Е) Жедел обструктивті бронхит 43 страница



А) Оң жақтағы кеуде бөлігіндегі жұлынның жарты бөлігінің зақымдануы

В) Оң жақтағы перифериялық нервтің зақымдануы

С) Оң иық өрімінің зақымдануы

D) Оң жақтағы алдыңғы орталық қатпардың зақымдануы

Е) Сол жақтағы ішкі капсуланың зақымдануы

{Дұрыс жауабы} = B

$$$0064

Науқаста келесі симптомдар анықталған: бұлшық ет сіреспелігі, брадикинезия, ахейрокинезия, пропульсия, брадилалия, парадоксальды кинезия, білезік пен бастағы ұсақ ритмді діріл, брадипсихия. Бұл синдром қалай аталады:

А) Мишық атаксиясы

В) Джексон синдромы

С) Акинетикалық-сіреспелі синдром

D) Гиперкинетикалық-гипотоникалық

Е) Тетраплегия

{Дұрыс жауабы} = C

$$$0065

Науқаста екі жақ бойынша ДIV-ДVII дерматомдары шегінде ауырсыну және температуралық сезімталдық бұзылуы байқалады. Науқаста сезімталдық бұзылуының қай түрі көрсетілген:

А) Перифериялық

В) Артқы мүйізді-сегментарлы

С) Комиссуральды-сегментарлы

D) Өткізгіштік

Е) Полиневритикалық

{Дұрыс жауабы} = C

$$$0066

Науқаста тетрапарез анықталған: қолда тонус төмендеген, аяқта жоғарылаған, қолдағы рефлекстер төмендеген, аяқта жоғарылаған, бұғана деңгейінен бастап сезімталдықтың барлық түрі төмендеген. Топикалық ошақты анықтаңыз:

А) Жоғарғы мойын бөлігіндегі жұлынның зақымдануы

В) Мойынның жуан бөлігіндегі жұлынның зақымдануы

С) Кеуде бөлігіндегі жұлынның зақымдануы

D) Бел-сегізкөз аймағындағы жұлынның зақымдануы

Е) Жұлынның жартылай зақымдану синдромы

{Дұрыс жауабы} = B

$$$0067

Науқаста тілдің оң бөлігіндегі атрофия, тілдің оң жақтағы бұлшық еттерінің фасцикулярлы жыбырлауы, тілді шығарғанда оңға қарай қисаюы байқалады. Қандай нерв зақымданған:

А) Тіл-жұтқыншақ

В) Кезбе

С) Үшкіл

D) Оң жақтағы тіл асты

Е) Сол жақтағы тіл асты

{Дұрыс жауабы} = D

$$$0068

Орталық жүйке жүйесінің қай бөлігі ішімдікпен зақымдағанды?

А) Супраорбиталық бұралаң.

В) Вернике зона.

С) Бұрыштық бұралаң.

Д) Фоллуккулюс.

Е) Мишық құрты.

{Дұрыс жауабы} = Е

$$$0069

17 жастағы науқас қыз, көңіл-күйі жабырқаңқы, мұңайған, жиі жылайды, өзінің ешкімге керексізідігі және пайдасыздығы туралы айтады. Өзіне-өзі қол жұмсау туралы ойларын білдіреді. Бұзылушылықтың қай түрі екенін анықтаңыз? 

A) эйфория

B) депрессия

C) дисфория

D) жігерсіздің

E) эмбиваленттілік

{Дұрыс жауап}= В

$$$0070

45 жастағы әйел, күндізгі дене жүктемесінен соң пайда болған қарқынды бас ауруымен, жүрек айну және қайталама құсумен ауруханаға жеткізілді. Ауырғанға дейін өзін сап-саумын деп есептеген. Қарап тексеру кезінде: санасы айқын, артериалды қысымы – 160/100 мм сын. бағ., тамыр соғысы – минутына 70, ырғағы дұрыс, көзі қарығады, мойын бұлшықеттерінің сіреспелілігі, жартылай салдану және басқа неврологиялық бұзылыстар жоқ. Ең ықтимал қандай диагноз?

A) ми инфаркты

B) субарахноидалды қан құйылу

C) жедел менингит

D) транзиторлы-ишемиялық шабуыл

E) дискогенді радикулопатия

{Дұрыс жауап}= С

$$$0071

20 жастағы ер адамда, соңғы 5 жол бойы бірнеше секунд ішінде жағымсыз иіс сезімінен басталатын есінен танып қалу ұстамасы пайда болды. Есінен танып қалу, аяқ-қолдарындағы үндескен және клонусты құрысу, тіл тістемі және зәрі тоқтамау. Ұстама бірнеше минут бойына жалғасады, ұстамадан кейін әдетте бас ауруы мазалайды, талма кезіндегі оқиғалар науқастың есінде жоқ. Бастапқыда талмалар жарты жылда бір рет болса, соңғы жылы олар айына бір ретке дейін жиілеп кетті. Қарап тексеру кезінде неврологиялық статуста өзгерістер байқалмады.

A) генерализацияланған қояншық талма

B) идиопатиялық эпилепсия

C) қамығулар

D) қояншық ұстамасы

E) кіші құрысу талмасы

{Дұрыс жауап}= А

$$$0072

36 жастағы пациент түнгі уақытта күшейетін үдемелі бас ауруына, сондай-ақ жүрек айну, ауырсынумен құсуларға шағымдарымен келді. Анамнезінде – 4 жыл бұрын сифилис бойынша ем қабылдаған. Неврологиялық статусында нағыз Аргайл Робертсон белгілерінің кешені, сол жақ бетінің асимметриясы, орталық тип бойынша жеңіл сол жақтың гемипарезі, гемигипестезия. Бас миының МРТ-сы жасалды, ми оң жақ жарты шарлардың конвекцитальды бетінің (сурет) көлемді құрылымы. Қанында – оң Вассерман реакциясы. Ең ықтимал қандай диагноз?

A) нейробруцеллез

B) созылмалы серозды менингит

C) нейросифилис

D) ишемиялық инфаркт

E) бет жүйкесінің невриті

{Дұрыс жауап}= С

$$$0073

42 жастағы пациент, оң қолындағы ұдайы құрысуларға шағымданып келді, құрысулар оқтын-оқтын күшейіп тұрады және науқас есінен танып қалады. Анамнезінен: тайгада болған кезінен кейін дене қызуының көтерілуі және қол бұлшық еттерінің әлсіреуі дамуымен жедел инфекцияға шалдыққан. Қарап тексеру кезінде: бас сүйек жүйкесі жағынан IX, X, XI және XII бас сүйек жүйкелерінің перифериялық жартылай салдану белгілері. Қолдарының күші 3 баллға дейін төмендеген, олардың айқын солуы. D>S тізе рефлекстерінің анизорефлексиясы, 2 жақтан патологиялық табан рефлекстері. Тексеріп қарау кезінде оң қолында үздіксіз бұлшық еттің құрысуымен гиперкинезі байқалды. Ең ықтимал қандай диагноз? 

A) менингоэнцефалит

B) кене энцефалиті

C) нейроревматизм

D) паркинсонизм синдромы

E) ұмытшақтық склерозы

{Дұрыс жауабы}= В

$$$0074

52 жастағы әйел адам, миастениямен азап шегеді, аяқ-қолдары бұлшық еттерінің әлсіреуінің үдеуіне байланысты, дәрігердің кеңесінсіз калимин мөлшерін тәулігіне 3 таблеткадан 6-8 таблеткаға дейін көбейткен. Осның салдарынан ішінде ауырсынулар және күшті сілекейдің бөлінуі пайда болған, аяқ-қолдарындағы әлсіздік үдеген. Тексеріп қарау кезінде: тері жабындылары бозғылт, артериалды қысым – 80/40 мм сын. бағ., тамыр соғысы – минутына 42, тыныс алуы минутына 25-ке дейін жиілеген, қарашықтары қысаң, симметриялы, аяқ-қолдарының күші 4 баллға дейін төмендеген, сіңір рефлекстері төмен.

A) миастениялық криз

B) тимома

C) холинэргиялық криз

D) ишемиялық инсульт

E) субарахноидалды қан құйылу

{Дұрыс жауап}= A

 

 

ИНФЕКЦИОННЫЕ БОЛЕЗНИ

$$$001

22 жастағы әйел, емхана дәрігеріне ауыруының 3 ші күні ауызының құрғауына, заттардың екі еселеніп көрінуіне, көру қабілетінің нашарлауына, жутынудың қиындауына, қақалуына, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. 3 күн бұрын қонақта салат, кәуап, үйде жасалған консервіленген шұжық жеген. Келесі күні әлсіздік, ауызының құрғауы, эпигастрии аймағында ауырсыну, 2 рет құсу болған. Көз алдында “тор”, заттардың екі еселеніп көрінуі, жұтынудың қиындауы, даусының қарлығуы пайда болғанын байқаған. Қарап тексергенде: есі анық, екі қабақта птоз, мидриаз. Сұйық тағамды жұтуы қиындаған, тамағында жайсыздық сезінеді.

Ең ықтимал диагноз?

А) Ботулизм

B) Мидың ісігі

C) Гипертониялық криз

D) Тағамдық токсикоинфекция

E) Ми қан айналымының жедел бұзылысы

{Дұрыс жауап}=А

$$$002

28 жастағы ер адам, ауруының 2-ші күні терапевт дәрігеріне қаралған. Шағымдары: іштің толғақ тәрізді ауруы, жүрек айну, бастың ауруы, тәулігіне 10 рет сүйық нәжіс болуына, тенезмдер, жалған шақырулар. Қарап тексергенде: дене қызуы - 38,0°С, АҚҚ 90/60 мм с.бағ, пульс -110 рет/мин. Іштің пальпациясы кезінде: іштің сол жақ мықын бөлігінде ауырсыну, сигма тәрізді ішектің спазмы байқалады. Үлкен дәреті шырышпен қан аралас, нәжізсіз. ЖҚА: эр.-4,0х1012 /л, НЬ -145 г/л, лейк.-11,4x109/л,  э – 1%, п– 6%, с – 75%, л – 18%, м - 5. ЭТЖ – 17мм/с.

Қай  диагноз ең ықтимал болады?

A) Тырысқақ

B) Салмонеллез

C) Жедел дизентерия

D) Тағамдық токсикоинфекция

E) Жедел гастроэнтероколит

{Дұрыс жауап}= C

$$$003

Жасөспірім 17 жаста учаскелік терапевтке ауыруының 5-ші күні мынандай шағымдармен келген: тамақтың ауруына, жұтыну кезінде күшейуіне, бас ауру, жүрек айну, айқын әлсіздік, буындардағы ауыру сезіміне, зәрінің қоңыр түсті болып өзгеруіне. Қарап тексергенде: дене қызуы 38,5° С. Тері жабындылары, склерасы сарғыштанған, мойын˗жақ астық лимфа түйіндері пальпацияланады, аңқасы – қызарып, бадамша бездері ұлғайған, лакуналары іріңді жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астының ауру сезімі, бауыр қабырға доғасынан 2,0-2,5см шыққан, консистенциясы тығыз.   

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал болады?

A) Листериоз                              

B) Иерсиниоз 

C) Лептоспироз

D) Вирусный гепатит 

E) Жұқпалы мононуклеоз

{Дұрыс жауап}=Е                                                                                  

$$$004

17 жастағы жасөспірім емханадағы дәрігер-инфекционистке қаралды. Әлсіздікке, дене температурасының жоғарлауына, тәбеттің төмендеуіне, құсуға шағымданады. Бүгін, ауыруының 8 күнінде терісіндегі және склерасындағы сарғаюды байқаған, жалпы жағдайы жақсарып, тәбеті ашылған. Жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындылары және көзге көрінетін шырышты қабаттары аздап сарғайған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты ауру сезімді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анықталады. Зәр түсі қоңыр, нәжісі түссізденген. Қанның биохимиялық анализі: АЛТ - 460 ммоль/л, АСТ - 254 ммоль/л, жалпы билирубин - 65.0 ммоль/л, тікелей - 52 ммоль/л. ИФА: a-HAVIgМ оң. Амбулаторлық ем тағайындалған.

Қандай ем шарасы базистік терапия құрамына кіреді?

A) Серотерапия

B) Антибиотикотерапия

C) Вирусқа қарсы терапия

D) Оральді  дезинтоксикация

E) Өт айдайтын препараттарды қабылдау

{Дұрыс жауап}=D

$$$005

Ер адам бірнеше жылдан бері емханада «Созылмалы вирусты гепатит С» диагнозымен есепте тұрады.

Қандай синдром созылмалы HСV-инфекциясының бауырдан тыс көріністеріне жатады?

A) Калькулезді холецистит

B) Криглер-Найяр синдромы

C) Аутоиммунды тиреоидит

D) Өкпе туберкулезі

E) Өт шығу жолдары дискинезиясы

{Дұрыс жауап}=С

$$$006

35 жастағы ер адам, бастың қатты ауыруына, дене қызуының жоғарылауына, ұйқының бұзылуына, тәбеттің жоғалуына шағымданып учәсткелік дәрігерді үйіне шақыртты. Анамнезде: ауру бір апта бұрын әлсіздік, субфебрильді қызба, бас ауруының біртіндеп өршуінен басталған. Кеше дене қызуы 39,0-40,0ºС-қа дейін жоғарылап, 3 рет іші өткен. Қарап тексергенде: әлсіз, тежелген. Тері жабындылары бозғылт, іш аймағында – бірең-сараң қызғылт түсті бөртпе элементтері көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі – 78 рет/мин. ҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі құрғақ, сұр-қоңыр жабындымен жабылған. Іші кепкен.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) Ку-қызбасы 

B) Іш сүзегі

D) Кенелік бөртпе сүзегі

E) Эпидемиялық бөртпе сүзегі

D) Солтүстік Азияның кенелік сүзегі

{Дұрыс жауап}= B

$$$007

32 жастағы ер адам Ақбұлақ ауылындағы амбулатория дәрігеріне қаралған. Шағымдары: дене қызуының 39ºС-қа жоғарылауы, ірі буындарының ауыру сезімі, тершеңдік. Анамнезде: Бір ай бойы ауырады – кейде ыстық сезінген (температурасын өлшемеген), айқын тершеңдік мазалаған. Сүт фермасында жүргізуші болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: тері жабындылары ылғалды, қолтық асты, шап лимфа түйіндері үлкейген. Бауырының төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Буындары өзгермеген. Гиперемия мен жергілікті ыстық жоқ.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) Безгек

B) Бруцеллез

C) Иерсиниоз

D) Іш сүзегі

E) Ку-қызбасы

{Дұрыс жауабы}= B

$$$008

20 жастағы ер адам, 25-ші маусымда емханаға айқын қалтыраудан басталатын және тершеңдікпен аяқталатын, дене қызуының ұстама тәрізді 39-40ºС-қа дейін жоғарылауына шағымданып келген. Дәрігерге келген күні науқастың дене қызуы – 36,9ºС. Тері жабындылары бозғылт, маса шағуының іздері көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Анамнезінде: қазіргі кезде жұмыс істемейді. Бір ай бұрын Ауғанстанда ұлтаралық парызын орындағын әскери бөлімінен оралған.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) Грипп

B) Безгек

C) Лептоспироз

D) Ку-қызбасы

E) Кенелік бөртпе сүзегі

{Дұрыс жауабы}= B

$$$009

23 жастағы ер адам емханаға әлсіздікке, дене салмағының төмендеуіне, 20 күн бойы дене қызуының 37,3°С-қа дейін жоғарылауына шағымданып келді. Қарап тексергенде: ауыз қуысында кандидоз, полилимфаденопатия. Анамнезінен: соңғы жылдары пневмониямен, белдемелі герпеспен ауырған. Бір жыл бұрын жыныстық жолдасын өгерткен, пассивті гомосексуалист. Дәрігер науқаста АИВ-инфекциясы бар екеніне күдіктенді.

Науқаста аурудың қандай клиникалық сатын болжамдайсын (ДДҰ жіктелуі бойынша):

A) I (бірінші) 

B) II (екінші)

C) III (үшінші)

D) IV (төртінші)

E) Терминальді

{Дұрыс жауабы}= С

$$$010

42 жастағы ер адам, Маңғыстау облысының тұрғыны. Дәрігерді үйіне мынандай шағымдармен шақыртты. Дене қызуының 39°-40°С-қа жоғарылауы, қалтырау, бүкіл денесінің қақсап ауруы, қатты бастың ауруы, оң жақ кеудесінің ауруына, құрғақ жөтел мазалайтындығын айтты. Ауру жедел, кеше кешкісін басталған. 3-күн бұрын түйе союға қатысып, қолын жарақаттап алған. Қарап тексергенде: науқастың жағдайы ауыр. Тыныс алу жиілігі минутына – 30 рет. Пульсі – 140 рет/мин., АҚҚ-90/60 мм с.б. Өкпесінің оң жағында жайылған құрғақ сырылдар. Гемограммада: лейкоциттер –32 х109/л, т/я нейтроф.-14%, с/т нейтроф – 82%, лимф. – 2%, мон. -2%. Күні бойы кіші дәретке бармаған.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) Оба

B) Грипп

C) Бруцеллез

D) Пастереллез

E) Ку-қызбасы

{Дұрыс жауап}= А

$$$011

Суретте көрсетілген біріншілік терілік аффект қай жұқпалы ауруға тән?


Дата добавления: 2021-01-21; просмотров: 244; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!