Тілдік модельдің базалық білімдер деңгейі
3.Эмоция және ақпарат (зерттеудің базалық білімдер деңгейі). (фр. emotion, лат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.
Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады.
Көңіл — адамның бойын билеп алатын эмоциялық жағдай. Көңілді болу адамның іс-әрекетінің сәтті, нәтижелі болуына байланысты. Адамның эмоциясын, оныңмимикасынан, пантомимикасынан да байқаймыз. Эмоциялық үрдістердің пайда болуы вегетативтік жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Эмоциялар қатарластығы — бірін-бірі итермелеуші эмоциялық кемелденген екі бағдар. Олардың біреуі ұғынымсыздыққа қарай ығыстырылып, индивид мінез-құлқына санадан тыс әсер етеді. Ақпарат (лат. informatio — түсіндіру, мазмүндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Көп адам бұл жайлы Білім дәуірі немесе білім қоғамы тудырған Ақпарат дәуірі туралы айта бастады; ақпараттық қоғам, ақпараттық технологиялар, тіпті информатика, ақпарат ғылымы және компьютер ғылымы назарға көп түсуде, ал “ақпарат” сөзі білдіре бастаған мағыналары ұқыпсыз пайдаланылуда.
Билет 24
1.Қазақ антропонимдерінің этнолингвистикалық табиғаты. Антропонимдер ономастиканың антропонимдерді, яғни, кісі аттарын, фамилияларын лақап аттарын және бүркеншік есімдерді зерттейтін саласы. Кісі есімдерінің жалпы жиынтығын антропонимия десе, оларды зерттейтін ғылым саласы антропонимика деп аталады.Балаларға бүгінгі жарқын өмір, бақытты дәуір талабына сай жарасты да лайықты есім қою халық діттеп отырған мүдделі де маңызды мәселенің бірі болып саналады. Ата-ана дүниеге келген перзентке мағынасы айқын, әдемі де, айшықты сұлу есім беруді қалайды, бірақ олар қай атты таңдауда, одан кейін оны жазуда қиналысқа ұшырап отырады.Бұл өмірлік мәселе. Сондықтан адамдарға есім беру мәселесі барлық уақытта да адамдарды толғантып келді, қазіргі кезде өзекті күйінде қалып отыр. Балаға жарасымды есім беруге ата-ана, олардың туған-туыс, жора-жолдастары ғана емес, жергілікті халық депутаттары кеңестері мен Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері де толық мүдделі. Адам есімі қоғам өмірі мен оны қоршаған ортамен тығыз байланысты.
Ұрпаққа жарасымды есім беру - ежелден келе жатқан, ізі суымаған жалпы халықтың игі дәстүрi. Есімдер де халық тіліндегі сөздер сияқты өмір сүріп, ескіріп әрі жаңарып отырады. Олар да ғасырлар үшін қарт шежіре сияқты ұрпаққа жеткізіп отырады.
Қазіргі қазақ есімдері сан жағынан көп те мол болумен қатар, құрамы мен құрылысы жағынан да әр алуан өзінше бөлек, дәстүрлі қазақ есімдері де көп алуан өзінше бөлек, дәстүрлі қазақ есімдері де көп кездеседі. Ол жөнінде жазылған еңбектер біздің қазақ тіл білімінде де аз емес. Әйткенмен, кісі есімдері жөнінде жазылған еңбектердің ішіндегі халыққа ең қажеттісі де, керегі де кісі аттары жайлы анықтама құрал. 1968 жылы белгілі ономаст ғалым Т. Жанұзақовтың қазақ есімдерінің қысқаша анықтама құралы «Қандай есімді ұнатасыз» деген атпен шығып еді. Бұл анықтама жаңа туған нәрестеге ат таңдауда жақсы және әдемі есімдерді ұсынумен қатар, қазақ есімдерінің жазылуына да біраз түзетулер енгізген. Алайда қазақ антропонимдері құрылысы мен құрамы жағынан, лексика-семантика, этнолингвистикалық тұрғыда жеке-жеке, жан-жақты қаралып бітпей жатқан мәселенің бірі болып саналады. Қазақ антропонимдері мейлінше бай әрі әр алуан, бірақ, тіліміздегі есімдердің басым көпшілігінің кірме сөздерден екендігін бүгінгі күнде тіпті ажырата да алмай жатамыз. Өзге тілдерден еніп, қазіргі тілдік қолданысымызда жүрген антропонимдердің тілімізге келіп, әдбен кірігіп, сіңісіп кетуі соншалық, бұл күнде оларды өзге тілдерден енген есімдер деп айту өте қиын. Қазақ антропонимдерін жүйелей келе тіліміздегі антропонимдердің басым көпшілігінің араб, иран тілдерінен келгендігіне көзіміз жетті.
Кісі есімдерін белгілі бір тәртіппен, жүйеге келтіріп, қатаң әліпбилік ретпен беріп, мағыналарын түсіндіретін анықтамалық кітап-антропонимиялық сөздік. Антропонимиялық сөздік жер жүзі халықтары тілдерінде ерте заманнан бар. Ол Батыс, Евразия, Арабия, Иран, Америка, Қытай, Жапония. түркі халықтарында бұрын да, қазір де жариялануда. Оларкөлемі мен құрылысы жағынан да әр түрлі болып келеді.
Әр халықтың жалпы тіл білімінде антропонимия ғылымы жақсы әрі жан-жақты қаралған, антропонимдердің құрамы, құрылысы, лексика-семантикасы, этнолингвистикасы, тағы басқа да толып жатқан әртүрлі анықталған, антропонимдердің түсіндірме сөздіктері, этимологиялық сөздіктері, анықтама сөздіктері жасалған. Ал біздің қазақ тіл білімінде әлі толық қарастыра алмай, бір бағытта жүйелей алмай жатырмыз. Жалпы тіл біліміндегі антропонимия саласында айналысып жүрген ономаст ғалымдар – Г.В. Тропин, А.В. Суперанская, В.А. Никонов, Н.А. Баскаков, Н.М. Тупиков. Өзбек тілінде Э.А. Бегматовтың «Өзбек есімдері» татар тілінде Г.Ф. Саттаровтың «Татар есімдері», И.С. Колосов, Ш. Жапаров қырғыз тілінде шығарған «Қырғыз есімдері сөздігі», А.В. Суперанская мен Ю. М. Гусева редакциясымен жарық көрген «РСФСР халықтары есімдері» сөздігі О. Мирзаевтің «Әзербайжан есімдері», Р. Ортиков пен Я. Калонтаевтің «Тәжік есімдерінің емлесі» атты еңбектерді ерекше атауға болады. Қазақ ғалымдарынан Т. Жанұзақов пен К. Есбаеваның «Қазақ есімдері» атты қазақ тіліндегі анықтама сөздігін де осы еңбектердің қатарына қоя аламыз.
Антропонимдер тілдегі сөздік құрамның бір бөлігі болып саналады. Ол өз арнасын жалпы халық тілі қорынан алады да тіліміздің ішкі заңына сәйкес дамиды. Сөйтіп ол тілдегі сөздердің (лексиканың) барлық салаларынан жасалады. Қазақ есімдерінің басым тобы халқымыздың өткен замандардан бастап күні бүгінге дейін мәдени-тарихи өмір бейнесін анық көрсетеді.
Лексикалық тұрғыдан қарағанда, олардың көне қабаттары негізгі де ұйытқы тірек боп табылып, төмендегідей лексика-семантикалық топқа жіктеледі.
Мал шаруашылығымен байланысты есімдер: Бота, Бұқа, Аққозы., Құлыншақ, Жылқыбай, Қозы т.б.Табиғат құбылысымен байланысты есімдер: Таубай, Боран, Толғанай, Айым т.б.
Аңдар мен үй хайуанаттары және құстармен байланысты есімдер: Арыстан, Түлкібай, Лашын т.б.
Асыл металдар мен қымбат заттар атауларына байланысты есімдер: Алтын, Болат, Маржан т.б.
Өсімдік аттарына байланысты: Қызғалдақ, Райхан, Раушан, Гүлжан т.б.
Жеміс-жидек атауларымен байланысты: Алма, Мейіз, Анар, Жаңғақ т.б.
Туыстық атаулармен байланысты: Атабек, Баба, Туғанбай, Жиенбай т.б.
Жер-су аттарына қойылған есімдер: Алатау, Еділ, Орал, Алтай т.б.
Үй-жиһаздарымен, мүліктерге байланысты: Шара, Табақбай, Айнагүл т.б.
10. Түрлі тағам аттарына байланысты есімдер: Айранбай, Шырынбай, Шекер, Сүттібай т.б.
Балаларға ат қоюды ертеде белгілі дәрежеде ырым мен дәстүр ерекше орын алып отырған. Олардың кейбірін сөздің киелі күшімен де байланыстырып отырушылық көне дәуірден бар құбылыс. Сол ескі замандарда балаларға көз тиюден немесе жын-шайтаннан сақтау мақсатымен елеусіз оғаш есімдер қойып отырған. Мәселен, Итбай, Күшікбай, Жаманбай тағы басқа.
Есім берудегі кеңінен тараған дәстүрдің бірі – сан есіммен байланысты болып келеді. Ондай сан есімдерден қойылған кісі аттары бір сан есімінен мың санына дейін кездеседі. Мысалы: Бірбай, Біржан, Бесбай, Жетібай, Сегізбай, Елубай, Сексенбай, Тоқсанбай, Жүзбай, Мыңбай. Керісінше, сан есімнен қойылған әйел есімдері некен-саяқ қана. Ал, балаларға жарасымды да сұлу есім беруде ешбір шек болмаған есімдер тарихында ғасырлар бойы жаңару, ескіру, архаизмге айналу процесі болып отырады. Адамға ат қоюдың себептері алуан - түрлі тілек-мақсаттармен байланысты да болып отырған. Бұл заңды құбылыс. Адамға ат қоюдың себептері алуан түрлі тілек-мақсаттармен байланысты да болып отырған.
1. Бала дәулетті де бай, ауқатты болсын деген тілекпен қойылған есімдер: Байбол, Дәулетбай, Алтынбай, Малбай т.б.
2. Күшті де батыл, қырағы да сақ, ержүрек болсын деп қойылған есімдер: Арыстан, Батыр, Тарғын т.б.
3. Бала сұлу да көрікті, ажарлы да әдемі болсын деген тілекпен қойылған есімдер: Айсұлу, Әсем, Нұрсұлу, Ботагөз.
4. Денсаулығы зор болып, ұзақ жасасын деген тілекпен қойылған есімдер: Ұзақ, Өмірзақ, Мыңжасар.
5. Бала ақылды да тапқыр болсын деген тілекпен қойылған есімдер: Ақылбай, Ақылбек, Данышпан.
6. Бала мырза да жомарт болсын деп қойылған есімдер: Жомарт, Мырзабек, Мәртай.
Есімдерді таңдап, талғап қоюда бұлардан басқа да белгілер мен түрлі нышан, әр түрлі жағдаяттар болып отырған. Мәселеге, Аманжан, Қаржаубай, Жолай тағы басқа.
Көп ретте ертедегі есімдер халықтың әдет-ғұрып, салт-сана, тарихи дәстүрлерімен байланысты қойылып отырғаны белгілі. Ал балалары тұрмай өле берген үйлерде өмірге жаңа келген сәбилерге: Тоқтар, Тұрар, Тұрсын деген есімдер қойылып отырған.
Батырлар жырларындағы халық батырлары мен тамаша, ақылды да парасатты тарихи адамдардың дәстүрлі есімдері ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, күні бүгінге дейін қойылып келе жатыр.
Тіліміздегі кеңінен тараған екі не үш сөздерден құралған күрделі тұлғасы есімдердің көбірек кездесетіндері – құрамында бай, бек, би, хан, сұлтан, төре, шах, ханым компоненттері (сыңарлары) бар есімдер. Тарихи сипаты жағынан бұл сөздер архаизм әрі историзм ретінде келмеске кеткен әлеуметтік терминдер.
Қазақ халқы тарихында феодал ақсүйектер – өздерінің әлеуметтік тегін немесе атақ дәрежесін көрсету мақсатымен бай, бек, би, төре сияқты сөздерді өз есімдеріне қосып, қосақтай айтып отырған еді. Бұл анықтауыш сипаттағы тұлғалар сол замандардан бастап жалпы халық есімдері құрамында да жиі кездесетін.
Бірақ біздің советтік дәуірде анықтауыштар әуелі мағыналарынан айырылса, енді біреулері жаңа мағынаға ие болды. Мәселен, мырза қазіргі кезде «қайырымды», «жомарт», «мәрт адам», «бай», «әлді», «қуатты». Бұл күнде ата-аналар балаларына – бай, бек, би, сұлтан, төре сөздері арқылы жасалған есімдерді сирек беріп, балаларға мән-мағынасы айқын да анық, сұлу да көркем есімдер береді:
Мәселен, Басат, Азат, Артур, Айбек, Серік, Алма, Дина, Мира, Сәуле тағы басқа.
Кейбір есімдердің мән-мағынасы (семантикасы) мен дыбыстық сипаттары арқылы белгілі бір аймақ тұрғындарының тілдік ерекшеліктерін анық байқауға болады. Сол жергілікті тілдер негізінде қойылған есімдердің алуан түрлі тұлғалары мен тұрмыстың варианттары да ерекшеленіп тұрады. Атап айтқанда, оңтүстік, тұрғындары есімдеріне дауыссыз еріндік және сонар мдыбыстары орнына қатаң дауысты п дыбысы қолданылса, сол пдыбысы орнына сонар м дыбысының қолданылуы есімдер мен фамилиялардың тек басқа буындарында ғана емес, ортасында да кездесіп отырады. Мәселен, Пақтагүл (әдеби тілдегі Мақтагүл орнына), Палым (Балым); Полат (Болат), Палымбет (Болымбет) т.б.
Алматы, Жамбыл, Талдықорған облыстарында, сондай-ақ Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір аудандарында әдеби тіліміздегі дауыссыз ұяңш дыбысы орнына тіл алды чдыбысы қолданылады. Мәселен, Ақчал, Чегебай, Чотбай, Чойбек т.б.
Тілімізде халықтың осындай ұлттық психологиялық түсінік, ырым, наным-сенім негізінде дүниеге келген есімдер өте көп. Айталық, аты аңызға айналған Қорқыт есімінің шығу тарихы «Қорқыт ата» кітабында: «Қорқыт ата дүниеге келгенде, табиғат алай-дүлей қаһарына мініп, көк аспанды қара бұлт басып, бірнеше күн қараңғылық билеп, елдің зәре құтын қашырған күн болыпты» делінген. Халықты қорқытқан бала деп атын Қорқыт атапты десе, енді бір деректерде Қорқыт түбірі – құт - береке, байлық, ырыс мағынасында қойылған есім делінеді.
Тіл білімінде бүгінгі таңда тіл арқылы мәдениеттанудың бір-бірімен өзара тығыз байланысты жаңа ғылыми бағыттары қалыптасып келеді. Соның бірі – этнолингвистика.
Этнолингвистика – этнос болмысын оның тілі арқылы танып білу мақсатында туындаған лингвистиканың жаңа да дербес бір саласы.
Тіл әлемінің өзіндік табиғатын, даму заңдылықтарын толық та, жан-жақты зерттеу барысында іштей жіктеліп, дүниеге келген социолингвистика, психолингвистика, статолингвистика іспеттес этнолингвистика да «этностаным» мен «тілтаным» ғылымының ортақ мәселесі шеңберінде тоғысу нәтижесінде пайда болған жаңа сала.
Профессор М.М. Копыленконың пайымдауынша, «этнолингвистика» термині ғылым әлемінде ең алғаш шетел ғалымы Б. Уорфтың идеясы негізінде этнография мен социология ғылымдарының аралығынан туындаған болып табылады. Ал, бұл идея Э. Сепирдің тіл фактілерін этнос мәдениеті мен жеке тұлға тұрғысынан қарастыратын теориясымен сәйкес болғандықтан, ғылымда «Сепир - Уорф болжамы» деген атпен де белгілі болып келді.
Алайда этнолингвистика идеясын әр қырынан және әр деңгейде қарастырып келе жатқан ғалымдардың (мәселен, В.Ф. Гумбольд, В. Вунт, Г. Шухард, Ф. де Соссюр, Бодуэн де Куртене т.б.). Өздері де о бастан-ақ, этнолингвистиканың «Этнос пен этнос тілі» негізінде қалыптасқан толық мойындаса да, олардың өзара қатыстылығы мен үйлесімін айқындауға келгенде бір жерден шыға алмай жүргендігі мәлім. Мәселен, этнолингвистиканың аяқ тірер бір табаны – «этносты» кейде «этнос» деуден қашқақтап, сай-саққа жүгіртіп, біресе «мәдениет», біресе «тарих пен әлеуметтік жағдай» деп, оның шеңберін тарылтып, бүтіннің бөлшегі ретінде көрсетулері ерекше көзге түседі.
Ал, кейінгі кезде АҚШ-та қалыптаса бастаған тағы бір көзқараста этносты «Адам» деген ұғыммен алмастыру арқылы этнолингвистиканың баламасы ретінде антропология (адам туралы ғылым) терминін пайдалану үрдісі де байқалып отыр. Тағы бір пікір: этнолингвистиканы тек «Көне дүниені зерттеуші» ғылым деп танып, оларды байырғы халық тілінен, жергілікті тіл ерекшеліктерінен іздеу мұны негізінен орыс ғалымдарына (Н.Т. Толстой, В.Н. Топоров, В.В. Иванов т.б.) тән дәстүр десе болады.
Бүгінгі таңда қазақ этнолингвистикасы ғылыми негізі қалыптаса бастаған, жан-жақты ізденіс нәтижесінде өзіндік ерекшелігі мен үрдісі айқындалып келе жатқан, дербес де перспективті ғылым саласы ретінде танылып отыр. Мұны белгілі ғалым профессор М.М. Копыленко өзінің «этнолингвистиканың негіздері» деп аталатын еңбегінде айқын көрсетіп отыр.
Қазақ этнолингвистикасына қатысты мәселелермен шұғылданушылар үшін бұл еңбектің берері мол. Онда мәселен, қазақ топырағында дүниеге келген этнолингвистика ғылымының төңірегінде ғылыми мектеп қалыптасқандығы және бұл салада көп жылдар бойы үздіксіз жүргізіліп келе жатқан ізденістердің нәтижесінде айқындала түскен.
Жоғарыда этнолингвистика о бастан-ақ екі ұдай объектінің этнос және оның тілінің – ортасынан туындаған ғылым саласы дедік. Демек, бұл этнос пен оның тілі арасындағы табиғи тұтастықты саналы түрде сарапқа салып мойындау «этнос жоқ жерде тіл болмайды, тілсіз этнос болмайды» деген қағиданы нақтылап зерттеуге өзек ету деген сөз. Әдетте осы екі объектіні – «этнос» пен «тілді – біз тым еркін, кең мағынада да, тар мағынада да қолдана береміз».
Тілдік құбылысты тереңірек әрі жан-жақты түсіну үшін кейінгі кезеңдерде қазақ тіл білімінде кеңінен қолданыла бастаған зерттеудің тиімді бір саласы – этнолингвистика.
Этнолингвистика – этнос болмысын оның тілі арқылы танып білу мақсатында туындалған лингвистиканың жаңа да дербес бір саласы.
Қазақ антропонимдері сан жағынан өте көп. Қазақ халқы басқа халықтар сияқты бір есімдерді жаңғыртып, қайталамайды. Дүниеге келген сәбиге есім беруде аса мән беріп, мәнді де мағыналы есімдер берген.
2.Когнитивті лингвистиканың басқа ғылымдармен байланысы- Когнитивтік психология. Когнитивтік социология. Когнитивтік антропология. Когнитивтік лингвистика. Бұл ғылымдардың қазіргі қоғамда алатын орны, оны зерттеудің қажеттігі, оның өзектілігі. Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды. «Когнитивтлк психология» деген терминді 1967 жылы У.Найсер ұсынды. Психологияның танымдық бағыты субъектілердің қабылдау, ойлау, тану, пайымдау, түсіну әрекеттерін жан-жақты талдау негізінде адамның iшкі, көзге көрінбейтін әpi нақты механизмдер мен процестер арқылы емес, сана, жады қызметтерінің көмегімен бақыланатын мәселелерді шешуге бағытталды (Оразалиева Э.Ж., 153). Ғалым-лингвист Дж. Кесс психолингвистика дамуында төрт негізгі кезеңді атап көрсетеді: қалыптасу кезеңі; лингвистикалық кезең когнитивтік кезең; когнитивтік ғылымның ағымдық кезеңі. Алғашқы кезең үшін структурализм мен бихевиоризм идеяларының әcepi тән болса, eкіншici лингвистика мен психолингвистикадағы трансформациялық туындатушы (порождающей) грамматиканың басым болуымен байланысты. Когнитивтік кезең Н. Хомский жариялаған грамматиканың негізгі қызметінен бас тартып, оның (грамматиканың) семантикамен, ал тілдің - тілді меңгеру мен пайдалану үдерісіне қатысатын басқа да когнитивтік және жүріс-тұрыстық (поведенческие) жүйелерімен байланысын мойындаумен сипатталады. Психо-лингвистика дамуының ағымдық кезеңі когнитивтік әдістің психолингвистикалық білімдер (знания), ділдік (ментальные) репрезентациялар табиғатын орнатумен байланысты зерттеуге әкеп соғады. Сонымен қатар, психолингвистика дамуының бұл кезеңі аталмыш білімдер мен репрезентациялардың талқылау және шешім қабылдау сияқты ойлау қызметінде пайдалануын анықтайды. Дж. Кесс атап көрсеткен соңғы екі кезеңнің ажыратылуын түсіну үшін «когнитив» элементімен сәйкес келетін бірнеше терминдердің ара-жігін ашып алған жөн, себебi бұл мәселе өте күрделі болып танылуда. Алдымен, сананы ғылыми зерттеу пәні ретінде зерттеу мүмкіндігін жоққа шығарып, психиканы жүріс-тұрыстың түрлі формаларына жатқызып жүрген бихевиоризмге ментализм (АДАМНЫҢ ойлау санасына көңіл бөлу) және когнитизм қарсы болғанын ескеру керек. Когнитивизм бойынша алғашқы кезде сынға катты алынған ойлау, шешім, қабылдау сияқты қасиеттер ділдік үдерістерге жатқызылады. Танымдық, яғни когнитивтік үдерістер табиғатын зерттейтін когнитивті психология алғашқы кезден бастап-ақ жасанды интеллект саласындағы зерттеулер тарапынан қатты әсер алды. Алайда осыған негізделген теориялар адамның танымдық үдерістері аталмыш үдерістердің механизмдерін түсіндіріп жеткізуге жеткіліксіз болды да, мұның өзi философтар, психологтар, лиигвистер, нейрофизиологтер, жасанды интеллект саласындағы мамандарды біріктірген когнитивті ғылым ретінде жүзеге асатын пәнаралык (междисциплинарные) әдістің кажет екенін мойындатуға әкелді. «Бүгінгі күні көптеген ғылым салалары когнитивтік лингвистиканың ықпалымен дамып, оның ұтымды нәтижелерін қолдануға тырысады» деп Д.Сулейменованың атап өткеніндей, кейінгі жылдары қазақ тіл білімінде когнитивтік психология, когнитивтік антропология, когнитивтік СОЦИОЛОГИЯ СИЯҚТЫ ғылым салалары пайда болды. Соңғы онжылдық ішіндегі деп психолингвистикалық (ПЛ) еңбектерді талдай келе, ПЛ, когнитивтік психология, когнитивтік лингвистика, жасанды интеллект, сонымен қатар, прагматика саласындағы зерттеулердің ортақ мәселені қарастыратынын байқауға болады. Когнитивтік ПСИХОЛОГИЯ («тіл біліміндегі психологизм» туралы) дегенміз - адамдардың дүниее, әлем, қоршаған орта жайлы ақпаратты қалай алатыны мен адам ОСЫ ақпаратты қалай ұғынады, ақпараттың есте сақталып білімге айналуы мен осы білімдердің біздің зейініміз бен жүріс-тұрысымызға тигізетін әсерін зерттейтін психологияның бip саласы, Басқаша айтқанда, адамның шындық жайлы алған ақпаратты түсіне біліп, оны шешім қабылдау, күрделі мәселелерді шешуде колдана бiлуге тырысуы когнитивтік әдіс арқылы іске асады. Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды. Тілге грамматикалық теорияларда берілген когнитивтік сипаттамалар психолингвистикалық зерттеулерде «төрден» алған орындарынан айрылып, олардың атқаратын рөлі тек басқадай когнитивтік және жүріс-тұрыстық (поведенческие) модульдермен қатар сөйлеу үшін қолдану және меңгеру үдерістерінде ғана ескеріліп жүр. Когнтивтік психология мен когнтивтік лингвистиканың қарастыратын ортақ мәселелері: жады (есте сақтау), ішкі сөздік қор, сөйлеу әрекетін туғызу мен қабылдау. Когнитивтік социология. Когнитивтік социология социолингвистика мен когнитивтік лингвистика ғылымдарының қалыптасып дамуына ықпал жасады. Бүгінгі таңда әлеуметтік лингвистика тілдің әлеуметтік табиғаты мен қоғамдық қызметін, әлеуметтік фактордың тілге әсер ету тетігін қоғам өміріндегі тілдің атқаратын қызметін зерттейтін ғылым. Социолингвистика тілдің негізгі қызметі коммуникативтік, яғни тілді адамзаттың қарым-қатынас құралы деп есептейді. Тілдің әлеуметтік негізі, әлеуметтану, тіл білімі, социология (әлеуметтану), әлеуметпк психология және этнография ғылымдарымен қиылысқан жерінде қалыптасқан социолингвистика бойынша қазіргі қазақ тіл білімінде зерттеулер аз. Когнитивтік антропология. Антропология - адамның биологиялық табиғатын зерттейтін ғылым. Ғасырлар тоғысында адам ғылыми зерттеулердің ЕҢ ӨЗЕКТІ мәселесіне айналды. Қазipri, тіл білімінде негізгі принциптердің бірі антропоцентризм болып табылады, яғни антропоцентризм принципі ғылыми ізденістерге жетекші бола бастады. Жаңа заман лингвистикасында НЕГІЗГІ НАЗАР ТЕК ТІЛГЕ ЕМЕС, оны жаратушы, қолданушы және дамытушы адамға аударылады. «Антропоцентризм» терминінің адам білімінің әртүрлі саласыида БЕЛСЕНДІ Қолданылуы көптеген проблеманы туындатты. Негізінен, «антропоцентризм» термині онтологиялық және гносеологиялық тұрғыдан түсіндіріледі. Антропоцентризм - когнитивтік лингвистиканың негізгі тiperi. 2 Бұл ғылымдардың қазіргі қогамда алатын орны, оны зерттеудің қажеттгі, оның өзектілігі Қaзipгi таңда «тіл арқылы сыртқа шығып жүрген» (языковое овнешнение -Е.Ф. Тарасов ұсьшған термин) шындық бейнелер жүйесі болып табылатын қалыптасу үдepicтepi мен тілдік сананың жұмыс жасауына ерекше назар аударылып жүр. Тіл дүние, әлемнің жеке бейнесіне үнемі үңілу арқылы жұмыс жасап отырады, ЯҒНИ Бi3 санамызда қалыптасып қалған дүние, әлем бейнесіне сүйеніп отырмасақ, ешнәрсе түсіне, ештеңе жайлы хабарлай алмаймыз. Ал әлем бейнесі когнитивтік үдерістер арқылы қалыптасады да, осы үдерістер сана бейнелерін құрайды (Оразалиева Э.Д.). Когнитивтік лингвистикадағы тіл, ойлау, түсінік, қабылдаумен қатар келетін құрылымындағы әмбебап білімнің, адам санасының органикалық және бөлінбейтін бөлігі ретінде қарастырылады. Көп ғылыми пәндер қазіргі кезде когнитивтік лингвистиканың әсерінде болып, оның аса маңызды нәтижелерін қолдануға тырысады. Әмбебап білім ретіндегі тілдің мәні туралы мәселе, тілдер сәйкестіктері мәселесі жайлы жаңа көзқарастар туындап, тілдік білімді, сонымен қатар, тілдерді салыстыру үшін когнитавтік-инварианттық мағынаны интерпретациялауға жол ашылып отыр. Когнитивтік лингвистика терминдерінде тілдік білімдерге берілген анықтама және оны «әлемнің тілдік бейнесін» (языковая картина мира) қалыптастыратын білімдердің жалпы қорына енгізу қостілділікке байланысты «әлемнің тілдік бейнесі» ұғымын нақтылауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде лингвистикада мәтін семантикасы мен «фондық білім» (фоновые «мании) арасындағы байланыстарға аса зор назар аударылыл жатыр. Бұл бағыттың өзі тіл мен ойлау ара қатынасы сияқты маңызды мәселені қарастырады. «Фондық білім» сөйлеуші мен тыңдаушыға ортақ болып табылатын ақпараттық қор, яғни олардың әлем жайлы білімінің ортақ қоры ретінде қарастырылады. Сонымен, «фондық білім» дегеніміз - тілдің ойлау әрекетіндегі (речемыслительная деятельность) тәжлрибенің вербалданбаған көрнісінің (фрагменттің) коммуникативтік бірліктердің (мәтіндердің) кейбіреулерімен байланысы. Фондық білімдердің сөйлеуші мен тыңдаушы санасындағы бірдей, ұқсас болып келуі оларды жалпы білімдерден ажыратады. Осыған орай, фондық білімдер әлеуметтік және жеке (индивидуальный) болып екі типке бөлінедi. Әлеуметтік фондық білім сөйлеу әрекетіне қатысқандардың барлығына: (мысалы, радио тындаушылар мен оыррмандарға) сөйлеу әрекеті басталмай тұрып бұрын белгілі болады; жеке фондық білім диалогке қатысатын екі адамға ғана белгілі болады. Мысалы: А: - Қал қалай? Б: - Ол ертең келетін болды. Заттың немесе оның бейнесінің динамикалық белгілерін анықтау үшін «градуалды эталон» ұғымы қолданылады. ХХІ ғасырдың тіл білімі мәтінді зерделеусіз қалдыруы мүмкін емес. Тіл – филология ғылымының негізгі нысаны болған және жаңа мыңжылдықта да бола бермек. С.С.Аверинцевтің пікірінше, филология «барлық адамзат әлеміндегі мәтін төңірегінде ұйымдастырылған және мәтін арқылы көрінетін әлемді» қамтиды. Мәтін жеке тұлға ретінде өзін таныта алатын қарым-қатынастың негізгі нысаны болып табылады. Т.М.Дридзенің тұжырымдамасы бойынша, қарым-қатынастың өзі әлі де болса көптеген зерделеулерді қажет ететін мәтіндік қызмет ретінде танылады. Мәтінге және қарым-қатынасқа деген қызығушылық қазіргі заманғы тілдік мәдениеттің жаңа сұхбаттық сипатын (А.К.Михальская, Ю.В.Рождественский және т.б.) қоса алғанда әлемді танудағы бұрынғы монологиялық жүйені бұзумен және диалогизмге (М.М.Бахтин және т.б.) бет бұрумен байланысты. «Өмір сүру – яғни қарым-қатынаста болу» – М.М.Бахтиннің осы сөздерінде мәтіннің қызметтік-теориялық және практикалық маңызы, оның негізінде туындайтын қарым-қатынас қана емес, сондай-ақ қарым-қатынасты (әлеуметтік, функционалдық-прагматикалық, коммуникатив-тік) зерделейтін жаңа ғылыми-лингвистикалық парадигманың айрықша рөлі де анықталады]. Қазіргі заманғы лингвистика коммуникативтік, когнитивтік мәтінге бағдарланған. Оқырмандардың типологиясын (Г.Г.Молчанова, О.Л.Каменская және т.б.) қоса алғанда, адресат проблемасы (Н.Д.Арутюнова, В.З.Демьянкова, Г.В.Степанов) әзірленуде, коммуникативтік стратегиялар мен тактикалар (О.С.Иссерс, Е.В.Клюев және т.б.) зерделенуде. Бұл ретте лингвистика өзінің полипарадигмалық сипатын сақтайды. Жаңа өзгерістерге байланысты мәтінді және оның бірліктерін зерттеуде психопоэтика (В.А.Пищальникова, Ю.А.Сорокин), филологиялық герменевтика (Г.И.Богин, Г.П.Щедровицкий және т.б.), лингвосинергетика (В.А.Пищалникова, Г.Г.Москальчук, Н.А.Кузьмина, Н.Е.Сулименко) және тағы басқа жаңа ғылыми бағыттар туындауда. Жаңа үрдістерге орай, көркем сөз стилистикасын қоса алғанда, стилистикада да өзгерістер орын алуда. Қазіргі заманғы стилистика коммуникативтік, мәтінді болып, оның зерттеу нысанасы кеңеюде, жаңа мақсаттар мен міндеттер пайда болуда, сабақтас білімдер (прагматика, психолингвистика, герменевтика және т.б.) арасындағы байланыс күшейе түсуде. «Мәтіннің коммуникативтік стилистикасы» деген жаңа ғылыми бағыттың туындауы лингвистикалық және онымен сабақтас ғылымдардың үдемелі дамуы ретінде де, қазіргі заманғы білім беру саласындағы қажеттіліктермен де (орыс тілін зерделеудегі коммуникативтік-қызметтік, функционалдық, мәтінге бағдарланған, этномәденитанымдылық тәрізді жаңа бағыттарды әзірлеумен) айқындалады. Мәтіннің коммуникативтік стилистикасының тамыры тереңде жатыр. Мәселен, осы ғылыми бағытқа тән мәтінге жүйелі-қызметтік көзқарас В.Ф.Гумбольдтың, А.А.Потебняның, В.В.Виноградовтың, М.М.Бахтиннің және т.б. тұжырымдамаларынан көрінеді. Мәтіннің қазіргі заманғы стилистикасында әр түрлі ғылыми бағыттар бар: құрылымдық стилистика (В.В.Одинцов, Г.Я.Солганик және т.б.), декодтау стилистикасы (И.В.Одинцов, Г.Я.Гучинская және т.б.), функционалдық стилистика (М.Н.Кожина, М.П.Котюрова, Т.Б.Трошина, М.Б.Борисова, Н.И.Бахмутова, С.А.Станиславская және т.б.). Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар: құрылымдық стилистика мәтіннің композициялық-стилистикалық нысандарын, оны ұйымдастырудың конструктивтік тәсілдерін зерделейді; декодтау стилистикасы мәтінді оқырмандардың танымдық аспектісі тұрғысынан қарастырады; функционалдық стилистика стилистикалық узусты, әр түрлі стильдегі мәтіндерде тілдік құралдарды пайдаланудың жалпы заңдылықтарын зерделейді. Мәтінді лингвистикалық тұрғыдан зерттеуде коммуникативтік стилистиканың зерттеу сипатына, мақсатына қарай мынадай ерекшеліктерін атап көрсетуге болады. Ол кез келген мәтінді жазушы мен қабылдаушы қызметінің ұштасуы негізінде коммуникативтік-қызметтік аспект тұрғысынан зерделейді. Сөздік қызмет теориясына сүйенетін басқа ғылымдардан (прагматикадан, психолингвистикадан, психопоэтикадан, филологиялық герменевтикадан) стилистикалық узус пен автордың идиостилін ескере отырып, олардың нақты мәтіндік өзгеруіндегі сөздік қарым-қатынастың лингвостилистикалық аспектілерін терең зерделеуімен ерекшеленеді. Мәтіннің коммуникативтік стилистикасы оның мағыналық жайылуына сәйкес қызметтік аспектідегі жүйелік-құрылымдық ұйымдастырылуын талдауды, мәтіннің стилистикалық параметрлерін ескере отырып, олардың негізіндегі коммуникативтік стратегияларға сүйеніп, әр түрлі типтегі мәтіндерді мағыналық жағынан қабылдаудың лингвистикалық заңдылықтарын зерделеуді көздейді. Осы бағыт шеңберінде коммуникативтік эффектіге қол жеткізудің құралдары мен тәсілдері айқындалады, әр түрлі стильдер мен жанрлардағы мәтіндерде лингвистикалық негізі бар коммуникативтік универсалийлер (мәтінді ұйымдастырудың заңдары мен принциптері) зерттеледі. Мәтіннің коммуникативтік стилистикасының мақсаты – мәтін қызметінің лингвистикалық тұрғыдағы заңдылықтарын зерделеу, ол автор мен тыңдаушының тиімді диалогын қамтамасыз етеді. Мәтіннің коммуникативтік стилистикасының негізгі бағыттары пәнаралық сипаты бар, оның «мәтіндік» жүйелілігін, құрылымдылығын, регулятивтігін зерделеуде жаңа перспективалар ашатын оған қатысты қызметтік көзқараспен байланысты болады. Прагматикамен, психолингвистикамен, герменевтикамен ұштасқан кезде қалыптасатын мұндай жаңа көзқарас мәтін мен оның бірліктерін оқырманның танымдық қызметіне енгізу тұрғысынан зерделеуден туындайды. Мәтіннің коммуникативтік стилистикасының үш бағыты байланысатын мәтіндік құрылымдар, регулятивтік және мәтіннің мағыналық жайылуы теорияларына нақтырақ тоқталайық. Мәтіндік ассоциациялар (құрылымдар) теориясы. Мәтіннің әр түрлі аспектілері және оның оқырман танымындағы мағынасы туралы елестету, соның негізінде қалыптасатын мәтіндік құрылымдардың рөлі айрықша ауқымды. Бұл ретте мынадай негізгі ережелер басшылыққа алынады: Лингвистикалық аспектіде мәтіндік сөз-стимулдарға қатысты құрылымдарды оқырманның танымында өзектілікке айналатын мәтіннің лексикалық құрылымы элементтерінің және солармен арақатынастағы тіршілік құбылыстарының немесе танымның, сондай-ақ басқа да сөздер әлемінің арасындағы байланыс ретінде қарастыру – заңды құбылыс. Ассоциат сөз-стимулға – мәтіннің лексикалық құрылымы элементіне мағыналық коррелят ретінде айқындалады, ол мәтінді қабылдаушы субъектінің танымында нақты әлеммен, таныммен, сондай-ақ басқа да сөздермен корреляцияланушы мәтіндік әлем шындығымен арақатынаста болады. Автордың бастапқы коммуникативтік қызметі аспектісінде туындының лексикалық құрылымы ілгерілеулер мен әрекеттердің (стимулдарға ассоциаттардың), сондай-ақ ілгерілеулерді нақтылайтын тірек сөздердің және құрылым сөз-маркерлерінің ауызша желісі ретінде айқындалады. Мәтінді құру (автордың сөйлеу-ойлау қызметі) тұрғысынан «стимул-реакция» қатынасы тема-рематикалық қатынастармен корреляцияланушы ретінде байқалады: предикацияның әр түрлі нысандары автордың коммуникативтік стратегиясына сәйкес тұжырымдамалы түрде туындаған жаңа тақырыпты репрезентациялай отырып, берілген (автор тақырып ретінде таңдап алған) тақырыпқа құрылымдарды көрсетеді. Мәтінді қабылдау (оқырманның сөйлеу-ойлау қызметі) ағымында мәтіннің лексикалық құрылымының әрбір элементі құрылымдар желісін туындататын ілгерілеу болып табылады, олар мәтінде өзгерістерге ұшырайды немесе имплицитті түрде болады. Автор тарапынан мәтінде бірқатар ілгерілеулер болып, өзгерістерге ұшыраған құрылымдар мәтінді қабылдаушы оқырманның көзқарасы бойынша мәтіннің мағынасына жетудегі маңызды қадам болып табылады, оларды негіз ретінде қарастыруға мүмкіндік бар. Тыңдаушының танымдық қызмет процесінде мәтіннің құрылымдық жайылуы құрылымдардың күрделі түрде ұйымдастырылған желісі ретінде қарастырылады, оларды жасауға сөздердің құрылымдық-мағыналық жолдары қатысады. Мәтіндік құрылымдық-мағыналық жолдар, негізгі сөздер-ілгерілеулерді, тірек сөздерді және тыңдаушылардың сөз-маркерлерін қоса алғанда, әр түрлі типтегі лексикалық құрылымдармен толықтырылып отырады. Тұжырымдамалы түрде ұйымдастырылған бұл жолдар парадигматикалық (әр түрлі типтегі семантикалық, формальдық, формальды-семантикалық, мәтіндік лексикалық парадигмалар шеңберінде) және синтагматикалық (мәтіндік синтагматика деңгейінде) байланыстағы сөздік және бір сөздік емес бірліктерді біріктіреді. 5) Оқырманның құрылымдық қызметі процесінде мәтін туындатқан және құрылымдар коммуникаттарының танымында айрықша құрылымданған, мәтіннің тақырыптық, пәндік-логикалық, сюжеттік-композициялық, идеялық, эмоционалдық, образдық деңгейлерімен, сондай-ақ және автордың жеке басымен ара-қатынастағы жүйе ретінде мәтіннің құрылымдық жолдары қалыптасады. Құрылымның инварианттық бағыты мәтіннің құрылымдық жолын құрайды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, мәтіннің құрылымдық жолдарының ауқымды ақпараттық мүмкіндіктері бар. Жалпы бұл бөлімде мәтіннің коммуникациялық теориясы жеке-жеке талданып, нақты түсініктемелер берілген. Мәтіннің ассоциациялық, ретке келтіру және мағынаның жайылу теориясы авторды әр түрлі мәтіндердің мағыналық құрылымын зерттеуге, олардың кешенді әдістемелерін құруға жетелейді және алдағы уақытта мәтіннің коммуникативтік стилистикасының негізгі бағыттарын одан әрі пысықтау қажеттігін ескертеді. Ретке келтіру (регулятивтік) теориясы. Коммуникативтік стилистиканың бұл бағыты ретке келтіруді оқырманға ықпал ете отырып, оның интерпретациялық қызметін бағыттау арқылы қабілетін көрсететін мәтіннің жүйелік сапасы ретінде қарастыруға негізделген. Осы теорияның негізгі ережелеріне тоқталайық. 1) Автордың «жігерлік міндеттеріне» сәйкес (Л.С.Выготский) әр түрлі коммуникативтік нәтижені ынталандыратын мәтіндік құрылымдар (регулятивтер) байқалады. Ретке келтіретін құрылымдар реттеуші құралдардың байланысын көрсетеді. 2) Автордың идиостилі тыңдаушының танымдық қызметін түрлі жолдармен ұйымдастыратын реттеушілік құралдар мен ретке келтіретін құрылымдарды таңдауда көрініс алады. 3) Жалпы мәтін деңгейінде оның коммуникативтік стратегиясы ескеріле отырып; мәтіннің реттеушілік функциясы, реттеушілік тәсілдері, яғни мәтіндік кіші құрылымдарын ұйымдастыру амалдары, реттеуші доминанттары байқалады. Әр түрлі өлшемдерге сәйкес реттеушілердің типтері айқындалады. Мәтіннің ақпараттық-мағыналық деңгейінің реттеушілік бірліктері (информемнің) мен прагматикалық деңгейі бірліктерінің (прагмемнің) шекараларын анықтау жөніндегі зерттеулер жүргізілген. Ақпарат берушілердің (информанттардың) мәтіннің реттеушілік стратегиясын тану жөніндегі жауаптарындағы ең жоғарғы бірлік әр түрлі реттеуші құралдардың бірнеше мәрте және көп арналы әсер етуі жағдайында байқалатындығы анықталған. Мәтіннің мағыналық жайылу теориясы. Коммуникативтік стилистиканың бұл бағыты мәтінде берілген ақпараттың негізінде автордың идиостилімен арақатынаста болатын мағыналық қалыптастыру процесін зерделеуге бағытталады. Бастама ретінде мәтіннің мазмұндық жоспары әр түрлі интерпретацияланғанымен (В.В.Виноградов, И.В.Арнольд және т.б.), әрқашан да мәтіндік ұйымдастырудың өзі және ең алдымен мәтіннің лексикалық құрылымы объективті түрде беретін қандай да бір инварианты болады. Мағыналық жайылу теориясының негізгі ережелері бірнеше түрге бөлінеді: Мәтінді пәндік-белгілік құрылым ретінде қабылдай отырып, оқырман объективті факторға – мәтіннің семантикасына сүйеніп, өзінің ақпараттық тезаурусына сәйкес оның мағынасын ой елегінен өткізеді. Мәтіннің семантикасы әр түрлі деңгейдегі элементтердің коммуникативтік бағдарының, сондай-ақ, мәтіндік бірліктердің – алдағы уақытта мәтіннің «көлденеңінен» (парадигмалық деңгей) және «тігінен» (синтагматикалық деңгей) берілген сан алуан байланыстарының негізінде қалыптасады. Жекелеген лексикалық бірліктердің жүйелік сапасын, сондай-ақ, мәтіннің мағыналық жайылуының лексикалық ағымын, жайылмалы мәтін бөлігі иерархиясында қарастырған жөн. Элементтердің мағыналық қатынастарының үш түрі: толықтыру, күшейту және контраст қатынастары осы үрдістегі ең басты мәселе болып табылады. Мәтінде көрініс тапқан (оның жекелеген элементтерінен бастап түрі жағдайларға дейін), мәтінде ауызша түрде кодталған көркемдік әлемнің түрлі шындықтарының ақпараттық сигналдарының әр түрлі сатыдағы элементтері мен жалпылау дәрежесіне сәйкес келетін семантикалық белгілерінің мәртебесі болады. Әр түрлі сатыдағы семантикалық белгілер мен жалпылау дәрежесінің ара-қатынасы оқырманның танымында мағыналық иерархия арқылы сөздердің жекелеген компоненттерінің микромағыналарынан сөздер мағынасына және сөйлеудің жалпылама мағынасына корреляцияланады. Мәтіннің мағыналық жайылуы (яғни онда адресаттың танымында көрініс алатын автор әлемінің тұжырымдамалық суретінің лингвистикалық тұрғыдан айқындалатын фрагментін беру динамикасы) мәтіннің лексикалық құрылымымен байланысты болады. Мағына қалыптастырудағы жетекші рөл соның үлесінде. Мәтінде көрініс тапқан түрлі сатыдағы және ауқымдағы көркемдік әлемнің әр түрлі шындықтарының лингвистикалық репрезентацияланған мағыналық белгілері мәтіннің мағыналық құрылымын құрайды. Мәтіннің мағыналық жайылуының әр түрлі типтерін және мәтіндердің мағыналық құрылымының түрлерін олардың жайылудың коммуникативтік әмбебабы мен жеке ерекшеліктері туралы сөз етуге болады. Жазушының идиостилі оның коммуникативтік бағдарының мазмұнындағы жаңа бағытқа – стилистиканы оқыту, оқушылардың ауызша және жазбаша тіл дамытуына, тіл мәдениетіне айрықша көңіл бөлген. Қазақ тілі лексикасы аса бай, стильдік көркемдегіш құралдары жетілген тілдердің қатарына жатады. Солай бола тұрса да, қазақ тілінің ойды жеткізу, сөйлем құру ерекшеліктері грамматикалық тұрғыдан толық зерттелінгенімен, стилистикалық жағынан әлі жүйелі тексеріліп біткен жоқ. Соңғы он жыл ішінде қолға алына бастаған стилистика және стиль туралы ғылыми еңбектер оқулық көлемінде және жекелеген ақын-жазушылардың тіліне байланысты жазылды. Қазақ тілінің стилистикасы туралы М.Балақаевтың, Р.Әміровтың, А.Ысқақовтың, Ф.Мұсабекованың, Р.Сыздықованың, Ә.Хасеновтың, т.б. ғалымдар мен бірсыпыра ізденушілердің еңбектерінде, мақалаларында қарастырылады. Стилистика – ең алдымен, қарым-қатынас жасауда сөйлеу жағдайына сай тілдік құралдарды таңдап алу мен қолдану тәсілдерін үйрететін тіл ғылымының саласы. Ал қарым-қатынас ретіндегі тілдік құралдардың ең кіші бөлшегі – мәтін бөлігі. Тіл мамандары мәтін бөлігі (контекст) ұғымын мәтіннің кіші бөлігі (микроконтекст), мәтіннің үлкен бөлігі (макроконтекст) және мәтіндер бөліп қарастырады. Мәтіннің кіші бөлігі бір сөйлемнің көлемінде, мәтіннің үлкен бөлігі азат жол көлемінде, ал мәтін тақырыптың көлемінде анықталады. Контекстің кіші бөлшектері болып сөз тіркестері сөйлемді, сөйлем азат жолды, ал бір немесе бірнеше азат жол мәтінді құрайды. Бұл қағиданы басшылыққа алу стилистиканы оқытудың тиімді әдістері мен тілдік құралдарын таңдауға негіз болады. Тілдің қызметінің ерекшелігін мәтін бөлігі арқылы анықтау мақсат етіледі. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Жапбаров «Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері» монографиясында қазіргі қазақ және ана тілі пәнінің мазмұнындағы жаңа бағытқа – стилистиканы оқыту, оқушылардың ауызша және жазбаша тіл дамытуына, тіл мәдениетіне айрықша көңіл бөлген. (төмендегі 1,2,3-суреттер) Бұл сызбаны талдай отырып, оқушылар стилистика туралы алған білімдерін қорытындылайды. Мына сияқты мәселелерге жауап беріп, анықтайды: Тіл дегеніміз не? Стилистика тілімізде қандай орын алады? Оның маңызы қандай? Мұғалім осы сияқты мәселелердің айналасында жұмыс жүргізе отырып, фонетика, лексика, морфология, синтаксистік тілдік құралдардың стилистикасынан мысалдар келтіріп толықтырады. Сонымен бірге мына суретті пайдалана отырып, оқушыларға стилистика, оның бөлімдері немесе стилистиканың қандай мәселелерді қарастыратыны туралы мәліметтер беріледі. Мәтіннің когнитивтік-дискурстық аспектісі. ХХ ғасырдың 60-70 жылдары ғылымның дербес саласы ретінде қалыптасқан мәтін лингвистикасы бүгінгі таңда адамның сөйлеу-ойлау қызметіндегі өте күрделі әрі көп қырлы феномен ретінде мәтінді зерттеу мен сипаттау әдіс-тәсілдерін мейлінше қамтыған деп айтуға болады. Мәтіннің көп қырлы болуы, оның айқын шекараларының болмауы және нақты көрінбеуі ғылымда мұндай жағдайдың табиғи нәрсе екенін көрсетеді, бұл ретте талдау жасалатын объектінің онтологиялық, жүйелі және функционалдық қасиеттерін мәтіндегідей сияқты әр түрлі тұрғыдан, атап айтқанда: семиотикалық, вербальды белгілік жүйе ретінде (Р.Якобсон, Ю.М.Лотман, Б.Я.Успенский және т.б.); дискурстық, білімнің пәнаралық салалары сипаттамаларында (Э.Бенвенист, ван Дейк Т.А., жас Р.Барт және т.б.); лингвистикалық, тіл бірліктері маңыздылығының жүйесінде (В.Виноградов, Г.О.Винокур, В.П.Григорьев, Г.Я.Солганик, Н.А.Кожевников және т.б.); сөйлеу – әрекет ету, прагматикалық жағдай аясында (Дж.Остин, Дж.Серль, М.М.Бахтин, Н.Д.Арутюнова және т.б.); құрылымдаудан кейінгі, философиялық, әдебиеттану, әлеуметтік-лингвистикалық, тарихи білім салаларының біртұтастығында (Ж.Деррида және т.б.); деконструктивтік, «мәдени интермәтін», әдеби, лингвистикалық, философиялық-антропологиялық сипат ұғымдарында мәтінді талдау ретінде (Ж.Делез, Ю.Кристева, Р.Барт және т.б.); нарратологиялық, жазушы мен оқырманның белсенді диалогтық өзара іс-әрекеті ретінде мазмұндау теориясы аясында (В.Пропп, В.Шкловский, Б.Эйхенбаум, М.Бахтин, Б.Лаббок, Н.Фридман, Э.Лайбфрид, В.Фюгер және т.б.); психолингвистикалық, сөйлем құраудың динамикалық жүйесі ретінде (Л.С.Выготский, Н.И.Жинкин, Т.М.Дридзе, А.А.Леонтьев және т.б.); психофилологиялық, автордың психологиясын тіл құралдары арқылы белгілі бір әдеби нысанда іске асыратын көп қырлы феномен ретінде (Е.И.Диброва, Н.А.Семенова, С.И.Филиппова және т.б.) және басқа да тұрғыдан қарастыруға болады. Осы келтірілген аспектілер мен әдіс-тәсілдер тізбесі – бұл, сайып келгенде, негізгі бағыттар және соларға сай теориялар, олар, қалай болғанда да, ғылыми таным объектісі ретінде мәтіннің онтологиясын түсіндіруге жол ашады. Олардың бірін-бірі жоққа шығармайтыны анық, өйткені мәтін сияқты күрделі құбылысты бір ғана схемамен немесе қандай да бір парадигма аясында сипаттау мүмкін емес. Лингвистиканың қысқа тарихында мәтіннің әр түрлі қырлары «басымдыққа ие» болып отырған, өйткені солардың біреуін ғана ерекше, дербес мәтіндік санат ретінде белгілеуге ынта танытушылық қалыптасқан еді. Осылайша, мәтін дегеніміз адам өзінің когнитивтік және тілдік қабілеттеріне байланысты жүзеге асыратын сөйлеу-ойлау қызметінің қорытындысы және сол ретінде дискурстың нәтижесі болады. Мәтінге когнитивтік-дискурстық көзқарас оның көп жоспарлылығын және көп қырлылығын ескереді, сонымен қатар мәтінді тілдік дерек ретінде шығарумен байланысты күрделі ментальды процестерді нақты елестету мен түсіндіруге мүмкіндік береді. Сондықтан да мынадай нәрсе айқындалады: жаппай қамтитын, әмбебап мәтінді құрастырмас бұрын (бұған әлі қол жеткізіле қойған жоқ, өйткені мұндай кез келген үлгі белгілі бір типтегі және жанрдағы мәтінге ғана тән қасиеттер мен параметрлерді көрсетеді) мәтіннің дербес тілдік негізін зерттеу жөніндегі күрделі жұмысты атқару керек, себебі кез келген мәтін – ең алдымен, нақты табиғи тілдің сөйлеу туындысы. Мәтінді, оның ішінде көркем мәтінді алдын ала дербес лингвистикалық талдау қажеттігі туралы Е.В.Падучева былай деп жазған: «Әдебиет теориясын және әдеби сынды мәтінге лингвистикалық талдау жасаусыз қарастыру мүмкін емес – мұндайда, егер де оған дейін қарапайым, бірақ анағұрлым негізделген (объективті) лингвистикалық талдау жүргізілмесе, әдебиеттануды талдау толық болмайды. Мәтінді талдай отырып, ең алдымен оның қандай тілде жазылғанын терең түсініп, белгілі бір мағынасына назар аудару керек. Содан соң және соның негізінде одан мағына шығаруға болады, олар, атап айтқанда, әлеуметтік, тарихи, әдеби және басқа да бірқатар контекстерден туындайды». Тілдік талдау аясында қарастыра отырып, оны әр түрлі әлеуметтік-мәдени, философиялық-герменевтикалық және басқа да зерттеулермен ауыстырмай, «оның қандай тілде жазылғанын терең түсініп, белгілі бір мағынасын» ашуға, түсінуге және сипаттауға мүмкіндік беретін мәтіннің дербес лингвистикалық санаттарын анықтау мәтін лингвистикасының маңызды міндеттерінің бірі болған және әлі де солай болып қалуда. Ең алдымен тілдік құрылымның белгілі бір сатылық иерархиясының схемасы бойынша мәтіннің мағыналық ұйымдастырылуын зерттеу, басқаша айтқанда, мәтіннің соңғы (терминалдық) құрамдас бөліктерінің, яғни сөйлемдердің мазмұндық жағын зерттеудің негізінде және соның көмегімен құрастыру арқылы мәтінді, оның семантикалық құрылымын талдау мүмкіндігі туралы ойдың туындайтыны анық. Алайда мұндай көзқарас көптеген лингвистер тарапынан келіспеушілік туындатқан және әлі де туындатып отыр: «Мәтін – процестің алынып тасталған сәті, онда объектінің дистинктивті белгілері әрқилы дәрежеде белгіленеді. Ең бастысы, оны лингвистикалық зерттеу назарына жуырда ғана енген жаңа объект ретінде қарастыруымыз керек. Яғни зерделеу әдістері ғана емес, осы объектінің шамалары да тек осы объектіге тән бірліктер ретінде қарастырылуға тиіс». Осыған байланысты, Т.В.Булыгинаның «мәтіндегі сө
Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы! |
Мы поможем в написании ваших работ!
