Билет.Синергетикалық ғылыми революция.Философиялық талдау.



Жалпы ғылыми революция дегеніміз-ғылым дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып, оның ішкі қайшылықтарын шешетін, мазмұнын өзгертетін ерекше құбылыстар.

Ғылыми революцияларға тән жағдай ол: ескі идеялар мен теориялар талқандап, шығарып тастау арқылы танымның теориялық негізін саналы қайта құру.

Ғылыми танымның тарихи дамуы барысында бірнеше ғылыми революциялардың түрлерін бөліп қарастыруға болады.

Жеке – білімнің тек бір аумағын қарастыратын микрореволюция;

Кешендік – білім аумағының бірнеше салаларын қарастыратын революция;

Әлемдік – ғылым негізін тұтасымен өзгертетін жалпы революция.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде әлем құрылысы туралы ғылымда маңызды жаңалықтар ашылып, олар тарихта жаратылыстанудағы жаңа революциялар (төңкерістер) кезеңіне әкелді.

ХХ ғасыр ортасынан бастап адамзат өзінің тарихи дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты: жаратылыстанудағы, математикадағы және табиғат, техника мен қоғам туралы фундаментальдық ғылымдардағы ең жоғарғы инженерлік жетістіктерді қолдану нәтижесінде әлемдік ғылыми – техникалық білімдерде өте тез және терең өзгерістерге әкелген ғылыми – техникалық революция (төңкеріс) кезеңі басталды.

Осы ғасырларда тарихта ойып тұрып орын алған ғылыми революциялар мыналары болды:Ньютон революциясы,жасуша теориясының ашылуы,энергияның сақталу және айналу заңы,Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі,Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық кестесі.

Ал синергетикаға келетін болсақ,жалпы синергетика дегеніміз–әр түрлі салалардағы көпнұсқалы (сызықтық емес) күрделі жүйелердегі өзіндік ұйымдасу заңдылықтарын қарастыратын жаңа пәнаралық ғылыми бағыт.Синергетиканың туына себеп болған қазіргі заманғы барлық жаратылыстану – ғылыми пәндердің біртұтас дүние жұзілік эволюциялық синтузге ұшырап, бірігуі дейді ғалымдар. Бірақ, айта кеткен жөн, материяның өздігінше дамуға қабілетілігі жайлы көзқарас философияға ХІХ ғасырда ене бастады.

Синергетиканы зерттеу 70 жылдары басталып, қазір бірнеше бағытта дамып келеді. Синергетика деп аталатын бұл теорияның жалпы мән - мазмұнын неміс ғалымы Герман Хакен зерттеді. Синергетиканың ұстанған басты дүниеге көзқарастық идеясының мәні мынада:

а) Әлемде ыдырау мен құралу, эволюция мен тоқырау процестері жалпы алғанда тепе – тең жүріп жатады;

ә) Құралу процестері ол жүзеге асатын системаның табмғатынан тәуелсіз, бірдей тәртіппен жүзеге асады. Синергетика өлі табиғаттың да, тірі табиғаттың да өздігінше ұйымдасуының жүзеге асуына көмектесетін бір жалпы механизімді ашып бергендей болды. Бұл жағдайда ол өздігінше ұйымдасу деп тепе-тең емес ашық системаның ұйымдасуының төменгі, қарапайым формада әлдеқайда күрделі жоғары формаға өздігінше өтуін түсінеді. Бұдан кез келген жүйе (система) синергетиканың объектісі бола алмайды, тек ашық жүйелер ғана, яғни сыртқы ортамен зат немесе энергия алмасатын жүйелер ғана оның объектісі болады.

Қорытындылай айтқанда, құбылыстарды синергетикалық тұрғыдан түсінудің жаңалықтарына мыналар жатады:

а) Бейберекеттік табиғатты бүлдіруші, қиратушы ғана емес, сонымен бірге жасаушы даму түрақсыздық (бүлінушілік) арқылы жүзеге асады.

ә) Күрделі жүйлер эволюциясының бір бағыттылығы, классикалық ғылым айтқандай, жалпы ерекше емес, ерекше жағдай, өйткені күрделі жүйелердің көпшілігінің дамуы көп бағытта болып келеді.

б) Даму эволюцияның бірнеше мүмкін бағыттарының ішінен кездейсоқтық даму процесіндегі өкінішті қателік емес, эволюция механизімінің біржағы.

Синергетика дүниенің қазіргі заманғы ғылыми көрінісінің аса маңызды бір негізгі деп саналады. Сондай-ақ синергетика-экологияда, психологияда, социологияда және басқа да салаларда ғылымаралық күрделі зерттеулерде жиі қолданылады.


Дата добавления: 2015-12-16; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!