Симметрия принциптері мен сақталу заңдарының арасындағы сәйкестікті негіздеңіз (Э.Нётер теоремасы).



Әдетте, «симметрия» терминінің астарында не оң-сол симметрия, не орталық симметрия түсінігі жатады.

Физика саласында бұл термин тек заттардың тұрақтылығын емес, сонымен қатар физикалық құбылыстарды түсіндіреді.

Ең қарапайым симметрия-кеңістіктің біртектілігі мен изотроптығы. Ол физикалық құралдың қай түрі болса да, сағат,теледидар, телефон-егер қоршаған физикалық шарттар өзгермесе,кеңістіктің әр нүктесінде бірдей жұмыс істеуге тиіс деп түсіндіреді.

Тағы бір маңызды симметрия- уақыттың біркелкілігі. Барлық физикалық үрдістер, олар қашан басталса да, бірдей жылжып өтеді.

Кеңістікте тасымалдау жөніндегі симметрияның тікелей салдары, сақталу заңының импульсі болып табылады.

Энергияның, импульстің сақталу заңы мен қозғалу мөлшері моментінің сақталу заңы ең жалпылама заңдарға жатады. Бұл заңдар қозғалыстың сақталуы жалпы заңының нақтылы көріністері болып табылады және әртүрлі қозғалыстың мөлшерлік ғайып болмайтындығын білдіреді.Сақталудың жалпы заңдары қатарына зарядтардың (бариондық, электрлік,лептондық) сақталу заңдары де кіреді, солардың ішінде заряд есебінде сипатталатын массаның да сақталу заңы. Бұл заңдар барлық зарядтардың сақталатын шама екендігін ұйғарады (яғни олар микро - объектілердің күшті, электромагниттік, әлсіз, гравитациялық өзара әсерлерге деген қабілеттілігін сақтайды). Сондықтан да оларды «материалдық нысаналардың өзара әсерлерге деген қабілетінің сақталуы туралы жалпылы ұйғарымды нақтыланды ғылыми қағидалар ретінде қарастыруға болады».

Жоғарыда көрсетілген сақталу заңдары өзара әсерлердің барлық типтерінде орындалады,белгілі өзара әсерлердің бірде біреуі оларды бұзбайды, және де егер берілген сақталу заңдарын қанағаттандырмайтын болса, микробөлшектердің ешқандай да айналуларымүмкін бола алмайды.

Элементарлық бөлшектердің өзара әсерін зерделеу әрекеттену облысы шектелген сақталу заңдарының да ашылуына әкеліп соқты; олар жалпылама емес, өзара әсерлердің біреулері оларды бұзады, басқалары бұзбайды. Бөлікті сақталу заңдарына мыналар жатады:изотоптың сақталуы, жұптың сақталуы және т.б. Бей әмбебап бола отырып, бұл сақталу заңдары белгілі бір өзара әсерлерге тиым салады, белгілі бір облыстарда элементарлық бөлшектердің қалай болса солай айналуларына жол бермейді. Бұл сақталу заңдарының бұзылуы да микро - дүниені реттейтін өзара әсерлердің сапалы өзгешеліктеріне мегзейді.

Эмми Нетер теоремасында айтылғандай, әрбір үздіксіз симметрияның физикалық жүйесіне белгілі бір сақталу заңына сәйкес келеді. Осылайша, энергияның сақталу заңы уақыттың біртектілігіне, ал импульстың сақталу заңы кеңістіктің біртектілігіне, импульс моментінің сақталу заңы кеңістіктің изотропиясына, электр зарядының сақталу заңы симметрия принципіне сәйкес келеді.


Дата добавления: 2015-12-16; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!