Ыстырма сөздегі тыныс белгі



Қыстырма болатын сөздер мен сөз тіркестері
Кісінің көңіл күйін, сезімін білдіретін сөздер Айтылған ойға нануды, жорамалдауды білдіретін сөздер Айтылған ой кімнің тарапынан шыққанын білдіретін сөздер Ойдың желісін, ретін білдіретін сөздер Тыңдаушының назарын аудару үшін айтылатын сөздер
амал қанша, бақытымызға қарай, несін айтасың т.б. әрине, әлбетте, рас, сөз жоқ, сірә, мүмкін, шамасы, расында, шынында, бәсе, бәлкім, айтпақшы, шынын айту керек, өзіңіз білесіз т.б. ... айтуынша,... айтқандай, меніңше, сеніңше,...,... ойынша, әлі есімде, ұмытпасам т.б. біріншіден,...,... әуелі, алдымен, демек, сөйтіп, қысқасы, ақырында, әйтеуір, ендеше, керісінше, мысалы, негізінен, сонсын, сосын, бір жағынан,..., бір сөзбен айтқанда, былайша айтқанда, сайып келгенде т.б. айталық, өздеріңізге мәлім, көріп отырсыз, шынында, міне, әне, қане, байқаймын, байқайсыз ба т.б.

 

Бастауыштан кейін қойылатын сызықша
Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен, заттанған өзге сөз таптарынан болғанда Сендер үшін ең қолайлы тау – мына бергі Алмалы. (С.Ш.)
Бастауыш жіктеу, сілтеу есімдіктерінен, баяндауыш ІІІ жақтағы зат есімнен болғанда Бұл – болашақ университет қаласының құрылысы. (С.Ш.)
Бастауыш тұйық етістіктен, баяндауыш ІІІ жақтағы жалғаусыз зат есімнен не керісінше болғанда Соны тәрбиелеп адам қылу – міндет. (М.Ә.)
Бастауыш та, баяндауыш та бір сөздің қайталануынан жасалғанда Ортасында бес үлкен ақ үйлер бар, көп үйлі ауыл – Абайдың екі шешесі Ұлжан мен Айғыздың ауылы. (М.Ә.)
Бастауыш та, баяндауыш та сын есімнен не сан есімнен жасалғанда Олақ – меншіл, Қызғаншақ – күншіл, Сырғақ – сыншыл. Бес жерде бес – жиырма бес.
Бастауыш есімшеден, ал баяндауыш не зат есім, не есімше, не есімдіктен жасалғанда Құнанбайға бұлардың ішінен көз алмай, қырандай қарап отырған – дәл төрдегі Байсал. (М.Ә.)
Бастауыш бірі, біреуі, біріншісі, алдыңғысы, соңғысы, көбі деген сөздерден, баяндауыш атау тұлғадағы зат есімнен не тұйық етістіктен болғанда Жайлауда Құнанбай аулының көбірек орнығып отыратын қонысының бірі – Ботақан ошағы. (М.Ә.)
Бастауыш өзінен кейінгі сөзбен тіркесіп, сөйлемнің басқа мүшесімен шатасып кететін болса Жиырма – беске қалдықсыз бөлінеді.
Бастауыш зат есім не заттанған басқа сөз таптарынан болып, баяндауыш болымсыздықты білдіретін емес сөзі тіркескен есімдердің бірінен болса Жоқтық – ұят емес, байлық – мұрат емес. (Мақал)
Бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы дегеніміз, деген,... сынды сөз тұрса Уақыт деген – көзге көрінбеген терең мазмұн, әлуетті күш, шешегін жармаған гүл, оқылмаған кітап, болуға тиісті оқиға, ашылмаған ғылыми жаңалық. (С.Ш.)
Ол – ол ма, бұрынғы – бұрынғы ма, бұл – бұл ма сияқты қыстырма сөз тіркестерінің араларына Ол – ол ма, әңгіме одан сайын күшейе түсті.

 

Жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті сөз не сөз тіркесін тауып қойыңыздар. Сызықшаның қойылу себебін түсіндіріңіз.

1)...... – қызыл тіл. 2) Жақсы болсаң –..., жаман болсаң –.... 3) Әдептілік ар-ұят –....... Тұрпайы мінез, тағы жат –....... 4)...... – ұлы ұстаз. 5)... – білім бұлағы,... – өнер шырағы. 6)... – сөздің атасы,... – ердің опасы. 7) Сөз анасы –..., су анасы –..., жол анасы –.... 8)... – зор байлық. 9) Денсаулық кепілі –.... 10) Су жүрген жер –..., ел жүрген жер –.... 11)...... – елдің ырысы,...... – жанның тынысы. 12) Жақсының жүрген жері –..., жаманның жүрген жері –.... 13) Бірінші байлық –..., екінші байлық –......, үшінші байлық –....... 14) Дүниедегі ең асыл тіл – араб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһары –....... (М.Көпеев) 15) Әркімге...... – туған шеше, Оған бала міндетті сан мың есе. (С.Мұқанов).

 

Қажетті сөздер: өнер алды, денсаулық, азарсың, өмірдің өзі, мереке, білім, мақал, құлақ, жақсы жер, бұлақ, тұяқ, денсаулық, тазалық, береке, озарсың, жақсы адам, базар, азар, ақ жаулық, надандықтың белгісі, он саулық, оқу, қазақ тілі, уәде, адамдықтың белгісі, туған тілі.

 


Дата добавления: 2015-12-18; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!