үлгілері. Саяси мәдениетке берілген түсініктемелердің басым көбінде-оған халықтың рухани мәдениетінің бір бөлігі, қоғамдық-саяси институттар мен саяси процестерге байланысты элементтер кіретіндігі мойындалады. Сондықтан әр елдің саяси мәдениетін дұрыс түсіну үшін оны жалпыұлттық мәдениеттің кең және тығыз бөлігі ретінде қарауымыз керек. Саяси мәдениетті құрастыратын басты элементтер-жалпыұлттық мәдениетке, тарихи-ұлттық, діни-дәстүрлікке, әдет-ғұрыпқа, рухани мақсаттарға т.б. тығыз байланысты. Саяси мәдениетті құрайтын элементтердің сапалы бөліктері ретінде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан саяси дәстүрлер, сол кезеңде пайда болған саяси ереже-тәжірибелер, ойлар, тұжырымдар, әртүрлі қоғамдық-саяси институттардың қарым-қатынастарын сенімді түрде қарауға болады. Оның құрылымына тағы да өмір сүріп тұрған саяси құрылыс, оның институттары, жеке адам мен қоғамның, мемлекеттің араларындағы жалпы өзара көзқарастар туралы түсініктер кіреді. Сонымен, саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады. Саяси мәдениет дегеніміз қоғамның саяси өміріне лайықты типті саяси сана мен саяси мінез құлықтың жиынтығы болып табылады. Саяси мәдениеттің негізгі қызметтері: 1.Танымдық қызметі 2.Реттеушілік қызметі 3. Тәрбиелік қызметі 4.Біріктірушілік қызметі 5. Қорғау қызметі. Саяси мәдениеттің құрылымдық элементіне саяси құндылықтар жатады. Адамдардың қоғам, мемлекет, еңбек ұжыдарының істеріне, саяси процесстеге қатынасуға деген қалыптасқан талаптарын, іштегі қабылдаулары мен сенімдерім саяси құндылықтар ретінде қарауға болады. Саяси құндылықтарға қоғамдық жүйеге бағытталған негізгі нанымдар, мақсаттар, бағдарлар, символдар жатады. Саяси мәдениет белгілі бір дәреженің шеңберінде қоғам мүшелері сол тұстағы басқару түрлерін заң деп танитын, өздерінің саяси қабілетін сезінетін, жүргізіліп отырған саясаттан келісетіндігін білдіреді. Саяси мәдениетте саяси дәстүрлер мен әдет – ғұрыптың да манызы зор. Саяси дәстүрлер мен мінез – құлқындағы үлгілерді берудің әдісі болып саналады. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйенің және оның институтаралық қызмет етеуі кіреді. Ол мемлекеттің партиялардың т. б. сайлауды қалай ұйымдастырып, саяси шешімдердің, саяси - әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиді. Саяси мәдениеттің негізгі құрылымы осындай. Енді оны қалыптастыратын қоғамдық қүштерге тоқталайық. Саяси мәдениетті қалыптастурда ең бірінші мемлекет қатысады. Ол бұл міндетін заң шығару, атқару және сот органрдары арқылы атқарады. Саяси мәдениетті қалыптастыруға қоғамдық ұйымдар, әсіресе партиялар қатысады. Саяси мәдениетті қалыптастыруға діни ұйымдар да кіреді. Саяси мәдениетті қалыптастыруда елеулі роль атқаратын көпшілік ақпарат құралдары: баспасөз, радио, теледидар. Саяси мәдениет пен саяси сана тығыз байланысты өйткені адамдардың саналық деңгейі жоғары болған сайын олардың қоғамдық ой-пікірлеріде еркін, әрі батыл болмақ. Азаматтарының белсенділігіне қарап қоғам өмірінің демократиялық деңгейін анықтауға болады. Мемлекеттің негізгі мақсаты-ұлттық қауіпсіздікті сақтау дейміз ұлттық қауіпсіздікті сақтау-қорғаныс күштерін нығайту ғана емес, ал азаматтарынның бірлігін сақтау, рухы берік, өз ұлттының барлық асыл қазынасы мен асыл қасиеттерін бойына сіңіре білген, өз елінің дәстүрімен азаматтарды тәрбиелеп қалыптастыру оның бірден-бір сенімді жолы-жас ұрпақты мәдениет арқылы тәрбилеу. Саяси мәдениеттің бірлігі қоғамның тұрақтылығын нығайтады, көптеген саяси процестерді дұрыс болжауға ықпалын тигізеді. Халықтың саяси мәдениеті жоғары болуы үшін мемлекет ел ішіндегі және басқа елдердегі болып жатқан өзгерістер, жаңалықтар жан-жақты хабардар етіп отырғаны орынды.

Әдебиеттер:                          

1.Жамбылов Д. "Саясаттану негіздері"-А.:2000ж.

2. Кенжебаев С. "Саясаттану негіздері"-А.:1999ж.

3.Керімбеков О. "Саясаттану негіздері"-А.:1994ж.

4. Шалабаев Ж. "Саяси сана және саяси мәдениет"-А.:Ақиқат, 1998ж.№2

 

№13 лекция. Саяси процесс және сайлау

1. Саяси процесс ұғымы, мәні.

2. Саяси процестің жіктелуі.

3.Саяси процеске қатысу түрлері.

4. Сайлау технологиясы

Сабақ мақсаты:Саяси биліктің негізгі әлуеметтік субьектілерін, саяси лидерлік, саяси элита, саяси жетекшілік, түрлерін және олардың жіктелуін, Ф.Ницше, М.Вебер саяси жетекшілік туралы типологиясын, Қазақстандағы саяси элита, ұлттық элита мәселелерін талқылау.

міндеттері:Топта жұмыс жасау дағдыларын дамыту

Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасын­да түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді.

Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала — өте күрделі құбылыс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады. Соған орай күн сайын көптеген өзгерістер болып, бір саяси нұсқаулар дүниеге келіп, екіншілері өз күшін сақтап, үшіншілері өшіп дегендей, өзгеріп жататыны белгілі. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейді. Бұл процесс саяси деп аталғандықтан ондағы өзгерістер ең алдымен билікке, оны бөлу және қайта бөлуге, азаматтарды шешім қабылдауға, басқарушылардың қызметін бақылауға және т. с. с. жұмылдыруға, халықтың саяси белсенділігін арттыруға байланысты бо­лады. Сондықтан саяси процестің басты мәселесі, азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп, жинақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда.

Жалпыұжымдық мақсат-мұратты анықтауға, қалыптастыруға ресми органдар, билік институттары, кәсіподақтар, бейресми ұйымдар, ақпарат құралдары және т. б. қатысады. Бірақ мұнда басты рөлді жоғарғы мемлекеттік билік институттары атқарады. Себебі, саяси шешімдерді қабылдап, іске асыратын негізгі тетік солар. Биліктің шоғырлану дәрежесі, саяси дамудың мақсат-мұратын айқындауға қатысатын топтардың арасындағы өкілеттілікті бөлу мәселелері олардың іс-әрекетіне байланысты. Саяси субъектілердің өзара қатынастары, саяси өзгерістердің екпіні, т. т. да солардың іс-қимылдарымен айқындалады.

Ұсақ саяси қарарлар күн сайын шығып жатады десе де болады. Ал көпшілік жұртты қамтитын ірі саяси шешімдер, құжаттар (Конституция қабылдау, сайлау, референдум өткізу сияқты) қоғам өмірінде сирек кездеседі. Оларды дайындауға, өткізуге көптеген адамдар тартылып, үлкен оқиғаға, саяси белеске айналады. Сондыктан саяси процесс белес-белес, циклмен дамиды десе де болады. Ондай мәселелерді көбіне билік институттары іске асырады. Демократиялық елдерде саяси процесс әдетте сайлау цикліне байланысты қалыптасады. Бұрынғы Кеңес өкіметінде СОКП-ның съездері бүкіл саяси жұмысқа ырғақ беріп, цикл содан басталатын.

Саяси процесті ұйымдастыру түпкі ой, ниет, идеядан басталады. Кейін оны атқарушы субъект (үкімет, саяси серке т. т.) процестің теориясын немесе тұғырнамасын жасайды. Мұнда ең алдымен мақсат танылады. Мақсат түпкілікті мұрат ретінде және жақын арада нақтылы нәтиже берерлік, жетістікке жеткізерлік болуы мүмкін. Осыған орай саяси процесті орындау, жүзеге асырудың құралдары, тәсілдері қарастырылады. Қанша уақыттың көлемінде іске асыруға болады, қанша адам, кімдер қатынасады т. т. ойластырылады. Орындаушылардың алға қойған талаптарына жауап бере алуымен қатар, олардың жеткілікті қаржылары болуы керек. Саяси процестің әрбір кезеңі бақайшағына дейін мұкият тексерілгенінде ғана табысты болады.

Саяси процесс — күрделі құбылыс. Ол күнделікті өзгерістерден бастап, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды.

Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады.

Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау.Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыстыруы немесе оған дейінгі саяси-құқықтық құрылымдарды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін. Егер көпшілік жұрт жаңа жүйені мойындап, қолдаса, оның легитимді болғанын білдіреді. Мұндайда саяси жүйе өзін-өзі қалпына келтіретін жағдайға жетеді.Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы.Бұл да күрделі құбылыс. Жеңіске жеткен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан,жаңартып, өзгертеді, жетілдіреді. Жаңа саяси қатынастар мен институттар құралады, саяси ережелер мен қазыналар, нышандар пайда болады. Өздеріне тән саяси түсініктері, көзқарастары, іс-қимылдары бар саяси қатынастардың жаңа субъектісі дүниеге келеді.

Саяси-басқарушылық шешімдерді кабылдау және жүзеге асыру.Қоғамдағы әр түрлі адамдардың, топтардың, таптардың,бірлестіктердің кажеттіктері, мақсаттары сан килы, бірталай жағдайда қарама-қарсы келіп жатады. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық карсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп, халықтың талап-тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жасауы керек.

       Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау.Оған са­яси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың,элиталардың жұмысында алға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты, жаңсақ басушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді. Ол екі жолмен жүргізіледі.

Сонымен, саяси процессдеп әлеуметтік қауымдастықтың, саяси ұйымдар мен топтардың, белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін бірігіп жасаған іс-әрекетінің нәтижесінде қоғамның сая­си өмірінің бір қалыптан, жағдайдан екінші жағдайға келіп ауысуын, өзгерісін, қозғалысын айтады.

2. Саяси процесс жіктеліп, топталады. Саяси еркіндікті іске асыру объектісіне қарай ол ішкі және сыртқы саяси процесс болып бөлінеді.

Атқаратын қызметінің жариялылығы бойынша ашық және жасырын саяси процесс деп топтастырылады. Билік органдары қоғамдық пікірді зерттеп, саралап, олардың талап-тілектерін ескеріп, соған орай саяси бағытына түзетулер енгізеді.

Жасырын туріне тоталитарлық тәртіпті атауға болады. Онда бүкіл билік орталықтың қолында, жергілікті жердің ой-арманымен санаспайды, стратегиялық мәні бар саяси шешімдерді қабылдаудан шеттетіледі. Адамдардың барлық өмірі қатаң бақылаудың астына түсіп, еркіндіктері мен бостандықтары шектеледі. Саяси процеске қатысқысы келмесе де кейінгі зардабынан қорқып, күш, зорлықтың арқасында қатысуға, орта­лықтың ығына жүруге мәжбүр болады.

Әлеуметтік және саяси құрылымның өзара байланыс түріне, билік субъектілерінің қызмет ықпалдылығы және өзара қатынастарының тиянақтылығына байланысты саяси процесті тұрақты және тұрақсыз етіп бөледі. Тұрақты жағдайда билік институттары өтімді, сенімді жұмыс істейді, азаматтар да саяси іске белсенді қатынасады. Саяси шешімдер дәстүрлі демократиялық жолмен қабылданып жатады. Әлеуметтік түсінбеушілік, кикілжіндерді азаматтық ұйымдар өздері реттейді.

Тұрақсыз жағдай әдетте қоғам өмірі күйзеліске ұшырап, тығырыққа тірелген шағында пайда болады. Оған халықаралық қатынастардағы шиеленістер, соғыстағы жеңіліс, өндірістің ұзак уақыт құлдырауы, көпшілік халықтың әл-ауқатының нашарлап, төмендеуі және т. с. с. әлеуметтік кикілжіндер себеп бола­ды

3.Адамдар саяси процеске екі түрлі қатысады. Біріншісінде, саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін өкілдік органдар арқылы, екіншісінде, азаматтардың тікелей қатысуы арқылы саяси билікке әсер етеді.

Өкілдік органдар арқылы қатысқанда өз араларынан заң қабылдайтын және күнделікті мемлекетті басқару қызметін атқаратын адамдарды сайлайды. Олар белгілі бір мөлшерде сайлаушылар алдында жауап береді.

Тікелей қатысу өз кезегінде екіге бөлінеді. Біріншісі — институционалданып реттелген демократия. Онда азаматтар сайлау, референдум, плебисциттерге қатысу арқылы өз көзқарастарын білдіреді.

Қазіргі демократиялық қоғамда азаматтардың көбінің саяси белсенділігін білдіретін түрі — сайлауга қатынасу, Сайлау жүйелі, заң белгілеген уақытта өткізіледі. Президент, жоғары заң шығарушы органдардың мүшелері әдетте 4—6 жылға сайланады. Бұл мерзім үміткерге берген уәделерін орындауға және саяси басқарудың сабақтастығын жалғастыруға, тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті деп саналады, Жергілікті органдар қысқарақ мерзімге сайланады. Себебі, олардың алдында тұрған мәселелер жеңілірек шешіледі және қала немёсе округте жағдай жылдамырақ өзгеріп түрады. Кезекті сайлау күні заң шығарушы орган немесе мемлекет басшысының жарлығымен белгіленеді.

Референдумның бір түріне плебисцит (латынның қарапа-йым халық және шешім деген сөздерінен шыққан) жатады. Ол, әдетте, халықаралық қатынастарда басқа елдің жерін қүшпен қосып алған жағдайда, халықтың пікірін білу үшін өткізіледі.

Саяси процеске қатысудың екінші түріне бұқаралық жиналысқа (митингіге), шеруге, ереуілге қатысу арқылы саяси билікке ықпал жасау жатады. Бұқаралық жиналыс бір мәселені талқылауға арналады. Ол саяси биліктің не саяси серкенің шешімін қолдау не қолдамау болуы мүмкін. Оған кеп адам қатысып, өз көзқарастарын білдіреді. Оның теріс жағы да бар. Мысалы, мұндай жиналыста әр түрлі саяси күштердің мақсаттары кайшы келетіндіктен онда арандату әрекетіне итермелеушілік, ұстамсыздық, бұзақылық элементтері кездесуі мүмкін. Сондықтан оны ұйымдастырушылар жағынан болсын, оған рұқсат беріп, бақылау жасайын билік құрылымдары жағынан болсын, асқан ұқыптылықты, сақтықты, тәртіпті сақтай білуді талап етеді.

Шеру (демонстрация) — белгілі бір идеяны, талапты жақтаушы көпшіліктің салтанатты жүруі, саяси биліқтің әрекетін қол­дау не оған қарсылық білдіруге бағытталады. Білікті ұйымдастырылған шерудің саяси қарсыласқа етер әсері үлкен болады.

Ереуіл — саяси қысым жасау мақсатында жұмысты тоқтату, белгілі бір талаптарды қабылдауға тырысушылық. Оның негізғі себебі көбіне әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты келеді. ТМД елдерінде жалақының бірнеше ай бойы берілмеуі, өмір деңгейінің күрт төмендеуі, жұмыс істейтін жағдайдың нашарлауы және т. б. Ереуіл күрес жүргізушілердің ақырғы амалы болып табылады.

Аты аталғандардан басқа нақтылы жағдайларға байланысты пикет қою, аштық жариялау, азаматтық бағынбаушылық және т. с. с. болуы мүмкін.

Сонымен қатар қайсыбір адамдардың саяси өмірге қатыспауы, шеттелуі де кездеседі. Оған азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасында қарсы байланыстың болмауы, саяси ин­ституттардың жұмысынан түңілуі және соған орай парықсыздық білдіруі, жалпы саяси жүйені қабылдамауы және т. с. с. себеп болуы мүмқін.

Сонымен қоғамдағы азаматтардың саяси белсенділігі елдегі ішкі жағдайға, саяси институттардың ықпалы мен әрекеттілігіне, қоғамдық күштердің ара салмағына, демократиялық дәстүрлер мен ережелердің жетілу деңгейіне және т. б. байланысты. Шын демократиялық қоғамда азаматтардың саяси белсенділігі—оның дамуының, билік құрылымдары мен азаматтық қоғамның арасындағы кері байланысты ұдайы жетілдірудің тетігі болып та­былады.

3.Бүгінде сайлау технологиялары — мұкият талдап жасалынған және дүние жүзіне нақты қолданылатын саяси технологиялардың біртүрі. Іс жүзінде тоқтаусыз жүріп жататын белгілі бір денгейдегі билік органдарына сайлаулар откізу процесі оларға дайындық жасау немесе өткен сайлаулардың нәтижелерін зсрделеп, ой елегінен өткізу сайлау науқандарын ғылыми жағынан қамтамасыз ету және оны өткізу жөніндегі тиісті кызмет түріне деген тұрақты сұраныстар нарығын қалыптастырады.

Сайлаулар арқылы атқарылатын әр түрлі қызметтер мен қызмет орындарының саны тым көп. Сайлау лауазымдық қызметтердің көпшілігін алмастыратын тетік ретінде мемлекеттің бүкіл денгейің - орталықтан жергілікті деңгейге дейін, елдің президентінен немесе үкімет басынан жергілікті басқару басшыларына дейін камтиды .

Бүл жерде мына жағдайды атап айткан жөн: сайлаулар қазіргі демократиялық қоғамдардағы саяси процестің ажырамайтын кұрамдас бөлігі болып табылады. Олар үлкен саясатқа алғаш қадам жасайтын адамға парламенттің депутаты, губернатор немесе елдің президенті болу мүмкіндігіне жол ашады. Сонымен катар сайлау кезінде карапайым азаматтарды белсенді саяси өмірге тартады. Олар өздерінің мәнін, өмірдегі орнын, жоғары мемлекеттік органдардың жеке кұрамына ыкпал ету мүмкіндіктерін сезіне бастайды.

Осы нормалардың жиынтығы сайлау алдындағы күреске бүкіл қатысушылар іс-кимылының белгілі бір мәнін ашады, оларды бірыңғай сайлау тәртібі шеңберінде әрекет етуге ұмтылдырады. Әрбір елде осы елдердің тарихи, мәдени, саяси-әлеуметтік даму ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан сайлау нормаларының өзіндік ерекшеліктері болатынына қарамастан, сайлау жүйелері және олардың түрлері туралы айтуға мүмкіндік беретін кейбір ортақ принииптер бар. Әр сайлау жүйесінің нендей бір сайлау технологпяларын қолдануға катысты өз ерекшеліктері болады.

Сайлау жүйесі – бұл саяси билікті занды түрде қалыптастыруды қамтамасыз ететін ережелердін, әдістер мен проиестердің жиынтығы.

Осыған байланысты сайлау жүйесін кең мәнде де, тар мәнде де түсіну керек екенін айту керек. Сайлау жүйесі кең мәнінде қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Осы қатынастар аркылы мемлекеттің сайлау органдары қалыптасады. Ал тар мәнінде сайлау жүйесі - депутаттык мандаттарды кандидаттар арасында сайлаушылардың дауыс беру нәтижелеріне карай бөлу әдісі. Сайлау жүйелері сан алуан, соған карамастан оларды негізгі үш түрге бөлуге болады. Бүл - пропорциялык жүйе, мажориторлык жүйе, аралас жүйе.

әдебиеттер

1.Жамбылов Д.Ә. Саясаттану. Алматы. 2003.

2.Қапесов Н. Саясаттану. Алматы. 2003.

3.Хан И.Г.Саясаттану. Алматы.2003.

4.Аристотель. Политика. Соч.В 4-х томах. Москва. 1971.

5.Гаджиев К.С. Политическая наука. Москва.1997

№14 лекция. Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынас

1.Дүниежүзілік саясат ұғымы

2.Халықаралық қатыныстар жүйесі

3.Сыртқы саясат мәні мен қызметтері.

4. Қазақстан Ре сспубликасы сыртқы саясат, оның көп бағыттылық сипаты.

Сабақ мақсаты: Халықаралық қатынас қалыптасуы мәні, ондағы негізгі принцптер әсіресе ұлттық мүдде, халықаралық саяси институттар және олардың қызмет ету механизмдері, сыртқы және ішкі саясаттағы бағыттарды талқылап мәнін ашу.

міндеттері:Тақырып бойынша ақпараттарды толық меңгеру

1. Дүниежүзілік саясат деп мемлекеттердің және басқа халықаралық субьектілерінің әлемдік сахнадағы іс әрекетінің жиынтығын айтады. Ол әлемдік қауымдастықтың өміріне қатысты шешімдерді шығару, қабылдау және оларды жүзеге асыруды, мемлекеттердің түбегейлі мүдделеріне сәйкес ұстанымдар мен мақсаттарды қамтиды. Сонымен қатар,олар: сыртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар ұғымдарымен толықтырылады.

2. Халықаралық қатынастар деп - халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлейметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығын айтады. Бұл айырмашылықтар, біріншіден, халықаралық қатынастарға қатысушылардың, олардың іске асырушылардың көбеюіне байланысты. Қазіргі әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр деуге болады, бірақ, халықаралық қатынастарды негізгі рөлді мемлекет атқарады, себебі, ол белгілі бір әлеуметтік топтың немесе саяси ұйымның емес, жалпы қоғамның мүддесін қорғайды. Сондықтан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім шарттар жасау, соғыс ашу т.б. заңды түрде іске асыруға өкілдіктер беріледі.

3. Сыртқы саясатжеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс әрекеті жатады Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер , жеке адамдар арасындағы қоғамдық қатынастар кіреді.

Сыртқы саясаттың қалыптасуына әр түрлі жағдайлар ықпал жасайды. Оның ішінде ең маңыздысы – мемлекеттің орналасқан географиялық ортасы. Оған жер бедері, ауа райы, топырақ, жер қойнауының табиғи байлықтары, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, табиғи қатынас жолдары және т.б. Географиялық орта өндіргіштерді орналастыруға, жалпы қоғам дамуына сан қилы әсер етеді. Айналадағы табиғи ортаның қоғам дамуына әсер ететін зерттейтін географиялық бағыт деген теория пайда болды. Оның негізін салушы француздың белгілі фәлсафа ағартушысы- Ш.Монтескье. Ол халықтардың материалдық және рухани өмірі географиялық ортаның жағдайларына тәуелді деп санады.

Халықаралық саясатты қалыптастыруға идеологияның да қатынасы бар. Қай елде болмасын жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, әділдік пен әділетсіздік, адамдар арасындағы қарым – қатынастар, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтары жөнінде өзіндік түсініктері, ой пікірлері болады. Бұл көзқарасты сыртқы саясатқа да әсерін тигізеді.

3.Республиканың сыртқы саясатына экономикалық байланыстарды нығайтып, дамытуда кіреді. Бүгінде республикамызда бірнеше шетел фирмаларының , банкілерінің , өзге ұйымдардың өкілдері бар. Қазақстан қазіргі әлемнің 80 – нен астам елдеріне өнімдер шығарады.

Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принуциптері:

- мемлекеттік мүддені қорғау;

- елімізде экономикалық реформаларды жалғастыру; демократиялық институттарды күшейту үшін сыртқы жағдайды барынша қамтамасыз ету;

- әлемдегі барлық елдермен тең құқықты және серіктестік қатынастарды дамыту;

- ғаламдық және аймақтық интеграциялық процестерге белсене қатысу ;

- халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты тереңдету;

Қазақстан егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі, оның ажырағысыз бөлігі болып еніп отыр. Ол өзінің сыртқы саясатында барлық ұлттармен, көршілермен тең дәрежелі достық қатынас орнатпақ. Сонымен қатар республикамыздың халықаралық деңгейде мүдделі болып отырған көкейтесті мәселелері – қарусыздану және халықаралық қауіпсіздікті нығайту, аймақтық жанжалдарды реттеу және бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялардың тиімділігін арттыру, адам құқықтары, айналадағы ортаны қорғау.

Әдебиеттер:

1.ЖамбыловД."Саясаттану негіздері"-А.:1998ж. 56-65 бет.

2.Кенжебаев С. " Саясаттану негіздері"-А.:1999ж.72-88 бет.

3.Крімбеков О.К. " Саясаттану негіздері" -А.: 1994ж. 39-50 бет.

4.Көшімов Д. " Демократия негіздеріне кіріспе"-Алматы : 1997ж. 108-146 бет.

5.Қалив Н. " Тәуелсіз Қазақстан саяи жүйесі"-Ақиқат:№12.2001ж. 19-25 бет.

№ 15 лекция.  Егемен Қазақстанның саяси дамуы

1. Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қатнастар жүйесінде егеменді мемлекет ретінде

2. Қазақстаннын, қазіргі сырткы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптері

 мақсаты: Халықаралық қатынас қалыптасуы мәні, ондағы негізгі принцптер әсіресе ұлттық мүдде, халықаралық саяси институттар және олардың қызмет ету механизмдері, сыртқы және ішкі саясаттағы бағыттарды талқылап мәнін ашу.

міндеттері:Мәтінге қосымша белгілер жасап кейбір қорытындылар жасау

    1. ХХғ аяғына қарай жаңа тәуелсіз Қазақстан өзінің жаңа саяси жүйесін қалыптастырды. Мемлекеттік тәуелсіздіктің басты атрибуттарына ие болды. Олар - толық шексіз суверенитет, республиканың территориялық бірлігі, республикалық азаматтығының бар болуы және құқықтық жүйе, өзінің мемлекеттік рәміздер және т.б.        Қазақстанның мемлекеттік егемендікке қарай конституциялық эволюциясын басынан бастап көрсету үшін мына өлшемдерге сүйенуге болады:

- Конституциялық – құқықтық реттеу объектісінің дамуы, яғни Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталғаннан кейін қоғамдық қатынастардың даму барысында индустриалдық кезеңге өтуі, сондықтан егемендік идеясының маңыздылығын түсініп, оны талдап ету қажет.

- Конституциялық құқықтық қатынастардың іс жүзінде пайда болуы.

- Қазақстанның бірынғай территориалдық бүтіндік ретінде конституциялық - құқықтық субъектілігін институцияландыру және ережелер арқылы бекіту.

1991 жылы Кеңес одағының тарқалуымен суверенитетті шектейтін факторлар толық жойылды. Соған байланысты Қазақстанның ТМД-ға кіргеннен кейін суверениет шектейтін факторлармен байланысты емес. Құқықтың мемелекеттегі билік бөліну принципі қазіргі Ата заңда бекітілген.

1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Демократиялық және құқықтық қатынастар жолындағы құқықтық кедергілір толық жойылып еліміздің өркениет жолына түсуіне кең жол ашылды. Қазақстан таза Президенттік республикаға айналды, қос палаталы Парламент құрылды, Үкіметтін ролі артты. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары нығайды.

Еліміздің Ата заңында егеменді мемлекет құру туралы тұжырымдалған негізгі қағидалары мен бағыттары, ерекшеліктері бар. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясында мынандай түйінді мәселелер көтерілген. Атап айтқанда, біріншіден, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде еркіндік, теңдік, бейбіт сүйгіштік мұраттарына берілген азаматтық негізіндегі мемлекет орнатады делінген, екіншіден, біздің ел – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік, біртұтас (унитарлық) мемлекеттер қатарына жатады. Үшіншіден, Ата Заңымыздың негізіне енді, бұрынғыдай мемлекет емес, халық, адам (жеке тұлға) алынып отыр, яғни мемлекеттік биліктің басты қайнар көзі-халық деп көрсетілген (3 бап). Төртіншіден, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі (7 бап). Яғни, Ата заңымызда азамат, қоғам және мемлекет арасындағы қатынастар шын бейнесін тапқан.Қазақстан Республикасының жалпы жер көлемі 3 млн. шаршы км-ге жуық, оның мемлекеггік аумағы (Ресей Федерациясын қоспағанда) бүрынғы 13 одақтық республиканың тұтас алғандағы жер көлемінен әлдеқайда көп. Біздің аумағымыз — бес Францияның немесе он Англияның аумағына сәйкес келеді. Табиғи ресурстардың қоры жағынан да Қазақстан Республикасы алғашқы орында тұр. Ал халықтың орналасу жиілігіне келетін болсақ, I шаршы км-ге орташа 6 адамнан келеді. Бұл басқа мемлекеттерден әлдеқайда төмен, мысалы, Англиямен салыстырғанда 5 есе.

Қазақстан Республикасының аумағында І20 ұлттың өкілі еңбек етіп, елдің болашақ іргетасын қалап жатыр. Жергілікті ұлт өкілі қазақтар — Қазақстан Республикасының 17 млн-нан тұратын халық санының жартысын — 43,2 процентін қүрайды. Ал қалған қазақстандықтарды орыстар (36,4 процент), украин (5,2 процент), неміс (4,1 процент), өзбек (2,2 процент), татар (2 про-цент) және ұйғыр, корей, әзірбайжан үлтының өкілдері (0,6 — 1 процент аралығында) құрайды. Бірақ олар Қазақстан аумағында біркелкі орналаспаған. Бұл, әсіресе, жергіліті ұлт — қазақтарға байланысты: қатты сезіледі. Сондықтан осындай алуан турлі ұлт мүдделерін мемлекет тарапынан үйлестірудің қиындығы, елде ұлттық жөне азаматтық теңдіктің сенімді кепілдіктерін қалыптастыру, сонымен қатар тарихи тұрғыда қалып-тасқан аумақтық тұтастығын сақтау қажеттігі Қазақстан қоғамының мемлекет басшысының жалпы халықтық сайлануы мен өмір кеңістігінің қарапайым құрылысын талап етеді.

Ішкі ұйымдасудың бірлігі мен Қазақстан аумағының саяси бөлшектенбеуін көрсететін қарапайым біртұтастық қана алдағы уақытта (бүгінге дейін кызмет етіп келеді) ұлтаралық қатынастың әлеуметтік түрақтылығы мен үйлесімділігінің, барлық азаматтардың ұлттық беделін қорғаудың экстерриториялығы мен тең қүқығьн қамтамасыз етудің шарты болуы мүмкін. Президент басқарып отырған Қазақстан мемлекетінің унитарлы тұтастығы оның көп ұлтты сипаты мен ұлан-байтақ аумағына елдің алдағы дамуының қайнар көзіне айналдыруға қабілетті.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 2 бабы 3 пунктіне сәйкес халық қолындағы билігін тікелей (тура немесе тікелей демократия арқылы: республикандық референдум және еркін сайлау жолымен) және өзінің сайлаулы өкілдері арқылы (өкілді демократияның институттары: мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы) жүзеге асырады. Сонымен қазіргі Қазақстан Республикасында халықтық егемендіктің әр түрлі ұйымдық нысандары жүзеге асырылады.

2.Қазақстаннын, қазіргі сырткы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптеріне мыналар жатады:

— мемлекеттік мүддені қорғау;

— елімізде экономикалык, реформаларды жалғастыру, демократиялық институттарды күшейту үшін сыртқы жағдайды барынша қамтамасыз ету;

— әлемдегі барлык елдермен теңқұқықты және серіктестік катынастарды дамыту;

— ғаламдық және аймақтык, интеграциялык, процеетерге бел-сене катысу;

— халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты терендету.

Казақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын үлтгық-мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады. Ол дүниежүзілік қауымдастыққа дербес субъект ретінде белсене кірісуде. Мүның жаркын дәлелі — Казақстан Республикасының Біріккен Үлттар Үйымының толық қүқылы мүшесі болуы. Еліміздің Хельсинки келісіміне қосылуы, СШҚ-І Шартына, Лиссабон хаттамасына қол коюы және Ядролык қаруды таратпау туралы шартқа енуі оның халықаралық беделін нығайтып, егемендігін, қауіпсіздігін және шекараларының мызғымастығын баянды етті. Бүған АҚШ-пен "Демократиялық серіктестік туралы хартияға" кол қоюы, НАТО-ның "Бейбітшілік мүддесіндегі серіктестік" бағдарламасына қосылу. АҚШ, Ресей, Үлыбритания, Франция және Қытай сияқты ядролы державалардың Қазақстанға берген кауіпсіздік кепілдіктері жәрдемдесті.

Республиканың негізгі әлемдік валюта қаржы үйымдарына — Халыкаралык, валюта қорына, Бүкіл дүниежүзілік банкіге, Еуропалык, қайта қүру және даму банкісіне енуінің маңызы зор. Сондай-ақ Еуропалык. Одақпен серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Еліміз Азияның он елін біріктіретін Экономикалық ынтымақтастық үйымында белсенді түрде жүмыс істеуде.

Республика тиісті халықаралық институттармен, бірінші кезекте ЮНЕСКО-мен қайырымдылық және мәдени салаларда тығыз байланыс жасап отыр. Оның айғағы — ұлы Абайдың 150 жылдык. мерейтойы көптеген елдерде ЮНЕСКО-ның демеуімен аталып өтуі.

Елімізді қазір дүние жүзінің 120 мемлекеті таныды, олардың 105-імен дипломатиялык қатынастар орнатылды.

Қазак,станның сыртқы саясатының негізінде өзіндік қауіпсіздігін, егемендігі мен территориялык, тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастыкка енуіне, республика ішіндегі реформаларды жүзеге асыруға, оның тиімді және өсіңкі экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлық республика халкының кұкықы мен бостандықтарын қорғауга қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес, парасатты, салмақты дипломатияға сүйене отырып, саяси құралдарды пайдалануды мақсат етіп отыр. Ол халықаралық байланыстарынын негізінде таяу және алыс шетелдердін бәрімен өзара тиімді саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылуда.

Біздің елімізбен дәйекті байланыстарды дамытуға бірталай мемлекеттер ыкылас білдіруде. Оған себеп болатын ең алдымен қыруар қазба байлықтарымыз. Тұтас алғанда жыл сайын Қазақстанда 1,5 млрд. тоннадан астам пайдалы қазбалар игеріледі. Республикамыз астық өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз етіп қнаа қоймай, біраз бөлегін әлемдік нарыққа экспортқа шығаруға мүмкіншілігі бар. ТМД елдерінің қой шаруашылығының 25%-і казақ даласында өсіріледі. Мүның бәрі шетеддерді қызыктырмай қоймайды. Оған қоса республикамыздың демократияландыруға, экономиканы нарықтық жолмен реформалауға алған бағыты да себеп болуда.

Сыртқы саясатпен тікелей байланысты әскери саясат. Бүл саладағы негізгі мақсат— Қазақстан жерінің тұтастығы мен тәуелсіздігін корғай алатын, соған сай жарақталған, шағын да икемді армияны ұстау. Республика стратегиялык, шабуыл қаруын кыскартуды жақтайды, жаппай кырып-жоятын карудың баска түрлеріне тыйым салуға бағытгалған бастамаларды дұрыс деп табады.

Сайып келгенде, Қазакстан егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде калыптасты және әлемдік коғамдастықтың толык құқылы мүшесі, оның ажырағысыз бөлігі болып еніп отыр. Ол өзінің сыртқы саясатында барлық ұлттармен, көршілермен тең дәрежелі, достық қатынас орнатпақ. Сонымен қатар,  республикамыздың халыкаралық деңгейде мүдделі болып отырған,  көкейтесті мәселелері — қарусыздану және халыкаралык қауіпсіздікті нығайту, аймақтық жанжалдарды реттеу және бейбітшілікті колдау жөніндегі операциялардың тиімділігін арттыру, адам құкықтары, айналадағы ортаны қорғау, дамыту және т.б. Республикамыз дәйекті сыртқы саясат жүргізіп, ішкі әл-ахуалымызды жақсартып, болашақта өркениетті, кұқыктык, қоғам орнатуына сеніміміз мол.

Әдебиеттер.       

1. Жамбылов "Саясаттану". Алматы, 2002 ж.

2. Дидахмет Әшімханұлы "Санадағы шырмауық". Тағы да идеология туралы (Түркістан 2003 ж. 15 мамыр).

3. Т. Омаров "Саяси сана және қоғам". Саясат. 2003 жыл. №2.   

4. Д. Жамбылов "Саясаттану негіздері", Алматы, 2000 жыл. Оқу құралы.


Дата добавления: 2018-02-28; просмотров: 3330; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!