Водный кодекс Республики Казахстан. Кодекс Республики Казахстан от 9 июля 2003 года N 481

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

(2019 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М1 37 Су ресурстары және суды пайдалану

Шифр          білім беру бағдармалар тобы

3. Тест мазмұны : Тестіге «Су ресурстарын кешенді пайдалану» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.

 

Тақырыптың мазмұны Қиындық деңгейі Тапсырмалар саны
1 Су шаруашылығы. А 3
2 Сушаруашылық кешені (СШК). А 3
3 Сушаруашылық кешенінің (СШК) қатысушылары. В 3
4 Су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау. В 2
5 Сушаруашылық теңдестік (СШТ). С 3
6 Сушаруашылық шаралары мен есептері. С 3
7 Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау. В 3

Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны :

20

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

С у ресурстарын пайдалануды жоспарлау. Мемлекеттiк су шаруашылығы - анықтамасы, құрамы, қызмет мақсаттарының негiзгi белгiлерi. Су пайдаланудағы мемлекеттiк бақылау. Су пайдаланушыларға арнайы рұқсат беру. Қазақстандағы су заңдылықтары. Қазақстан және басқа елдердегi су шаруашылығы дамуының болашағы. Су ресурстарын кешендi пайдалану және оларды қорғаудың нұсқалары. Нұсқаларды жiктеу, олардың құрамы мен орындау әдiстерiн анықтау.

С у шаруашылық тепе-теңдiгi. Су шаруашылық тепе-теңдiк - су қорларын кешендi пайдалану және оларды қорғау нұсқасын түзуге негiз. СШТТ түрлерi. СШТТ кiрiс бөлiгi. СШТТ кiрiс бөлiгiн құрастыру. СШТТ шығын

бөлiгi. Суды пайдаланудың басты сипаттамалары. Су ресурстарын басқару әдiстерi.

С у шаруашылық кешендерi. Су шаруашылық кешенi туралы түсiнiктер. СШК-ның масштабтары мен құрылымдарының түрлерiне байланысты жiктеу. Суды тұтыну және суды бөлу. СШК-нiң негiзгi қатысушылары. Олардың су кездерiнiң әлпiсi мен сапасына қоятын талаптары.

С у шаруашылық кешеннiң қатысушылары. Пайдаланатын суға қойылатын талаптар. Суды қолдану ерекшелiктерi. Бөлiнетiн сулардың сапалық қасиеттерi. СШК басқару қатысушыларына келтiретiн ықпалы. Қазақстанның су энергетикалық қорлары. Су қуатын пайдалану принциптерi. Табиғи кешендер туралы түсiнiктер. Табиғатты қорғау аймақтарын анықтау.

С у шаруашылық кешендерiн басқару. Су шаруашылық кешендерi /СШК/ және су шаруашылық жүйелерi /СШЖ/ туралы түсiнiктер. СШК және СШЖ ерекшелiктерi, олардың басқа халық шаруашылық жүйелерiнен айырмашылығы. СШК-ны келешектi және ағымды басқару туралы түсiнiктеме. Басқарудың негiзгi мәселелерi.

Су шаруашылық кешендерiнiң құрамын түзу. Әр түрлi деңгейлер иерархиясындағы СШК құрамын түзуде шешiлетiн мәселелер.

Кешендi су торабы және олардың қызметiн басқару. Кешендi су тораптарының қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi. КСТ су қоймаларының су қорларын пайдалану ережелерiнiң негiзгi жағдайлары. КСТ пайдалану кезiнде су бөлудi ұйымдастыру. Саты түрде орналасқан су тораптарының әлпiсiн үйлестiру туралы түсiнiктер.

Су қорларын ластанудан және сарқылудан қорғау. Табиғи сулар сапасының көрсеткiштерi және негiзгi түсiнiктер. Табиғи сулардың қазiргi деңгейдегi сапасы, ластану дәрежесi. Табиғи суларды ластайтын негiзгi көздер. Су қорларын қорғаудың құқықтық мәселелерi.

5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут.

Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

- жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);

- орташа (B) – 8 тапсырма (40%);

- қиын (C) – 6 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Түсуші тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда түсуші 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін түсушіге 0 балл беріледі. Түсуші дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.

9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Юшманов О.Л., Шабанов В.В., Галямина И.Г. и др. Комплексное использование и охрана водных ресурсов. Учебное пособие. -М.: Агропромиздат, 1985.

2. Васильев Ю.С., Хрисанов Н.И. Экологические аспекты гидроэнергетики.-Л.: Издательство ЛГУ, 1984.

3. Яковлев С.В., Прозоров И.В., Иванов Е.Н. и др. Рациональное использование водных ресурсов. -М.: Высшая школа, 1991.

4. Пряжинская В.Г., Никун А.Д., Шнайдман В.М. и др. Математическое моделирование в управлении водными ресурсами. -М.: Наука, 1988.

5. С. В. Яковлев, И. Г. Губий, И. И. Павлинова. Комплексное использование водных ресурсов. М.: Высшая школа, 2008. —383 c.

6. Великанов А.Д., Коробова Д.Н., Пойзнер В.И. Моделирование процессов функционирования водохозяйственных систем. -М.: Наука, 1983.

7. Резниковский А.Ш., Рубинштейн М.И. Диспетчерские правила управления режимами водохранилищ. -М.: Энергоатомиздат, 1984.

8. Бородавченко И.И., Лозоновская И.П., Орлов Д.С., Михура В.И.

9. Комплексное использование и охрана водных ресурсов. -М.: Колос, 1983.

Водный кодекс Республики Казахстан. Кодекс Республики Казахстан от 9 июля 2003 года N 481

11. Ходанков, Н.А. Водохозяйственный комплекс: учеб. пособие по дисциплине "Комплексное использование водных ресурсов" / Н.А. Ходанков, Г.Д. Койшибаева, С.К. Джолдасов.- Алматы: CyberSmith, 2017.- 180 с.

12. Джолдасов, С.К. Мониторинг водных объектов и геоинформационные системы: учеб. пособие / С.К. Джолдасов, Г.Е. Кожамкулова.- Алматы: Эверо, 2017.- 184 с

 


Дата добавления: 2021-02-10; просмотров: 34; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!