Билет.Эволюция мәселесінің көзқарас.Философиялық талдау.



"Эволюция" деген сөз латынша "evolutio" — "тарихи даму, өзгеру, өрлеу" деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде эволюция терминін көптеген ғылым салаларында геология, география, астрономия, т.б. кеңінен қолданады. Эволюция ұғымы — уақыттың өтуіне байланысты дамудың бастапқы қалпынан бірте-бірте күрделене түсуі деген ойды білдіреді.

Бұл терминді биологияға алғаш рет 1677 жылы М.Хейл енгізеді, ал Швейцария жаратылыс зерттеушісі (натуралисі) Ш.Бонне (1720 — 1793жж.) оны ғылымға кеңінен пайдаланды. Эволюциялық ілім тіршіліктің пайда болғанынан бастап қазіргі кезге дейінгі және келешектегі тарихи даму бағыттары мен заңдылықтарын зерттейді.

Эволюциялық ілімнің ғылыми негізін салған көрнекті ағылшын ғалымы Чарлз Роберт Дарвин (1809 — 1882 жж.). Қазіргі кездевирустардың 800-дей, саңырауқұлақтардың 100 мыңдай,өсімдіктердің 350 мыңнан астам және жануарлардың 1,5 млн- дай түрі ғылымға белгілі. Ғалымдардың болжауы бойынша жер бетінде тірі организмдердің 4,5 млн-ға жуық түрі таралған. Ал геологиялық замандарда жер бетінде 1 млрд-қа жуық түрлер тіршілік еткен, олардың көпшілігі жойылып кеткен.

Тірі табиғат үшін эволюциялық даму – ажыратылмайтын және ерекше қасиет. Биологияда бұл тұжырымдама әр текті мамандырылған биологиялық білімнің шектеуәі жүргізілетін платформа функциясына ие болды. Нәтижесінде айтарлықтай дербес білім саласы эволюциялық биология қалыптасты.Эволюция биология ғылымында тірі организмдердің өзгеруі мен даму заңдылықтары, дамуға қозғаушы күштері мен себептері туралы ғылым. Эволюция теориясы бойынша барлық тірі организмдердің әр түрлілігі бір – бірімен байланысқан үш фактордың әсерінен туады; тұқым қуалапушылық, өзгергіштік және табиғи сұрыптау.
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы жайлы, жалпы алғанда 4 түрлі концепциялар бар.

а) Креоционизм деп аталатын жаратушы құдайды мойындайтын діни концепция.

ә) Тірі дүние єуел бастан бар мәігі, тұрақты құбылыс деп түсіндіретін концепция.

б) Тіршілік жерден тыс кеңістікте пайда болды деуші панспермия концепциясы.

в)Физикалық және химиялық заңдылықтарға бағынатын процестердің нәтижесінде тарихи пайда болған деп түсіндіруші концепция.

Тірі организмдердің барлығы қазіргі кезде қандай болса, дәл сондай күйінде бір кездерде жаратылған, олар ешқашан өзгермеген және өзгермейді деген тұрпайы түсінік мыңдаған жылдардан бері адам санасында мекендеп келеді. Тірінің бәрін құдай өзгермейтін етіп жаратқан деп түсіндіруші концепция креоционизм деп аталады. ХХ ғасырда тіршіліктің пайда болуының ғылыми моделін жасауға қол жетті.1924 жылы орыс биохимигі А.И.Опариннің ²Происхождение жизни² деген кітабында тұңғыш рет жаратылыстану ғылыми концепция тұжырымдалды.


Дата добавления: 2015-12-16; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!