Билет.Химиялық элементтердің периодтық заңдылықтарының физикалық мәнін ашыңыз.



 

Менделеевтің периодтық заңы, периодтық заң – атом ядросы зарядтарының артуына байланысты химиялық элементтер қасиеттерінің периодты өзгеретінін тұжырымдайтын табиғаттың негізгі заңы.

Бұл заңды 1869 жылы Д.И. Менделеев ашты.Химиялық білімдер оларды біріктіру мен жүйелеу керек болғанға дейін эмпирикалық түрде жинала берді. Химиялық білімді жүйелі түрге келтіру негіздерін жасаған орыс ғалымы Д. И. Менделеев болды. Оның химиядағы жүйелер негізіне дейін хи-миялық оқулықтары ете үлкен және ішіндегі мөндері әр түрлі бірнеше бөлімдерден түратын. Д. И. Менделеевтің 1868-1871 жж. шыққан және жүйелік ретпен жасалған "Химия негіздері" деген еңбегі бір кітапқа кіріп, сол кездегі химиялық білімді бір-бірімен байланысты түрде баяндады. Ол өз еңбектерінде кез келген дөл білімдер жүйелікте болады деген қағиданы ұстанды. Осындай қағиданы ұстану нәтижесінде ол 1869 ж. химиялық периодты заңды ашып, химиялық элементтердің периодтық жүйесін жасады.Д. И. Менделеевтің бұл жаңалығын химия ғылымындағы төңкеріс деп қарауға болады, өйткені ол жекелеген элементтердің химиялық және физикалық қасиеттерінің арасындағы байланысты анықтап қана қойған жоқ, сонымен бірге барлық химиялық элементтердің арасындағы өзара байланысты тауып анықтады. Периодтық жүйедегі топ-тар мен қатарлар тектес элементтердің "тұқымдас-тықтарын" анықтауға сенімді негіз бодды.Периодтық заңның іс жүзінде алғашқы қолданылуы сол кезде мәндері қате қойылған кейбір элементтердің валенттілік шамасы мен атомдық салмақтарының түзетілуі болды. Бұл атап айтқанда, индиге, цериге, жерде сирек кездесетін басқа элементтер: ториге, уранға қатысты.Менделеевтің өз кестесін қүруының негізгі принципі - элементтерді олардың атомдық салмақтарының өсуіне қарай орналастыру болды. Элементтердің валенттілігі мен химиялық қасиеттерін негізге ала отырып, Менделеев элементтерді 8 топқа орналастырды, олардың әрқайсысында қасиеттері ұқсас элементтер орын алды.Элементердің физикалық және химиялық қасиеттерінің периодтық езгеруінің себебі қандай? Бұл күрделі сұраққа ғылым: ол атомның электрон қабықтарының құрылысының периодтігінде жатыр, - деп жауап береді.Бірінші кестеде көрсетілгендей, валентті электрондар атомдардағы энергияның сәйкес деңгейлерінің S-деңгейшелерінде орналасқан. Бұдан соң кіші периодтарда электрондар мен s- және р- деңгейшелер толтырылады, ал үлкен периодтарда жөне де d-деңгей-шелер толтырылады. VI жөне VII периодтарда соны-мен қатар f - деңгейлерін толтыру байқалады.Периодтың басында атомның сыртқы электрон қабығындағы электрон сандары аз, олар бір-бірінен салыстырмалы үлкен қашықтықта орналасқан - бос орын жеткілікті, сондықтан бұл жағдайдағы негізгі әрекеттестік бір тектес зарядталған электрондардың электростатикалық тебісуі емес, атом ядросының электрондарды таратуы болып табылады. Яғни, элементтің реттік нөмірі үлкейгенде ядро зарядының шамасы мен электрон қабықтың кері зарядының жалпы шамасы үлкейеді - ендеше ядро мен электрондардың арасындағы Кулондық тартылыс күші де өседі - электронды қабықты атомның ортасына қарай "тарту" жүзеге асып, бұл атомның радиусы кішірейеді.

 


Дата добавления: 2015-12-16; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!