Орта факторлары. Тіршілік формалары



Ағзаға әсер ететін деңгейлер: Минимум, максимум, оптимум

Ағзаның тіршілік ету қабілетін төмендететін фактор:Шектеуші

Ағзалардың төзімдік шегінен шығып кететін орта факторы (минимум не максимум): Шектеуші фактор

Организмдердің жер бетінде кең таралуын шектеп отыратын фактор: Шектеуші фактор

Шөлді жерлердегі шектеуші факторларға жататындар: Ылғалдың жетіспеушілігі

Организмге әсер ететін факторлардың ең төменгі деңгей, одан әрі тіршілік тоқтамайтын деңгей: Минимум деңгей

Организмге әсер етуші факторлардың ең жоғарғы деңгейі, одан әрі тіршілік тоқтайды: Максимум

Организмге әсер ететін факторлардың ең қолайлы деңгейі, одан әрі тіршілік тоқтамайтын деңгей: Оптимум деңгей(оңтайлы)

Кез келген ағзаның тіршілік жағдайына өте қолайлы әсерлер жиынтығын атайды: Оптимум

факторлар, оңтайлы факторлар

Минимум заңын ашқан ғалым: Ю.Либих

«Төзімділік заңының» тұжырымдаған ғалым: В.Шелфорд

Топырақта тамыры болмайтын, ағаштарға жабысып, шырмалып өсетін өсімдік: Эпифиттер

Жер бетінде өсетін барлық ағаштар мен бұталар: Фанерофиттер

Өркендері жер бетіне төселіп өсетін көпжылдық өсімдіктер: Хамефиттер

Жер бетіндегі өркендері қыста үсіп қалатын ,ал пиязшықтары сақталатын өсімдіктер тіршіліктің мына формасына жатады: Гемикриптофит

Топырақтың терең қабатында тамыр түйнектері, пиязшықтары, сабақтары сақталып қалатын көпжылдық өсімдіктер тіршілігінің формасы: Криптофиттер (геофиттер)

Жер асты мүшелері тегіс үсіп немесе қурап қалатын бір жылдық өсімдіктер тіршіліктің мына фомасына жатады: Терофиттер

Қоректену тізбектері. Зат және энергия айналымы

Энергия алу жолдары: Автотрофты, гетеротрофты

Күн сәулесі энергиясының химиялық заттар энергиясы айналуын жүзеге асыратын: Продуценттер

Күн сәулесі энергиясын пайдаланып, бейорганикалық заттардан органикалық заттарды синтездейді: Автотрофтар

Бейорганикалық заттардан органикалық заттарды синтездейтіндер: Продуценттер

Бейорганикалық заттан органикалық зат түзуші: Продуценттер, автотрофтар, жасыл өсімдіктер

Продуцентті ағзалар: Фотосинтездеушілер

Продуцент: Автотрофтар, өсімдіктер, хемотрофтар,хемосинтетик (күкірт бактерия)

Автотрофты жасушалардың гетеротрофты жасушадан айырмашылығы: Пластидтерінде

Автотрофты қоректенетін ағзалар: Өсімдіктер

Автотрофтылар: Фототрофты, хемотрофты

Фототрофтар үшін негізгі энергия көзі: Күн сәулесі

Дайын органикалық заттармен қоректенетін ағзалар: Консументтер, гетеротрофтар

Гетеротрофты ағзалар:Тұтынушылар

Дайын органикалық заттармен қоректенеді: Жануарлар

Бірінші ретті консументтер: Өсімдікқоректі жануарлар

Екінші ретті тұтынушылар: Етқоректі жануарлар

І-ші реттік тұтынушы: Қой, жылқы, қоян

ІІ-ші реттік тұтынушы: Қарсақ, сабаншы

Бейағзалық қосылыстарға ауыстырып, өлі ағзалық заттарды тұтынады: Ыдыратушылар

Редуцент: Органикалық затты ыдыратушылар, өлі органиканы бүлдірушілер, бейорганикалық затты түзеді

Редуценттер: Ыдыратушылар

Редуценттерге жататындар: Микроорганизмдер (сапрофиттер), саңырауқұлақтар, жауынқұрт

Даралар арасында бір-бірімен тығыз байланыста болатын түрлер тізбегі: Қоректік

Бастапқы қоректі заттан қажетті органикалық заттармен энергияның алатын өзара байланысқан түрлек тізбегі: Қоректік тізбектер

Қоректік тізбектің бірінші буындағылары: Өсімдіктер

Қоректік тізбектегі ағзалардың орналасуы: Асбұршақ тұқымы-тышқан-сарыбас-жылан-сұңқар

Топырақта қарапайымдылар бактериялармен қоректенеді,себебі зат айналымында олар: Өсімдік қалдығын бірінші бұзушылар

Экологиялық пирамиданың түрлері: Сандық, биомассалық, энергиялық

Әрбір деңгейде синтезделген органикалық заттардың мөлшерін білдіреді: Биомассалық пирамида

Қоректегі энергия мөлшерін көрсетеді: Энергиялық пирамида

Қоректік тізбектің әрбір деңгейіндегі даралар санын көрсетеді: Сандық пирамида

 

Табиғи және жасанды бірлестіктер

Жер де тіршілік етіп мекендейтін ағзалар жиынтығы: Ағзалық әлем

Биосфераның элементтік, құрылымдық, фукционалды бірлігі болып есептеледі: Биоценоз

Барлық компоненттер бірбірімен тығыз байланысқан, тұрақты өзін-өзі реттеуші экологиялық жүйе: Биоценоз

Табиғи бірлестіктердің негізгі бірлігі: Биоценоз

Табиғи биоценоздар: Табиғи сұрыпталудың әсерінен болады

Табиғи биоценоздың негізгі энергия көзі: Күн

Табиғи биоценоздарға жататындар: Табиғи шалғындық

Биоценоз терминін алғаш ұсынған ғалым: К.Мебиусс

Биогеоценоз туралы ұғымды ғылымға енгізген ғалым: В.Н.Сухачев

Жер бетінің бір аймағында тірі ағзалар мен айналадағы орта арасындағы бірлестік: Биогеоценоз

Биогеоценоз дегеніміз: Құрлық пен судың азды көпті бөлімдерінде бірлесіп тіршілік ететін ағзалардың тобы

Биогеоценоздың негізгі қызметі: Энергияны жинақтау және қайта бөлу

Биогеоценоздың ауысуына байланыссыз жүретін өзгерістер: Ағзалардың табиғаттағы маусымдық өзгерістерге бейімделуі

Төменгі сатыдағы өсімдіктер органикалық заттардың алғашқы түзушісі болатын

биогеценоз: Су қоймасы

Биогеоценоз орналасқан абиотикалық факторлары бойынша салыстырмалы түрде біркелкі кеңістік: Биотоп (биота)

Өсімдік бірлестігі деген: Бірдей жағдайда өсетін және тіршілігі үшін күресіп отыратын өсімдіктер тобы

Адамның іс-әрекеттері арқылы реттеліп отыратын тірі организмдер бірлестігі: Агроценоз

Мәдени өсімдіктерді өсіру мақсатында құрылған жасанды бірлестік: Агроценоз

Ауылшаруашылық өнімдерін алу мақсатында адам қолымен жасалған жасанды биогеоценоз: Агроценоз

Агроценоздың негізгі сипаты мен белігілері: Нақты таңдап алған түрлер ғана өсіріледі, организмнің қарым-қатынасы жоспарланған

Агроценоздың биогеоценоздан айырмашылықтары: Қосымша энергия жұмсауы

Агроценоздың табиғи биоценоздан айырмашылығы: Қоректену тізбегі қысқа

Агроценоздарға қоректік тізбектің міндетті бөлігі: Адам

Агроценоздарға жататындар: Жасанды егістік жерлер, бау-бақша

Агроценоздарда: Тыңайтқыш қолдан беріледі

Агрономиялық әдіске жатпайды: Канал қазу

 

Биосфера туралы түсінік

Жер ғаламшарының белсенді тіршілігі бар аймағын қамтитын геологиялық қабық:Биосфера

Жер бетіндегі тірі ағзалар мен химиялық элементтер айналымының жүйесі, күрделі көп

сатылы ашық жүйе ол: Биосфера

Барлық табиғаттағы өзгерістерді, оның даму заңдылықтарын (биосфера деңгейінде) ең жоғары жүйе ретінде қарастырылады: Биосфера

Ең жоғарғы жүйе ретінде қарастырлады: Биосфера

Биосфераға тән сипаттамалар: Тіршілік ырғағы күн энергиясына тәуелді, өзін-өзі реттеуші жүйе, белсенді тіршілігі бар аймақ

Биосфераның негізгі қызметі: Зат айналымы

Биосфера терминін алғаш енгізген австриялық биолог: Э.Зюсс

Биосфера туралы ілімнің негізін салған ғалым: В.И.Вернадский

Биосфераны жан жақты толық зерттеген ғалым:В.И.Вернадский

Биосфера энергияны алады:Күн сәулесінен

Биосферада тірі ағзалардың қатысуы арқылы оксидтердің түзілуі:Тотығу-тотықсыздану қызметі

Тірі ағзалардың сыртқы ортаға шығарған xимиялық элементтерді жинақтау:Концентрациялық қызмет

Фотосинтез және азот тұрақтандыру нәтижесінде газдардың биогендік орын ауыстыруы: Газдық қызмет

Заттар күйінің өзгеруі:Газдық қызмет

Жер ғаламшарының ауа қабаты: Атмосфера

Бүкіл әлемнің тіршілік тынысы:Атмосфера

Термосфера,экзосфера, мезосфера қабаттарынан тұрады: Атмосфера

Атмосфераның қабаттары:Стратосфера, тропосфера

Тропосферадан 100 км биіктікте орналасқан атмосфера қабаты:Стратосфера

Жер бетінен жоғары озон қабатының түзілуі: Молекулярлы оттегінен

Озон қабатының қызметі:Ультракүлгін сәуледен қорғайды

Жер шарындағы құрлықтың беткі қыртысты қатты қабаты: Литосфера

Жер ғаламшарының су қабаты аталады:Гидросфера

Гидросфераның ең терең жері:Мариан қазаншұңқыры

Биосфераның жаңа сапалық деңгейі: Ноосфера

Адам іс-әрекеті арқасында пайда болған биосфераның жаңа құрам бөлігі:Ноосфера

Жердің саналы қабығы:Ноосфера

Жердің жаңа қабығын жасайтындар: Адамдар

Ноосфера терминін ғылымға енгізген академик:В.И.Вернадский

Биосферада атом энергиясын пайдаланғанда: Радиоактивті сәулелер жинақталады

Тірі ағзалар жиынтығы жер бетінде құрайды: Ғаламшар биомассасын

Экожүйедегі барлық тірі ағзалардың тіршілік әрекеті кезінде түзілген биомасса: Биологиялық өнімділік

Биологиялық өнімділігі жоғары: Тропиктік орман экожүйесі

Құрлықтағы организмдердің биомассасының 90% жуығын құрайды: Орман өсімдіктеріТопырақ түзілу барысында өсімдіктердің басты рөл атқару себебі: Қураған жағдайда топырақ құрамына органикалық заттар қосылады

Топырақты қопсыту: Топырақта дымқылды сақтайды,ауа өткізгіштігін жақсартады

Топырақтың тау жыныстарынан айырмашылығы: Қарашіріктің болуы

Көміртегінің топырақта жинақталуы: Органикалық қосылыстар түрінде

Органикалық заттар топырақта: Ыдырайды

Топырақтың ластануының табиғи жолы: Су тасқыны

Топырақта тіршілік ететін жауын құртының құрып кетуі … байланысты: Қышқыл жауынға

Топырақтану ғылымының негізін салушы ғалым: В.В.Докучаев

Аэробионттар тіршілік етеді: Жер үсті-ауалы ортада

Аэробионттар: Жарғанат

Белгілі иесінде өмір сүретін ағзалар аталады: Эндобионттар

Топырақты мекендейтін тірі ағзалар:Геобионт

Топырақ ортасында тіршілік ететін ағзалар: Эдафобустар

Сулы ортада тіршілік ететін ағзалар былай аталады: Гидробионттар

Теңіздің қалың қабатында тіршілік ететін ұсақ ағзалар: Планктон

Планктон: Біржасушалы бактериялар

Мұнайды түзуші: Ертедегі теңіз планктондары

Мұхиттарда су түбінде бекініп не жорғалап жүріп тіршілік ететін жәндіктер: Бентостар

Бентостар: Теңіз жұлдызы

 

Биогеографиялық аймақтар

Биогеографияның негізін қалаған ғалым: А.Гумбольдт

Жер шарының биогеографиялық аймақтары болғанын дәлелдеген:А.Уоллес

Биогеографиялық аймақ: Аустралия, неоарктика, палеоарктика, Үнді-Малай немесе шығыс, неотропиктік, эфиопиялық

Тасмания, Гвинея, Тынық мұхиты аралдары жатады:Аустралия аймағы

Аустралиялық аймақтың жануары:Эму

Солтүстік Америка тұтасымен, Гренладия, Ньюфауленд аралдары:Неоарктикалық аймақ

Юкка кактус ағашы өсетін аймақ:Неоарктикалық

Қазақстан жері тұтас кіретін биогеографиялық аймақ:Палеоарктикалық

Лиана, бамбук, маниль кендірі, тик ағашы, баньян өсетін аймақ: Үнді-малай

Тұт жібек көбелегінің шығу орталығы: Қытай-Малай

Жалқауаң, құмырсқажегіш кеңінен таралған аймақ:Неотропиктік

Африка тұтасымен, Мадагаскар аралы, Арабия түбегінің оңтүстігі жатады:Эфиопиялық

Керік, страус, арыстан кездесетін биогеографиялық аймақ:Эфиопиялық

Эфиопиялық аймақта өседі:Сүйсін (орхидея)

Кенгуру мен коала мекендейтін жер: Австралия

Организмдер арасындағы қарым-қатынастар

Тірі ағзалардың бір-біріне өзара қолайлы жағдай туғыза отырып,селбесіп тіршілік етуі: Мутуализм

Әр түрге жататын ағзалардың өзара жағдай туғыза отырып тіршілік етуі: Селбесу

Екі ағзаның пайдалы селбесуі: Симбиоз

Ортақтар арасындағы өзара пайдалығымен сипатталатын қатынас кезіндегі селбесу түрі: Нақты селбестік

Бір түрдің зиянын тигізбей екінші түрдің қорек қалдықтарымен қоректенуі: Комменсализм

Бірге өмір сүрген түрдің біреуі пайда тауып, екіншісі мән бермейтін өзара қатынас: Серіктестік

Ағзалардың кейбіреулеріне өзге жануар түрінің денесі немесе солардың мекен орны:Пәтерлестік

Мутуализмнің мысалдары: Таңқы шаян мен актиния полипі, қына

Ағзалардың өз түрді тіршілік орны ретінде ғана емес,тұрақты қоректену көзі ретінде де пайдаланады:Арамтамақтық

Антагонизмдік қарым-қатынастар: Жыртқыштық, паразитизм, нейтрализм, бәсекелестік

Бір түр дараларының екінші түр дараларына жемтік болуы: Жыртқыштық

Биоценоздың өздігінен реттелуіне маңызы зор өте кең таралған түрі: Жыртқыштық

Жыртқыштар: Табиғи бірлестікте қорек популяциясын жандандырады

Жыртқыш-жемтік болатын табиғи қатынас:Қырғи және дала торғайы

Жануарлар арасындағы паразитизм: Шаншар көбелектің дернәсілдік денесіне жұмыртқасын салады

Организмдер арасындағы қарым-қатынастарға жатпайтыны: Зат алмасу

Экологиялық апаттар мен проблемалар

Атмосфераның күкіртті газдармен ластануы: Оттегі азаяды

Ауаның ластануы: Оттегін азайтады

Атмосферада улы заттардың көбейіп кетуінің өсімдіктерге әсері: Тыныс алуы бәсеңдейді

Антропогендік ластану: Судың мұнай өнімдерімен ластануы

Топырақтың ластануының антропогендік жолы: Қышқыл жауын

Қышқыл жаңбырдың жауатын себебі: Атмосферада SO2 мен NO2 көбейіп бөлінуінен

Табиғаттың ластануын саналы түрде реттейтін: Адам

Табиғи ластану: Адамға тәуелсіз жүреді

Химиялық ластағыш: Тыңайтқыш, пестицид

Физикалық ластағыш: Радиотолқындар, жылу, жарық, шу, радиация

Биологиялық ластағыш: Паразиттер

Қоршаған ортаның ауру қоздыратын бактериялар, вирустар арқылы ластануы:Биологиялық

Биологиялық ластану: Шегірткелердің қаптап кетуі

Табиғи ортаның биологиялық ластануы: Биотикалық ластану, микробиологиялық ластану

Микробиологиялық ластану: Тырысқақ жұқпалы аурулардың таралуы

Ластағыш заттардың негізгі көзі: Өнеркәсіп, автокөліктер

Зымырандық полигонда топырақты ластайтын өте қауіпті зат: Гептил

Газ тәрізді ластағыш зат: Көмірқышқыл газы

Сұйық ластағыш зат: Метанол

Табиғи төтенше жағдайлар: Жер сілкіну, көшкін

Жер қойнауындағы энергетикалық күштердің кенеттен жер бетіне шығуы:Жер сілкіну

Ауа ағысының үйіріліп, қатты соғуы: Құйындар

Жер қабатында магмалық жыныстардың жер бетіне қарай жылжуы: Жанартаулар

Жер шарында қуаңшылық жылдарында болып тұратын:Өрттер

Радиациялық ластану жоғары аймақ: Семей

Семей алғашқы атомдық жарылыс дауысы: 29 тамыз 1949ж.

Семей полигонында жарылыс даусы естілді: Сағат 7-де

Семейде өткізілген ядролық сынақ саны: 450 астам

Семей ядролық аймағына экологиялық зерттеу жүргізуге қаржылай көмек көрсеткен елдер: Үндістан, Корея

«Невада Семей» қозғалысын басқарған: О.Сүлейменов

Ядролық сынақ өткізуге мораторий жариялаған тұлға: Н.Назарбаев

«Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» жарлығына қол қойылды: 1991ж. тамыздың 29

«Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» жарлығыққа қол қойған тұлға: Н.Назарбаев

Қазақстанның ең шиеленіскен экологиялық проблемасы: Арал

Арал теңізінің флорасы мен фаунасы сиреп, балықтардың құрып кету себебі: Судың тартылуынан

Арал проблемасының зардабы әсерін тигізетін жерлер: Орталық Азия

Арал теңізі суының тұздылығы: 60%

Мұнай газ саласының қарқынды дамуының нәтижесінде пайда болған экологиялық проблема: Каспий

Каспий теңіз суының бүгінгі сапасының көрсеткіші-«биоиндекатор» болып табылады:

Құстар мен түленнің қырылуы

Қапшағай су қуат станциясының салыну салдарынан туындады: Іле-Балқаш су алабының экологиялық шиеленісу жағдайы

Ауыр металдар, мұнай өнімдері, фенолмен ластанып суының сапасы нашарлаған су алабы: Іле-Балқаш

Іле-Балқаш суларын ластағыш заттар: Мұнай өнімдері, фенолдар

Талас, Асы өзендерінің ластану көздері: Жамбыл фосфор зауытының сарқынды сулары

Ауадағы аммиак пен фенолдың мөлшері бірнеше есе көбейіп кеткен қала: Теміртау

 

                «Қызыл кітап». Қазақстанның қорықтары

Сирек кездесетін өсімдіктерді биологиялық қорғау жолы:Қызыл кітапқа енгізу

Сирек кездесетін, жойылып бара жатқан өсімдіктерді қорғау тізімі: Қызыл кітап

Тірі ағзалардың сирек және жойылып кету қауіпі бар түрлерін қорғау мақсатымен енгізген:Қызыл кітапқа

Қызыл кітапқа тіркелетіндер:Сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар

Қызыл кітаптың міндеттері:Республика заңдарына сәйкес сирек түрлерді қорғау

Қазақстанның Қызыл кітабы тұңғыш жарыққа шықты: 1978ж.

Қазақстанның Қызыл кітабының екінші басылымы шыққан жыл: 1991ж.

Қазақстанның Қызыл кітабының үшінші басылымы: 1996ж.

ҚР Қызыл кітабына тіркелген жануарлардың І-санаты: Жойылып бара жатқандар

ҚР Қызыл кітабына тіркелген жануарлардың ІІ-санаты: Саны азайып бара жатқан

ҚР Қызыл кітабына тіркелген жануарлардың ІІI-санаты: Сирек түрлер

ҚР Қызыл кітабына тіркелген жануарлардың ІV-санаты: Белгісіз түрлер

ҚР Қызыл кітабына тіркелген жануарлардың V-санаты: Қалпына келтірілген түрлер

1981ж. шыққан өсімдіктерге арналған Қызыл кітаптағы өсімдіктер саны: 303

Халықаралық «Адам және биосфера» бағдарламасына қатысушы мемлекеттер: Биосфералық қорықтар ұйымдастырады

Бүкіләлемдік табиғи мұралар тізіміне енген қорықтар: Қорғалжын, Наурызым

2012ж. Бүкіләлемдік биосфералық резерваттың тізіміне тіркелген қорық: Қорғалжын

Далалы, шөлейтті аймақтарда ұйымдастырылған қорықтар: Наурызым,Үстірт,Барсакелмес

Сулы-батпақты алқаптың табиғи байлығын қорғайтын қорық: Қорғалжын

Ақмола облысында орналасқан қорық:Қорғалжын

Алматы мемлекеттік қорығы:Іле Алатауында

Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігінде орналасқан арал, қорық:Барсакелмес

Өсімдіктер мен жануарлар арнайы қорғалатын тұтас табиғи аймақ: Қорық

Қорықтарды ұйымдастыру мақсаты:Табиғат байлықтарын табиғи қалпында сақтап қалу

Оңтүстік Алтайда орналасқан қорық:Марқакөл

Талас Алатауында орналасқан қорық:Ақсу-Жабағылы

Қостанайдың далалық аймағында орналасқан қорық:Наурызым

Маңғыстауда орналасқан қорық:Үстірт

Алматы облысында орналасқан қорық: Алакөл

Қазақстандағы қорықтар саны: 10

Қазақстанда ұйымдастырылған ұлттық табиғи саябақ саны: 12

Еліміздегі қорықшалар саны: 62

Ерекше қорғауды қажет ететін жыртқыш жәндік: Нәзікқұйрық инелік

Қанатында ерекше белгісі болмайтын инелік түрі: Көркемше

Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген ең жалмауыз жәндік: Ақтеңбіл аналық дәуіті

Аналығы аталығын жеп қоятын ең жалмауыз дәуіт: Ақтеңбіл

Партеногенезді жолмен көбейетін қанаты жоқ бунақденелі: Далалық кергі

Далалық кергілердің шырылдамау себебі: Аталықсыз ұрықтану

Тұрқы 87 мм шамасындағы ең ірі қоңыз: Бұғықоңыз

Дернәсілдері құрғақшылыққа төзімділігі -20С аязға шыдайтын жәндік: Бұғықоңыз

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген құс: Бүркіт

Ғылыми, тарихи, мәдени және этникалық маңызы бар табиғат объектілер: Табиғат ескерткіштері

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жаңа түрі: Табиғи резерваттар

Қазақстанда орналасқан ботаникалық бақтар: Бас ботаникалық бақ (Алматы), Маңғыстау, Жезқазған, Алтай, Іле (Бақанас)

 

Логикалық тест тапсырмалары

Пеларгонияның бір жапырағын екі жағынан, екінші жапырағын жартылай қара қағазбен жауып 2 тәулікке күнде қалдыртық. Жабылған және жартылай жабылған жапырақтарды алып, әлсіз йод ерітіндісіне 2-3 минут малып қойсақ, жарық түсіп тұрған жапырақтың өзгеруі: Көк түске боялады

Ыдыстың түбіне еш нәрсе төсемей, кез келген тұқымның 10-15 талын салып құрғақтай алдырамыз. Бір аптадан соң тексергенде ыдыста: Еш өзгеріс байқалмаған

Басқа ағаштарға қарағанда 2-3 есе тез өседі. 30 жылда кесуге жарап, әр гектарынан 300 м2 ағаш сүрегін береді. Ауаны тазартуына және басқа ағаштарға қарағанда оттегін көп бөлуіне байланысты қалаларды көгалдандыру мақсатында өсіріледі. Бұл ... ағашы: Терек

Батпақты жердің ылғалы мол болғанымен, ол жерлерде көптеген өсімдіктер өсе алмайды. Батпақ жерлерде өсетін өсімдіктердің тамырларының қызметінің бұзылу себебі: Топырақта ауаның жеткіліксіздігі

Жылыжайда қызанақтың өсіп кеткен жапырақтары мен сабақтарының біразын қырқып тастайды, себебі: Өркендерін көбірек дамытып, мол өнім алу үшін

Бойы аласа және сабағы жайылып өскен шыршаны өсіру үшін жасалатын әрекет: Төбе бүршігін қию

Орманда өсетін қарағайға қарағанда ашық далада өсетін қарағайдың сабағы жуан, тамыры жақсы дамыған, желге шыдамды. Өйткені оларда жақсы дамыған: Тірек ұлпасы

Қыста жертөлеге көктемге дейін сақтауға 200 кг картоп салынды. Қыс бойы ол жерден картоп алынған жоқ. Көктемде алып өлшегенде 170 кг картоп қалғаны анықталды. 30 кг картоптың жоғалу себебі: Тыныс алуына байланысты

Бұл ағзалардың әрекетінен кітап сақтайтын орындар мен мұражайлар, шахталар, металдар зардап шегеді: Саңырауқұлақтар

Тұщы су қоймасы және аумақта судың орнығу тәртібін реттеуші, жазғы, қысқы жауын-шашынды губкаша сіңіре алатын өсімдік: Шымтезек мүгі

Жапондықтардың өмірінің ұзақ болу себебі: Теңіз ағзаларын тағамда көп пайдалануы

Сексеуіл жас өркендерін үнемі түсіріп отырады, себебі: Ылғал жетіспегенде, суды аз

буландыру үшін

Өсімдіктің «өгейшөп» деп аталу себебі: Жапырақ тақтасының екі түрлі болуы

Испандықтар «махаббат алмасы», итальядықтар «алтын алма», үнділіктер «ірі жидек», К.Линней «қасқыр шабдалы» деп атау берген өсімдік: Қызан

Аквариумдағы сүліктер жауын-шашын, қар түсер алдында судан шығып, шыныға жабысып тұрады, күн ашық күндері жүзіп жүреді:Қысым төмендеп, тынысалу қиындайтындықтан

Өзен шаяны қайнатқанда түсі қызарып кетеді. Себебі: Хитинді жабындағы барлық пигменттер қайнатқанда бұзылады да, тек қызыл пигменті бұзылмай, сол түсін сақтайды

Ара қызыл түсті гүлді өсімдіктердің ішінен, тек көкнәрдің гүлін ғана тозаңдандырады: Себебі: Күлтесі ультракүлгін сәулені шағылыстырып, араға көруге жағдай жасалынады

Аралар шірнелік жинау үшін алыстан гүлдің иісін сезеді.Себебі: «барлаушы» араны жіберіп, соның «иісті» хабарымен табады

Судағы барлық организмдерге тән қасиет: Жүзу

Суда тіршілік ететін жануарлардың көпшілігінде тынысалу жүйесінің негізгі мүшесі: Желбезек

Шыбынның дәм сезімі орналасады: Аяғында

Электр шамы, керосин, т.б. жанғаш заттар шықпай тұрған кезде Канаданың батыс жағалауында мекендеген үнділер кептірілген ұсақ балықты шырағдан орнына пайдаланған, себебі балық қаңқасында: Фосфор көп

Сегізаяқты «сиқырлап» ұйықтату әдісі: Ауызын жоғары,қармалауыштарын төмен жіберу

Тауық жұмыртқасының піскен,шикі екенін сыртынан анықтауға болады: Айналдыру, піскенжұмыртқа тез тоқтайды

Иттің үлкен ми сыңарын алып тастаса: Шартсыз рефлекс жоғалады

Аяқ астынан жылан көргенде адамның тоқтап қалу себебі: Шартсыз рефлекс

Соқыр күшіктің енесінің бауырына қалампыр майын жағып қойғанда, күшік енесін ембей теріс айналып кеткен. Енесін иісі арқылы анықтайтын күшікте бұзылды: Шартты рефлекс

Жаздың ыстық күнінде суырлардың күндіз бірнеше рет ұйқыға кетуі: Денесінен судың бөлінуі азаяды

Раффлезия гүлінің иісі шіріген еттің иісіндей болуының маңызы: Шыбын, шіркей, қоңыздар арқылы тозаңданады

Жараның жазылуы,сынықтың бітуі жасушаның мына әрекетіне байланысты: Көбеюге

Ескі жасушалардың жаңарып отыруының себебі: Көбею

Домалаңғы, жасыл эвглена жарық мол түскен улескіге қарай қозғалады, өйткені: Жасушаларында фотосинтездеуіш пигменттер бар

Мектепте қоңырау кезінде терезе ашылып, желдету жұмысы жүргізіледі, себебі: бактерия саны азаяды

Қыналар табиғатта кең таралған, адамдардың түсінігімен қарағанда өте қатаң жағдайларда тіршілік ете береді, бірақ қалаларда кездеспейді, себебі: Қала ауасындағы зиянды заттар қына тіршілігіне зиян

Ауаның күкіртті газбен аз ғана ластануы, кейбір өсімдіктердің жаппай қырылуына әкеп соқтырды: Мүктер, қыналар

Алкоголь адамның қантамырын кеңейтеді, бірақ мас адам қатты суықта тоңады, себебі: Тері тамырлары кеңейген, ағза көп жылу береді

Қатты аяз күндері хайуанаттар саябағында құстар жиі-жиі сүңгіп шығатын себебі: Жылыну үшін

Тері қан тамырларының рефлексті түрде тарылу себебі:Қоршаған ортаның температура төмендегенде

Жылу өнімділігінің ағзада арту себебі: Қоршаған ортаның t0 артуы

Батпақты жерлер мен бейіттерде адам қорқатындай оттар жылтырайды, бұл құбылыстың болу себебі: Бейорганикалық заттар түзіледі

Сыртқы ортадағы маусымдық өзгерістердің ең негізгі әрекеті: Күн жарығының ұзақтығының өзгеруі

Көпшілік ағзаларға тән маусымдық өзгерістердің негізгі себептері:Күннің ұзаруы

Ормандағы ағаштарды жыл сайын кесуге болмайтын себебі: Топырақты минералды тұздармен байытады

 

 

Мазмұны

1. Биология ғылымының салалары

2. Ұлғайтқыш құралдар

3. Өсімдік жасушасының құрылысы

4. Өсімдік ұлпалары

5. Өсімдіктердің өсімді мүшелері

6. Тамыр. Тамырдың түрөзгерістері

7. Өркендер мен бүршіктер

8. Сабақтың құрылысы мен түрлері

9. Жапырақ. Жапырақтың түрөзгерістері

10. Өсімдіктердің көбею мүшелері

11. Гүлшоғырлар

12. Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану. Ұрықтану

13. Жемістер

14. Тұқым. Тұқымның өнуі

15. Вирустар

16. Прокариоттар (Бытыранықтар)

17. Саңырауқұлақтар дүниесі

18. Қыналар

19. Балдырлар

20. Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер

21. Ашық тұқымды өсімдіктер

22. Жабық тұқымды өсімдіктер

23. Даражарнақтылар класы

24. Жануарларды жіктеу

25. Қарапайымдылар - біржасушалы жәндіктер

26. Ішеуқуыстылар типі

27. Жалпақ құрттар типі

28 Жұмыр құрттар типі

29. Буылтық құрттар типі

30. Ұлулар типі

31. Буынаяқтылар типі

32. Тікентерілілер типі

33. Желілілер типі

34. Балықтар класы

35. Қосмекенділер класы

36. Жорғалаушылар класы

37. Құстар класы

38. Сүтқоректілер класы

39. Анатомияға кіріспе

40. Ұлпалар

41. Эндокриндік жүйе

42. Жүйке жүйесі

43. Сезім мүшелері – анализаторлар

44. Тірек-қимыл мүшелер жүйесі

45. Ағзаның ішкі ортасы

46. Жүрек-қантамырлар жүйесі. Лимфа жүйесі

47. Тыныс алу жүйесі

48. Асқорыту жүйесі

49. Асқорыту бездері

50. Витаминдер

51. Зәр шығару жүйесі

52. Терінің құрылысы мен қызметі

53. Жыныс жүйесі

54. Мінез-құлық пен психика

55. Жасушаның химиялық құрамы

56. Адам мен жануар жасушасы

57. Митоз бен мейоз

58. Онтогенез - организмнің жеке дамуы

60. Организмдерің көбею жолдары

61. Зат алмасу мен энергия айналымы

62. Генетика

63. Генетикалық есептер

64. Селекция

65. Тіршіліктің қасиеттері мен деңгейлері

66. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы

67. Эволюциялық ілім негіздері

68. Микроэволюция

69. Макроэволюция

70. Жер тарихы

71. Антропогенез - адамның шығу тегі

72. Экология. Экологиялық факторлар

73. Қоректену тізбектері. Зат және энергия айналымы

74. Табиғи және жасанды бірлестіктер

75. Биосфера туралы түсінік

76. Биогеографиялық аймақтар

77. Организмдер арасындағы қарым-қатынастар

78. Экологиялық апаттар мен проблемалар

79. «Қызыл кітап». Қазақстанның қорықтары

80. Логикалық тест тапсырмалары


Дата добавления: 2021-06-02; просмотров: 180; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!