Билет.Ғылыми революция және олардың тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.



 

ҒЫЛЫМИ РЕВОЛЮЦИЯ дегеніміз – ғылым дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып, оның ішкі қайшылықтарын шешетін, мазмұнын өзгертетін ерекше құбылыстар.

Ғылыми революцияларға тән жағдай ол: ескі идеялар мен теориялар талқандап, шығарып тастау арқылы танымның теориялық негізін саналы қайта құру.

Ғылыми танымның тарихи дамуы барысында бірнеше ғылыми революциялардың түрлерін бөліп қарастыруға болады.

Жеке – білімнің тек бір аумағын қарастыратын микрореволюция;

Кешендік – білім аумағының бірнеше салаларын қарастыратын революция;

Әлемдік – ғылым негізін тұтасымен өзгертетін жалпы революция.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде әлем құрылысы туралы ғылымда маңызды жаңалықтар ашылып, олар тарихта жаратылыстанудағы жаңа революциялар (төңкерістер) кезеңіне әкелді.

ХХ ғасыр ортасынан бастап адамзат өзінің тарихи дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты: жаратылыстанудағы, математикадағы және табиғат, техника мен қоғам туралы фундаментальдық ғылымдардағы ең жоғарғы инженерлік жетістіктерді қолдану нәтижесінде әлемдік ғылыми – техникалық білімдерде өте тез және терең өзгерістерге әкелген ғылыми – техникалық революция (төңкеріс) кезеңі басталды.

Осы ғасырларда тарихта ойып тұрып орын алған ғылыми революциялар мыналары болды:Ньютон революциясы,жасуша теориясының ашылуы,энергияның сақталу және айналу заңы,Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі,Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық кестесі.

1.НЬЮТОН РЕВОЛЮЦИЯСЫ,ЯҒНИ НЬЮТОННЫҢ ҮШ ЗАҢЫ:

Ньютонның бірінші заңы

“Егер денеге сырттан күш әсер етпесе, онда ол тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстағы күйін сақтайды”. Біздің дәуірімізге дейінгі 4-ғасырдан бастап, жиырма ғасырға созылған уақыт бойы гректің ұлы ойшылыАристотельдің және оның жолын қуушылардың идеясы үстемдік етті. Олардың көзқарасы бойынша дене тұрақты жылдамдықпен қозғалу үшін, оған үнемі басқа дене әрекет ету керек деп есептелінді: дененің табиғи күйі тыныштық деп саналды. Алғаш рет итальян ғалымы Галилео Галилей (1564-1642) ғасырлар бойы қалыптасқан бұл қағидадан бас тартты. Ол өзінің жүргізген тәжірбиелері негізінде Аристотель мен оның жолын қуушылар ілімінің жалған екендігін дәлелдей білді. Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, немесе түзу сызықты және бір қалыпты қозғалысын жалғастырады деген қорытындыға келген болатын. Бұл өздеріне таныс инерция заңы. И.Ньютон инерция заңын механика негізіне енгізді, сондықтан бұл заңды Ньютонның бірінші заңы деп атайды.

Ньютонның екінші заңы

Қарапайым бақылаулар, егер әр түрлі денелерге бірдей күшпен әрекет жасаса, олардың түрліше үдеу алатының көрсетеді. Ньютонның екінші заңы төмендегіше тұжырымдалады: Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорциянал: a=F/m Ньютонның екінші заңының формуласы

F=m*a

Ньютонның үшінші заңы Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады. Басқаша айтқанда, денелердің бір – біріне әрекет етушә күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама қарсы: F1=-F2.

2.ЖАСУША ТЕОРИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫ.

Жасуша теориясы 19 ғасырда ашылған ұлы жаңалықтардың бірі болып саналады.Оның негізгі қағидалары:

жасуша — тірі ағзаның тым ұсақ құрылымдық бірлігі;

жануарлар мен өсімдік ағзаларындағы әртұрлі ұлпалар жасушалары құрылысы жағынан бір-біріне ұқсас. Жасуша ядродан, цитоплазмадан, негізгі органеллалардан құралған;

жасуша тек бөліну арқылы көбейеді;

жасушалар біртұтас ағзаның бір бөлігі.

3.Ч.ДАРВИННІҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ІЛІМІ.

Ч.Дарвин органикалық дүниенің тарихи дамуы эволюцияның 3 факторына байланысты екендігін анықтады, олар: өзгергіштік,тұқым қуалаушылық және табиғи сұрыпталу.

4.ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ПЕРИОДТЫҚ КЕСТЕСІ.

Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) — Элементтердің әртүрлі қасиеттерінің атом ядросы зарядына тәуелділігін белгілейтін химиялық элементтердің жіктелу реті. Жүйе әйгілі орыс химигі Д. И. Менделеевтің 1869 жылы ашқан периодтық заңының графикалық түрде бейнеленуі болып табылады.

Менделеев элементтерді периодтық жүйеге орналастырғанда олардың атом. салмақтарының өсуіне, сонымен қатар олардың хим. қасиеттерінің өзгеруіндегі периодты заңдылыққа сүйенді. Ол кестедегі кейбір элементтерді атомдық салмақтарының өсу бағытына сай емес,химиялық ұқсастығына қарай орналастырды.

 


Дата добавления: 2015-12-16; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!