Билет.Жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуының негізгі тәсілдерін талдау.



“Жаратылыстану” ұғымы екі сөзден құралған – “жаратылыс” (табиғат) және “тану” немесе білу. Қазіргі кезде жаратылыстану термині дәл жаратылыстану ұғымын білдіреді.

Дәл жаратылыстану – бұл толығынан қалыптастырылып дайындалған (көбіне математикалық формулалармен) Ғаламдағы бар немесе бар болуы мүмкін барлық нәрселер туралы нақты білім (ғылым)

Жаратылыстану – бұл табиғат туралы біртұтастық ретіндегі ғылым.

Жаратылыстану – бұл біртұтас ғылымдардың жиынтығы.

Жаратылыстанудың мақсаттары:

Барлық физикалық, химиялық және биологиялық құбылыстардың органикалық бірлігін құрайтын жасырын байланыстарды анықтау.

Осы құбылыстардың өзін тереңірек және нақтырақ танып білу.

Жаратылыстану ғылымы физикаға, химияға, биология

мен психологияға бөлінетіні белгілі. Физиктер тек қана әр түрлі материалдық денелермен ғана емес, жалпы материяны зерттейді. Химия әр түрлі заттармен айналысады. Биологияның зерттейтін заты – тірі организмдер (ағзалар), ал психология – адам психикасының құпияларын танып – білумен шұғылданады.

Қазіргі жаратылыстанудың негізгі сипаттық белгілері.

Жаратылыстық ғылымдарға физика, химия және биологиядан басқа да, мысалы, кешенді сипаттары бар геология мен география да жатады. Негізгі жаратылыстық ғылымдар иерархиясының циклдік тұйықталған сипаты бар. Төмендегі сызбадан физиканың химияға негіз болатыны; ал химияның өз кезегінде биология мен психологияға негіз болатыны көрініп тұр. Психология жоғары орында тұр, бірақ, сонымен қатар, циклдік тұрғыда барлық тізбектің бастапқы ғылымы физикамен тұйықтасады.

 

 
 


Физика Химия Биология Психология

 

Циклділік – бұл Табиғаттың өзіне тән қасиет. Табиғаттағы заттардың айналымы баршаға белгілі. Қазіргі жаратылыстануды Табиғат туралы жаратылыстық ғылымдардың жиынтығы деп қана емес, құрауыштары (жаратылыстық ғылымдар) бір – бірімен соншалықты тығыз байланысқан, бір – бірінен шығатын, нағыз біртұтастықты көрсететін бірыңғай жүйе ретінде түсінуге болады.

Ғылымның басқа қоғамдық сана формаларынан басты бір айырмашылығы сол, онда жаңа білімді қорытып шығарудың әдіс – тәсілдері, яғни ғылыми әдіс-тәсілдер шешуші роль атқарады. ХVІІ ғасырда яғни классикалық жаратылыстанудың туу дәуірінде ағылшын ғалымы Ф.Бэкон мен француз ғалымы Р.Декарт ғылымды дамытудың бір – біріне қарама – қарсы екі методологиялық программасын: эмпирикалық және теориялық әдістерін тұжырымдады. Бұл методологиялық әдістер таным процесінде маңызды тарихи үлкен рөль атқарады.Ғылыми тәсілдің түрлеріне тоқталып өтейік:

Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған: 1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау; 2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту; 3) өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру; 4) тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына байланыстыөзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.

Теориялық әдістерге төмендегілер жатқызылады: 1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру; 2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру; 3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.

Тағы бір қосымша түрі жаратылыстану обьектілеріне қолданылатын бүкілжалпылық әдістер

Анализ – бұл мағлұмат процедурасы ой немесе реалды бөлшектеу; зерттелетін обьектті жеке элементтерге бөліп олардың жүйелі қасиетін және қатынасын табу.

Синтез – бұл операция анализде зерттеліп жатқан элементтерді біртұтас бүтінге біріктіру.

Мысалы: химияда қарапайым заттардан күрделі заттарды алу.

 


Дата добавления: 2015-12-16; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!