зін – өзі тану» пәнімен интеграцияланған физика сабағының жоспары

Мектеп: Саумалкөл қазақ орта мектебіМерзім:

Мұғалім: СадвакасоваТ.А.,Жамангарина А.К Сынып: 10бОқушылар саны: 27

Тақырыбы: Жылу мөлшері. Жылу мөлшерін есептеу. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы.

 

Мақсаты: Оқушыларға өмірде кездесетін физикалық құбылыстарды мысал ретінде айта отырып, жылу мөлшерінің физикалық мағынасы туралы түсінік беру. Формулаларын тұжырымдау. Есеп шығаруда қолдана білуге үйрету. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, бір – бірін бағалауға дағдыландыру. Күтілетін нәтиже: 1. Оқушылар жылудың мағынасын түсінеді. 2. Жылу мөлшерінің анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін біледі. Есеп шығаруда қолдана алады. 3. Заттың меншікті жылу сыйымдылығының анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін біледі. Есеп шығаруда қолдана алады. 4. Жылу берілу түрлерінің техникада, тұрмыста қолдану маңызын біледі. Есеп шығаруда қолдана алады. Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) оқулық, ғаламтор желісі, АКТ мүмкіндігі, А4, А3 қағазы, маркер, сурет қиындылары, желім, практикалық құрал-жабдықтар, үлестірме қағаздар.  
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. І. Ұйымдастыру: Оқушыларды алты топқа бөлу. Топқа түстерде берілетін тапсырмалар арқылы бөлініп болғаннан соң, топ ережесін еске түсіру. ІІ. «Қызығушылығын ояту» кезеңі. «Бүктеме» әдісі бойынша әрбір оқушыға өткен тақырыптар (изопроцестер, графиктер) бойынша үш сұрақтан жазу тапсырылады. Сұрақтарын жазып болған соң алты топ бір – бірімен алмасады, бір – бірін жауаптарын тыңдап бағалайды.(өте жақсы- «басбармақ» және т.б.) Тұрақтылық қасиетін жүрегімізге қалай орналастырар едіңдер? «Тұрақты адам» деп қандай адамды айтар едіңдер? (Дұрыс әрекет құндылығын ескеру, бұл жерде кей адамдарда белгілі бір жас шамасына келгенде тұрақтылық орнайды, яғни өзінің жасаған іс-әрекеттеріне есеп бере отырып, дұрыс әрекет жасайды) ІІІ. «Мағынаны ашу» кезеңі. ІІІ-1. «Миға шабуыл» Сурет бойынша жұмыс. Суреттерден не байқап отырсыңдар? ІІІ-2. «Венн диаграммасы» арқылы тегі бір заттарды араластыру, әр түрлі заттардың тепе-теңдіктегі температурасын табу, өлшеу. ІІІ-3. Тәжірибеде көрсету. (температуралары әр түрлі суларды араластыру,күміс қасықпен шайды араластыру) Адам қандай жас шамасында тепе-теңдікте, яғни ақыл-ойы толып, әр істі егжей-тегжейлі жүзеге асыратын және мақсатына жететін шағын айта аласыңдар?Осы кезеңді қандай өзгерістерінен ажыратуға болады? (Тепе-теңдік орнағанда ішкі тыныштық құндылығын айқындау, сол жаста ақыл тоқтатып, сабырлыққа келген шағы деп айта аламыз) Енді «Жуан» және «Жіңішке» сұрақтар беру арқылы жаңа тақырып бойынша постер қорғау. Жіңішке сұрақтар1. Жылу мөлшері дегеніміз не? Белгіленуі, формуласы, өлшем бірлігі. 2. Меншікті жылу сыйымдылығы дегеніміз не? Формуласы, өлшем бірлігі. Жуан сұрақтар1. Тепе-теңдіктегі температураны қалай анықтауға болады? Себебін түсіндір. 2. Жылу мөлшері қандай физикалық шамаларға байланысты? Себебін түсіндір. ІІІ-4. Есептер шығару.1-2-3 Үйлесімділік: түстердің араласуы: мысалы қызыл мен сары, көк пен ақ, қызғылт пен жасыл. ІV. “Ой толғаныс” кезеңі. Семантикалық карта толтыру. «Күн сәулесі»-не келтіру, өзара үйлесімділік және әркімнің өз әлемі бар.(презентациядан түстерді араластыру арқылы Күн сәулесінің әлемге шашар жарығы мен жылуы байқалады.) (Ақиқат әрі сүйіспеншілік екенін айтып кету, яғни бұл жерде Күн сәулесінің әлемге шашар жарығы мен жылуы Ақиқат және бүкіл әлемге сүйіспеншілігін сыйлайды) V. Үйге тапсырма беру. Есептер шығару (тест т.таратылып беріледі.) Топпен ән айту. (Сыртқы интеграция) Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А. Оралов Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар. Табаныңның астында жатады әлі Пенделіктен өресі аспағандар Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар. Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар, Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Жолы болсын ақ ниет бар адамдар! Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Жолы болсын ақ ниет бар адамдар! Жақсы адамдар. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Жолы болсын ақ ниет бар адамдар! Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Қарап өтсін сендерге басқа жандар. Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар Қарап өтсін сендерге басқа жандар Жақсы адамдар, жақсы адамдар Қарап өтсін сендерге басқа жандар Жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар.   VІ. Бағалау.(топ басшысы балаларды бағалайды)  
Оқушының аты-жөні Сұрақ қою Тәжірибе, есеп шығару Жуан, жіңішке сұрақтар Барлығы/бағасы
         
         
         
         
         
         

 

Сабақ барысын талдау:  

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!